Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 29 маусымдағы № 163-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 100-құжат; №19-II, 106-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-I, 121, 124-құжаттар; №21-II, 130, 132-құжаттар; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-II, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 119-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №6, 11-құжат; №9, 18-құжат; №10, 23-құжат; №13, 45-құжат; №14, 51-құжат; №15, 55-құжат; №20, 96-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 115-құжат; 2018 ж., №1, 2-құжат; №7-8, 22-құжат; №9, 31-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 54-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;";

      2) 55-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;".

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 141, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145, 148-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 166, 169-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат; №6, 45-құжат; №7-I, 49, 50-құжаттар; №7-II, 53, 57-құжаттар; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; №12, 34-құжат; №14, 49, 50, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; №16, 56-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., №1, 4-құжат; №7-8, 22-құжат; №9, 27-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 112-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы –";

      2) 119-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      3) 120-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу

      1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пiкiрге сауал салу нəтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер нəтижелерінің болжамдарын жариялау тəртiбiн бұзуы, атап айтқанда сауал салуды жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген жəне оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау əдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандар санын жəне сауал салу нəтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу –

      жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.

      2. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауал салу нəтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нəтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде жəне дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялау, сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізу –

      жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу –

      жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №3, 17-құжат; №9, 86-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 103-құжат; 2004 ж., №10, 56-құжат; №17, 97-құжат; №23, 142-құжат; №24, 144-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №13, 86, 87-құжаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 99-құжат; №18, 113-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 14-құжат; №10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №17, 139-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 9-құжат; №24, 133-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 3, 7-құжаттар; №2, 28-құжат; №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №2, 11-құжат; №3, 21-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 81-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №2, 10-құжат; №3, 21-құжат; №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №10, 52-құжат; №11, 67-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 118, 122-құжаттар; №22, 131-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 103-құжат; №21-I, 121, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130, 132-құжаттар; №22-I, 140-құжат; №22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-I, 47, 49-құжаттар; №8-II, 72-құжат; №23, 118-құжат; 2017 ж., №3, 6-құжат; №8, 16-құжат; №13, 45-құжат; №15, 55-құжат; №16, 56-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамалық актiсiне сəйкес аумақтық жəне учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;";

      2) 20-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) жəне 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) депутат "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес өзі сайланған саяси партиядан шықса немесе шығарылса;

      3-2) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес депутат сайланған саяси партия қызметiн тоқтатса;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мəслихат депутатының өкілеттіктері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9) жəне 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мəслихат депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға əкеп соғатын негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды жəне тиісті мəслихатқа мəслихат депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылдайды.

      Мəслихат аумақтық сайлау комиссиясының осы тармаққа сəйкес енгізілген ұсынуы негізінде мəслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мəслихаттың тиісті депутатының өкілеттіктерін тоқтатады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Өкілеттіктер осы баптың 3-тармағының 3-1) жəне 3-2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы адамның мəслихат депутатының өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды жəне бұл туралы тиісті мəслихатқа хабарлайды.";

      3) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;";

      4) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;";

      5) 39-7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерін республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мəслихатының шешімі негізінде тиісті əкімдік қалалық мəслихат депутаттарын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округінің шегінде қала əкімі ұсынған құрамда құрады.";

      6) 41-бап мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. 20-баптың 3 жəне 4-тармақтары тоқтатыла тұрған кезеңде:

      "3. Мəслихат депутатының өкiлеттiктерi мынадай:

      1) ол заңға сəйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйыспайтын лауазымға сайланған немесе тағайындалған;

      2) соттың оны əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген;

      3) мəслихаттың өкiлеттiктерi тоқтатылған;

      4) ол қайтыс болған, соттың оны хабарсыз кетті деп тану не қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген;

      5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;

      6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

      7) ол тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бірліктен тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;

      8) оның отставка туралы жеке өтiнiшiне байланысты;

      9) ол өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаған, оның iшiнде мəслихат сессиясының жалпы отырыстарында немесе құрамына өзі сайланған мəслихат органдарының отырыстарында дəлелсіз себептермен қатарынан үш реттен артық болмаған;

      10) ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған жағдайларда, мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      4. Депутаттың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мəслихат сессиясында қабылданады." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтардың қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.".

      4. Осы Заңның 20-бабының 4-1-тармағы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.".

      4. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №16, 153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №13, 53-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; 2009 ж., №2-3, 6-құжат; 2012 ж., №5, 41-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №21, 122-құжат; 2015 ж., №22-I, 140-құжат):

      1) 9-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) саяси партиядан сайланған депутаттарды керi шақырып алу немесе ротациялау негiздерi;";

      2) 16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тиісті мəслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері ұсынылады.";

      3) 22-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мыналардың:

      9-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде:

      "9) бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжiлiсінің саяси партиядан сайланған депутаттарын керi шақырып алу немесе ротациялау негiздерi;" деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, 9-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының;

      16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде:

      "2) тиiстi мəслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынылады." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, 16-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.".

      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республика сының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-V, 153-құжат; 2016 ж., №7-I, 50-құжат; №22, 116-құжат; №24, 123-құжат; 2017 ж., №14, 51-құжат; №16, 56-құжат):

      1) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сəйкес "Б" корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына уəкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.";

      2) 20-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік саяси қызметке, "А" корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер, сайлау қорытындылары бойынша тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдері үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.";

      3) 26-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес сайлау тəртібімен "Б" корпусының мемлекеттік лауазымдарына конкурстан тыс тəртіппен алғаш рет кіретін немесе қайтадан кіретін азаматтарға көрсетілген іріктеу кезеңдері қолданылмайды.".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ