Осы Заң Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайларын айқындайды.
I бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап. Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылық
саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" Заң, осы Заң, айналадағы орта мен халықтың денсаулығын сақтау жөнiндегi өзге де заң құжаттары санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi болып табылады.
2-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығын қамтамасыз етудiң принциптерi
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң принциптерi:
Ұйымдық, экономикалық, құқықтық және тәрбиелiк сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзумен қамтамасыз етiлетiн азаматтардың денсаулығын, тiршiлiк ортасының қолайлылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғау құқын жүзеге асыру;
айналадағы орта факторларының халықтың денсаулығына зиянды әсер етуiн болдырмау жөнiндегi қызметiнiң ескертпелiгi;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жариялылық болып табылады.
II бөлiм. Азаматтардың құқықтары мен
мiндеттерi
3-бап. Азаматтардың тiршiлiк ету ортасы қолайлылығына
құқығы
Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының, факторлары қазiргi және болашақ ұрпақтың денсаулық жағдайына жарамсыз әсер етпеуге тиiс тiршiлiк ортасы қолайлылығына құқығы бар.
4-бап. Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылықты
қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу құқығы
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы дұрыс ақпарат алуға мемлекеттiк басқару органдары, лауазымды адамдар қабылдағыш шешiмдердi, егер бұл шешiмдер санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен халықтың денсаулығына ықпал етумен байланысты болса, әзiрлеуге, талқылауға және бұлардың орындалуын бақылауға қатысуға әрбiр азаматтың құқығы бар
5-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты
қамтамасыз ету жөнiндегi азаматтардың мiндеттерi
Қазақстан Республикасының азаматтары қолданылып жүрген санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауға. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдарының қорытындыларын, қаулылары мен ұйғарымдарын орындауға мiндеттi.
6-бап. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару
органдарының азаматтардың құқықтарын қамтамасыз
ету жөнiндегi мiндеттерi
Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, лауазымды, адамдар:
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге;
азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдарға санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат беруге;
мемлекеттiк органдардың, лауазымды адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен халықтың денсаулығына ықпал етумен байланысты шешiмдерiн әзiрлеуге, талқылау мен орындалуын бақылауға азаматтардың қатысуы үшiн жағдай туғызуға мiндеттi.
7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары
мен мiндеттерiн шетел азаматтары мен азаматтығы
жоқ адамдарға қолдану
Осы Заңда көзделген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттi Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, сондай-ақ жол сапары Қазақстан Республикасы арқылы өтетiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
III бөлiм. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығын қамтамасыз ету
8-бап. Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк
басқару органдарының Қазақстан Республикасы
азаматтарының санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығын қамтамасыз етуге байланысты
өкiлеттiктерi
Орталық мемлекеттiк басқару органдарының жүргiзуiне:
мемлекеттiк басқару органдарының санитарлық заңдарды орындауға байланысты қызметiне басшылық жасау және олардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
санитарлық -эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, республикалық және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да нормативтiк құжаттарының жобаларын жасау;
мемлекеттiк шекараны аса қауiптi және басқа да карантиндi жұқпалы аурулардың енiп кетуi мен таралуынан қорғау;
Қазақстан Республикасы аумағында жұқпалы аурулар мен адамдар улануының таралуын болдырмауға және жоюға байланысты халықтың тұруы мен шаруашылық қызметтiң айрықша жағдайлары және режимдерiн белгiлеу мен тоқтату;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жатады.
9-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқару органдарының
Қазақстан Республикасы азаматтарының
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын
қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерi
Жергiлiктi өкiлдi және атқару органдары олардың санитарлық-эпидемиологиялық қарсы шараларды жүргiзу және санитарлық заңдарды сақтауы жөнiнде заңды ұйымдар мен нақты тұлғаларға басшылықты жүзеге асырады және азаматтардың денсаулығын қорғауға, тiршiлiк ету ортасының қолайлылығына байланысты құқықтарын қорғауды, олардың денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеудi қамтамасыз етедi.
10-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қызметi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi басқаратын және төменгiлерi жоғары тұрғандарына бағынышты органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi болып табылады.
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң басқару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi айқындайды.
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды және кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың лауазымды адамдар мен азаматтардың санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi, санитарлық заңдарды орындауларын қадағалауды жүзеге асырады, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және халықтың денсаулығына әсер ететiн қолайсыз факторлардан сақтандырады, оларды айқындайды және жою шараларын жасайды.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерi мен басқа да әскери құрамаларында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етудi қадағалауды Қарулы күштер мен сол әскери құрамалар қызметтерi жүзеге асырады. Олардың Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен өзара iс-қимылының тәртiбi қолданылып жүрген заңдар мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң нормативтiк құжаттарымен айқындалады.
11-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтiң мiндеттерi
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет:
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
мемлекеттiк органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелердi ұсынады;
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттiк бағдарламаларды жасауға қатысады;
санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бекiтедi;
санитарлық-эпидемиологиялық сақтандыруды (мониторингтi) жүзеге асырады, есеп пен статистика жүргiзедi;
гигиеналық оқыту өткiзедi және салауатты өмiр салтын насихаттайды;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды ұйымдастырады;
жобалау нормаларын, мемлекеттiк стандарттарды, бақылау әдiстерiн, оқу бағдарламаларын, оқу-еңбек жүктемелерiн, балалардың мектеп жасына дейiнгi балалар және жеткiншектер мекемелерiнде, мектептерде, жоғары және орта оқу орындарында болуы мен оқу режимi жағдайларын келiседi;
гигиеналық және эпидемиологиялық бағыттары институттардың ғылыми-зерттеу қызметiн үйлестiредi;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге қатысты басқа да мемлекеттiк бақылау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
12-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi
органдары мен мекемелерiн қаржыландыру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi органдары мен мекемелерiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 283 заңымен.
13-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi және оның орынбасарлары;
аумақтардың Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары;
басқармалар бастықтары, бөлiмдердiң, бөлiмшелердiң, лабораториялардың меңгерушiлерi, санитарлық дәрiгерлер мен эпидемиолог-дәрiгер, санитарлық дәрiгерлердiң және эпидемиолог-дәрiгерлердiң көмекшiлерi жатады.
14-бап. Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлердi қызметке
тағайындау және қызметiнен босату
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Аумақтардың Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлiк-жоғары тұрған Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгер әкiмдермен келiсуi бойынша тағайындап, босатады.
Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлердiң орынбасарларын тиiстi Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлер қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң басшысы қызметiне арнайы жоғары медициналық бiлiмi бар азаматтар тағайындалады.
15-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
құқықтары
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың гигиеналық нормативтердiң сақталуын қадағалау мақсатында қызмет куәлiгiн көрсете отырып тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге тосқауылсыз келуге және тексеру жүргiзуге;
министрлiктер мен ведомстволарға, кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық нормативтердiң бұзылуын жою, санитарлық-эпидемиологиялық қарсы шаралар жүргiзу туралы талаптар қоюға;
елдi мекендердi жоспарлау мен салу, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастыру, салу мен қайта құру жобалары бойынша, суды пайдалану мен ақаба суларды бөлiп тастау, токсикалық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттарды iске жарату мен көму жағдайларына байланысты министрлiктерге, ведомстволарға, кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдар мен азаматтарға қорытындылар беруге;
шикiзаттардың жаңа түрлерiнiң, технологиялық жабдықтың тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерiнiң, азық-түлiктiк шикiзаттың, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерiнiң, химиялық заттар мен өнiмдердiң, биологиялық және дәрi-дәрмектiк құралдардың, ыдыстың, азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және iшетiн сумен жанасатын орағыш және полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық және халық тұтынатын басқа да тауарлардың, медициналық иммунды биологиялық препараттардың, сайман-жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құралдарының стандарттары мен техникалық шарттарының жобаларын қарауға;
мемлекеттiк шекараны карантиндi, аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларды әкелу мен таратудан қорғау жөнiндегi бақылау функцияларын жүзеге асыруға;
балалар мен жеткiншектер мекемелерiндегi оқу-еңбек жүктемелерi мен сабақтар режимi жөнiнде қарауға және қорытындылар беруге;
ғылыми-зерттеу мекемелерiне, лабораторияларға, жоғары оқу орындарына олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, басқа да мекемелер мен ұйымдарға қажеттi жағдайларда санитарлық-эпидемиологиялық арнайы зерттеулер жүргiзуге тапсырмалар беруге;
Қазақстан Республикасының санитарлық заңдарын, санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бұзу фактiлерiн қарау үшiн Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiне лауазымда адамдар мен азаматтарды шақыруға;
жұқпалы және паразиттiк аурулардың таратушы көзi болған адамдарды, сондай-ақ санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi орындамайтын адамдарды жұмыстан аластатуға;
жекелеген объектiлерде карантин жасауға;
жұқпалы және паразиттiк ауруларды таратудың көзi болуы мүмкiн, сондай-ақ жұқпалы ауруы бар науқастармен жанасып жүрген адамдарды медициналық тексеруге жiберуге;
жұқпалы және паразиттiк аурулармен сырқаттанғандарды, айналасындағы адамдарға қауiп келтiретiн бактерия таратушыларды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызуға жiберуге;
үй-жайларда, аумақтар мен жұқпалы және паразиттiк аурулардың ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзудi талап етуге;
санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың талаптарына жауап бермейтiн тұрғын үйдiң, қоғамдық және өзге объектiлердiң құрылысын жүргiзу мен қайта құрудың жобалау қарсаңындағы және жобалау құжаттамаларына келiсуден бас тартуға;
санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық нормативтердiң бұзылуын жөнге келтiргенге дейiн өнеркәсiптiң, көлiктiң, ауыл шаруашылығының, байланыстың жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк объектiлерiн, жұмыс түрлерiн, технологиялық процестердi, құрал-жабдықтарды, аспаптарды, гидротехникалық құрылыстарды, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарын және өзге ғимараттарды, мектептердi, балалар мен емдеу-профилактикалық мекемелерiн, санаторийлердi, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайларды және басқа объектiлердi пайдалануға , жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға немесе тоқтатуға;
санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер бұзылған жағдайда, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, объектiлердiң құрылысын жүргiзу мен қайта құруды, қалалық және ауылдық мекендердiң құрылысын жүргiзу жөнiндегi жекелеген жұмыс түрлерiн тоқтатуға;
адам өмiрi мен денсаулығына қатерлi деп табылған жағдайда шикiзаттың жаңа түрлерiн, технологиялық құрал-жабдықтарды, процестердi, аспаптарды, азық-түлiк шикiзаты мен тағам өнiмдерiн, өнеркәсiп бұйымдарын, құрылыс материалдарын, азық-түлiк шикiзатымен, тағам өнiмдерiмен және ауыз суымен қарым-қатынаста болатын иондандырушы сәулелену көздерiн, биологиялық және дәрi-дәрмек құралдары мен препараттарды, ыдыстарды, орағыштарды, пластикалық, полимерлiк және басқа да материалдарды, олардан жасалған бұйымдарды, халық көп тұтынатын басқа да тауарларды өндiруге, қолдануға және сатуға, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға;
белгiленген тәртiппен тiркелмеген химиялық заттарды, иондандырушы сәулелену көздерiн, медициналық және биологиялық препараттарды өндiруге, пайдалануға және қолдануға, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға;
адам денсаулығына зиянды әсер ету қаупi туындаған жағдайда шаруашылық-ауыз суын жабдықтауда, тағам өнiмдерiн өндiру мен өңдеу кезiнде материалдар мен реагенттердi қолдануға, сондай-ақ ауыл шаруашылығында өсiмдiктер мен жануарлардың өсу стимуляторларын, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердi қолдануға, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға;
қолдануға жарамсыз деп табылған жағдайда суды iшуге және шаруашылықты жабдықтауға, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiне пайдалануға, жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, тыйым салуға;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жолмен ықпал ету шараларын қолдануға қақысы бар.
Он алтыншы - жиырма бiрiншi абзацтарда көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.
ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 заңымен.
16-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтегi лауазымды адамдардың мiндеттерi
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң лауазымды адамдары:
министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, лауазымды адамдардың, азаматтардың, санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауына Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуi, санитарлық заңдардың бұзылуы жайында орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарына хабардар етiп отыруға;
кәсiптiк уланулар мен аурулардың, жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болу себептерi мен жағдайларын айқындауға және талдауға;
жұқпалы және паразиттiк аурулардың ошақтарында санитарлық-эпидемиологиялық қарсы шараларды ұйымдастыруға;
халықты ұжымдық иммунитеттеудi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды орындауға бақылау жасауды жүзеге асыру;
айналадағы ортаның санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы және оның адам денсаулығына әсерi туралы қолданылып жүрген санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтер туралы халықты хабардар етiп отыруға;
халықтың жекелеген топтарын гигиеналық оқуға тартып, кейiннен аттестаттау өткiзiп отыруға;
медициналық және гигиеналық бiлiмдердi тарату, салауатты өмiр салтын қалыптастыру iсiне қатысуға мiндеттi.
17-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды
адамдарының құқықты пайдалану мiндеттiлiгi
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары осы Заңның 15-бабында көрсетiлген құқықты мынандай жағдайда:
зиянды заттардың шоғырлануы рұқсат етiлген шектегi нормативтерден, физикалық факторлардың әсер ету деңгейiнен асып кеткенде;
объектiлердi пайдалануға беру жаңа технологиялық процестердi, құрал-жабдықтарды, материалдар мен заттарды қолдануға енгiзу санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бұзып, не Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң келiсiмiнсiз жүргiзiлгенде;
кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бұзғанда қолдануға мiндеттi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өтiнiшi бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арыз Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi.
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуына немесе оны тоқтата тұруына карантиндiк, аса қауiптi, жұқпалы, паразиттiк және кәсiби аурулардың таралу қаупi анық туындаған кездегi ерекше жағдайларда жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
Төртiншi бөлiкте көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.
ЕСКЕРТУ. 17-бап 2,3,4 бөліктермен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1999.11.29. N 488 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 заңымен.
18-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
қаулыларының, қорытындылары мен ұйғарымдарының
орындалу мiндеттiлiгi
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қаулылары, қорытындылары, ұйғарымдары, министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
Осы қаулыларды, қорытындылардың, ұйғарымдардың орындалмауына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
19-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
қызметiне кепiлдiк
Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары,
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын басқа да лауазымды адамдар өкiметтiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. Өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
20-бап. Халықты санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттандыруды ақпараттық қамтамасыз ету
Халықты санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыруды ақпараттық қамтамасыз етудi мемлекеттiк және салалық есептеу және есеп беру нысандары, сондай-ақ Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қорғау органдары мен мекемелерiнiң сұрауы бойынша кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер беретiн қосымша ақпарат негiзiнде Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүзеге асырады.
IV бөлiм. САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАЛАУ
21-бап. Санитарлық-гигиеналық нормалаудың мiндеттерi
Санитарлық-гигиеналық нормалаудың мiндеттерi:
тiршiлiк ортасының халық денсаулығына әсер ету факторларын бағалаудың өлшемдерiн жасау;
тiршiлiк ортасының адам организмiне химиялық, биологиялық, физикалық және радиациялық әсер етуiнiң кешендi және жекелеген факторларының неғұрлым тиiмдiлiгiн немесе рұқсат етiлген шегiнiң, көлемiн, деңгейiн, шоғырлануын анықтау болып табылады.
22-бап. Санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлi
қалыптар, гигиеналық нормативтер. Оларды
жасаудың, бекiтудiң және қайта құрудың тәртiбi
Гигиеналық нормативтер жалпымемлекеттiк болып табылады. Санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлi қалыптар республикалық, аймақтық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi ғылыми зерттеу институттары, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар және басқа да мамандандырылған мекемелер жасайды.
Республикалық және аймақтық санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi бекiтедi.
Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер және ғылыми және практикалық мәлiметтер пайда болған кезде оқтын-оқтын қайта қаралып отырады.
23-бап. Халықаралық және республикалық санитарлық
ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық
нормативтердiң арақатынасы
Халықаралық санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi күшiне енгiзедi.
24-бап. Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды,
гигиеналық нормативтердi жариялау
Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер мiндеттi жариялануға және еркiн таратылуға жатады.
Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бекiткен лауазымды адамдар олардың енгiзiлгенi туралы бiр ай мерзiмде баспасөзде хабарлануға мiндеттi.
25-бап. Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды,
гигиеналық нормативтердi сақтаудың кепiлдiгi
Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, кәсiпорындар, мекемелер және басқа ұйымдар шығаратын актiлер санитарлық заңдарға қайшы келмеуге, олардың орындалуына кедергi жасамауға, сондай-ақ санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық нормативтердiң қолданылуын шектемеуге немесе оларды бұзбауға тиiс.
Санитарлық заңға қайшы келетiн актiлер тиiстi аумақтың Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң ұсынуымен, не прокурор наразылығы бойынша, не сот тәртiбiмен бұзуға жатады.
V бөлiм. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАУ
26-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және оның
мiндеттерi
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерi жүргiзедi және:
тiршiлiк ортасындағы объектiлердiң санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға, халықтың денсаулығына әсерiн кешендi бағалау;
адамдардың сырқаттануы және улануының пайда болу себептерi мен жағдайларын зерттеу;
шаруашылық немесе өзге қызмет барысында қабылданған шешiмдердiң санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлi қалыптарға, гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн бағалау мiндеттерiн иеленедi.
27-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау
объектiлерi
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға:
өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi техникалық-экономикалық негiздеу, құрылысын жобалау мен қайта құру;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мен халық денсаулығының ахуалын, жағдайын бақылау материалдары, кәсiптiк және тамақтық улануларды, жұқпалы аурулармен сырқаттану жайттарын, төтенше санитарлық-эпидемиологиялық асқынуларды тексеру;
ережелерiнiң халық денсаулығына тiкелей немесе жанама түрде қатыстылығы бар заңдар және басқа да заң құжаттарының жобалары;
топыраққа, су қоймаларына, атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық және пестицидтiк салмақ түсiру бойынша материалдар;
жаңа өнiмдер мен технологиялар;
азық-түлiк шикiзаты және тамақ өнiмдерi, ауызсу, құрылыс материалдары, халық тұтынатын тауарлар;
халықтың жекелеген топтарының еңбек, демалыс, тұрмыс пен тәрбие және оқу жағдайы;
радиоактивтi, уландырғыш және биологиялық заттарды тасымалдаудың жағдайы жатады.
Жобалар:
әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының, өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастыру схемаларының, қаладағы және селолық елдi мекендердiң бас жоспарларының;
зиянды заттарды атмосферадағы ауада тарату мен су қоймаларына тастаудың рұқсат етiлген шегiнде құрылыс жүргiзу және технологиялық жобалау нормалары;
өндiрiстiк және азаматтық мақсаттағы объектiлер мен олардың iске қосу кешендерiнiң құрылысын жүргiзу мен қайта құру;
балалар мен жеткiншектердiң оқу-еңбек жүктемесi мен оқытудың, тәрбиелеудiң, еңбек етуiнiң, тамақтануының, демалысының режимiн тәртiптейтiн нормативтiк-техникалық құжаттамалар жатады.
28-бап. Мiндеттi санитарлық-эпидемиологиялық сараптау
Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды:
атом энергетикасы мен өнеркәсiбi объектiлерiн, курорттық аймақ объектiлерiн, заттардың рұқсат етiлген шектегi шоғырланулары, әсер етуiнiң бағдарлы қауiпсiздiк деңгейлерi болмаған және олардың әдiстерi айқындалған реттерде айналадағы ортаға химиялық және биологиялық заттар тарататын объектiлердi орналастыру;
экологиялық зiлзала аймақтарындағы объектiлердi, баламалары жоқ жаңа технологиялық процестегi объектiлердi орналастыру, қайта құру және ұлғайту;
референдумда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыру мүддесiн қозғайтын мәселелердi талқылау кезiнде жүргiзуге мiндеттi.
29-бап. Өтiнiштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық
сараптау
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың өтiнiштерi бойынша, осы Заңның 27-бабында көзделмеген реттерде жүргiзiле алады.
Ғылыми-зерттеу мекемелерi, жоғары оқу орындары, басқа да мекемелер мен ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде мемлекеттiк органдардың, прокуратураның немесе соттың, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерiнiң тапсыруы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргiзуге мiндеттi.
30-бап. Қоғамдық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау
Қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар дербес, өз қаржысының есебiнен нәтижелерi ұсыныстық сипатта болатын санитарлық-эпидемиологиялық сараптау тағайындап, өткiзе алады. Мұны жүргiзу кезiнде аттестациядан өткен лабораториялардың нәтижелерi пайдаланылады.
Қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптау өткiзуге қатысу үшiн өздерiнiң өкiлдерiн жiберуге құқығы бар.
31-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргiзу
Осы Заңның 29-30 баптарында көзделген сараптау жүргiзу үшiн тапсырыс берушi оның қаржыландырылуының, соның iшiнде қажеттiгi сараптау барысында пайда болған ғылыми-зерттеу жұмыстарының қаржыландырылуын қамтамасыз етедi және қажеттi құжаттамаларды ұсынады.
ЕСКЕРТУ. 31-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 283 заңымен.
32-бап. Сараптау нәтижелерi бойынша дауларды шешу
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың нәтижелерi бойынша дауларды тәуелсiз сараптау комиссиясы, не мүдделi тараптың талап ету арызының негiзiнде, заңда белгiленген тәртiппен сот шешедi.
Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының, мекемелерiнiң, ұйымдарының санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мәселелерiне қатысты басқа мемлекеттермен дауларын тараптардың келiсiмi бойынша мүдделi мемлекеттердiң өкiлдерiнен құрылған комиссиялар қарайды және шешедi.
VI бөлiм. IНДЕТКЕ ҚАРСЫ IС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ЖҮРГIЗУ
33-бап. Жұқпалы аурулардың таралуының және адамдардың
улануының алдын алу
Жұқпалы аурумен ауырғандар, жұқпалы аурулармен ауырады деп күдiк туғызатындар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және ауруханада емделуге жатады, жұқпалы аурумен қарым-қатынаста болған адам медициналық қадағалауға алынады, қажет болған жағдайда оқшауландырылады және емделедi.
Созылмалы жұқпалы аурумен ауырғандар және бойында созылмалы бактериясы барлар, егер олар атқаратын қызметiнiң түрiне байланысты айналасындағыларға қауiп төндiретiн болса, басқа жұмысқа ауыстырылады, ал ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстан босатылады.
34-бап. Профилактикалық егу жүргiзудiң мiндеттiлiгi
Қазақстан Республикасының азаматтары жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егiлуге мiндеттi.
Профилактикалық егiлулер жүргiзудiң мерзiмi мен тәртiбiн және егуге жататын халықтың топтарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi айқындайды.
35-бап. Жұқпалы ауру iндетi пайда болудың қаупi төнген
жағдайда карантин енгiзудiң шарттары
Жұқпалы аурулар iндетi енудiң және таралудың қаупi төнген жағдайда орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң тапсыруы бойынша жекелеген аумақтарға шаруашылық қызметi мен халық өмiрi айрықша жағдайға көшiрiлген карантин енгiзедi.
Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының, кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың үйлестiру қызметi жөнiндегi жедел басшылығы бұл жағдайда iндетке қарсы Республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледi.
36-бап. Жұқпалы ауруларға шалдығу мен улану жағдайларын
тексеру
Адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы мен улануларының әрбiр жағдайы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандары жүзеге асыратын тексеруге жатады.
Тексеру барысында:
адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы мен улану оқиғаларының айналадағы ортаның ластануына немесе сапасы төмен тамақ өнiмдерi мен ауыз суды пайдалануға, санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық нормативтердiң және iндетке қарсы режимнiң бұзылуына байланысты екенi;
жұқпалы аурулардың пайда болуына немесе адамдардың улануына кiнәлi кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар анықталады.
37-бап. Медициналық бақылаудан өтудiң мiндеттiлiгi
Халықтың денсаулығын қорғау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiптiк аурулар мен уланулардың, бақытсыз оқиғалардың алдын алу, еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың қызметкерлерi мен азаматтары алдын ала және мерзiмдiк бақылаулардан, арнайы медициналық тексерулерден өтедi.
Өндiрiстiк зиянды факторлардың, алдын ала және мерзiмдiк медициналық бақылаулардан өтуге мiндеттi мамандық иелерi, халықтың жекелеген топтарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi белгiлейдi.
Кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары алдын ала немесе мерзiмдiк медициналық тексерулерден өтпеген немесе денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi.
VII бөлiм. ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
38-бап. Шаруашылық қызметiне қойылатын жалпы талаптар
Өз қызметiн жүзеге асыра отырып кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар:
қолданылып жүрген санитарлық заңдарды, санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауды қамтамасыз етуге;
айналадағы ортаның ластануының, жұқпалы паразиттiк және кәсiптiк аурулардың алдын алу мен жоюға бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық қарсы шараларды жасауға және жүзеге асыруға;
шығарылатын өнiмнiң сапасына, жұмыс iстеп жүрген адамдардың еңбек жағдайына айналадағы ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн тигiзетiн өндiрiстiк факторларға дербес бақылауды жүзеге асыруға;
халықтың денсаулық ахуалын нығайту, салауатты өмiр салтын қалыптастыру үшiн жағдай жасауға мiндеттi.
39-бап. Төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдай
туралы ақпарат беру мiндеттiлiгi
Апаттар, жаппай және топтық жұқпалы, паразиттiк және кәсiптiк аурулар туындаған, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай төтенше нашарлай түскен жағдайда кәсiпорындар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерiне хабарлауға мiндеттi.
40-бап. Нормативтiк-техникалық құжаттамалар жасаушылардың
мiндеттерi
Нормативтiк-техникалық құжаттамаларды жасаушылар:
жасалынған құжаттамалардың санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарға, гигиеналық нормативтерге сәйкес келуiн қамтамасыз етуге;
шикiзаттың жаңа түрлерiн, технологиялық құрал-жабдықтар мен процестердiң, аспаптардың, азық-түлiк шикiзаттары мен тағам өнiмдерiнiң, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелердiң, ыдыстардың, химиялық, биологиялық және дәрi-дәрмектiк заттардың, буып қаттайтын орағыштар мен полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердiң және басқа да халық тұтынатын тауарлардың стандарттарын, техникалық шарттарын, рецептерiн және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамаларын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң келiсуiне ұсынуға мiндеттi.
41-бап. Жобалау жұмыстарына қойылатын санитарлық
талаптар
Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк билiк пен басқару органдары, кәсiпорындар мен мекемелер, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар, азаматтар елдi мекендердi, кәсiпорындар, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау, құбыр жүйелерiн, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк құралдарын, технологиялық процестердi, бұйымдар мен құрал-жабдықтарды, аспаптарды және басқа объектiлердi жобалаған кезде санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауға мiндеттi.
Жасалған жобалар Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң келiсуiне ұсынылады.
42-бап. Үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, құрал
жабдықтар мен көлiк құралдарын ұстауға және
пайдалануға қойылатын санитарлық талаптар
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар өндiрiстiк және санитарлық-тұрмыстық жайларды, жұмыс орындарын, балаларға арналған емдеу-профилактикалық, сауықтыру, оқу және мәдени мекемелердi, спорттық және өзге ғимараттарды, тұрғын үй-жайлары мен құрылыстарды, технологиялық және өзге құрал-жабдықтарды, көлiк құралдарын санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарға, гигиеналық талаптарға, стандарттарға және басқа нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етуге мiндеттi.
43-бап. Тамақ өнiмдерiне, оларды өндiру мен
тасымалдауға, сақтау мен өткiзуге қойылатын
санитарлық талаптар
Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткiзумен шұғылданатын кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, азаматтар санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауға мiндеттi.
Тағамдық қосымшалар мен биологиялық заттарды, азық-түлiк шикiзаты мен тағам өнiмдерiн өндiрудiң технологияларын қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiмен келiсiлген нормативтiк-техникалық құжаттамалар болған кезде жол берiледi.
Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде өндiрiлетiн өнiмдi жеткiзуге және пайдалануға сертификаттар болған кезде, ал ол жоқ болған жағдайда мiндеттi сертификаттық тексерулер өткiзу арқылы рұқсат етiледi.
44-бап. Химиялық заттарды, биологиялық құралдар мен
дәрi-дәрмектiк құралдарды қолдануға қойылатын
санитарлық талаптар
Химиялық, биологиялық заттарды, дәрi-дәрмектiк құралдарды, препараттарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсiмдiктер мен жануарларды өсiру стимуляторларын, өсiмдiктердi қорғайтын химиялық құралдарды, полимерлiк және пластикалық массаларды, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердi қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң рұқсатымен жол берiледi.
45-бап. Шаруашылық-ауыз су, мәдени-тұрмыстық су
пайдалану орындарына қойылатын санитарлық
талаптар
Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, азаматтар ауыз судың сапасын қамтамасыз етуге және су қоймаларын шаруашылық ауыз су мен мәдени-тұрмыстық су пайдаланылатын орындарда санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтерге сәйкес ластанудан қорғауға мiндеттi.
Ауыз сумен жабдықтаудың көздерi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен келiсiлген санитарлық қорғау аймақтарына ие болуға тиiс.
46-бап. Атмосфералық ауаға санитарлық талаптар
Тұратын жерлердегi атмосфералық ауа, тұрғын үйдiң, қоғамдық, өндiрiстiк ғимараттар мен жайлардың ауасы, өнеркәсiптiк кәсiпорындар аумағы белгiленген нормативтерге сәйкес келуге тиiс.
47-бап. Аумақты ұстауға, өндiрiстiк және тұрмыстық
қалдықтарды жинау мен кәдеге асыруға қойылатын
санитарлық талаптар
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар лауазымды адамдар мен азаматтар өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарға, белгiленген нормативтерге сәйкес жинауды, қайта өңдеудi, залалсыздандыру мен көмудi қамтамасыз етуге және аумақты күтiп ұстауға мiндеттi.
48-бап. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
байланысты санитарлық талаптар
Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар радиоактивті заттармен және басқа иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істегенде санитарлық мөлшерлі қалыптарды сақтауға міндетті.
49-бап. Балалар мен жеткiншектердi тәрбиелеу, оқыту және
өндiрiстiк тәжiрибе өткiзу жағдайларына қойылатын
санитарлық талаптар
Мектепке дейiнгi мекемелер, мектептер, кәсiптiк-техникалық училищелер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары мен басқа оқу-тәрбие бiрлестiктерi, сондай-ақ еңбекке баулу мен өндiрiстiк тәжiрибенiң базасы болып табылатын кәсiпорындар санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
50-бап. Халықты гигиеналық тәрбиелеу мен оқытуға
қойылатын талаптар
Халықтың мәдениетiн көтеруге және аурулардың профилактикасына бағытталған гигиеналық тәрбиелеу мен оқыту жаппай, кешендi және үздiксiз сипатқа ие болуға тиiс.
Гигиеналық тәрбие мен оқыту:
балаларды тәрбиелеу, мектеп оқушылары мен жеткiншектердi, студенттердi оқыту, әртүрлi бағдар мен деңгейдегi мамандарды даярлау мен қайта даярлау процесiнде;
медициналық және гигиеналық бiлiмдi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау жолымен жүзеге асырылады.
51-бап. Басшыларды, мамандарды және қызметкерлердi
кәсiптiк-гигиеналық тәрбиелеу
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар өз қаражатының есебiнен:
азық-түлiк өнiмдерi мен ауыз суды өндiруге, сақтауға, тасымалдауға және өткiзуге;
балаларды тәрбиелеуге, мектеп оқушылары мен жеткiншектердi оқытуға;
халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуге;
қызметi залалды заттарға және қолайсыз өндiрiстiк факторлар мен процестерге байланысты басшыларды, мамандар мен қызметкерлердi кәсiптiк-гигиеналық даярлауды жүзеге асыруға мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 283 заңымен.
VIII бөлiм. САНИТАРЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШIН
ЖАУАПТЫЛЫҚ
52-бап. Санитарлық заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық
түрлерi
Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер бұзылған жағдайда лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
53-бап. Азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиянды және
емдеу-профилактикалық, санитарлық-эпидемиологиялық
мекемелердiң қосымша шығындарын өтеу
Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi, сондай-ақ азаматтардың сырқаттануы мен улануына әкеп соққан iндетке қарсы режимнiң бұзылуына жол берген кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар адам денсаулығына келтiрiлген нақты зиянды және емдеу-профилактикалық санитарлық-эпидемиологиялық мекеменiң қосымша шығындарын өтеуге мiндеттi.
Адам денсаулығына келген зиянның өтелетiн сомасы кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдар мен азаматтардан ерiктi түрде немесе сот шешiмiмен алынады.
Емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердiң қосымша шығындарын кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар ерiктi түрде немесе сот шешiмi бойынша өтейдi.
54-бап. Лауазымды адамдардың әрекеттерiне шағым жасау
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдарының әрекетiне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Жасалған шағым Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң қаулыларының, нұсқауларының және қабылдаған шешiмдерiнiң орындалуын тоқтатпайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi