1. 20-баптың 10-тармағының бірінші бөлігінде "және өндірістік
мақсаттар үшін" деген сөздер "және дайын өнім алу үшін өндіріс процесінде шикізат, материалдар немесе жартылай дайын өнімдер жасау, олардың жай-күйін, қасиеттерін, нысандарын өзгертіп өңдеу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 29-баптың бірінші бөлігінде: 3) тармақшада "15" цифры "20" цифрына ауыстырылсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) 65 еселен- 65 еселен- ген жылдық ген жылдық есептік көр- есептік көр- сеткіштен сеткіштен бастап жә- алынатын не одан жоға- салық со- ры масы+ одан аса- тын сома- дан 30 процент"; 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын. 3. 34-бапта: 1-тармақтың 7) тармақшасы "алынған" деген сөзден кейін "(алынуға тиіс)" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) табыс салығы салынған жалақыдан аударылған аударымдардан құралған кәсіподақ бюджеті қаражатынан кәсіподақ мүшелері үшін материалдық көмек;".
4. 55-баптың 4-тармағы "резидент еместер" деген сөздерден кейін "(Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратындардан басқалар)" деген сөздермен толықтырылсын.
5. 68-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген нысанмен жазылып, тиеп-жөнелту құжатында көрсетілген қосылған құнға салынатын салық сомасы мемлекеттік материалдық резервтен алынған тауарлар бойынша есепке алуға жатқызылады.".
6. 73-баптың 2-тармағындағы "салық" және 3-тармағындағы "салығы"
деген сөздерден кейін "кедендік ресімдеу кезінде де" деген сөздермен толықтырылсын. 7. 106-бап "заңды" деген сөзден кейін "тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері" деген сөздермен толықтырылсын. 8. 108-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, бақша өсіру және саяжай салу үшін берілген жерлерге, оның ішінде қосалқы құрылыстар орналасқан жерлерге салық ставкасы мынадай мөлшерде белгіленеді: 0,12 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 20 теңге; 0,12 гектардан 0,25 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 100 теңге; 0,25 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 400 теңге.". 9. 112-бап мынадай редакцияда жазылсын: "112-бап. Салықтың базалық ставкалары 1. Елді мекендердің жеріне салынатын салықтың базалық ставкасы бір шаршы метр алаңға есептеліп мынадай мөлшерде белгіленеді: __________________________________________________________________________ | Елді мекеннің түрі |Тұрғын емес құрылыстар, |Жанындағы құрылыстары | |ғимараттар, оларды ұс. |мен ғимараттарын қоса | |тауға арналған учаске. |тұрғын үй қоры алып жат | |лер, сондай-ақ объекті. |қан жерге теңгемен салы | |лердің санитариялық-қор.|натын салық ставкасы | |ғаныш аймақтары, техни. | | |калық және өзге де ай. | | |мақтар алып жатқан жерге| | |теңгемен салынатын салық| | |ставкасы | |_________________________|________________________|_______________________ | 1 | 2 | 3 |_________________________|________________________|_______________________ |Қалалар: | | |_________________________|________________________|_______________________ |Алматы: | 15,00 | 0,5 |_________________________|________________________|_______________________ |Астана | 10,00 | 0,5 |_________________________|________________________|_______________________ |Ақтау | 5,00 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Ақтөбе | 3,50 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Атырау | 4,25 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Тараз | 4,75 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Қарағанды | 5,00 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Қызылорда | 4,50 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Қостанай | 3,25 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Павлодар | 3,00 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Петропавл | 3,00 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Орал | 3,00 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Өскемен | 5,00 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Шымкент | 4,75 | 0,3 |_________________________|________________________|_______________________ |Алматы облысы: | | |_________________________|________________________|_______________________ |облыстық маңызы | 3,50 | 0,2 |бар қалалар | | |_________________________|________________________|_______________________ |аудандық маңызы | 3,00 | 0,2 |бар қалалар | | |_________________________|________________________|_______________________ |Ақмола облысы: | | |_________________________|________________________|_______________________ |облыстық маңызы | 3,00 | 0,2 |бар қалалар | | |_________________________|________________________|_______________________ |аудандық маңызы | 2,60 | 0,2 |бар қалалар | | |_________________________|________________________|_______________________ |Облыстық маңызы |Облыс орталығы үшін | 0,2 |бар басқа да қалалар |белгіленеген ставканың | | |85 проценті | |_________________________|________________________|_______________________ |Аудандық маңызы |Облыстық орталығы үшін | 0,1 |бар басқа да қалалар |белгіленген ставканың | | |75 проценті | |_________________________|________________________|_______________________ |Поселкелер | 0,50 | 0,07 |_________________________|________________________|_______________________ |Селолар (ауылдар) | 0,25 | 0,05 |_________________________|________________________|_______________________
2. Астана, Алматы қалалары мен облыстық маңызы бар қалалар үшін үй маңындағы жер учаскелеріне салынатын салық ставкасы, жанындағы құрылыстары мен ғимараттарын қоса алғанда тұрғын үй қоры алып жатқан жерлерді қоспағанда, мынадай мөлшерде белгіленеді:
0,06 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
0,06 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 600 теңге.
Қалған елді мекендер үшін үй маңындағы жер учаскелеріне салынатын салық ставкасы, жанындағы құрылыстары мен ғимараттарын қоса тұрғын үй қоры алып жатқан жерлерді қоспағанда, мынадай мөлшерде белгіленеді:
0,12 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
0,12-ден 0,25 гектарға дейінгі жер алаңына - 0,01 гектар үшін 100 теңге;
0,25 гектардан асатын жер алаңына - 0,01 гектар үшін 400 теңге.
3. Елді мекендердің Қазақстан Республикасының базарларында тауарлар сату құқығы үшін алым алынатын қызметті жүзеге асыруға, автотұрақтарға, май құю станцияларына бөлінген жеріне тұрғын емес құрылыстар, ғимараттар, оларды ұстауға қажетті учаскелер, сондай-ақ объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтары, осы баптың 1-тармағында көзделген техникалық және өзге де аймақтар алып жатқан жерлердің ставкалары бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынады.".
10. 113-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
11. 123-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен
толықтырылсын: "2-3) қызметінің негізгі түрі театр-ойын-сауық және (немесе) концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;". 12. 128-бап мынадай редакцияда жазылсын: "128-бап. Салық ставкалары 1. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады және айлық есептік көрсеткіштен мынадай ставкалар бойынша есептеледі: ____________________________________________________________________ | Салық салынатын объект |Салық мөлшері (айлық есептік | | |көрсеткішпен) | |_________________________________|__________________________________| | 1. Жеңіл автомобильдер: | | |1100 <*> ) дейін | 4,0 | |1100-ден 1500-ге дейін | 6,0 | |1500-ден 2000-ға дейін | 7,0 | |2000-нан 4000-ға дейін | 22,0 | |4000-нан және одан жоғары | 117,0 | | 2. Жүк автомобильдері: | | |жүк көтерімділігі | | |1,5 тоннаға дейін | 9,0 | |жүк көтерімділігі | | |1,5 тоннадан 5 тоннаға дейін | 12,0 | |жүк көтерімділігі | | |5 тоннадан жоғары | 15,0 | | Ауылшаруашылық құрылымдарынан | Әр киловатт қуаттан айлық | |бөлініп шығу нәтижесінде пай |есептік көрсеткіштің 4,0 проценті | |ретінде алынған жүк автомобиль. | | |дері | | | | | | 3. Механизмдерді және шынжыр | | |табанды механизмдерді қоспағанда,| | |өздігінен жүретін машиналар және | | |пневматикалық қозғалыстағы | | |механизмдер | 3,0 | | 4. Автобустар: | | | 12 отыру орнына дейінгі | 9,0 | | 12 отыру орнынан 25 отыру | | | орнына дейінгі | 14,0 | | 25 отыру орнынан жоғары | 20,0 | | 5. Мотоциклдер, мотороллерлер,| | |мотошаналар, шағын кемелер | | | (двигателінің қуаты | | |55 кВт-тан кем). | 1,0 | | 6. Катерлер, кемелер, | | |буксирлер, баржалар, яхталар: | | | 160 <**> ) дейін | 6,0 | | 160-тан 500-ге дейін | 18,0 | | 500-ден 1000-ға дейін | 32,0 | | 1000-нан жоғары | 55,0 | | 7. Ұшу аппараттары | Әр киловатт қуаттан айлық | | |есептік көрсеткіштің 8,0 проценті | |_________________________________|__________________________________| <*> - двигательдің текше саниметрлік жұмыс көлемі; <**> - ат күші.
2. Двигателінің көлемі 1500-ден 2000 текше сантиметрге дейін болған кезде, 7 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын және двигатель көлемі 2000 текше сантиметрден 4000 текше сантиметрге дейін болғанда, 22 айлық есептік көрсеткіш ставкасы
бойынша салық салынатын жеңіл автомобильдерге салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әр бірлік үшін 12 теңгеге ұлғайтылады. 3. Пайдаланылу мерзімі 6 жылдан асатын жеңіл автокөлік құралдары бойынша салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін мынадай түзету коэффициенттері қолданылады: ТМД елдері шығарған машиналар үшін - 0,3; двигателінің көлеміне қарай қалған машиналар үшін: 3000 текше сантиметрге дейін - 0,5; 3000-нан 4000 текше сантиметрге дейін - 0,7; 4000-нан және одан жоғары - 1,0. 4. Пайдаланылу мерзіміне байланысты ұшу аппараттарына салынатын салық ставкасына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады: 1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған ұшу аппараттарына: 5 жылға дейін пайдаланылғанына - 1,0; 5 жылдан 15 жылға дейін пайдаланылғанына - 2,0; 15 жылдан көп пайдаланылғанына - 3,0; 1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған ұшу аппараттарына: 5 жылға дейін пайдаланылғанына - 1,0; 5 жылдан 15 жылға дейін пайдаланылғанына - 0,5; 15 жылдан көп пайдаланылғанына - 0,3.". 13. 130-бап мынадай редакцияда жазылсын: "130-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Көлік құралдарына салынатын салықты салық төлеушілер салық ставкаларын ескере отырып, көлік құралдарының түрлеріне қарай есептейді.
2. Заңды тұлғалар көлік құралдарына салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысан бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
3. Көлік құралдарының иелері салықты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде төлейді, ал көлік құралдары тіркелген және қайта тіркелген жағдайларда салық төлеу көлік құралдарының тіркелген және есепке алынған жері бойынша аталған әрекеттер аяқталғанға дейін жүргізіледі. Иесінің өзгеруіне немесе ағымдағы жылда Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жерін ауыстыруына байланысты көлік құралдарын қайта тіркеген кезде салық екінші рет төленбейді.
4. Жол полициясы органдары көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу немесе техникалық жағынан тексеру кезінде көлік құралдарының иелерінен көлік құралдарына салықтың толық төленгенін растайтын құжатты талап етуге міндетті. Осы Жарлықтың 128-бабында көзделген мөлшерде салықтың толық төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда тіркеу, қайта тіркеу немесе техникалық жағынан тексеру жүргізілмейді.
5. Көлік құралына меншік құқығынан айырылған кезде салық
төлеушінің жыл ішінде төлеген салық сомасы қайтаруға жатпайды.". 14. 132-баптың 1) тармақшасында: "негізгі қаражатының" деген сөздер "амортизацияланатын активтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын; "жеке тұлғалардың" деген сөздерден кейін "заңды тұлға құрмай" деген сөздермен толықтырылсын. 15. 133-баптың 1-тармағында: "негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларына" деген сөздер "мүлкіне" деген сөзбен ауыстырылсын; "заңды" деген сөзден кейін "тұлғалардың" деген сөзбен толықтырылсын; "Кәсіпкерлік" деген сөздің алдынан "Заңды тұлға құрмай" деген сөздермен толықтырылсын. 16. 134-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
"2-3) қызметінің негізгі түрі театр-ойын-сауық және (немесе) концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;".
17. 137-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тексеру актілері бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдармен өсімдер сомалары бойынша салық қызметінің органы осы Жарлықтың 149-бабына сәйкес хабарлама жазады.".
18. 138-1-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) резидент еместер импорттайтын тауарлар, көрсететін (орындайтын) қызметтер (жұмыс) бағаларының деңгейі ұқсас (тектес) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағаларының деңгейінен айтарлықтай (20 проценттен астам) артып кеткен жағдайда.".
3-тармақта:
"екінші тармағында" деген сөздер "2-тармағының 1)-3) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында аталған жағдайда, резидент еместер импорттайтын тауарлар, көрсететін (орындайтын) қызметтер (жұмыс) бағаларының деңгейі ұқсас (тектес) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағаларының деңгейінен айтарлықтай (20 проценттен астам) артып кеткен кезде, салық органы осындай мәмілелер бойынша шығыстар нарық бағаларын негізге ала отырып бағаланатындай етіп есептелген салықтар мен айыппұл санкцияларын толық есептеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мәміленің нарықтық бағасын анықтау үшін осы баптың 4-13-тармақтарында көзделген шарттар ескеріледі.";
15-тармақ "салық төлеушілерге" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ
осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында аталған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын. 19. 149-бап мынадай редакцияда жазылсын: "149-бап. Есептелген салық, алым және басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы хабарлама Тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым және басқа міндетті төлемдер сомасы туралы хабарламада мынадай мәліметтер болуға тиіс: 1) салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (немесе атауы); 2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі; 3) хабарланған күні; 4) есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер мен айыппұл санкцияларының сомалары; 5) төлеу туралы талап және төлеу мерзімдері; 6) төленетін орны мен әдісі; 7) шағымдану тәртібі.". 20. 154-бапта: 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аумақтық салық органдарына тапсырылған декларациялар және (немесе) есептер бойынша салық төлеуші есептеген салық немесе ағымдағы және аванстық төлемдер, сондай-ақ алымдар мен басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген мерзімдерде төленбеген жағдайда аумақтық салық органдары салық төлеушілердің банктегі шоттарынан салық, ағымдағы және аванстық төлемдер, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсімдер бойынша пайда болған берешек мөлшерінде салық төлеушінің келісімінсіз қаражат өндіріп алуға құқылы.
3. Салық қызметі органының тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген мерзімде бюджет кірісіне төленбеген жағдайда аумақтық салық органдары салық төлеушілердің банктегі шоттарынан тексеру актісі бойынша есептелген сома шегінде, егер салық төлеуші мұндай соманы төлеуге келісім білдірсе, қаражат өндіріп алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасына осы Жарлықтың 165 және 166-баптарында белгіленген тәртіппен 5 банк күні ішінде шағым жасалмауы, осы баптың 3-тармағы бойынша келісім білдіру болып есептеледі.
Осы баптың 3-тармағы бойынша салық төлеуші тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасына келісім білдірмей, осы Жарлықтың 165 және 166-баптарында белгіленген тәртіппен 5 банк күні ішінде шағым жасаған жағдайда аталған соманы салық төлеушінің банктегі шоттарынан өндіріп алу тоқтатыла тұрады.
Тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасын салық төлеушінің келісімінсіз өндіріп алу осы Жарлықтың 165-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасы туралы хабарламада көрсетілген төлеу мерзімінен бастап өсім есептеле отырып жүргізіледі.
5. Салық төлеушінің банктегі шоттарында қаражат болмаған жағдайда аумақтық салық органдары, салық төлеушіге берешегі бар екенін растайтын салық төлеуші мен оның дебиторы арасында өзара есеп айырысуды салыстыру актісі болған жағдайда, оның дебиторының шотынан салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім бойынша пайда болған берешек және (немесе) тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомасы шегінде қаражат өндіріп алуға құқылы.".
21. 163-бапта:
1-тармақта "100" цифры "50" цифрына ауыстырылсын;
4-тармақта:
"енгізілген" деген сөз "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл орайда, егер жыл бойы нақты есептелген табыс салығы сомасының жыл ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасынан асып кетуі бюджетке төлемнің кем түсуіне әкеп соқса, айыппұл санкциясы қолданылады.".
22. 165-бапта:
2 және 3-тармақтарда "30" цифры "10" цифрына ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Егер салық төлеушіге тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім туралы хабарланған күннен 30 банк күні өткеннен кейін салық төлеушінің өтініші қанағаттандырылмаса немесе салық төлеуші сотқа салық қызметі органы шешіміне шағымданбаса, аумақтық салық органы салық төлеушінің келісімінсіз оның банктегі шоттарынан салық қызметі органының тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомаларын өндіріп алуға құқылы.
Егер салық төлеуші хабардар етілген күннен бастап 30 күн ішінде салық қызметі органының шешіміне сотқа шағымданса, аумақтық салық органы салық төлеушінің келісімінсіз оның банктегі шоттарынан салық қызметі органының тексеру актісі бойынша есептелген, сот шешімімен
дұрыс (заңды) деп танылған салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім сомаларын хабарланған күннен бастап өсімді есептей отырып өндіріп алуға құқылы."; 4-тармақтың бірінші азатжолы алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Үмбетова А.М.)