Осы Заң халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, көшi-қон процестерiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн, сондай-ақ өзiнiң тарихи Отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшiн жаңа жерде қажеттi тiршiлiк жағдайларын жасауды белгiлейдi. I-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
босқындар - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, өздерiне зорлық-зомбылық жасалуы немесе өзге де нысандарда қуғындалуы не нәсiлi немесе ұлты, дiни нанымы, тiлi, саяси сенiмi, белгiлi бiр әлеуметтiк топқа тиесiлiлiгi белгiсi бойынша тек өзiне ғана қатысты емес, сонымен бiрге өзiнiң отбасы мүшелерiне де қарсы қуғынға ұшыраудың нақты қаупi тууы, сондай-ақ қарулы және ұлтаралық жанжалдарда қуғынға ұшыраудың нақты қаупi себептi өзiнiң тұрақты тұрғылықты жерiн тастап кетуге мәжбүр болып, басқа (шет) мемлекет аумағында жүрген адам;
босқын-репатрианттар - кезiнде Қазақстаннан саяси, ұлттық, дiни және басқа да дәлелдер бойынша қудалау салдарынан күштеп немесе заңға қарсы қуылған, қазiргi кезде Қазақстан Республикасына қоныс аударуға мәжбүр болған адамдар (олардың ұрпақтары);
мәжбүрлi қоныс аударушылар - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, өздерiне жасалған зорлық-зомбылық немесе өзге нысандардағы қуғындау, не нәсiлi немесе ұлты, дiни нанымы, тiлi, саяси сенiмi, белгiлi бiр әлеуметтiк топқа тиесiлiлiгi белгiсi бойынша тек өзiне ғана қатысты емес, сонымен бiрге өзiнiң отбасы мүшелерiне қарсы қуғынға ұшыраудың нақты қаупi тууы себептi, сондай-ақ егер зорлық-зомбылық жасалудың немесе қуғындалудың арасында байланыс болса, не қарулы және ұлтаралық жанжалдарда қуғындауға ұшыраудың нақты қаупiне байланысты өзiнiң тұрақты тұрғылықты жерiн тастап кетуге мәжбүр болған, басқа (шет) мемлекет аумағында тұрып жатқан адам;
iшкi көшi-қон - жеке адамдардың Қазақстан Республикасы iшiнде бiржола, уақытша, сондай-ақ маусымдық орын ауыстыруы;
қоныс аударушылардың уақытша тұрғылықты жерi - Қазақстан Республикасы аумағындағы жергiлiктi атқарушы және басқа да құзыреттi органдармен келiсе отырып орталық атқарушы орган белгiлеген, репатрианттарды, реэмигранттарды, мәжбүрлi қоныс аударушылар мен босқындарды орналастыруға және олардың уақытша тұруына жарамды тұрғын үй-жайлар бар елдi мекен;
көшiп келушi - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын жеке тұлға;
көшiп келу - шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың уақытша немесе тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасына келуi;
ұжымдық көшiп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару;
көшiп-қонушылар - орын ауыстыру себептерiне, олардың ұзақтығына және кеңiстiк шекараларға қарамастан, кеңiстiкте орын ауыстыруды жүзеге асыратын адамдар;
көшi-қон - жеке адамдардың Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына бiржолата, уақытша, сондай-ақ маусымдық орын ауыстыруы, сондай-ақ жеке адамдардың республика iшiнде тұратын жерi, жұмысы өзгеруiне байланысты қоныс аударуы;
жасырын көшiп келушiлер - Қазақстан Республикасы аумағына өз бетiмен, уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатынсыз келген немесе оны алдау жолымен алған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
қоныс аударушылар - басқа мемлекет аумағындағы өзiнiң уақытша немесе тұрақты тұрғылықты жерiн өз еркiмен тастап, Қазақстан Республикасына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын отбасымен қосылу мақсатында;
2) бұрынғы тұрғылықты жерiне оралу, оның iшiнде бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың қылмыс жасағанға дейiн Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған тұрғылықты жерiне оралуы мақсатында;
3) өзiнiң тарихи отанына оралу мақсатында (репатрианттар);
4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адаммен некеге отыруға байланысты келген адамдар;
репатрианттар - репатриация бойынша қайтып оралған жеке адамдар;
репатриация - әскери тұрғындардың, қонысы ауыстырылған адамдардың, босқындардың, эмигранттардың, оралмандардың отанға қайтып оралуы;
репатриант (оралман) - жаппай саяси қуғын-сүргiн актiлерi, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, iзгiлiкке жат өзге де iс-әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айрылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерiктi түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтары;
реэмигрант - эмиграцияда болып, отанына қайтып оралушы адам;
байырғы ұлт адамдарының реэмиграциясы - қазақтардың тарихи отаны - Қазақстан Республикасына қайтып келуi (қоныс аударуы);
отбасыларымен көшiп келу - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшiн туыстар тобының келуi;
еңбек көшi-қоны - жеке адамдардың жұмысқа жалдану мақсатымен бiр елден екiншi елге көшiп-қонуы. Ол көшiп-қонушы ретiнде заңды түрде рұқсат етiлген кез келген адамға қолданылады:
халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган - халықтың көшi-қоны саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырушы және көшi-қонға қатысты бүкiл жұмысты үйлестiрушi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
көшiп кету (эмиграция) - жеке адамдардың Қазақстан Республикасынан басқа елге бiржола немесе уақытша кетуi;
көшiп кетушiлер (эмигранттар) - көшiп кеткен жеке адамдар.
2-бап. Халықтың көшi-қонын реттейтiн заңдар
Көшi-қон саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
3-бап. Халықтың көшi-қонын реттеудiң негiзгi
принциптерi
Халықтың көшi-қонын реттеу;
- Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адамның тұратын жерiн еркiн таңдау құқығын, еңбек бостандығын, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауын, кету бостандығын, жүрiп-тұру бостандығын қамтамасыз ету;
- шығу тегiне, әлеуметтiк, қызмет және мүлiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрақтылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарай қандай да бiр кемсiтуге жол беруге болмайтындығы;
- Қазақстан Республикасы көшi-қон заңдарының республиканың қазiргi әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып, Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымның халықаралық нормалары мен ұсыныстарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету;
- қазақтардың өз тарихи отанына қайтып оралуына жан-жақты жәрдемдесу, олардың қоныс тебуiн ұйымдастыру, жұмыс орындарын құру және байырғы ұлттың қоныс аударушыларына атаулы көмек берудi және оларды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң басқа да шаралар кешенiн жүзеге асыру;
- әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруiне байланысты ықтимал көшi-қон мен көшi-қон лектерiнiң бағыттарын болжауға негiзделген iс-әрекеттердiң орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларында әлеуметтiк-экономикалық ынталандыруды талдап жасау негiзiнде ел iшiнде де, одан тыс жерлерде де жөн-жосықсыз және ретсiз процестердi болғызбау;
- көшi-қон процестерiн ретке келтiрудi ұйымдастыруға тиiстi мемлекеттiк органдардың қатысуы;
- бастаманы мемлекеттiк атаулы қолдау жағдайында көшiп-қонушылардың жаңа қоныста жайласуға жеке өзiнiң қатысуы және әрқайсысының, ең алдымен экологиялық және дүлей зiлзала аймақтарынан қоныс аударушылардың өз бетiнше iс-әрекет етуi;
- халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, босқындарды олардың келген елiне жөнелтуге немесе күштеп қайтаруға тыйым салу;
- басқа елдермен, әсiресе көшiп келушiлердi қабылдаушы елдермен оқып бiлiм алу, кәсiби даярлық, еңбек көшi-қоны түрiнде жасырын көшiп-қонуды азайту саласында ынтымақтастық жасау принциптерiне негiзделедi.
4-бап. Көшi-қон субъектiлерi
Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына заңды негiздерде алты айдан астам мерзiмге тұрақты тұруға қоныс аударушы адамдар, осы Заңның 11-бабында көзделгендерден басқа жағдайларда, көшiп келушiлер мәртебесiн алады. Көшiп келушiлерге репатрианттар (оралмандар), реэмигранттар, қоныс аударушылар, мәжбүрлi қоныс аударушылар, босқындар мәртебесi берiледi және саяси баспана берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге заңды негiздерде алты айдан астам мерзiмге тұрақты тұруға қоныс аударушы адамдар көшiп кетушiлер мәртебесiн алады. Қазақстан Республикасының шет елдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiнiң қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының шет елдерде уақытша еңбек қызметiн жүзеге асырып жүрген азаматтары, бiтiмгершiлiк борышын атқарушы әскери қызметшiлер, сондай-ақ шет елдерде оқып, емделiп, туристiк сапарда, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша және қызметтiк iссапарда жүрген адамдар көшiп кетушiлерге жатпайды.
Қазақстан Республикасы iшiнде алты айдан астам мерзiмге мәжбүрлi қоныс аударған адамдар iшкi көшiп келушiлер мәртебесiн алады.
2-тарау. ЕҢБЕК КӨШI-ҚОНЫ
5-бап. Еңбек көшi-қонын жүзеге асыру тәртiбi
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi еңбек және кәсiби қызметiн жүзеге асыруы тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органның және оның жергiлiктi жерлердегi қызметтерiнiң рұқсатымен және бақылауымен жүзеге асырылады.
Еңбек көшi-қонын реттеу кезiнде iшкi еңбек рыногын қорғауға басым мән берiледi. Бұл орайда еңбекшiлердi - Қазақстан Республикасы аумағына заңды түрде жiберiлген көшiп келушiлердi еңбек рыногындағы жағдайға байланысты көшiрiп жiберуге жол берiлмейдi.
Осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметi еңбек көшi-қоны ретiнде қаралмайды.
6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруы
Әскери қызметтегi адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге асыру мақсатымен шетелге баруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.
7-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасына еңбек көшi-қоны
бойынша келу шарты
Қазақстан Республикасына азаматтығын ауыстыруға байланыссыз, еңбек көшi-қоны ретiмен келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрғылықты жерi болуға тиiс.
Қазақстан Республикасына келген және уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатынсыз еңбек қызметiн жүзеге асырушы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан кетiруге тиiс.
8-бап. Қазақстан Республикасы аумағында Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасы аумағында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының еңбек қызметi осы Заңға және осы мемлекеттер арасында екiжақты, сондай-ақ көпжақты негiзде жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Көшiп келу, реэмиграция
9-бап. Көшiп келу квотасын белгiлеу
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi әрбiр күнтiзбелiк жылға көшiп келу квотасын белгiлейдi.
Меншiк нысанына қарамастан барлық ұйымдардың және мемлекеттiк басқару органдарының орындауы үшiн мiндеттi көшiп келу квотасын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiде көшiп келушiлердiң қай елден қоныс аударатыны көрсетiлiп, олардың шектi саны мен түрлерi, оларды қабылдауға, жайғастыру мен бейiмдеуге қажеттi шаралар, олар қоныстануға тиiстi аймақтар, репатрианттар (оралмандар) мен реэмигранттар үшiн сараланған жәрдемақылар мен жеңiлдiктер жүйесi белгiленедi.
Көшiп келу квотасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасы Президентiнiң айрықша құзыретi болып табылады.
10-бап. Көшiп келушілердiң құқықтары мен мiндеттерi
Көшiп келушi деп танылған және тұруға ықтиярхат алған адам Қазақстан Республикасында барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мiндеттердi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарымен бiрдей
мойнына алады. 11-бап. Көшiп келушiлер болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар: 1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлiмдерде әскери қызметте тұрса; 2) дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың құрамына кiрсе; 3) Қазақстан Республикасында оқуда немесе өндiрiстiк практикада жүрсе;
4) мемлекетаралық шартқа сәйкес, сондай-ақ қазақстандық және шетелдiк ұйымдардың арасында жасалған келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша еңбек қызметiн жүзеге асырса;
5) Қазақстан Республикасында ресми тiркелген дiни бiрлестiктерде кәсiби қызметтi жүзеге асырса;
6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел бұқаралық ақпарат құралдарының, радиосы мен теледидарының өкiлдерi болса;
7) Қазақстан Республикасына қайырымдылық және iзгiлiк көмегiн көрсету мақсатында келсе;
8) теңiз және өзен кемелерi, әуе, темiр жол және автомобиль көлiктерi экипаждарының мүшелерi болса, көшiп келушiлер мәртебесi берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды көшiп келушiлер деп танымайтын басқа да жағдайларды белгiлеуi мүмкiн.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.
12-бап. Босқындар болып табылмайтын адамдар
Бейбiтшiлiкке, азаматқа қарсы немесе басқа қасақана қылмыстық әрекет жасаған адамды босқын деп тануға болмайды. Адамды босқын деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган немесе оның жергiлiктi жерлердегi қызметтерi қабылдайды.
Босқын деп танылған адам Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен заңдарын сақтауға мiндеттi. 13-бап. Көшi-қон шараларын қаржымен қамтамасыз ету Көшiп келушiлерге атаулы көмек пен қолдау көрсету республикалық жер және мемлекеттiк тұрғын үй қорларынан, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан, ұйымдардың, соның iшiнде шетелдiк ұйымдардың ерiктi аударымдарынан және жеке адамдардың қайырмалдығынан құралатын Мемлекеттiк көшi-қон қоры есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттiк көшi-қон қоры туралы ереженi, оның қаражатын құрау мен нысаналы пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 14-бап. Адамдардың өздерiн көшiп келушiлер деп тану туралы өтiнiштер беруi және оларды қарау тәртiбi
Адамды көшiп келушi деп тану туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiгiне немесе көшi-қон процестерiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға ол өзi немесе соған уәкiлдiк берiлген өкiлi арқылы бередi.
Уәкiлеттi орган адамды көшiп келушi деп тану туралы өтiнiштi қарап, ол бойынша өтiнiш тiркелген күннен бастап екi ай мерзiмде көшiп келудiң белгiленген квотасына сәйкес шешiм қабылдайды.
Адам көшiп келушi деп танылған жағдайда iшкi iстер органдары оған белгiленген үлгiдегi құжат - Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат бередi.
Көшiп келушiнiң тұруына ықтиярхатты куәландыратын құжат жұмысқа орналасу және iшкi iстер органдарында есепке тұруға ресiмделу үшiн негiз болып табылады, ал заңдарда және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген жағдайларда, жәрдемақылар және басқа да қолдау қаражаттарын алуға негiз бередi.
Көшi-қон процестерiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, оның тиiстi аймақтық құрылымдары көшiп келушi мәртебесiн алған адамды оның осы Заңнан туындайтын құқықтарымен және мiндеттерiмен таныстыруға, оларды iске асыру үшiн жағдай жасап, олардың орындалуын бақылауға мiндеттi.
15-бап. Өздерiн көшiп келушiлер деп тану туралы өтiнiш
жасаған адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
Көшiп келушi деп тану туралы мәселе шешiлгенге дейiн өтiнiш жасаған және өтiнiш қаралып жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адам Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн көзделген құқықтарды пайдаланады.
Өздерiн репатрианттар (оралмандар), реэмигранттар, мәжбүрлi қоныс аударушылар немесе босқындар деп тану туралы өтiнiш жасаған адамдардың Қазақстан Республикасындағы, қоныстанушылардың уақытша тұратын жерлерiндегi тұру жағдайларын, коммуналдық қызмет, көрсетiлетiн медициналық көмек, басқа да жеңiлдiктер мен өтемақылар беру үшiн шығындарды төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, өзiн репатриант (оралман), реэмигрант, мәжбүрлi қоныс аударушы немесе босқын деп тану туралы өтiнiш жасаған адам:
1) қоныстанушылардың уақытша тұратын жерiне жолдама алғаннан кейiн бiр ай iшiнде сол жерге жүрiп кетуге, ал егер тұрғылықты жердi дербес таңдап алса, көшi-қон процестерiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi қызметiмен мiндеттi түрде келiсуге;
2) қоныстанушының уақытша тұратын жерiнде тұрудың белгiленген тәртiбiн сақтауға;
3) денсаулық сақтау органдарының талап етуi бойынша медициналық тексеруден өтуге, ектiруге, емделуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқауларын орындауға;
4) аталған өтiнiштi қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi көшi-қон процестерiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi қызметтерiне хабарлауға мiндеттi.
16-бап. Адамдарды репатрианттар (оралмандар), мәжбүрлi
қоныс аударушылар, реэмигранттар немесе
босқындар деп тану тәртiбi
Адамды репатриант (оралман), мәжбүрлi қоныс аударушы, реэмигрант немесе босқын деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi органның тиiстi аймақтық қызметтерi адамды репатриант, (оралман), мәжбүрлi қоныс аударушы, реэмигрант немесе босқын деп тану туралы өтiнiштi тiркеген күннен бастап отыз күн iшiнде қабылдайды.
Репатриант (оралман), мәжбүрлi қоныс аударушы, реэмигрант немесе босқын деп танылған адамға тиiстi куәлiк берiледi.
Адамды репатриант (оралман), мәжбүрлi қоныс аударушы, реэмигрант немесе босқын деп танудан бас тартылған жағдайда оған шешiм қабылданған күннен бастап отыз күн мерзiмде жазбаша хабарлама берiледi. Егер аталған адам Қазақстан Республикасынан тыс жерде болса, оған бас тартудың себептерi мен қабылданған шешiмге шағымдану тәртiбi көрсетiлiп, жазбаша хабарлама жiберiледi.
Адамды репатриант (оралман), мәжбүрлi қоныс аударушы, реэмигрант немесе босқын деп танудан бас тарту туралы шешiмге жазбаша хабарлама алынған күннен бастап бiр ай iшiнде жоғары тұрған уәкiлеттi органға немесе сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
Адамды репатриант (оралман), мәжбүрлi қоныс аударушы, реэмигрант немесе босқын деп танудан бас тарту туралы шешiм бас тарту алған адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуiн ұйымдастыру үшiн тиiстi iшкi iстер органына да жiберiледi.
Өзiн репатриант (оралман), мәжбүрлi қоныс аударушы, реэмигрант немесе босқын деп тану туралы өтiнiш жасаған адам уәкiлеттi органның шешiмiне шағымданған кезде iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетiрудi ұйымдастыру жөнiндегi iс-әрекетi тоқтатыла тұрады.
17-бап. Өздерiн қоныс аударушылар деп тану туралы өтiнiш
жасаған адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
Өтiнiш берген және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адам қоныс аударушы деп тану туралы өтiнiшi тiркелген жағдайда уәкiлеттi органның тиiстi қызметiмен мiндеттi түрде келiсiлген, қоныс аударушылардың уақытша тұратын жерiне, оның iшiнде өзi таңдап алған жерiне уақытша тұруға жолдама алады.
Қоныс аударушылар деп тану туралы мәселе шешiлгенге дейiн адамдар шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланып, мiндеттердi мойнына алады.
18-бап. Лауазымды адамдардың жасырын көшiп келушiлердi
жұмысқа заңсыз қабылдағаны үшiн жауапкершiлiгi
Меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасы аумағына жасырын келген көшiп келушiлердi жұмысқа қабылдау жөнiндегi қасақана iс-әрекеттерi, сондай-ақ лауазымды адамдардың олардың қатысуымен нотариаттық немесе қандай да бiр заңдық iс-әрекеттер жасауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапкершiлiкке әкеп соғады.
4-тарау. Көшiп келудiң түрлерi. Көшiп келушiлердiң
келу тәртiбi. Тұруға ықтиярхаттар
19-бап. Отбасымен көшiп келу
Көшiп келушiнiң отбасын мына адамдар құрайды жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және оның қарауындағы (соның iшiнде асырап алған) балалары, сондай-ақ ата-аналары немесе бұрынғы тұрған жерiнде оларды бағып-күтуге мiндеттi қорғаншылары жоқ кәмелетке толмаған аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi.
Қазақстан Республикасына он сегiз жасқа дейiнгi балалардың қоныс аударуы олардың ата-анасының және асырап алушыларының (қорғаушыларының немесе қамқоршыларының) келiсiмi бойынша шешiледi. Бұл орайда он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балаларға олардың нотариат куәландырған келiсiмi ұсынылады. Дербес отбасын құрмайтын, бiрақ Қазақстан Республикасына ата-анасынан (қорғаншыларынан немесе қамқоршыларынан) бөлек қоныс аударатын он сегiз жасқа толмаған
жасөспiрiмдерге қатысты олардың ата-анасының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) ресми куәландырылған жазбаша келiсiмi талап етiледi. 20-бап. Ұжымдық көшiп келу Ұжымдық көшiп келу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарихи отанына ұжымды түрде қайтып оралуға тiлек бiлдiрген адамдарды ұйымдастырып көшiру туралы шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады. 21-бап. Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасына келу тәртiбi Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасы аумағына келуiн ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 22-бап. Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуiне бас тарту негiздерi
Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуiне мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау мүдделерiн көздеп бас тартылуы мүмкiн.
Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуiне мына жағдайларда:
1) егер ол бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс жасаса;
2) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса;
3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне саналы түрде қарсы шықса, оның бiрлiгi мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырса;
4) егер ол террорлық әрекетi үшiн сотталса не бұрын жасаған ауыр немесе ерекше ауыр қылмысы үшiн соттылығы болса;
5) егер ол келу туралы өтiнiш қозғалған кезде өзi жөнiнде
жалған мәлiметтер хабарласа немесе қажеттi құжаттарды табыс етпесе; 6) егер ол бұрын Қазақстан Республикасынан қуып жiберiлсе; 7) егер Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде оның шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы заңдарды, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге заңдарын бұзған фактiлерi анықталса; 8) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса, рұқсат етiлмеуi мүмкiн. 23-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына арналған құжаттар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға уәкiлеттi органнан рұқсат алған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға iшкi iстер органдары шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына арналған ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн бередi. Шетелдiкке Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 24-бап. Қазақстан Республикасында тұруға шетелдiкке ықтиярхат пен азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасында тұруға шетелдiкке ықтиярхат пен азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден:
1) көрiнеу жасырын көшiп келушiлерге, сондай-ақ жасаған қылмыстары үшiн өздерi шыққан елдердiң заңдары бойынша қуғында жүрген көшiп келушiлерге;
2) қылмыс жасағанға дейiнгi тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан шет жерлерде болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарға;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған немесе оған тiкелей не жанама қатысып, өз атына кiр келтiрген адамдарға;
3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілетін растауды табыс етпеген адамдарға; <*>
4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және басқа да уәкiлеттi органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында iндет тарауына себеп болуы мүмкiн науқасы бар адамдарға;
5) Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңдарды бұзған адамдарға уәкiлеттi органның, iшкi iстер және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының дәлелдi шешiмдерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бас тартылуы мүмкiн.
Тұруға ықтиярхат беруден бас тартуға жоғары тұрған уәкiлеттi органға немесе сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. ЕСКЕРТУ. 24-бап 3-1)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.01. N 160 Заңымен. Z010160_ 25-бап. Саяси баспана беру Қазақстан Республикасының шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруi туралы өтiнiшiн қанағаттандыруды немесе қабылдамауды әрбiр нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi. 26-бап. Азаматтықты қалпына келтiру, репатрианттардың (оралмандардың) құқықтары мен мiндеттерi 1. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өтiнiшi бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.
2. Азаматтығы қалпына келтiрiлген репатрианттар (оралмандар) барлық құқықтары мен бостандықтарын қайтарып алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген барлық мiндеттердi мойнына алады.
27-бап. Репатрианттар (оралмандар) болып табылатын
адамдар
1. Репатриант (оралман) мәртебесi жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандары болып табылатын, байырғы ұлт адамдарының санаттарына, сондай-ақ олардың ұрпақтарына берiледi.
Репатрианттың (оралманның) туыстары мен ұрпақтары болып тең негiздерде:
- репатрианттың (оралманның) балалары (соның iшiнде асырап алған балалары), жұбайы (зайыбы);
- репатрианттың (оралманның) аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, сондай-ақ олардың ата тегi тамыры бойынша қандас туыстары;
- репатрианттың (оралманның) немерелерi мен шөберелерi (егер олардың азаматтығын қалпына келтiру туралы өтiнiш берген кезде ұсыну құқығы жағынан репатриант (оралман) болып танылуы мүмкiн ата-анасы тiрi болмаса) және олардың отбасылары;
- репатрианттың (оралманның) кәмелетке толған балалары,
немерелерi және шөберелерi құрған отбасылары; - оның ата тегi тамыры бойынша басқа да қандас туыстары мен олардың отбасылары танылады. 2. Адамды репатриант (оралман) деп тану туралы шешiмдi адамды репатриант (оралман) деп тану туралы өтiнiш тiркелген күнiнен бастап отыз күн iшiнде уәкiлеттi орган қабылдайды. 3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен репатриант (оралман) деп танылған адамға белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi, оның беру тәртiбiн және қолданыста болу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*> Ескерту. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен. Z010276_ 28-бап. Реэмигрант емес адамдар Бейбiтшiлiкке, адамзатқа қарсы қылмыс немесе басқа да қасақана қылмыс жасаған адамды реэмигрант деп тануға болмайды. 29-бап. Репатрианттарға (оралмандарға) берiлетiн жеңiлдiктер, өтемақылар мен басқа да атаулы көмек түрлерi
1. Мемлекет қазақтардың тарихи отанына оралуы, олардың орналасуы және бейiмделуi үшiн жеңiлдiктi жағдайлар жасайды және:
1) репатрианттардың (оралмандардың) шекара арқылы кеден төлемiнсiз өтуiн; <*>
2) қоныс аударушылардың уақытша тұратын жерiне немесе тұрақты тұратын жерiне тегiн жетуiн және мүлкiн тегiн жеткiзудi;
3) олар тұрған жерiнде қалдыратын мүлiктi заң жүзiнде қорғауды, сондай-ақ ақша қаражатын Қазақстан Республикасына аударуды және оларға мұрагерлiк құқығын мемлекеттiк қорғауды;
4) жұмысқа орналасуына, бiлiктiлiгiн арттыруына, жаңа кәсiптi меңгеруiне, репатрианттардың (оралмандардың) жұмыссыз ретiнде тiркелуiне, тұрған мерзiмiне қарамастан, жұмысқа орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуына көмек көрсетудi;
5) мемлекеттiк тiлдi оқып-үйренуi үшiн жағдай жасауды;
6) мұқтаждарға мектептерден, мектепке дейiнгi мекемелерден және басқа да мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау ұйымдарынан орын берудi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес немесе халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеудi;
8) азаматтығы қалпына келтiрiлген репатрианттардың (оралмандардың) "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жеңiлдiктерге құқықтарын жүзеге асыруды;
9) тұрғын үй сатып алуға қаражат, бiр жолғы жәрдемақылар, жер учаскелерiн, соның iшiнде репатрианттардың (оралмандардың) жинақы тұруына арналған жер учаскелерiн, жеке тұрғын үй құрылысы мен шаруашылығын ұйымдастыруы үшiн ұзақ мерзiмдi жеңiлдетiлген несиелер бөлудi;
10) <*>
11) заңмен белгiленген медициналық жәрдемнiң кепiлдi тегiн көлемiн алуын;
12) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген басқа да жеңiлдiктердi толық көлемiнде берудi қамтамасыз етедi.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi репатрианттарға (оралмандарға) осы бапта аталғандардан басқа да атаулы көмектi күшейтетiн жеңiлдiктер, өтемақылар белгiлеуге құқылы.
3. Репатрианттарға (оралмандарға) жеке тұрғын үй құрылысына арнап жер учаскелерiн, субсидиялар мен нақты гранттар, олар экономиканың түрлi салаларында өндiрiстердi инвестициялаған және құрған кезiнде бiр жолғы қаржы көмегiн, преференциялар бөлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 29-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен. Z010276_ 29-1-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Қазақстан Республикасының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңдарында белгiленетiн жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады. <*> ЕСКЕРТУ. 29-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.11.10. N 255 Заңымен. Z010255_ 5-тарау. Эмиграция (көшiп кету) 30-бап. Эмигранттардың кетуiн ресiмдеу тәртiбi Эмигранттардың кетуiн ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 31-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан кетуiн қаржыландыру
Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасынан кетуiне байланысты шығындарды қаржыландыру эмигранттардың өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, басқа көздерден де жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiне және өз отбасыларының мүшелерiне тиесiлi меншiк құқығы бар мүлкi мен соларға теңестiрiлген мүлiктiк игiлiктерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз есебiнен әкетуге құқылы.
Азаматтардың мемлекет үшiн мәдени, тарихи немесе өзге де жағынан құнды заттарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен және мемлекетаралық шарттармен реттеледi.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кеткен адамдардың Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлiкке құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
32-бап. Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат
беруден бас тарту негiздерi
Қазақстан Республикасының азаматына заңдарға сәйкес мынадай жағдайларда, егер ол:
1) мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бiлетiн болса - осы мән-жайлардың күшi тоқтатылғанға дейiн;
2) қылмыс жасау сезiгi бойынша ұсталып не айыпкер ретiнде тартылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн;
3) қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейiн;
4) өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi атқарудан жалтарып жүрсе, - мiндеттемелердi орындағанға дейiн немесе тараптардың келiсiмге қол жеткiзуiне дейiн;
5) мiндеттi мерзiмдi әскери қызметтен өтiп жүрсе - осы қызметтен өтудi аяқтағанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес одан босатылғанға дейiн;
6) Қазақстан Республикасынан кетуге құжаттар ресiмдеу кезiнде өзi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер хабарласа - осындай құжатты ресiмдеушi орган мәселенi шешкенге дейiн, бiрақ бiр айдан аспайтын уақытқа;
7) азаматтық сот iсiнде жауапкер болып табылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден бас тартылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа елге кетуiне, онда төтенше жағдай қалыптасқан болса, соның салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтары ол елге бара қалған жағдайда олардың қауiпсiздiгiне қатер төнуi мүмкiн болса, уақытша шектеу енгiзуге құқылы.
6-тарау. Көшi-қон процестерiн басқару
33-бап. Көшi-қон процестерiн басқару жөнiндегi
уәкiлеттi орган
Қазақстан Республикасында көшi-қон процестерiн басқаруды орталық атқарушы орган жүзеге асырады, оның өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
34-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары мен мiндеттерi
1. Уәкiлеттi органның:
1.1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын ерiксiз немесе ерiктi түрде тастап кеткен отандастардың Қазақстан Республикасына ерiктi түрде қоныс аудару мәселелерi жөнiнде, сондай-ақ еңбек көшi-қоны жөнiнде басқа мемлекеттердiң үкiмет органдарымен, ведомстволарымен, кәсiпорындарымен, мекемелерiмен, ұйымдарымен келiсiм жасасуға;
1.2. Қазақстан Республикасында көшi-қон мәселелерi жөнiндегi жұмыстарды үйлестiруге;
1.3. Көшiп келушiлердiң өтiнiштерi бойынша оларды репатрианттар (оралмандар), эмигранттар, ерiксiз қоныс аударушылар немесе босқындар деп тану туралы немесе оларды бұлай танудан бас тарту туралы шешiмдер қабылдауға;
1.4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде саяси баспана берiлгенi туралы куәлiктер беруге;
1.5. Шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметiн жүзеге асыруға тиiстi рұқсат беруге құқығы бар.
2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
2.1. Елдегi көшi-қон процестерiн талдауға және болжам жасауға және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарға хабарлауға;
2.2. Халықтың көшi-қонын реттеу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар әзiрлеуге;
2.3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына көшiп келу квотасын жасау жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
2.4. Бекiтiлген қоныс аудару квотасы шегiнде босқындарды, репатрианттарды (оралмандарды), реэмигранттарды және ерiксiз қоныс аударушыларды қабылдау мен жайластыруды ұйымдастыруға;
2.5. Көшi-қон проблемалары бойынша бағдарламалық шаралар мен нормативтiк актiлердi әзiрлеуге және жүзеге асыруға;
2.6. Келген босқындарды, репатрианттарды (оралмандарды), реэмигранттар мен ерiксiз қоныс аударушыларды тiркеудi, есепке алуды, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сараланған жәрдемақылар төлеу мен жеңiлдiктер берудi жүзеге асыруға;
2.7. Қазақстан Республикасынан саяси баспана алғысы келген
адамдардың жазбаша өтiнiштерiн қабылдауға және қажеттi құжаттарды ресiмдеуге; 2.8. Ұйымдардың өтiнiштерiн қарауға және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға (жұмысқа қабылдауға) лицензия беруге; 2.9. Лицензияның қолданылу мерзiмi iшiнде тартылған жұмыс күшiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн талдауға мiндеттi. 35-бап. Уәкiлеттi органның репатрианттарды (оралмандарды), мәжбүрлi қоныс аударушыларды, реэмигранттарды және босқындарды орналастыру, жайластыру мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiнiң мiндеттiлiгi Уәкiлеттi органның квота шегiнде қабылданған репатрианттар (оралмандар), мәжбүрлi қоныс аударушылар, реэмигранттар мен босқындар мәселелерi жөнiндегi, оларды орналастыру мен жайластыру туралы шешiмдерiнiң мiндеттi күшi бар және оны барлық атқарушы органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға тиiс. 7-тарау. Қорытынды ережелер 36-бап. Өтiнiштi қарауға байланысты шығындарды төлеу тәртiбi Осы Заңның 16-17-баптарында аталған адамдар өтiнiштi қараудың барлық сатыларында мемлекеттiк органдар шегетiн шығындарды төлеуден босатылады. 37-бап. Құқық бұзғаны үшiн жауапкершiлiк негiздерi
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкiмшiлiк немесе өзге де құқық бұзған көшiп келушiлер Қазақстан Республикасы бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген жағдайлардан басқа реттерде, Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде жауапкершiлiкте болуға тиiс.
38-бап. Халықтың көшi-қоны туралы халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар оның
заңдары алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн оған заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көшi-қонның осы Заңдағыдан өзге ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 39-бап. Дауларды шешу Көшi-қон мәселелерi жөнiндегi даулар осы Заңда белгiленген тәртiппен және сот тәртiбiмен шешiледi. 40-бап. Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгенi және Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткенi үшiн жауапкершiлiк Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгенi немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткенi үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 41-бап. Iшкi көшi-қон Халықтың iшкi көшi-қоны саласындағы қатынастарын реттеудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Президентi