Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шiлдедегi № 177-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат):

      68-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Адвокат "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес басқа адам өзінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжатты (неке туралы куәлікті, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.".

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 668-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "668-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi келтіру

      Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенiң заңды қызметiн жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, олардың кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін материалдарды немесе мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      2) 750-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Адвокат "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстiң 748-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген басқа адамдар өздерінің iске қорғаушы ретiнде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлiкті, сондай-ақ осы Кодекстiң 746-бабының үшiншi бөлiгiнде және 747-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды) ұсынады.".

      3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 58-бапта:

      бірінші бөліктің 2) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мыналар:

      заңды тұлғалардың істері бойынша – осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша – осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;

      өзге заңды тұлғалардың істері бойынша, егер мұндай заңды тұлғалар сол бір тұлғаның бақылауында (тікелей немесе жанама) болса, заңды тұлғалардың жұмыскерлері;";

      "6) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Адвокат өкілдік ету кезінде адвокат куәлігіне және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаға сәйкес қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы. Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші бөлігінде санамаланған процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері сенімхатта көрсетілуге тиіс.";

      2) 59-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар, сондай-ақ заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкілдер бола алмайды.";

      3) 60-баптың екінші бөлігі "адвокаттық қызмет" деген сөздерден кейін "және заң көмегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 61-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігімен және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламамен расталады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өкілдердің өкілеттіктері сенімхатта немесе сот отырысына сенім білдірушінің жеке өзі қатысқан жағдайда, оның сот отырысының хаттамасына енгізілген ауызша мәлімдемесінде көрсетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген өкіл заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжат ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "6. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген істер бойынша өкіл қосымша түрде өзі жұмыскері болып табылатын заңды тұлға мен өзі мүддесін білдіретін заңды тұлға сол бір тұлғаның бақылауында (тікелей немесе жанама) екенін растайтын құжаттарды ұсынады.";

      5) 145-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе адвокаттар мен тараптардың қатысуымен "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;".

      4. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 3-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі "тәуелсіздігі," деген сөзден кейін "бейтараптылығы," деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 6-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мыналар:

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;

      теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам шығарылған (босатылған) күннен бастап бір жыл бойы;

      әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;

      нотариаттық әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін мемлекеттік нотариус лауазымынан шығарылған адам;

      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айырылған адам;

      егер шығарылған күнінен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам да нотариус бола алмайды.";

      3) 7-бапта:

      7-бапта мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады.

      Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді.

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміттенетін адам нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Көмекші мен тағылымдамадан өтушінің нотариус үшін нотариаттық құжаттарға қол қоюға және нотариустың мөрін пайдалануға құқығы жоқ.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тағылымдамадан өтушінің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кейіннен лицензия алу үшін нотариаттық әрекеттерді жасау, нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіптік білім мен практикалық дағдыларды алуы тағылымдамадан өту мақсаты болып табылады.";

      10-тармақта:

      "ол он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен бекітіледі" деген сөздер "оны он жұмыс күні ішінде нотариаттық палата бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тағылымдамадан өту туралы қорытынды бекітілгеннен кейін ол үш жыл бойы жарамды болып табылады.";

      4) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiледі және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.";

      5) 10-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру аумақтық әдiлет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура органдарының ұсынулары негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шешiмiмен жүргізіледі.

      2. Нотариус лицензиясының қолданысы мынадай:

      1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру жөнiнде талап қою іс жүргізуі қозғалған;

      2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылданған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасасумен аяқталған;

      3) нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болған жағдайда) өзгерткенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламаған;

      4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне айқындап берілген қызмет ету аумағын бұзған;

      5) нотариус мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келген, нотариаттық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;

      6) нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасында көрсетілген мекенжайда нотариустың үй-жайы іс жүзінде болмаған;

      7) нотариус осы Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамаған;

      8) осы Заңның 19-бабында көзделген шектеулер сақталмаған;

      9) егер нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай өткен соң іс жүзінде нотариаттық қызметке кіріспеген;

      10) нотариус осы Заңның 18-бабының 1-тармағы 11) тармақшасының талаптарын сақтамаған жағдайларда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Нотариус лицензиясының қолданысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк немесе ақы төленетін өзге қызметпен айналысқан;

      2) мерзімді әскери қызметті өткерген;

      3) нотариус өзінің тоқтата тұру мерзімі көрсетілген өтініші негізінде өкілеттіктерін орындамаған кезеңде тоқтатыла тұрады.";

      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның қолданысы мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың жойылғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде лицензиар лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешiм шығарады.";

      "5. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiм Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ведомстволық баспасөз органында жарияланады. Нотариаттық палата қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.";

      6) 11-бапта:

      2) тармақшадағы "ар-ождан" деген сөз "әдеп" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) нотариустың көмекшісінің және (немесе) тағылымдамадан өтушісінің нотариустың мөрін пайдалану және нотариус үшін нотариаттық актіге қол қою фактісі анықталғанда;";

      6) тармақша "лицензияның" деген сөздің алдынан "осы Заңның 10-бабының 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 17-бап 8) тармақшадағы "жүргізуге құқылы." деген сөздер "жүргізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) төрелік талқылауда төреші болып сайлануға (тағайындалуға) құқылы.";

      8) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен, 9) тармақшадағы "ұсынуға міндетті." деген сөздер "ұсынуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде, сондай-ақ лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда мөрін аумақтық әділет органына тапсыруға;";

      "10) бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына және нотариаттық палатаға хабарлауға;

      11) кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті.";

      9) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жекеше нотариустың нотариаттық округ шегiндегі қызмет ету аумағын нотариаттық палата айқындайды.

      Нотариус үй-жайды өзіне айқындап берілген аумақтың шегінен тыс жерде орналастыруға құқылы емес.

      Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатаның ұсынысы бойынша белгiлейдi.

      Аумақтық нотариаттық палата халыққа жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы ақпарат беріп отырады.";

      10) 22-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде," деген сөздер алып тасталсын;

      11) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке практикамен айналысатын нотариус өзiнiң кәсiптiк мiндеттерi мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда, оны нотариаттық палата Қазақстан Республикасының заңнамасына, Нотариустың әдеп кодексiне сәйкес жауапқа тартады.";

      12) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

      "24-1-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариустың тәртіптік жауаптылығы

      1. Тәртіптік комиссия нотариаттық палата мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, Нотариустың әдеп кодексінің, нотариаттық палата жарғысының талаптарын, нотариаттық палатаға мүшелік шарттарын бұзғаны туралы жүгінімдерді, шағымдарды (бұдан әрi – шағым) қарау жөнiндегi орган болып табылады.

      Шағымдарды қарау тәртібін Республикалық нотариаттық палата осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды.

      Шағым келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралады.

      2. Тәртіптік комиссия шағымдарды қарау кезінде шағымдарды жіберген адамдарды, сондай-ақ нотариаттық палатаның өздеріне қатысты шағым қаралатын мүшелерін өзінің отырыстарына шақыруға міндетті.

      Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оны қарау әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

      Шағымды қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген көрсетілген адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.

      3. Тәртіптік комиссия мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы:

      1) нотариаттық палатаның мүшесін анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттейтін және оларды жою мерзімдерін белгілейтін нұсқама шығару;

      2) нотариаттық палатаның мүшесіне ескерту жасау;

      3) нотариаттық палатаға мүшелікті тоқтата тұру;

      4) нотариаттық палатадан шығару не лицензиарға нотариус лицензиясының қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтінішхат бере отырып, нотариаттық палатадан шығару.

      4. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

      5. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шешімдер тәртіптік комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және көрсетілген орган оларды қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Осы баптың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдер тәртіптік комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісінің даусымен қабылдануы мүмкін.

      6. Тәртіптік комиссия нотариаттық палатаның мүшесіне қатысты тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде нотариаттық палата шешімнің көшірмесін нотариаттық палатаның мүшесіне, сондай-ақ ол бойынша шешім қабылданған шағымды жіберген адамға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жібереді.

      7. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне нотариаттық палатаның мүшелері Республикалық нотариаттық палатада немесе сотта дау айтуы мүмкін.";

      13) 26-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталардың міндетті мүшелігіне негізделген, оларды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.";

      14) 26-1-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) нотариаттық палатаның төрағасын, басқарманың, ревизиялық және тәртіптік комиссиялардың мүшелерiн сайлау және олардың өкілеттіктерін тоқтату;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) нотариаттық палата органдарының қызметі туралы есептерді бекіту;

      3-2) нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есепті бекіту;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады.";

      15) 26-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте сол бір адам бір мерзімнен артық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.";

      16) мынадай мазмұндағы 26-3-баппен толықтырылсын:

      "26-3-бап. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы

      1. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылады.

      2. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің қатарынан, бес адамнан аспайтын құрамда қалыптастырылады. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының мүшелері нотариаттық палатада өзге сайланбалы лауазымды атқаруға құқылы емес.

      Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негіздерде өтеусіз жүзеге асырады.

      3. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясын нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы екі жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.

      4. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы кез келген уақытта нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы осы мақсатта нотариаттық палатаның бүкіл қаржылық құжаттамасына сөзсіз қол жеткізу құқығына ие. Нотариаттық палатаның органдары нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының талап етуі бойынша ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсініктер беруге міндетті.

      5. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің кезекті жалпы жиналысына есеп ұсынады.

      6. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының жұмыс тәртібін, есептер ұсыну мерзімділігін нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайды.";

      17) 27-бапта:

      1-тармақта:

      8) тармақшадағы "ар-ождан" деген сөз "әдеп" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Нотариаттық палатаның басқармасы:

      1) нотариаттық палатаның жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша жұмысын ұйымдастырады;

      2) нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысын шақырады, нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

      3) нотариаттық палатаға мүшелікке қабылдауды жүзеге асырады, нотариаттық палатаға мүшеліктен шығарады;

      4) Республикалық нотариаттық палатаға нотариаттық палатаның қызметі туралы қорытылған есептерді ұсынады;

      5) нотариустардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды;

      6) нотариустардың кәсіптік біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      7) лицензиарға нотариусқа қатысты жекеше нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру және оның қолданысын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;

      8) оң жұмыс тәжірибесін талдайды, қорытады және таратады;

      9) нотариаттық палатаның қаражатына нотариаттық палатаның жарғысында айқындалатын және нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайтын тәртіппен билік етеді;

      10) бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есептіліктің, іс қағаздарының жүргізілуін және бастапқы статистикалық деректердің қалыптастырылуын ұйымдастырады;

      11) нотариаттық палатаның мүлкіне билік ету тәртібін айқындайды;

      12) нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылғаннан басқа, нотариаттық палата қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда – өз түсiнiктемелерiн, оның iшiнде кәсiптiк әдептi сақтамау мәселелері бойынша түсiнiктемелерiн ұсынуын талап етуге құқылы.";

      18) 28-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) нотариаттық палата мүшелерінің тәртіптік жауаптылығы және оған тартудың осы Заңның талаптарына сәйкес тәртібі;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) нотариаттық палатаның ақша қаражаты мен өзге де мүлкін қалыптастыру көздері мен тәртібі және оны пайдалану бағыттары, нотариаттық палаталардың мүлікке билік ету шектері, нотариаттық палатаның мүлікті пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) мүшелік жарналарды төлеу тәртібі;";

      19) 29-бапта:

      2-тармақта:

      6) тармақшадағы "ар-ождан" деген сөз "әдеп" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) нотариаттық палаталардың тәртіптік комиссияларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды, тәртіптік практиканы қорытады;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып – сайланған күніне дейiн тікелей кемiнде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесi болған нотариус сайланады.

      Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайланады.

      Бұл ретте сол бір адам бір мерзімнен артық Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.

      Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртiбi және оның өкiлеттiктерi осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.";

      20) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.";

      21) 33-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) нотариустардың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын және олардың iс қағаздарын жүргiзу жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;";

      22) 34-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;

      23) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нотариус пен нотариаттық әрекеттерді жасайтын лауазымды адамдар бiр адамның (сенім білдірушінің) атынан басқа адамның (сенім білдірілген адамның) атына cенiмхатты куәландырады.";

      24) 70-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мұраға құқық туралы куәлiк мұрагерлердің мұраға қалатын әрбір мүлікке қалауына қарай олардың барлығына бірге немесе әрқайсысына жеке-жеке берiледi.";

      25) 10-тараудың тақырыбындағы "Мүлiктi иелiктен алуға тыйым салу және оны алып тастау" деген сөздер алып тасталсын;

      26) 75-бап алып тасталсын.

      5. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж.,№ 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат):

      17-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша – қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен;".

      6. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, адвокаттық кеңселер, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншiк иелерi кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.".

      7. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 3-1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";

      "4) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;";

      2) 19-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Әдiлет органдарының заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат салаларындағы функциялары";

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әдiлет органдары заң көмегін ұйымдастыру және көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң көмегінің сапасын бақылау;";

      3) 23-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "және құқықтық көмек" деген сөздер "көмек пен заң көмегін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):

      37-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.

      4. "Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың құқықтық консультация беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.".

      9. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      9-бап 10) тармақшадағы "құрылыс саласындағы (аясындағы) өзінің сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды біріктіреді." деген сөздер "құрылыс;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) адвокаттық қызмет және заң көмегі саласындағы (аясындағы) өзінің сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды біріктіреді.".

2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын, 3-тармағы 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 5-тармағын;

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай:

      "3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен берілетін ордермен куәландырылады." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацты;

      3) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын, 2) тармақшасын, 4) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өз қызметін жүзеге асырып келген нотариаттық палаталар, Республикалық нотариаттық палата осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін, нотариаттық палаталардың, Республикалық нотариаттық палатаның төрағаларын сайлау, басқару органдарын қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс және әділет органдарында қайта тіркелуге жатады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ