Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 конституциялық заңы.

Қолданыстағы

      ЕСКЕРТУ. Тақырып өзгердi, кiрiспе алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

I. Жалпы бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар

      Осы Конституциялық заң Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.

      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгердi- Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

2-бап. Сайлау бостандығы

      Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.

3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

      1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

      2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

      3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы

      1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.

      2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

      3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

      4. Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде:

      1) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған;

      2) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

      3) тiркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiп бойынша алып тасталмаған адамды тiркеуге болмайды.

      ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа сөздер қосылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

5-бап. Тең сайлау құқығы

      1. Сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады.

      2. Сайлаушылар Республиканың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

      3. Кандидаттардың осы Конституциялық заң белгiлеген шекте сайлауға қатысуға тең құқығы бар.

      ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгердi- Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

6-бап. Төте сайлау құқығы

      Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.

7-бап. Жанама сайлау құқығы

      1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

      2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

      3. <*>

      ЕСКЕРТУ. 7-баптың 3-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222 Заңымен .

8-бап. Жасырын дауыс беру

      Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

9-бап. Сайлау жүйелерi

      1. Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

      1) <*>

      2) мыналар:

      - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;

      - қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған;

      - қайта дауыс беру кезiнде бiрден-бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады.

      2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

      1)

      2) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған, ал қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады;

      3) егер сайлауда бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда оның кандидатурасы үшiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде елу процентi дауыс берсе, ол сайланған болып саналады.

      3. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

      1) <*>

      2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi- Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

2-тарау. Сайлау органдары

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi

      1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

      2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:

      1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

      2) аумақтық сайлау комиссиялары;

      3) округтiк сайлау комиссиялары;

      4) учаскелiк сайлау комиссиялары.

      3. Сайлау комиссиялары өкiлеттiктерiнiң мерзiмi бес жыл. Сайлау комиссияларын құратын органдар мен лауазымды адамдар сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге хақылы.

      4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.

11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы

      1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.

      2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентiнiң ұсынуы бойынша Парламент Мәжiлiсi қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерiнен тұрады.

      3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен хатшысының жоғары заң бiлiмi болуға тиiс.

      4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.

      5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

      1. Орталық сайлау комиссиясы:

      1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;

      2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;

      2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;

      3) Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарының сайлау жөнiндегi сайлау округтерiн құрып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      3-1) облыстар (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық округтiк сайлау комиссияларын құрады;

      4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;

      5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекетiне түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi;

      6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналған жәшiктер мен сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi; Президенттi және Парламент мәжiлiсi депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;

      7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

      8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдары мен бастамашыл топтарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

      9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады;

      10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

      11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;

      12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;

      13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;

      14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;

      15) мәслихаттар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады;

      16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттарға сайланатын депутаттардың санын анықтайды;

      17) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгердi- Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары және оларды құру тәртiбi

      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.

      2. Аумақты сайлау комиссиялары:

      1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;

      2) жетi адамнан құрылады.

      3. Облыстық сайлау комиссиялары облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен құрылады.

      Төменгi тұрған аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң ұсынуы бойынша жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясының шешiмiмен құрылады.

      4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      ЕСКЕРТУ. 13-бап жаңа редакцияда- Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

      Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:

      1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

      2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;

      3) төменгi аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады;

      4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

      5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi; Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын және бастамашыл топтарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;

      6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;

      7) Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;

      8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;

      9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

      10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;

      11) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын және бастамашыл топтарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;

      12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгердi- Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары және оларды құру тәртiбi

      1. Округтiк сайлау комиссиялары:

      1) Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуымен құрылады;

      2) сайлау округтерiнде Парламент Мәжiлiсi және мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.

      2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.

      3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      ЕСКЕРТУ. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

      Округтiк сайлау комиссиясы:

      1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) Парламент Мәжiлiсi және мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;

      3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне түскен арыздар мен шағымдарды қарайды;

      4) округ бойынша дауыс беруге арналған учаскелердiң бiрыңғай номерленуiн белгiлейдi;

      5) Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын және бастамашыл топтарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;

      6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақтылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;

      7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;

      8) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiк аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

      9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

      10) қайта дауыс беру, қайта сайлау және Парламент Мәжiлiсiнiң шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;

      11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;

      12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары және оларды құру тәртiбi

      1. Учаскелiк сайлау комиссиялары:

      1) тиiстi әкiмдердiң ұсынуы бойынша жоғары тұрған тиiстi сайлау комиссияларының шешiмiмен құрылады;

      2) тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;

      3) жетi адамнан құрылады.

      2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - жетi күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      ЕСКЕРТУ. 17-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi

      Учаскелiк сайлау комиссиясы:

      1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;

      2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;

      3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн жасайды;

      4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;

      5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;

      6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;

      7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;

      8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;

      9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;

      10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi

      1. Сайлау комиссиясының мүшесi:

      1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы алдын ала хабарландырылып отырады;

      2) сайлау комиссиясының отырыстарында сөйлеуге, тиiстi сайлау комиссиясының құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгiзуге және олар бойынша дауыс беру өткiзiлуiн талап етуге хақылы;

      3) күн тәртiбiне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сауал қоюға және олардың мәнi бойынша жауаптар алуға хақылы;

      4) тиiстi сайлау комиссиясында кез келген құжаттармен және материалдармен танысуға әрi сол құжаттардың расталған көшiрмелерiн алуға хақылы.

      2. Сайлау комиссиясының мүшесi оны тағайындаған органның (лауазымды адамның) шешiмi бойынша, сондай-ақ орнынан түсуi туралы өтiнiш берген; Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған; оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген; заң күшiне енген сот шешiмi оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабарсыз жоқ болып кеткен немесе қайтыс болған деп таныған жағдайда өз мiндеттерiнен босатылуы мүмкiн.

20-бап. Сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастыру

      1. Сайлау комиссияларының қызметi алқалы негiзде жүзеге асырылады.

      2. Алғашқы отырыстарды:

      1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын Комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кейiн он төрт күннiң iшiнде шақырады;

      2) төменгi сайлау комиссияларының отырыстарын - тиiстi комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейiнгi жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шақырады.

      3. Сайлау науқанын әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде комиссиялардың отырыстары кемiнде екi аптада бiр рет өткiзiледi. Өзге уақытта комиссиялар өздерiнiң отырыстарын қажетiне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң бастамашылығымен өткiзiп тұрады.

      4. Егер комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан болса, сайлау комиссияларының отырыстары құқықты болады.

      5. Комиссиялардың шешiмдерi, осы Конституциялық заңда белгiленген жағдайлардан басқа кезде олардың мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Құрамында комиссия мүшелерiнiң жұп саны бар сайлау комиссиялары шешiмдер қабылдаған кезде, "жақтап" және "қарсы" дауыс бергендердiң саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Оның шешiмiмен келiспеген комиссия мүшелерi ерекше пiкiрлерiн айтуға хақылы, ол жазбаша нысанда комиссия отырысының хаттамасына қоса тiркеледi.

      6. Сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекетiне жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сот тәртiбiмен шағым беруге болады. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына алдын ала арыздану сотқа арызданудың мiндеттi шарты бола алмайды.

      7. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өз өкiлеттерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуге, оларға қажеттi мәлiметтер мен материалдар беруге, сайлау комиссияларының өтiнiшiне үш күн мерзiм iшiнде, ал сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi дереу жауап қайтаруға мiндеттi.

      8. Аумақтық, округтiк, учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде өз қалауымен сайлау өткiзуге бөлiнген қаражаттың есебiнен орташа жалақысы сақтала отырып, комиссияның шешiмi бойынша өндiрiстiк немесе қызмет мiндеттерiн орындаудан босатылуы мүмкiн.

      9. Президенттiкке, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттығына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелігiне кандидаттар, сондай-ақ кандидаттардың жұбайлары мен жақын туыстары, оларға тiкелей бағынысты адамдар сайлау комиссияларында бола алмайды. Аталған адамдар тиiстi кандидатты тiркеген күннен бастап сайлау комиссиясындағы мiндеттерiнен босатылған болып саналады.

      ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен.

3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi

21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi

      1. Қазақстан Республикасында Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланады.

      2. Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады. Бұл ретте облыс шегiндегi, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасындағы, аудандық, қалалық сайлау округтерiндегi сайлаушылар санының айырмасы жиырма бес проценттен аспауға тиiс.

      3. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады.

      4. Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар сақталып, бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi құрылады.

      5. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.

      ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың шекараларын қайта қарау

      1. Сайлау округтерiн тиiсiнше Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары құрады.

      2. Сайлау округтерiнiң тiзiмiн, олардың шекараларын және округтiк сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiп, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей тиiстi сайлау комиссиялары тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      3. Сайлау округтерiнiң тiзiмiне өзгерiстер енгiзудi, олардың шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн анықтауды тиiстi сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

23-бап. Сайлау учаскелерiн құру

      1. Аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн тиiстi әкiмдердiң сайлау комиссияларымен келiсiлген шешiмдерiмен сайлау учаскелерi құрылады. Сайлау учаскелерi сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып, құрылады.

      2. Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар:

      1) әрбiр сайлау учаскесiнде сайлаушылардың үш мыңнан аспауы;

      2) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы;

      3) сайлау округтерiнiң шекараларымен сайлау учаскелерi шекараларының қиылысып кетуiне жол берiлмеуi ескерiле отырып құрылады.

      3. Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлiмдерде және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында олардың орналасқан жерi, кеменiң тiркелген порты немесе тұрған жерi бойынша тиiстi сайлау округтерiне кiретiн сайлау учаскелерi құрылады. Шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң жанынан Республика Сыртқы iстер министрлiгi орналасқан аумақтағы астаналық сайлау округiне қарайтын сайлау учаскелерi құрылады.

      4. Сайлау учаскелерiн құру кеме капитандарының, бөлiмдер немесе әскери құрамалар командирлерiнiң, осы баптың 3-тармағында аталған мекемелер басшыларының тиiстi әкiмдер мен Республиканың Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Тиiстi әкiмдер учаскелердi құрған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзген кезде үш күн мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды әрбiр сайлау учаскесiнiң шекарасы жөнiнде хабардар етедi.

      ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi

24-бап. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерi және оларды жасау тәртiбi

      1. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Сенат депутаттарын сайлау кезiнде таңдаушылардың тiзiмдерi жасалады.

      2. Сайлаушылар тiзiмiн учаскелiк сайлау комиссиялары әрбiр сайлау учаскесi бойынша жасап, оған учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      3. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұру фактiсi негiз болады.

      4. Сайлаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады. Тiзiмде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (18 жастағылар үшiн - қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты мекен-жайы көрсетiледi. Таңдаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады және тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, таңдаушы депутаты болып табылатын мәслихаттың атауы әрi оның тұрғылықты мекен-жайын қамтиды.

      5. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмi жергiлiктi атқарушы органдар сайлау тағайындалғаннан немесе жария етiлгеннен кейiн он күннен кешiктiрмей сайлау комиссиясына беретiн сайлаушылар туралы деректер негiзiнде жасалады. Тiзiмдердi жергiлiктi атқарушы органның осыған арнайы уәкiлдiк берiлген лауазымды адамы тоқсан сайын салыстырып отырады.

      6. Жатақханаларда тұратын күндiзгi бөлiмдерде оқитын студенттер мен аспиранттар сайлаушылар тiзiмiне жатақхананың орналасқан жерi бойынша енгiзiледi.

      7. Әскер бөлiмдерiндегi сайлаушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылардың тiзiмi әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде жасалады.

      8. Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер, өкiлдiктер басшылары мен кеме капитандары берген деректер негiзiнде жасалады.

      9. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) мәслихаты хатшысының ұсынуы бойынша жасайды.

      10. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне дауыс санау басталғаннан кейiн өзгерiстер енгiзуге тыйым салынады.

25-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне енгiзу

      1. Сайлаушылар тiзiмдерiне:

      1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары;

      2) тұрғылықты жерi бойынша тiзiмдердi жасаған кезде тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын азаматтар;

      3) демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторы мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болған азаматтардың бәрi;

      4) әскер бөлiмдерi бойынша әскер бөлiмдерiнде тұрған әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi;

      5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шетелдерде жеке шақыру бойынша қызметтiк, iскерлiк және туристiк сапарларда жүрген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссияларына өтiнiш айтқан әрi Республика азаматының жарамды шетелдiк паспорты болған жағдайда сайлаушылардың қосымша тiзiмiне енгiзiледi.

      2. Таңдаушылар тiзiмiне:

      1) облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың;

      2) тиiсiнше республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы мәслихатының барлық депутаттары енгiзiледi.

      3. Азамат (таңдаушы) сайлаушылардың (таңдаушылардың) бiр ғана тiзiмiне ене алады.

26-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiмен таныстыру

      1. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерiнде сайлаушылар тiзiмдерi жалпы жұрттың танысуына дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда, Республикаға қарайтын әскер бөлiмдерiнде, дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанында құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс беруге бес күн қалғанда; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау өткiзген кезде құрылған сайлау учаскелерi бойынша - дауыс беруге жетi күн қалғанда ұсынылады.

      2. Сенат депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерi танысу үшiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен сайлауға дейiн кемiнде жетi күн бұрын ұсынылады.

      3. Азаматтарға (таңдаушыларға) тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiмен танысу, сондай-ақ оларға енгiзiлген сайлаушылар (таңдаушылар) жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiледi.

      4. Тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн әрбiр азаматқа (таңдаушыға) шағымдану құқығы берiледi. Тiзiмдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарда тиiстi сайлау комиссиясы үш күн мерзiмнен кешiктiрмей, ал дауыс беру қарсаңында және дауыс беретiн күнi дереу қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы тұрған жер бойынша тиiстi сотқа шағым жасауға болады, ол шағымды - үш күн iшiнде, ал сайлау қарсаңында және сайлау күнi дереу қарап, түпкiлiктi шешiм қабылдайды. Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны қосымша тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi.

5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт

27-бап. Сайлау алдындағы үгiт

      1. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген күннен басталып, сайлау қарсаңындағы күнi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

      2. Сайлау алдындағы үгiт:

      1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;

      2) сайлау алдындағы шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, жария түрдегi сайлау алдындағы пiкiр таластары мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы шараларды) жария түрде өткiзу, кандидаттардың, олардың сенiм бiлдiрген адамдарының және ынталы топтар мүшелерiнiң сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерiн өткiзу жолымен;

      3) баспа, дыбысты-көрiнiстi және өзге үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.

      3. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге, кез-келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға:

      1) мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде олардың лауазымды адамдарына;

      2) әскер бөлiмдерiне, әскери мекемелер мен ұйымдарға;

      3) сайлау комиссияларының мүшелерiне тыйым салынады.

      4. Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының лауазымды адамдарының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауды жария етуге қатысу құқығы жоқ.

      5. Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа, соның iшiнде көркемдеушi материалдарды, сондай-ақ омырау белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды және басқа белгiлер мен нысаналарды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайлармен тауарлар, бағалы қағаздар берiп, қызмет көрсету, ақша қаражатын төлеу не оны беруге уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.

      ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы

      1. Мемлекет белсендi сайлау құқығы бар азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге белгiлi бiр кандидатты жақтап және оған қарсы кедергiсiз үгiт жүргiзу құқығына кепiлдiк бередi.

      2. Кандидаттардың тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген кезден бастап үгiт науқаны аяқталғанға дейiн өзiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын баспасөзде және бұқаралық ақпарат құралдарында үгiттеп, насихаттауға құқығы бар.

      3. Мемлекет кандидаттарға мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларын жариялау мүмкiндiгiне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың басқа кандидаттармен бiрдей жағдайда мемлекеттiк теледидар арқылы бiр мәрте он бес минуттық сөз сөйлеуге, мемлекеттiк радио арқылы бiр мәрте он минуттық сөз сөйлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк баспасөз органдарында Орталық (аумақтық) сайлау комиссиясы белгiлейтiн көлемде екi мақала жариялауға құқығы бар. Сөздердiң сипаты мен түрiн кандидаттардың өздерi айқындайды. Кандидаттардың сөзiн бөлуге, сондай-ақ оған қандай да бiр түсiнiктеме беруге тыйым салынады.

      4. Тиiстi сайлау комиссиялары жария түрдегi сайлау алдындағы шараларды өткiзу үшiн, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға тең мөлшерде ақша қаражатын бөледi. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жария түрдегi сайлау алдындағы шараларды ұйымдастырып өткiзу үшiн, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiндерден басқа, кандидаттарға көмек көрсетуге мiндеттi. Жергiлiктi атқарушы органдар оларды өткiзуге арналған үй-жайларды бөлу және басқа да жағдайлар жасау туралы өтiнiштердi олар берiлген күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды және тиiстi сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiппен қанағаттандырады. Бұл орайда бұқаралық шаралар өткiзуге жарамды және республикалық немесе коммуналдық меншiктегi, мемлекеттiк ұйымдардың меншiгiндегi үй-жайлар мен өзге де материалдық объектiлер кандидаттарға сайлау комиссиясы белгiлеген уақытқа тегiн берiледi.

      5. Тиiстi сайлау комиссиялары, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттарға плакаттар, листовкалар, ұрандар мен өзге де баспа үгiт материалдарын басып шығару үшiн бiрдей мөлшерде ақша қаражатын бөледi. Барлық баспа үгiт материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған орын мен таралымы, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер болуға тиiс. Дерексiз үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады. Баспа үгiт материалдарын кез келген үй-жайға, кез келген үйге, ғимаратқа және өзге объектiге аталған объектiнiң меншiк иесiнiң немесе иесiнiң келiсiмiмен iлiп қоюға болады. Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткiш тұғырларға тарихи, мәдени және сәулеттiк құндылығы бар үй-жайлар мен ғимараттарға, сондай-ақ сайлау комиссиясының үйi мен дауыс беруге арналған үйге iлiп қоюға тыйым салынады.

      6. Президенттiкке, Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттар өз сайлау қорларының қаражаты есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуге, жария түрдегi сайлау алдындағы шараларды өткiзуге, қосымша үгiт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлiк және iссапар шығындарының орнын толтыруға хақылы. Бұл мақсатқа кез келген басқа көздерден өзге де ақша қаражатын тартуға, үгiт жұмысын ұйымдастыру жөнiнде заңды және жеке тұлғалардың кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген кез келген қызметiн қабылдауға, аталған заңды тұлғаларға осы қызметтi көрсеткенi үшiн кандидат тарапынан кез келген жәрдем көрсетуге тыйым салынады.

      7. Республиканың жоғары мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк баспа басылымдары, сондай-ақ мәслихаттар мен жергiлiктi атқарушы органдардың басылымдары сайлау комиссияларының хабарларын, сайлауға қатысатын кандидаттар туралы деректердi Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiп пен көлемде жариялауға мiндеттi.

      ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

29-бап. Кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасы

      1. Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат өзiнiң болашақ қызметiнiң бағдарламасын баяндайды. Кандидаттың бағдарламасы Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылық, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру идеяларын уағыздамауға тиiс.

      2. Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден бас тартуға, ал кандидат мұндай бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда тiркеудiң күшiн жоюға хақылы.

30-бап. Бастамашыл топтар

      1. Азаматтардың бастамашыл топтарын кандидаттардың өздерi құрады және олар тиiстi сайлау комиссияларында тiркеледi.

      2. Кандидат бастамашыл топ пен оның санын дербес белгiлейдi.

      3. Тиiстi сайлау комиссиясы тiркеген бастамашыл топ мүшелерiне куәлiктер берiледi.

      4. Бастамашыл топты тiркеуден бас тартқан жағдайда сотқа шағымдануға болады.

      5. Бастамашыл топтар:

      1) Президенттiкке, Парламент Сенатының депутаттығына ұсынылған кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинау;

      2) белгiлi бiр кандидатураны қолдап немесе оған қарсы үгiт науқанын жүргiзу үшiн құрылады.

      6. Бастамашыл топтардың мүшелерi сайлау науқаны аяқталысымен немесе өздерiнiң бастамасымен не кандидаттың шешiмi бойынша өз мәртебелерiнен айырылады.

31-бап. Кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары

      1. Кандидаттар сенiм бiлдiрген адамдарының болуына хақылы, олар сайлау науқанын жүргiзуге көмектеседi, сайлау алдындағы үгiттi жүргiзедi, мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен, сайлау комиссияларымен қатынастарда кандидаттардың мүдделерiн бiлдiредi.

      2. Кандидаттар сенiм бiлдiрген адамдарын өздерiнiң қалаулары бойынша белгiлейдi және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.

      3. Сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiктер бередi.

      4. Сенiм бiлдiрiлген адам қандай да бiр сайлау комиссиясына мүше бола алмайды.

      5. Сенiм бiлдiрiлген адамдар өздерiне кандидат берген өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейдi.

      6. Сенiм білдiрiлген адам сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн немесе өз бастамасы бойынша не кандидаттың шешiмiмен өз мәртебесiнен айырылады.

32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату

      1. Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.

      2. Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде және дауыс беруге арналған үй-жайларда бұрыннан iлулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.

6-тарау. Сайлауды қаржыландыру

33-бап. Сайлауды мемлекеттiк қаржыландыру

      1. Президенттi, партиялық тiзiмдер негізінде сайланатын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады.

      2. Республикалық бюджет қаражатынан:

      1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне;

      2) осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне;

      3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiлетiн кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;

      4) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiкке жұмсаған шығындары жабылады.

      3. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттiк органдар, шет елдердiң Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады.

      ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

34-бап. Сайлауды мемлекеттiк емес қаржыландыру

      1. Президенттi және Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады.

      2. Сайлау қорлары заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жатады.

      3. Сайлау қорлары мынадай көздерден:

      1) сайлау округтерi бойынша депутаттыққа кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;

      2) кандидатқа оны ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан;

      3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарына тыйым салынады.

      4. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Қорға келiп түскен ақшалай қаражаттың жалпы сомасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      5. Аталған көздерден сайлау қорларына жолдануы мүмкiн ақшалай қаражаттың шектi мөлшерi осы Конституциялық заңның Ерекше бөлiмiнде белгiленедi. Белгiленген мөлшерден артық түскен ақша қаражаты сайлау қорына есептеуге жатқызылмайды және оларды қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылып берiледi. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. Дерегi жоқ қайырмалдықтар республикалық бюджет кiрiсiне енгiзiледi.

      6. Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты тиiстi сайлау комиссиясы партиялық тiзiмдегi кандидат тiркелгеннен кейiн банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Осы Конституциялық заңда аталған мақсаттар үшiн сайлау қорының қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға берiледi. Банк мекемелерi тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шоттарға қаражаттың келiп түсуi туралы ол түскен күннен бастап үш күн мерзiмде мәлiмет бередi, сондай-ақ тиiстi сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша нақ сол мерзiмде оған аталған қаражаттың жұмсалуы туралы мәлiмет бередi. Сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      7. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылуға жатады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.

      8. Арнаулы уақытша шот бойынша барлық қаржылық операциялар сайлаудың алдындағы күнi сағат 18.00-ден бастап тоқтатылады.

      9. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей кандидат, саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруге мiндеттi. Сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады.

      10. Кандидаттың, партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның осы бапта белгiленген ережелердi, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген сайлау қорлары қаражатын жұмсау тәртiбiн бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға әкелiп соғады, ал сайлау өткiзiлгеннен кейiн екi апта мерзiм iшiнде тиiстi аумақ, округ немесе учаске бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкелiп соғады.

      ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

35-бап. Сайлау шараларын сайлау комиссияларының қаржыландыруы

      1. Республика Президентiн, Парламентi депутаттарын сайлау кезiнде сайлау шараларын қаржыландыруды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады, ал мәслихаттардың депутаттарын, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде сайлау шараларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары қаржыландырады.

      2. Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай қаражатқа иелiк етедi және қаржы құжаттарының сайлау комиссияларының қаржы мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне сай келуi үшiн жауап бередi.

36-бап. Сайлау науқанын өткiзуге бөлiнген қаражаттың жұмсалуын бақылау

      1. Сайлау науқанына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты кандидаттардың жұмсауын бақылауды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi, сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

      2. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары және банк мекемелерi жүзеге асырады.

      3. Тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша аталған бақылауды жүргiзуге өздерiнiң құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдар тартылуы мүмкiн.

      ЕСКЕРТУ. 36-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

7-тарау. Дауыс беру тәртiбi

37-бап. Сайлау бюллетенi

      1. Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды өткiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      2. Сайлау бюллетеньдерi қазақ тiлiнде және орыс тiлiнде не округтiң аумағында жинақы тұратын көпшiлiк халықтың тiлiнде басылады.

      3. Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлауға жетi күн қалғанға дейiн жеткiзiледi.

      4. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде учаскелiк сайлау комиссияларына тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлауға үш күн қалғанда сайлау бюллетеньдерiн жеткiзiп бередi.

      5. Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй мөрлеп бекiтiлiп, iшкi iстер органдарының күзетуiне тапсырылады.

      ЕСКЕРТУ. 37-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

38-бап. Дауыс беру уақыты мен орны

      1. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау жөнiндегi дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырмаға дейiн өткiзiледi. Аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат алтыдан ерте бастап, сағат жиырма екiден кеш аяқтауға болмайды. Дауыс берудi бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық немесе округтiк комиссиялардың шешiмi дауыс беру күнiне кем дегенде жетi күн қалғанда қабылданып, сайлаушыларға хабарлануға тиiс.

      2. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн уақыт пен орын туралы дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзген кезде бес күннен кешiктiрмей сайлаушыларды хабардар етуге тиiс.

      3. Қазақстан Республикасының иелiгiндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, әскер бөлiмдерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда, алыстағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан құрылған сайлау учаскелерiнде, егер тiзiмге енгiзiлген сайлаушылардың бәрi дауыс берсе, учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс берудi кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады. Мұндай учаскелердiң тiзбесiн тиiстi сайлау комиссиясы сайлауға дейiн жетi күннен кешiктiрмей, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды өткiзгенде үш күннен кешiктiрмей бекiтедi.

      4. Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бiр күннiң iшiнде өткiзiледi. Бұл ретте дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды.

39-бап. Дауыс беруге арналған үй-жай

      1. Президенттi, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға дауыс беру арнайы бөлiнген бөлмелерде өткiзiлуге тиiс, оларда жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталуға, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар белгiленiп, дауыс беруге арналған жәшiктердiң қойылуы дауыс беретiн адамдар оларға жасырын дауыс беруге арналған кабиналар немесе бөлмелер арқылы өтiп келетiндей болуға тиiс. Бұл ретте бақылаушылар мен комиссия мүшелерiнiң сайлау жәшiктерiн бақылауына жағдай жасалуға тиiс.

      2. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы адамдар дауыс берудi өткiзу жөнiндегi комиссия белгiлеген ережелердi қатаң сақтауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы тәртiпке жауапты болады және осы Конституциялық заңның ережелерiн бұзып, дауыс берудi өткiзуге кедергi келтiрген кез келген адамның ол жерден кетуiн талап етуге хақылы.

      3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртiптi қамтамасыз ету iшкi iстер органдарына жүктеледi.

      ЕСКЕРТУ. 39-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

40-бап. Дауыс берудi ашу

      1. Президенттi, Мәжiлiстiң, мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастауға тиiс.

      2. Сенат депутаттарын сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған пункттердi аша бастауға тиiс.

      3. Дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердi ашқан кезде кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының, жеке басының куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болса, әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр-бiр өкiл-журналистiң, сондай-ақ Республиканың қоғамдық бiрлестiктерiнен бiр-бiр байқаушының және тиiстi сайлау комиссиялары жанында тiркелген шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуына болады. Өкiлдер мен байқаушылардың өкiлеттiктерi Орталық сайлау комиссиялары белгiлеген тәртiппен куәландырылады. Өкiлдер мен байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.

      4. Учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы:

      1) комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар екенiн немесе жоқ екенiн, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады;

      2) комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

41-бап. Дауыс берудi ұйымдастыру

      1. Әрбiр сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс бередi.

      2. Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

      3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға (таңдаушыларға) сайлаушылар тiзiмдерi (таңдаушылар тiзiмдерi) негiзiнде сайлаушының (таңдаушының) жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi.

      4. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмге бюллетеньдердi алғандығы туралы қол қояды.

      5. Комиссияның бюллетеньдi (бюллетеньдердi) берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi (бюллетеньдердi) алған сайлаушының (таңдаушының) тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

      6. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына және басқа себептерге байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда учаскелiк сайлау комиссиясы олардың өтiнiшi бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiне барып дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс. Сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкiндiгiн туғызу жөнiндегi ауызша өтiнiшiн оған учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi келген бойда жазбаша түрде бекiтуге тиiс. Дауыс берудi, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде өткiзген кезде осы Конституциялық заңда аталған өкiлдер мен байқаушылар қатысуға хақылы.

      7. Сайлаушылар тiзiмдерiн жалпы жұртқа таныстыру үшiн ұсыну мен сайлау күнi арасындағы кезеңде сайлаушы өзiнiң барған жерiн өзгерткен жағдайда учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтiнiшi бойынша және оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi арқылы сайлаушыға дауыс беру құқығы куәлiгiн бередi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiмiне тиiстi белгi қойылады. Учаскелiк сайлау комиссиясы сайлау күнi дауыс беру құқығы куәлiгiн көрсеткеннен кейiн сайлаушыны ол келген жердегi сайлау учаскесiндегi сайлаушылардың қосымша тiзiмiне енгiзедi.

      8. Егер Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлаудан әрi кеткенде жетi күнге жетпей, не жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға дейiн кемiнде үш күн қалғанда сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайға бару мүмкiндiгi болмайтын сайлаушыға белгiлi болған жағдайда, ол учаскелiк сайлау комиссиясынан дауыс беруге арналған бюллетеньдердi алдын ала алуға хақылы. Сайлаушы бюллетеньдердi алған кезде тiзiмге қол қояды. Сайлаушы бюллетеньдердi толтырғаннан кейiн оларды конвертке салады, бұл конверт желiмделiп, мөр басылады немесе оған сайлау комиссиясының мүшелерi қол қойып растайды, сөйтiп ол комиссияға берiледi. Мөр басылған конверт учаскелiк сайлау комиссиясында дауыс беретiн күнге дейiн сақталуға тиiс және дауыс беру күнi жалпы дауыс беру басталар алдында комиссияның төрағасы оның басқа мүшелерiнiң қатысуымен дауыс беруге арналған жәшiкке салуға тиiс. Бұл ретте конверттiң бүтiндiгi, мөрдiң немесе қойылған қолдың, сондай-ақ сайлаушылар тiзiмiндегi белгiге конверттер санының сәйкес келуi тексерiледi.

      9. Дауыс берудi осы баптың 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес ұйымдастырып, өткiзу азаматтардың сайлау құқықтарын бұзу, дауыс беру құпиясын бұзу немесе сайлаушының ерiк бiлдiруiн бұрмалау мүмкiндiгiн болдырмауға тиiс.

      ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

42-бап. Дауыс берудi өткiзу

      1. Дауыс берушiлер сайлау бюллетеньдерiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда немесе бөлмелерде толтырады. Оларды толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа кiмнiң болса да кiрiп тұруына тыйым салынады. Бюллетеньдердi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы (таңдаушы) өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға хақылы, оның аты-жөнi дауыс бергеннен кейiн сайлаушылардың тiзiмiне тiркелiп, тұсына сайлаушының (таңдаушының) бюллетень алғандығы жөнiнде қолы қойылады. Мыналар ондай адам болуға тиiс емес:

      1) сайлау комиссиясының мүшесi;

      2) жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның лауазымды адамы;

      3) кандидаттың сенiм бiлдiрген адамы;

      4) бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi-журналист;

      5) тиiстi сайлау комиссиясы жанында тiркелген Республиканың қоғамдық бiрлестiктерiнен келген байқаушы, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның байқаушысы.

      2. Сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң оң жағындағы бос шаршының не "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремiн" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының iшiне кез келген белгi соғады.

      Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар бюллетеньде өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға, не "Барлық саяси партияларға қарсы дауыс беремін" деген жолдың оң жағына орналасқан шаршыға кез келген белгi қояды. <*>

      3. Сайлаушы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелерiн сайлаған кезде өзi дауыс беретiн кандидаттар тегiнiң оң жағындағы бос шаршының не "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремiн" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының iшiне кез келген белгi соғады.

      4. Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы (таңдаушы) дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

      5. Әр учаскеде, пунктте дауыс берудi өткiзген кезде дауысқа түсетiн әрбiр кандидаттан бiр сенiм бiлдiрiлген адамның, жеке басының куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болса, әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр-бiр өкiл-журналистiң, сондай-ақ Республиканың тиiстi сайлау комиссиялары жанында тiркелген қоғамдық бiрлестiктерден бiр-бiр байқаушының және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуына болады. Өкiлдер мен байқаушылардың өкiлеттiктерi Орталық сайлау комиссиялары белгiлеген тәртiппен куәландырылады. Бұл ретте өкiлдер мен байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.

      ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау

43-бап. Сайлау учаскесiндегi (дауыс беру пунктiндегi) дауыстарды санау

      1. Президенттi, Парламент мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде барлық сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау, егер сол учаскеде осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса, жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада басталады. Бұл ретте дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн басталады.

      2. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау кезiнде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн кiдiрiссiз басталады.

      3. Дауыстарды санау әрбiр кандидат, әрбiр саяси партия бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Дауыс беруге арналған жәшiктердi төраға дауыс берудiң аяқталғаны туралы хабарлағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссиясы ашуға тиiс. Дауыс беру аяқталғанға дейiн жәшiктердi ашуға тыйым салынады.

      Жәшiктердi ашу, дауыстарды санау кезiнде дауысқа түскен әр кандидаттан бiр сенiм бiлдiрiлген адам, куәлiгi және редакцияның тапсырмасы болса, әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр-бiрден өкiл-журналист, сондай-ақ Республиканың тиiстi сайлау комиссиясы жанында тiркелген қоғамдық бiрлестiктерiнен бiр-бiрден байқаушы, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады. Өкiлдер мен байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.

      4. Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған бюллетеньдердiң бәрi саналып, оларды тиiстi сайлау комиссиясы есептен шығарады. Сайлау комиссиясы:

      1) учаскедегi (дауыс беру пунктiндегi) сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;

      2) бюллетеньдер алған сайлаушылар (таңдаушылар) санын;

      3) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;

      4) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстардың саны;

      5) жарамсыз деп танылған бюллетеньдер санын;

      6) сайлаушылар барлық кандидаттарға, саяси партияларға қарсы дауыс берген бюллетеньдердiң саны.

      5. Мынадай бюллетеньдер:

      1) белгiленбеген үлгiдегi;

      2) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;

      3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс берудi қоспағанда, бiр кандидаттан артық, бiр саяси партиядан артық белгiленген;

      4) сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.

      6. <*>

      7. Келiспеушiлiк пайда болған жағдайда мәселенi учаскелiк комиссия дауыс беру жолымен шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екi даусымен қабылданады.

      8. Дауыстарды санау нәтижелерiн учаскелiк сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға түсiредi, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаларға учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.

      9. Тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының (Сенат депутаттарын сайлаған кезде аумақтық сайлау комиссияларының) хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудiң дұрыстығына күмәнданатын болса, ол комиссия тиiстi учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясы сайлаушыларының дауысын қайта санау туралы шешiм қабылдауға хақылы. Сайлаушылардың дауысын қайта санау жоғары тұрған сайлау комиссиясы мүшесiнiң қатысуымен жүргiзiледi.

      ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

44-бап. Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

      1. Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.

      2. Мәслихат депутаттарын, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды.

      3. Сайлау қорытындылары хаттамаға түсiрiлiп, оған сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаға комиссия төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.

      4. Сайлау қорытындылары туралы хабарды:

      1) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      2) мәслихаттар депутаттарын, сайлау қорытындылары туралы хабарды тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысы туралы хабарды тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен кейiн төрт күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      5. Хабарда мыналар көрсетiледi: сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне енгiзiлген азаматтардың жалпы саны; дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) саны; әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн жақтап берiлген дауыс саны; жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны; сайлаушылар барлық кандидаттарға, саяси партияларға қарсы дауыс берген бюллетеньдер саны; сайланған Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, атқаратын қызметi (жұмысы), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға немесе өзге қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығы, ұлты туралы мәлiметтер.

      ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

45-бап. Президенттi, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу

      Тиiстi сайлау комиссиялары осы Конституциялық заң белгiлеген тәртiппен жетi күн мерзiм iшiнде олардан Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Президенттiң, Парламент, мәслихат депутатының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiштерiн алғаннан кейiн сайланған Президенттi, Парламент, мәслихат депутаттары, жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркейдi.

      ЕСКЕРТУ. 45-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

46-бап. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутатының және жергiлiктi өзi-өзi басқару органдары мүшелерiнiң куәлiгi мен омырауға тағатын белгiсi

      1. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезде Президентке тиiстi куәлiгi мен Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi тапсырады.

      2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Парламентi депутаттарын сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн әрбiр депутатқа куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгiсiн тапсырады.

      3. Бұқаралық ақпарат құралдарында тiзiмдер жарияланғаннан кейiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:

      1) мәслихаттар депутаттарына - олардың әрқайсысына мәслихат депутаттарының куәлiгiн және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi бередi;

      2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне - олардың әрқайсысына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiнiң Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi куәлiгiн бередi.

9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi

47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны барысындағы кепiлдiктерi

      1. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Кандидаттардың сайлауға қатысқан уақыты тiркелген күнге дейiн оның жұмыс iстеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледi.

      Президенттiкке, партиялық тiзiм бойынша дауысқа түскен кандидаттарды қоспағанда, Парламент депутаттығына, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлау өткiзуге бөлiнген республикалық бюджет қаражатынан осы кезеңге орташа жалақысы мөлшерiнде шығындарының орны толтырылады.

      2. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ iссапарларға жiберуге не әскери жиындарға шақыруға болмайды.

      3. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн тұтқынға алуға, ерiксiз әкелуге, оларға сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, сондай-ақ оларды тиiсiнше Орталық сайлау комиссиясының, тиiстi аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз тiкелей қылмыс үстiнде ұсталғаннан және ауыр қылмыс жасағаннан басқа реттерде ұстауға болмайды.

      ЕСКЕРТУ. 47-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

48-бап. Мемлекеттiк органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi

      1. Соттар, прокуратура мен iшкi iстер органдары үшiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi ұйымдар үшiн дауыс беру күнi мен соның қарсаңындағы күн жұмыс күнi болып табылады.

      2. Iшкi iстер органдары мен тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi ұйымдар сайлау комиссиялары қажет ететiн, тиiсiнше, мынадай:

      1) дауыс берудi өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен сайлау бостандығын қамтамасыз ету;

      2) сайлаушылар тiзiмдерiн нақтылау;

      3) дауыс беретiн күнi сайлау комиссияларының қызметiнде туындаған басқа да мәселелер жөнiнде көмек көрсетуге мiндеттi.

49-бап. Сайлау науқаны барысындағы шешiмдер мен iс-әрекеттерге шағым беру мерзiмдерi

      Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткiзуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөнiндегi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беруден бес күн бұрын және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.

      ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

50-бап. Сайлау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Республика азаматының өз сайлау құқығын, еркiн жүзеге асыруға, сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге күштеу, алдау, қоқан-лоққы жасау, сатып алу жолымен немесе өзге әдiспен кедергi жасайтын, кандидаттар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарататын не олардың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасайтын адамдар, сондай-ақ сайлау күнi және соның қарсаңындағы күнi үгiт жүргiзген, сайлау комиссиясының жұмысына араласқан және дауыс беруге, кандидатты , партиялық тiзiмдi тiркеуге, дауыстарды санауға және сайлау қорытындыларын анықтауға байланысты мiндеттердi орындауға кедергi жасаған, кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, сайлаудағы өкiлдер мен байқаушылардың заңды қызметiне кедергi жасаған адамдар заңда белгiленген тәртiппен жауапты болады.

      2. Сайлау құжаттарын қолдан жасаған, дауыстарды көрiнеу қате санаған, дауыс беру құпиясын бұзған немесе осы Конституциялық заңды өзге де бұзуға жол берген сайлау комиссиясының мүшелерi, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды адамдары мен қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi жауапқа тартылады.

      3. Кандидат, саяси партия осы Конституциялық заң талаптарын бұзған жағдайда оларға ескерту жасалады, ал қайталап бұзған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

II. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы

51-бап. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы

      Президенттiң кезектi сайлауы жетi жылда бiр рет тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.

      ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .

      52-бап. <*>

      ЕСКЕРТУ. 52-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .

53-бап. Республика Президентi сайлауын хабарлау және тағайындау

      1. Президенттiң кезектi сайлауын Парламент Мәжiлiсi тамыздың бiрiншi жексенбiсiнен кешiктiрмей тағайындайды.

      2. <*>

      3. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Президент болып сайлана алмайды.

      ЕСКЕРТУ. 53-баптың 2-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар

      1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ қандай да бiр дiн қызметшiсi болмауға және Конституцияның 33-бабындағы 2-тармаққа, осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығы болуға тиiс.

      2. Президенттiкке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестiгiн азаматтың өзiн-өзi ұсыну туралы өтiнiшi немесе республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзiндiсiн кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен қоса тапсырған кезден бастап бес күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Бұл ретте кандидаттың мемлекеттiк тiлдi еркiн игергенiн белгiлеу рәсiмi Республиканың Конституциялық Кеңесiнiң Конституцияның 41-бабындағы 2-тармақтың ресми түсiнiктемесi туралы актiсiне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен анықталады.

      3. Осы баптың талаптарын бұзу Президент сайлауын жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

      ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

55-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну

      1. Президенттiкке кандидаттар ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық, қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен - азаматтарда болады.

      2. Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлауға дейiн үш ай бұрын басталып, екi ай қалғанда аяқталады.

      3. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады да хаттамадан үзiндi жасалады. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде:

      1) Президенттiкке кандидатқа жеткiзiледi;

      2) Президенттiкке кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.

      4. Президенттiкке кандидаттыққа өзiн-өзi ұсыну олардың Орталық сайлау комиссиясына тиiстi өтiнiш беруi арқылы жүргiзiледi.

      5. Егер ұсынылған барлық кандидаттар өз кандидатураларын олар тiркелгенге дейiн алып тастаған немесе басқа жаққа кеткен жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн әрi кеткенде 20 күнге ұзартады.

      ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау

      1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.

      2. Президенттiкке кандидатты сайлаушылардың Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде екi процентi қолдауға тиiс.

      3. Президенттiкке кандидатты қолдап қол жинауды осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын бастамашыл топтар жүзеге асырады және кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеруден кейiн үш күн мерзiмде осы Конституциялық заңның 55-бабының 3 және 4-тармақтарындағы оны ұсыну туралы құжаттар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.

      4. Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуға тиiс және оған кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оның сенiм бiлдiрген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинау жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәлiметтер бар бағаналар енгiзiлуге тиiс:

      1) тегi, аты және әкесiнiң аты;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы;

      3) туған күнi, айы мен жылы;

      4) тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерiнiң мекен-жайы;

      5) жеке қолы.

      5. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.

      6. Орталық сайлау комиссиясы:

      1) қол қою парағының үлгiсiн бекiтедi;

      2) Президенттiкке кандидаттарды қол қою парақтарының қажеттi санымен қамтамасыз етуге мiндеттi.

      7. Президенттiкке кандидатты қолдауға қол жинау жөнiндегi толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол он күн iшiнде паспорт қызметi қызметкерлерiн қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендiгiн тексерудi жүзеге асырады, тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.

      8. Егер қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижесiнде жиналған қолдардың екi проценттен астамы рас болмай шыққан жағдайда Президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартылады.

      ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

57-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары

      Президенттiкке кандидаттың жиырма беске дейiн сенiм бiлдiрген адамдары болуы мүмкiн.

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

      Кандидаттың сайлау қоры:

      1) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен үш мың еседен артық аспауға тиiстi кандидаттың жеке қаражатынан;

      2) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен бес мың еседен артық аспауға тиiс кандидатты ұсынған республикалық қоғамдық бiрлестiктiң қаражатынан;

      3) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен артық аспауға тиiс Республика азаматтары мен ұйымдарының өз еркiмен берген қайырмалдықтарынан құралады.

59-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу

      1. Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

      2. Президенттiкке кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келуi тексеруден өткеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдарды тексергеннен кейiн жеке қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының есеп-шотына заңмен белгiленген ең төменгi жалақының жүз мәрте мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Республика Президенті болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.

      3. Президенттiкке кандидаттар нешеу болса да тiркеуге ұсынылады.

      4. Президенттiкке кандидаттарды тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлауға дейiн екi ай бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда аяқталады.

      5. Қоғамдық ұйымнан Президенттiкке кандидаттарды тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi мәжiлiсiнiң осы қоғамдық бiрлестiктi Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттаманың үзiндiсi;

      2) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiш;

      3) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудiң нәтижесi туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;

      4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;

      4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.

      6. Президенттiкке кандидат өзiн өзi ұсынған жағдайда оны тiркеу мына құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсу ниетi жөнiндегi өтiнiшi;

      2) аумақтық сайлау комиссиясының азаматтардың Президенттiкке кандидатты қолдап жиналған қолдарды тексеру нәтижелерi жөнiндегi хаттамасы;

      3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

      3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

      4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжат.

      7. Орталық сайлау комиссиясы:

      1) Президенттiкке кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында әрбiр кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсетiп, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi жариялайды.

      2) тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;

      3) Конституция мен осы Конституциялық заңның талаптарын бұзу орын алса, сондай-ақ осы Конституциялық заң белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      8. Орталық сайлау комиссиясының Президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартуына немесе тiркеу жөнiндегi шешiмнiң күшiн жоюына кандидаттың жеке өзi не оны ұсынған қоғамдық бiрлестiк он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым беруi мүмкiн, ол шағымды берiлген күнiнен бастап он күн мерзiм iшiнде қарайды. Жоғарғы Соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.

      ЕСКЕРТУ. 59-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.06.28. N 407 Заңымен .

60-бап. Кандидатурасын алып тастау, кандидат ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

      1. Президенттiкке кандидат тiркеуге дейiн және тiркеуден кейiн кез келген уақытта, бiрақ дауыс беруден кемiнде жетi тәулiк бұрын Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бiлдiру арқылы өз кандидатурасын алып тастай алады.

      2. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы тiркеуге дейiн және тiркеуден кейiн кез келген уақытта, бiрақ дауыс беруден кемiнде жетi тәулiк бұрын тиiсiнше Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасау арқылы Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

      3. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.

      ЕСКЕРТУ. 60-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

61-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну

      1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Президенттiкке кандидаттардың барлығы шығып қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ бұл екi айдан аспауға тиiс.

      2. Мұндай жағдайда Президенттiкке кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi дауыстарды санау

      1. Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi аумақтық сайлау комиссияларының мәжiлiстерiнде белгiленедi және хаттамаға енгiзiледi, оған комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қойып, екi күн мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жолданады.

      2. Дауыстарды санау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

63-бап. Қайта дауыс беру

      1. Егер сайлау бюллетенiне екiден артық Президенттiкке кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiр де бiреуi сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша Президент сайлауы жөнiнде қайта дауыс беру тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, қайта дауыс беру сол кандидатура бойынша жүргiзiледi.

      2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      3. <*>

      ЕСКЕРТУ. 63-баптың 3-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

64-бап. Қайта сайлау

      1. Егер Президент сайлауында бiр ғана кандидат дауысқа түссе және ол сайланбай қалса, егер Президент сайлауы жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған Президенттi анықтауға мүмкiндiк бермесе, Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауын қайта тағайындайды. Бұрын дауысқа түскен Президенттiкке кандидаттар қайта сайлауға қатыстырылмайды.

      2. Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Дауыс беру бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiм бойынша және сол сайлау учаскелерiнде өткiзiледi.

      3. Сайлау комиссияларын құру, Президенттiкке кандидаттар ұсыну мен тiркеу, басқа да сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте сайлау шаралары мерзiмiнiң қысқартылуын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.

      4. Қайта сайлау өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

      1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.

      2. Республика Президентi болып:

      1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;

      2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған;

      3) қайта дауыс беру кезiнде бiр ғана кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады.

      3. Республика Президентi сайлауының қорытындысын анықтау мен жариялауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 65-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

66-бап. Сайланған Республика Президентiн тiркеу

      1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде сайланған Республика Президентiн тiркейдi.

      2. Егер учаскелердiң немесе әкiмшiлiк бөлiнiстердiң жалпы санының кемiнде төрттен бiр бөлiгiнде:

      1) сайлау жарамсыз деп танылса;

      2) не оның барысында немесе дауысты санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы, азаматтардың арыздары бойынша сайланған Президенттi тiркеуден бас тартуы мүмкiн.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ретпен қабылданған Орталық сайлау комиссиясының шешiмiне Президенттiкке кандидат оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдайды.

      ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

      67-бап. <*>

      ЕСКЕРТУ. 67-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .

68-бап. Республика Конституциялық Кеңесiнiң Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi қарауы

      1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiш жасауы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi шешедi. Бұл ретте Республика Президентiнiң қызметке кiрiсуi өтiнiштi қарау кезiнде тоқтатыла тұрады.

      2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiнде дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.

      3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) Республика Президентi сайлауы Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) екi ай iшiнде қайта дауыс беру өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.

      ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

11-тарау. Республика Парламентi Сенатының
депутаттарын сайлау

69-бап. Сенат депутаттарын сайлауын тағайындау

      1. Сайлау тағайындауға мыналар:

      1) кезектi сайлау үшiн - Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуi;

      2) кезектен тыс сайлау үшiн - Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы;

      3) шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткiзу үшiн - депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негiз болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1)-тармақшасында белгiленген жағдайда депутаттар сайлауын Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне дейiн кемiнде төрт ай қалғанда Республика Президентi тағайындайды және ол конституциялық өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын өткiзiледi.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып әрi Парламент өкiлеттiгiн тоқтатқан күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.

      4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайда шығып қалғандар орнына депутаттар сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған, депутаттық мандатынан айырылған, не оның қайтыс болған сәтiнен бастап екi айдан кешiктiрмей тағайындайды.

      5. Сенат депутаттары сайлау Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып тағайындалады және мерзiмi бойынша Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауымен сәйкес келе алмайды.

      ЕСКЕРТУ. 69-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

70-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар

      Сенат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2-тармағы мен осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.

      ЕСКЕРТУ. 70-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

71-бап. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну

      1. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiн келесi күнi басталып, сайлау өткiзiлетiн күнге бiр ай қалғанда аяқталады.

      2. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну:

      1) облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы), аудандық және қалалық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Бұл ретте бiрнеше мәслихаттан бiр кандидат ұсынылуы мүмкiн;

      2) өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен жүргiзiледi.

      3. Сенат депутаттығына кандидат болып тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының аумағында тұратын азамат ұсыныла алады.

      4. Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну жөнiндегi шешiм тиiстi мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және бұл шешiм қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде:

      1) ұсынылған кандидатқа жеткiзiледi;

      2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтінiшiмен бiрге тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының сайлау комиссиясына жiберiледi.

      5. Сенат депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына осы әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiс бойынша өзiнiң Сенат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi жайында өтiнiш беру арқылы жүргiзiледi.

      6. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгiн анықтайды және осы баптың 4-тармағының 2)-тармақшасында, 5-тармағында көрсетiлген оның ұсынылуы туралы құжаттар негiзiнде оған таңдаушылардың қолдарын жинау үшiн қол қою парақтарын бередi.

      7. Егер бiр де бiр кандидат ұсынылмаған немесе ұсынылған барлық кандидаттар оларды тiркегенге дейiн өз кандидатураларын алып тастаған не кетiп қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн әрi кеткенде жиырма күнге ұзартады.

      ЕСКЕРТУ. 71-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

72-бап. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинау

      1. Сенат депутаттығына кандидат облыс мәслихаттарының, республикалық маңызы бар қала немесе Республика астанасы мәслихатының өкiлдерi болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының кемiнде он процентiнiң қолдауына, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының елу процентiнен аспайтын даусына ие болуға тиiс.

      2. Таңдаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Бұл орайда таңдаушылардың әрқайсысы Сенаттың депутаттығына бiр кандидатты ғана қолдап өз қолын қоюға құқылы. Сенаттың депутаттығына кандидат тiркелгеннен кейiн қойылған қол тек сот шешiмiнiң негiзiнде ғана керi қайтарылып алынады.

      3. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинауды осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын бастамашыл топтар жүзеге асырады және бұл тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.

      4. Әрбiр қол қою парағында рет нөмерi мен кандидаттың және қол жинаушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар жайында мынадай мәлiметтердi бiлдiретiн бағаналар болуға тиiс:

      1) тегi, аты мен әкесiнiң аты;

      2) өзi депутаты болып табылатын мәслихат;

      3) туған күнi, айы мен жылы;

      4) тұрғылықты мекен жайы;

      5) жеке қолы.

      5. Қол қою парағының үлгiсiн Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.

      6. Толтырылған қол қою парақтары тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тапсырылады, олар бес күн мерзiм iшiнде жиналған қолдардың растығын паспорт қызметiнiң қызметкерлерiн қатыстыра отырып тексерудi жүзеге асырады және тиiстi хаттаманы ресiмдейдi.

      7. Егер қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижесiнде жиналған қолдардың бiр процентiнен артығы рас болмай шыққан жағдайда, Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеуден бас тартылады.

      ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

73-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу

      1. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеудi тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

      2. Сенат депутаттығына кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерiлгеннен кейiн өзiнiң жеке қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына депозит ретiнде заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының жиырма бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.

      3. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу сайлау күнiнен кемiнде қырық күн бұрын басталып, егер сайлау тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлау күнiне кем дегенде жиырма күн қалғанда аяқталады.

      4. Мәслихаттан (мәслихаттардан) ұсынылған Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу мына құжаттар:

      1) облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етiп ұсыну туралы шешiмi;

      2) депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;

      3) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеруiнiң нәтижесi туралы хаттамасы;

      4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;

      4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжаты болған жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу ол өзiн-өзi ұсынған жағдайда, мына құжаттар:

      1) азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

      2) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдайтын қолдарын тексеру нәтижелерi туралы хаттамасы;

      3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

      3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

      4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.

      6. Облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы:

      1) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеген кезде оларға тиiстi куәлiк бередi;

      2) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды.

      3) кандидатты тiркеуден бас тартады немесе Конституция мен осы Конституциялық заң талаптарын бұзу орын алған кезде, сондай-ақ осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiм күшiнiң жойылуына оны ұсынған мәслихат (мәслихаттар) немесе кандидаттың жеке өзi жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте шағым берiлген күнiнен бастап жетi күн iшiнде қаралады.

      ЕСКЕРТУ. 73-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 73-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 73-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.06.28. N 407 Заңымен .

74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

      1. Сенат депутаттығына кандидат тiркелгенге дейiн және тiркелгеннен кейiнгi кезеңде, бiрақ дауыс беретiн күнге кемiнде жетi тәулiк қалғанда тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш беру арқылы өз кандидатурасын алып тастай алады.

      2. Кандидатты ұсынған мәслихат (мәслихаттар) тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

      3. Мұндай жағдайларда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр еткен себептерсiз жүргiзiлген болса, онда аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi мәслихаттың есебiне жатқызуға хақылы.

      ЕСКЕРТУ. 74-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары

      Сенат депутаттығына кандидаттың беске дейiн сенiм бiлдiрген адамдары болуы мүмкiн.

76-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну

      1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Сенат депутаттығына барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша өз қаулысымен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ бұл екi айдан аспауға тиiс.

      2. Бұл жағдайда Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      ЕСКЕРТУ. 76-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

77-бап. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi таңдаушылардың бiрлескен отырысын өткiзу тәртiбi

      1. Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бiрлескен отырысында жүргiзiледi.

      2. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын депутаттардың жалпы санының елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады.

      3. Егер Сенат депутатын сайлау жөнiндегi отырыста болған таңдаушылардың елу процентiнен астамы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлген болып есептеледi.

      4. Бiрлескен отырыста тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) мәслихатының хатшысы төрағалық етушi болып табылады.

      5. Таңдаушылардың бiрлескен отырысына тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.

      6. Бiрлескен отырыс өткiзiлетiн жерде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру пунктiн ұйымдастырады.

      7. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi бiрлескен отырыстың өткiзiлгенiн куәландыратын құжат тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) тиiстi мәслихат хатшысының сайлау комиссиясына тапсыратын бiрлескен отырыс хаттамасы болып табылады.

      8. Бiрлескен отырыс тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады.

      ЕСКЕРТУ. 77-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау

      1. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау нәтижелерi тиiсiнше облыстық, қалалық сайлау комиссиясының (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) дауыс беру пунктiнде өткiзiлетiн мәжiлiсiнде анықталады.

      2. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс санаудың хаттамасын жасайды, оған:

      1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды;

      2) таңдаушылардың бiрлескен мәжiлiсiнде жария етiледi;

      3) сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.

      3. Дауыс санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 78-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру

      1. Егер сайлау бюллетенiне Сенат депутаттығына екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайта дауыс берудi тағайындайды. Егер кандидаттың шығып қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, қайта дауыс беру соның кандидатурасы бойынша жүргiзiледi.

      2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бастапқы дауыс беру болған күнi өткiзiледi.

      3. <*>

      ЕСКЕРТУ. 79-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау

      1. Егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не бiрден-бiр немесе екi кандидат дауысқа түскен кезде ол (олар) сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.

      2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзіледi. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеу, қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген басқа да шаралар осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      3. Қайта сайлау туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      4. Бұрын дауысқа түскен Сенат депутаттығына кандидаттар қайта сайлауға қатыспайды.

      ЕСКЕРТУ. 80-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

81-бап. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

      1. Республика бойынша тұтас алғанда Сенат сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шығарады.

      2. Сенат депутаты сайлауында:

      1) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;

      2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн дауысын алған;

      3) қайта дауыс беру кезiнде бiрден-бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.

      3. Сайлаудың қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 81-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу

      1. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде Сенаттың сайланған депутаттарын тiркейдi.

      2. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе таңдаушылардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алған болса, Сенат депутаты сайлауын жарамсыз деп табуы және Сенат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Сенат депутаттығына кандидат сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.

      ЕСКЕРТУ. 82-баптың 1-тармағынан сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 133-1 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 82-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткiзу

      1. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлау үшiн осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      2. Сенат депутаты өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жылдан аз уақыт қалғанда Сенат депутаты шығып қалған жағдайда шығып қалғанның орнына депутат сайлау өткiзiлмейдi.

      ЕСКЕРТУ. 83-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Конституциялық Кеңестiң қарауы

      1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.

      2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.

      3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

      ЕСКЕРТУ. 84-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

12-тарау. Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң
депутаттарын сайлау

85-бап. Мәжiлiс депутаттарын сайлауын тағайындау

      1. Мыналар:

      1) Мәжiлiс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;

      2) Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;

      3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрмей өткiзiледi.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.

      4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.

      5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.

      ЕСКЕРТУ. 85-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

86-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар

      Мәжiлiс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2-тармағына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.

      ЕСКЕРТУ. 86-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

87-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

      1. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы республикалық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ белгiленген тәртiппен өзiн-өзi ұсыну жолымен тiркелген азаматтарда болады. Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша сайлау үшiн адамдарды кiргiзу құқығы саяси партияларға тиесiлi.

      2. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсынуды республикалық және жергiліктi қоғамдық бiрлестiктердiң жоғары органдары жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiк кандидат дауысқа түсетiн сайлау округiн көрсете отырып, осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамды депутаттыққа кандидат етiп ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк әрбiр сайлау округiнде Мәжiлiс депутаттығына тек бiр ғана кандидат ұсына алады. Кандидаттар ұсыну туралы шешiм қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттаманың үзiндiсiмен ресiмделедi. Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжiлiстiң депутаты етiп сайлау үшiн адамдарды кiргiзудi саяси партияның жоғары органы жүргiзедi. Саяси партиялар партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргiзуге құқылы. Партиялық тiзiмге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжiлiстiң депутаты етiп сайлану үшiн кiргiзiлген адамның аумақтық сайлау округi бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.

      2-1. Саяси партиялар адамдарды партиялық тiзiмде орналастырудың тәртiбiн дербес белгiлейдi. Партиялық тiзiмдi саяси партияның жоғары органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрмемен бiрге саяси партияның өкiлi Орталық сайлау комиссиясына табыс етедi. Өкiлдiң өкiлеттiгi тиiстi құжаттармен расталуға тиiс.

      3. Қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi үш күн мерзiм iшiнде:

      1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;

      2) кандидаттың дауысқа түсу келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.

      4. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша Мәжiлiс депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзедi.

      5. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.

      6. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнен және бiр партиялық тiзiмнен кандидат болып ұсыныла алмайды.

      7. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлауға дейiн алпыс күн бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.

      8. Егер округ бойынша бiрде-бiр кандидат ұсынылмаған не ұсынылған барлық кандидаттар оларды тiркегенге дейiн өз кандидатураларын алып тастаған немесе кетiп қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн әрi кеткенде жиырма күнге ұзартады.

      ЕСКЕРТУ. 87-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

88-бап. Сайлау жарнасы

      Мәжiлiстiң депутаттығына әрбiр кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн өз қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының жиырма бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партиялар оларға енгiзiлген адамдардың Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн саяси партиялардың қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам үшiн заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының жиырма бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады. <*>

      ЕСКЕРТУ. 88-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 88-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.06.28. N 407 Заңымен .

89-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу

      1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Саяси партиялар табыс еткен партиялық тiзiмдердi тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

      2. Қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргiзiледi:

      1) осы қоғамдық бiрлестiктiң тиiсiнше Республика Әдiлет министрлiгiнде, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) әдiлет басқармасында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген тиiстi сайлау округi бойынша кандидатты ұсыну жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысы хаттамасының үзiндiсi;

      2) азаматтың өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiктен осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;

      3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

      3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

      4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат.

      3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) азаматтың осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

      2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

      2-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

      3) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат.

      4. Тiркеуге Мәжiлiс депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.

      5. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде Орталық және тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына табыс етiледi.

      6. Округтiк сайлау комиссиясы:

      1) кандидаттар тiркелгеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орнымен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы хабар жариялайды.

      2) тiркеу кезiнде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;

      3) Конституцияның және осы Конституциялық заңның талаптарын бұзу орын алса, сондай-ақ осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      7. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi тiркеу мынадай құжаттар:

      1) саяси партияның жоғары органының саяси партияның Республика Әдiлет министрлiгiнде тiркелгендiгi туралы құжаттың көшiрмесi қоса берiле отырып, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрме, сондай-ақ оның республикалық мәртебесiн растайтын құжаттар;

      2) азаматтардың партиялық тiзiмге енгiзiлуiне келiсетiндiгi туралы арызы;

      3) партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам туралы өмiрбаяндық деректер;

      4) партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адамның психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

      5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгендiгiн растайтын құжат болған жағдайда жүргiзiледi.

      Партиялық тiзiм бойынша кандидат етiп:

      1) тiркеу алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған;

      2) тiркеу алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзғаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

      3) тiркеу уақытына қарай өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адам тiркелуге жатпайды.

      8. Бiр саяси партиядан адамдардың кез келген саны енгiзiлген бiр тiзiмдi ғана тiркеуге жол берiледi.

      9. Орталық сайлау комиссиясы:

      1) партиялық тiзiмдердi тiркегеннен кейiн оныншы күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын, партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (кәсiбiн), жұмыс iстейтiн және тұратын жерiн көрсете отырып, тiркеу туралы хабарлама жариялайды;

      2) тiркеу кезiнде партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдарға тиiстi куәлiктер бередi;

      3) Конституцияның және осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда партиялық тiзiмдi немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген нақты адамды тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      10. Тiркеуден бас тарту немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жою жөнiнде жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Бұл орайда Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым бойынша шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiмде шешiм шығарады.

      11. Кандидаттар мен партиялық тiзiмдердi тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлауға екi ай қалғанда басталады және бiр ай қалғанда аяқталады.

      ЕСКЕРТУ. 89-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 89-баптың 7-тармағы жаңа редакцияда, 9-11 тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

90-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәжiлiс депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

      1. Мәжiлiс депутаттығына кандидат тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын, бұл туралы округтiк сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

      2. Қоғамдық бiрлестiктiң жоғарғы органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын, округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс бере отырып, Мәжiлiс депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

      3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      3-1. Саяси партиялар партиялық тiзiмдер тiркелгенге дейiнгi кезеңде және одан кейiн, бiрақ дауыс беру күнiне дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей, өздерiнiң партиялық тiзiмдерiн керi қайтарып алуы мүмкiн, бұл жөнiнде Орталық сайлау комиссиясына жазбаша мәлiмдеме және саяси партияның жоғары органы отырысының хаттамасынан көшiрме бередi. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою туралы шешiм қабылдайды.

      4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою оған мәжбүр етпейтiн себептерсiз жүргiзiлген болса, округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығындардың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.

      ЕСКЕРТУ. 90-бап өзгердi, 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

91-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары

      Мәжiлiс депутаттығына кандидаттың жетiге дейiн сенiм бiлдiрген адамдары болуы мүмкiн.

92-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

      Кандидаттың сайлау қоры мыналардан түзiледi:

      1) кандидаттың өз қаражаты, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс;

      2) кандидатқа өзiн ұсынған республикалық қоғамдық бiрлестiк бөлген қаражат, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс;

      3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары, олардың сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының мың есе мөлшерiнен аспауға тиiс.

92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi

      1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.

      2. Саяси партияның сайлау қоры:

      1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;

      2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

      ЕСКЕРТУ. 92-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

93-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

      1. Тиiстi сайлау округi бойынша тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы, округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша, өз қаулысымен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспайды.

      2. Бұл жағдайда Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      ЕСКЕРТУ. 93-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

94-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауында дауыстарды есептеу

      1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң хаттамалары дереу тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жөнелтiледi.

      2. Мәжiлiс депутаттары сайлауының нәтижелерi округтiк сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде анықталады. Мәжiлiс депутаты сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қойған хаттама жасалып және ол сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша сайлаудың нәтижелерi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде Орталық сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасалады.

      3. Дауыс санаудың нәтижелерi мен сайлау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 94-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

95-бап. Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде қайта дауыс беру

      1. Егер сайлау бюллетенiне екеуден артық Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар енгiзiлсе және олардың бiрде-бiреуi сайланбай қалса, округтiк сайлау комиссиясы неғұрлым көп дауыс алған екi кандидат бойынша депутат сайлауы жөнiнде қайта дауыс берудi тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, қайта дауыс беру соның кандидатурасы бойынша өткiзiледi.

      2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      3. <*>

      ЕСКЕРТУ. 95-бап өзгердi, 3-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

96-бап. Мәжiлiс депутаттарын қайта сайлау

      1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса не бiр ғана кандидат немесе екi кандидат дауысқа түскен кезде ол (олар) сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және бастапқы сайлау өткiзу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмi бойынша өткiзiледi.

      2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей немесе тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мерзiмде өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңмен белгiленген тәртiппен өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      3. Қайта сайлау өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      4. Бұрын дауысқа түскен Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар қайта сайлауға қатыспайды.

      5. Қайта сайлауға үш проценттiк кедергiден өткен және алдыңғы сайлауға қатысқан саяси партиялар да қатыса алады.

      ЕСКЕРТУ. 96-бап өзгердi және 5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

97-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау

      1. Республиканы тұтас алғанда Мәжiлiс депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде анықтайды.

      2. Мәжiлiс депутатының сайлауында:

      1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған;

      2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда сайлаушылар даусының көбiрек санын алған;

      3) қайта дауыс беру кезiнде бiрден-бiр кандидат дауысқа түскен кезде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының елу процентiнен астамын алған кандидат сайланды деп есептеледi.

      3. Сайлау қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 97-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң қорытындыларына қарай бөлу

      1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жетi және одан да көп процентiн алған әрбiр партиялық тiзiм үшiн бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша берiлген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Жетi проценттiк кедергiден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онға - бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша бөлiнетiн депутаттық мандаттар санына бөлiнедi. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.

      2. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбiр партиялық тiзiм алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлiнедi. Санды бөлу нәтижесiнде алынған тұтас бөлiк партиялық тiзiм құрған тиiстi саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.

      3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген iс-әрекеттен кейiн бөлiнбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргiзiледi. Бөлiнбеген мандаттар осы баптың 2-тармағына сәйкес бөлудiң нәтижесiнде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлiгiне (қалдығына) ие болған партиялық тiзiмдерге бiр-бiрден берiледi. Ең көп қалдық тең болған жағдайда басымдық бұрын тiркелген партиялық тiзiмге берiледi.

      4. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиiстi партиялық тiзiмге орналастырудың ретiне қатаң сәйкес бөлiнедi.

      5. Партиялық тiзiмдердi құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудiң нәтижесiнде сайланған депутат мерзiмiнен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен нақ сол партиялық тiзiм бойынша сайланған келесi кандидатқа берiледi.

      Тиiстi партиялық тiзiмде кандидаттар қалмаған жағдайда Мәжiлiс депутаттарының келесi сайлауына дейiн мандат бос қалады.

      Саяси партия қайта құрылған немесе таратылған жағдайда осы партияның тiзiмi бойынша сайланған Мәжiлiс депутаттары өз өкiлеттiгiн тоқтатады.

      ЕСКЕРТУ. 97-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

98-бап. Мәжiлiс депутаттарын тiркеу

      1. Орталық сайлау комиссиясы сайланған Мәжiлiс депутаттарын округтiк сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде тiркейдi.

      2. Орталық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алған болса, Мәжiлiс депутаттары сайлауын жарамсыз деп тануы және Мәжiлiс депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiнiң қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.

      ЕСКЕРТУ. 98-баптың 1-тармағынан сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 133-I Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 98-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

99-бап. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткiзу

      1. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау осы Конституциялық заңның Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерiне сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      2. Мәжiлiс депутаты Парламент өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына бiр жылдан аз уақыт қалғанда шығып қалса, оның орнына депутат сайлауы өткiзiлмейдi.

      ЕСКЕРТУ. 99-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

100-бап. Конституциялық Кеңестiң Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы

      1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла тұрады.

      2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.

      3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған сайлау округтерiнде Мәжiлiс депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы бұл сайлау округiндегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған сайлау округтерiнде екi ай iшiнде қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

      ЕСКЕРТУ. 100-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының
сайлауы

101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау

      1. Мыналар:

      1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, кезектi сайлауды;

      2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқталуы кезектен тыс сайлауды;

      3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқталуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутат сайлауын тағайындау үшiн негiз болып табылады.

      2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде төрт ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.

      3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Сенат шешiмiнiң негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.

      4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасының) сайлау комиссиясы депутаттың мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей тағайындайды.

      5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмi жөнiнен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиiс.

      6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      ЕСКЕРТУ. 101-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар

      Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2-тармағына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.

      ЕСКЕРТУ. 102-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

      1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.

      2. Мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуды Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердiң жоғары органдары әр кандидат дауысқа түсiп отырған сайлау округiн көрсете отырып жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiк депутаттыққа кандидаттар ретiнде сол қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi емес адамдарды ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк әр сайлау округiнен мәслихат депутаттығына бiр ғана кандидат ұсына алады. Мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң жоғарғы органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және ол хаттаманың үзiндiсiмен ресiмделедi.

      3. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiк жоғарғы органының шешiмi үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей:

      1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;

      2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.

      4. Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.

      5. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.

      6. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау күнiнен үш ай бұрын басталып, сайлау күнiне екi ай қалғанда аяқталады.

      7. Егер кандидаттардың бiр де бiрi ұсынылмаған не ұсынылған барлық кандидаттар өз кандидатураларын алып тастаған немесе кетiп қалған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол жиырма күннен аспауға тиiс.

      8. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.

      ЕСКЕРТУ. 103-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркеу

      1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

      2. Қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:

      1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының, осы қоғамдық бiрлестiктiң тиiсiнше Республика Әдiлет министрлiгiнде, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының) әдiлет басқармасында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi тiркеле отырып, тиiстi сайлау округi бойынша кандидат ұсыну жөнiндегi отырысы хаттамасының үзiндiсi;

      2) азаматтың өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiктен осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;

      3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер бар болған ретте жүргiзiледi;

      4) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.

      3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:

      1) осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

      2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

      3) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

      3) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат бар болған ретте жүзеге асырылады.

      4. Тiркеуге мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.

      5. Мәслихат депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына табыс етiледi.

      6. Округтiк сайлау комиссиясы:

      1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi баспасөз құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып тiркеу туралы хабар жариялайды;

      2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;

      3) Конституция мен осы Конституциялық заң талаптарын бұзу орын алса, сондай-ақ осы Конституциялық заңмен белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiмнiң жойылуына қоғамдық бiрлестiк немесе кандидаттың өзi аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа жетi күн мерзiм iшiнде шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде шешiм шығарады.

      8. Мәслихат депутаттығына кандидатты тiркеу, егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне қырық күн қалғанда аяқталады.

      ЕСКЕРТУ. 104-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 104-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

105-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

      1. Мәслихат депутаттығына кандидат тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын, бұл туралы округтiк сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын қайтып ала алады.

      2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс берiп, мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешiмiнiң күшiн жоя алады.

      3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi немесе кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.

      ЕСКЕРТУ. 105-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары

      Депутаттыққа кандидаттың үшке дейiн сенiм бiлдiрген адамдары болуы мүмкiн.

107-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

      1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн әрi кеткенде екi айға ұзартады.

      2. Мұндай жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      ЕСКЕРТУ. 107-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде дауыстарды санау

      1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.

      2. Мәслихат депутатын сайлау нәтижелерi учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде округтiк сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Мәслихат депутаттары сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссия төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылып, сайлау өткiзiлген күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiлетiн хаттама жасалады.

      3. Дауыс беру нәтижесi мен сайлау нәтижесiн анықтаумен байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 108-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

109-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiндегi қайта дауыс беру

      1. Егер сайлау бюллетенiне екеуден артық мәслихат депутаттығына кандидат енгiзiлген болса әрi олардың бiрде-бiрi сайланбаса, онда округтiк сайлау комиссиясы неғұрлым көп дауыс алған екi кандидат жөнiнен депутат сайлауы бойынша қайта дауыс беру тағайындайды. Егер кандидатуралардың кетiп қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, онда қайта дауыс беру оның кандидатурасы бойынша өткiзiледi.

      2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып, бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      3. <*>

      ЕСКЕРТУ. 109-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау

      1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса не бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда ол сайланбаса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмдерi бойынша өткiзiледi.

      2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарланады.

      4. Бұрын дауысқа түскен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар қайта сайлауға қатыспайды.

      ЕСКЕРТУ. 110-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

      1. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей анықтайды.

      2. Мәслихаттың сайланған депутаты болып:

      1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының даусын алған;

      2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшiлiгiн алған;

      3) қайта дауыс беру кезiнде бiрден бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының даусын алған кандидат саналады.

      3. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 111-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тiркеу

      1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайланған мәслихаттар депутаттарын тiркейдi.

      2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, мәслихат депутаты сайлауын жарамсыз деп тануы және мәслихат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл орайда мәслихат депутаттығына кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн iшiнде шешiм қабылдайды.

      ЕСКЕРТУ. 112-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

113-бап. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткiзу

      1. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы осы Конституциялық заңда мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      2. Мәслихат өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуiне бiр жылдан аз уақыт қалғанда мәслихат депутаты шығып қалған жағдайда шығып қалғанның орнына депутат сайлауы өткiзiлмейдi.

      ЕСКЕРТУ. 113-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

14-тарау. Қазақстан Республикасының жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарына сайлау

114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау тағайындау

      1. Мыналар:

      1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң аяқталуы сайлау тағайындауға;

      2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғанның орнына мүше сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.

      2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын аумақтық сайлау комиссиясы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын тағайындайды және олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде бiр ай уақыт қалғанда өткiзiлуге тиiс.

      3. Сайлау күнi туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

115-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне қойылатын талаптар

      Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi болып сайлану үшiн азамат Қазақстан Республикасының тиiстi заңымен белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ оның Конституцияның 33-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау құқығы болуға тиiс.

116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау округтерi мен сайлау комиссиялары

      Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде:

      1) халық топтары жинақы тұратын ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардың аумақтары сайлау округтерi болып табылады.

      2) округтiк сайлау комиссиясының қызметiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы атқарады.

      3) сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi учаскелiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

      1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну құқығы сайлау құқығы бар әрi ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтарда жинақы тұратын кемiнде елу азамат болған жағдайда құқылы азаматтар жиналысында, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтарда болады.

      2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына кандидаттар ұсыну туралы шешiмдi жиналысқа қатысқан азаматтар санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      3. Азаматтар жиналысының шешiмi үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей:

      1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;

      2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.

      4. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне тиiстi ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағы бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.

      5. Осы ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағында тұрмайтын азамат жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып ұсыныла алмайды.

      6. Ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейдi.

      7. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiнгi келесi күннен басталып сайлау күнiнен он төрт күн бұрын аяқталады.

      8. Егер бiр де бiр кандидат ұсынылмаған не барлық ұсынылған кандидаттар өздерiн тiркегенге дейiн кандидатураларын қайтып алған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол әрi кеткенде жиырма күннен аспайды.

      9. Аумақтық сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.

      ЕСКЕРТУ. 117-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу

      1. Кандидаттарды тiркеудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

      2. Азаматтар жиналысы ұсынған кандидатты тiркеу мына құжаттар:

      1) азаматтар жиналысының хаттамасы;

      2) азаматтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;

      3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер болған жағдайда жүргiзiледi;

      4) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.

      3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мына құжаттар:

      1) кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

      2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер болған жағдайда жүзеге асырылады.

      3) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.

      4. Тiркеуге кандидаттардың кез-келген саны ұсынылады.

      5. Кандидаттарды тiркеу жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.

      6. Аумақтық сайлау комиссиясы:

      1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн төртiншi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды.

      2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;

      3) тиiстi Заң мен осы Конституциялық заң талаптарын бұзу орын алса, сондай-ақ осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

      7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң жойылуына азаматтар жиналысы немесе кандидаттың өзi үш күн мерзiм iшiнде жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап үш күн iшiнде шағым жөнiнде шешiм шығарады.

      8. Кандидатты тiркеу сайлау күнiнен жиырма күн бұрын басталып, оған он бес күн қалғанда аяқталады.

      ЕСКЕРТУ. 118-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 118-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

      1. Кандидат тiркеуге дейінгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде үш күн бұрын, бұл жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

      2. Азаматтар жиналысы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде үш күн бұрын, аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

      3. Мұндай жағдайларда аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

120-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары

      Кандидаттың үшке дейiн сенiм бiлдiрген адамдары болуы мүмкiн.

121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

      1. Тiркеу мерзiмi бiткеннен кейiн барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ бұл бiр айдан аспайды.

      2. Мұндай жағдайда кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      ЕСКЕРТУ. 121-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау

      1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.

      2. Дауыстарды санаудың нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 122-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қосымша сайлау

      1. Егер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiнiң саны тиiстi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органындағы мандаттар санынан кем болған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы бастапқы сайлау өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң қосымша сайлауын тағайындайды.

      2. Қосымша сайлау осы Конституциялық заңда бастапқы сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.

      ЕСКЕРТУ. 123-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қайта сайлау

      1. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және сайлаушылардың бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiмдерi бойынша жүргiзiледi.

      2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

      3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      4. Бұрын дауысқа түскен кандидаттар қайта сайлауға қатыспайды.

      ЕСКЕРТУ. 124-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

      1. Сайлау қорытындылары аумақтық сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы аумақтық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.

      1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшiлiк санын алған кандидаттар берiлген мандаттарға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерi болып саналады.

      2. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

      ЕСКЕРТУ. 125-бап өзгердi және 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу

      1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiн сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмде тiркейдi.

      2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын жарамсыз деп тануы және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап бес күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.

      ЕСКЕРТУ. 126-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзу

      1. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау осы Конституциялық заңда кезектi сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

      2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы өкiлеттiгiнiң заңмен белгiленген мерзiмiнiң бiтуiне бiр жылдан аз уақыт қалғанда шығып қалған жағдайда шығып қалғанның орнына мүше сайлау өткiзiлмейдi.

      ЕСКЕРТУ. 127-бап өзгердi -Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

128-бап. Бiрiншi шақырылған Парламент депутаттары сайлауын тағайындау

      1. Бiрiншi шақырылған Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын Республика Президентi тағайындайды және ол Қазақстан Республикасының Конституциясы күшiне енген күннен бастап төрт айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.

      2. Сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен Президент белгiлейдi.

129-бап. Бiрiншi шақырылған Парламент Сенаты депутаттарын сайлау тәртiбi

      1. Бiрiншi шақырылған Сенат депутаттарының сайлауы бойынша сайлау шаралары, дауыс берудi өткiзудi, сайлау қорытындыларын анықтау мен Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.

      2. Бiрiншi шақырылған Сенат депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру таңдаушылардың - тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарының, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы мәслихатының депутаттарының бiрлескен отырысында Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша жеке-жеке өткiзiледi.

      3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды әлiпби тәртiбiмен екi бюллетеньге бөледi. Кандидаттар көбейiп кеткен кезде олар бiрiншi және екiншi бюллетеньге тепе-тең бөлiнедi. Кандидаттардың саны аз болған кезде бiрiншi бюллетеньге екiншi бюллетеньге қарағанда бiр кандидат артық қосылады.

      4. Екi бюллетеньмен бiр кезде өткiзiлген дауыс беру кезiнде таңдаушы әр бюллетеньдегi өзi қарсы дауыс беретiн кандидаттардың тегiн сызып тастайды, бұл ретте өзi дауыс берiп отырған кандидаттың тегiн сызбай қалдырып, басқалардың тегiн сызып тастайды.

      5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзiледi.

      6. Бiрiншi шақырылған Сенат депутаты сайлауында:

      1) дауыс берудiң бiрiншi турында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған;

      2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар даусының көбiрек санын, бiрақ дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының кемiнде қырық процентiнiң даусын алған;

      3) қайта дауыс беру кезiнде, бiрден бiр кандидат дауысқа түскен кезде дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының елу процентiнен астамын алған кандидат сайланған болып саналады.

      7. Бiрiншi шақырылған Сенаттың:

      1) төрт жылға сайланған депутаты болып дауыс беру кезiнде басқа депутат болып сайланған кандидатқа қарағанда көбiрек дауыс алған кандидат;

      2) екi жылға сайланған депутаты болып басқа депутат болып сайланған кандидат саналады.

      8. Депутаттар сайлаған кандидаттардың әрқайсысына берiлген дауыс саны тең болған жағдайда, олардың өкiлеттiгiнiң мерзiмi жеребе бойынша анықталады.

      ЕСКЕРТУ. 129-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

130-бап. Мәслихаттар депутаттарын сайлау мерзiмi

      1. Мәслихаттар депутаттарының бiрiншi сайлауы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес 1999 жылдың iшiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тағайындайтын мерзiмде өткiзiледi. 1994 жылғы 7 наурызда сайланған жергiлiктi өкiлдi органдардың өкiлеттiгi 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мәслихаттар депутаттарының жаңа құрамы сайланғанға дейiн қолданыла бередi.

      2. Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлау осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiп пен мерзiмде тағайындалып, өткiзiледi.

      ЕСКЕРТУ. 130-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 130-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау мерзiмi

      Республика Конституциясында көзделген жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн белгiлейтiн заң күшiне енгеннен кейiн, бiрақ аталмыш заң күшiне енген күннен бастап екi айдан кешiктiрмей тағайындайды.

132-бап. Бiрiншi шақырылған Парламент сайлауы кезiнде республикалық бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау жасаудың ерекшелiктерi

      Бiрiншi шақырылған Парламент сайлауы кезiнде Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi құрылғанға дейiнгi уақытта кандидаттардың сайлау науқанына бөлiнген республикалық бюджет қаражатын жұмсауын бақылауды сайлау комиссиялары жүзеге асырады, олар аталмыш бақылауды жүргiзуге құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдарды тарта алады.

133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi және қолданылуы

      Осы Конституциялық заң:

      1) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi;

      2) осы Конституциялық заң күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      ЕСКЕРТУ. 133-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .

Қазақстан Республикасының


Президентi