I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, мемлекеттiк орган ретiнде, Республика Президентiне тiкелей бағынатын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, экс-Президентiнiң және Президент бекiтетiн тiзбе бойынша мемлекеттiң өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болған кезiнде шет елдер мемлекеттерi, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының (бұдан былай мәтiн бойынша - күзетiлетiн адамдар) қауiпсiздiгiн үнемi қамтамасыз етуге арналған арнаулы әскери құрама. <*>
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi заңды тұлға болып табылады, оның нақтылы және шартты атауы, өзiнiң рәмiздерi мен айырым белгiлерi, мөрi, штампы, банктерде шоттары, оның iшiнде валюталық шоттары болады. <*> Ескерту. 1-баптың 1-бөлiгi толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.08. N 2674 заң күші бар жарлығымен. U952674_ ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.05.16. N 110 Заңымен. Z970110_ 2-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi Президент Күзет қызметiнiң мiндеттерi: - күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау, олардан сақтандыру және тыйып тастау;
- күзетiлетiн адамдардың меншiгiн күзету, қызметтiк
үй-жайларында және олар болатын басқа жерлерде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; - күзетiлетiн адамдар мен күзетiлу объектiлерiне төнген қатердi болжау және анықтау, одан сақтандыру мен залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар жиынтығын жүзеге асыру болып табылады; <*> Ескерту. 2-бап 6-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.08. N 2674 заң күші бар Жарлығымен. U952674_ ЕСКЕРТУ. 2-баптың 6-абзацы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.05.16. N 110 Заңымен. Z970110_ 3-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының принциптерi
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы заңдылық, гуманизм, адам құқықтары мен кәсiптiк этиканы құрметтеу принциптерiне сәйкес құрылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi өзiнiң
алдында тұрған мiндеттердi басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және жекелеген азаматтармен өзара бiрлесе отырып шешедi. 4-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Жарлық, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды. II тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру 5-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң құрылымы және оның бағыныстылығы
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы жедел iздестiру қызметi және жедел күзет қызметi болып бөлiнедi, бұлардың әрқайсысын Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi жүзеге асырады. <*>
<*>
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын, Қызметтен босататын және әскери қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң бастығы жүзеге асырады. <*> Ескерту. 5-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.08. N 2674 заң күші бар Жарлығымен. U952674_ ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.05.16. N 110 Заңымен. Z970110_ ЕСКЕРТУ. 5-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.30. N 140-1 Заңымен. Z970140_ 6-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жедел iздестiру қызметiнiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң жедел iздестiру қызметiнiң негiзгi мiндеттерi күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қол сұғатын қылмыстарды анықтау, олардан сақтандыру және тыйып тастау, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда адамдарды iздестiрудi ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылады. 7-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жедел күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жедел күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi Мемлекет басшысын және өзге де күзетiлетiн адамдарды күзету, қызметтiк үй-жайларда және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қол сұғатын құқыққа қарсы әрекеттердiң алдын алу және тыйып тастау болып табылады.
Жедел күзет қызметiнiң құрамына жеке күзет және шолғыншы күзет,
күзетiлетiн адамның жол бойындағы күзетi, жұмыс орнындағы, қаладағы және қала сыртындағы тұратын жерiндегi объектiлердi үнемi күзету және алдына қойылған мiндеттердi шешуге қажеттi өзге де бөлiмшелер кiредi. Қазақстан Республикасының мiндеттi түрде күзетiлуге тиiс күзетiлетiн адамдары мен меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 7-1-бап. <*> Ескерту. Жарлық жаңа 7-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.08. N 2674 заң күші бар Жарлығымен. U952674_ ЕСКЕРТУ. 7-1-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.05.16. N 110 Заңымен. Z970110_ III тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi мен құқықтары 8-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндетi:
1. Күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қол сұғатын қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жол бермеу және оларды тыйып тастау; бұлардың жасалу ықтималдығына ықпал ететiн жағдайларды анықтау, әрi мұндай қылмыстарды болдырмау үшiн өз құқығының шегiнде шаралар қолдану.
2. Қылмыстан, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан және жазатайым оқиғадан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз күйге не болмаса денсаулығы мен өмiрiне қатерлi өзге де жағдайға ұшыраған күзетiлетiн адамдарға көмек көрсету.
3. Күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiне немесе қызметтiк үй-жайларында және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн дайындалып жатқан қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жайында келiп түскен мәлiмдеулердi, хабарларды және өзге де ақпаратты қабылдап алу; заңдарда көзделген шараларды уақтылы қолдану.
4. Күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қарсы қылмыс жасаған адамдарды анықтап, iздестiруде, сондай-ақ жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн iске асыруда өзге құқық қорғау органдарына көмек көрсету.
5. Күзетiлетiн адамдардың қызметтiк үй-жайларында және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртiппен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
6. Күзетiлетiн адамдардың көлiктiң барлық түрiнде жүрiп-тұру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдардың жүрiп-тұруы үшiн бөлiнетiн автомобиль және басқа көлiк құралдарының жүрiс қауiпсiздiгi саласында қолданылып жүрген белгiленген ережелердi, нормативтер мен стандарттарды сақтау және сақталуын бақылау.
7. Авариялар, апаттар, өрт, табиғат зiлзалалары және басқа төтенше жағдайлар кезiнде күзетiлетiн адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету жөнiнде, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың жеке мүлкiн және күзетiлуге тиiс әрi қараусыз қалған өзге де мүлiктi күзету жөнiнде шұғыл шаралар қолдану; Қазақстан Республикасы аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген ретте заңға сәйкес күзетiлетiн адамдарға қатысты осындай жағдайдағы құқықтық режимнiң қамтамасыз етiлуiне, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия кезiнде күзетiлетiн адамдарға қатысты карантиндiк шаралар жүргiзiлуiне қатысу.
8. Мемлекет Басшысының ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу
мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң байланыс жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. <*> 9. Азаматтарға, кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге олардың байланыс құралдарын, көлiгi мен үй-жайларын қызмет мақсатында пайдалануға байланысты келтiрiлген зиянды белгiленген тәртiппен өтеу. Ескерту. 8-баптың 8-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.08. N 2674 заң күші бар Жарлығымен. U952674_ ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.05.16. N 110 Заңымен. Z970110_ 9-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң құқықтары
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн мынадай құқықтар берiледi:
1. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес күзет, режим, жедел iздестiру шараларын және өзге iс-шараларды ұйымдастыру мен жүргiзу.
2. Күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қол сұғатын құқық бұзушылықтың жасалуына итермелейтiн жағдаяттарды жою жөнiнде ұсыныстар енгiзу.
3. Ұйымдардың, әскери құрамалардың қызметтiк үй-жайларын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлiк, байланыс құралдарын және өзге мүлкiн уағдаластық негiзде пайдалану.
4. Белгiленген тәртiппен министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық атқару органдарынан, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан ұйымдардан және әскери құрамалардан өзiне жүктелген мiндеттi орындауға қажеттi ақпаратты сұрату және алдырту.
5. Мемлекеттiк органдардың қарауындағы үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда және оларға iргелес аумақтарда, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың тұрақты және уақытша болатын жерлерiнде санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық және эпидемияға қарсы бақылауды жүзеге асыру.
6. Өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
7. Президенттiң Күзет қызметiнiң арнайы даярлықтан өткен қызметкерлерiне табель қаруы мен арнаулы құралдар сақтауына, тағынып жүруiне рұқсат беру.
8. Күзет шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн қызметкерлерiн Республикадан тыс жерлерге iссапарға жiберу.
9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қарауындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, соның iшiнде арнаулы оқу орындарында уағдаластық негiзде кадрлар даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру.
10. Баланста тұрған объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық күтiмдi қамтамасыз ету, бұларды санитарлық-гигиеналық, экологиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру.
11. Күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде сiңiрген еңбегi үшiн азаматтарды ынталандыру, оларды заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ұсыну.
12. Қазақстан Республикасының азаматтарын ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде қызметке тарту.
13. Қажет болған жағдайда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланының және басқа мамандандырылған әскери бөлiмшелерiнiң күшi мен жарағын күзет шараларына қатыстыруға тарту.
Күзетiлетiн адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн ұйымдастырушы әрi үйлестiрушi орган болып табылады.
IҮ тарау. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет
қызметiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар,
атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануы
10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен
жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлердiң атыс қаруын, арнаулы құралдар тағынып жүруге, сақтау мен қолдануға, сондай-ақ күш жұмсауға құқығы бар. Олар арнаулы дайындықтан өтуге, күш жұмсауға, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануға байланысты жағдайларда iс-әрекетке жарамдылығы жөнiнен әлсiн-әлi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсi, егер қорғанысы күзетiлетiн адамдарға, объектiлерге немесе Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң өз басына төнген қатердiң сипаты мен қаупiне сәйкес келсе, заңда көзделген жағдайларда күш жұмсауына, арнайы құралдарды, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал мен дене жарақаты үшiн жауап бермейдi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланып күш жұмсауы, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.
11-бап. Күш жұмсау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қауiп төндiретiн қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықты тыйып тастау, оларды жасаған адамдарды ұстау, заңды талаптарға қарсы әрекеттердi жою үшiн, егер күш жұмсалмайтын әдiстер Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етпейтiн болса, күш жұмсауға, соның iшiнде күрестiң әскери тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар.
12-бап. Арнаулы құралдарды қолдану
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң өздерi жарақтанған арнаулы құралдарды мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар:
1. Күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн.
2. Президенттiң Күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайларға, басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты бұл объектiлер мен құралдар басып алынған жағдайда оларды босату үшiн.
3. Атыс қаруын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, уыты күштi химиялық және улы заттарды заңсыз ұстап жүрген адамдарды қарусыздандыру үшiн.
4. Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне, олардың отбасы мүшелерiне не осы Қызмет күзет шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн.
5. Құқық бұзушыларды, Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне қарсылық көрсеткен немесе өздерiне жүктелген қызмет мiндеттерiн жүзеге асыруына қасақана кедергi келтiрген адамдарды ұстау үшiн.
6. Кепiлге алынған адамдарды босату, күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне және күзету объектiлерiне қауiп төндiретiн жаппай тәртiпсiздiктердi, топтық әрекеттердi тыйып тастау үшiн.
7. Егер күзетiлетiн адамдарға төнген анық қатерге басқа тәсiлдермен жол бермеу мүмкiн болмаса, жүргiзушiсi Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң талабын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн.
Күзетiлетiн адам тұрған жаққа қарай, сондай-ақ жүктiлiгi бiлiнiп тұрған әйелдерге, мүгедектiгi айқын көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты, олар күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топталып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жарағындағы арнаулы құралдар тiзбесiн, сондай-ақ оларды қолдану ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
13-бап. Атыс қаруын қолдану және жауынгерлiк
техниканы пайдалану
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар:
1. Күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн.
2. Президенттiң Күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн.
3. Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ осы орган күзет шараларын қамтамасыз ету үшiн тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн.
4. Азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн.
5. Қылмыс жасау кезiнде не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң атыс қаруын осыған қоса мынадай жағдайларда да қолдануға құқығы бар:
- егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына анық қатер туғызса және Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
- хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн.
Күзетiлетiн адамдар тұрған жаққа қарай, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, әуе кемесiн қолға түсiрген жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайда қару қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Күш жұмсалған, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техника қолданылған әрбiр жағдай туралы рапорт жасалып, прокуратура органдарына хабарланады. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жарағындағы атыс қаруы, жауынгерлiк техника және оқ-дәрi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Ү тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң кадрлары 14-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi кадрларының құрамы
Президенттiң Күзет қызметiнiң кадрлары мына қызметкерлерден - әскери қызметшiлер мен азаматтық қызметкерлерден тұрады.
Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң жалпы санын, сондай-ақ оларды ұстауға арналған шығыстар сметасын Республика Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Президенттiң Күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы жөнiнен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктiлiк негiзiнде қабылданады.
15-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде әскери қызметте тұрған адамдар Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi болып табылады.
Оларға офицерлер, прапорщиктер, контракт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер жатады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде қызмет өткерудiң тәртiбi мен шарттарын реттейтiн нормативтiк актiлердiң күшi, сондай-ақ осы Жарлықта алып тастау көзделген тұстарын қоспағанда, әскери жарғылардың талаптары қолданылады.
Күзетiлетiн адамдардың, Президенттiң Күзет қызметi күзететiн объектiлер мен көлiк құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешу үшiн министрлiктерде, ведомстволарда және меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарда олардың келiсiм бойынша белгiленген тәртiппен штаттағы қызметтердi атқару үшiн мiндеттi әскери қызметiнде қалдырыла отырып, Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi iссапарда болуы мүмкiн.
16-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жұмысшылары мен қызметшiлерi Жұмысшылар мен қызметшiлер - Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметiне алынған азаматтық қызметкерлер. Президенттiң Күзет қызметi жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң еңбек және қызметтiк жұмысы қолданылып жүрген заңдармен реттеледi. 17-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсiне оның жеке басы мен өкiлеттiгiн растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң қызмет бабындағы жұмысына төте және тiкелей бастықтарынан өзге ешкiмнiң де араласуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi. Олардың қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, абыройы мен қадiр-қасиетiн қорлау, оларға қарсылық көрсету, Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне қатысты қоқан-лоққы жасау немесе күш көрсету, қызмет бабындағы жұмысын жүзеге асыруына байланысты олардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған ретте
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсi заңды басшылыққа алуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияны қолдап шығуға тиiс емес. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң өзгедей ақылы жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға хақысы жоқ. 18-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерi мен құқықтары Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi: - алдарында қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шеше бiлуге;
- кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене дайындығының, арнайы және әскери даярлықтың қажеттi деңгейiн ұстануға мiндеттi.
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн атқарған кезде қолданылып жүрген заңдарда көзделген шектерде және тәртiппен:
- күзет шараларын жүргiзу орындарында азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
- қылмысты, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтауға, олардың алдын алуға және тыйып тастауға;
- қажет болған жағдайда азаматтар мен лауазымды адамдардың олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
- азаматтар қылмыс жасаған жағдайда оларды ұстап, iшкi iстер органдарына әкелуге;
- ұйымдардың, ал шұғыл жағдайларда азаматтардың иелiгiндегi байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
- қылмысты болғызбау, қылмыс жасаған немесе оны жасады деп күдiк туғызған адамдардың iзiне түсiп, ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдемге зәру адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнiң иелiгiндегi көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
- күзетiлетiн адамдар мен күзетке алынатын объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстарды тыю кезiнде, сондай-ақ егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдарға, күзетке алынатын объектiлерге анық қатер төндiретiн болса, осындай қылмыс жасады деп күдiк туғызған адамдардың iзiне түскен кезде азаматтардың иелiгiндегi тұрғын үйлер мен өзге де жайларына, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнiң иелiгiндегiден басқа) аумақтары мен жайларына кедергiсiз кiруге;
- күзетiлетiн адамдар мен күзетке алынған объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының "Жедел iздестiру қызметi туралы" заңына сәйкес жедел-iздестiру жөнiнде iс-қимыл жасауға;
- күзетiлетiн адамдар мен күзетке алынған объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды кейбiр жерлердiң жекелеген учаскелерi мен объектiлерiне жiбермеуге, олардың кейбiр жерлердiң нақты учаскелерiнде немесе объектiлерiнде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн талап етуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдану осы Жарлыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн олардың қызмет бабындағы мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшiн тартуға тиым салынады.
19-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң
жеке басының қауiпсiздiгi мен құқықтық
қорғалуының кепiлдiктерi
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсi қызмет бабындағы мiндетiн атқарған кезде оны әкiмшiлiк тұрғысынан ұстауға, сондай-ақ оны тiнтуге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын көлiк құралдарын тiнтуге жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң жеке басы республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi түрде сақтандырылуға тиiс. Төленетiн сақтандыру сомасының мөлшерi қолданылып жүрген заңдармен айқындалады.
Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақысын Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi Республика Үкiметi бекiткен норма бойынша заттай және басқа үлес түрлерiмен қамтамасыз етiледi, сондай-ақ оларға егер Заңда белгiленген тәртiппен өзгеше көзделмесе, әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы заңдар қолданады.
Қызмет өткерген жылдары бойынша, науқастануына немесе жасына байланысты қызметтен босатылатын Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң жеңiлдiктерге құқығы сақталады.
Қызмет бабындағы мiндетiн атқаруына байланысты Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң мүлкiне келтiрiлген залал, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал кейiннен Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан сот арқылы толық көлемiнде өндiрiлiп алына отырып, республикалық бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi.
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысының айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. <*> <*> ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен. Z970134_ 20-бап. Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң жауапкершiлiгi Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерi қызмет бабындағы мiндеттерiн атқармағаны немесе тиiсiнше атқармағаны үшiн және құқыққа қарсы әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады. ҮI тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 21-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң жұмысын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң жұмысын қаржыландыру және мiндеттi мемлекеттiк сақтандыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 22-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Республика Президентiнiң Күзет қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық жабдықтау органдары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Президенттiң Әкiмшiлiгiнiң жанындағы Шаруашылық басқармасы арқылы, сондай-ақ кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен әрi соның iшiнде шетелдiк ұйымдармен тiкелей шарттар бойынша жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қарауындағы жер учаскелерi, үй-жайлар, ғимараттар, жабдықтар мен басқа да мүлiк мемлекет меншiгi болып табылады.
ҮII тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
23-бап. Президенттiк бақылау
Президенттiң Күзет қызметiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Президентi бақылайды, ол тексерушi органдарды тағайындайды, олардың мақсатын, мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды, бақылау нысандары мен оларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Президенттiң Күзет қызметi мен оның жұмысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президентiне табыс етiледi. 24-бап. Прокурорлық қадағалау Президенттiң Күзет қызметiнiң жұмысында Қазақстан Республикасы заңдарының атқарылуын қадағалауды бас прокурор мен ол арнайы уәкiлдiк берген прокурорлар жүзеге асырады. 25-бап. Осы Жарлықты жүзеге асыру мен күшiне енгiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi: өзiнiң нормативтiк актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы Ереже әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзсiн. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.