Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 8 мамырдағы N 222 Конституциялық Заңы

      Жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдардың өтiнiштерiн, Ақмола қаласы жұртшылығының талап-тiлектерiн ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта аталсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
             Президентi