ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472 Заңымен енгізілген өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы Заң әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде қалыптасатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттердің әзірлену, қаралу, бекітілу, атқарылу және бақылану тәртібін белгілейді. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржылық жағынан негіздеуге және іске асыруға жауапты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар; <*>
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржылық жағынан негіздеуге және іске асыруға жауапты орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар; <*>
бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры (қалыптастыру көздерiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындап, Қазақстан Республикасының Президенті құратын қорлардан басқа, бұл қорлар қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне хабарланады); <*>
бюджеттік заңдар - Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларынан, осы Заңнан, тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңнан, тиісті жылға арналған жергілікті бюджет туралы маслихаттардың шешімдерінен және бюджеттік рәсімдер мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады; <*>
бюджеттік өтінім - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген нысан бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын қаржылық негіздемесі;
бюджеттік алу - заң актісімен белгіленген сомалар шегінде облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер немесе мәслихаттардың шешімдерімен белгіленген сомалар шегінде аудандар мен қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін ресми трансферттер;
бюджеттік кредиттеу (кредиттеу) - белгіленген тәртіппен бюджеттен жеке және заңды тұлғаларға, төмен тұрған бюджеттерге қайтарымды және ақылы негізде ақша бөлу. Төмен тұрған бюджеттерді кредиттеу заңдарда көзделген жағдайларда тегін жүзеге асырылуы мүмкін; <*>
бюджеттік сыныптама - функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстарды топтастыру; <*>
облыс бюджеті - облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің олардың арасындағы өзара өтеу операциялары есептелмеген жиынтығы;
бюджеттік бағдарлама мен кіші бағдарлама - белгілі бір мемлекеттік міндеттерді атқару жөніндегі шаралар кешені және жобаларды іске асыру; <*>
бюджеттік рәсім - мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың бюджеттің әзірленуі, қаралуы, бекітілуі, атқарылуы, оның атқарылуын бақылау және бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөніндегі заңдармен регламенттелген қызметі; <*>
уақытша бос бюджеттік ақшалар - ағымды жылғы бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттердің ағымдағы шоттарында қалған қаражат қалдықтары; <*>
мемлекеттік бюджет - республикалық және жергілікті бюджеттердің олардың арасындағы өзара өтеу операциялары есептелмеген жиынтығы;
бюджет тапшылығы - шығыстар көлемінің және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттердің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуі. Бекітілетін республикалық бюджет тапшылығының мөлшері ұлттық валютамен және ішкі жалпы өнімге қатысты процентпен, ал облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі; <*>
жергiлiктi атқарушы органның борышы - жергiлiктi атқарушы органның алынған және өтелмеген заемдарының, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi органның шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органның борышына жатқызылған белгiлi бiр күнге борыш мiндеттемелерiнiң сомасы; <*>
бюджет кірістері - салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі;
бiрыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырылған түрде жүзеге асыру және олардың күнделiктi есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылатын шот; <*>
жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы - жергілікті атқарушы органдардың заем туралы шарт (келісім) немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы нысанындағы заемдарды тарту, алу, орналастыру, оларға қызмет ету және оларды өтеу процесі; <*>
жергілікті атқарушы органның заемы - жергілікті атқарушы органдардың заем алушы болып әрекет ететін заем; <*>
бюджет профицитiн пайдалану - заем қаражатының түсiмдерiн және қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарын шегергендегi негiзгi борыштың сомасын өтеу көлемi; <*>
кассалық алшақтық - қаржы жылының iшiнде шығыстар мен кредиттеу, негiзгi борыш сомасын өтеу көлемiнiң қаржы жылының бас кезiнде бюджетке түсiмдер, заемдар, бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемiнен асып кетуi; <*>
жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) - облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа), қалалардағы аудандарды қоспағандағы, аудандардың бюджеттері; <*>
жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама - тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң құрамында жергiлiктi өкiлдi орган бекiтетiн мемлекеттiк мiндеттердi орындауға және жергiлiктi маңызы бар жобаларды iске асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарлама; <*>
кірістерді бөлу нормативі - әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді бөлудің проценттік арақатынасы;
ресми трансферттер (гранттар) - тауарларды немесе қызмет көрсетулерді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдер;
шикiзат секторының ұйымдары - тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн заңды тұлғалар, олардан бюджетке төленетiн төлемдердiң бiр бөлiгi осы Заңда айқындалатын тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады; <*>
өтеу - бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі борышты қайтару сомасы немесе үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын қайтару сомасы;
бюджетке түсетін түсімдер - бюджет кірістерінің, ресми трансферттердің (бюджет шығыстарынан басқа) және бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жиынтығы;
үкiметтiк борыш - алынған және өтелмеген үкiмет заемдарының, сондай-ақ заң актiлерiмен үкiмет борышына жатқызылған белгiлi бiр күнге борыш мiндеттемелерiнiң сомасы; <*>
үкіметтік заем - Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан Республикасы заем алушы болып әрекет ететін заем;
мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы - үкiметтiк және Қазақстан Республикасының Үкiметі тартатын қаражаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылатын қаражаттарды экономиканың басым секторлары бойынша инвестициялаудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарламасы; <*>
бюджет профициті - бюджет түсімдері жалпы сомасының шығыстар және қайтарымды негізде берілетін кредиттер көлемінен асып түсуі. Республикалық бюджеттің бекітілетін профицитінің мөлшері - ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге шаққанда процент есебімен; ал облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің профициті ұлттық валютамен көрсетіледі; <*>
бюджет шығыстары - бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражат;
республикалық бюджет - Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін, түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілері жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры;
республикалық бюджеттiк бағдарлама - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң құрамында Қазақстан Республикасының Парламентi бекiтетiн мемлекеттiк мiндеттердi орындауға және республикалық маңызы бар жобаларды iске асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарлама; <*>
қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары - есептi кезеңдi ескере отырып ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджетке түскен ақшаны пайдаланбаудың салдарынан пайда болған өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттер қаражатының қалдықтары; <*>
секвестр - бюджеттің атқарылуы кезінде бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен артып кететін не кіріс көздерінен түсетін түсімдер қысқартылатын, соның салдарынан бюджетте көзделген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемінде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайларда енгізілетін қаражаттың белгіленген шекте жұмсалуына тыйым салуын көздейтін арнаулы механизм;
субвенциялар" - жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттерге заң актілерімен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде беретін ресми трансферттері; <*>
субсидиялар - заң актілерімен белгіленген мақсаттар үшін коммерциялық ұйымдарға бюджеттен бөлінетін тегін және қайтарымсыз төлемдер;
есепті кезең - жаңа қаржы жылына енбейтін кезең, бұл кезең ішінде өткен қаржы жылында бекітілген қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бюджеттік шығыстар бойынша, сондай-ақ ресми трансферттерді бюджеттерге есептеу бойынша қорытынды операциялар жүргізіледі. Есепті кезеңнің ұзақтығын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей аяқталатын мерзіммен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді; <*>
бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бекіткен, тиісті қаржы жылына арналған бюджет;
нақтыланған бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бюджеттің атқарылуы барысында енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекіткен, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет;
бюджет тапшылығын қаржыландыру - негiзгi борыштың сомасын шегергендегi заем қаражатының және қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарының бюджетке түсетiн түсiмдерiнiң көлемi; <*>
қаржы жылы - күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын тұрақты бюджеттік-есепке алу кезеңі. Қаржы жылы есепті кезеңді қамтымайды;
функционалдық топ - белгілі бір функционалдық міндеттерді орындау мақсатына бағытталған бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын нысаналы трансферттер - Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тиiстi бюджетке түсетiн ақша түсiмдерi, олардың көлемдерi тиiстi бюджеттерде бекiтiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463
Заңымен. Z990463_
ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140
Заңымен. Z010140_
ЕСКЕРТУ. 1-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03.
N 182 Заңымен. Z010182_
2-бап. Бюджеттi әзiрлеудiң негiзi <*>
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының
әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары және жергiлiктi өкiлдi органдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес бекiтетiн тиiстi кезеңге арналған аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ұзақ мерзiмдi жоспарлау үшiн негiз болып табылады. ЕСКЕРТУ. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 2-тарау. Бюджет жүйесі 3-бап. Бюджет жүйесі
1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.
2. Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
3. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер - мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
4. Барлық деңгейдегі бюджеттерді әзірлеу, бекіту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140
Заңымен. Z010140_
4-бап. Бюджет жүйесінің принциптері
1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі барлық бюджеттердің бірлігі, толықтығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі принциптеріне негізделеді.
2. Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің принцтерімен, ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Ол бюджеттердің түсімдерін қайта бөлу арқылы өзара іс-қимыл жасауға негізделген.
3. Бюджеттердің толымдылығы Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңдарында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттiк акциялар пакетi бар акционерлiк қоғамдардан және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан алынатын түсiмдердiң толық тiзбесiнiң және шығыстардың бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. <*>
4. Бюджеттердің нақтылығына Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандырушылық функциясын iске асыру арқылы қол жеткізіледі. <*>
5. Бюджеттердің жариялылығы бекiтiлген бюджеттер мен олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі. <*>
6. Бюджеттердің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140
Заңымен. Z010140_
ЕСКЕРТУ. 4-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03.
N 182 Заңымен. Z010182_
5-бап. Бюджеттік жоспарлау бірлігі
Бюджеттік жоспарлау бірлігі:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруға;
1-1) осы Заңмен және басқа да заң актілерiмен кiрiстердi республикалық және жергілiктi бюджеттер арасында бөлу нормативтерiн, облыстық өкiлдi органдардың шешiмдерiмен кiрiстердi облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң арасында бөлудің тұрақты нормативтерiн белгілеуге; <*>
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялардың және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн, облыстық өкiлдi органдардың шешiмдерiмен - облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн субвенциялардың және аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн белгiлеуге; <*>
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келісе отырып, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдер сомасын анықтауға; <*>
4) <*>
5) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергiлiктi бюджет туралы жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiнде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн белгiлеуге; <*>
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жергілікті
атқарушы органдар тартатын заемдар жөніндегі сыйақының (мүдденің) шекті мөлшерін белгілеуге негізделеді. <*> ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472 Заңымен. Z990472_ ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 6-бап. Бюджеттің құрылымы Бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады: 1) түсімдер: кірістер, алынған ресми трансферттер (гранттар), бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу; 2) шығыстар және кредит берулер: шығыстар, кредит берулер; 3) бюджет тапшылығы (профициті); 4) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру. 6-1-бап. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама <*> Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердiң және бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтiн нормативтiк құқықтық акт болып табылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама: кiрiстер сыныптамасынан; шығыстардың функционалдық сыныптамасынан; шығыстардың экономикалық сыныптамасынан тұрады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтедi. ЕСКЕРТУ. 6-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 7-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер Республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды: 1) республикалық бюджеттің кірістері, олар мыналардан тұрады: <*> а) салықтардан, алымдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер: заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 50%; Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы; <*>
Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген
тұлғалар өндiрген тауарларға, көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, көрсетiлген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге салынатын қосылған құн салығы; <*> Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығы - 50%; <*> акциздер: спирттің барлық түріне - 50%; араққа - 50%; ликер-арақ бұйымдарына - 50%; шарапқа - 50%; коньякқа - 50%; шампан шарабына - 50%; сыраға - 50%; күшейтілген ішімдіктер, күшейтілген шырындар мен бальзамдарға - 50%; шарап материалдарына - 50%; бекіре мен қызыл балықтарға, бекіре және қызыл балық уылдырықтарына, бекіре мен қызыл балықтардан және уылдырықтан әзірленген жеңсік астарға; темекі бұйымдарына; құрамында темекі бар басқа да бұйымдарға; хрустальдан жасалған бұйымдарға, хрустальді жарық беру аспаптарына; импортталатын тауарларға; алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдарға; бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) арнайы жабдықталған стационарлық пункттерден түпкiлiктi тұтынушыға сатылатынынан басқа; <*> дизель отынына арнайы жабдықталған стационарлық пункттерден түпкiлiктi тұтынушыға сатылатынынан басқа; <*> атыс және газ қаруына (мемлекеттік өкімет органдары мұқтаждары үшін сатып алынғаннан басқа); электр энергиясына; газ конденсатын қоса алғанда, өңделмеген мұнайға; үстеме пайдаға салынатын салық; әкелiнетiн тауарларға салынатын кеден бажы; <*> әкетiлетiн тауарларға кеден бажы; <*> отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баж; роялти;
жасалған келісім-шарттарға орай республикалық бюджетке түсетін бөлігінде өнім бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрыңғайландыру нөмiрiн беру үшін алым; <*>
жергілiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүрiп өткенi үшiн алымдардан басқа,Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымдар; <*>
заңды (мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiк мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан" "Республика" "Ұлттық" деген сөздердi (түбiр сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзi түрiнде) олардың фирмалық атауларында,
қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшiн алым; <*> жеке адамдардың шетел валютасын нақтылай сатып алғаны үшін алым; бонустар; аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым; <*> кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер; Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілік құрылғыларды пайдалануға беруге байланысты төлемдерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер; <*> жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемдер; кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер; жануарлар дүниесін қорғау және көбейту үшін төлемдер; <*> б) салықтық емес түсімдер: республикалық мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірісінен алынатын түсім; Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша алынған сыйақылар (мүдделер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге тиесілі мүліктерді сатудан түсетін түсімдер; <*> республикалық меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне түсетін дивидендтер;
жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн лотереялардан алынатын кiрiстердi қоспағанда, мемлекеттiк лотереялардан алынатын кiрiстер; <*>
жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемдер;
республикалық бюджеттен кредиттер берілгені үшін алынған сыйақылар (мүдделер);
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің көрсеткен қызметтерін сатудан алынатын түсімдер; <*>
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден алынатын түсімдер;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер заңға сәйкес ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды жүргізуден түсетін ақша; <*>
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем 50% мөлшерінде; <*>
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы жерлерiн ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қойған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуден түсетiн түсiмдер; <*>
50% мөлшеріндегі табиғатты пайдаланушылардың келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған қаражат, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынған айыппұлдар, аңшылықтың және балық аулаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз алынған өнімдерді сатудан түскен қаражат; <*>
консулдық алымдардан түсетін түсімдер;
екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын санкциялар сомаларының түсімі;
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген, орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлiмшелерiөндіріп алатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар; <*>
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де салыққа жатпайтын және басқа түсімдер;
республикалық маңызы бар мемлекеттiк автомобиль жолдарының жиегiне сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн алынатын төлем; <*>
тәркiленген мүлiктi, белгіленген тәртiппен республикалық меншiкке өтеусiз өткен мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер, оның iшiнде мемлекеттiң пайдасына бас тартудың кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдары; <*>
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн бергенi үшiн төлем; <*>
заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе өндiрiп алудан немесе мемлекеттiк қызметтердi орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алудан алынатын сомалардың түсiмдерi; <*>
өнiмдердi лицензиясыз әкеткенi үшiн төленетiн айыппұл сомаларының түсiмдерi; <*>
республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және iс жүзiндегi көлемдерiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын республикалық бюджет шығындарының өтемi түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер; <*>
лицензиялық тәртiп белгiленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесi қызметтерiнен алынған кiрiстердi қоспағанда, өзiне лицензиялық тәртiп белгiленген лицензиясыз қызметтен алынған кiрiстерден түсетiн түсiмдер; <*> атқарушылық санкция. <*> в) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер: республикалық меншікті жекешелендіруден алынатын түсімдер; мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдер; 2) алынған ресми трансферттер (гранттар): заңды және жеке тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден; бюджеттік алудан; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын нысаналы трансферттер; <*> 3) республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу. ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен. Z990440_ ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472 Заңымен. Z990472_ ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен. (бұл өзгерістер 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) Z990485_ Ескерту. 7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.12.15. N 123 Заңымен. P000123_ ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ ЕСКЕРТУ. 7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен. Z010182_ 7-1-бап. Республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн анықтау тәртiбi <*>
1. Республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемi облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi. Аталған түсiмдердiң тоқсандық көлемдерiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық бюджетте белгiленген жылдық сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
2. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен асатын бөлiгi осы Заңның 24-бабына сәйкес республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады.
ЕСКЕРТУ. 7-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
2001.05.03. N 182 Заңымен. Z010182_
8-бап. Бюджеттік алу
1. Жыл ішінде облыстар бюджеттерi мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алудың тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. <*>
2. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алу бойынша түсетін түсімдердің жалпы көлемі азайған жағдайда, республикалық бюджеттен облыстар бюджеттеріне субвенциялардың жалпы көлемі облыстар бойынша сол сомаға теңбе-тең азайтылуы мүмкін. <*>
2-1. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге
берілетін бюджеттік алулардың тәртібі мен кезеңділігін және облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне субвенциялар бөлудің шарттарын облыстардың әкімдері белгілейді және аудандық (қалалық) мәслихаттармен келісе отырып облыстық мәслихаттар бекітеді. <*> ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 9-бап. Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуы 1. Республикалық бюджеттің қаражаты: Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Конституциялық Кеңестің, Есеп комитетінің, Орталық сайлау комиссиясының, жалпы мемлекеттік басқару міндеттерін атқаратын атқарушы және басқа да органдардың; сот жүйесінің қызметін; сыртқы саяси қызметті; қаржы және салық қызметін; іргелі және қолданбалы ғылыми қызметті; қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету; <*> қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; <*> республикалық деңгейдегі төтенше оқиғалар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды; республикалық деңгейдегі құқық қорғау қызметін; әділет саласындағы қызметті; республикалық деңгейдегi жалпы орта, орта кәсiптiк және қосымша бiлiмдi; <*> жоғары білімді; республикалық деңгейдегі білім беру саласындағы бағдарламаларды; <*> республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы арнаулы бағдарламаларды; орталық мемлекеттік органдардың мамандандырылған ауруханаларын; <*> республикалық деңгейде азаматтарға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн; <*> республикалық клиникалар мен ғылыми-зерттеу институттарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді; заң актілерінде белгіленген зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, заң актiлерiнесәйкес республикалық бюджеттен арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды алатын азаматтардың санаттарына осы жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды, зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге берiлетiн жәрдемақыларды; <*>
республикалық деңгейдегi әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек саласындағы қызмет; <*> республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтерді; көші-қон саласындағы қызметті; ауыл, орман, су және балық шаруашылығының басым бағдарламаларын; жерге орналастыруды; қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнінде республикалық деңгейде жүргізілетін шараларды; республикалық деңгейдегі өнеркәсіп, көлік пен құрылыс объектілері саласындағы арнаулы бағдарламаларды; <*> жер қойнауын пайдалануды; фельдъегерлік байланысты; <*> республикалық деңгейдегі жобалау-іздестіру жұмыстарын; <*> республикалық маңызы бар жол жүйесін пайдалануды, салуды және жаңғыртуды; <*> гидрометеорологиялық мониторингті; үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығындарды; мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауды; <*> жергілікті бюджеттерге республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді; республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердi; <*>
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттердiң есебiнен iске асырылатын өзге де бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады. <*>
2. Сондай-ақ осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін, олардың аумақтық бөлімшелерін және мемлекеттік бағыныстағы мекемелерді ұстауға арналған шығыстар да республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілген штат саны лимиті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен бекітілген мемлекеттік органдардың топтары бойынша бір қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативтері негізге алына отырып белгіленеді.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн республикалық бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен ұстауға жол берiлмейдi. <*>
2-1. Республикалық бюджеттен шығыстар мен кредиттеудiң жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдағыдан басқа, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде шығыстар мен кредиттеудiң ең аз, шектi немесе тiркелген мөлшерлерiн белгілеуге жол берiлмейдi. <*>
3. Республикалық бюджеттің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты
және ұлттық валютаның айырбас бағамының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты ұлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалады. ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен. Z010182_ 10-бап. Жергілікті бюджеттер
1. Жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.
2. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің бюджетін бірыңғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп, дербес атқарады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы жылында тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарап, бекітеді. <*>
3. Облыстық өкілді органдар облыстық бюджет пен аудандардың
(қалалардың) бюджеттері арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне берілетін субвенциялар мен аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге берілетін бюджеттік алынымдардың мерзімді мөлшерлерін бекітеді. <*> ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 11-бап. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер 1. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер мыналарды қамтиды: 1) жергілікті бюджеттердің кірістері олар мыналардан тұрады: <*> а) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері: Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген заңды тұлғаларға салынатын табыс салығынан басқа, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 50%; <*> Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығы - 50%; <*> акциздер: спирттің барлық түрлері - 50%; арақ - 50%; ликер-арақ ішімдіктері -50%; шарап - 50%; коньяктар - 50%; шампан шарабы - 50%; сыра - 50%; күшейтілген ішімдіктер, күшейтілген шырындар мен бальзамдар - 50%; шарап материалдары - 50%; ойын бизнесі;
арнайы жабдықталған стационарлық пункттерден түпкiлiктi тұтынушыға сатылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда); <*>
арнайы жабдықталған стационарлық пункттерден түпкiлiктi тұтынушыға сатылатын дизель отыны; <*>
лотереялар өткiзуден алынатын акциздер; <*>
жеке адамдардан алынатын табыс салығы;
әлеуметтiк салық; <*>
заңды тұлға құрмай, патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар, шаруа (фермер) қожалықтары, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнің кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығы, Зейнеткерлердiң республикалық "Ардагер" кәсiпорындар бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және соның қаражаты есебiнен құрылған, зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерi Қазақ республикалық ұйымы кәсiпорындарының республикалық бiрлестiгi (өндiрiс ұйымдарынсыз), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы (өндiрiс ұйымдарынсыз), Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражаты есебiнен құрылған, жұмыс iстейтiндердiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибi-Ана" республикалық қоғамы, психикасы мен дене бiтiмi дамуында ауытқулары бар мүгедектер мен балаларға қамқорлық жөнiндегi "Ақ бота" қоғамдық бiрлестiктер Лигасы төлеген әлеуметтiк салықты, сондай-ақ еңбек қызметiне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiне ақы төлеу бөлiгiнде төленген әлеуметтiк салықты қоспағанда, әлеуметтiк салық - 80,8 %;
заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
бiрыңғай жер салығы; <*>
көлік құралдарына салынатын салық;
жасалған келісім-шарттарға орай жергілікті бюджетке түсетін бөлігінде өнім бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдарды тіркеу үшін алынатын алым;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
аукциондық сатудан алынатын алым;
рыноктарда тауарларды сату құқығы үшін алынатын алым;
заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өздерінің фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында заңға сәйкес пайдаланғаны үшін алынатын алым;
су үшін төленетін төлем;
жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүрiп өткенi үшiн алымдар; <*>
орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем.
б) салықтық емес түсімдер:
мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар пайдасының үлесi; <*>
коммуналдық меншік болып табылатын акциялардың пакеттерінен алынатын дивидендтердің түсімі;
жергiлiктi өкілдi органдардың шешiмдерiбойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан алынатын кірістердің түсімі; <*>
жергілікті бюджеттен кредиттер бергені үшін алынған сыйақылар (мүдделер);
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге тиесілі мүлікті сатудан түсетін түсімдер; <*>
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер; <*>
коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер заңға сәйкес ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды жүргізуден түсетін ақша түсімі; <*>
жер учаскелерін жалға беруден түсетін түсімдер;
қоршаған ортаны ластағаны үшiн 50% мөлшерiнде төленетiн төлемдер; <*>
табиғатты пайдаланушылардан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған қаражат, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынған айыппұлдар, аңшылықтың және балық аулаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз олжаланған өнімдерді сатудан түскен қаражат; <*>
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және олармен жасалған мәмілелер үшін төленетін төлемдер;
мемлекеттік баж;
жергiлiктi мемлекеттiк органдар алатын, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар; <*>
жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк автомобиль жолдарының жиегiнде сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн төлем; <*>
әкiмшiлiк қамауға алынған тұлғалар орындаған жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшiн ұйымдардан түсетiн түсiмдер; <*>
медициналық айықтырғыштарға орналастырылған адамдардың төлемдерiнен түсетiн түсiмдер; <*>
түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұсталатын түсiмдер; <*>
стандарттардың талаптарына және сертификациялау ережелерiне сәйкес келмейтiн өнiмдердi сатудан, жұмыстар мен қызмет көрсетулерден алынған кiрiс сомасынан түсетiн түсiмдер; <*>
лицензиялық тәртiп белгiленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесiнiң лицензиясыз қызметтерiнен түсетiн кiрiстерден алынған түсiмдер; <*>
иесiз мүлiктi, белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтемсiз өткен мүлiктi, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер; <*>
жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн
түсiмдердiң бекiтiлген және iс жүзiндегi көлемдерiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын жергiлiктi бюджеттер шығындарының өтемi түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер; <*> Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де салыққа жатпайтын және басқа да түсімдер; в) капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін кірістер: коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдер; аймақтардың өзін-өзі қамтамасыз ету үшін сатып алатын астықты сатудан түсетін түсімдер; жер учаскелерi мен тұрақты жер пайдалану құқығын сатудан түсетін түсімдер. <*> 2) жеке және заңды тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден; жоғары тұрған және төменгі бюджеттерден алынған ресми трансферттер (гранттар). <*> Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынған нысаналы трансферттер. <*> 3) бұрын жергілікті бюджеттерден берілген кредиттер бойынша негізгі борыштың өтемі. ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440 Заңымен. Z990440_ ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472 Заңымен. Z990472_ ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485 Заңымен. (бұл өзгерістер 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) Z990485_ ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ ЕСКЕРТУ. 11-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен. Z010182_ 11-1-бап. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн анықтау тәртiбi <*>
1. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемдерi облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi. Аталған түсiмдердiң тоқсандық көлемдерiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген
жылдық сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 2. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен асатын бөлiгi осы Заңның 25-бабына сәйкес жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады. ЕСКЕРТУ. 11-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен. Z010182_ 12-бап. Жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуы 1. Жергілікті бюджеттердің қаражаты: жергiлiктi деңгейде мектепке дейiнгi, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi бiлiм берудi, сондай-ақ жалпы орта және орта кәсiптiк және қосымша бiлiм берудi; <*> жергiлiктi деңгейде арнаулы бiлiм беру бағдарламаларын; <*> әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі шараларды; жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарды; жергілікті деңгейдегі құқық қорғау қызметін; жергiлiктi деңгейде азаматтарға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн; <*> жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды; <*> мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік бәсірелі көмек көрсетуді;
осы жәрдемақыларды заң актiлерiне сәйкес жергiлiктi бюджеттен алатын азаматтар санаттарына берiлетiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды; <*>
жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi iс-шараларды және атаулы әлеуметтiк көмектi; <*>
тұрғын үй бағдарламасын;
жергiлiктi деңгейде мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтi; <*>
жергілікті деңгейдегі өнеркәсіп, көлік және объектілер құрылысын; <*>
жергілікті деңгейдегі қоршаған ортаны қорғауды оның iшiнде жергiлiктi мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау қорлары жүргiзетін iс-шараларды; <*>
жергілікті деңгейдегі жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
елдi мекендердi абаттандыруды, елдi мекендердiң жолдары мен көшелерiн пайдалану мен салуды; <*>
жергілікті маңызы бар жолдарды пайдалану, салу мен қайта құруды; <*>
халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және ағын суларды тазалау жөнiндегi iс-шараларды; <*>
төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге және жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін ресми трансферттерді. <*>
жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердi; <*>
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттердiң есебiнен iске асырылатын өзге де бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады. <*>
2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын жергілікті бағдарламалардың әкімшілері мен оларға бағынысты мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар да жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға арналған шығыстар жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен штат санының лимиті мен бір қызметкерге арналған ағымдағы шығыстардың нормативтері негізге алына отырып белгіленеді. <*>
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тиiстi жергiлiктi бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздерiнiң есебiнен ұстауға жол берiлмейдi. <*>
2-1. Жергілiктi бюджеттен шығыстар мен кредиттеудiң жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiндегiден басқа, өзге де нормативтiк құқықтық актілерде шығыстар мен кредиттеудiң ең аз, шекті немесе тiркелген мөлшерлерiн белгiлеуге жол берiлмейдi. <*>
3. Мәслихаттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар заңдарға қайшы келмей және республикалық бюджеттік бағдарламаларды қозғамай, қызметтің басқа бағыттары бойынша бюджеттік бағдарламалар енгізуге құқылы. <*>
4. Жергілікті бюджеттердің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағамының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты ұлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалады.
ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472
Заңымен. Z990472_
ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140
Заңымен. Z010140_
ЕСКЕРТУ. 12-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03.
N 182 Заңымен. Z010182_
13-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
жергілікті атқарушы органдардың резервтері
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi күтпеген шығыстарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң құрамында:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат;
сот шешiмдерi бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге арналған қаражат;
кассалық алшақтықты жабуға арналған төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнаулы резерв көзделедi.
Сот шешiмдерi бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң құрамында көзделген қаражат толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда, соттың мұндай шешiмдерi бойынша өтелмеген мiндеттемелерi болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың тиiстi шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу арқылы Қазақстан Республикасы Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң мөлшерлерiн ұлғайту туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгiзедi. <*>
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражатты тиісті жылға арналған бюджет шығыстарының құрамында бекітілген мөлшер шегінде бөлу және қаржыландыруды ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылының аяғында күшін жоятын шешімдері бойынша бюджет деңгейіне қарай жүргізіледі. <*>
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар
резервтерінің қаражатын пайдалану тәртібін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар белгілейді. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің мөлшері тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс. <*> ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472 Заңымен. Z990472_ ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 3-тарау. Бюджеттің әзірленуі, қаралуы және бекітілуі <*> ЕСКЕРТУ. Атауы өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ 14-бап. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу <*>
1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Президентi Бюджет комиссиясын құрады, оның мiндеттерi мен жұмыс тәртiбiн белгiлейдi. Бюджет комиссиясы қызметiнiң құқықтық негiзiн осы Заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер құрайды. Z990357_
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеп, бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негiзiнде алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн бюджет комиссиясының мақұлдауына енгiзедi.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмдерде мынадай болжамды көрсеткiштердi:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне түсетiн түсiмдердi;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының борышын өтеу және оған қызмет көрсету шығыстарының көлемiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне келiсуге ұсынады.
5. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмдерде бюджеттiк өтiнiмдердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне енгiзедi.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының көрсеткiштерi негiзiнде, сондай-ақ облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң олармен келiсiлген болжамды көрсеткiштерiн, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн ескере отырып, республикалық бюджет жобасының мынадай негiзгi болжамды көрсеткiштерiн:
республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемiн;
бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) деңгейiндегi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджет шығыстарының және оны кредиттеудiң көлемiн;
республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн айқындап, бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
7. Бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi енгiзген республикалық бюджет жобасының негiзгi болжамды көрсеткiштерiн, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң негiздемелерiн, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi енгiзген жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерi бойынша келiспеушiлiктердi қарап, республикалық бюджеттiң жобасын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу туралы ұсыныс әзiрлейдi.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi.
9. Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын мақұлдағаннан кейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне осы баптың 4-тармағында көрсетiлген келiсiлген болжамды көрсеткiштердi жiбередi.
10. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiтетiн Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады. ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472 Заңымен. Z990472_ ЕСКЕРТУ. 14-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 15-бап. Республикалық бюджет Тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң мыналарды:
кірістердің, алынған ресми трансферттердің, республикалық бюджеттен бұрын берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеудің, шығыстардың, кредит берудің және бюджет тапшылығының (профицитінің) көлемдерін;
облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн; <*>
мемлекеттiк акциялар пакетi бар акционерлiк қоғамдардан және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан алынатын түсiмдердiң толық тiзбесiн; <*>
айлық жалақының, зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіштің ең төмен мөлшерін;
Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтерінің мөлшерін; <*>
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасын; <*>
үкіметтік борыштың лимитін;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитi; <*>
Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктерін беру лимитін;
облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердiң сомасын; <*>
республикалық бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілері бойынша және ішкі бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесін;
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн; <*>
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
белгіленген тәртіппен тіркелген шарттық міндеттемелері бойынша пайда болған республикалық бюджеттің кредиторлық берешегі өтем сомасын қамтуы тиіс. <*> ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472 Заңымен. Z990472_ ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ ЕСКЕРТУ. 15-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен. Z010182_ 16-бап. Республиканың бюджеттік қарау және бекіту
1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жылдың алдындағы қыркүйектің 15-інен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне табыс етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін табыс етеді. <*>
2. Республикалық бюджетті бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу олар алдымен Мәжілісте, одан кейін Сенатта қаралған соң Палаталардың бірлескен отырысында жасалады.
Талқылау: қаралып отырған мәселе бойынша қорытындыны қоса, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары бойынша Үкіметі уәкілдік берген тұлғаның, Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілдік берген тұлғалардың баяндамаларын қамтиды.
3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей республикалық бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бекітіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті талқылау барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Парламентіне кіші бағдарламалар деңгейінде қаражаттың бағытталуы есебін тапсырады.
Қазақстан Республикасының Парламенті 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде кезекті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті, "Алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы" Жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге дейін қолданылады.
Қаржылық жоспардың атқарылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463
Заңымен. Z990463_
17-бап. Республикалық бюджетті нақтылау тәртібі
Республикалық бюджетті оны атқару барысында нақтылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстары немесе басқа да заң шығарушылық бастамалар негізінде заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
18-бап. Жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу, қарау және бекiту <*>
1. Жергілікті бюджеттерді әзірлеу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік жоспарлаудың бірлігі негізінде жүзеге асырылады. <*>
2. Жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдар тапшылық көлемдерiнiң қаржы жылына белгiленетiн тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң тапшылығын қаржыландыру көлемдерiне сәйкес келмегенi үшiн жауапты болады. <*>
3. Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясын құрады, оның мiндеттерi мен жұмыс тәртiбiн айқындайды. Бюджет комиссиясы қызметiнiң құқықтық негiзiн осы Заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер құрайды.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жергілiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жоспарын айқындайды.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару тәсiмiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы мынадай болжамды көрсеткiштердi:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджетiне түсетiн түсiмдердiң көлемiн;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың көлемiн қарап, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне келiсу үшiн табыс ету туралы ұсыныстар әзiрлейдi.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi тиiстi бюджет комиссиясына бюджеттiк өтiнiмдер енгiзедi.
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары параметрлерiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң болжамды көрсеткiштерiнiң, республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетiн субвенциялардың және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiнiң негiзiнде, сондай-ақ аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларын, облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттерi арасында кiрiстердi бөлудiң тұрақты нормативтерiн, облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн субвенциялардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн, аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк алуларды ескере отырып, облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы жергiлiктi бюджет жобасының мынадай негiзгi болжамды көрсеткiштерiн:
облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң көлемiн;
жергілiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша облыстық бюджет, Астана және Алматы қалалары бюджеттерi шығыстарының және оларды бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) деңгейiнде кредиттеу көлемiн;
облыстық бюджет, Астана және Алматы қалалары бюджеттерi тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiкті атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың көлемiн қалыптастырады және облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкiмiне мақұлдауға табыс етедi.
Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлейдi, аудандардың, қалалардың бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң келiсiлген болжамды көлемiн аудандардың, қалалардың әкiмдерiне жеткiзедi және 1 қыркүйекке дейiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң болжамын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне табыс етедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетiнiң жобасын әзiрлеу үшiн аудан (қала) әкiмi ауданның (қаланың) бюджет комиссиясын құрып, оның мiндеттерi мен жұмыс тәртiбiн айқындайды.
Жергiлiктi бюджеттiң жобасын әзiрлеу Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады. <*>
4. Мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде:
кірістердің, алынған ресми трансферттердің, жергілікті бюджеттерден бұрын берілген негізгі борышты өтеудің, шығыстардың, несиелендірудің бюджет тапшылығының (профицитiнiң) және бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитiн пайдаланудың) көлемі; <*>
жергілікті атқарушы органдар резервтерінің мөлшері;
жергiлiктi атқарушы органының, облыстың, Астана және Алматы қалаларының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимиті; <*>
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың көлемi; <*>
арнайы экономикалық аймақты дамытуға арналған шығыстар көлемі;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген сомада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жергiлiктi бюджеттен берiлетiн ресми трансферттердiң сомасы; <*>
жергілікті бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілері бойынша және кіші бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесі;
тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген тізбесі; <*>
өткен қаржы жылдарының қорытындылары бойынша, оның ішінде:
жалақы және әлеуметтік төлемдер;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің белгіленген тәртіппен тіркелген шарттық міндеттемелері бойынша пайда болған жергілікті бюджеттің кредиторлық берешегін өтеу сомасы; <*>
тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның борышын өтеу көлемі қамтылуға тиіс. <*>
5. Тиiстi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары мен аудандық (қалалық) бюджеттердiң әзiрлену және атқарылу процесiне, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының араласуына жол берiлмейдi. <*>
6. <*>
7. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей, бюджеттің бұрын жасалған болжамды көлемін нақтылайды және облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жобасын тиісті мәслихаттың қарауына енгізеді, ол екі апта ішінде мұны бекіту жөнінде шешім қабылдайды. <*>
7-1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер бойынша жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң көлемiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген мөлшерлерде жергiлiктi атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi. <*>
Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген көлемде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi. <*>
8. Аудандардың (қалалардың) әкімдері облыстық бюджет бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бюджеттердің жобасын тиісті мәслихаттың қарауына енгізеді, ол екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджеттік бекіту туралы шешім қабылдайды.
9. Тиісті мәслихаттар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіткенге дейін 1-тоқсан бюджетінің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған жылдық бюджет жобасының 1/4 бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
9-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аудандық мәслихаттар бюджетті бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде облыстық (қалалық) бюджет және бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жиынтықталған облыстың бюджеті туралы деректерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне табыс етеді. <*>
ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_
ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1999.11.04. N 472 Заңымен. Z990472_
ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140
Заңымен. Z010140_
ЕСКЕРТУ. 18-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03.
N 182 Заңымен. Z010182_
18-1-бап. Жергiлiктi бюджеттi нақтылау тәртiбi <*>
1. Жергiлiктi бюджеттi атқарылуы барысында нақтылау осы Заңға сәйкес және заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жергiлiктi бюджеттердi республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында заң актiлерiне сәйкес бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсу облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жазбаша өтiнiшi келiп түскен күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттi нақтылау кезiнде көзделетiн қосымша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруды мәслихаттың тиiстi шешiмi қабылданғанға дейiн жүзеге асыруға құқығы жоқ.
ЕСКЕРТУ. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_
4-тарау. Кредит беру және қарыз алу
19-бап. Республикалық бюджеттен кредиттеу <*>
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан республикалық бюджетте көзделген сомалар шегінде кредиттер беруге құқылы.
Кредиттер берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ұсынымы бойынша республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген арнайы резерв шегiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi шешiмiнiң негiзiнде бюджеттік кредиттер бере алады. <*>
ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140
Заңымен. Z010140_
20-бап. Үкіметтік қарыз алу
Қазақстан Республикасының Үкіметі заңды, жеке тұлғалардан және шет мемлекеттерден республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша қарыз алуға құқылы.
Үкіметтің қаражатты қарыз алуы займ алу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару шарттары (келісімдері) нысанында жүзеге асырылады. Займ шарттарын жасасудың және мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың тәртібі мен ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. <*>
ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_
21-бап. Жергiлiктi бюджеттен кредиттеу <*>
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде көзделген сомалардың шегінде кредиттер беруге құқылы.
Жиынтығында облыс бюджетін құрайтын жергілікті бюджеттер бір-біріне бюджеттік кредиттер (қарыз) беруге құқылы.
Облыстардың әкiмдерi қалалар (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) әкiмдерiнiң және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандар әкiмдерiнiң ұсынысы бойынша облыстық бюджеттен аудандық, қалалық бюджеттерге тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген кассалық алшақтықты жабуға төменгi тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резерв шегiнде кредиттер бере алады. <*>
Жергілікті атқарушы органдардың кредиттер беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463
Заңымен. Z990463_
ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140
Заңымен. Z010140_
22-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы <*>
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттік қарыз алуды реттейтін заңдарға сәйкес: <*>
Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған резервiнiң құрамында көзделген кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резервтiң есебiнен республикалық бюджеттен; <*>
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қарыз алуға құқығы бар.
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиістi қаржы жылының аяғындағы олардың борышының заңдарда белгiленген лимитiнен және осы борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемiнен асып түсуiне әкеп соқтыратындай мөлшерде қарыз алуына жол берiлмейдi. <*>
Қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының кассалық алшақтықты жабуға тек облыстық бюджеттен ғана қарыз алуға құқығы бар. <*>
Кассалық алшақтықты жабуға қарыз алу қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн және жергiлiктi бюджеттi нақтылауды қажет етпейдi. <*>
Егер республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне (облыстық бюджеттерден аудандардың, қалалардың бюджеттерiне) кассалық алшақтықты жабуға берiлген кредиттер белгiленген мерзiмде өтелмеген болса, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (облыс әкiмi) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару үшiн тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ағымдағы шотындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы. <*>
Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы займ алу немесе жергілікті
атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару шарттары (келісімдері) нысанында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың заем шарттарын жасасу және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. <*> ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472 Заңымен. Z990472_ ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 23-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың кредит беру және қарыз алу жөніндегі жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 5-тарау. Бюджеттің атқарылуы 24-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы 1. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді. 1-1. Республикалық бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда республикалық бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар республикалық бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi.
Заттай нысанда жүзеге асырылатын ресми трансферттер (гранттар) республикалық бюджетте көрсетiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен, Қазақстан Республикасының Президентi немесе Үкiметi бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес орталық атқарушы органдарға ақшалай нысанда берiлетiн ресми трансферттердiң (гранттардың) түсуi және олардың жұмсалуы жөнiндегi операциялар республикалық бюджетте көрсетiлуге тиiс. <*>
Республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекiтiлген тоқсандық көлемiнен асатын бөлiгін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударуды Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тәртiппен республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылығының аумақтық органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi. <*>
1-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi уақытша бос бюджеттiк ақшаны Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыруға құқылы. <*>
2. Мемлекеттік мекемелер бағдарлама әкімшісі бекіткен смета шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті берген рұқсат негізінде шығыстар жасайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражат қазынашылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, қаржыландыруды кері қайтарып алуға, тоқтата тұруға хақылы.
Бюджет қаражатын кері қайтарып алу бағдарламалар әкімшілерінің қазынашылық рұқсатындағы шығыстардың тиісті ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржыландыруды бөлінген қаражатты қазынашылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдалану сомасына азайту арқылы жүргізіледі. <*>
3. Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер: <*>
тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік заңдарда белгіленген бюджеттік мақсаттардың сомаларынан артық қаржылық міндеттемелерді бюджеттiк ақшалардың есебiнен өздеріне алуға құқығы жоқ; <*>
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындауға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне белгіленген мерзімде беруге міндетті.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеттің атқарылуы барысында бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесіне, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бағдарламалар бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен міндеттерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты өзгерістер енгізуге және республикалық бюджеттің тапшылығын жабу көздерін өзгертуге құқығы бар.
5. Жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді
егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттен ұстауға жол берілмейді. <*> 6. Қазақстан Республикасының Yкiметi республикалық бюджеттiң атқарылуы барысында тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген жекелеген республикалық бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың арнаулы тәртiбiн белгiлеуге құқылы. <*> ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ <*> ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ ЕСКЕРТУ. 24-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен. Z010182_ 25-бап. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы
1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністер бюджетінің атқарылуын, бюджеттік қаражаттардың тиімді және нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етеді.
1-1. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жергiлiктi бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар жергiлiктi бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi.
Заттай нысанда жүзеге асырылатын ресми трансферттер (гранттар) жергiлiктi бюджетте көрсетiлмейдi. <*>
1-2. Жергiлiктi бюджеттiң кассалық атқарылуын жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылығының аумақтық органында тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ағымдағы шотының қаражаты есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырады. <*>
2. Жергілікті бюджеттердің шоттарын, жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізуді, олар үшін аударылым операцияларын жергілікті атқарушы органдар беретін қаржылық рұқсаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдары жүзеге асырады.
Жергiлiктi бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекiтiлген тоқсандық көлемiнен асатын бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударуды Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылығының аумақтық органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi. <*>
Бөлінген қаражат қаржылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруды кері қайтарып алуға және тоқтата тұруға құқығы бар. <*>
Бюджет қаражатын керi қайтарып алу бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қаржылық рұқсатындағы шығыстардың тиiстi ерекшелiгi бойынша ағымдағы қаржыландыруды қаржылық рұқсаттармен көзделмеген мақсаттарға бөлiнген қаражатты пайдалану сомасына азайту арқылы жүргiзiледi. <*>
2-1. Жергiлiктi бюджеттен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер тиiстi қаржы жылына арналған бюджет заңы белгiлеген бюджеттiк тағайындаулардың сомасынан артық бюджеттiк ақшалардың есебiнен өздерiне мiндеттемелер алуға құқылы емес. <*>
3. Егер бюджеттi атқару барысында жергiлiктi атқарушы органдар төмен тұрған бюджеттердiң шығысын көбейтетiн не кiрiсiн азайтатын нормативтiк құқықтық актiлер қабылдаса, бұл бюджеттерге қаражат жоғары тұрған бюджеттерден өтеледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен орталық атқарушы органдарының облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң шығыстарын көбейтетiн нормативтiк құқықтық актiлерi келесi қаржы жылынан ерте күшiне енбейтiндей болып белгiлене отырып қабылданады. <*>
3-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жергiлiктi атқарушы органдар үшiн кез келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады.
Жергiлiктi атқарушы органдарға үшiншi бiр тұлғалар үшiн кез-келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады. <*>
4. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi жергiлiктi бюджеттерден ұстауға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк мекеменi жергiлiктi бюджеттердiң әртүрлi деңгейлерiнен ұстауға жол берiлмейдi. <*>
5. Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алуға жатпайды.
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары қаржы жылының iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың негiзгi борышын өтеуге пайдаланылады.
Ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу жөнiндегi мiндеттемелер болмаған жағдайда қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары бюджеттiң тапшылығын арттыру жолымен тиiстi жергілiктi бюджеттi нақтылау туралы жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi негiзiнде жергiлiктi бюджеттiң осының алдындағы қаржы жылдарының қорытындылары бойынша пайда болған кредиторлық берешегiн өтеуге, ал кредиторлық берешек болмаған жағдайда - жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалуы мүмкiн. <*>
6. Жергiлiктi өкiлдi органдар әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару тәсiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдаған жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бюджеттi атқару барысында жергілiктi бюджеттiк бағдарламаларды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттiк органдардың тiзбесiне және осы мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын бағдарламалар бойынша бюджеттiк тағайындаулар сомасына ағымдағы қаржы жылына
арналған бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген бағдарламалар сомалары шегiнде өзгерiстер енгiзуге құқылы. <*> ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ ЕСКЕРТУ. 25-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен. Z010182_ 26-бап. Бюджет шығыстарын өзгерту тәртібі
Бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен асып кеткен не оны атқару барысында кірісті көздерден алынатын түсімдер төмендеп кеткен жағдайда, бюджет шығыстарын және кредит беруді, бірақ бекітілген соманың 10 процентінен аспайтын, қысқарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, ал 10 проценттен жоғарысы республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың тиісті шешімдеріне өзгерістер енгізу жолымен қабылданады. <*>
Секвестрлеуге жатпайтын бағдарламалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Парламенті мен жергілікті өкілетті органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджет туралы заңда және шешімдерде анықтайды.
ЕСКЕРТУ. 26-баптың 1 бөлігі жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 1999.11.29. N 487 Заңымен. Z990487_
27-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын қамтитын төтенше бюджеті енгізілуі мүмкін. Төтенше бюджет қолданылған уақытта республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегі бюджеттер туралы шешімдердің күші тоқтатылады.
Төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуі немесе ғаламдық таралу сипаты бар, табиғи және техногендік тұрғыдағы төтенше оқиғалардың нәтижесінде экономикаға келтірілген елеулі экономикалық және қаржылық зиян төтенше бюджеттік енгізуге негіз болып табылады.
28-бап. Қаржылық рәсімдер және бюджеттердің
атқарылуын есепке алу
1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есеп беру (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. <*>
2. Қаржы жылы ішінде бюджет қаражатын бөлу, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарын ашу және жабу тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді. <*>
2-1. Мемлекеттiк мекемелердiң тек қана бюджеттiк шоттары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда басқа да шоттары болуы мүмкiн. Мемлекеттiк мекемелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында ғана шот ашады. <*> 3. Есепті кезең ішінде есептік қаржы жылының бюджетін атқару шегіндегі операциялар аяқталады. ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 29-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп беру <*>
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 маусымынан кешiктiрмей түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге берiлген есептi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп республикалық бюджеттiң есептi жылға арналып бекiтiлген құрылымы бойынша Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызмет туралы ақпаратты енгізе отырып табыс етiледi. <*>
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша республикалық бюджеттiң кiшi бағдарламалар деңгейiнде атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей жергілiктi өкiлдi органдарға түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге есептi қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп жергiлiктi бюджеттiң есептi жылға арналып бекiтiлген құрылымы бойынша табыс етiледi.
Аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары облыстың жергiлiктi атқарушы органына есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша тиiстi бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша облыстың, Астана және Алматы қалалары бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
Жергілікті бюджеттердің (облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, облыстық бюджеттердің, қалалар, аудандар бюджеттерінің) атқарылуы туралы айлық және жылдық есептер тиісті жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару көлемдері туралы ақпаратты қамтиды. <*>
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша мемлекеттiк, республикалық бюджеттердің және облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң атқарылуы туралы айлық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiне табыс етедi.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бюджеттi атқару және бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алуға мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар
тиiстi бюджеттердiң атқарылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайынғы есептердi жариялап отырады. ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ ЕСКЕРТУ. 29-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен. Z010182_ 6-тарау. Бюджеттердің атқарылуын бақылау 30-бап. Бюджеттердің атқарылуын бақылау
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының қазынашылық рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. <*>
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.
2-1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуы мен бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының қаржылық рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық бөлiмшелерiжүзеге асырады. <*>
3. Жергілікті бюджеттердің әзірлену мен атқарылуын бақылауды тиісті деңгейдегі өкілді органдардың тексеру комиссиялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның аумақтық органдары тиісті жергілікті атқарушы және өкілді органдарға міндеттерді түрде хабарлай отырып жүзеге асырады. <*>
3-1. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына ревизия және тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімділігін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар белгілейді. <*> ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463 Заңымен. Z990463_ ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140 Заңымен. Z010140_ 7-тарау. Бюджет заңының бұзылғаны үшін жауапкершілік 31-бап. Бюджет заңының бұзылғаны үшін жауапкершілік Бюджет заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылыққа апарып соқтырады. 32-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Үмбетова А.М.)