Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 24 желтоқсан N 333-I

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; 1998 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Z980260_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Алматы қаласының мәртебесі туралы мәселелер жөнінде)" 1998 жылғы 1 шілдедегі Z980259_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Z980260_ Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының салық заңдары республикалық және жергілікті бюджеттерге салық сипатындағы міндетті төлемдерді (бұдан әрі - салықтар) белгілейтін және Қазақстан Республикасында салық қатынастарын реттейтін (Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі заңдарымен реттелетін кеден төлемдері мәселелерін қоспағанда) осы Жарлықтан, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын

төлеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерден, Қазақстан Республикасы 
Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінен, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық комитетінің 
актілерінен тұрады.".
     
     2. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "3-бап. Жалпымемлекеттік салықтар мен алымдар
     1. Жалпымемлекеттік салықтар мен алымдарға мыналар жатады:
     1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
     2) қосылған құнға салынатын салық;
     3) акциздер;
     4) бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені үшін алынатын алым;
     5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
     6) жол салығы;
     7) әлеуметтік салық;
     8) әлеуметтік қамсыздандыруға алынатын алым;
     9) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен жүргені 
үшін алынатын алым.
     2. Осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген алымдар 
төлеудің тәртібі мен олардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайды."
     
     3. 5-бапта:
     32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     


      "32) "салық сараптамасы" - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салық режимін айқындау, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдер мен салықтарын белгілеу мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген құзыретті орган жасасатын келісім-шарттың жобасына, оған толықтырулар мен өзгерістерге жүргізетін талдау мен баға беруді қамтитын міндетті сараптама;";
      мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:
      "44) өз акцияларын бастапқы орналастыру - жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акцияларды эмитенттің орналастыруы.".

      4. 6-бапта:
      1-тармақ:
      "заңды" деген сөзден кейін "тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа), олардың филиалдары, өкілдіктері және жеке балансы және банктік шоты бар өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
      "Табыс салығын төлеушілер өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық төлеуді жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалар осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеушілер деп танылмайтын өздерінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін табыс салығын төлеуді олардың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Табыс салығын төлеушілерге сондай-ақ резидент емес - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер жатады.".

      5. 14-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңды және жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан оны алуға байланысты барлық шығыстар, соның ішінде негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу, оларды орнату жөніндегі шығындарды және осы Жарлықтың 46-бабына сәйкес күрделі сипаттағы басқа да шығындарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, еңбекке ақы төлеу, өздерінің қызметкерлеріне табыс салығы салынған материалдық және әлеуметтік игіліктер беру жөніндегі шығыстар шегеріп тасталады.".

      6. 24-баптың 1-тармағындағы "уақыт ішінде" деген сөздерден кейін

"(бір жылдан астам)" деген сөздермен толықтырылсын;
     
     7. 25-баптың 2) тармақшасындағы "және бюджеттен тыс мемлекеттік 
қорларға" деген сөздер алып тасталсын;
     
     8. 34-бапта:
     1-тармақта:
     "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін "салық алынатын" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     6) тармақшада "мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының 
заңдарымен реттелетін арнаулы қорлар есебінен" деген сөздер алып 
тасталынып,
"ұсталатын ұйымдар" деген сөздер "мемлекеттік мекемелер" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:


      "9) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, қызметінің айрықша түрі ауыл шаруашылығын кредиттеу болып табылатын ұйымдар;";
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер өтеусіз негізде

қаржыландыратын ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды 
орындаудан алынған табыстар бойынша ұйымдар.";
     
     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 30 процентін мүгедектер 
құрайтын өндіріс ұйымдарының жылдық жиынтық табысы мүгедектердің еңбегіне 
ақы төлеу жөніндегі шығыстардың 2 еселенген сомасына, сондай-ақ 
мүгедектерге қатысты әлеуметтік салық пен әлеуметтік қамсыздандыру алымы 
сомасының 50 процентіне қосымша қысқартылады.".
     
     9. 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
     "Бұл ретте активтердің құны, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет 
көрсетулердің) атаулары бойынша бөлінбестен, есепті кезең үшін тұтастай 
белгіленеді".
     
     10. 48-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "2) бюджетке енгізілуге тиіс айыппұл санкциялары;".
     
     11. 57-бап мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:


      "Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер үшін өзара есеп айырысулар қосылған құнға салынатын салық ескерілетін бағалар бойынша жүргізілетіні көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауарларды өткізу кезінде қолданылатын қосылған құн салығының ставкалары бойынша белгіленген мөлшерде қосылған құнға салынатын салық сомасы есепке алынады.".

      12. 58-бапта:
      5-тармақ "қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу" деген сөздерден кейін "(осы Жарлықтың 57-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ "жоғалған кезде" деген сөзден кейін "ол бойынша қосылған құнға салынатын салықты есепке алу көзделмеген мүлікті, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын.

      13. 61-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) үйлерді сату, жерді иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ үйлерді және (немесе) жер учаскелерін жалға беру, бұған: қонақ үйлерде тұрғаны үшін ақы, автомобильдерді немесе басқа көлік құралдарын қою мен сақтауға учаскелерді бергені үшін төленген, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға учаскелерді бергені үшін төленген ақылар, салынған объектінің алғашқы өткізу ақысы қосылмайды;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) егер олар балаларды, қарттарды және мүгедектерді қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі қызметтерді, мәдениет, ғылым, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтерді көрсетуге, діни ұйымдардың жоралғылар мен рәсімдер өткізуіне байланысты болса, коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстар немесе қызмет көрсетулер;";
      мынадай мазмұндағы 18)-22) тармақшалармен толықтырылсын:

     "18) түзеу мекемелері жүзеге асыратын өздері өндірген тауарларды 
(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша айналымдар;
     19) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия бойынша ие ұйымдар 
мектеп жасына дейінгі балалар, орта, арнаулы орта және жоғары білім беру 
саласында жүзеге асыратын білім беру қызметтерін көрсету бойынша 
айналымдар;
     20) косметологиялық қызметті қоспағанда, медициналық қызмет жүргізу 
құқығына лицензия бойынша ие ұйымдар жүзеге асыратын медициналық қызмет 
көрсету бойынша айналымдар;
     21) әскери бөлімшелер үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
министрлігінің мемлекеттік кәсіпорыны жүзеге асыратын коммуналдық қызмет 
көрсетулер;
     22) осы Жарлықтың 65-бабында көрсетілгендерден басқа, тазаланған 
бағалы металдар - алтын мен платина өткізу бойынша айналымдар.".
     
     14. 70-баптың 4-тармағындағы "тізбе бойынша" деген сөзден кейін 
" , осы Жарлықтың 61-бабының 2-тармағына сәйкес босатылғандардан 
басқаларының," деген сөздермен толықтырылсын.
     
     15. 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:


      "1. Заңды тұлғалар, олардың жеке балансы және банктік шоты бар филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және:
      Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар өндіретін;
      Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін тауарларды импорттайтын;
      Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын жеке тұлғалар акциздерді төлеушілер болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін ескере отырып, резидент емес - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері де акциздерді төлеушілерге жатады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауар өндіретін және (немесе) ойын бизнесін жүзеге асыратын акциздерді төлеушілер өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық төлеуді жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауар өндіретін және (немесе) ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды тұлғалар өндіріс көлемін және (немесе) акцизделетін өнімдерді сатуды және (немесе) ойын бизнесінен түскен пайданы негізге ала отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес акциздерді төлеушілер болып танылмайтын өздерінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін олардың орналасқан жері бойынша акциздерді төлеуді жүзеге асырады.
      4. Тәркіленген, иесіз және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарлар бойынша, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ол бойынша бұрын акциз төленбеген тауарлар бойынша аталған тауарларды сатуды жүзеге асыратын тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.";

      16. Мынадай мазмұндағы VI-I, VI-II және VI-III бөлімдермен толықтырылсын:

      "VI-I Бөлім. Жол салығы
      24-1-тарау. Жол салығы бойынша жалпы ережелер
      104-1-бап. Салық төлеушілер
      Заңды тұлғалар (шетел заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін қоса), олардың жеке балансы және банктік шоты бар филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жол салығын төлеушілер болып табылады.
      Жол салығын төлеушілер салық төлеуді өздерінің орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген тәртіппен осы бапқа сәйкес салық төлеушілер болып танылмайтын өздерінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін жол салығын төлеуді олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
     104-2-бап. Салық салу объектісі 
     Жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады.



      24-2-тарау. Салықты төлеу
      104-3-бап. Салық ставкалары
      Жол салығы, олардың қызмет түрлеріне қарамастан, заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан (мемлекеттік бағалы қағаздардан алынатын табысты қоспағанда) 0,2 процент ставка бойынша төлеуге жатады.

      104-4-бап. Салық бойынша жеңілдіктер
      Жол салығын төлеуден:
      1) мемлекеттік мекемелер;
      2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншігі болып табылатын және толықтай олардың қаражаты есебінен құрылған өндірістік ұйымдар, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы (өндірістік ұйымдарсыз), Асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибі-Ана" республикалық қоғамы; сауда-делдалдық қызметтерінен, акцизделетін

тауарларды өндіруден және сатудан түскен табыстарынан басқалары;
     3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
     4) қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 50 процентін мүгедектер 
құрайтын, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндірумен айналысатын 
өндірістік ұйымдар;
     5) коммерциялық емес ұйымдар - кәсіпкерліктен басқа жарғылық 
қызметінен;
     6) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін халықаралық 
ұйымдар босатылады.
     
     104-5-бап. Салықтарды есептеу және төлеу тәртібі 
     1. Жол салығының мөлшерін салықтық есепке алу мен есептілік деректері 
бойынша салық төлеушілердің өздері анықтайды.
     2. Әрбір салық төлеуші:
     1) әрбір есепті кезең үшін жол салығы бойынша декларация тапсыруға;


      2) декларация тапсыру бойынша белгіленген мерзімге дейін немесе сол

күні әрбір есепті кезең үшін бюджетке салық төлеуге міндетті.
     3. Жол салығы бойынша декларация есепті кезеңнен кейінгі айдың 
15-күнінен кешіктірілмей әрбір есепті кезең үшін тапсырылады.
     4. Төленген салық сомасы шегеруге жатады.
     
     104-6-бап. Жол салығы бойынша есепті кезең 
     1. Күнтізбелік ай жол салығы бойынша бюджетпен іс жүзінде есеп 
айырысу жөніндегі есепті кезең болып табылады.
     2. Егер жол салығы бойынша тоқсан ішіндегі орташа айлық төлемдер 500 
айлық есептік көрсеткіштен аз болса, онда есепті кезең тоқсан болып 
табылады.
     
     VI-II Бөлім. Әлеуметтік салық 
     24-3-тарау. Әлеуметтік салық бойынша жалпы ережелер 
     104-7-бап. Салық салу объектісі 
     1. Салық салу объектісі еңбекке ақы төлеу қоры болып табылады.
     2. Әлеуметтік салық қаржыландыру көздеріне қарамастан тиісті 
салықтарды ұстағанға дейін есептеледі.
     3. Заңды тұлғалар төлемнің мынадай түрлеріне әлеуметтік салық 
төлемейді:


      1) жеке тұлғалар (қызметкерлер) үшін заңды тұлғалар төлейтін жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарына;
      2) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыға;
      3) қызметтен босату кезінде жұмыстан шығу жәрдемақысына;
      4) заңдарға сәйкес белгіленген өтемақы төлемдеріне;
      5) тұрақты жұмысы жолда істелетін немесе жолсапар сипатындағы не қызмет көрсетілетін учаскелер шегінде қызметтік іссапарларға байланысты тәулікақының орнына жалақыға қосымша ақылар мен үстеме ақыларға;
      6) берілген арнаулы киімдердің, арнаулы аяқкиімдердің және басқа да жеке қорғаныс құралдарының, сабынның, майды кетіретін құралдардың, сүттің және емдеу-алдын алу тамағының құнына;
      7) қызметкерлерге мертігуі себепті не олардың жұмысына байланысты денсаулығына басқадай келген залалға жасалатын төлемдермен орнын толтыруға (алынбаған жалақы бөлігіндегі төлемдерден басқа);
      8) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда және тағы басқаларда жүлделі орын үшін берілетін ақшалай сыйлықтарға;
      9) әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлеріне ақшалай ақыға;
      10) қызметкерлерге бала туған кезде, ақылы медициналық операция жасату үшін, жерлеуге берілетін материалдық көмекке;
      11) жұмыс ауыстырған кезде немесе жұмысқа басқа жерге көшкен кезде жолақы, мүлікті тасымалдау және үй-жай жалдау шығындарының орнын толтыруға;
      12) уақытша еңбекке жарамсыздық күндеріне ақы төлеуге;
      13) екіқабат болу мен босануына байланысты демалысқа ақы төлеуге.

      104-8-бап. Салықты төлеушілер
      Салықты төлеушілер мыналар:
      заңды тұлғалар (шетелдіктер қатысқан заңды тұлғаларды, шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдарын қоса), олардың жеке балансы және банктік шоты бар филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;
      осы Жарлықтың 104-7-бабына сәйкес салық салу объектісі бар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар.
      Әлеуметтік салықты төлеушілер салық төлеуді өздерінің орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген тәртіппен осы бапқа сәйкес салық төлеушілер болып танылмайтын өз филиалдары, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық төлеуді олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
      24-4-тарау. Салықты төлеу
      104-9-бап. Салық ставкалары
      1. Әлеуметтік салықты заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке ақы төлеу қорының 21 процент ставкасы бойынша төлейді.
      2. Мемлекеттік мекемелер және Ақыл-ойы мен дене дамуы жөнінен кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы әлеуметтік салықты еңбекке ақы төлеу қорының 20,5 проценті ставкасы бойынша төлейді.
      3. "Ардагер" зейнеткерлер кәсіпорындарының Республикалық бірлестігі, сондай-ақ тек қана зейнеткерлер жұмыс істейтін, осы бірлестіктің меншігі болып табылатын және оның қаражаттары есебінен құрылған өндірістік, оқу- өндірістік ұйымдар; "SOS - Қазақстанның Балалар қалашықтары" Балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест Қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы кәсіпорындарының Республикалық бірлестігі (өндірістік ұйымдарсыз), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің Ерікті қоғамы (өндірістік ұйымдарсыз) еңбекке ақы төлеу қорының 7,5 процент ставкасы бойынша салық төлейді. Олар сауда-делдалдық қызметтен, акцизделетін тауарларды өндіруден және сатудан табыс тапқан жағдайда салық 8 процент ставка бойынша төленеді.
      4. Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 50 процентін мүгедектер құрайтын, осы қоғамдардың меншіктері болып табылатын және солардың қаражаттары есебінен құрылған өндірістік, оқу- өндірістік ұйымдар, асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибі-Ана" республикалық қоғамы, мүгедектерді және психикалық-дене дамуы бұзылған балаларды қорғау жөніндегі "Ақ бота" Лига қоғамдық бірлестігі еңбекке ақы төлеу қорының 6,5 процент ставкасы бойынша төлейді.
      Олар сауда-делдалдық қызметтен, акцизделетін тауарлар өндіру мен сатудан табыс тапқан жағдайда, салық 7 проценттік ставка бойынша төленеді.
      5. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың әлеуметтік салық ставкасы мен оны есептеу тәртібі Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.
      6. Заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің шетелдік азаматтар еңбегіне ақы төлеу бөлігінде әлеуметтік салық ставкалары мен оларды есептеу тәртібі Республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленеді.

      104-10-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
      1. Әлеуметтік салық төлеу, жалақының төленуіне қарамастан, бірақ келесі айдың 15-інен кешіктірілмей, айдың екінші жартысы үшін жалақы төлеуге белгіленген мерзімде ай сайын жүргізіледі.
      2. Әлеуметтік салық бойынша декларация есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей әрбір есептік кезең үшін ұсынылады.
      3. Төленген салық сомасы шегеріске жатқызылады.

      104-11-бап. Әлеуметтік салық бойынша есепті кезең
      Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырысу жөніндегі есепті кезең күнтізбелік ай болып табылады.

      VI-III Бөлім. Әлеуметтік қамсыздандыруға алынатын алым
      24-5-тарау. Әлеуметтік қамсыздандыруға алынатын алым
                  жөніндегі жалпы ережелер
      104-12-бап. Салық салу объектісі
      1. Салық салу объектісі еңбекке ақы төлеу қоры болып табылады.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыруға алынатын алым қаржыландыру көздеріне қарамастан тиісті салықтар ұсталғанға дейін есептеледі.
      3. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алым төлемнің мынадай түрлеріне есептелмейді:
      1) жеке тұлғалар (қызметкерлер) үшін заңды тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейтін міндетті зейнетақы жарналары;
      2) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
      3) жұмыстан шығу кезіндегі шығу жәрдемақысы;
      4) заңдарға сәйкес белгіленген өтемақылық төлемдер;
      5) тұрақты жұмысы жолда істелетін немесе жолсапар сипатындағы не қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік іссапарларға байланысты тәулікақының орнына жалақыға қосымша ақылар мен үстеме ақылар;
      6) берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке қорғаныс құралдарының, сабынның, май кетіретін құралдардың, сүттің және емдеу-алдын алу тамақтарының құны;
      7) қызметкерлерге олардың жұмысына байланысты мертігуден не денсаулығының зақымдалуынан келген залалдың орнын толтыру үшін төлемдер (алынбаған жалақы бөлігіндегі төлемдерден басқа);
      8) жарыстарда, байқауларда, конкурстарда және тағы басқаларда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай сыйлықтар;
      9) әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлеріне ақшалай ақы;
      10) жұмыс ауыстырған кезде не жұмыс бабымен басқа жерге көшкен кезде жолақының, мүлікті тасымалдау мен үй-жайды жалға беру шығындарының орнын толтыру.

      104-13-бап. Алымды төлеушілер
      Заңды тұлғалар (шетелдіктер қатысқан заңды тұлғаларды, шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдарын қоса), олардың осы Жарлықтың 104-12-бабына сәйкес салық салу объектілері бар, жеке балансы және банктік шоты бар филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері алымды төлеушілер болып табылады.
      Әлеуметтік қамсыздандыруға алым төлеушілер алым төлеуді өздерінің орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының салық туралы заңдарымен белгіленген тәртіппен осы бапқа сәйкес алым төлеушілер болып танылмайтын өздерінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін алым төлеуді олардың орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
      24-6-тарау. Әлеуметтік қамсыздандыруға алым төлеу
      104-14-бап. Алым ставкалары
      Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алым заңды тұлғалар (шетелдіктер

қатысқан заңды тұлғаларды қоса), шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері 
мен филиалдары үшін еңбекақы төлеу қорының 1,5 процент ставкасы бойынша 
төленеді.
     104-15-бап. Алымды есептеу және төлеу тәртібі 
     1. Алымды төлеу ай сайын айдың екінші жартысына жалақы төлеу үшін 
белгіленген мерзімде, бірақ жалақының төленуіне қарамастан келесі айдың 
15-інен кешіктірмей жүзеге асырылады.
     2. Әлеуметтік қамсыздандыруға алынатын алым бойынша декларация есепті 
айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей әрбір есепті кезең үшін 
тапсырылады.
     3. Есептелген алым сомасы шегеріске жатқызылады.
     
     104-16-бап. Әлеуметтік қамсыздандыруға алынатын алым 
                 бойынша есепті кезең 
     Әлеуметтік қамсыздандыруға алынатын алым бойынша бюджетпен нақты есеп 
айырысу бойынша есепті кезең күнтізбелік ай болып табылады.".
     
     17. 123-баптың 3-тармағында:
     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "2) мемлекеттік мекемелер";
     мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
     "9) түзеу мекемелері;


      10) мектепке дейінгі балалар мекемелері, орта, арнаулы орта және жоғары білім саласында медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетуді қоспағанда) және (немесе) білім беру қызметін көрсетуге байланысты жұмысты қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асыратын ұйымдар, осындай қызметтен алынатын табысы жылдық жиынтық табыс көлемінің кем дегенде 50 процентін құраған жағдайда босатылады.

      18. 129-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын көлік құралдары бойынша коммерциялық емес ұйымдар босатылады;".

      19. 134-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүліктер бойынша коммерциялық емес ұйымдар;";
      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) түзеу мекемелері;
      7) мектепке дейінгі балалар мекемелері, орта, арнаулы орта және жоғары білім саласында медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетуді қоспағанда) және (немесе) білім беру қызметін көрсетуге байланысты жұмысты жүзеге асыратын, қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялары бар ұйымдар осындай қызметтен алынатын табысы жылдық жиынтық

табыс көлемінің кем дегенде 50 процентін құраған жағдайда босатылады.
     
     2-бап. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін 1-бабының 
1-3, 5, 6, 8-тармақтарын, 9-тармағының төртінші - оныншы азатжолдарын, 
16-тармағының екінші-бесінші азатжолдарын, 17-20-тармақтарын қоспағанда, 
осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Үмбетова А.М.)