Осы Заң халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, көшi-қон процестерiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн, сондай-ақ оралмандар үшін жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды белгiлейдi.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) босқындар - саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар;
2) ішкі көші-қон - жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстыруы;
3) көшіп келушілер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
4) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
5) көшіп келу квотасы - жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағына қоныс аударуға рұқсат берілетін көшіп келушілерді сан жағынан шектеу;
6) оралмандардың көшіп келу квотасы - жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағына қоныс аударуға рұқсат берілетін оралмандардың отбасы саны, оларға осы Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар қолданылады;
7) ұжымдық көшіп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару;
8) көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударған адамдар;
9) көші-қон - жеке адамдардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе амалсыздан ауыстыруы;
10) заңсыз көшіп келушілер - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңдарды бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
11) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
12) репатриация - Қазақстан Республикасы азаматтарының өз отанына ерікті немесе амалсыздан қайтып оралуы;
13) отбасымен көшіп келу - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзінің отбасы мүшелерімен бірігу үшін отбасы мүшесінің және мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі;
14) еңбек көші-қоны - жеке адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде қоныс орнын уақытша ауыстыруы;
15) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - халықтың көші-қоны саласында көші-қон саясатын жүзеге асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
16) уақытша орналастыру орталығы - өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуына арналған орын;
17) көшіп кетушілер - Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары;
18) көшіп кету - Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
2-бап. Халықтың көшi-қонын реттейтiн заңдар
Көшi-қон саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
3-бап. Халықтың көшi-қонын реттеудiң негiзгi принциптерi
Халықтың көшi-қонын реттеу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адамның тұратын жерiн еркiн таңдау құқығын, еңбек бостандығын, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауын, кету бостандығын, жүрiп-тұру бостандығын қамтамасыз ету;
- шығу тегiне, әлеуметтiк, қызмет және мүлiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарай қандай да бiр кемсiтуге жол беруге болмайтындығы;
- Қазақстан Республикасы көшi-қон заңдарының республиканың қазiргi әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып, Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымның халықаралық нормалары мен ұсыныстарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету;
- ұлты қазақ адамдарды Қазақстан Республикасына қоныстандыруға жан-жақты жәрдемдесу, олардың қоныс тебуін ұйымдастыру, жұмыс орындарын ашу, оралмандарды әлеуметтік қамсыздандыру және оларға әлеуметтік көмек көрсету;
- әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруiне байланысты ықтимал көшi-қон мен көшi-қон лектерiнiң бағыттарын болжауға негiзделген iс-әрекеттердiң орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларында әлеуметтiк-экономикалық ынталандыруды талдап жасау негiзiнде ел iшiнде де, одан тыс жерлерде де жөн-жосықсыз және ретсiз процестердi болғызбау;
- көшi-қон процестерiн ретке келтiрудi ұйымдастыруға тиiстi мемлекеттiк органдардың қатысуы;
- бастаманы мемлекеттiк атаулы қолдау жағдайында көшiп-қонушылардың жаңа қоныста жайласуға жеке өзiнiң қатысуы және әрқайсысының, ең алдымен экологиялық және дүлей зiлзала аймақтарынан қоныс аударушылардың өз бетiнше iс-әрекет етуi;
- басқа елдермен, әсiресе көшiп келушiлердi қабылдаушы елдермен оқып бiлiм алу, кәсiби даярлық, еңбек көшi-қоны түрiнде заңсыз көшiп-қонуды азайту саласында ынтымақтастық жасау принциптерiне негiзделедi.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
4-бап. Көші-қон субъектілері және оларды тіркеу
Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшiп келушiлерге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оралмандар, босқындар мәртебесi не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген өзге де мәртебе берiледi.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге заңды негiздерде қоныс аударған адамдар көшiп кетушiлер мәртебесiн алады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметкерлерi, шет елдерде уақытша еңбек қызметiн жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары, бiтiмгершiлiк борышын орындап жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ шет елдерде оқып, емделiп жүрген, туристiк сапарда, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша, қызметтiк iссапарда жүрген адамдар көшiп кетушілерге жатпайды.
Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен көшi-қон карточкалары берiледi.
Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбiр көшi-қон субъектiсi өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде тiркелуге мiндеттi. Көшi-қон субъектiлерiн тiркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Жеке басты куәландыратын құжаттар тiзбесiн және тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N
227
Заңымен.
5-бап. Еңбек көшi-қонын жүзеге асыру тәртiбi
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Еңбек көшi-қонын реттеу кезiнде iшкi еңбек рыногын қорғауға басым мән берiледi. Бұл орайда еңбекшiлердi - Қазақстан Республикасы аумағына заңды түрде жiберiлген көшiп келушiлердi еңбек рыногындағы жағдайға байланысты көшiрiп жiберуге жол берiлмейдi.
Осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметi еңбек көшi-қоны ретiнде қаралмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде
еңбек қызметiн жүзеге асыруы
Әскери қызметтегi адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге асыру мақсатымен шетелге баруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.
7-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасына еңбек көшi-қоны бойынша
келу шарты
Қазақстан Республикасына азаматтығын ауыстыруға байланыссыз, еңбек көшi-қоны ретiмен келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрғылықты жерi болуға тиiс.
Қазақстан Республикасына келген және уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатынсыз еңбек қызметiн жүзеге асырушы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан кетiруге тиiс.
8-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыруының шарттары
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бола алады.
Бұл ретте заңды тұлға құрмай шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
Шетелдiк жұмыс күшiн тартатын, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз қаражаты есебiнен қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N
227
Заңымен.
9-бап. Оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлеу
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi осы Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтінімдер берілетін адамдар үшін алдағы жылға және (немесе) болашаққа арналған оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлейдi.
Меншiк нысанына қарамастан барлық ұйымдардың және мемлекеттiк басқару органдарының орындауы үшiн мiндеттi оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiде көшiп келушiлердiң қай елден қоныс аударатыны көрсетiлiп, отбасылардың шекті саны, оларды қабылдауға, жайғастыру мен бейiмдеуге қажеттi шаралар, олар қоныстануға тиiстi аймақтар, оралмандар үшiн сараланған жәрдемақылар мен жеңiлдiктер жүйесi белгiленедi.
Оралмандардың көшiп келу квотасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасы Президентiнiң айрықша құзыретi болып табылады.
Ескерту. Тараудың тақырыбына және 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
10-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
Тұруға ықтиярхат алған көшіп келушілер Қазақстан Республикасында барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттерді мойнына алады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
11-бап. Көшiп келушiлер болып табылмайтын адамдар
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер олар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлiмдерде әскери қызметте тұрса;
2) дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың құрамына кiрсе;
3) Қазақстан Республикасында оқуда немесе өндiрiстiк практикада жүрсе;
4) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырса;
5) Қазақстан Республикасында ресми тiркелген дiни бiрлестiктерде кәсiби қызметтi жүзеге асырса;
6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел бұқаралық ақпарат құралдарының, радиосы мен теледидарының өкiлдерi болса;
7) Қазақстан Республикасына турист ретінде, қайырымдылық әрі ізгілік көмек көрсету және іскерлік кездесулерді жүзеге асыру мақсатында келсе;
8) теңiз және өзен кемелерi, әуе, темiр жол және автомобиль көлiктерi экипаждарының мүшелерi болса, көшіп келушілер болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды көшiп келушiлер деп танымайтын басқа да жағдайларды белгiлеуi мүмкiн.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N
313
, 2007.01.12. N
227
Заңдарымен.
12-бап.
<*>
Ескерту. 12-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
13-бап. Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету
Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат, сондай-ақ ұйымдардың, соның ішінде шетелдік ұйымдардың ерікті аударымдары, жеке адамдардың қайырмалдығы есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
14-бап. Өтініштерді беру, оларды қарау және адамдарды
оралмандар деп тану тәртібі
Адамдардың оралмандар деп тану туралы өтінішін отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі тікелей өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға береді.
Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды.
Оралмандар деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралманның куәлігі қатаң есепте болатын құжат болып табылады және осы Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтінімдерді алу үшін негіз болады.
Уәкiлеттi органның аумақтық қызметтерiнiң шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N N
313
, өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N
227
Заңдарымен.
15-бап. Өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш
берген адамдардың құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін қолданылып жүрген құқықтарды пайдаланады және міндеттерді мойнына алады.
Өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың уақытша орналастыру орталықтарында тұру жағдайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемелеріне өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар:
уақытша орналастыру орталығына жолдама алғаннан кейін үш күн ішінде сол жерге жүріп кетуге;
тұрып жатқан жері туралы тиісті уәкiлеттi органның аумақтық қызметтерiн хабардар етуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге;
уақытша орналастыру орталығында тұрудың белгіленген тәртібін сақтауға;
денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өтуге, ектіруге, емделуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
өтінішті қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті.
Оралман мәртебесі ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N
313
, өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N
227
Заңдарымен.
Ескерту. 16-17-баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313 Заңымен .
18-бап. Лауазымды адамдардың заңсыз көшіп келушілерді
жұмысқа қабылдағаны үшін жауапкершілігі
Меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз келген көшiп келушiлердi жұмысқа қабылдау жөнiндегi қасақана iс-әрекеттерi, сондай-ақ лауазымды адамдардың олардың қатысуымен нотариаттық немесе қандай да бiр заңдық iс-әрекеттер жасауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
Көшiп келушiнiң отбасын мына адамдар құрайды: жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және оның қарауындағы (соның iшiнде асырап алған) балалары, сондай-ақ ата-аналары немесе бұрынғы тұрған жерiнде оларды бағып-күтуге мiндеттi қорғаншылары жоқ кәмелетке толмаған аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi.
Қазақстан Республикасына он сегiз жасқа дейiнгi балалардың қоныс аударуы олардың ата-анасының және асырап алушыларының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) келiсiмi бойынша шешiледi. Бұл орайда он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балаларға олардың нотариат куәландырған келiсiмi ұсынылады. Дербес отбасын құрмайтын, бiрақ Қазақстан Республикасына ата-анасынан (қорғаншыларынан немесе қамқоршыларынан) бөлек қоныс аударатын он сегiз жасқа толмаған жасөспiрiмдерге қатысты олардың ата-анасының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) ресми куәландырылған жазбаша келiсiмi талап етiледi.
Ұжымдық көшiп келу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарихи отанына ұжымды түрде қайтып оралуға тiлек бiлдiрген адамдарды ұйымдастырып көшiру туралы шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
21-бап. Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасына
келу тәртiбi
Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасы аумағына келуiн ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
22-бап. Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның
Қазақстан Республикасына келуiне бас тарту
негiздерi
Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына:
а) мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделерiне орай;
б) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
в) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
г) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса;
д) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
е) егер ол террористiк әрекетi үшiн сотталған болса не сот оны аса қауiптi рецидивист деп таныса;
ж) егер ол, оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан шығып кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды табыс етпесе;
з) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзған фактiлерi анықталса;
и) егер ол келу туралы өтiнiш жасаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарласа немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе, келуiне бас тартылуы мүмкiн.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастан бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N
227
Заңымен.
23-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына
арналған құжаттар
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ішкі істер органдарынан рұқсат алған шетелдіктерге шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға - азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.
Шетелдiкке Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
24-бап. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат
беруден бас тартудың не тұрақты тұруға рұқсатты
жоюдың негiзi
Шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға:
1) көрiнеу заңсыз көшiп-қонушыларға, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға;
2) сотталғанға дейiн тұрақты тұратын жерi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға;
4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға;
5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында эпидемияның таралуына себепшi болуы мүмкiн сырқаты бар адамдарға;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органның, iшкi iстер органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шешiмдерi негiзiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған адамдарға;
7) мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандыратын адамдарға;
8) әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
9) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның бiрлiгi мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;
10) террористiк әрекетi, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығы бар адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берiлген рұқсат жойылуы мүмкiн. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтiнiшхатпен жолданған кезiнде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қажеттi құжаттарды дәлелсiз себептермен тапсырмаған адамдарға;
12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарып жiберiлген адамдарға;
13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берiлген рұқсат жойылуы мүмкiн.
Тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N
227
Заңымен.
Қазақстан Республикасының шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруi туралы өтiнiшiн қанағаттандыруды немесе қабылдамауды әрбiр нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi.
Ескерту. 26-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313 Заңымен .
27-бап. Оралмандардың туыстары болып табылатын
адамдар <*>
Оралмандардың туыстары болып теңдей негіздерде мыналар танылады: оралманның балалары (соның ішінде асырап алған балалары), зайыбы (жұбайы);
оралманның аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ шыққан тегі бойынша қандас туыстары және олардың отбасы мүшелері;
оралманның немерелері мен шөберелері;
оралманның кәмелетке толған балалары, немерелері мен шөберелері құрған отбасыларының мүшелері.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
Ескерту. 28-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313 Заңымен .
Ескерту. 29-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
29-1-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып
жiберу
Көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Қазақстан Республикасының шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.11.10. N
255
, өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N
227
Заңымен.
4-1-тарау. Оралмандарға берiлетiн жеңiлдiктер, өтемақылар
және атаулы көмектiң басқа да түрлерi
Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi)
29-2-бап. Орталық мемлекеттiк басқару органдары
Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн орталық мемлекеттiк органдар оралмандарға:
1) халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақы төлеудi;
"Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеудi;
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудi;
азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында
белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыруды;
2) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:
орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде квoтa бөлудi;
3) Сыртқы iстер министрлiгi:
Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшiн консулдық алымдардан босатуды;
4) Қорғаныс министрлiгi:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыруды қамтамасыз етедi.
29-3-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
1. Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн жергiлiктi атқарушы органдар:
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуды;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудi;
жұмысқа орналасуда, бiлiктiлiгiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсетудi;
мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын берудi;
мемлекеттiк тiлдi және орыс тiлiн оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
2. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына оралмандардың көшiп келу квотасынан тыс көшiп келген оралмандарға жеңiлдiктер мен өтемақылар белгiлеуге құқылы.
3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру және саяжай салу үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерiнен, көшiп келушiлер жер қорынан, арнаулы жер қорынан және жер запасынан уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
29-4-бап. Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға
қосымша жеңiлдiктер
Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға жоғарыда аталған жеңiлдiктер мен өтемақылардан басқа мемлекет атынан:
1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
шекарадан кеден төлемдерiн және салықтар алмай өткiзудi;
2) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарды өтеудi;
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлудi және бiржолғы жәрдемақылар төлеудi қамтамасыз етедi.
30-бап. Эмигранттардың кетуiн ресiмдеу тәртiбi
Көшіп кетушілердің кетуiн ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 5-тарауға және 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
31-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан
Республикасынан кетуiн қаржыландыру
Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасынан кетуiне байланысты шығындарды қаржыландыру көшіп кетушілердің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, басқа көздерден де жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiне және өз отбасыларының мүшелерiне тиесiлi меншiк құқығы бар мүлкi мен соларға теңестiрiлген мүлiктiк игiлiктерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз есебiнен әкетуге құқылы.
Азаматтардың мемлекет үшiн мәдени, тарихи немесе өзге де жағынан құнды заттарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен және мемлекетаралық шарттармен реттеледi.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кеткен адамдардың Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлiкке құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
32-бап. Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден
бас тарту негiздерi
Қазақстан Республикасының азаматына заңдарға сәйкес мынадай жағдайларда, егер ол:
1) мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бiлетiн болса - осы мән-жайлардың күшi тоқтатылғанға дейiн;
2) қылмыс жасау сезiгi бойынша ұсталып не айыпкер ретiнде тартылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн;
3) қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейiн;
4) өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi атқарудан жалтарып жүрсе, - мiндеттемелердi орындағанға дейiн немесе тараптардың келiсiмге қол жеткiзуiне дейiн;
5) мiндеттi мерзiмдi әскери қызметтен өтiп жүрсе - осы қызметтен өтудi аяқтағанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес одан босатылғанға дейiн;
6) Қазақстан Республикасынан кетуге құжаттар ресiмдеу кезiнде өзi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер хабарласа - осындай құжатты ресiмдеушi орган мәселенi шешкенге дейiн, бiрақ бiр айдан аспайтын уақытқа;
7) азаматтық сот iсiнде жауапкер болып табылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден бас тартылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа елге кетуiне, онда төтенше жағдай қалыптасқан болса, соның салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтары ол елге бара қалған жағдайда олардың қауiпсiздiгiне қатер төнуi мүмкiн болса, уақытша шектеу енгiзуге құқылы.
33-бап. Көшi-қон процестерiн басқару жөнiндегi
уәкiлеттi орган
Қазақстан Республикасында көшi-қон процестерiн басқаруды орталық атқарушы орган жүзеге асырады, оның өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
34-бап. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті органның:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша басқа мемлекеттердің үкімет органдарымен, ведомстволарымен, кәсіпорындарымен, мекемелерімен, ұйымдарымен Қазақстан Республикасының аумағынан бір кездері амалсыздан немесе ерікті түрде кеткен отандастардың Қазақстан Республикасына ерікті түрде қоныстануы мәселелері бойынша келісімдер жасасуға;
2) Қазақстан Республикасындағы көші-қон мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіруге;
3) уәкілетті органның аумақтық қызметтерінің оралман мәртебесін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тартуы туралы шағымдары бойынша шешім қабылдауға құқығы бар.
2. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) елдегі көші-қон процесін талдап, оған болжам жасауға және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдарға хабарлауға;
2) халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар әзірлеуге;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) оралмандардың көшіп келу квотасының бекітілген шегінде олардың қоныс аударуын, оларды қабылдау мен жайластыруды ұйымдастыруға;
5) көші-қон проблемалары бойынша бағдарламалық іс-шаралар мен нормативтік актілерді әзірлеп, жүзеге асыруға;
6) келген оралмандарды тіркеуді, есепке алуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оларға сараланған жәрдемақылар төлеу мен жеңілдіктерді беруді жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
Ескерту. 35-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313 Заңымен .
36-бап. Өтiнiштi қарауға байланысты шығындарды төлеу
тәртiбi
Оралмандар деп танылған адамдар өтiнiштi қараудың барлық сатыларында мемлекеттiк органдар шегетiн шығындарды төлеуден босатылады.
Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.27. N 313
Заңымен
.
37-бап. Құқық бұзғаны үшiн жауапкершiлiк негiздерi
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкiмшiлiк немесе өзге де құқық бұзған көшiп келушiлер Қазақстан Республикасы бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген жағдайлардан басқа реттерде, Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде жауапкершiлiкті болуға тиiс.
38-бап. Халықтың көшi-қоны туралы халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар оның заңдары алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн оған заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көшi-қонның осы Заңдағыдан өзге ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Көшi-қон мәселелерi жөнiндегi даулар осы Заңда белгiленген тәртiппен және сот тәртiбiмен шешiледi.
40-бап. Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз
келгенi және Қазақстан Республикасынан заңсыз
кеткенi үшiн жауапкершiлiк
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгенi немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткенi үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.