Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне көшi-қон мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 10 қараша N 255-II

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 24 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 27-бабы, І-тармағы, 17-тармақшасына сәйкес, бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға үстіміздегі жылдың қарашасынан бастап айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде ай сайын материалдық көмек белгіленсін.
      2. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы санаттағы адамдарға материалдық көмек тағайындауды жүргізсін.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.01.26 N 29 Қаулысымен.
      3. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) тағайындалған материалдық көмек төлемдерін дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Нұрғалиевке жүктелсін.

Облыс әкімі