Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 179-VII ҚРЗ

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

      1) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы

      1. Кредитордың (кредиторлардың) талаптарын қанағаттандыруға қабілеті болмаған кезде азаматқа "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда және тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылады.

      2. Осы баптың күші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      2) 56-бап алып тасталсын.

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

      1) 728-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ломбардтардың мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін қарыздарын қоспағанда, банктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл бойы азаматқа қарыз беруіне тыйым салынады.";

      2) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға;

      8-2) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;";

      3) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға;

      7-2) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;".

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы "банктік шотындағы ақшаға" деген сөздерден кейін ", "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 35-баптың сегізінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сот арқылы банкроттық рәсімін, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы осы Кодекстің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, сот арқылы банкроттық рәсімі, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді қарайды.";

      2) 156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы "банктік шотындағы ақшаға" деген сөздерден кейін ", "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға және өзіне қатысты рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 243-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы;";

      4) 302-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот арқылы банкроттығы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы;";

      5) 42-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот арқылы банкроттығы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы іс жүргізу

      355-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы туралы істерді қарау

      Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы туралы істерді сот "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.

      355-1-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді қарау

      Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді сот "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.";

      6) 434-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы, берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсім шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қаралуға жатпайды.".

      5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      124-бапта:

      5-тармақ 4) тармақшасындағы "бастап есепке жазылмайды." деген сөздер "бастап;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған кезде – осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап есепке жазылмайды.";

      5-1-тармақ 4) тармақшасындағы "бастап қайта басталады." деген сөздер "бастап;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда қайта басталады.".

      6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Банк "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматына банктік қарыздар беруге, сондай-ақ мұндай адамдардан банктік қарыз шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес.";

      2) 36-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі "ағымдағы шоттарындағы ақшаны" деген сөздерден кейін ", өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған қарыз алушы-Қазақстан Республикасы азаматының банктік шоттарындағы ақшаны" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1-тармақ 3) тармақшасы "тұлғаға беруге;" деген сөздер "тұлғаға беруге құқылы." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақшаның талабы қарыз алушы-Қазақстан Республикасының азаматына қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жағдайына қолданылмайды;";

      3) 50-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы и) және к) тармақшалармен толықтырылсын:

      "и) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде қаржы басқарушысына прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.

      к) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға беріледі.";

      4) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 9) тармақшасындағы "ақшаға тыйым салуға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;

      11) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.".

      7. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      43-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 14) тармақшасындағы "қатысты ұсынылады." деген сөздер "қатысты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) өзіне қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған Қазақстан Республикасының азаматы бойынша сұрау салу негізінде, соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы негізінде және прокурордың санкциясымен қаржы басқарушысына;

      16) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін осындай сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.".

      8. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 13-2) тармақшасы "болуы туралы" деген сөздерден кейін "немесе кредиттік тарих субъектісінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп танылғаны туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган;";

      3) 20-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган, қаржы басқарушысы;";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған, сондай-ақ өзі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген Қазақстан Республикасының азаматы туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.".

      4) 26-баптың 1-тармағындағы "3-1) тармақшасында" деген сөздер "3-1) және 3-2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсімдерінің шеңберінде қаржы басқарушыларының;".

      10. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 42-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) сот "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімі басталған;";

      2) 44-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімдерді қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін;";

      3) 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) соттың сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмаған міндеттемелерін тоқтату туралы шешімі немесе соттың төлем қабілеттілікті қалпына келтіру жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енсе;";

      4) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 11) тармақшасындағы "ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      5) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 12) тармақшасындағы "ақшаға тыйым салуға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;

      14) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.";

      6) 98-баптың бірінші бөлігі 25) тармақшасындағы "ақшадан өндіріп алуға болмайды." деген сөздер "ақшадан;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшадан;

      27) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшадан өндіріп алуды қолдануға болмайды.".

      11. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын:

      "1-5. Микроқаржы ұйымы "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасының азаматына микрокредиттер беруге, сондай-ақ мұндай адамдардан микрокредит беру туралы шарттар бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес.

      Осы тармақтың талаптары ломбардтардың мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін микрокредиттеріне қолданылмайды.";

      2) 21-баптың 4-тармағы 7) тармақшасындағы "санкциясымен беріледі." деген сөздер "санкциясымен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға: "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу негізінде осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін;

      9) қаржы басқарушысына: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған азаматқа қатысты сұрау салу негізінде прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.".

      12. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      9-бап мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-4) Қазақстан Республикасы азаматының дербес деректері "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берілген күннен бастап, сондай-ақ соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың алдындағы үш жылға дейінгі кезеңде пайдаланылған;".

      13. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 11-баптың 2-тармағының 2), 6) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сотқа және әкімшіге – сот банкроттық немесе оңалту туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап, ал осы Заңда көзделген жағдайларда әкімші тағайындалған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингтегі мүлік туралы, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмірлері және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тұрған жері туралы, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді үш жұмыс күні ішінде беруге;";

      "6) оңалтуды басқарушыға – тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, екі ай ішінде материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;";

      "11) құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, оңалту рәсімін жүргізу кезінде кез келген кредиторға оның жазбаша нысандағы және (немесе) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы негізінде, сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруге;";

      2) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

      "16-1-бап. Оңалту және банкроттық рәсіміне қатысушылардың өзара іс-қимылы

      Оңалту және банкроттық рәсіміне қатысушылар өзара іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық тәсіл арқылы жүзеге асыруға құқылы.

      Оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушылар электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасау кезінде уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасын пайдаланады.";

      3) 18-бапта:

      3-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасы арқылы жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып есептеледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарлама жіберген уәкілетті органға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қарсылық жіберуге құқылы.";

      4) 25-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлік 3) тармақшасындағы "жіберу хабар беру тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету болып танылады." деген сөздер "жіберу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасы арқылы электрондық құжат нысанында жөнелту хабар беру тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиторды осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәсілмен хабардар ету мүмкін болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында белгіленген тәсілдер мұндай кредиторды тиісінше хабардар ету деп танылады.";

      5) 26-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жиналыстың күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру кезінде кредиторлар өз дауыстарын "жақтаймын" немесе "қарсымын" деген сөздермен білдіреді.";

      6) 28-4-баптың 8-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Келісім бұзылған жағдайда берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталды деп есептеледі, ал осы Заңның 28-5-бабына сәйкес басталған салдардың күші соттың берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бұзу туралы шешімі не талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің, дауды дау нысанасы бойынша партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімінің бекітілуіне байланысты соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату жөніндегі ұйғарымы заңды күшіне енген, оның ішінде берешекті жаңа шарттарда қайта құрылымдау туралы келісім жасалған күннен бастап тоқтатылады.";

      7) 72-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Оңалту туралы іс дара кәсіпкерге қатысты қозғалған жағдайда, кредиторлардың оның кәсіпкерлік қызметінен туындамайтын талаптары да, егер осындай міндеттемелер бойынша орындау мерзімі басталса, мәлімделуі мүмкін.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уақытша әкімші соттың оңалту туралы іс қозғау жөнінде ұйғарымы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша қалыптастыруға және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберуге міндетті.";

      8) 73-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Борышкердің мүлкін сату кезінде электрондық аукционды өткізу тәртібі мен оны ұйымдастырушы осы Заңның 99-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен айқындалады.";

      9) 88-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;

      10) 90-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Банкроттық туралы іс дара кәсіпкерге қатысты қозғалған жағдайда, кредиторлардың оның кәсіпкерлік қызметінен туындамайтын талаптары да мәлімделуге тиіс.";

      11) 97-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы "уақытша" деген сөз "банкроттықты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 98-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кредиторлардың бірінші жиналысы:

      уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікке бағалау жүргізу;

      кепілге салынған мүлікті бағалаушыны осындай мүлікке бағалау жүргізуге баға ұсыныстарын берген тұлғалар қатарынан таңдау туралы шешім қабылдайды.";

      13) 104-1-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот банкроттық туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, уақытша басқарушы уәкілетті органға кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуге баға ұсыныстарын қабылдау туралы ақпараттық хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.

      Уәкілетті орган ақпараттық хабарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

      Банкроттықты басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде кредиторлардың бірінші жиналысы таңдаған бағалаушының кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуін қамтамасыз етеді.

      2. Банкроттықты басқарушы кепілге салынған мүлікті бағалау нәтижелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды кепілді кредиторға осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді кредитордың өтеуіне жататын соманы көрсете отырып, кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсынысы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жібереді.";

      7-тармақтың 2) тармақшасында "уақытша" деген сөз "банкроттықты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 109-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "109-бап. Банкроттың міндеттемелерін тоқтату және оның міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде өзгеше көзделмесе, кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот-заңды тұлғаның міндеттемелері тоқтатылады.

      Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот-дара кәсіпкердің міндеттемелері, сондай-ақ оның кредиторларының кәсіпкерлік қызметке байланысты емес міндеттемелер бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен қойылған талаптары тоқтатылады. Аталған кредиторлардың осындай тәртіппен мәлімдемеген талаптары, сондай-ақ мүліктік массадан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшін сақтайды және банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін борышкерге жеке тұлға ретінде өндіріп алу үшін қойылуы мүмкін. Бұл талаптардың мөлшері борышкердің банкроттығы процесінде алынған қанағаттандыру сомасына азайтылады.".

      14. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-қосымша мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:

      "52-1. Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.".

      15. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-баптың 10-тармағының үшінші бөлігі 10) тармақшасындағы "ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "ақшаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;

      12) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      2) 46-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-2) өзіне қатысты "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен банкроттық туралы іс қозғалған немесе өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған борышкердің банктік шотына банктік шоттан ақша өндіріп алу туралы талап қойылған жағдайларда;".

      16. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Коллекторлық агенттіктің атауында "ұлттық" немесе "республикалық" немесе "орталық" деген сөздер кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде болмауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Коллекторлық агенттік "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес басқа коллекторлық агенттікке үлестес болып табылмауға тиіс.";

      3-тармақ 3) тармақшасындағы "болып табылса, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете немесе бақылау жасай алмайды." деген сөздер "болып табылса;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелсе, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызын дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете немесе бақылау жасай алмайды.";

      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылатын кредиторлармен коллекторлық агенттіктің берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына тыйым салынады.";

      3) 5-бапта:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) коллекторлық агенттік жұмыскерінің анық емес тегін және (немесе) атын және (немесе) әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы анық емес мәліметтерді хабарлауға;";

      мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Осы баптың 1-тармағының, 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарының, 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының, 5-тармағы 4) және 5) тармақшаларының талаптары банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитордың мүдделерін білдірген кезде коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қолданылады.

      10. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттіктің жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттар жасасуына тыйым салынады.";

      4) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "5)," деген цифрдан кейін "6-1)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "алты ай ішінде үштен" деген сөздер "он екі ай ішінде үш және одан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттар анықталған;

      1-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері жөніндегі талаптар сақталмаған;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етілетін есептілік белгіленген мерзімде бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынылмаған немесе уақтылы ұсынылмаған;";

      5) тармақшадағы "коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген күннен бастап" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 11-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы "бойынша беріледі." деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға: "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу негізінде осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін;

      10) қаржы басқарушысына: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған азаматқа қатысты сұрау салу негізінде прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.";

      6) 12-бапта:

      2-тармақта:

      4) тармақшадағы "секцияларында" деген сөз "салаларында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "бір" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) тармақшадағы "босатылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды." деген сөздер "босатылған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері бола алмайды.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттіктің басшы қызметкерінің, жұмыскерінің бір мезгілде басқа коллекторлық агенттікпен еңбек және өзге де қатынастарда болуына тыйым салынады.";

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "және 12)" деген сөздер ", 12) және 13)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 15-баптың 1-тармағының 14) тармақшасында:

      "борышкермен өзара" деген сөздер "борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өкілімен" деген сөзден кейін "және (немесе) үшінші тұлғамен" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 18-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы "1)," деген цифрдан кейін "1-1), 1-2)," деген цифрлармен толықтырылсын.

      17. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 34) тармақшасындағы "алуға міндетті." деген сөздер "алуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:

      "35) кредиттік бюроға коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы туралы ақпарат беруге міндетті.".

      2-бап.

      1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 16-тармағы 2) тармақшасының, 3) тармақшасы алтыншы абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады.

      3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктер осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 16-тармағы 1) тармақшасының, 6) тармақшасы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ