Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 13 қаңтар N 7000

Қолданыстағы
                              БIРIНШI ТАРАУ
      Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы қазiргi шекарасында тұтас, оған қол сұғылмайды және бөлiнбейдi. <*>
      Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қорғаудың құқылық негiздерiн белгiлейдi және баянды етедi.

                        1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
      Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістiгi айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн үстiнгi қабаты. <*>
      Мемлекеттiк шекара Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. Кiрiспеге және 1-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан
               Республикасының 1996.07.15. N 31-1 Заңымен. Z960031_

      2-бап. Қазақстан Республикасының шекара саясаты
      Қазақстан Республикасы аумақтық тұтастықтың және мемлекеттiк шекараға қол сұғылмайтындығының халықаралық принциптерiн негiзге ала отырып:
      мемлекеттiк шекараны Қазақстан Республикасы егемендi құқықтарының бүкiл билiгiне ие болатын аумақтық (құрғақ, су, жер қойнауы, әуе кеңiстiгiнiң) заң жүзiнде баянды етiлген кеңiстiгi шегiн анықтайтын сызық ретiнде қарастырады;
      бұрынғы КСРО жөнiнде жарияланған құқылық мирасқорлықты негiзге ала отырып, осы Заң күшiне енгiзiлген кезiнде қолданылып келген халықаралық шарттармен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының және КСР Одағының бұрынғы республикалары болған басқа да мемлекеттердiң әкiмшiлiктiк-аумақтық межеленуi туралы актiлерде белгiленген өз мемлекеттiк шекарасының өтуiн қуаттайды;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын белгiлеген және оның өтуiн өзгерткен, Қазақстан Республикасының шекарадағы шектес мемлекеттермен құқылық қатынастар орнатқан және қолдап отырған, Қазақстан шекаралық аудандарындағы (су айдындарындағы) және Қазақстан аумағынан өтетiн халықаралық жолдардағы құқық қатынастарын реттеген кезде Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсаттарын, шектес мемлекеттермен өзара тиiмдi жан-жақты ынтымақтастық мүдделерiн, шекара мәселелерiн бейбiт, күш қолданбай шешу принциптерiн басшылыққа алады;
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен мемлекеттiк шекара тәртiбiн белгiлеудi және оны қорғау жөнiндегi қызметтi үйлестiрiп отырады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы
             туралы Қазақстан Республикасы заңдары
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi. Мемлекеттiк шекараны белгiлеу мен оның өтуiн өзгерту және оның көрсетiлу тәртiбiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын белгiлеу ретiн және ұстау тәртiбiн, шекара тәртiбi мен өткiзу пункттерiндегi тәртiптi белгiлейдi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету саласындағы қатынастарды реттейдi. Ол заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң және нормативтiк актiлерiнен құрылады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы заңдар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар, келiсiмдер мен өзге де актiлер негiзiнде құрылады. Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан жасасқан халықаралық шарттардың ережелерi қайшы келген реттерде халықаралық шарттар қолданылады.

      4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын
             күзету
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету Қазақстан Республикасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпымемлекеттiк жүйесiнiң ажырағысыз құрамдас бөлiгi болып табылады және ол мыналарды көздейтiн саяси, әскери, құқылық, ұйымдық, экономикалық, экологиялық, техникалық, оперативтiк және өзге шаралар жүйесiн iске асыру үшiн жасалады;
      Қазақстан Республикасының белгiленген мемлекеттiк шекарасының өтуiн құқыққа қарсы, күш қолданып өзгертуге, шектес мемлекеттердiң немесе олардың азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағының шекара өңiрлерiн заңсыз пайдалануына (игеруiне) жол бермеу;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңдарында белгiленген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы құқылық қатынастарды, заңды ұйымдар мен нақты адамдардың сақтауын қамтамасыз ету, осы құқылық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар мен әкiмшiлiк қылықтарға қарсы күресу;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн сыртқы және iшкi қол сұғушылықтардан қорғау.
      Қазақстан Республикасының құрғақтағы, теңiздегi, өзендер мен өзге де су қоймаларындағы мемлекеттiк шекарасын күзету шекара әскерлерiне, ал әуе кеңiстiгiнде - әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне жүктеледi.
      Мемлекеттiк шекараны күзетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құқықтары шеңберiнде басқа да министрлiктер мен ведомстволар қатысады.

      II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫН
          БЕЛГIЛЕУ, ӨТЕТIН ЖЕРЛЕРIН ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ КӨРСЕТУ

      5-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын
             белгiлеу және өзгерту
      Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы:
      құрғақта - жер бедерiнiң сипатты нүктелерi мен сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша;
      теңiзде - Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнiң сыртқы шегi бойынша;
      өзендерде (бұлақтарда) - олардың орта тұсы бойынша немесе өзiнiң негiзгi аңғарының орта тұсы бойынша; өзге де су қоймаларында - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының су қоймасының жағасына шығатын тұсын бiрiктiретiн тура сызық бойынша белгiленедi.
      Қазақстан Республикасының өзен (бұлақ) өзге де су қоймасы бойынша өтетiн мемлекеттiк шекарасы олардың жағаларының сипаты немесе су деңгейi өзгергенде де, өзен (бұлақ) аңғары белгiлi бiр жаққа ауытқыған жағдайда да өзгертiлмейдi;
      су тараптарының су қоймаларында және басқа жасанды су қоймаларында - олар толтырылғанға дейiнгi жерден өтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына сәйкес;
      темiр жол және автомобиль жолдары көпiрлерiнде өзендердiң (бұлақтардың) шекаралық учаскелерi арқылы өтетiн бөгеттер мен басқа ғимараттарда - Қазақстан Республикасының су бойынша мемлекеттiк шекарасының өтуiне қарамастан, әлгi ғимараттардың орта тұсы бойынша немесе олардың технологиялық ортасы бойынша белгiленедi.
      Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiне жағалаудағы теңiз сулары жатады, олардың енi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi. <*>
      Қазақстан Республикасының iшкi суларына мыналар жатады:
      Қазақстан Республикасы порттарының гидротехникалық және басқа ғимараттарының теңiз жаққа қарай неғұрлым қашық орналасқан нүктесi арқылы өтетiн сызықпен шектелген порт сулары;
      жағалауы Қазақстан Республикасының иелiгiндегi өзендер мен өзге де су қоймаларының сулары.
      Каспий теңiзiнде - iшкi суларға жататын айдың Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгiленедi. <*>
      Қазақстан Республикасының жерге (су бетiнде) қарап Қазақстанның халықаралық шарттары негiзiнде шекараны редемаркациялау ретiнде жүргiзiлген мемлекеттiк шекарасының өтуiн дәлелдей түсуi туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бекiтуiне жатады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының

              1996.07.15. N 31-1 Заңымен.  

Z960031_

  

     6-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын
            көрсету
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын жерiне қарап
белгiлеу айқын көрiнетiн шекара белгiлерiмен көрсетiледi.
     Шекара белгiлерiнiң түрлерiн, көлемiн, олардың сипаттамасын
және орнату тәртiбiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
белгiлейдi.

     III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫНЫҢ
                         ТӘРТIБI

     7-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының
            тәртiбi


      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының тәртiбi Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттердiң шекарадағы өзара қатынастарына байланысты барлық мәселелердi реттеу мақсатымен белгiленедi. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын өту, қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң шекаралық өзендер мен басқа да су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы iшкi суларына кiру және тұру, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк және өзге де қызмет жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi. Мемлекеттiк шекара тәртiбi осы Заңмен, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiмен және халықаралық шарттарымен белгiленедi.

      8-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын
             ұстау
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын ұстау мемлекеттiк шекараны демаркациялау туралы актiлерге және оның жер бетiнде өтуiн айқындайтын басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленбеген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасын ұстау тәртiбiн шекара әскерлерi белгiлейдi.

      9-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан
             өту
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы темiржол, автомобиль, теңiз, өзен, әуе арқылы және өзге де қатынас Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Үкiметi белгiлейтiн өткiзу пункттерiнде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерi, мемлекеттiк шекарада бақылауды жүзеге асыратын кеден және басқа да мекемелер құрылады. <*>
      Әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан осы Заңға, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, сондай-ақ республикалық құзыреттi органдар шығарып, белгiленген тәртiп бойынша жарияланатын ережелерге сәйкес өтедi.
      Әуе кемелерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының осы Заңға, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, сондай-ақ республикалық құзыреттi органдар шығарып, белгiленген тәртiп бойынша жарияланатын ережелерге сәйкес арнайы бөлiнген әуе дәлiздерi арқылы ұшып өтедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан әуе дәлiздерiнен тысқары ұшып өтуге республикалық құзыреттi органдардың рұқсаты бойынша ғана жол берiледi.

      10-бап. Әскери емес әуе (теңiз) кемелерiнiң ұшып шығуы
              (кетуi), келiп қонуы (кiруi) <*>
      Қазақстандық және шетелдiк әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасынан ұшып шығуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келiп қонуы шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерi және кеден мекемелерi бар әуежайларда (аэродромдарда) жүзеге асырылады. Әуе кемелерiнiң ұшып шығуы мен келiп қонуының өзге тәртiбiне республикалық құзыреттi органдардың рұқсаты бойынша ғана жол берiледi.
      Шетелдiк әскери емес кемелер Қазақстан Республикасының мұндай кемелердiң келуi үшiн ашық рейдiлерi мен порттарына келiп кiре алады. Шетелдiк әскери емес кемелердiң кiруiне ашық рейдiлер мен порттардың тiзбесi, ондай порттарға кiру және оларда болу тәртiбi - жүк және жолаушы операцияларын жүргiзу, кемелердiң жағалаумен хабарласу, кеме экипажы мүшелерi болып табылмайтын адамдардың бару тәртiбi, шетелдiк әскери емес кемелердiң Қазақстан Республикасының iшкi сулары мен порттарына, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiне кiруiне және осы суларда болуына байланысты басқа да ережелер Қазақстан Республикасының заңдарымен және құзыреттi органдар шығарып, белгiленген тәртiп бойынша жарияланатын ережелермен белгiленедi.
      Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзi мен iшкi суларында жүзген және болған кезiнде радио байланысы, навигациялық, порт, кеден экологиялық, санитарлық ережелердi және өзге де ережелердi сақатуға мiндеттi. <*> Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiне, iшкi суларына кiруге мәжбүр болған ретте немесе бұл суларда жүзу мен болу ережелерiн сақтамауға мәжбүр болған ретте бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының ең таяудағы портының әкiмшiлiгiне дереу хабарлауға мiндеттi.
      Шетелдiк ұшу аппараттарының, әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң Қазақстан Респубилкасының аумақтық теңiзi мен iшкi суларындағы кез келген кәсiпшiлiк, зерттеу және iздестiру қызметiне тыйым салынады, бұған Қазақстан Республикасы құзыреттi органдарының рұқсаты бойынша немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын қызмет реттерi кiрмейдi.
      Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзi мен iшкi суларында Қазақстан Республикасы құзыреттi органдарының шешiмiмен қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң жүзуiне және болуына уақытша тыйым салынатын аудандар белгiленуi мүмкiн.
      Мұндай аудандарды белгiлеу туралы белгiленген тәртiппен хабарланады.
      Мыналарға тыйым салынады:
      шекара арқылы өткiзу пункттерi жоқ Қазақстан Республикасы порттарына шетелдiк кемелер мен шетелде жүзетiн қазақстандық кемелердiң кiруiне, шетелдiк және қазақстандық әуе кемелерiнiң Қазақстан әуежайларына (аэродромдарына) қонуына;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi халықаралық қатынас үшiн ашпаған мұндай порттардан (әуежайлардан, аэродромдардан), шетелге бару үшiн қазақстандық теңiз, өзен және әуе кемелерiнiң (корабльдерiнiң) шығуына (ұшып кетуiне); көлiк құралдарының тоқтауына, өткiзу пункттерiнен тыс жерде адамдарды түсiруге, заттар мен хайуандарды түсiруге;
      жүзетiн құралдарды суға түсiруге, көлiк құралдары бар ұшу аппараттарын аспанға көтеруге және оларды көлiк құралдарына қабылдауға, құралдардың су асты жағдайында болуына, олардың Қазақстан жағалауына жақындап келуiне, шекара арқылы шекарадан өткiзу пункттерiне бет алған кезде, және керi қайтқан жағдайда теңiз (өзен) кәсiпшiлiгiн жүргiзуге;
      Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық құқық актiлерiмен тыйым салынған басқа да iс-қимылды жүзеге асыруға;
      Бұл ережелерде дүлей кесапаттар, апаттар мен авариялар кезiнде кемелердi, корабльдердi мұз арасынан өткiзу кезiнде, сондай-ақ қауiп төнген немесе апатқа ұшыраған адамдарға, кемелерге, ұшу аппараттарына жәрдем көрсеткен кезде амалсыздан шекарадан өткен реттер кiрмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
               1996.07.15. N 31-1 Заңымен. Z960031_

      11-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан
              өткен кездегi бақылау
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өтiп бара жатқан адамдар, көлiк құралдары, жүк және өзге де мүлiк шекара және кеден бақылауынан өтуге тиiс. Санитарлық-карантиндiк, мал дәрiгерлiк, фото-санитариялық және басқа бақылау түрлерiнiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>

      12-бап. Адамдарда көлiк құралдарын жүктi және басқа
              мүлiктi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
              шекарасы арқылы өткiзу
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өтiп бара жатқан адамдарды өткiзудi шекара әскерлерi Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретiн қолданылып жүрген құжаттар бойынша жүзеге асырады.
      Көлiк құралдарын, жүктi және басқа мүлiктi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес адамдарды, көлiк құралдарын, жүктi және басқа мүлiктi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудiң жеңiлдетiлген тәртiбi белгiленуi мүмкiн.

      13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында
              шаруашылық қызметтi жүзеге асыру тәртiбi
      Қазақстан азаматтары мен шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында шаруашылық, кәсiпшiлiк және өзге де қызмет, соның iшiнде бiрлескен қызмет республикалық заңдар мен халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзедi және ол Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында тиiстi тәртiппен қамтамасыз ететiндей болып жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында шаруашылық қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асыру тәртiбiн шекара әскерлерiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>

      14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы
              тәртiбiн бұзушылар

      Мыналар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы тәртiбiн бұзушылар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын ұстану, мемлекеттiк шекарада түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк және өзге қызмет жүргiзу тәртiбiн бұзған адамдар;
      шекарада түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк және өзге қызмет жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шкеарасынан өту тәртiбiн бұзған, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы белгiленген тәртiпке жатпайтын қарым-қатынас жасаған адамдар;
      Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнде және iшкi суларында, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде жүзудiң және тұрудың тәртiбiн бұзған, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк және өзге қызмет жүргiзушi қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында аэрофотосуретке түсiрген және өзге қызмет атқарған кезде ұшу ережесi мен тәртiбiн бұзған Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердiң әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттары.

      15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын
              бұзушылар
      Мыналар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын бұзушылар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнен тыс немесе өткiзу пункттерiнде солар арқылы, бiрақ шекарадан өтудiң белгіленген ережелерiн кез келген әдiспен бұзып өткен немесе өтуге тырысқан адамдар;
      Қазақстан Республикасынан заңсыз кету мақсатымен шетелдiк және шетелге бара жатқан қазақстандық құралдарға кiрген немесе кiруге тырысқан адамдар;
      Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiне немесе iшкi суларына, сондай-ақ шекаралық өзендер мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiне ондай суларға кiрудiң белгiленген ережелерiн бұзып кiрген шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер. Шетелдiк сүңгуiр қайықтар және су астында жүзетiн басқа да көлiк құралдары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан су астындағы жағдайда өткен ретте немесе Қазақстан Республикасының суларында жүзген және тұрған кезiнде осындай жағдайда болған ретте олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын бұзушылар болып табылады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан тиiстi рұқсатсыз өткен немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы ұшып өтудiң ережелерiн басқаша бұзған әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттары.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын басқа да кез келген техникалық немесе өзге де құралдармен тиiстi рұқсатсыз немесе белгiленген тәртiптi бұзып өту де оны бұзу болып табылады.

      16-бап. Қазақстан Республикасының шекарадағы өкiлдерi
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы тәртiбiн сақтауға байланысты мәселелердi шешу үшiн, сондай-ақ шекаралық жанжалдарды реттеу үшiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының белгiлi бiр учаскелерiне шекара әскерлерiнiң офицерлерi қатарынан белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының

шекарадағы өкiлдерi тағайындалады.
     Қазақстан Республикасының шекарадағы өкiлдерi Қазақстан
Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарын басшылыққа алады.
     Шекарадағы өкiлдер реттемеген мәселелер дипломатиялық арналар
бойынша шешiледi.

                       IV. ШЕКАРАЛЫҚ ТӘРТIП

     17-бап. Шекаралық аймақ және шекаралық өңiр


      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi шекаралық аймақ және шекаралық өңiр белгiлейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4, 6, 9, 11, 13 және 17-баптарда сөздер алмастырылды -
               Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 31-1 Заңымен.
               Z960031_

      18-бап. Шекаралық тәртiп
      Шекаралық аймақ пен шекаралық өңiрде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтардың келу, уақытша болу, тұру, жүрiп-тұру тәртiбiн, жұмыстар жүгiзу, пристаньдарда, айлақтарда, өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз арқылы жүруге арналған құралдар тоқтай тұратын пункттерде есеп жүргiзу және ұстау, олардың Қазақстан Республикасының iшкi суларында жүзу және қозғалу тәртiбiн регламенттейтiн шекаралық тәртiп белгiлейдi.
      Пристаньдарда, айлақтарда және тоқтайтын пункттерде өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен құралдарды есепке алу мен ұстаудың, олардың Қазақстан Республикасының аумақтың теңiзi мен iшкi суларында, шекаралық өзендер мен басқа да су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде жүзуi мен қозғалуының осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiбi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына iргелес жатқан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағына да немесе шекаралық аймақ белгiленбеген шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағалауына да қолданылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
               1996.07.15. N 31-1 Заңымен. Z960031_

      19-бап. Шекаралық аймақ пен шекаралық өңiрге бару
      Қазақстьан Республикасы шекаралық аудандарының тұрғындары үшiн адамдардың шекаралық аймаққа, шекаралық өзендер мен басқа да су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде орналасқан аралдарға баруы (өтуi) жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының және Достастықтың басқа да тәуелсiз мемлекеттерiнiң қызметтiк iссапарларға, емделуге мекемелерiне, демалыс үйлерiне, туристiк базаларға баратын тұрғындары шекаралық аймаққа жеке басын куәландыратын құжаттары болған жағдайда iссапар куәлiктерi мен жолдамалары бойынша бара алады. Сондай-ақ әскери қызметшiлердiң қызмет қағаздары, өту куәлiктерi, өту билеттерi баруға құқық беретiн құжаттар болып табылады, Парламент пен мәслихаттар депутаттары және сол аумақ қарауына жататын лауазымды адамдар - Парламент пен мәслихаттар депутатының куәлiктерi немесе қызмет куәлiктерi бойынша өтедi. Шекаралық аймаққа баруға, уақытша болуға, тұруға және жұмыстар жүргiзуге рұқсатты Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi бередi. <*>
      Басқа мемлекеттердiң тұрғындары шекаралық аймаққа, егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары беретiн өткiзу қағаздары бойынша өтедi.
      ЕСКЕРТУ. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
               1996.07.15. N 31-1 Заңымен. Z960031_

      20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына
              тiкелей жақын жерде шаруашылық, кәсiпшiлiк және
              өзге қызмет жүргiзу, бұқаралық қоғамдық-саяси,
              мәдени және басқа шаралар жүргiзу
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қорғау мүдделерiн ескере отырып, шекара әскерлерi құрғақтағы, шекаралық өзендердегi және басқа су қоймаларындағы мемлекеттiк шекараға жақын жерде шаралар өткiзудiң орнын, уақытын, қатысушылар санын, сондай-ақ хабарлау тәртiбiн белгiлейдi, ондай шаралар мыналар:
      жердi, ормандарды пайдалануға, кен iстерiн, геологиялық iздестiру жұмыстарын жүргiзуге байланысты шаруашылық және басқа жұмыстар;
      су шаруашылығы құрылыстарын салу мен пайдалануға және суды пайдаланудың басқа түрлерiне байланысты жұмыстар;
      аң, балық аулау, басқа да кәсiпшiлiк қызмет;
      елдi мекендерден тыс жерде қоғамдық-саяси, мәдени және өзге бұқаралық шаралар жүргiзу.

      21-бап. Карантин өңiрi
      Мемлекеттiк шекара арқылы жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында мал дәрiгерлiк қадағалау органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi эпидемиологиялық және эпизоотикалық жағдайға байланысты мемлекеттiк шекараның бойындағы жер өңiрiнде (карантин өңiрiнде) кәсiпорындарға, ұйымдар мен азаматтарға қарасты малды ұстауға және жаюға тыйым салуы мүмкiн. Тiкелей мемлекеттiк шекара маңында тұратын (жұмыс iстейтiн) азаматтардың, сондай-ақ карантин өңiрiнде орналасқан шекара әскерлерi бөлiмшелерiнiң малын (үй хайуанаттарын) ұстау мен бағу бұған кiрмейдi.
      Карантин өңiрiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Оны қоршауды атқарушы өкiмет органдары, шаруашылықтар мен ведомстволар қамтамасыз етедi. Карантин өңiрiнiң малдәрiгерлiк тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi немесе оның тапсыруы бойынша шекаралық облыстардың малдәрiгерлiк бақылау органдары белгiлейдi.

         V. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫ
                АРҚЫЛЫ ӨТКIЗУ ПУНКТТЕРIНДЕГI ТӘРТIП

      22-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы
              арқылы өткiзу пункттерiндегi тәртiп
      Шекара әскерлерi мен кеден мекемелерiнiң бақылау өткiзу пункттерiнiң қызметiне жағдайлар жасау және оны қолдап отыру мүддесi үшiн мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi осы пункттерде адамдар мен көлiк құралдарының болуын және жүрiп-тұруын, сондай-ақ адамдарды, көлiк құралдарын, жүктi және өзге мүлiктi мемлекеттiк шекара арқылы өткiзуге байланысты басқа да қызметтi регламенттейтiн тәртiп белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi шекаралық және кедендiк бақылау қызметiне жағдай жасау жөнiнде шараларды қамтамасыз етедi.
      Шекара әскерлерi өткiзу пункттерiнде бөгде адамдардың өтiп кеуiне жол бермеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтiп кетуiне тыйым салу мақсатында қосымша тәртiп ережелерiн белгiлейдi.

          VI. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, МЕМЛЕКЕТТIК
              ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК
              ШЕКАРАСЫН РЕТТЕУ МЕН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI <*>

      23-бап. Қазақстан Республикасының жоғары және жергiлiктi
              мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының
              құзыретi
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын реттеу мен қорғау саласындағы құзыретi.

      Қазақстан Республикасының Президентi

      Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының мемлекеттiк шекараны күзету саласында келiсiп қызмет iстеуiн қамтамасыз етедi, мемлекеттiк шекара бойынша келiссөздер жүргiзедi және халықаралық шарттарға қол қояды.

              Қазақстан Республикасының Парламентi

      Қазақстан Республикасының Парламентi мемлекет қаупсiздiгiнiң құрамдас бөлiк ретiнде мемлекеттiк шекараны күзету саласында заңдар қабылдайды және басып шығарады, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық шектелу межесi туралы халықаралық шарттарға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының өтуi сондай-ақ Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы мен континенттiк шельфiнiң шектелу межесi туралы шарттарды бекiтедi және олардың күшiн жояды.

              Қазақстан Республикасының Үкiметi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және оларды жүзеге асырады;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың осы заңды орындауына бақылау жасайды.

              Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар

      Шекаралық облыстардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары өздерiнiң аумақтарында:
      шекара әскерлерiне мемлекеттiк шекараны күзету мен оның тәртiбiн қамтамасыз етуге көмек көрсетедi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету мұқтажы үшiн тегiн пайдалануға жер бередi, оның пайдаланылуын және осы жерде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      шекара әскерлерi мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiнiң объектiлерiне, әскери қызметшiлерге, жұмысшылар мен қызметшiлерге, олардың отбасы мүшелерi мен тұратын жерлерiне қатысты құқыққа қарсы әрекеттердiң жасалуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге азаматтарды өз еркiмен тартуына жағдай жасайды және жәрдемдеседi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы заңдарды барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауын қамтамасыз етедi;
      шекаралық облыстардың (аудандардың) әкiмдерi мемлекеттiк шекарадағы шаруашылық қызмет, соның iшiнде мемлекеттiк шекарадағы шектес жақпен бiрлескен қызметтiң мәселелерiн шешу кезiнде шекаралық өкiлдi аппараттың жұмысына қатысады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 23-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
               1996.07.15. N 31-1 Заңымен. Z960031_

      24-бап. Қазақстан Республикасын мемлекеттiк
              органдардың Қазақстан Республикасының
              мемлекеттiк шекарасын қорғау саласындағы
              құзыретi <*>

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi
                     жөнiндегi мемлекеттiк комитетi

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк шекара күзетi саласында:
      мемлекеттiк шекарада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жүзеге асырады;
      шекара әскерлерiнiң мемлекеттiк шекара күзетi саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық-құқықтық актiлерiнiң, шекара әскерлерiнiң мәртебесi мен қызмет ету жағдайлары туралы келiсiмдердiң орындалуын ұйымдастырады және оған бақылау жасайды;
      мемлекеттiк шекара күзетiне қатысты мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың қызметiне, оны халықаралық-құқықтық ресiмдеу жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыруға, шекара мәселелерi жөнiндегi халықаралық көлiссөздерге қатысады, шет мемлекеттердiң шекара органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк шекара күзетi мүддесiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Мемлекеттiк тергеу комитетiмен, Қорғаныс министрлiгiмен және Кеден комитетiмен, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тиiстi шекаралық ведомстволарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады;
      заңдармен белгiленетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. <*>

         Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

      Мемлекеттiк шекараны қорғау саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен оның жүйесiндегi органдар өз өкiлеттiгi шегiнде:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында мемлекеттiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы жүйесiнде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi;
      халықаралық хабар арналарында саяси, әлеуметтiк-экономикалық, қылмыстық жағдайға сондай-ақ шектес мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының мемлекетiк шекарасында оның қауiпсiздiгiне қатысы болуы мүмкiн дағдарысты жағдайларды талдап, болжам жасауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын бұзу туралы қылмыстық iстер бойынша тергеу жүргiзедi, шекарада әкiмшiлiк тәртiппен ұсталған адамдардың құқық бұзу мән-жайларын анықтап, тексеруге қатысады.

         Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

      Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өту құқығына құжаттарды ресiмдейдi;
      Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң басшылығына шектес мемлекеттер жөнiндегi шекара саясатындағы өзгерiстер және шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасы жөнiндегi шекара саясатының өзгерiстерi туралы хабарлап отырады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы Қазақстан Республикасының шекара өкiлдерi реттемеген жанжалдарды дипломатиялық ретпен шешедi.

         Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi

      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен оның жүйесiндегi органдар өз құзыретi шегiнде:
      Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өтуiне құқық беретiн құжаттар және шетелдердiң шекаралық өңiрге келуiне құқық беретiн рұқсат қағаздарды ресiмдейдi; шекара әскерлерiмен бiрлесе отырып, шекара тәртiбi ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының шекаралық аудандарындағы құқық тәртiбiнiң жай-күйi, құқыққа қарсы анықталған iс-қимылдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы мен шекара әскерлерi жөнiнде құқыққа қарсы ниеттерi бар қылмысты топтар мен адамдар туралы шекара әскерлерiне хабарлап отырады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi шараларын жүргiзуде, шекарадан астыртын өту жөнiндегi iс-әрекетке тыйым салу күресiнде, мемлекеттiк шекара мен оның тәртiбiн бұзған адамдарды iздеуде, азаматтар жасаған құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау мен тексеруде шекара әскерлерiне көмек көрсетедi;
      дүлей апаттар, шекарада шекара бұзушыларды iздестiру, қарулы басып кiруге немесе шектес мемелекет азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағына жаппай өтуiне тойтарыс беру кезiнде шекара әскерлерiнiң ұсынуы бойынша өз күшiмен азаматтардың жекелеген жер учаскелерiне немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына жақын объектiлерiне баруын уақытша шектейдi немесе баруына тыйым салады;
      мемлекеттiк шекара және Қазақстанның шекаралық аудандарында мемлекеттiк немесе халықаралық сипаттағы қоғамдық-саяси шараларды жүргiзген кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасы шекаралық аудандарының халқына құқылық тәрбие беруге атсалысады, шекара әскерлерiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында және ол арқылы өткiзу пункттерiнде құқық бұзудың алдын алуды жүзеге асырады;
      шекара әскерлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысады.

         Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әуе шекарасын күзету үшiн жауап бередi, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне басшылықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының құрғақтағы және теңiздегi мемлекеттiк шекарасын күзетуге қатысуын қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының заңдары мен ведомствоаралық келiсiмдер негiзiнде мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз етуде шекара әскерлерiне жәрдемдеседi.

         Қазақстан Республикасының кеден органдары

      Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн, оның мемлекеттiк монополиясын қорғау мақсатымен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтiк актiлерiне және сыртқы сауда туралы заңдарына, басқа да заңдар мен ережелерге сәйкес мемлекеттiк шекара арқылы өтетiн адамдар, көлiк құралдары, жүк және басқа мүлiктер жөнiнде бақылауды жүзеге асырады.

         Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерi
                     мен ведомстволары

      Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерi мен ведомстволары мемлекеттiк шекараны күзету саласында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметтiң актiлерiнде көзделген өкiлеттiктi жүзеге асырады. Мемлекеттiк шекараны күзету мен оның тәртiбiн қамтамасыз ету iсiнде шекара әскерлерiне жәрдемдеседi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 24-бап 1-шi бөлiкпен толықтырылды және өзгерiс
               енгiзiлдi, 1-6-бөлiктер 2-7-бөлiктер болып
               есептелсiн - Қазақстан Республикасының 1996.07.15.
               N 31-1 Заңымен. Z960031_

      25-бап. Қазақстан Республикасының әуе шабуылына қарсы
              қорғаныс әскерлерiнiң негiзгi құқықтары
      Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерi:
      мемлекеттiк шекарадан заңсыз өтiп кету қаупi туған кезде немесе заңсыз өтiп кеткен кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде және Қазақстан Республикасынан тыс әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарын тану үшiн әскерлердегi құралдарды пайдалануға;
      қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiп бойынша әуе кеңiстiгiнде жағдайды анықтау және мемлекеттiк шекарадан заңсыз өтудiң алдын алу немесе тыйым салу жөнiнде шаралар қолдану үшiн қарулы күштердiң басқа түрлерi мен мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдарын тартуға;
      мемлекеттiк шекарадан заңсыз өтiп кету қаупi туған кезде әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарының Қазақстанның әуе кеңiстiгiнiң жекелеген аудандарында ұшуына толық тыйым салуға немесе оны шектеуге;
      мемлекеттiк шекарадан заңсыз өткен және Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзған әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарын Қазақстан Республикасының аумағына қондыру жөнiнде шаралар қолдануға;
      мемлекеттiк шекарадан заңсыз өткен әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттары экипаждары мүшелерiнiң шекарадан заңсыз өтiп кету мән-жайларын анықтау және, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, оларды анықтау және тергеу органдарына беру үшiн қарулы күштер бөлiмшелерiне немесе өзге де жерлерге шақыруға;
      мемлекеттiк шекараны бұзушылардың ұшуына тыйым салуға құқылы.

      26-бап. Кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың,
              қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасы
              мемлекеттiк шекарасын күзету саласындағы
              мiндеттер
      Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, олардың лауазымды адамдары:
      шекара әскерлерiне, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне, кеден органдарына, заңмен уәкiлдiк берiлген басқа да органдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге көмек көрсетуге, олардың заңды өкiмдерiн орындауға, олардың қызметi үшiн қажеттi ақпарат беруге;
      ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге жағдай жасауға, өз қызметкерлерiнiң қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерiн тартуға жәрдемдесуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қатысу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк шекараны күзететiн әскерлер мен органдар белгiлейдi.

      27-бап. Азаматтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
              шекарасын күзету саласындағы мiндеттерi мен құқықтары
      Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оның аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасын белгiленген тәртiбiн және шекаралық аймақ пен шекаралық өңiр тәртiбiн сақтауға, шекара әскерлерiнiң және осы тәртiптiң ұсталынуын бақылауды жүзеге асыратын органдардың талаптарын орындауға мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының азаматтары шекараны күзету жөнiндегi ерiктi жасақтардың құрамында, сондай-ақ шекара әскерлерiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде және басқа түрлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге ерiктiлiк негiзiнде қатыса алады. Азаматтарды Қазақстан Республикасының шекарасын күзетуге тартуды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге қатысушы Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттен құқылық қорғаныш алуға құқығы бар.
      Шекаралық аймақ пен өңiрде және мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн нормалар мiндеттi түрде жариялануға тиiс.

      28-бап. Қазақстан шекара әскерлерiнiң, кеден және басқа
              органдарының, Қазақстан Республикасының
              мемлекеттiк шекарасын күзетудегi өзара iс-қимылы
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету саласында бақылауды жүзеге асырушы шекара әскерлерi, кеден және басқа органдары шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен орталық ведомстволар деңгейiнде жасалған және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында негiзделген келiсiмдерiнде белгiленетiн тәртiп бойынша өзара iс-қимылды ұйымдастырып, жүзеге асырады.

        VII. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫН
             КҮЗЕТУГЕ ҚАТЫСУШЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIЛЕР МЕН БАСҚА
             ДА АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚОРҒАЛУЫ

      29-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын
              күзетуге қатысушы әскери қызметшiлердiң құқылық
              жағынан қорғалуы
      Шекара әскерлерi мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiнің, басқа да қарулы құрамалардың әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мемлекеттiк өкiмет өкiлдерi болып табылады. Олардың талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
      Әскери қызметшiнiң талаптарына бағынбау, оған тiл тигiзу, қарсылық көрсету, әскери қызметшiге қоқан-лоққы жасау, оған күш қолдану немесе оның өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, сондай-ақ әскери қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасайтын басқа да әрекеттер заңда белгiленген жауапқа тартылады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында әскери қызметшi қызмет

борышын атқаруына байланысты жасалған қылмысты қол сұғулардан әскери
қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң өмiрiн, денсаулығын, намысын,
қадiр-қасиетiн және мүлкiн құқылық жағынан қорғау белгiленедi.

     30-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын
             күзетуге қатысушы азаматтардың құқылық жағынан
             қорғалуы
     Мемлекеттiк шекараны күзетуде азаматтардың шекара әскерлерiне
жәрдемдесуiне байланысты азаматтар мен олардың отбасы мүшелерi
жөнiнде құқыққа қарсы әрекеттер жасау Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген жауапқа тартылады.

       VIII. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫН
             КҮЗЕТУ КЕЗIНДЕ ҚАРУДЫ, ҰРЫС ТЕХНИКАСЫН ЖӘНЕ
             АРНАУЛЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ

     31-бап. Қару мен ұрыс техникасын қолдану


      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi жүзеге асырушы шекара әскерлерi мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерi қару мен ұрыс техникасын:
      Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасауға және қарулы басуға тойтарыс беру, мемлекеттiк шекарада қарулы арандатуға тыйым салу үшiн;
      шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiне, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру үшiн;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өткен және қарулы қарсылық көрсеткен адамдарға, теңiз (өзен) кемелерiне, әуеде ұшу аппараттарына қарсы;
      әуе және теңiз (өзен) кемелерiн айдап әкетуге жол бермеу үшiн;
      мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi қызмет мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындап жүрген әскери қызметшiлерге, басқа да адмдарға жасалған шабуылға, олардың өмiрiне тiкелей қатер төнген кезде оған тойтарыс беру үшiн;
      азаматтарды олардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынғандарды босату үшiн қолданылады.
      Қарулы басып кiруге тойтарыс беру үшiн, тұтқиылдан қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен кезде, ұрыс техникасын пайдаланып шабуыл жасаған кезде, ұсталған адамдардың тартып алынған қарумен қашып кетуi кезiнде қару ескертусiз қолданылуы мүмкiн.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген басқа реттерде қару қолданардың алдында оны қолдану ниетi туралы ескерту жасалуға және ескерту мақсатында оқ атылуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету кезiнде қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының қарулы күштерi басқа түрлерiнiң қаруы мен ұрыс техникасы қолданылуы мүмкiн.
      Шекара әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi мемлекеттiк шекараны

күзету жөнiнде қызмет атқарған кезде дабыл белгiсiн беру немесе
көмек шақыру үшiн қару қолдануға құқылы.

     32-бап. Арнаулы құралдарды қолдану
     Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мiндеттерiн орындаған
кезде әскери қызметшiлер қол кiсендерiн, резина таяқтар, көзден жас
ағызатын және пайдалануға рұқсат етiлген басқа да заттарды
(газдарды), алаңдатушы әсер ететiн жарық-дыбыс құрылғыларын, көлiктi
зорлап тоқтатуға арналған құрылғыларды қолдануға, сондай-ақ күрестiң
жауынгерлiк тәсiлдерiн және қызмет иттерiн пайдалануға құқылы.
Арнаулы құралдарды қолдану мен пайдалану белгiленген тәртiп бойынша
жүзеге асырылады.

        IХ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫ
            ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕПСУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫН БҰЗҒАНЫ
            ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ

     33-бап. Мемлекеттiк шекара туралы Қазақстан Республикасы
             заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық


      Мемлекеттiк шекараны, оның тәртiбiн, шекара тәртiбiн немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiндегi тәртiптi бұзуға немесе бұзбақшы болып әрекеттенуге, мемлекеттiк шекара арқылы жүктi, материалдарды, құжаттарды және өзге де мүлiктi заңсыз алып жүруге немесе заңсыз алып жүруге әрекеттенуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы заңдарды басқа да бұзуға кiнәлi адамдар қылмыстық, әкiмшiлiк жауапқа, сондай-ақ шекара әскерлерiнiң талап етуi бойынша жауапқа немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де жауапқа тартылады. <*>
      Шекара әскерлерi мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiн, сондай-ақ басқа қарулы құрамалардың мемлекеттiк шекараны күзетуге заңды негiзде тартылған, шекаралық қызметтi атқару ережелерiн бұзуға жол берген әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, қылмыстық және өзге де жауапқа тартылады.
      Шекара әскерлерi мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiнен, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асырушы басқа әскерлер мен органдардың өкiлдерiнен азамат өз құқықтары мен бостандықтарын шектеу жөнiнде түсiнiк алуға құқылы. Азаматтың заңды құқықтары мен мүдделерi бұзылған ретте тиiстi лауазымды адам бұл құқықтарды қалпына келтiруге, келтiрiлген материалдық нұсқанды өтеуге, азаматтың талап етуi бойынша одан жұрт алдында кешiрiм сұрауға және құқық бұзуға кiнәлiлердi жауапқа тартуға мiндеттi. Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi мiндеттi
жүзеге асырушы лауазымды басқа адамдардың, әскерлер мен органдардың
әрекеттерiне азамат заңмен белгiленген тәртiппен шағым жасай 
алады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1996.07.15. N 31-1 Заңымен.  

Z960031_

  

     Х. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫН
        КҮЗЕТУДI РЕСУРСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

     34-бап. Мемлекеттік шекараны күзетуді қаржылық және материалдық-
              техникалық жағынан қамтамасыз ету
<*>

     
     Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді қаржылық 
және 
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджеттің, 
меншік нысанына қарамастан мекемелердің, ұымдар мен кәсіпорындардың ерікті 
жарналарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жер қорының қаражаты 
есебінен жүзеге асырылады. Аталған қаржының бөліну және пайдалану көлемін, 
тәртібін, сондай-ақ жер беру тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі 
белгілейді.
     ЕСКЕРТУ. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 
              1998.12.22. N 327 Заңымен.  

Z980327_

  
 
     35-бап. Мемлекеттiк шекараны күзетудi адам ресурстарымен
             қамтамасыз ету


      Мемлекеттiк шекараны күзетудi адам ресурстарымен қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының жаппай әскери мiндеттiлiк туралы заңдарына сәйкес және шарттық негiзде әскер қатарына шақырылатын контингенттер арасынан жүргiзедi.
      Шекара әскерлерiн әскери қызметшiлермен жасақтау және олардың

қызмет атқаруы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдарымен реттеледi.

     36-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы
             туралы заңдардың сақталуын қадағалау
     Мемлекеттiк шекара туралы Қазақстан Республикасы заңдарының
дәлме-дәл орындалуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас
прокуроры және ол уәкiлдiк берген прокурорлар жүзеге асырады.


     Қазақстан Республикасының
             Президентi