"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 25-VIII ҚРЗ.

Қолданыстағы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз
      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20 нормативтік қаулысын қараңыз.

      1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай толықтыру енгізілсін:

      30-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы "аудит жөніндегі уәкiлетті органға" деген сөздерден кейін "және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ