ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз
Ескертпе!
ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20 нормативтік қаулысын қараңыз.
1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай толықтыру енгізілсін:
30-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы "аудит жөніндегі уәкiлетті органға" деген сөздерден кейін "және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |