Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 16 мамырдағы № 82-VIII ҚРЗ

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

      1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 9) тармақшасындағы "ақшаға тыйым салуға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.";

      2) 741-баптың екінші бөлігі 8) тармақшасындағы "ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.".

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 37-баптың 5-тармағының 1) тармақшасындағы "шаруа немесе" деген сөздер "егер осы Кодекстің 43-1-бабының 1-2-тармағында өзгеше көзделмесе, шаруа немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 43-1-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері иеліктен шығару, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру құқығынсыз, осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден аспайтын мөлшерде конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі.

      Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайта беруге жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру осы Кодекстің 81-бабына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігі негізінде берілген жер пайдалану құқығын тоқтатуға алып келеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде бес жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға осы Кодекстің 37-бабында көзделген тәртіппен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығының жаңа мерзіміне шарт жасасу құқығы беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шектеулер жаңа мерзімге жасалған шартқа қолданылмайды.";

      3) 81-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жер пайдаланудың бастапқы бес жыл мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруы.";

      4) 97-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі "Пайдалануға" деген сөз "Егер осы Кодекстің 43-1-бабының 1-2-тармағында өзгеше көзделмесе, пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      мынадай мазмұндағы 428-1-баппен толықтырылсын:

      "428-1-бап. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру

      1. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін, ұстау режимін бұзу мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру –

      екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру, сол сияқты бейнебақылау жүйесі арқылы жүргізілген жазбаларды қасақана жою –

      екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған іс-әрекеттер –

      бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:

      1) 161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы "әлеуметтік төлемдерді" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 187-баптың екінші бөлігі "428 (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздерден кейін ", 428-1 (үшінші бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 191-баптың екінші бөлігі "428 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздерден кейін ", 428-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне:

      1) 3-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жазаны орындайтын органдар – қамаққа алу түріндегі жазаны, сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар;";

      2) 99-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мекеме әкімшілігі қашып шығудың, құқық бұзушылықтардың, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзудың алдын алу, сотталған адамдардың мінез-құлқы туралы қажетті ақпарат алу үшін бейнебақылау жүйелерін, электрондық және өзге де инженерлік-техникалық құралдарды пайдаланады.".

      6. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы "әлеуметтік төлемдерге" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекке" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      57-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "ықтиярхатының" деген сөзден кейін "немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:

      112-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен экономикалық мобильділік сертификаттары түрінде материалдық көмек беруді;".

      9. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы

      Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы Қазақстан Республикасының азаматтығын өзгертуге алып келмейді.";

      2) 16-1-баптың бірінші бөлігінде:

      2) тармақша "ұрпақтары" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн." деген сөздер "этностық қазақтар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын жесірлері қабылдануы мүмкін.";

      3) 17-бапта:

      тақырыптағы "және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатыстылығы болса немесе террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталған болса;

      6) халықаралық іздестіруде болса, соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның іс-әрекеттерін қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы деп таныса;

      7) басқа мемлекеттiң (мемлекеттердің) азаматы болса;

      8) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде дәлелді себепсіз қажетті құжаттарды ұсынбаса;

      9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қасақана қылмыс деп танылатын қылмысты жасағаны үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар болса;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен және 13) тармақшадағы "айырылса, оның өтініші қабылданбайды." деген сөздер "айырылса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса;";

      "14) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білмесе, оның өтінішхаты қабылданбайды.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың бірінші бөлігінің 14) тармақшасының ережелері кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз адамдарға, Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі бар не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдарға, этностық қазақтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарға қолданылмайды.";

      4) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;".

      10. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайының қағидаттары

      Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.

      Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер заң мен сот алдында тең болады, оларды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды.

      Шетелдiктердiң өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауынан бөліп қарауға болмайды.";

      2) 4-бапта:

      екінші бөліктегі "және олардың отбасы мүшелерін" деген сөздер ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың бірге немесе бөлек келген отбасы мүшелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шетелдіктерден басқа, Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы деп танылған шетелдіктер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.";

      3) 22-бапта:

      екінші бөлікте:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) егер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп таныған жағдайда;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған әкімшілік жазаны атқармаған болса;";

      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне тағайындалған жазаны атқармаған немесе өтемеген болса;

      7-2) егер ол ұйымдасқан топта (қылмыстық ұйымда) топбастаушы жағдайына ие болса;

      7-3) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған болса және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сәйкес өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілген болса;";

      12) және 13) тармақшалардағы "1991 жылғы 20 желтоқсандағы" деген сөздер алып тасталсын;

      13) тармақшадағы "айырылса, тыйым салынады." деген сөздер "айырылса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың Қазақстан Республикасына және шетелдіктер баруға болмайтын жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуіне келісім беруден бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған шетелдіктердің шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.".

      11. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "әлеуметтік төлемдер" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмек" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 11) тармақшасындағы "ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасынаа сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.".

      12. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Төтенше жағдай кезеңінде жеке басты куәландыратын құжаттардың, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар беретін лицензиялардың, рұқсаттардың және өзге де құжаттардың қолданылуы

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар беретін лицензиялар, рұқсаттар және өзге де құжаттар, егер төтенше жағдай енгізілген жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұзартуды немесе ауыстыруды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда, олардың қолданылу мерзіміне, иесінің мәртебесі өзгергеніне және өзге де елеулі мән-жайларға қарамастан, төтенше жағдай кезеңі ішінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жарамды болып есептеледі.

      Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген нормалар төтенше жағдай режимі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылуы аяқталған құжаттарға не жеке немесе заңды тұлғаларға қосымша міндеттемелер жүктейтін құжаттарға қолданылмайды.".

      13. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;";

      2) 7-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сәйкестендiру нөмiрлерi туралы мәлiметтердi;";

      3) 9-баптың 2-тармағындағы "3-тармағының 2) – 7)" деген сөздер "3-тармағының "2), 3), 4), 4-1), 5), 6), 7) және 9)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 10-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кеткен кезде;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеткен кезде;";

      6), 7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "5), 6), 7) және 8)" деген сөздер "2-1) және 5)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Босқындар туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) пана іздеген адам – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      7) пана іздеген адамның куәлігі – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы беретін құжат;";

      2) 7-баптың 2-2-тармағының 1) тармақшасындағы "тұрғылықты жері бойынша тіркеуді" деген сөздер "болатын жері бойынша есепке алуды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 8-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтың 5) тармақшасында:

      "аумағында тұрғылықты", "бұрынғы тұрғылықты" және "жаңа тұрғылықты" деген сөздер тиісінше "аумағында болатын", "бұрын болған" және "жаңа болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге" деген сөздер "болатын жері бойынша есепке тұруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында:

      "аумағында тұрғылықты", "бұрынғы тұрғылықты" және "жаңа тұрғылықты" деген сөздер тиісінше "аумағында болатын", "бұрын болған" және "жаңа болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге" деген сөздер "болатын жері бойынша есепке тұруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 10-баптың 6-тармағындағы "оны тіркеу" деген сөздер "оны болатын жері бойынша есепке қою" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 12) тармақшасындағы "ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 14) тармақшасындағы "ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.";

      3) 98-баптың бірінші бөлігі 27) тармақшасындағы "ақшадан өндіріп алуды қолдануға болмайды." деген сөздер "ақшадан;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:

      "28) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан өндіріп алуды қолдануға болмайды.".

      16. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 4-1) тармақшасындағы "ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін" деген сөздер "еңбекші көшіп келушіге берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-бапта:

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "аумағындағы көшіп келушілерге" деген сөздер "аумағына келетін және оның аумағындағы көшіп келушілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші бөлік "талаптар" деген сөзден кейін "визаларды не" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Визасы немесе уақытша тұруға арналған рұқсаты бар көшіп келушілер олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге не болу мерзімі аяқталғанға дейін оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті.";

      3) 6-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте көшіп келуші уақытша тұруға арналған рұқсатты немесе визаны ресімдеу кезінде қабылдаушы тарап көрсеткен уақытша болатын (тұратын) жерінде тұрмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";

      4) 7-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған визамен, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты бойынша берілген инвесторлық көпреттік визамен, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес берілген визамен Қазақстан Республикасында уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесіне ие шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жүгінген көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге виза не уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.";

      екінші бөліктегі "екінші" деген сөз "бірінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 9-бапта:

      4) тармақшадағы "Республикасының аумағындағы" деген сөздер "Республикасының аумағына келетін және оның аумағындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-3) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      6) 10-баптың 5) тармақшасындағы "этникалық қазақтарға" деген сөздер ", этностық қазақтарға, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 11-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      8) 15-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-10) және 6-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-10) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені туралы шешім қабылдайды;

      6-11) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссия құрады;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-3) жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келуші арасындағы еңбек шарттарын тіркеуді жүзеге асырады;";

      9) 21-1-бапта:

      тақырыптағы "Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін" деген сөздер "Этностық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ "отбасы мүшелері" деген сөздерден кейін ", қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қандастар, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары өздерінің отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады және олардың осы Заңның 19-1-бабында айқындалған тәртіппен оған енгізілуге құқығы бар.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі "Егер қандастар" деген сөздерден кейін ", қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 23-бапта:

      тақырыптағы "этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне" деген сөздер "этностық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері" деген сөздер "Этностық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі екінші абзацының ережесі ғылыми дәрежесі бар қандастарға қолданылмайды.";

      11) 27-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "үш жыл" деген сөздер "бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 3) тармақшасының бірінші бөлігіндегі "екі жыл" деген сөздер "бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы "шақырушы" деген сөзден кейін "немесе шақырылушы" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шақырушы адамның отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар.";

      14) 32-баптың тақырыбындағы "келуге виза берудің" деген сөздер "келуге арналған визаны, уақытша тұруға арналған рұқсатты беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 36-баптың тақырыбындағы "қызметкерлерге келуге виза" деген сөздер "жұмыскерлерге келуге арналған визаларды, уақытша тұруға арналған рұқсаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 39-бапта:

      тақырып және 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға келуге арналған визаларды немесе уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттары

      1. Келуге арналған визаны немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты алу үшін бизнес-көшіп келушілер:";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсаттарды ішкі істер органдары жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға береді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Этностық қазақтар қатарындағы бизнес-көшіп келушілерге келуге арналған визалар мен уақытша тұруға арналған рұқсаттар үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.";

      17) 40-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі бар көшіп келушілерді қоспағанда, бизнес-көшіп келушілер ретінде келуге арналған визаларды немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлғаларға қатысушылардың құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады.";

      18) 43-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "аяқталғаннан кейін", "рұқсат алу" деген сөздер тиісінше "аяқталғанға дейін", "рұқсатты ұзарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 43-2-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктегі "бір, екі немесе үш айды" деген сөздер "бір айдан он екі айға дейінгі мерзімді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "аяқталғаннан кейін кемінде күнтізбелік отыз күн өткен соң" деген сөздер "аяқталғанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 48-бапта:

      бірінші бөлікте:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) егер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп таныған жағдайда;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған әкімшілік жазаны атқармаған болса;";

      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне тағайындалған жазаны атқармаған немесе өтемеген болса;

      7-2) егер ол ұйымдасқан топта (қылмыстық ұйымда) топбастаушы жағдайына ие болса;

      7-3) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған болса және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сәйкес өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілген болса;";

      12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) егер ол "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан болса;

      13) егер ол "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған болса;";

      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған көшіп келушілердің шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.";

      21) 49-бапта:

      бірінші бөлікте:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған;";

      9-1) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;";

      "13) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алған және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз уақыт тұрып жатқан;";

      мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-2) тұрақты тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің негізінде алған және тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн ішінде көрсетілген тізбеде көзделген кәсіп бойынша жұмыс істемеген;";

      14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық және еңбек заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған;";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты осы баптың бірінші бөлігі 15) тармақшасының ережесі қолданылмайды.";

      22) 55-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "он күн мерзімде" деген сөздер "күнтізбелік он күн ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 58-баптың 2-тармағындағы "көші-қон бақылауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдардың есебін жүргізуді" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алуды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) мынадай мазмұндағы 11-1-тараумен толықтырылсын:

      "11-1-тарау. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау

      58-1-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау

      1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) аумақтық ішкі істер органдары бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырады.

      2. Осы Заңда көзделген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын және (немесе) шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) болып табылады.

      58-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі

      1. Мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізіледі.

      2. Аумақтық ішкі істер органының басшысы тағайындайтын жоспардан тыс тексеруге (бұдан әрі – тексеру) мыналар негіз болып табылады:

      1) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз болуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзатын Қазақстан Республикасының азаматтары туралы куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;

      2) прокурордың талаптары;

      3) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз болуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзатын Қазақстан Республикасының азаматтары туралы куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;

      4) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары.

      3. Аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексеру жүргізу кезінде:

      1) осы баптың 7-тармағында аталған құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес және мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алуға;

      3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

      4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.

      4. Аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеру жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

      3) тексерілетін субъектінің не оның уәкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;

      4) тексерілетін субъектіге не оның уәкілетті өкіліне тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге міндетті.

      5. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:

      1) тексеру жүргізу үшін келген аумақтық полиция органдарының лауазымды адамын (лауазымды адамдарын) мынадай:

      осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;

      осы баптың 7-тармағында көзделген құжаттар болмаған;

      тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;

      тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше бақылау субъектісі көрсетілген;

      тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;

      сол бір кезеңде сол бір мәселе бойынша бұрын тексеру жүргізілген бақылау субъектісіне тексеру тағайындалған;

      өтініште (хабарламада) көрсетілген уақыт кезеңінен асатын кезеңге тексеру тағайындалған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;

      2) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

      3) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға;

      4) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

      6. Бақылау субъектілерінің өкілдері тексеру жүргізілген кезде:

      1) аумақтық полиция органдары лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып және тексеру нысанасына сәйкес аумақтық полиция органдарының лауазымды адамына (лауазымды адамдарына) тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;

      3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      4) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің тексерілетін құжаттарына (мәліметтеріне) өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне жол бермеуге;

      5) зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

      7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.

      Тексеруді тағайындау туралы акт екі данада жасалады.

      Тексеруді тағайындау туралы актінің бір данасы – тексерілетін субъектіге, екіншісі тексеру басталғаннан кейін құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеу күні мен нөмірі;

      2) аумақтық ішкі істер органының атауы;

      3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;

      5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі.

      Заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі тексерілген жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі.

      6) тексеру нысанасы;

      7) тексеру жүргізу мерзімі;

      8) тексерілетін кезең;

      9) тексеру жүргізудің негіздемесі;

      10) бақылау субъектісінің осы баптың 4-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттері;

      11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;

      12) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және аумақтық ішкі істер органының мөрі.

      Тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.

      Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеруді тағайындау туралы акт тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады, бұл ретте бақылау субъектісін тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету талап етілмейді.

      8. Тексеру кезінде аумақтық ішкі істер органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) бақылау субъектісіне:

      1) тексеруді тағайындау туралы актіні;

      2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.

      9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Тексеру жүргізу мерзімі:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақпарат алу;

      2) өзіне қатысты тексеру жүргізілетін тұлғаның тұрған жерін анықтау қажет болған жағдайларда ғана он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.

      Тексеру мерзімін ұзарту аумақтық полиция органы басшысының шешімімен жүзеге асырылады.

      Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісі хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі.

      Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталардан бір жұмыс күні бұрын құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға ұсыныла отырып, тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.

      Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны аумақтық полиция органы табыс ету туралы хабарламамен бірге, ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді.

      Тексеруді тоқтата тұруға жол берілмейді.

      10. Тексеру нәтижелері бойынша аумақтық полиция органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.

      Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;

      2) аумақтық полиция органының атауы;

      3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

      4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылған мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;

      6) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі;

      7) тексеру жүргізілген мерзім;

      8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар мен олардың сипаты туралы мәліметтер;

      9) бақылау субъектісінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазба;

      10) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы.

      Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар болған кезде сол құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.

      11. Тексеру нәтижелері туралы акт үш данада жасалады.

      Аумақтық полиция органы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшіншісі аумақтық полиция органында қалады.

      Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға) оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.

      Аумақтық полиция органы бақылау субъектісінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның) тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және қабылданған шаралар туралы уәжді жауапты он жұмыс күні ішінде беруге тиіс.

      Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімін бұзу бақылау субъектісінің пайдасына шешіледі.

      Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам (лауазымды адамдар) және бақылау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға) қол қояды.

      Бақылау субъектісі бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.

      12. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар тексеру жүргізу кезінде болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

      13. Тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бақылау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

      14. Тексеру қорытындылары бойынша әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында не Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шаралар қолданылады.".

      17. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      59-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      18. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 3) тармақшасындағы "осы Заңда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 4-тармағындағы "Жеке және" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар саласындағы заңнамасында айқындалған жағдайлардан басқа, жеке және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 14-баптың 2-тармағындағы "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 18-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "жүріп-тұру үшін;" деген сөздер "жүріп-тұру үшін беріледі." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды жеделдетілген тәртіппен бергені үшін ішкі істер органдары монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітетін бағалар прейскурантына сәйкес ақы алынады.";

      6) 22-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "Жеке" деген сөз "Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 26-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацы "тәртібін" деген сөзден кейін "және оларды қорғауға қойылатын талаптарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жүгінген кезде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асырады;";

      9) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау саласындағы мемлекеттік монополия

      Осы Заңның 6-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 12) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, көші-қон процестерін есепке алу жұмысын автоматтандыру, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеген кезде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.".

      19. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-5) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      2) 6-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге арналған визаларды, Қазақстан Республикасында уақытша болуға және тұрақты тұруға арналған рұқсаттарды беруге;".

      20. "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 4) тармақшасының екінші абзацы "азаматтарына -" деген сөзден кейін "егер осы Кодекстің 43-1-бабының 1-2-тармағында өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын.

      21. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "әлеуметтік төлемдерді" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы "әлеуметтік төлемдерді" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың екінші бөлігі "әлеуметтік төлемдерді" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 42-баптың 6-1-тармағының екінші бөлігі "әлеуметтік төлемдерді" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы "әлеуметтік төлемдерді" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын, 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 9-тармағы 3) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын, 13-тармағының 3) тармақшасын, 16-тармағы 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 24) тармақшасын, 18-тармағының 9) тармақшасын, 19-тармағының 1) тармақшасын;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) тиісті нормалары қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін, салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болған кезде клиентке жаңа банктік шот ашу бөлігінде 1-баптың 21-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ