Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 401-VI ҚРЗ.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 39, 48-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 71-құжаттар; № 17-18, 78-құжат):

      1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi

      Қазақстан Республикасы жер заңнамасының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды, климаттың өзгеруіне бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк нарығын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.";

      2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілерге (су құбыржолдары, жылу трассалары, тазарту құрылысжайлары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағы бесінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;";

      3) 49-2-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аумақтарды қала құрылысы үшін жоспарлаудың белгіленген тәртіппен бекітілген кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, автомобиль жолдары мен теміржолдар өтуінің жобалары (схемалары), қоршаған ортаға әсер етуді бағалау қамтитын саланы айқындау туралы қорытындылар, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары жерді резервте қалдыру үшін негіздер болып табылады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде жерді резервте қалдыру белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген қоршаған ортаға әсер етуді бағалау қамтитын саланы айқындау туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен өтініш жасаған жағдайда, үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.";

      4) 65-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолдануға, өздерi жүзеге асыратын қызмет салдарынан адам денсаулығына зиян келтіруге, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдайдың нашарлауына, экологиялық залал келтіруге жол бермеуге;";

      5) 93-бапта:

      3-тармақтың 4) тармақшасындағы "жағдайды едәуір нашарлатуға" деген сөздер "залалға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жер учаскесін немесе оның бір бөлігін пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлылығының едәуір төмендеуіне не экологиялық залалға алып келген жағдайларда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес залалды жоюға міндетті.";

      6) 109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "(павильондарды)" деген сөзден кейін ", тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлік алаңдарды және қайталама шикізатты қабылдау пункттерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 142-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жердiң жай-күйiне жағымсыз әсер етудi және оны қорғау бойынша көзделген iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау мемлекеттiк сараптамалардың нәтижелерi бойынша жүргiзiледi, олардың оң қорытындысы болмайынша жаңа техника мен технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) және басқа да объектiлер салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруға тыйым салынады.".

      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1) мазмұнындағы 72-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру";

      2) 13-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 18-53), 18-54), 18-55) және 18-56) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-53) климаттың өзгеруіне осалдыққа бағалау жүргізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;

      18-54) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;

      18-55) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      18-56) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;";

      3) 26-баптың 4) тармақшасындағы "экологиялық жағынан оңтайлы" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 27-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы жеке орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген тәсілдермен және әдістермен жүргізуге;";

      5) 38-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сүрек дайындаған кезде орманды табиғи түрде молықтыру үшін оңтайлы жағдайларды сақтау жөніндегі талаптарды ұстануға;";

      20-1) тармақша алып тасталсын;

      6) 53-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мiндеттi түрде жүргiзiле отырып, уәкiлеттi органмен келiсiледi.";

      7) 54-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттiк орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргiзу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшiн мемлекеттiк орман қорының жерiн басқа жер санаттарына ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.";

      8) 62-бап 9) тармақшасындағы "қамтамасыз ету болып табылады." деген сөздер "қамтамасыз ету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) климаттың өзгеруіне бейімделу және климаттың өзгеруіне осалдықты азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.";

      9) 72-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыруды қамтамасыз етуге тиiс.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыру ағаш кесудің ғылыми негiзделген жүйесiн iске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-генетикалық негiзде тұрақты орман тұқым базасын жасау және оны тиiмдi пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу мен санитариялық мақсатта ағаш кесудi қоса алғанда, орманды күтiп-баптау, орман шаруашылығына арнап жолдар салу, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды орман мекемелерi мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргiзедi.";

      10) 93-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттiк орман қорының осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған санаттағы ормандарында басқа мақсатта ағаш кесу, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты ағаш кесу уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша ғана жүргiзiледi.".

      3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1) 35-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сумен жабдықтау, су бұру және су қорғау саласындағы технологияларды жетілдірудің, оның ішінде климаттың өзгеруіне бейімделу мақсаттарында жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу;";

      2) 37-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) және 20-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-2) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;

      1-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;

      1-4) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      1-5) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;";

      "20-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;";

      3) 39-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;

      5-2) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;

      5-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      5-4) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;";

      4) 40-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алтыншы абзацындағы "жоспарларын келісу" деген сөздер "жоспарларын" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде айқындалатын мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келісу;";

      5) 66-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негізінде, тек қана сонда айқындалған мақсаттар үшін жүзеге асырады және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және экологиялық залал келтірмеуге тиіс.";

      6) 71-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл ретте, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерiне зиян және экологиялық залал келтiруге жол бермеуге;";

      7) 72-баптың 8) тармақшасы "белгіленген" деген сөздің алдынан "мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде түсетін ластағыш заттарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 121-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртiбiмен пайдалану уәкілетті орган осындай су пайдалану салдарының су ресурстарының жай-күйiне әсерін зерделегеннен кейiн және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы немесе Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес міндетті экологиялық рұқсат болған кезде мүмкiн болады.";

      9) 130-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мiндеттi санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасыз шаруашылық қызметтi және аумақта жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.".

      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 12, 61, 63-құжаттар; № 14, 68, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):

      1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "43-1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау нормативі – Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бағытталатын, қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақыдан түсетін кірістердің үлесі;";

      2) 50-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;";

      3) 51-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;";

      4) 53-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

      экологиялық рұқсаттар беру;";

      5) 54-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізу;

      Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

      II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;";

      6) 55-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының оныншы, он бірінші және он екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізу;

      Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

      II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;";

      7) 64-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау нормативін сақтай отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескеріп, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

      Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау нормативі Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген және бекітілген жылдың алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақының кемінде бір жүз пайызы мөлшерінде қабылданады.

      Қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақының жергілікті бюджетке түсімдері болжамды түрде төмендеген кезде қаражат бағыттау нормативі болжанатын төмендеуге қарай түзетіледі.".

      5. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-IІ, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44, 46-құжаттар; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) бүкіл мәтін бойынша "қоршаған ортаға ірі", "қоршаған ортаға аса ірі", "қоршаған ортаға айтарлықтай", "Қоршаған ортаға ірі" және "Қоршаған ортаға аса ірі" деген сөздер тиісінше "ірі экологиялық", "аса ірі экологиялық", "айтарлықтай экологиялық", "Ірі экологиялық" және "Аса ірі экологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мазмұнындағы 343-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау";

      3) 3-бапта:

      2) тармақтағы "325, 326, 328, 335, 337, 340 және 342-баптарда – қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі не одан асатын мөлшердегі құндық көрінісі;" деген сөздер "325, 326, 328, 335, 337, 340 және 342-баптарда – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақтағы "324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 337, 339 және 343-баптарда – қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі;" деген сөздер "324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 337, 339 және 343-баптарда – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) тармақтағы "324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 335, 337, 338, 339, 340, 341 және 343-баптарда – қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі;" деген сөздер "324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 335, 337, 338, 339, 340, 341 және 343-баптарда – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 340-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, бір жүз сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";".

      5) 343-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау";

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Адам өліміне әкелу қатерін төндірген не адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келген не ірі залал келтірген, экологиялық залалға ремедиация (жою) жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу міндеті жүктелген тұлғалардың оларды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі –";

      үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші немесе екінші бөліктерінде" деген сөздер "екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      191-баптың он алтыншы бөлігіндегі "343 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын.

      7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) қалдықтармен жұмыс істеу.";

      2) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-2) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;";

      "6-2) "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылған және "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;";

      3) 137-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бақылау және қадағалау органы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында, табиғи монополиялар салаларында – осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында I санаттағы объектілерде бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды.";

      4) 146-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қажеттiгi қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайда, сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін іс-қимылдар жүргізу қажеттiгiне қарай тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.";

      5) 148-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сынамалардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.".

      8. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-II, 124-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 273-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою";

      2) 12-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құрылыс және өзге де шаруашылық мақсаттарында табиғи күйінде немесе болмашы өңделумен және тазартыла отырып пайдаланылатын және жер қойнауында кеңінен таралған кендік емес пайдалы қатты қазбалар кең таралған деп танылады. Кең таралған пайдалы қазбаларға мыналар жатады:

      метаморфалық жыныстар, оған қоса, оның ішінде мәрмәрларды, кварциттерді, кварцты-далалық шпат жыныстарын қамтитын метаморфалық жыныстар;

      магмалық тау жыныстары, оның ішінде граниттерді, сиениттерді, диориттерді, габброны, риолиттерді (липариттерді), андезиттерді, диабаздарды, базальттарды, вулкандық туфтарды, шлактарды, пемзаларды, вулкандық шыныларды және шыны тектес жыныстарды (перлиттерді, обсидианды) қамтитын магмалық тау жыныстары;

      шөгінді тау жыныстары, оның ішінде ұсақ жұмыр тастар мен қиыршық тастарды, қиыршық тас-құм (құм-қиыршық тас) қоспаларын, құмдар мен құмдауықтарды, саздақ пен саздақты жыныстарды (суглинкілерді, алевролиттерді, аргиллиттерді, саздақты тақта тастарды), ас тұзын, гипстік жыныстарды, мергельдерді, әктастарды, оның ішінде ұлутастарды, бор жыныстарын, доломиттерді, әктас-доломит жыныстарын, кремний жыныстарын (трепелдерді, опокаларды, диатомиттерді), табиғи пигменттерді, торфты, емдік балшықтарды қамтитын шөгінді тау жыныстары.";

      3) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тау-кен өндіру өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.

      Тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.

      Техногендік минералдық түзілімдердің ресурстық әлеуетін пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі өндірістердің (тау-кен өндіру, тау-кен байыту, химия-металлургия өндірістері) қызметі нәтижесінде оларды бір объектіде орналастыруға, егер мұндай техногендік минералдық түзілімдердің біртекті физикалық-химиялық қасиеттері болмаса және мұндай орналастыру Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе, тыйым салынады.";

      4) 40-баптың 3-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгеріс енгізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) иеленуші мен жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алушы жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан мемлекеттік органға бірлесіп өтініш жасайды.";

      үшінші бөлікте:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге не уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алуға үміттенетін тұлғаларға қойылатын осы Кодекс талаптарына иемденушінің сәйкестігін растайтын құжаттар;";

      мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) кепіл ауыртпалығы салынса, кепіл ұстаушының жазбаша келісімі;

      5) жер қойнауын пайдалану құқығын барлық бірлескен иеленушілердің жазбаша келісімі қоса беріледі.";

      5) 41-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте осы баптың мақсатында заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде айқындау мүмкіндігін белгілеу үшін осы баптың 2-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылмайтын акциялар, қатысу үлестері, пайлар және үлестік қатысудың басқа да нысандары ескерілмейді.";

      6) 45-бапта:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру, уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алу ниеті бар тұлғаның жер қойнауын пайдаланудың осындай құқығын беру кезінде қойылатын осы Кодекс талаптарына сәйкестігін растайтын оның қаржылық және техникалық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді;";

      10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануы деп Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшартта жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелерінің бірінің осындай қатысушыға келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша шешімдерді айқындауға мүмкіндік беретін үлес шамасы түсініледі.";

      7) 48-баптың 4-тармағының бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілі жер қойнауын пайдаланудың осындай құқығын беретін тиісті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жатады.";

      "Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілін тіркеу жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.";

      8) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген жағдайларда, тиісті экологиялық рұқсатсыз немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.";

      9) 54-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша зерттеп-қарау нәтижелері мен жұмыстарды қабылдап алу тәртібін құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды.";

      10) 55-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

      "8. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындаудың ұсынылатын қамтамасыз етуі (тиісінше қамтамасыз ету) осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      9. Мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу тәртібін құзыретті орган айқындайды.";

      11) 57-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде банктік салымның кепіл шарты үлгілік нысанға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын құзыретті орган бекітеді.";

      12) 58-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.

      Сақтандыру ұйымына сақтандыру сомасын төлеу туралы қойылатын талап сақтандыру ұйымы осындай талапты алған күннен бастап бір ай ішінде бұлжытпай және міндетті түрде орындалуға жатады. Сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған не орындау мерзімдерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шарты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретті орган бекітетін үлгілік нысанға сәйкес жасалады. Бұл ретте сақтандыру шартының мерзімі:

      1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия үшін кемінде сегіз жылды (ол берілген кезде) немесе кемінде лицензияның қалған мерзімін және барлауға арналған лицензияның мерзімі аяқталған күннен бастап есептелетін қосымша екі жылды;

      2) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия үшін кемінде үш жылды;

      3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия үшін кемінде үш жылды;

      4) тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдері орналастырылатын объектілерді орналастыру және (немесе) пайдалану мақсатында жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия үшін кемінде үш жылды;

      5) кен іздеушілікке арналған лицензия үшін кемінде төрт жылды құрауға тиіс.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы бапта көзделген сақтандыру қатынастары осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.";

      13) 61-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      14) 79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын немесе жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан жер қойнауы ресурстарына залал келтірген тұлғалар келтірілген залалды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтеуге міндетті.

      Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп бекітеді.";

      15) 88-бапта:

      3-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес бұл өзгерістер экологиялық рұқсат немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуды талап етсе, геологиялық зерттеу жөніндегі өзгертілген жобалау құжаттары жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға экологиялық рұқсат немесе тиісінше, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін ұсынылады.";

      16) 121-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Елді мекендердің, қала маңындағы аймақтардың, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінің аумақтарында көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану адамның өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіруі, экологиялық залал немесе шаруашылық объектілеріне залал келтіруі мүмкін болған жағдайда, мұндай пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.";

      17) 122-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) шикі газды стратегиялық маңызды энергия көздерін не мұнай-химия өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарын алу және қоршаған ортаның ластануын барынша азайту мақсатында қайта өңдеу арқылы оны барынша пайдалану көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау саласындағы талаптар болып табылады.";

      18) 139-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздемейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) хабарлама тәртібімен құзыретті органға жіберіледі.

      3. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар), сынамалап пайдалану жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) және кен орнын әзірлеу жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) тиісті экологиялық рұқсат болған кезде жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.";

      19) 154-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы теңізде жүргізілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған теңіздің ластануы жағдайында экологиялық залал, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға келтірілген зиян үшін, егер экологиялық залалдың, зиянның еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе зардап шегушінің жасырын пиғылы салдарынан келтірілгені дәлелденбесе, кінәсінің болу-болмауына қарамастан жауапты болады.";

      20) 155-бапта:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) объектілік жоспарлар – кемелердің меншік иелерін қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесімен келісілетін, ұлттық және тиісті облыстардың аумақтық жоспарлары негізінде, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекелін бағалау және жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде әзірлейтін теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар;";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Объектілік жоспарларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілгеннен кейін мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері бекітеді және бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді.";

      21) 156-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою кезінде жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде адамдардың денсаулығын барынша сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әдістерді таңдауға басымдық беру керек. Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау және келісу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      7-тармақтағы "нәтижесінде қоршаған ортаға" деген сөздер "салдарынан экологиялық залалды толық көлемде жоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 182-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер Қазақстан Республикасы экология заңнамасының ережелерінен өзгеше туындамаса, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы және кен орнын әзірлеу жобасы өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі сараптама мен мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.";

      23) 187-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы үш ай шегіндегі отыз күндік мерзім ішінде сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға қажетті ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшасының тұрақты болатынын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;";

      "3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге, өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айға немесе алдыңғы күнтізбелік жылға дайындалған қаржылық есептілігі, онда өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері оның сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға арналған ең төмен шығыстардың шамасындағы міндеттемесінен асып түседі;";

      24) 188-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құзыретті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруден бас тартуға осы Кодекстің 190-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер болмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін ескере отырып, өтініш берушіге осы Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

      Өтініш беруші пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді хабарлама жіберілген күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірмей құзыретті органға ұсынуға тиіс.

      Құзыретті орган өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарлама құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап отыз бес жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияда толық емес (ішінара) блок қамтылса, блоктар санын есептеу мақсаттары үшін бұл блок толық болып қаралады.";

      25) 189-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге өтінішті қарау кезіне пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензияға енгізіліп қойылған блоктарды ғана қамтитын осы өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.";

      26) 190-баптың 1-тармағы 8) тармақшасындағы "орындамаса лицензия беруден бас тартады." деген сөздер "орындамаса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) өтініш беруші осы Кодекстің талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды тиісінше қамтамасыз етуді құзыретті органға ұсыну мерзімін сақтамаса, лицензия беруден бас тартады.";

      27) 192-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Барлаудың кез келген жылы ішінде барлау учаскесінен бас тартылған кезде ең төмен шығыстар көрсетілген жылдағы барлау мерзімінің әрбір толық айы үшін пропорциналды түрде есептеледі.";

      5-тармақта түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      28) 194-баптың 7-тармағының үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішке пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын бағалау мақсаттары үшін алынатын тау-кен массасының және (немесе) орны ауыстырылатын топырақ көлемінің сұралатын асып кетуінің негізділігін растайтын құзыретті тұлғаның қорытындысы, сондай-ақ экологиялық рұқсат немесе қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізудің қажет еместігі туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды қоса беріледі.";

      "Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға көрсетілген жұмыстардың салдарын жою құнын жабатын қосымша қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда ғана көлемі бір мың текше метрден асатын тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға кірісуге құқылы.";

      29) 196-бапта:

      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер барлау жоспарында көрсетілген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық рұқсатты немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуды талап етсе, барлау жоспарының көшірмесі осындай рұқсат немесе тиісінше, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.";

      3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық рұқсатты немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуды талап етсе, өзгертілген барлау жоспары осындай рұқсат немесе тиісінше, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.";

      30) 197-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жою актісіне қол қойылған күннен бастап барлау учаскесінде (оның бір бөлігінде) барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.";

      31) 198-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындау осы баптың талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларға тыйым салынады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету осы Кодексте көзделген кез келген тәсілдер үйлесімінде ұсынылуы мүмкін.";

      "4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 194-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда барлау жөніндегі жұмыстардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындаудың қосымша қамтамасыз етуін ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз ету сомасы осы жағдайда жасалатын жою жоспары негізінде осы Кодекстің 219-бабының 3-тармағына сәйкес есептеледі.";

      32) 199-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Учаскенің бәрінен немесе бір бөлігінен бас тарту туралы өтінішке:

      1) егер барлауға арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл ауыртпалығы салынса, кепіл ұстаушының келісімі;

      2) барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою актісі не осы Кодекстің 197-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жасалатын зерттеп-қарау актісі қоса беріледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Барлау учаскесінің бір бөлігінен бас тарту барлауға арналған лицензияны қайта ресімдеуге алып келеді және мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтер енгізу үшін негіз болып табылады.";

      33) 204-бапта:

      3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) егер өтініш айрықша құқықтан бөлек берілсе, өтініш берушінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға қаржылық, кәсіптік және техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар;";

      4-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы алты ай шегіндегі отыз күндік мерзім ішінде сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында өндіруге қажетті ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшасының тұрақты болатынын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;

      2) қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш берушінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі қызметін қаржыландыруды көздейтін, сондай-ақ сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында өндіруге қажетті ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті қарыз (қаржыландыру) сомасын растайтын ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шартының), қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмелері;

      3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге, өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айға немесе алдыңғы күнтізбелік жылға дайындалған қаржылық есептілігі, онда өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері оның сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында өндіруге арналған ең төмен шығыстардың шамасындағы міндеттемесінен асып түседі;";

      34) 205-бапта:

      3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жағдайда құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсат алу, тиісінше осы Кодекстің 216 және 217-баптарында көзделген тау-кен жұмыстарының жоспарына және жою жоспарына сараптамалар мен келісулер жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

      Тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесін, тиісті келісулер мен сараптамалардың оң қорытындыларын өтініш беруші құзыретті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабардар ету күнінен бастап бір жылдан кешіктірмей ұсынуға тиіс.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құзыретті орган қажетті келісулер, сараптамалардың оң қорытындылары және тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны береді.";

      35) 215-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өндіру учаскесінде барлау жүргізілген жағдайда – геологиялық есептерді;";

      5) тармақшадағы "есепті ұсынуға міндетті." деген сөздер "есепті;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) ұстап тұру мәртебесі берілген жағдайда – жұмыстар бағдарламасының орындалуы туралы есепті ұсынуға міндетті.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға оның өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.";

      36) 216-бапта:

      4-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталатын пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар тиісті экологиялық рұқсат болған кезде жүзеге асырылады. Тау-кен жұмыстарының жоспары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.";

      "Жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес тау-кен жұмыстарының жоспарын келіскен және тиісті экологиялық рұқсат алған жағдайда ғана пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу технологиялары, көлемдері мен мерзімдері өзгертілген, өндірістік объектілердің және инфрақұрылым объектілерінің құрамы өзгертілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы тау-кен жұмыстарының жоспарына тиісті өзгерістер енгізуге және оны пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Егер көрсетілген өзгерістер өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша келісуді, қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізуді және экологиялық рұқсат алуды (қайта ресімдеуді) талап етсе, тау-кен жұмыстарының жоспары енгізілген өзгерістерімен қоса, осындай келісуден, қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізілгеннен және экологиялық рұқсат алынғаннан (қайта ресімделгеннен) кейін ғана пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.";

      37) 217-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жою жоспары өндіру учаскесінде орналасқан кенішті және басқа да өндірістік және инфрақұрылым объектілерін пайдаланудан шығару жөніндегі, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде бүлінген жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралардың, прогрессивті жоюды жүргізу жөніндегі іс-шаралардың, өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі өзге де жұмыстардың сипаттамасын, сондай-ақ жою жөніндегі осындай іс-шаралардың болжалды құнын есептеуді қамтитын құжат болып табылады.

      Егер жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия (лицензиялар) бойынша жер қойнауының басқа учаскесінде (учаскелерінде) орналасқан тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілері өндіру учаскесіндегі (өндіру учаскелеріндегі) кенішті пайдаланумен тікелей байланысты болса немесе өндірудің аралас учаскелерінде орналасқан екі кенішті пайдалану бірыңғай технологиялық процесте жүзеге асырылса, жер қойнауын пайдаланушы осы жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі барлық жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында бірыңғай жою жоспарын әзірлеуге құқылы.

      Жою жоспары қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар тұлғаны тарту арқылы жасалады және оны жер қойнауын пайдаланушы бекітеді. Жою жоспары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына, ал ол жүргізілгеннен кейін – Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша жұмыстардың құнын есептеуге өзгеріс енгізуді қоса алғанда, жою жоспарына:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындыларын алған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей;

      2) осы Кодекстің 216-бабының 5-тармағына сәйкес тау-кен жұмыстарының жоспарына өзгерістер енгізілген жағдайда, өзгерістер енгізуге міндетті.

      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын алған жою жоспарында салдарын жою көзделмеген пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      38) 218-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді, келісуді, сараптауды және бекітуді лицензия мерзімі өткенге дейін екі жылдан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Өндіру учаскесінің бәрінен немесе бір бөлігінен бас тартылған жағдайда, егер осы тармақтың бесінші бөлігінің ережелерінен пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою қажеттігі туындамаса, мұндай салдарды жою жобасы осындай бас тартуға дейін әзірленеді, келісіледі, сараптауға және бекітуге жатады.";

      "Егер өндіру учаскесінің жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан бір бөлігін пайдалану өндіруге арналған лицензияда көзделген операциялар жүргізілместен және жер бетін (су айдындары түбін) бүлдірмей жүзеге асырылса, өндіру учаскесінің бір бөлігінде жою жұмыстарын жүргізу талап етілмейді. Бұл жағдайда жою жұмыстарын жүргізудің қажет еместігін растайтын зерттеп-қарау актісі жасалады, оған осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар қол қояды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жою актісіне қол қойылғаннан кейін өндіру учаскесінде (оның бір бөлігінде) өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.

      5. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою актісіне (зерттеп-қарау актісіне) қол қою жер қойнауын пайдалану құқығын өзге тұлғаларға кейіннен беру үшін мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізуге негіз болып табылады.";

      39) 219-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі және 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қамтамасыз ету сомасы өндіру жөніндегі операциялардың және жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындылары алынған күннен бастап алдағы үш жылға жоспарланатын операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстардың жалпы есептік құнын жабуға тиіс.";

      "4. Өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның келісімімен қамтамасыз ету сомасы жер қойнауы учаскесінде орындалған және осы Кодекстің 218-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен қабылданған жою жұмыстары бөлігінің құнына мөлшерлес азайтылуы мүмкін. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етуді берген тұлғаны қамтамасыз ету сомасын азайту туралы жер қойнауын пайдаланушыдан өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";

      40) 222-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "кендік" деген сөз алып тасталсын;

      41) 223-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Консервациялау жобасы экологиялық рұқсатқа сәйкес әзірленеді және оны өтініш беруші хабардар ету күнінен бастап төрт айдан кешіктірмей құзыретті органға ұсынады. Өтініш беруші құзыретті органға көрсетілген мерзімді ұзартудың қажеттігін негіздей отырып, осындай ұзартуды сұрап өтініш жасауға құқылы.";

      42) 226-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Консервациялау жобасы экологиялық рұқсатқа сәйкес әзірленеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.";

      43) 227-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      44) 230-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "аспайтын мерзімде" деген сөздер "кешіктірмей" деген сөзбен ауыстырылсын;

      45) 231-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тек кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 204-бабы 3-тармағының 9) тармақшасын, 212, 213-баптарын, 215-бабы 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерін қоспағанда, осы тараудың ережелеріне қайшы келмейтін бөлігінде 28-тараудың ережелері қолданылады. Бұл ретте тек кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды реттеу мен мемлекеттік бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.";

      екінші бөліктегі "операцияларға" деген сөз "операцияларды реттеу мен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 232-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беруге өтініш облыстың жергілікті атқарушы органына беріледі. Өтінішті қарауды және лицензия беруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтау мақсатында өтінішке жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде мемлекеттік есепте тұрған және кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екенін растайтын қорытындысы қоса берілетінін ескере отырып, осы Кодекстің 28-тарауының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.";

      47) 236-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өндіру учаскесінде барлау жүргізілген жағдайда – геологиялық есептер;";

      48) 242 және 243-баптардағы "инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган", "инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға", "Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган", "инвестициялар жөніндегі уәкілетті органды" деген сөздер тиісінше "құзыретті орган", "құзыретті органға", "Құзыретті орган", "құзыретті органды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49) 249-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мұнай мен газды, газ бен мұнай өнімдерін жерасты сақтау қоймаларын жер бетінен бес метр төмен тереңдікте орналастыру және пайдалану;";

      50) 257-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы немесе тиісінше оның өзгерісі бойынша тиісті экологиялық рұқсатты, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысын және келісуді алған жағдайда ғана жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқылы.";

      51) 258-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде алынатын тау-кен массасының, топырақтың және (немесе) орны ауыстырылатын топырақтың көлемі, егер бұл экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келсе, шектелмейді.

      Алынатын тау-кен массасы мен топырақ жер қойнауы кеңістігін пайдалануды қамтамасыз ететін құрылысжайларды, құрылғыларды және басқа да объектілерді тұрғызу және пайдалану мақсатында ғана пайдаланылуы мүмкін.";

      52) 259-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жою актісіне қол қойылған күннен бастап жер қойнауы кеңістігін (оның бір бөлігін) пайдалану учаскесінде жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен жер қойнауын зерттеу жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.";

      53) 260-баптың 4, 5, 6-тармақтары және 10-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жою жоспары қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар тұлғаны тарту арқылы жасалады және оны жер қойнауын пайдаланушы бекітеді. Жою жоспары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына, ал ол жүргізілгеннен кейін – Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы жою жөніндегі жұмыстардың құнын есептеуге өзгерістер енгізуді қоса алғанда, жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындыларын алған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей өзгерістер енгізуге міндетті.

      6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын алған жою жоспарында салдарын жою көзделмеген тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыруға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.";

      "10. Қамтамасыз ету сомасы жүргізілген операциялардың және жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындылары алынған күннен бастап алдағы үш жылға жоспарланатын операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстардың жалпы есептік құнын жабуға тиіс.";

      54) 265-баптың 3-тармағында:

      2) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) егер өтініш беруші кен іздеушілікке арналған лицензия қолданысының алғашқы жылы ішінде механикаландыру құралдарын пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспары.";

      55) 273-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Механикаландыру құралдарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы кен іздеушілік жоспары болған кезде ғана кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы. Өзен арналарында немесе су қоры жерлерінде механикаландыру құралдарын пайдалана отырып көзделетін кен іздеушілік Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес әсер етуді скринингтеуге жатады.";

      56) мынадай мазмұндағы 273-1-баппен толықтырылсын:

      "273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою

      1. Кен іздеушілік салдарын жою бүлінген жерлерді Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес рекультивациялау арқылы жүргізіледі.

      2. Кен іздеушілік учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға кен іздеушілікке арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей мұндай учаскеде кен іздеушілік салдарын жоюды аяқтауға міндетті.

      Аталған тұлғаның өтініші бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы, егер жоюды жүргізу ауа райына және (немесе) табиғи-климаттық жағдайларға байланысты мүмкін болмаған немесе айтарлықтай қиындық туғызған болса, кен іздеушілік салдарын жою мерзімін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткен күннен бастап төрт айға дейінгі кезеңге ұзартады.

      3. Кен іздеушілік учаскесінің жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 275-бабына сәйкес кен іздеушілікке арналған лицензияның қолданылу мерзімі өткенге дейін бас тартқан бір бөлігінде кен іздеушілік салдарын жою осындай бас тартуға дейін жүргізіледі.

      4. Егер жер қойнауын пайдаланушы кен іздеушілікті жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан кен іздеушілік учаскесінде (оның бір бөлігінде) жүзеге асырмаса, мұндай кен іздеушілік учаскесінде (оның бір бөлігінде) жою жұмыстарын жүргізу талап етілмейді.

      Бұл жағдайда жою жұмыстарын жүргізудің қажет еместігін растайтын кен іздеушілік учаскесін (оның бір бөлігін) зерттеп-қарау актісі жасалады, оған осы баптың 5-тармағында аталған тұлғалар қол қояды.

      5. Жою актісіне қол қойылғаннан кейін кен іздеушілік учаскесінде (оның бір бөлігінде) операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.

      6. Кен іздеушілік салдарын жою актісіне қол қою кен іздеушілік жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын өзге тұлғаларға кейіннен беру мақсатында мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізуге негіз болып табылады.";

      57) 277-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беруді және осындай жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеуді көрсетілген жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратынын ескере отырып, 5-тарауда;";

      58) 278-бапта:

      4-тармақтың он екінші бөлігіндегі "5" деген цифр "6" деген цифрмен ауыстырылсын;

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құзыретті орган келіп түскен өтінішті осы Кодекстің 45-бабына сәйкес құрылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шығарады. Тарапы өзге мемлекеттік орган болып табылатын келісімшарт бойынша сараптама комиссиясы сол мемлекеттік органның шешімімен құрылады. Сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құзыретті органның (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сараптама комиссиясы өтінішті келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) өз ұсынымдарын жібереді.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құзыретті орган (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын және жою жоспарын (жобасын) жұмыс тобының қарауына ұсынуға тиіс.";

      14-тармақта:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды барлауға немесе бірлескен барлау мен өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшартқа оның қолданылу мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін) ұзарту мақсатында өзгеріс енгізуге келісімшартта барлануы көзделген пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануы (байқалуы) табылған жағдайда, осындай табуды бағалау үшін жол беріледі.

      Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшартқа оның қолданылу мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзарту мақсатында өзгеріс енгізуге, егер мұндай ұзарту келісімшартта көзделген болса, жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға тиісінше барлау кезеңі немесе өндіру кезеңі өткенге дейін берілуі мүмкін.";

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімін ұзарту туралы өтінішке, осы баптың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген мәліметтерден басқа, ұзарту кезеңінде жұмыстар жүргізудің және оларға арналған шығыстардың жазбаша негіздемесі қоса беріледі.

      Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау мерзімін ұзарту туралы өтінішке келісімшарт талаптарында барлануы көзделген пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың табылған минералдануын (байқалуын) бағалау үшін, осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, осындай табылуды растайтын мәліметтер (жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалауды талап ететін минералдану (байқалу) табылғаны туралы қорытындысы) және табылған минералдануға (байқалуға) бағалауды жүзеге асыру болжанатын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаттары қоса беріледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануын (байқалуын) растау тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.";

      алтыншы бөліктегі "бесінші" деген сөз "алтыншы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды барлауға (барлау кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт табылған минералдануды (байқалуды) бағалау үшін жұмыс бағдарламасында көзделген табылған кен орнын бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті, тараптар келіссөздер нәтижелері бойынша айқындайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт өндіруге арналған келісімшарттың бастапқы мерзімінен (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндірудің бастапқы кезеңінен) аспайтын, бірақ осы Кодексте белгіленген өндіруге арналған лицензияның барынша ұзақ мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшартты ұзарту мерзімі көрсетілген шектеулер ескеріле отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстар негізінде айқындалады.";

      тоғызыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, ірі кен орны бар жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт он жылдан астам мерзімге ұзартылған жағдайда, құзыретті орган осындай ұзарту шарттарына жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірін енгізуді талап етуге құқылы:";

      оныншы бөліктегі "жетінші" деген сөз "сегізінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, шарттары осы Кодекстің қолданысқа енгізілу күніне жер қойнауын пайдаланушының осындай келісімшарттың мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзартуға құқығын көздемеген, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде осы Кодекстің 201-бабына сәйкес пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге арналған лицензия (232-бабына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия) алуға айрықша құқыққа ие болады. Айрықша құқық бойынша өндіруге арналған лицензия алуға өтініш келісімшарттың қолданылу мерзімі өткеннен кемінде үш жыл бұрын берілуі мүмкін. Егер өтінішті қарау кезеңінде келісімшарт мерзімі өтіп кетсе, келісімшарт осындай қарау кезеңіне қайта жаңартылды деп есептеледі.";

      16-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің аумағын кеңейтуге осы Кодекстің қолданысқа енгізілу күніне айқындалған жер қойнауы учаскесінің жартысынан аспайтын мөлшерінде жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің шекараларын өзгерту геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлулерді қайта ресімдеу арқылы жүзеге асырылады. Геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру және қайта ресімдеу тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.".

      9. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары коммуналдық қалдықтарды (тұрмыстық қатты қалдықтарды, кәріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасын) көмгені, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, орман пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы мөлшерлемелерін бекітеді.";

      2) 27-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады, II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;".

      10. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 14, 71-құжат):

      14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе бұрыннан барын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатады. Ортақ пайдаланылатын бұрыннан бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.".

      11. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "38-1) жануарлар дүниесі мониторингі – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен динамикасын байқау, бағалау және болжау жүйесі;";

      2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;";

      3) 21-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілген жағдайда жануарларға көмек көрсету жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жүзеге асырылады.";

      4) 26-баптың 1-2-тармағының 2) тармақшасындағы "болмаған;" деген сөз "болмаған жағдайларда бас тартылады." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 43-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсімін молайтуды жеке және заңды тұлғалар биологиялық негіздеме және уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырады.".

      12. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 14, 73-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28-1), 28-2), 28-3) және 28-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "28-1) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;

      28-2) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;

      28-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

      28-4) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;";

      2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 1-5) және 1-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-3) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;

      1-4) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;

      1-5) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

      1-6) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;";

      3) 17-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған әзірлемелерді қоса алғанда, өндіріске ғылыми әзірлемелерді тарату мен енгізуді;".

      13. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) авария – ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарындысы;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      3), 13), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) міндетті экологиялық сақтандыру – авария нәтижесінде экологиялық залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырылушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;";

      "13) үшінші тұлғалар – міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімдерге тартылған құқықтық қатынастар субъектілері;";

      "15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндеті;

      16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария болған жағдайда салдарынан экологиялық залал келтірілуі мүмкін қызметі.";

      2) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.";

      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндетіне байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.";

      4) 4-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария салдарынан табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады.";

      2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "экологиялық залал келтіруді болғызбауды экономикалық ынталандыру болып табылады.";

      5) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1 бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау

      Авария салдарынан экологиялық залал келтірілген жағдайлар мен оның салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.";

      6) 7-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушы арасында осы Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін сол бір объектінің екі және одан көп иесі жүзеге асырған кезде міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру полисінде объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде көрсете отырып, олардың кез келгенімен жасалады.

      2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залал салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7) 7-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігі 4) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың мөлшеріне бағалау жүргізу;";

      8) 8-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті тұлғаларға қатысты қолданылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      9) 11-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;";

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) авария кезінде ықтимал экологиялық залалды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қолдануға;

      5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға;";

      10) 12-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде бұрынғы міндетті экологиялық сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;

      2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретін ескере отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактісін, экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын растайтын құжаттарды сұратуға;

      3) сақтанушы мен сақтандырылушыдан экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері және салдары туралы толық және анық ақпарат алуға;

      4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына бағалау жүргізуге;

      5) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың ауқымын бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;";

      "7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда экологиялық залал келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;";

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      5), 6-1) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) авария салдарынан болған экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны пайда алушыға танысу үшін беруге;";

      "6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтанушының (пайда алушының) экологиялық залалды жоюы мақсатында сақтандырушы өтеуге тиісті төлемнің мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл жөнінде хабарлауға;

      7) сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы кезінде авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;";

      11) және 12) тармақшалардағы "жәбірленушіден," және "жәбірленушінің," деген сөздер алып тасталсын;

      11) 13-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Пайда алушының құқықтары";

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайда алушы:";

      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға ұсынуға;

      3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын анықтау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;";

      6) тармақшадағы "жіберуге;" деген сөз "жіберуге құқылы." деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      12) 14-баптың 2) тармақшасындағы "көрсеткіштен;" деген сөз "көрсеткіштен кем болмауға тиіс." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      13) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері осы Заңның 14-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі пайызынан аспауға тиіс.";

      14) 17-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушының авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

      2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға (пайда алушыға) тиесілі.

      3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген экологиялық залалды жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап басталды деп есептеледі.

      4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін осы Заңның 7-бабы 2-тармағының ережелерін ескеріп, экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын негізге ала отырып айқындайды.";

      15) 18-бап алып тасталсын;

      16) 19-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып жазбаша нысанда қояды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес бекітілген ремедиациялау бағдарламасының көшірмесі;";

      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сақтандыру жағдайы басталған кезде экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен шығыстарды растайтын құжаттар – олар болған кезде;

      6) жекелеген жағдайларда – сақтанушыны сақтандыру жағдайының басталуына жауапты деп таныған сот шешімі.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Экологиялық залалды жоюға, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен жоюға міндетті сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.

      4. Сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнынан аспауға тиіс.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сақтанушының (пайда алушының) жазбаша өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған (орындайтын) және қызметтерді көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.";

      17) 20-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.";

      18) 21-бапта:

      тақырыптағы "Зиян" деген сөз "Залал" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтанушының экологиялық залал үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады, залалды жою құнын міндетті экологиялық сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушы төлейді.";

      19) 22-баптың 2-тармағының 1), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтанушының экологиялық залал келтіруге кінәлі тұлғадан шығыстардың тиісті өтемін алуы;";

      "4) сақтанушының сақтандыру жағдайы бойынша шығыстарды азайту жөнінде шараларды қасақана қолданбауы;

      5) сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруіне және келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын анықтауына сақтанушының кедергі келтіруі;

      6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға кері талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру төлемі жүргізіліп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.";

      20) 22-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "жәбірленуші," деген сөз алып тасталсын;

      2-тармақтағы "жәбірленушіден," деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.".

      14. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2020 жылғы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1-баптың 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-4) жаңартылатын энергия көздері – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;".

      15. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 11, 54-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):

      96-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген, қызметті жүзеге асыру салдарын жоюға байланысты міндеттемелер бойынша талаптарды қаржылық қамтамасыз ету болып табылатын І санаттағы объект операторының банктік салымы, сондай-ақ шығарындыларды, сертификатталған шығарындыларды қысқарту, шығарындыларды ішкі қысқарту, парниктік газдарды сіңіру квоталарының бірліктері;".

      16. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 ж., № 10, 44-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 52-2), 70-38), 70-39) және 70-40) тармақшалармен толықтырылсын:

      "52-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;";

      "70-38) климаттық қатерлерден болатын дүлей зілзала тәуекелдерін бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;

      70-39) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі, оның ішінде жаңа тәуекелдерді болғызбауға, қазіргі қауіптілікті төмендетуге және орнықтылықты нығайтуға бағытталған шараларды өз құзыреті шегінде және басымдылықты ескере отырып, жүзеге асырады;

      70-40) өз құзыреті шегінде іске асырылатын, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және осы шараларды түзетеді;";

      2) 41-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) ықтимал төтенше жағдайлардың, оның ішінде климаттың өзгеруінің әсер етуінен туындаған немесе ушыққан қауіптілігін, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын ғылыми зерттеу, болжау және бағалау;".

      17. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар, № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):

      "1) 1-қосымшаның 84-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

84.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия

1. I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау
2. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою

Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып

  ";

      2) 2-қосымшада:

      47-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

47.

Әсер етуге экологиялық рұқсат беру

Әсер етуге экологиялық рұқсат


  ";

      мынадай мазмұндағы 96-1-жолмен толықтырылсын:

      "

96-1.

Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келісу

Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келісу-хат


  ";

      3) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 59, 60 және 61-тармақтармен толықтырылсын:

      "59. Метеорологиялық мониторинг жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.

      60. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.

      61. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация.".

      18. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат):

      5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "бағдарламалардың" деген сөзден кейін ", қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап.

      Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағы 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 57) тармақшасын;

      2) 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының екінші, үшінші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 7), 9), 10), 11), 12), 14), 23), 24) 25), 26), 27), 30), 31), 32), 33) және 35) тармақшаларын, 37) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 38) тармақшасын, 39) тармақшасының үшінші абзацын, 40), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 51), 52), 54), 56) және 58) тармақшаларын қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ