Ескерту. Тақырып өзгердi, кiрiспе алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен .
1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар
Осы Конституциялық заң Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
3-бап. Сайлау құқығы принциптерi
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
4. Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің, соның ішінде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
1. Сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады.
2. Сайлаушылар Республиканың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.
3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.
1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.
2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
3. (алып тасталды)
Ескерту. 7-баптың 3-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222
Заңымен
.
Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
1. Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1) (алып тасталды)
2) мыналар:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.
2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.<*>
3. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1) (алып тасталды)
2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен
өкiлеттiктерiнiң мерзiмi
1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:
1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
3) округтiк сайлау комиссиялары;
4) учаскелiк сайлау комиссиялары.
3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi - бес жыл.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.
6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді.
7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтінішінің негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентiнiң ұсынуы бойынша Парламент Мәжiлiсi қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерiнен тұрады.
3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен хатшысының жоғары заң бiлiмi болуға тиiс.
4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.
5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
12-бап. Республиканың орталық сайлау
комиссиясының өкiлеттiктерi
Орталық сайлау комиссиясы:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;
3) Парламент Мәжiлiсінің депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау округтерiн құрады, олардың бiрыңғай нөмiрлерiн белгiлейдi және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
3-1) (алып тасталды)
4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;
5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi, сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi; Президенттi және Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;
7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін шығарады;
10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;
12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;
13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;
14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
15) мәслихаттар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады; Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттарға сайланатын депутаттардың санын анықтайды;
16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми wеb-сайтына сайлау заңдары жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тізілімін жүргiзедi;
16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;
16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Аумақты сайлау комиссиялары:
1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;
2) жетi адамнан құрылады.
3. (алып тасталды)
4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда- Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi: Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;
6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;
6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;
7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;
8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;
9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми wеb-сайтында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;
10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;
11) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары
1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде Парламент Мәжiлiсiнің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.
3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Округтiк сайлау комиссиясы:
1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) Парламент Мәжiлiсi және мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;
3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне)
түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнеді;
4) (алып тасталды)
5) Парламент, Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын
тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;
6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;
7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;
8) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiң аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
10) қайта дауыс беру, қайта сайлау және Парламент Мәжiлiсiнiң шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;
11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;
12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары
1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
Учаскелік сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.
2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - жетi күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;
2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де заң актiлерiмен айқындалады.
2-1. Мыналар:
сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
(
K970167
)
сот
iс-әрекетке қабілетсiз
немесе
iс-әрекет қабілеті шектеулі
деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсіби тұрақты негiзде жүзеге асырады.
Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүддесін бiлдіреді, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерін бiлдiру жөнiндегi өкілеттiктi тиiстi сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.
4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткiзу кезеңiнде өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;
3) күн тәртiбiне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үшiнің даусымен расталған уәкiлеттігі бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;
7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;
8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;
9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.
6. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген өкілеттiк мерзiмi аяқталғанда, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ:
1) мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
3) тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;
4) соттың оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы сот шешімi заңды күшiне енген;
6) қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі өзін ұсынған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда өз міндеттерінен босатылады.
7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн бiрнеше мәрте бұзған немесе мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда сайлау комиссиясын құратын орган оны лауазымын атқарудан босатады.
8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.
9. Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс.
10. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
, өзгерту енгізілді - 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
20-бап. Сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастыру
және олардың әрекеттерiне шағым жасау
1. Сайлау комиссияларының қызметi алқалы негiзде жүзеге асырылады.
2. Алғашқы отырыстарды:
1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын Комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кейiн он төрт күннiң iшiнде шақырады;
2) төменгi сайлау комиссияларының отырыстарын - тиiстi жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейiнгi жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шақырады.
3. Сайлау науқанын әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде комиссиялардың отырыстары кемiнде екi аптада бiр рет өткiзiледi. Өзге уақытта комиссиялар өздерiнiң отырыстарын қажетiне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң бастамашылығымен өткiзiп тұрады.
4. Егер комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан болса, сайлау комиссияларының отырыстары құқықты болады.
Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
5. Комиссиялардың шешiмдерi, осы Конституциялық заң белгiлеген жағдайлардан басқа кезде олардың мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешiмiмен келiспейтiн мүшелерi ерекше пiкiрiн айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткiзiледi және жазбаша түрде комиссия отырысының хаттамасына тiркеледi.
6. Егер осы Конституциялық заңда шағым берудiң өзге мерзiмдерi белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шешiм қабылданған немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасалған күннен бастап он күн iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Көрсетілген мерзiмдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешiмiне, немесе iс-әрекеттерiне берiлген арыздар қарауға жатпайды. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына алдын ала жүгіну сотқа жүгінудің мiндеттi шарты болып табылмайды.
Жоғары тұрған сайлау комиссиясына берiлген өтiнiште өтiнiш беру үшiн негіз болған мән-жайлар мiндеттi түрде жазылады және өтiнiш иесi өз талаптарын негiздеген дәлелдемелер көрсетiледi.
Өтiнiштер сайлау комиссиясы мен сотта бiр мезгiлде қаралған кезде, сайлау комиссиясы сот шешiмi күшіне енгенге дейін өтінiштi қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтiнiш туралы және оны қарау нәтижелерi бойынша сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенi жөнiнде сайлау комиссиясын хабардар етедi.
Сот сайлау комиссиясы шешiмінiң күшін жойған жағдайда сот шешiмiнiң негiзiнде мәселенiң мәнi бойынша жаңа шешiмдi - шешiмiнің күшi жойылған сайлау комиссиясы немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы қабылдауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиялары сот шешімін орындауға мiндеттi.
7. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өз өкiлеттерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуге, оларға қажеттi мәлiметтер мен материалдар беруге, сайлау комиссияларының өтiнiшiне үш күн мерзiм iшiнде, ал сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi дереу жауап қайтаруға мiндеттi.
8. Аумақтық, округтiк, учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде өз қалауымен сайлау өткiзуге бөлiнген қаражаттың есебiнен орташа жалақысы сақтала отырып, комиссияның шешiмi бойынша өндiрiстiк немесе қызмет мiндеттерiн орындаудан босатылуы мүмкiн. Сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбегiне қосымша ақы төлеу сайлау өткізуге бөлiнген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады. Сайлау комиссияларының мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдар мен ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткiзу кезеңінде негiзгi жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады.
9. Президенттiкке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін-өзi басқару opгандарының мүшелiгiне кандидаттар, кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары сайлау комиссияларының мүшелерi бола алмайды.
Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тiкелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз ететiн сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
Аталған адамдар тиістi кандидат тiркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесі міндетiнен босатылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
20-1-бап. Сайлау комиссияларының қызметiндегi жариялылық
Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
1. Сайлау комиссияларының қызметi жариялы және ашық түрде жүзеге асырылады.
Сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi сайлау процесiнің барлық сатыларына қатысуға, сондай-ақ сайлау комиссияларынан сайлау процесi туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.
Сенiм білдiрiлген адамдардың, байқаушылардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнің осы Конституциялық заңмен берiлген құқығын ешкiм шектей алмайды.
2. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңмен көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешiмдерiмен барлық адамдардың еркiн танысуы үшiн жағдай жасайды.
3. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партиялар тиiстi сайлау комиссияларының отырыстары және күн тәртібi туралы алдын ала хабардар етiледі.
4. Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған сайлау учаскесi ашылған сәттен бастап және сайлау учаскесiнде сайлаушылардың дауыстарын санау кезiнде дауыс беру нәтижелерi анықталғанға дейiн бiр мезгiлде әрбiр кандидаттан бiр сенім бiлдiрiлген адам, қызметтiк куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр өкiл және Қазақстан Республикасының әрбiр саяси партиясынан, қоғамдық бiрлестiгiнен, коммерциялық емес ұйымынан бiр байқаушы және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.
5. Байқаушының өкiлеттігі, оның тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлау учаскесінің нөмiрi (сайлау комиссиясының атауы), сайлау болатын күн көрсетiлiп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиiс. Ол құжат оны берген ұйымның мөрiмен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушыны тiркеу үшiн көрсетiледi.
6. Сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi:
1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
2) сайлаушылар тiзiмдерiмен танысуға, дауыс беруге, соның iшiнде, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпараттар алуға;
3) әскери бөлiмдерде, Қазақстан Республикасына тиесілі және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi шетелдiк мекемелерінiң жанынан құрылған сайлау учаскелерiн қоса алғанда, тиiстi сайлау учаскесiнiң дауыс беруге арналған үй-жайларында дауыс беру және дауыстар санау кезiнде болуға;
4) тасымалданатын сайлау жәшiгiн бақылап жүруге, соның iшiнде оларды тасымалдау кезiнде көлік құралында болуға;
5) сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстар санау және дауыс беру нәтижелерiн ресiмдеу рәсiмiн барлық аталған рәсiмдердi анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететiн жағдайларда байқауға;
6) тиiстi сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерiнiң шешiмдерiне, iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруiн өткiзу кезiнде қатысуға;
8) учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерiн есептеу және жою кезiнде қатысуға;
9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергi жасамай, фото-, дыбыс- және бейне жазбалар жасауға;
10) дауыс беру өткізiлгеннен кейiн сайлау комиссиясының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
11) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиiстi жазбаша өтiнiштер, актiлер табыс eтугe және табыс еткенi туралы белгi соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенiм бiлдiрiлген адамдардың, байқаушылардың талаптары бойынша дауыстарды санау хаттамасына өздерi жасаған актiлердi қоса беруге мiндеттi.
7. Сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi:
1) жеке басы мен өкілеттiгiн куәландыратын құжаттарын өздерiмен алып жүруге;
2) сайлау процесiне, сайлау комиссияларының дауыстарды санау және шешiм қабылдау рәсiмiне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер қолданбауға;
4) сайлау учаскесiнде тиiстi сайлау комиссиясы белгiлеген мінез-құлық ережелерiн сақтау жөнiндегi сайлау комиссиясы мүшелерiнiң талаптарын орындауға;
5) өз ескертулерін құжатталған, дұрыс және тексеpугe болатын фактiлермен негіздеуге;
6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын сақтауға;
7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндеттi.
8. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледi. Шет мемлекеттерден келген жеке тұлғаларды Орталық сайлау комиссиясы аккредиттемейдi.
Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға сайлау науқанын өткізу кезеңiнде олардың қызметi үшiн негiз болып табылатын белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу дауыс беру күнінен бес күн бұрын аяқталады.
Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекет, халықаралық, ұйым байқаушысының, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары өкілiнiң аккредиттелуiн кері қайтарып алуға құқылы.
9. Байқаушылардың қызметiн қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету байқаушыларын жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
10. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңдарын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы байқаушыны тiркеудiң күшiн жоюға немесе Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекеттiң, халықаралық ұйымның байқаушысын, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары өкiлiнiң аккредиттелуiн керi қайтарып алу туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi
1. Қазақстан Республикасында Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланылады.
2. Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады. Бұл ретте облыс шегiндегi, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасындағы, аудандық, қалалық сайлау округтерiндегi сайлаушылар санының айырмасы осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегі әрбiр депутаттық мандатқа сайлаушылардың орташа санының он бес процентінен аспауға тиiс.
3. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады.
4. Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар сақталып, бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi құрылады.
5. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың
шекараларын қайта қарау
1. Сайлау округтерiн тиiсiнше Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
2. Сайлау округтерiнiң тiзiмiн, олардың шекараларын және округтiк сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiп, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей тиiстi сайлау комиссиялары тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
3. Сайлау округтерiнiң тiзiмiне өзгерiстер енгiзудi, олардың шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн анықтауды тиiстi сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
23-бап. Сайлау учаскелерiн құру
1. Аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн тиiстi әкiмдердiң сайлау комиссияларымен келiсiлген шешiмдерiмен сайлау учаскелерi құрылады. Сайлау учаскелерi сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып, құрылады.
2. Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар:
1) әрбiр сайлау учаскесiнде үш мыңнан аспайтын сайлаушы болуы;
2) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы ескерiле отырып құрылады.
3)
(алынып тасталды)
3. Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлiмдерде және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында олардың орналасқан жерi, кеменiң тiркелген порты немесе тұрған жерi бойынша тиiстi сайлау округтерiне кiретiн сайлау учаскелерi құрылады. Шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң жанынан Республика Сыртқы iстер министрлiгi орналасқан аумақтағы сайлау округiне қарайтын сайлау учаскелерi құрылады.
4. Сайлау учаскелерiн құру кеме капитандарының, бөлiмдер немесе әскери құрамалар командирлерiнiң, осы баптың 3-тармағында аталған мекемелер басшыларының тиiстi әкiмдер мен Республиканың Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Тиiстi әкiмдер учаскелердi құрған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзген кезде үш күн мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды әрбiр сайлау учаскесiнiң шекарасы жөнiнде хабардар етедi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
24-бап. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерi
және оларды жасау тәртiбi
1. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Сенат депутаттарын сайлау кезiнде таңдаушылардың тiзiмдерi жасалады.
2. (алып тасталды)
3. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.
4. Сайлаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады. Тiзiмде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (18 жастағылар үшiн - қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты мекен-жайы көрсетiледi. Таңдаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады және тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, таңдаушы депутаты болып табылатын мәслихаттың атауы әрi оның тұрғылықты мекен-жайын қамтиды.
5. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде жасайды.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмайтыны белгiлi болса, оның өзiнiң болатын жерi бойынша жергіліктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес азамат өтiнiш жасаған кезде жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелу орны бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.
Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылардың тiзiмiне тиiстi әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырылады.
Басқа құзыреттi органдар мен ұйымдардың деректерiмен алдын ала салыстырылған сайлаушылар туралы мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы орган әр жылдың 1 шiлдесiне және 1 қаңтарына электрондық жеткiзушi арқылы және қағазға түсiрiлген күйiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына тапсырады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi сайлау комиссиясына тапсырылған сайлаушылар тiзiмдерiнiң, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердiң дұрыстығы үшiн жауапты болады.
6. Жатақханаларда тұратын күндiзгi бөлiмдерде оқитын студенттер мен аспиранттар сайлаушылар тiзiмiне жатақхананың орналасқан жерi бойынша енгiзiледi.
7. Әскер бөлiмдерiндегi сайлаушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылардың тiзiмi әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде жасалады.
8. Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер, өкiлдiктер басшылары мен кеме капитандары берген деректер негiзiнде жасалады.
Уақытша болу орындарында (демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерінде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерi жанынан, Қазақстан Республикасының
иелiгіндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде) құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тізімдері дауыс берiлетiн күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша мiндеттi түрде нақтылануға тиiс.
9. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) мәслихаты хатшысының ұсынуы бойынша жасайды.
10. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
25-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне
енгiзу
1. Сайлаушылар тiзiмдерiне:
1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары;
2) тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтар;
3) демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болған азаматтардың бәрi;
4) әскер бөлiмдерi бойынша әскер бөлiмдерiнде тұрған әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi;
5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.
2. Таңдаушылар тiзiмiне:
1) облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың;
2) тиiсiнше республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы мәслихатының барлық депутаттары енгiзiледi.
3. Азамат (таңдаушы) сайлаушылардың (таңдаушылардың) бiр ғана тiзiмiне ене алады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
26-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiмен
таныстыру
1. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерiндегi сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда тиiстi сайлау комиссиялары танысу үшiн сайлаушыларға бередi.
Әскери бөлiмдерде, Қазақстан Республикасына тиесiлі және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын жерлерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi шетелдiк мекемелерінiң жанынан құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тiзiмдерi сайлаушыларға танысу үшiн дауыс беруге бес күн қалғанда; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау өткiзiлетiн кезде құрылған сайлау учаскелерi бойынша - дауыс беруге жетi күн қалғанда берiледi.
2. Сенат депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерi танысу үшiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен сайлауға дейiн кемiнде жетi күн бұрын ұсынылады.
3. Азаматтарға (таңдаушыларға) тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiмен танысу, сондай-ақ оларға енгiзiлген сайлаушылар (таңдаушылар) жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiледi.
4. Әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы. Тiзiмдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы тұрған жер бойынша тиiстi сотқа шағым жасауға болады, ол шағымды - арыз келіп түскен күні қарап, түпкiлiктi шешiм қабылдайды. Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
1. Сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет.
Шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
3. Сайлау алдындағы үгiт:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
2) сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткiзу жолымен;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.
4. Мыналарға:
1) мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына;
2) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьяларға;
3) сайлау комиссияларының мүшелерiне;
4) діни бiрлестiктерге сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
5. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары болып табылатын кандидаттарға өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.
Осы Конституциялық заңда мыналар:
1) бағынышты немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi адамдарды, аталған адамдар кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары ретiнде үгіттi жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге тарту;
2) кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған саяси партияның сайлануына септiгiн тигiзетiн қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар орналасқан үй-жайларды пайдалану, егер өзге кандидаттарға, саяси партияларға аталған үй-жайларды осындай шарттармен пайдалануға кепiлдiк берілмесе, лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалану деп ұғынылады.
Осы тармақта белгiленген шектеулердi сақтау лауазымды адамдарға өздерiнің қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрмеуге тиiс.
6. Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ.
7. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; өтiнiш келiп түскеннен кейін баспа басылымының таяудағы нөмірінде сол бетте, сондай көлемде және сол қаріппен немесе теледидар не радио хабарларында жиырма төрт сағат iшiнде сондай уақытта аталған адамдарға ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғауы үшiн терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдары тиiстi сайлау комиссияларының сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және осы Конституциялық заңда белгiленген хабарламаларды жариялауына кiдiрiссiз мүмкiндiк туғызады.
8. Бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдары, осы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетiлген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы науқан барысында айтқан пiкiрлерi үшін жауапты болмайды.
9. Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады. Сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.
Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады.
Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның, сондай-ақ олардың сенiм бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешімнің күшiн жоюға әкеп соғады.
10. Қандай да бiр адамның бейнесiн - оның жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келiсімінсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тыйым салынады.
Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, бап жаңа редакцияда - 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы
1. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңына, өзге де заң актiлерiне сәйкес белгілi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап не қарсы кедергiсiз сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кепiлдiк бередi.
Осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы.
2. Осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген тiркеу мерзiмi аяқталған кезден бастап, үгіт науқаны аяқталғанға дейiн кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында үгiттеуге және насихаттауға құқығы бар.
Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзуiнiң тең жағдайына кепiлдiк беріледi.
3. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуіне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың телевизиядан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi.
Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар теледидарда Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын, ол белгiлейтiн уақыт көлемiнде саяси пікiр-сайыстарға қатысуға құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға шарттық негiзде эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бередi. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын беру туралы шарттың талаптары белгiлi бiр кандидатқа, саяси партияға артықшылық туғызбауға тиiс. Эфирден және баспасөзден орын беру төлемiнiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi тиiстi телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзiмдiк баспа басылымының редакциясы сайлаудың тағайындалғаны туралы шешім ресми жарияланғаннан кейiнгі оныншы күннен кешiктiрмей хабарлауға және жариялауға тиiс, сондай-ақ Президент сайлауы кезiнде - Орталық және облыстық сайлау комиссияларына, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық, сондай-ақ oкругтік сайлау комиссияларына берiлуге тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралы кандидаттардың, партиялық тізімін ұсынған саяси партиялардың бірiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге берген келiсімi басқа да кандидаттарға, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге келiсiм беруі болып табылады.
Кандидаттар мен партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келiп түсу ретiмен не егер өтiнiштер бiр мезгiлде келіп түссе, жеребе бойынша белгiленедi.
Кандидаттардың телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiне iле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздерiне сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.
4. Сайлау комиссияларының өтiнiмi бойынша жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде үй-жай бередi. Сайлау комиссиялары бөлiнген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесуiнiң кестесiн жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Үй-жай беру шарты барлық кандидаттар үшін бiрдей болуға тиiс.
5. Тиісті сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, листовкалар, ұрандар мен өзге де үгіттiк баспа материалдарын басып шығару үшiн бiрдей мөлшерде ақша бөледi. Барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс. Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
6. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгiттiк баспа материалдары барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орналастырылады.
Кандидаттар үгiттiк баспа материалдарын тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен өзге де орындарда iлiп қоюға құқылы.
Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға тыйым салынады.
Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда кандидаттың фотосуретiмен және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мәліметтердің стандартты жиынтығымен, бiр нысанда кандидаттар туралы ақпарат орналастырылады.
7. Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттар өз сайлау қорларының қаражаты есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге, қосымша үгіт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлiк және iссапар шығыстарының орнын толтыруға құқылы. Бұл мақсатқа кез келген басқа көздерден өзге ақша тартуға, сайлау науқаны барысында кандидаттар пайдаланатын, кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарын, жұмысы мен қызметiн қабылдауға, аталған жеке және заңды тұлғаларға осы қызметтердің көрсетiлгенi үшін кандидат тарапынан жәрдемнің кез келген түріне тыйым салынады.
Кандидатқа, саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда олардың осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келiсiмi болуға тиiс. Жазбаша келiсiмi жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
8. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмдi баспа басылымдары сайлау комиссияларының хабарламаларын, сайлауға қатысатын кандидаттар туралы деректердi Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiппен және көлемде жариялауға мiндеттi.
9. Сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау caлу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні жариялауға жол берілмейдi.
Сайлау күнi дауыс берілетiн үй-жайда немесе дауыс беру пунктiнде қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.
Ескерту. 28-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, бап жаңа редакцияда - 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы
бағдарламасы
Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына, жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзінің болашақ қызметiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден, саяси партияның партиялық тiзiмін тiркеуден бас тартуға, ал кандидат немесе саяси партия мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
Ескерту. 30-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
31-бап. Сенiм бiлдiрген адамдар
1. Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, кандидаттар, саяси партиялар мүдделерiн білдіретін сенiм бiлдiрiлген адамдары болуына құқылы.
2. Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.
Сенат депутаттығына кандидаттың әрбiр ауданда, қалада, қаладағы ауданда бір-бірден сенім бiлдiрiлген адамдары болуына құқығы бар.
Кандидат, саяси партия сенiм бiлдiрiлген адамдар ретiнде ұсынған адамдар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенiм бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтінішін табыс етедi.
3. Сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi.
4. Сенiм білдiрiлген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, ол Сенат депутатын сайлау кезiнде мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс.
5. Сенiм бiлдiрiлген адамдар кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның өздерiне жазбаша түрде берген өкілеттiгі шегінде әрекет етедi.
6. Сенім білдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз ұйғарымымен, кандидаттың және партиялық тізiмiн ұсынған саяси партияның шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзімдi тіркеудiң күшi жойылған жағдайда өз мәртебесiнен айырылады.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату
1. Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.
2. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
33-бап. Сайлауды мемлекеттiк қаржыландыру
1. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетін бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Қаржыландыру тәртібi
Қазақстан Республикасының
бюджеттік
заңнамасында белгіленеді.
2. Республикалық бюджет қаражатынан:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне еңбек ақы төлеуге;
2) осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне;
3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiлетiн кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;
4) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiкке жұмсаған шығындары жабылады.
3. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттiк органдар, шет елдердiң Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады.
4. (алып тасталды - 2005.04.15. N 44 Конституциялық Заңымен)
Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
34-бап. Сайлауды мемлекеттiк емес қаржыландыру
1. Президенттi және Парламент және мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады.
2. Сайлау қорлары заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жатады.
3. Сайлау қорлары мынадай көздерден:
1) сайлау округтерi бойынша депутаттыққа кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;
2) кандидатқа оны ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан;
3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтарына тыйым салынады.
4. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Қорға келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiм бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары;
Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау кезінде бiр мандатты сайлау округтерiнен сайлауға түсетiн кандидаттарға қатысты және мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде - oкругтік сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
5. Аталған көздерден сайлау қорларына жолдануы мүмкiн ақшалай қаражаттың шектi мөлшерi осы Конституциялық заңның Ерекше бөлiмiнде белгiленедi. Белгiленген мөлшерден артық түскен ақша қаражаты сайлау қорына есептеуге жатқызылмайды және оларды қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылып берiледi. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. Дерегi жоқ қайырмалдықтар республикалық бюджет кiрiсiне енгiзiледi.
6. Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты кандидат, партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн тиiстi сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Осы Конституциялық заңда аталған мақсаттар үшiн сайлау қорының қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға берiледi. Банктер тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп бередi. Тиiстi сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәлiметтер жиырма төрт сағаттың ішiнде берiледi. Сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртiбiн және тиісті банк мекемесін Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
7. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылуға жатады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.
8. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысулар, міндеттi аударымдар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сайлаудың алдындағы күнi сағат 18-де тоқтатылады.
Қайта дауыс беру өткізілген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсіруге рұқсат берілген ақшаның шекті сомасы бір жарым есе ұлғайтылады.
Қайтадан дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады.
Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы осы Конституциялық заңмен белгiленген шектен acпaуғa тиiс.
9. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей кандидат саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруге мiндеттi. Сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады.
10. Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның осы баптың 1-8-тармақтарында белгiленген ережелердi, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген сайлау қорлары қаражатын жұмсау тәртібін бұзуы - кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға, ал сайлау өткiзiлгеннен кейiн кандидаттың Президент, Парламент депутаты, мәслихат депутаты, жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшесi ретiнде тiркелуiне дейін тиiстi аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
Ескерту. 34-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
35-бап. Сайлау шараларын сайлау комиссияларының
қаржыландыруы
1. Президенттi, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау iс-шараларын қаржыландыруды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай қаражатқа иелiк етедi және қаржы құжаттарының сайлау комиссияларының қаржы мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне сай келуi үшiн жауап бередi.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
36-бап. Сайлау науқанын өткiзуге бөлiнген
қаражаттың жұмсалуын бақылау
1. Сайлау науқандарына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты кандидаттардың жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары және банк мекемелерi жүзеге асырады.
3. Тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша аталған бақылауды жүргiзуге өздерiнiң құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдардың мамандары тартылуы мүмкiн.
Ескерту. 36-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
1. Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды өткiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Сайлау бюллетеньдерi мемлекеттiк тiлде және орыс тілiнде басылады.
Сайлау бюллетеньдерi сайлау округiндегi сайлаушылардың жалпы санының 0,1 процентi резервiмен сайлау округiндегi сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.
3. Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлаудан кем дегенде бiр күн бұрын жеткiзiледi.
4. (алып тасталды)
5. Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй мөрлеп бекiтiлiп, iшкi iстер органдарының күзетуiне тапсырылады.
Ескерту. 37-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
38-бап. Дауыс беру уақыты мен орны
1. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау жөнiндегi дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырмаға дейiн өткiзiледi. Аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат алтыдан ерте бастап, сағат жиырма екiден кеш аяқтауға болмайды. Дауыс берудi бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық немесе округтiк комиссиялардың шешiмi дауыс беру күнiне кем дегенде жетi күн қалғанда қабылданып, сайлаушыларға хабарлануға тиiс.
2. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн уақыт пен орын туралы дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзген кезде бес күннен кешiктiрмей сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ өзге де әдiстермен хабардар етуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының иелiгiндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, әскер бөлiмдерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда, алыстағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан құрылған сайлау учаскелерiнде, егер тiзiмге енгiзiлген сайлаушылардың бәрi дауыс берсе, учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс берудi кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады. Мұндай учаскелердiң тiзбесiн тиiстi сайлау комиссиясы сайлауға дейiн жетi күннен кешiктiрмей, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды өткiзгенде үш күннен кешiктiрмей бекiтедi.
4. Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бiр күннiң iшiнде өткiзiледi. Бұл ретте дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
39-бап. Дауыс беруге арналған үй-жай
1. Президенттi, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға дауыс беру арнайы бөлiнген бөлмелерде өткiзiлуге тиiс, оларда жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталуға, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар белгiленiп, дауыс беруге арналған жәшiктердiң қойылуы дауыс беретiн адамдар оларға жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтiп келетiндей болуға тиiс. Бұл ретте байқаушылар, сенiм бiлдiрілген адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi мен сайлау комиссиясы мүшелерiнiң сайлау жәшiктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кірудi және шығуды бақылауына жағдай жасалуға тиiс.
2. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы адамдар дауыс берудi өткiзу жөнiндегi комиссия белгiлеген ережелердi қатаң сақтауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы бiр мезгiлде дауыс беруге арналған үй-жайдағы сайлаушылардың санын реттейдi; тәртiпке жауапты болады және осы Конституциялық заңның ережелерiн бұзып, дауыс берудi өткiзуге кедергi келтiрген кез келген адамның ол жерден кетуiн талап етуге хақылы.
Дауыс беру күнi сайлау учаскесiнде сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарын бұзған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесi оның жұмысына қатысудан дереу шеттетiледi, ал байқаушы мен өзге адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелдi шешiмi бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады.
Осы шешiмнің орындалуын iшкi iстер органдары жүзеге асырады, олар сонымен қатар сайлау комиссиясының шеттетiлген мүшесiн, сондай-ақ шығарылған байқаушыны немесе өзге адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдайды.
3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртiптi қамтамасыз ету iшкi iстер органдарына жүктеледi. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi дауыс беруге арналған үй-жайда комиссия төрағасының шақыруымен ғана болуға тиiс және тәртiп қалпына келтiрiлгеннен кейiн не комиссия төрағасының өтініші бойынша ол жерден дереу шығуға мiндеттi.
Ескерту. 39-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
1. Президенттi, Мәжiлiстiң, мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастауға тиiс.
2. Сенат депутаттарын сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған пункттердi аша бастауға тиiс.
3. (алып тасталды -
2004.04.14. N 545
Заңымен
)
4. Учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы:
1) дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар екенiн немесе жоқ екенiн, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады;
2) комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
41-бап. Дауыс берудi ұйымдастыру
1. Әрбiр сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс бередi.
2. Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.
3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға (таңдаушыларға) сайлаушылар тiзiмдерi (таңдаушылар тiзiмдерi) негiзiнде сайлаушының (таңдаушының) жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi.
4. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмге бюллетеньдердi алғандығы туралы қол қояды.
5. Комиссияның бюллетеньдi (бюллетеньдердi) берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi (бюллетеньдердi) алған сайлаушының (таңдаушының) тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.
Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер бepуге құқығы жоқ.
6. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрілмей берiле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.
Осы тармақта көрсетілген өтініш келіп түскен жағдайда, сайлау комиссиясының төрағасы өтiнiш берген сайлаушының сайлаушылар тiзiмiндегi аты-жөнiнің тұсына тиiстi белгi қояды.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастырған кезде тасымалданатын жәшiктердi сайлау комиссиясының екі мүшесi алып жүредi.
Учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi байқаушыларды, сенiм бiлдiрілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруі туралы хабардар етуге мiндеттi.
Сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру үшiн шыққан кезде оларға байқаушылар не сенiм бiлдiрілген адамдар iлесiп жүруге құқылы.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру кезiнде сайлау комиссиясының мүшелерi, сайлау бюллетеньдерiнiң бүлiнуi мүмкiн екендiгi ескерiле отырып, олардың қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде дауыс берiлген жағдайда бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушыларға дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштерiнiң негiзiнде берiледi, олар бұл туралы өтiнiштерiне қол қояды.
Бюллетень (бюллетеньдер) берген комиссия мүшесi оған өз қолын қояды, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiшке де қол қояды.
6-1. Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiміне тиiсті белгі қойылады. Дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретін күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесiндегi сайлаушылар тiзiміне енгізедi.
7.
(алып тасталды)
8.
(алып тасталды)
9. Дауыс берудi осы баптың 6-тармағына сәйкес ұйымдастырып, өткiзу азаматтардың сайлау құқықтарын бұзу, дауыс беру құпиясын бұзу немесе сайлаушының ерiк бiлдiруiн бұрмалау мүмкiндiгiн болдырмауға тиiс.
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
1. Дауыс берушiлер сайлау бюллетеньдерiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оларды толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа кiмнiң болса да кiрiп тұруына тыйым салынады. Бюллетеньдердi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы (таңдаушы) өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға хақылы, оның аты-жөнi дауыс бергеннен кейiн сайлаушылардың тiзiмiне тiркелiп, тұсына сайлаушының (таңдаушының) бюллетень алғандығы жөнiнде қолы қойылады. Мыналар ондай адам болуға тиiс емес:
1) сайлау комиссиясының мүшесi;
2) жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның лауазымды адамы;
3) кандидаттың сенiм бiлдiрген адамы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi-журналист;
5) тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген байқаушы.
2. Сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғады.
Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар бюллетеньде өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға
кез келген белгi қояды.
3. Сайлаушы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелерiн сайлаған кезде өзi дауыс беретiн кандидаттар тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғады.
3-1. Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.
4. Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы (таңдаушы) дауыс беруге арналған жәшiкке салады.
5. (алып тасталды)
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
43-бап. Сайлау учаскесiндегi (дауыс беру пунктiндегi)
дауыстарды санау
1. Президенттi, Парламент мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде барлық сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау, егер сол учаскеде осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса, жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада басталады. Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн басталады.
Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беру қорытындысы анықталғанға дейiн үзіліссiз жүргiзедi, қорытындылар осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысатын адамдардың назарына жеткiзiлуге тиiс. Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауға тиiс.
Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар учаскелiк сайлау комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады.
Сайлау бюллетеньдерiн санау кезiнде комиссия төрағасы немесе комиссияның белгiлi бiр мүшесi қатысушыларға сайлау бюллетенiн көрсетедi және сайлаушының ерiк бiлдiруiн жариялайды.
Бұл ретте бюллетеньдер әрбiр кандидат, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партия бойынша және жарамсыз бюллетеньдер бойынша жеке-жеке қатталып жиналады.
2. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау кезiнде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн кiдiрiссiз басталады.
3. Дауыстарды санау әрбiр кандидат, әрбiр саяси партия бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Дауыс беруге арналған жәшiктердi төраға дауыс берудiң аяқталғаны туралы хабарлағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссиясы ашуға тиiс. Дауыс беру аяқталғанға дейiн жәшiктердi ашуға тыйым салынады.
3-1. Дауыс беру аяқталған соң бюллетеньдер салынған жәшіктердi ашқанға дейiн учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды. Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы не оның орнындағы комиссия мүшесi санау нәтижелерiн жария етедi және оларды дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаға енгiзедi.
Бiрiншi болып тасымалданатын сайлау жәшiктерi кезегiмен ашылады. Тасымалданатын сайлау жәшiгіндегі бюллетеньдердің саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкiндiгiн жасау туралы жазбаша өтiніштердiң санына сәйкес келуге тиіс. Егер тасымалданатын сайлау жәшiгiнде белгiленген үлгідегі сайлау бюллетеньдерiнің саны жазбаша өтініштердің тиісті санынан артық болып шықса, онда бұл жәшіктегі барлық сайлау бюллетеньдерi жарамсыз деп танылады. Бұл жағдайда тасымалданатын сайлау жәшігінен алынған барлық сайлау бюллетеньдерiнiң жарамсыз деп танылғаны туралы акт жасалады, онда сонымен бiрге осы тасымалданатын жәшiктiң көмегiмен дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi өткiзген комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн тұрақты жәшiктер ашылады.
4. Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi тиiстi сайлау комиссиясы санайды және жояды. Сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша:
1) учаскедегi (дауыс беру пунктiндегi) сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;
2) бюллетеньдер алған сайлаушылар (таңдаушылар) санын;
3) комиссияның әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер санын анықтайды.
4-1. Жәшiктердi ашқаннан кейiн сайлау комиссиясы бюллетеньдердiң саны бойынша:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;
2) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берілген дауыстар санын;
3) жарамсыз ден танылған бюллетеньдер санын;
4) учаскелiк сайлау комиссиясы алған бюллетеньдер санын;
5) жойылған бюллетеньдер санын анықтайды.
Дауыс беруге арналған жәшiктерден алынған бюллетеньдердiң саны сайлаушылар тiзiмдерiнің және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштердiң негiзiнде берiлген бюллетеньдер санынан асып кеткен жағдайда, сайлау комиссиясының әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер саны анықталады.
5. Мынадай бюллетеньдер:
1) белгiленбеген үлгiдегi;
2) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс берудi қоспағанда, бiр кандидаттан артық, бiр саяси партиядан артық белгiленген;
4) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.
Дауыстарды тiкелей санау кезiнде жарамсыз сайлау бюллетеньдерi дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) бюллетеньдерi қатарынан алып тасталады.
6. (алып тасталды)
7. Келiспеушiлiк пайда болған жағдайда мәселенi учаскелiк комиссия дауыс беру жолымен шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы даусымен қабылданады.
7-1. Учаскелiк сайлау комиссиясы (Сенат депутаттарының сайлауы кезiнде аймақтық сайлау комиссиясы) сенiм бiлдiрілген адамның талабы бойынша дауыстарды қайта санауды осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген мерзiмде бiр рет қана жүргiзедi.
8. Дауыстарды санау нәтижелерiн учаскелiк сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға түсiредi, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаларға учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.
Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды қарындашпен және әр түстi сиялармен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бiр түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Бұл ретте дауыс беру нәтижелерiнiң сандық мәнi сөзбен жазылып қайталануы тиiс.
Хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.
Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесi беріледi.
8-1. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi округтiк сайлау комиссиясының отырысында анықталады, ол отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялана отырып, округтік сайлау комиссиясы дауыс берiлетiн күннен кемiнде он күн бұрын айқындаған сайлау учаскелерiнiң бiрiнде өткiзiледi. Нәтижелер осы учаскеге жеткiзiлетiн учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде анықталады.
Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнің үй-жайында ілінедi және үй-жайда үш күн бойы тұрады.
Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезінде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшірмесі беріледі.
8-2. Округтік сайлау комиссиясы дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тiзiмдеме жасайды және оны жалпы жұрттың танысуы үшiн өз отырысы өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iледi.
Ресми жиынтық тiзiмдеме учаскелiк сайлау комиссияларының дауыстарды санаудың нәтижелерi туралы алынған хаттамаларының негiзiнде жасалады, оған округтiк сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды және ол жалпы жұрттың танысуы үшiн iлiнедi.
9. Тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының (Сенат депутаттарын сайлаған кезде аумақтық сайлау комиссияларының) хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудiң дұрыстығына күмәнданатын болса, ол комиссия тиiстi учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясы сайлаушыларының дауысын қайта санау туралы шешiм қабылдауға хақылы. Сайлаушылардың дауысын қайта санау жоғары тұрған сайлау комиссиясы мүшесiнiң және дауыстардың дұрыс саналмағандығы фактілерiн табыс еткен өтiнiш берушілердің қатысуымен жүргiзiледi.
Сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейiн жүргізілуге тиiс.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
44-бап. Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.
2. Мәслихат депутаттарын, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды.
3. Сайлау қорытындылары хаттамаға түсiрiлiп, оған сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаға комиссия төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.
4. Сайлау қорытындылары туралы хабарды:
1) Президенттi, Парламент Сенатының, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар мен олардың сайлау блоктарының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау қорытындылары туралы тиiстi округтiк сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
2) мәслихаттар депутаттарын, сайлау қорытындылары туралы хабарды тиiстi аумақтық және округтік сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысы туралы хабарды тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен кейiн төрт күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
5. Орталық (аумақтық) сайлау комиссиясының хабарламасында: сайлау датасы, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне енгiзілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; сайлау округтерiнiң жалпы саны; дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайтадан сайлау өткiзiлетiн округтердiң саны; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша Президенттiкке, Парламент Сенаты депутаттығына әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстар саны; сайланған Президент, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi, олардың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, атқаратын лауазымы (жұмысы), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Тиiстi округтiк сайлау комиссиясының хабарламасында: сайлаушылар тiзiмдерiне енгiзiлген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; әрбiр кандидат үшiн берiлген дауыс саны; сайлау учаскелерi бойынша жарамсыз деп танылған бюллетеньдердiң саны; Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына, мәслихаттар депутаттығына сайланған адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, атқаратын қызметi (жұмысы), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының хабарламаларындағы деректер - сайлау округтерi бойынша, ал округтiк сайлау комиссияларының хабарламаларындағы деректер сайлау учаскелерi бойынша ұсынылады. Тиiстi сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындылары туралы тiзiмдеме нысанындағы хабарламаны дауыстарды санау аяқталғаннан және тиiстi хаттама жасалғаннан кейiн қырық сегiз сағаттан кешiктiрмей жариялайды.
6. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу мерзiмi аяқталған кезден бастап сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейін сайлаушыларға немесе сайлау комиссиялары мүшелерiне әсер eтугe ықпал тигiзетiн қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделердi бiлдiрудiң және қарсылықтың кез келген нысанына жол берiлмейдi.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
45-бап. Президенттi, Парламент, мәслихаттар
депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары мүшелерiн тiркеу
Тиiстi сайлау комиссиялары осы Конституциялық заң белгiлеген тәртiппен жетi күн мерзiм iшiнде олардан Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Президенттiң, Парламент, мәслихат депутатының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiштерiн алғаннан кейiн сайланған Президенттi, Парламент, мәслихат депутаттары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркейдi.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
46-бап. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар
депутатының және жергiлiктi өзi-өзi басқару
органдары мүшелерiнiң куәлiгi мен омырауға
тағатын белгiсi
1. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезде Президентке тиiстi куәлiгi мен Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi тапсырады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Парламентi депутаттарын сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн әрбiр депутатқа куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгiсiн тапсырады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында тiзiмдер жарияланғаннан кейiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) мәслихаттар депутаттарына - олардың әрқайсысына мәслихат депутаттарының куәлiгiн және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi бередi;
2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне - олардың әрқайсысына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiнiң Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi куәлiгiн бередi.
47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны
барысындағы кепiлдiктерi
1. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Кандидаттардың сайлауға қатысқан уақыты тiркелген күнге дейiн оның жұмыс iстеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледi.
2. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ iссапарларға жiберуге не әскери жиындарға шақыруға болмайды.
3. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн, сондай-ақ оларды Президент, Парламент депутаты ретiнде тiркегенге дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз тұтқынға алуға, ерiксiз әкелуге, оларға сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сондай-ақ тiкелей қылмыс үстiнде ұсталғаннан және ауыр қылмыс жасағаннан басқа реттерде ұстауға болмайды.
Ескерту. 47-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
48-бап. Мемлекеттiк органдардың сайлау бостандығын
қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi
1. Соттар, прокуратура мен iшкi iстер органдары үшiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi ұйымдар үшiн дауыс беру күнi мен соның қарсаңындағы күн жұмыс күнi болып табылады.
2. Iшкi iстер органдары мен тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi ұйымдар сайлау комиссиялары қажет ететiн, тиiсiнше, мынадай:
1) дауыс берудi өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен сайлау бостандығын қамтамасыз ету;
2) сайлаушылар тiзiмдерiн нақтылау;
3) дауыс беретiн күнi сайлау комиссияларының қызметiнде туындаған басқа да мәселелер жөнiнде көмек көрсетуге мiндеттi.
3. Егер сайлау комиссиясы өзiнiң атына берiлген өтiнiштi тексеру кезiнде өтiнiште көрсетiлген мән-жайларды құқық қорғау органдарының тексеруi қажет деп тапса, онда тиiстi органдар сайлау комиссиясының өтiнiшi бойынша мән-жайларды тексередi және өтiнiштi алған күннен бастап - үш күндiк мерзiмде, ал егер өтiнiш дауыс берілетiн күн алдындағы бес күнге жетпейтін уақыт ішінде не дауыс берілетін күні алынған жағдайда дереу өтiнiш бойынша шешiм шығарады.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
49-бап. Сайлау науқаны барысындағы шешiмдер мен
iс-әрекеттерге шағым беру және олардың
күшiн жою
Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткiзуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөнiндегi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы заңдарды бұзатын шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сотқа шағым жасалады.
Соттар, прокуратура органдары мен сайлау комиссиялары өз жұмысын сайлау процесi кезiнде, оның iшiнде демалыс күндерi және сайлау өтетiн күнi, шағымдарды қабылдау мен қарауды осы Конституциялық заңда белгiленген мерзiмде қамтамасыз ететіндей етiп ұйымдастырады.
Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтініштерiн, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күннiң ішінде қарайды.
Сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздiгіне) жасалған шағымды, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап үш күннiң ішінде қарайды.
(
V990836
)
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
50-бап. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын
бұзғаны үшін жауаптылық
1. Тұлға:
1) сайлау комиссиясының жұмысына араласқан;
2) дауыс беруге кедергi келтiрген;
3) кандидатты, партиялық тiзiмдердi тiркеуге байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
4) дауыстарды санауға және сайлау қорытындыларын анықтауға байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
5) кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатында өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
6) сайлау құжаттарын қолдан жасаған;
7) дауыстарды көрiнеу қате санаған;
8) сайлау нәтижелерiн көрiнеу қате айқындаған;
9) дауыс беру құпиясын бұзған;
10) Республика азаматының өз сайлау құқығын еркiн жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту, сатып алу жолымен кедергi келтiрген жағдайда заңмен белгiленген қылмыстық жауаптылықта болады.
2. Тұлға:
1) осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi бермеген немесе жарияламаған;
2) сайлау комиссиясының өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмiн орындамаған;
3) сайлау алдындағы үгiттi кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тiзiмдi тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
4) сайлау алдындағы үгіт жүргiзу құқығына кедергi келтiрген;
5) кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан немесе олардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасаған;
6) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң құқықтарын бұзған;
7) азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзған;
8) сайлаушылар тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы жалған мәлiметтер берген;
9) басқа адамдар үшiн дауыс беру мақсатымен азаматтарға сайлау бюллетеньдерін берген;
10) сайлауға қатысу үшін демалыс бермеген;
11) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргiзу талаптарын бұзған;
12) анонимдi үгiт материалдарын дайындаған немесе таратқан;
13) үгiт материалдарын қасақана жойған немесе зақымдаған;
14) кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық (материалдық) қолдау көрсеткен;
15) кандидатты сайлау үшiн шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан, азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдық алған;
16) сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу жүргiзудің талаптарын бұзған;
17) сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен байқаушылардың заңды қызметiне кедергi келтiрген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкiмшілiк және өзге де жауаптылықта болады.
3. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде сайлау комиссиясы сотқа не прокуратураға жүгiнуге құқылы.
4. Кандидат, саяси партия осы Конституциялық заңның талаптарын бұзған кезде, кандидатты тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою үшiн негiз болып табылатын талаптарды қоспағанда, оларға ескертiледi, ал қайта бұзған кезде тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, бап жаңа редакцияда - 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау
өткiзудiң ерекшелiктерi
Ескерту. 9-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
50-1-бап. Электрондық сайлау жүйесi
1. Сайлау өткiзу кезiнде сайлаушылардың тiзiмiн жасау, дауыс беру, дауыс берудiң қорытындыларын белгiлеу мен сайлау нәтижесiн анықтау үшiн сайлау округi аумағында электрондық сайлау жүйесi пайдаланылуы мүмкiн.
Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзген кезде осы Конституциялық заңның нормалары электрондық сайлау жүйесiн пайдаланудың ерекшелiктерi ескеріле отырып қолданылады.
2. Электрондық сайлау жүйесi - сайлауға әзiрлену мен оны өткiзу кезiнде ақпараттық процестердi автоматтандыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желiлердiң және оларды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы.
Электрондық сайлау жүйесiнде пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификатталуға тиiс.
3. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзген кезде сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi осы Конституциялық заңда көзделген құқықтар мен мiндеттерге толық көлемде ие болады.
4. Электрондық сайлау жүйесi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен құрылған мемлекеттiк комиссия оны қабылдағаннан кейiн пайдаланылады.
Электрондық сайлау жүйесi пайдаланылатын сайлау округтерi мен сайлау учаскелерiн Орталық сайлау комиссиясы олардың электрондық дауыс беруге дайын болуына қарай анықтайды.
5. Электрондық сайлау жүйесiнiң жабдықтары учаскелiк сайлау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен дауыс беруге кемінде үш күн қалғанда ашылып, орнатылады, ол туралы акт жасалады.
Жабдықтарды ашу және орнату кезiнде сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы.
Электрондық сайлау жүйесiнiң жабдықтары орнатылған кезден бастап сайлау учаскесiн күзетудi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қамтамасыз етедi.
6. Жергiлiктi атқарушы органдар дауыс берiлетiн күнi сайлау учаскесi ашылған кезден бастап дауыс беру нәтижелерi Орталық сайлау комиссиясына берiлгенге дейiн электрондық дауыс беру өткiзiлетiн учаскелерге электр энергиясының үздiксiз берiлуiн қамтамасыз етедi.
7. Электрондық сайлау жүйесiн пайдалану тәртiбінiң осы Конституциялық заңмен регламенттелмеген бөлiгiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Ескерту. 50-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
50-2-бап. Электрондық сайлау жүйесіне қойылатын талаптар
1. Электрондық сайлау жүйесi Конституция және осы Конституциялық заң талаптарының сақталуын, оған енгізілетiн және одан шығатын ақпараттардың дұрыстығын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етуге тиiс.
2. Электрондық сайлау жүйесi ақпараттарға рұқсат етiлмеген жолмен қол жеткiзудi, ақпараттарды жинаушы, өңдеушi, жинақтаушы, сақтаушы, iздестiрушi және берушi бағдарламалық-техникалық құралдардың жұмыс ырғағын бұзуды, аталған құралдардың iстен шығуын болдырмайтын тиiстi қауiпсiздiк шараларымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде мыналарға:
Орталық сайлау комиссиясы белгілегеннен басқа электрондық жүйелердi пайдалануға;
оны ортақ қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерге және электрондық сайлау жүйесінде қолданылмайтын өзге де ақпараттық жүйелер мен байланыс желiлеріне қосуға;
электрондық дауыс берудi өткiзуге, дауыстарды санауға, сайлау нәтижелерi туралы ақпараттарды беруге заңсыз араласып, бақылау жасауға жол берiлмейдi.
4. Электрондық сайлау жүйесi кез келген енгізілген ақпаратты оның енгізілуiне қарай iс-әрекеттi cипаттап және енгiзудiң дәл уақытын көрсете отырып, автоматты түрде сақтауға мүмкiндiк беретiн бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын (дауыс беру туралы деректердi жазу құрылғысын) қамтуға тиiс.
50-3-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс
беруге арналған үй-жай
1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жай, дауыс беруге арналған кабинада дауыс берудi қоспағанда, қатысып отырған адамдарға электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру кезiндегi iс-әрекеттің көрінуі қамтамасыз етілетіндей болып жабдықталады.
2. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесiне қызмет көрсетуге Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртіппен рұқсат алған маман бола алады.
50-4-бап. Электрондық сайлау бюллетенi
1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткiзген кезде дауыс беру электрондық сайлау жүйесi құралдарымен жасалатын электрондық бюллетеньмен жүргiзiледi.
2. Электрондық сайлау бюллетенiнiң мәтiнi мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылады және осы Конституциялық заңның 37-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келуге тиiс.
50-5-бап. Электрондық дауыс берудi ұйымдастыру
1. Сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерінің қатысуымен:
электрондық сайлау жүйесінің дұрыс жұмыс iстеп тұрғандығын тексередi;
комиссияның сайлаушыларды есепке алуға және электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны беруге жауапты мүшелерiн анықтайды.
Электрондық сайлау жүйесiнiң жұмысын тексерген кезде дауыс беруге арналған үй-жайда сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi болуға құқылы.
Осы тарауда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық сайлау жүйесiне қатысты ic-әрекеттi кiмнiң болса да жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Дауыс беру басталғанға дейін сайлау комиссиясының төрағасы электрондық сайлау жүйесін қосудың мөр басылып жабылған паролiн ашады және электрондық сайлау жүйесiн оны енгізу жолымен iске қосады. Бұл ретте қатысушыларға парольдің сақталу шараларының бүтiндiгiне алдын ала көз жеткiзу мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
3. Сайлаушы электрондық дауыс беруге сайлаушылардың тiзiмдерi негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуi бойынша жiберiледi.
4. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген кезде осы Конституциялық заңға сәйкес сайлаушылар дауыс беруге арналған тасымалданатын құрылғының көмегімен дауыс бередi, ол дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс берген барлық сайлаушылардың дауыстары туралы деректердiң сақталу мүмкiндiгiмен қамтамасыз етілуге тиiс.
Осы Конституциялық заңның 41-бабының 6-тармағына сәйкес берген өтiнiштерi негiзiнде сайлаушылар тiзiмiнен олар туралы деректер электрондық дауыс беруге арналған тасымалданатын құрылғыға алдын ала енгізiлiп қойылады.
5. Сайлаушы электрондық дауыс берудi жасырын дауыс беруге арналған кабинада жүзеге асырады, онда осы Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дауыс беретiн адамнан басқа адамның қатысуына тыйым салынады.
Сайлаушы электрондық дауыс беру бюллетенінен электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны басқару элементтерiн пайдалану жолымен өзi дауыс бергiсi келетiн кандидаттың аты-жөнiн табады және соған дауыс бергенiн растайды.
Сайлаушы саяси партия үшiн дауыс берген кезде электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны басқару элементтерiн пайдалану жолымен өзi дауыс бергiсi келетiн саяси партияның атауын табады және соған дауыс бергенiн растайды.
Дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны сайлау комиссиясының мүшесіне бередi.
6. Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергi келтiретін техникалық ақаулар туындаған жағдайда сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресiмделедi және оған сайлау комиссиясының мүшелерi қол қояды.
Бұл шешiмнiң орындалуы электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды қамтамасыз ететiн маманға жүктеледi.
7. Егер жабдықтың техникалық жай-күйi сайлауды тиiстi дәрежеде өткiзуге мүмкiндiк бермесе, онда тиiстi сайлау учаскесiнде дауыс беру Орталық немесе тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының шешiмiмен ақауларды жоюға және дауыс берудi ұйымдастыруға қажеттi мерзiмге кейiнге қалдырылады.
Тиiстi сайлау учаскесiнде ақаулар туындағанға дейiн дауыс берген сайлаушылар кейінгі дауыс беруге жалпы негiзде қатысады.
50-6-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған
кезде дауыстарды санау
1. Электрондық дауыс берудi пайдаланған кезде дауыстарды санау электрондық сайлау жүйесiмен жүргізiледi.
Дауыстарды санау осы Конституциялық заңмен белгіленген уақытта басталады, бiрақ осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесiне енгізілмей тұрып басталмауы керек.
Дауыстарды санау туралы мәлiметтер дауыс беру туралы деректер құрылғысында тiркелуге тиiс.
2. Сайлау учаскесiндегі электрондық дауыс беру нәтижелерi туралы ақпарат электрондық жүйемен электрондық хаттамаға енгізiлiп, ол комиссия мүшелерiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталады.
Сайлау комиссиясының мүшелерi қол қойған электрондық хаттаманың қағаздағы көшiрмесi сайлау учаскесiнің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгіленген орынға iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.
3. Осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, тиiстi сайлау комиссиясының мөрiмен расталған, электрондық дауыс беру нәтижелерi туралы электрондық хаттаманың қағазға түсiрiлген көшiрмесi беріледi.
50-7-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған
кезде сайлау қорытындыларын белгiлеу
1. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде сайлау округтері бойынша сайлау қорытындыларын электрондық хаттамалар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы белгілейдi және олар тиiстi сайлау комиссияларына хабарланады.
Электрондық сайлау жүйесі арнайы бөлiнген коммуникациялық желiлерге осы тармаққа сәйкес ақпарат беру үшін қажеттi мерзімге ғана қосылады.
2. Егер дауыс беру осы Конституциялық заңның 50-5-бабының 7-тармағымен көзделген тәртiппен кейiнге қалдырылған жағдайда, тиiсті сайлау округы бойынша сайлау қорытындылары тиiстi сайлау округының барлық учаскелерiнде дауыс беру өткiзiлгеннен кейiн белгiленедi.
50-8-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып
дауыс беру нәтижелерiне шағымдану
1. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру нәтижелерiне шағымдану кезінде дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғы дәлелдеме ретiнде қаралады.
2. Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғылар осы баптың мақсаттары үшін тиiсті облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) аумақтық сайлау комиссиясында сақталады.
50-9-бап. Дауыс беру туралы деректердi жазуға
арналған құрылғыларды сақтау
Дауыстар саналғаннан кейiн дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғы пакетке салынып, сайлау комиссиясының мөрiмен бекiтiледi және тиiстi облыстық (pecпубликалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссиясына берiледi.
Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғылар сайлау аяқталған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.
51-бап. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы
Президенттiң кезектi сайлауы жетi жылда бiр рет тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285
Заңымен
.
Ескерту. 52-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .
53-бап. Республика Президентi сайлауын жариялау
және тағайындау
1. Президенттiң кезектi сайлауын Парламент Мәжiлiсi қыркүйектің екінші жексенбiсiнен кешiктiрмей жариялайды.
2.
(алынып тасталды)
3. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Президент болып сайлана алмайды.
Ескерту. 53-баптың 2-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285
Заңымен
, өзгерту енгізілді - 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын
талаптар
1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
2. Президенттiкке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестiгiн азаматтың өзiн-өзi ұсыну туралы өтiнiшi немесе республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзiндiсiн кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен қоса тапсырған кезден бастап бес күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Бұл ретте Президентке кандидаттың Қазақстан Республикасында кемiнде он бес жыл тұру фактiсiн Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың мемлекеттiк тiлдi еркiн игергенiн анықтау рәсімі Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беруi туралы актiсiне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен анықталады.
3.
(алынып тасталды)
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
55-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну
1. Президенттiкке кандидаттар ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық, қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен - азаматтарда болады.
2. Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда аяқталады.
3. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады да хаттамадан үзiндi жасалады. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi:
1) Президенттiкке кандидатқа жеткiзiледi;
2) Президенттiкке кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.
4. Президенттiкке кандидаттыққа өзiн-өзi ұсыну олардың Орталық сайлау комиссиясына тиiстi өтiнiш беруi арқылы жүргiзiледi.
5. Егер кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні Президенттікке екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты
қолдап қол жинау
1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.
2. Президенттiкке кандидатты сайлаушылардың Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауға тиiс.
3. Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды сенiм бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Конституциямен және осы Конституциялық заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруден кейiн бес күннен кем емес мерзiмде осы Конституциялық заңның 55-бабының 3 және 4-тармақтарында белгiленген оны ұсыну туралы құжаттар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.
4. Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуға тиiс және оған кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оның сенiм бiлдiрген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинау жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәлiметтер бар бағаналар енгiзiлуге тиiс:
1) тегi, аты және әкесiнiң аты;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы;
3) туған күнi, айы мен жылы;
4) тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерiнiң мекен-жайы;
5) жеке қолы.
5. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.
6. Орталық сайлау комиссиясы:
1) қол қою парағының үлгiсiн бекiтедi;
2) Президенттiкке кандидаттарды қол қою парақтарының қажеттi санымен қамтамасыз етуге мiндеттi.
7. Президенттiкке кандидатты қолдауға қол жинау жөнiндегi толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол он күн iшiнде паспорт қызметi қызметкерлерiн қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендiгiн тексерудi жүзеге асырады, тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
8. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру, осы баптың 2-тармағына сәйкес, Президенттікке кандидатқа қажеттi дұрыс қойылған қолдар саны анықталғанға дейiн жүргізiледi.
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
57-бап. <*>
Ескерту. 57-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың
сайлау қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен бес мың еседен артық аспауға тиiстi кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен жетi мың еседен артық аспауға тиiс кандидатты ұсынған республикалық қоғамдық бiрлестiктiң қаражатынан;
3) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспауға тиiс Республика азаматтары мен ұйымдарының өз еркiмен берген қайырмалдықтарынан құралады.
Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
59-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу
1. Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Президенттiкке кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келуi тексеруден өткеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдарды тексергеннен кейiн Орталық сайлау комиссиясының есеп-шотына заңмен белгiленген ең төменгi жалақының елу мәрте мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Республика Президенті болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы
декларациялар
ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәліметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге міндетті.
3. Президенттiкке кандидаттар нешеу болса да тiркеуге ұсынылады.
4. Президенттiкке кандидаттарды тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлауға дейiн екi ай бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда аяқталады.
5. Қоғамдық ұйымнан Президенттiкке кандидаттарды тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi мәжiлiсiнiң осы қоғамдық бiрлестiктi Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттаманың үзiндiсi;
2) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiш;
3) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудiң нәтижесi туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;
4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;
4-1) (алып тасталды)
4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.
6. Президенттiкке кандидат өзiн өзi ұсынған жағдайда оны тiркеу мына құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсу ниетi жөнiндегi өтiнiшi;
2) аумақтық сайлау комиссиясының азаматтардың Президенттiкке кандидатты қолдап жиналған қолдарды тексеру нәтижелерi жөнiндегi хаттамасы;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1) (алып тасталды)
3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжат.
7. Орталық сайлау комиссиясы:
1) Президенттiкке кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында әрбiр кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсетiп, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi жариялайды;
2) тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзген;
сот кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетіне нұқсан келтiретін, оның iскерлік беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.
Тіркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшін жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.
8. Орталық сайлау комиссиясының Президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартуына немесе тiркеу жөнiндегi шешiмнiң күшiн жоюына кандидаттың жеке өзi не оны ұсынған қоғамдық бiрлестiк он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым беруi мүмкiн, ол шағымды берiлген күнiнен бастап он күн мерзiм iшiнде қарайды. Жоғарғы Соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 1999.06.28. N 407
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
60-бап. Кандидатурасын алып тастау, кандидат ұсыну
туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Президенттiкке кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі күн қалғанға дейінгі кез келген уақытта Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы тiркеуге дейiн және тiркеуден кейiн кез келген уақытта тиiсiнше Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасау арқылы Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатураны алу немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.
Ескерту. 60-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
61-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына Республика
Президенттiгiне кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Президенттікке екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен сайлауды екi айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
2. Мұндай жағдайда Президенттiкке кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 61-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi
дауыстарды санау
1. Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi аумақтық сайлау комиссияларының мәжiлiстерiнде белгiленедi және хаттамаға енгiзiледi, оған комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қойып, екi күн мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жолданады.
2. Дауыстарды санау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 62-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
1. Егер сайлау бюллетенiне екiден артық Президенттiкке кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiрде-бiреуi сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша Президент сайлауы жөнiнде қайта дауыс беру тағайындайды. Кандидаттардың біреуі шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетенiне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгізіледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3.
(алынып тасталды)
Ескерту. 63-баптың 3-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
1. Егер Президент сайлауы жарамсыз деп танылса, не қайта дауыс беру сайланған Президенттi анықтауға мүмкiндiк бермесе, Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауын қайта тағайындайды.
2. Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Дауыс беру бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiм бойынша және сол сайлау учаскелерiнде өткiзiледi.
3. Сайлау комиссияларын құру, Президенттiкке кандидаттар ұсыну мен тiркеу, басқа да сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте сайлау шаралары мерзiмiнiң қысқартылуын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.
4. Қайта сайлау өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын
анықтау және жариялау
1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.
2. Республика Президентi болып:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде, басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған.
3) (алып тасталды)
3. Республика Президентi сайлауының қорытындысын анықтау мен жариялауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 65-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
66-бап. Сайланған Республика Президентiн тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде сайланған Республика Президентiн тiркейдi.
2. Егер учаскелердiң немесе әкiмшiлiк бөлiнiстердiң жалпы санының кемiнде төрттен бiр бөлiгiнде:
1) сайлау жарамсыз деп танылса;
2) не оның барысында немесе дауысты санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы, азаматтардың арыздары бойынша сайланған Президенттi тiркеуден бас тартуы мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ретпен қабылданған Орталық сайлау комиссиясының шешiмiне Президенттiкке кандидат оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
Ескерту. 67-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. N 285 Заңымен .
68-бап. Республика Конституциялық Кеңесiнiң Республика
Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы
жөнiндегi мәселенi қарауы
1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейін он күн ішінде берiлуi мүмкін өтiнiші бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi шешедi. Бұл ретте Республика Президентiнiң қызметке кiрiсуi өтiнiштi қарау кезiнде тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiнде дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес
Конституцияны
бұзу анықталған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) Республика Президентi сайлауы Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) екi ай iшiнде қайта дауыс беру өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.
Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
69-бап. Сенат депутаттары сайлауын тағайындау
1. Сайлау тағайындауға мыналар:
1) кезектi сайлау үшiн - Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бітуі;
2) кезектен тыс сайлау үшiн - Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы;
3) шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткiзу үшiн - депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негiз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-тармақшасында белгiленген жағдайда депутаттар сайлауын Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгі мерзiмiнiң бiтуiне дейiн кемiнде төрт ай қалғанда Республика Президентi тағайындайды және ол конституциялық өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын өткiзiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып әрi Парламент өкiлеттiгiн тоқтатқан күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайда шығып қалғандар орнына депутаттар сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған, депутаттық мандатынан айырылған, не оның қайтыс болған сәтiнен бастап екi айдан кешiктiрмей тағайындайды.
5. Сенат депутаттары сайлауы Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып тағайындалады және мерзiмi бойынша Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауымен сәйкес келе алмайды.
Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
70-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарға
қойылатын талаптар
Сенат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
71-бап. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiн келесi күнi басталып, сайлау өткiзiлетiн күнге бiр ай қалғанда аяқталады.
2. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана), қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Саяси партиялар өздерiнiң мәслихаттардағы өкiлдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бiрнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкiн;
2) өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Сенат депутаттығына кандидат болып тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының аумағында тұратын азамат ұсыныла алады.
4. Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну жөнiндегi шешiм тиiстi мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және бұл шешiм:
1) ұсынылған кандидатқа жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтінiшiмен бiрге тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының сайлау комиссиясына жiберiледi.
5. Сенат депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына осы әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiс бойынша өзiнiң Сенат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi жайында өтiнiш беру арқылы жүргiзiледi.
6. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгiн анықтайды және осы баптың 4-тармағының 2)-тармақшасында, 5-тармағында көрсетiлген оның ұсынылуы туралы құжаттар негiзiнде оған таңдаушылардың қолдарын жинау үшiн қол қою парақтарын бередi.
7. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi Сенаттың депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
72-бап. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинау
1. Сенат депутаттығына кандидат облыс мәслихаттарының, республикалық маңызы бар қала немесе Республика астанасы мәслихатының өкiлдерi болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының кемiнде он процентiнiң қолдауына, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентiнен аспайтын даусына ие болуға тиiс.
2. Таңдаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Бұл орайда таңдаушылардың әрқайсысы Сенаттың депутаттығына бiр кандидатты ғана қолдап өз қолын қоюға құқылы. Сенаттың депутаттығына кандидат тiркелгеннен кейiн қойылған қол тек сот шешiмiнiң негiзiнде ғана керi қайтарылып алынады.
3. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинауды сенiм бiлдiрілген адамдар ұйымдастырады және бұл тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.
4. Әрбiр қол қою парағында рет нөмірi мен кандидаттың және қол жинаушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар жайында мынадай мәлiметтердi бiлдiретiн бағаналар болуға тиiс:
1) тегi, аты мен әкесiнiң аты;
2) өзi депутаты болып табылатын мәслихат;
3) туған күнi, айы мен жылы;
4) тұрғылықты мекен жайы;
5) жеке қолы.
5. Қол қою парағының үлгiсiн Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.
6. Толтырылған қол қою парақтары тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тапсырылады, олар бес күн мерзiм iшiнде жиналған қолдардың растығын паспорт қызметiнiң қызметкерлерiн қатыстыра отырып тексерудi жүзеге асырады және тиiстi хаттаманы ресiмдейдi.
7. Егер қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижесiнде жиналған қолдардың бiр процентiнен артығы рас болмай шыққан жағдайда, Сенат депутаттығына кандидатты тiркеуден бас тартылады.
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
73-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу
1. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеудi тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
2. Сенат депутаттығына кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерiлгеннен кейiн Орталық сайлау комиссиясының шотына депозит ретiнде заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне мемлекет алдындағы салық міндеттемелердің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы
декларациялар
ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметі органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.
Бұл ретте салық қызметі органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәліметтер беру жөнінде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішiнде беруге міндетті.
3. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейiн басталып, егер сайлау тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлау күнiне жиырма күн қалғанда аяқталады.
4. Мәслихаттан (мәслихаттардан) ұсынылған Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етiп ұсыну туралы шешiмi;
2) депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеруiнiң нәтижесi туралы хаттамасы;
4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;
4-1) (алып тасталды)
4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
5. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу ол өзiн-өзi ұсынған жағдайда, мына құжаттар:
1) азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтiнiшi;
2) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдайтын қолдарын тексеру нәтижелерi туралы хаттамасы;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1)
(алып тасталды)
3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы:
1) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеген кезде оларға тиiстi куәлiк бередi;
2) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiтті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiм күшiнiң жойылуына оны ұсынған мәслихат (мәслихаттар) немесе кандидаттың жеке өзi жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте шағым берiлген күнiнен бастап жетi күн iшiнде қаралады.
8. Тиістi аумақтық сайлау комиссиясы Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол үш күндік мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына табыс етiледi.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 1999.06.28. N 407
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына
кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Сенат депутаттығына кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгi кезеңде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтінiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Кандидатты ұсынған мәслихат (мәслихаттар) тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр еткен себептерсiз жүргiзiлген болса, онда аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi мәслихаттың есебiне жатқызуға хақылы.
Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының
мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
76-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына Сенат депутаттығына
кандидаттар ұсыну
1. Тіркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Сенат депутаттығына екіден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиісті облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана), қалалық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
2. Бұл жағдайда Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 76-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
77-бап. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi
таңдаушылардың бiрлескен отырысын
өткiзу тәртiбi
1. Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бiрлескен отырысында жүргiзiледi.
2. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын сайланған депутаттар санының
елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады.
3. Егер Сенат депутатын сайлау жөнiндегi отырыста болған таңдаушылардың елу процентiнен астамы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлген болып есептеледi.
4. Бiрлескен отырыста тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) мәслихатының хатшысы төрағалық етушi болып табылады.
5. Таңдаушылардың бiрлескен отырысына тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.
6. Бiрлескен отырыс өткiзiлетiн жерде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру пунктiн ұйымдастырады.
7. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi бiрлескен отырыстың өткiзiлгенiн куәландыратын құжат тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) тиiстi мәслихат хатшысының сайлау комиссиясына тапсыратын бiрлескен отырыс хаттамасы болып табылады.
8. Бiрлескен отырыс тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады.
Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау
1. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау нәтижелерi тиiсiнше облыстық, қалалық сайлау комиссиясының (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) дауыс беру пунктiнде өткiзiлетiн мәжiлiсiнде анықталады.
2. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс санаудың хаттамасын жасайды, оған:
1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды;
2) таңдаушылардың бiрлескен мәжiлiсiнде жария етiледi;
3) сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.
3. Дауыс санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне Сенат депутаттығына екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайта дауыс берудi тағайындайды. Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетеніне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгiзiледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бастапқы дауыс беру болған күнi өткiзiледi.
3. (алып тасталды)
Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзедi. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеу, қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген басқа да шаралар осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4. (алынып тасталды)
Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
81-бап. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын
анықтау және жариялау
1. Республика бойынша тұтас алғанда Сенат сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шығарады.
2. Сенат депутаты сайлауында:
1) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн дауысын алған.
3)
(алып тасталды)
3. Сайлаудың қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде Сенаттың сайланған депутаттарын тiркейдi.
2. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе таңдаушылардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алған болса, Сенат депутаты сайлауын жарамсыз деп табуы және Сенат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Сенат депутаттығына кандидат сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 133-1
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы
мен шығып қалғандардың орнына депутаттар
сайлауын өткiзу
1. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлау үшiн осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Сенат депутаттары өкілеттiгiнің конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы
туралы мәселенi Конституциялық Кеңестiң қарауы
1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкін өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын
Конституцияға
сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
85-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) Мәжiлiс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;
2) Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрілмей өткiзiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.
Ескерту. 85-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
86-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға
қойылатын талаптар
Мәжiлiс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
Ескерту. 86-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
87-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларда, сондай-ақ белгiленген тәртiппен өзiн-өзi ұсыну жолымен тiркелген азаматтарда болады. Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша сайлау үшiн адамдарды кiргiзу құқығы саяси партияларға тиесiлi.
2. Саяси партиялардың Мәжілiс депутаттығына кандидаттар ұсынуын олардың жоғары органдары әрбiр кандидат дауысқа түсетiн сайлау округiн көрсете отырып жүргiзедi. Саяси партияның депутаттыққа кандидат етiп осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды ұсынуға құқығы жоқ. Саяси партия әрбiр сайлау округiнде Мәжiлiс депутаттығына бiр ғана кандидатты ұсына алады. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi. Бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округінiң аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тiзiмге енгiзудi саяси партияның жоғары органы жүргiзедi. Саяси партиялардың партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргізуге құқығы жоқ. Бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжілiс депутаттығына сайлану үшiн партиялық тiзiмге енгізiлген адамның аумақтық сайлау округтерi бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.
2-1. Саяси партиялар адамдарды партиялық тiзiмде орналастырудың тәртiбiн дербес белгiлейдi. Партиялық тiзiмдi саяси партияның жоғары органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрмемен бiрге саяси партияның өкiлi Орталық сайлау комиссиясына табыс етедi. Өкiлдiң өкiлеттiгi тиiстi құжаттармен расталуға тиiс.
2-2. Саяси партиялар сайлау өткiзу кезеңiнде сайлау блоктарын құра алады, олар Орталық сайлау комиссиясында тiркеледi. Сайлау блоктарын кемiнде екi саяси партия құра алады.
Саяси партия сайлау өткiзу кезеңiнде бiр ғана сайлау блогына кiре алады. Сайлау блогына кiру туралы шешiмдi саяси партияның жоғары органы қабылдайды.
Сайлау өткiзу кезеңiнде сайлау блоктарына осы Конституциялық заңда саяси партиялар үшiн көзделген ережелер қолданылады.
Саяси партиялардың жоғары органдары сайлау блогын құру немесе оған кiру туралы шешiм қабылдағаннан кейін осы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері сайлау блогын құру туралы бiрлескен шешiмге (келiсімге) қол қояды.
Сайлау блогын басқару үшiн үйлестіру кеңесi құрылады, оның құрамына сайлау блогына кіретін саяси партиялардың уәкілетті өкілдері кiредi.
Сайлау блогын тіркеу үшiн оның уәкілетті өкілi Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды:
1) саяси партиялардың жоғары органдарының сайлау блогына кіру туралы хаттамаларынан үзіндіні;
2) саяси партиялардың уәкiлеттi өкілдерi қол қойған және осы саяси партиялардың мөрлерiмен куәландырылған сайлау блогын құру туралы бірлескен шешімдi ұсынады.
Сайлау блогының атауында ұлттық, этникалық, дiни, өңiрлiк, қауымдық және гендерлік белгілердi көрсетуге, жеке адамдардың есiмдерi мен тектерін пайдалануға жол берiлмейдi.
Саяси партияның жоғары органы сайлау блогына кiру туралы шешім қабылдай отырып, сайлау блогынан жалпы партиялық тiзiмге кіретін адамдарды және (немесе) аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттар болып қаралатын адамдарды ұсынуға құқылы.
Сайлау блогының үйлестіру кеңесi саяси партиялардың жоғары органдары ұсынған адамдардан жалпы партиялық тiзiмдi қалыптастырады және оған кiретiн адамдардың кезектiлiгiн айқындайды.
Сайлау блогының үйлестiру кеңесi саяси партияның жоғары органы ұсынған кандидаттардан аумақтық сайлау округтерi бойынша ұсынылатын бiрыңғай кандидаттарды айқындауға құқылы.
Сайлау блогынан аумақтық сайлау округы бойынша бiрыңғай кандидаттың сайлау қорына сайлау блогына кiретiн саяси партиялардан қаражат түсуi мүмкiн, бiрақ ол осы Конституциялық заңда кандидаттардың сайлау қорлары үшін белгіленген шектерден аспауға тиiс.
Сайлау блогы сайлау қорытындылары шығарылғаннан және депутаттық мандаттар бөлiнгеннен кейiн өз қызметін тоқтатады.
3. Саяси партияның жоғары органының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсу келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша Мәжiлiс депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзедi.
5. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
6. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнен кандидат болып ұсыныла алмайды.
7. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлауға дейiн екi ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.
8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округі бойынша Мәжілістің депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
Ескерту. 87-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
Мәжiлiстiң депутаттығына әрбiр кандидат тiркелгенге дейiн және оның
Конституция
мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн Орталық сайлау комиссиясының шотына заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партиялар оларға енгiзiлген адамдардың Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн саяси партиялардың қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам үшiн заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайда, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
Ескерту. 88-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - 1999.06.28. N 407
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
89-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу
1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Саяси партиялар табыс еткен партиялық тiзiмдердi тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы белгілеген тәртiппен және нысанда табысы және мүлкi туралы
декларациялар
ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат және партиялық тiзiмдер тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексереді.
Бұл ретте салық қызметi органдарының кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.
2. Саяси партиядан ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргiзiледi:
1) саяси партияның жоғары органы отырысының осы саяси партияның әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген тиiстi сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөнiндегi хаттамасынан үзiндi көшірме;
2) азаматтың өзiн ұсынған саяси партиядан осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1)
(алып тасталды)
3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат;
5) кандидаттың өзін ұсынған саяси партияның мүшесi екендiгiн растайтын құжат.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) азаматтың осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
2-1) (алып тасталды)
2-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
3) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат.
4. Тiркеуге Мәжiлiс депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.
5. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде Орталық және тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына табыс етiледi.
6. Округтiк сайлау комиссиясы:
1) кандидаттар тiркелгеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орнымен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы хабар жариялайды;
2) тiркеу кезiнде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерін бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат
Конституцияда
және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сай келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiттi өзін тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күні жүргізген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезiне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместігі анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшін жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешімнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
7. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi тiркеу мынадай құжаттар:
1) саяси партияның жоғары органының саяси партияның Республика Әдiлет министрлiгiнде тiркелгендiгi туралы құжаттың көшiрмесi қоса берiле отырып, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрме, сондай-ақ оның республикалық мәртебесiн растайтын құжаттар;
2) азаматтардың партиялық тiзiмге енгiзiлуiне келiсетiндiгi туралы арызы;
3) партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам туралы өмiрбаяндық деректер;
4)
(алып тасталды)
4-1) партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның және оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы
декларация
тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгендiгiн растайтын құжат;
6) партиялық тiзiмге енгізілген адамның осы тiзiмдi ұсынған саяси партиядағы мүшелiгін растайтын құжат болған жағдайда жүргiзіледi.
8. Бiр саяси партиядан саяси партиялар арасында бөлiнетiн депутаттық мандаттардың белгiленген санының отыз процентiнен аспайтын адамдар саны енгiзілген бір ғана тiзiм тiркеуге жiберіледi.
9. Орталық сайлау комиссиясы:
1) партиялық тiзiмдердi тiркегеннен кейiн оныншы күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын, партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (кәсiбiн), жұмыс iстейтiн және тұратын жерiн көрсете отырып, тiркеу туралы хабарлама жариялайды;
2) тiркеу кезiнде партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
саяси партия партиялық тiзiмдi ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажетті құжаттарды табыс етпеген;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамдары сайлау алдындағы үгiтті партиялық тiзiмдi тiркегенге дейiн, сайлау күнi не сайлау алдындағы күнi жүргiзген;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының, кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
бүкiл партиялық тiзiмнің жиырма бес проценттен астамын құрайтын адамдар партиялық тiзiмнен шыққан;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнің күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған партиялық тiзiмдi қалпына келтiруге жол берiлмейдi;
4) мынадай жағдайда:
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам
Конституцияда
және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
партиялық тiзiмге енгiзілген адам өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам сайлау алдындағы үгіттi партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн не сайлау күнi жүргiзген;
партиялық тiзімге енгiзiлген адамның немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының кандидаттың, партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес партиялық тiзiмге енгiзілген адамның және оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы декларацияда көрсеткен мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;
сот партиялық тiзiмге енгізілген адамның не оның сенiм бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмге енгiзілген адамды осы тiзiмнен алып тастау туралы шешiм қабылдайды.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiмге партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия не партиялық тiзiмнен шығарылған адам тиiстi сотқа шағым жасауына болады, оның шешiмi түпкiлiктi шешiм болып табылады.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда алып тастау туралы шешiм қабылдауға жол берілмейдi.
10. Тiркеуден бас тарту немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жою жөнiнде жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Бұл орайда Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым бойынша шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiмде шешiм шығарады.
11. Кандидаттар мен партиялық тiзiмдердi тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлауға екi ай қалғанда басталады және бiр ай қалғанда аяқталады.
Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
90-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәжiлiс
депутаттығына кандидат етiп ұсыну
туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Мәжiлiс депутаттығына кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс беруге екi күн қалғанға дейінгі кезеңде округтiк сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Саяси партияның жоғары органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс бере отырып, Мәжiлiс депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
3-1. Саяси партиялар партиялық тiзiмдер тiркелгенге дейiнгi кезеңде және одан кейiн, бiрақ дауыс беру күнiне дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей, өздерiнiң партиялық тiзiмдерiн керi қайтарып алуы мүмкiн, бұл жөнiнде Орталық сайлау комиссиясына жазбаша мәлiмдеме және саяси партияның жоғары органы отырысының хаттамасынан көшiрме бередi. Партиялық тiзiмге енгiзiлген адам бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою не партиялық тiзiмге енгiзілген адамды алып тастау туралы шешiм қабылдайды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою оған мәжбүр етпейтiн себептерсiз жүргiзiлген болса, округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығындардың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған саяси партияның
есебiне жатқызуға тиiс.
Ескерту. 90-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
Ескерту. 91-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
92-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттың
сайлау қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры мыналардан түзiледi:
1) кандидаттың өз қаражаты, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс;
2) кандидатқа өзiн ұсынған саяси партия бөлген қаражат, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс;
3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары, олардың сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының мың есе мөлшерiнен аспауға тиiс.
Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi
1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
2. Саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Ескерту. 92-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
93-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына Мәжiлiс депутаттығына
кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиiсті сайлау округі бойынша Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
2. Бұл жағдайда Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
94-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауында дауыстарды
есептеу
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң хаттамалары дереу тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жөнелтiледi.
2. Мәжiлiс депутаттары сайлауының нәтижелерi округтiк сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде анықталады. Мәжiлiс депутаты сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қойған хаттама жасалып және ол сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша сайлаудың нәтижелерi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде Орталық сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасалады.
3. Дауыс санаудың нәтижелерi мен сайлау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
95-бап. Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде
қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне екеуден артық Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар енгiзiлсе және олардың бiрде-бiреуi сайланбай қалса, округтiк сайлау комиссиясы неғұрлым көп дауыс алған екi кандидат бойынша депутат сайлауы жөнiнде қайта дауыс берудi тағайындайды. Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетенiне неғұрлым көп дауыс алған келесі кандидат енгiзiледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3.
(алып тасталды)
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
96-бап. Мәжiлiс депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса не екi кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және бастапқы сайлау өткiзу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмi бойынша өткiзiледi.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей немесе тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мерзiмде өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңмен белгiленген тәртiппен өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
4.
(алып тасталды)
5.
(алып тасталды)
Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
97-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауының нәтижелерiн
анықтау және жариялау
1. Республиканы тұтас алғанда Мәжiлiс депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде анықтайды.
2. Мәжiлiс депутатының сайлауында:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда сайлаушылар даусының көбiрек санын алған.
3)
(алып тасталды)
3. Сайлау қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер
бойынша дауыс берудiң қорытындыларына
қарай бөлу
1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жетi және одан да көп процентiн алған әрбiр партиялық тiзiм үшiн бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша берiлген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Жетi проценттiк кедергiден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онға - бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша бөлiнетiн депутаттық мандаттар санына бөлiнедi. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
2. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбiр партиялық тiзiм алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлiнедi. Санды бөлу нәтижесiнде алынған тұтас бөлiк партиялық тiзiм құрған тиiстi саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.
3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген iс-әрекеттен кейiн бөлiнбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргiзiледi. Бөлiнбеген мандаттар осы баптың 2-тармағына сәйкес бөлудiң нәтижесiнде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлiгiне (қалдығына) ие болған партиялық тiзiмдерге бiр-бiрден берiледi. Ең көп қалдық тең болған жағдайда басымдық бұрын тiркелген партиялық тiзiмге берiледi.
4. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиiстi партиялық тiзiмге орналастырудың ретiне қатаң сәйкес бөлiнедi.
5. Партиялық тiзiмдердi құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудiң нәтижесiнде сайланған депутат мерзiмiнен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен нақ сол партиялық тiзiм бойынша сайланған келесi кандидатқа берiледi.
Тиiстi партиялық тiзiмде кандидаттар қалмаған жағдайда Мәжiлiс депутаттарының келесi сайлауына дейiн мандат бос қалады.
Саяси партияны тарату не саяси партиядағы мүшелiгiн тоқтату осы партияның партиялық тiзiмi бойынша сайланған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгін тоқтату үшiн негiз болып табылады.
Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш және саяси партияның жоғары органы отырысы хаттамасынан үзiндi көшiрме бере отырып, кандидаттардың партиялық тiзiмдегi кезектiлiгiн өзгертуге құқылы.
Ескерту. 97-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, өзгеріс енгізілді - 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
98-бап. Мәжiлiс депутаттарын тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы сайланған Мәжiлiс депутаттарын округтiк сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде тiркейдi.
2. Орталық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алған болса, Мәжiлiс депутаттары сайлауын жарамсыз деп тануы және Мәжiлiс депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiнiң қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
Ескерту. 98-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 133-I
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
99-бап. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауын
және шығып қалған депутаттар орнына сайлау
өткiзу
1. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау осы Конституциялық заңның Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерiне сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының - 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
100-бап. Конституциялық Кеңестiң Мәжiлiс депутаттары
сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi
қарауы
1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн ішінде берiлуi мүмкін ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес
Конституцияны
бұзу анықталған сайлау округтерiнде Мәжiлiс депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы бұл сайлау округiндегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған сайлау округтерiнде екi ай iшiнде қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, кезектi сайлауды;
2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутат сайлауын тағайындау үшiн негiз болып табылады.
2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.
3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Сенат шешiмiнiң негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының) сайлау комиссиясы депутаттың мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей тағайындайды.
5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмі жөнiнен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиiс.
6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар
Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.
Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi және
өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.
2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбiр кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бірлестiктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етіп ұсынуға құқығы жоқ. Қоғамдық бiрлестік не оның құрылымдық бөлiмшесi әрбiр сайлау округiнде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Mәcлихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктiң, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi.
3. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiк жоғарғы органының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.
5. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.
6. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне бiр ай қалғанда аяқталады.
7. Егер кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiсті округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
8. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркеу
1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелердің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы
декларациялар
ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәліметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшінде беруге мiндеттi.
2. Қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:
1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының, осы қоғамдық бiрлестiктiң әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi тiркеле отырып, тиiстi сайлау округi бойынша кандидат ұсыну жөнiндегi отырысы хаттамасының үзiндiсi;
2) азаматтың өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiктен осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
4)
(алып тасталды)
5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүргiзіледi.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:
1) осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер бар болған ретте жүзеге асырылады;
3)
(алып тасталды)
4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған ретте жүзеге асырылады.
4. Тiркеуге мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.
5. Мәслихат депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына табыс етiледi.
6. Округтiк сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi баспасөз құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып тiркеу туралы хабар жариялайды;
2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгітті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгі анықталғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiмнiң жойылуына қоғамдық бiрлестiк немесе кандидаттың өзi аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа жетi күн мерзiм iшiнде шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде шешiм шығарады.
8. Мәслихат депутаттығына кандидатты тiркеу, егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне жиырма бес күн қалғанда аяқталады.
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
105-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәслихат
депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы
шешiмнiң күшiн жою
1. Мәслихат депутаттығына кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгі кезеңде округтiк сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын қайтып ала алады.
2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң, қоғамдық бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшесiнің жоғары органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс берiп, мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi немесе кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.
Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау
қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;
2) кандидатқа өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген, жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгі жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс қаражаттан;
3) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының үш жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
107-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына
кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
2. Мұндай жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде
дауыстарды санау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
2. Мәслихат депутатын сайлау нәтижелерi учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде округтiк сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Мәслихат депутаттары сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссия төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылып, сайлау өткiзiлген күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiлетiн хаттама жасалады.
3. Дауыс беру нәтижесi мен сайлау нәтижесiн анықтаумен байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
Ескерту. 109-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмдерi бойынша өткiзiледi.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарланады.
4.
(алып тасталды)
Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының
қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей анықтайды.
2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс берген кандидат мәслихаттың сайланған депутаты болып есептеледі.
3. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тiркеу
1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайланған мәслихаттар депутаттарын тiркейдi.
2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, мәслихат депутаты сайлауын жарамсыз деп тануы және мәслихат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл орайда мәслихат депутаттығына кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн iшiнде шешiм қабылдайды.
Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
113-бап. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы
мен шығып қалғандардың орнына депутаттар
сайлауын өткiзу
1. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы осы Конституциялық заңда мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Мәслихат өкiлеттігінің конституциялық мерзімiнiң аяқталуына бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына
сайлау тағайындау
1. Мыналар:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң аяқталуы сайлау тағайындауға;
2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оның мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғанның орнына мүше сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын аумақтық сайлау комиссиясы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын тағайындайды және олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде бiр ай уақыт қалғанда өткiзiлуге тиiс.
Сайлауларды өткiзу тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес айқындайды.
3. Сайлау күнi туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
115-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелерiне қойылатын талаптар
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi болып сайлану үшiн азамат Қазақстан Республикасының тиiстi заңымен белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ оның Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес сайлану құқығы болуға тиiс.
Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау округтерi
мен сайлау комиссиялары
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде:
1) халық топтары жинақы тұратын ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардың аумақтары сайлау округтерi болып табылады;
2) округтiк сайлау комиссиясының қызметiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы атқарады;
3) сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi учаскелiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелiгiне кандидаттар ұсыну
1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну құқығы сайлау құқығы бар әрi ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтарда жинақы тұратын кемiнде елу азамат болған жағдайда құқылы азаматтар жиналысында, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтарда болады.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына кандидаттар ұсыну туралы шешiмдi жиналысқа қатысқан азаматтар санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
3. Азаматтар жиналысының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне тиiстi ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағы бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.
5. Осы ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағында тұрмайтын азамат жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып ұсыныла алмайды.
6. Ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейдi.
7. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiнгi келесi күннен басталып сайлау күнiнен он төрт күн бұрын аяқталады.
8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күні жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол жиырма күннен аспауға тиiс.
9. Аумақтық сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу
1. Кандидаттарды тiркеудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкілеттi мемлекеттiк органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы
декларациялар
ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.
Бұл ретте салық қызметі органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.
2. Азаматтар жиналысы ұсынған кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) азаматтар жиналысының хаттамасы;
2) азаматтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
4)
(алып тасталды)
5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3)
(алып тасталды)
4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Тiркеуге кандидаттардың кез-келген саны ұсынылады.
5. Кандидаттарды тiркеу жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.
6. Аумақтық сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн төртiншi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiтті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi жүргізген;
кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмiнiң жойылуына азаматтар жиналысы немесе кандидаттың өзi үш күн мерзiм iшiнде жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап үш күн iшiнде шағым жөнiнде шешiм шығарады.
8. Кандидатты тiркеу сайлау күнiнен жиырма күн бұрын басталып, оған он үш күн қалғанда аяқталады.
Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. N 222
Заңымен
, 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат
етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы мүшелігіне кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі күн қалғанға дейінгі кезеңде тиiсті аумақтық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Азаматтар жиналысы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
, 2005.04.15. N 44 Конституциялық
Заңымен
.
120-бап. <*>
Ескерту. 120-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар
ұсыну
1. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi жергiлiктi өзін-өзі басқару органдарының мүшелiгіне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол бір айдан аспауға тиiс.
2. Мұндай жағдайда кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн
сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.
2. Дауыстарды санаудың нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 122-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн қосымша сайлау
1. Егер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiнiң саны тиiстi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органындағы мандаттар санынан кем болған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы бастапқы сайлау өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң қосымша сайлауын тағайындайды.
2. Қосымша сайлау осы Конституциялық заңда бастапқы сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.
Ескерту. 123-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн қайта сайлау
1. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және сайлаушылардың бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiмдерi бойынша жүргiзiледi.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
4.
(алып тасталды)
Ескерту. 124-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау
және жариялау
1. Сайлау қорытындылары аумақтық сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы аумақтық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.
1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидаттар берiлген мандаттарға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерi болып саналады.
2. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді және 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн тiркеу
1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiн сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмде тiркейдi.
2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын жарамсыз деп тануы және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап бес күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзу
1. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау осы Конституциялық заңда кезектi сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы өкiлеттігiнің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзімi аяқталуына бір жыл қалғанда жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының шығып қалған мүшесiнiң орнына сайлау өткiзілмейдi.
Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді -Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
Ескерту. 128-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент
Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау
тәртiбi
1. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөнiндегi сайлау іс-шаралары, дауыс берудi өткiзудi, сайлау қорытындыларын белгілеудi және Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi.
2. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру Сенат депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзіледi.
3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртiбiмен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екі шаршы орналастырылады. Бiр шаршы - алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.
4. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнінің оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi - алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды.
5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзіледi.
6. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.
7. Егер Сенат депутаттары дауыс берудің бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бір бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшін, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi.
Ескерту. 129-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
, 2004.04.14. N 545
Заңымен
.
Ескерту. 130-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелерiн сайлау мерзiмi
Республика Конституциясында көзделген жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн белгiлейтiн заң күшiне енгеннен кейiн, бiрақ аталмыш заң күшiне енген күннен бастап екi айдан кешiктiрмей тағайындайды.
Ескерту. 132-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.04.14. N 545 Заңымен .
133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi
және қолданылуы
Осы Конституциялық заң:
1) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi;
2) осы Конституциялық заң күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375
Заңымен
.
Қазақстан Республикасының
Президентi