Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 127-VI ҚРЗ.

Қолданыстағы

1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) мазмұнында:

      31-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi";

      мынадай мазмұндағы 64-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "64-1-бап. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату";

      91-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау";

      188-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      232, 256, 260, 280-1, 283, 287, 308, 360 және 418-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "232-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу";

      "256-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы";

      "260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы";

      "280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, сондай-ақ тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу жүйесін бұзу";

      "283-бап. Шарап материалын, сыраны және сыра ішімдігін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу";

      "287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы";

      "308-бап. Мұнай құбырларын, газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру";

      "360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту";

      "418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу";

      467-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      479 және 558-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау";

      "558-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының кеден ісі саласындағы талаптарын орындамау";

      мынадай мазмұндағы 571-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "571-1-бап. Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбауы";

      574-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      583, 592, 593 және 602-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "583-бап. Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бұзу";

      "592-бап. Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру

      593-бап. Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау";

      "602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы";

      609-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      610 және 618-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы";

      "618-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру";

      мынадай мазмұндағы 619-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу";

      624-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "624-бап. Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу";

      мынадай мазмұндағы 690-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "690-1-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган";

      706 және 747-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "706-бап. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган";

      "747-бап. Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның өкілдері";

      мынадай мазмұндағы 759-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "759-1-бап. Сот отырысының хатшысы";

      43-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-тарау. Уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы";

      814, 815 және 816-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "814-бап. Лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар

      815-бап. Лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру

      816-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм";

      820 және 820-1-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 822-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "822-1-бап. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама және оны жіберу тәртібі ";

      826-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "826-бап. Жекеше ұсыну";

      мынадай мазмұндағы 43-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:

      "43-1-тарау. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 826-1, 826-2, 826-3, 826-4 және 826-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "826-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым жасау құқығы

      826-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі мен мерзімдері

      826-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарау

      826-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім және оны жария ету

      826-5-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою";

      44-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасау";

      мынадай мазмұндағы 44-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:

      "44-1-тарау. Соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулыларына сотқа шағым жасау, наразылық білдіру";

      мынадай мазмұндағы 829-1, 829-2, 829-3, 829-4, 829-5, 829-6, 829-7, 829-8, 829-9, 829-10, 829-11, 829-12, 829-13, 829-14, 829-15, 829-16, 829-17, 829-18 және 829-19-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "829-1-бап. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын орны

      829-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру құқығы

      829-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі

      829-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру мерзімдері

      829-5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi

      829-6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау

      829-7-бап. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар

      829-8-бап. Судьяның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру

      829-9-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезінде қабылданатын сот шешімі

      829-10-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау тәртiбi

      829-11-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар

      829-12-бап. Сот отырысының хаттамасы

      829-13-бап. Сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарымен тіркеп алу

      829-14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдер

      829-15-бап. Шағым, наразылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының, жоғары тұрған органның шағым, наразылық бойынша қаулысының күшін жою немесе оны өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою

      829-16-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау нәтижелері бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі қаулыны жария ету

      829-17-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша сот шығарған ұйғарым

      829-18-бап. Соттың жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді түзетуі

      829-19-бап. Жекеше қаулы";

      45-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-тарау. Заңды күшіне енбеген сот қаулыларын апелляциялық тәртіппен қайта қарау";

      830, 831, 832, 833, 834, 835, 836, 837, 838, 839, 840, 841 және 846-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "830-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы

      831-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi

      832-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзiмi

      833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұны

      834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру

      835-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмдерi

      836-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын судьяның жеке-дара қарауы

      837-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау

      838-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау

      839-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша шешiм

      840-бап. Сот қаулысының күшін жою немесе оны өзгерту негіздері

      841-бап. Судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi";

      "846-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулыны жария ету";

      46 және 47-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-тарау. Заңды күшіне енген сот қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау

      47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау";

      853, 857, 883, 884, 885, 886, 887, 888, 890, 892, 893, 894 және 896-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "853-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)";

      "857-бап. Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару";

      "883-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың заңды күшiне енуi

      884-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың мiндеттiлiгi

      885-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу

      886-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға келтіру

      887-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу

      888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын кейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту";

      "890-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіруі";

      "892-бап. Ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау

      893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы өз еркімен орындау

      894-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындату";

      "896-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жіберу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 910-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "910-1-бап. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны тоқтату";

      2) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және өз өкiлеттiктері шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленгенге дейін кiнәсiз деп есептеледi.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралған жағдайда, сондай-ақ айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам тиісті шешім заңды күшiне енген кезге дейін кiнәсiз деп есептеледi.";

      3) 12-бапта "екі рет" деген сөздер "қайталап" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 31-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кезде жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.";

      5) 32-баптың екінші бөлігіндегі "құпияларды қорғау" деген сөздер "құпиялар" деген сөзбен, "саласындағы" деген сөз "туралы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 33-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған және дербес салық төлеушiлер болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерi (қаржы ұйымдарын қоспағанда) заңды тұлғалар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар кәсіпкерлік субъектілері ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.";

      7) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-бап. Ескерту жасау

      1. Ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттiк берілген соттың, органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жасау жазбаша нысанда шығарылады.

      2. Осы Кодекстің 57-бабында және 366-бапқа ескертпеде көзделген мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ескерту жасауды қолдануға міндетті.";

      8) 44-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.";

      9) 47-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Рұқсаттан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру рұқсатта көзделген қызметті жүзеге асыру не белгілі бір әрекеттердi (операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Рұқсаттан айыруды осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелерін ескере отырып, судья қолданады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Егер жүзеге асырылуы кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған қызмет лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі болып табылса, рұқсаттан айыру не рұқсатты тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза лицензияланатын қызмет түрінің нақты кіші түріне ғана қолданылады.";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру деп лицензияланатын қызмет түрін немесе оның кіші түрін жүзеге асыруға арналған лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгінен) не қызметтің белгілі бір түріне немесе кіші түріне не белгілі бір әрекетті жасауға, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де рұқсат беру құжатынан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру түсініледі.";

      10) 50-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.";

      11) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру

      1. Осы Кодекстiң 594 (төртінші бөлiгiнде), 596 (төртiншi бөлiгiнде), 598 (үшiншi бөлiгiнде), 599 (екiншi бөлiгiнде), 600 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiледi.

      2. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң көрсетілген баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.";

      12) 58-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер әкімшілік айыппұлдар пайызбен көрсетілсе, олар бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін салынған кезде, айыппұл әрбір құқық бұзушылық үшін жеке өндіріп алынады.";

      13) 61-баптағы "жаза қолдану туралы қаулыны" деген сөздер "жазаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 62-бапта:

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң өтуі сараптама тағайындалған, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылған, сондай-ақ iстi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген сотқа немесе мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.

      Бұл мерзімдерді есептеу осы Кодекске сәйкес істі қарауға уәкілеттік берілген сот немесе мемлекеттік органның лауазымды адамы сараптама нәтижелерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі алған, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамды күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындайтын органға (лауазымды адамға) іс жүзінде күштеп әкелген кезден бастап қайта басталады.

      Күштеп әкелудің жалпы мерзімі бір айдан аспауға тиіс.";

      15) мынадай мазмұндағы 64-1-баппен толықтырылсын:

      "64-1-бап. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату

      Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) ауызша ескертумен шектеле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.

      Ескертпе. Адамды осы бапта көрсетілген негіз бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтан босату туралы мәселе шешілген кезде – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нақты мән-жайлары, оның ішінде құқық бұзушының жеке басы, сондай-ақ қолсұғушылық объектісі, ал келтірілген зиян болған кезде оның мөлшері ескеріледі.";

      16) 69-бапта:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айдан алты айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi.

      4. Кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, ішкі істер органдары, егер осы Кодекстiң 890-бабының бірінші бөлігінде белгiленген ескіру мерзiмі өтіп кетпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк жауапқа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.";

      17) 70-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      18) 74-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      19) 75-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      20) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу

      1. Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (шекаралық аймақтарды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және Қазақстан Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың әрекетi (әрекетсiздiгi), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      21) 78-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      22) 79-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "3. Меншiк иесiнiң, оператордың немесе үшiншi тұлғаның дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      23) 80-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лицензиядан және (немесе) маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      24) 81-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      25) 83-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу –

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      26) 87-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      27) 91-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау";

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген зейнетақы төлемдерін, аударымдарды жүзеге асыру мерзімдерін және (немесе) тәртібін және (немесе) талаптарын, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу тәртібін бұзуы –";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Зейнетақыларды және мемлекеттік жәрдемақыларды толық мөлшерде және (немесе) белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттердi "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының лауазымды адамдарының орындамауы –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      28) 92-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген талаптарды:

      1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының тағайындалған әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және мөлшерінің толықтығын бұзуы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және төлемдер мөлшерінің толықтығын бұзуы түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы, –";

      29) 93-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші бөлiктерінде көзделген, ескерту жасалғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      30) 94-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –

      ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      31) 95-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      32) 96-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      33) 98-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есепті көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "5. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсат алған шетелдік жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      34) 99-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      35) 106-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      36) 128-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      37) 130-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "төрт жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) 132-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      39) 133-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      40) 138-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      41) 141-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Лимиттердi бұзып су алу, су пайдаланудың рұқсат берілген көлемінен асыру, белгіленген режимдерін сақтамау, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен шығарылған немесе бұрылған жерасты және жерүстi суларын ұтымды, нысаналы пайдаланбау –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      42) 144-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      43) 151-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      44) 158-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      45) 159-бапта:

      бесінші бөліктің екінші абзацындағы "екі жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөліктің екінші абзацындағы "үш жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 160-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      47) 162-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз алпыс, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      48) 170-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      тоғызыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      49) 172-бапта:

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      50) 174-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "үш жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "төрт жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "төрт жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) 176-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн лауазымды адамның, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсiмi немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредиторларға көрінеу залал келтiріп, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, сол сияқты дәрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiріп, өзiне артықшылық жасағанын бiлетiн кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      52) 179-бапта:

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      он жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      жиырма екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Осы баптың төртінші және он жетінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бiрiншi – жиырма бiрiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –";

      мынадай мазмұндағы жиырма үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "23. Осы баптың төртінші және он жетінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      53) 180-бапта:

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      тоғызыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi – сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –";

      мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

      "10. Осы баптың бесінші бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      54) 181-бапта:

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      он тоғызыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi – он сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – ";

      мынадай мазмұндағы жиырмасыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "20. Осы баптың бесінші бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      55) 182-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      56) 185-баптың ескертпелері алып тасталсын;

      57) 188-бап алып тасталсын;

      58) 190-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "белгілі бір қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "белгілі бір қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "белгілі бір қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын

      59) 200-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      60) 201-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      61) 205-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – орындалмаған міндеттемелер сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған міндеттемелер сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – орындалмаған міндеттемелер сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған міндеттемелер сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      62) 206-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту

      1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банктердің, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.

      1. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:

      1) егер қолдан жасаудың анық белгілері болса;

      2) егер банкноттар мен монеталар төлем жасалмайтын болып табылса, заңды төлем құралы болып табылмайды.

      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері (банктерді, Ұлттық пошта операторын қоспағанда), коммерциялық емес ұйымдар тозған және ақаулы (бүлінген) банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тартқаны үшін осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.

      3. Банктер, Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.";

      63) 207-баптың тоғызыншы бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу –";

      64) 214-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын операциялар, өздерінің клиенттерi туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қолдану, іскерлік байланыстар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы –";

      бесінші бөліктің екінші абзацындағы "белгілі бір қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      65) 215-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзуы, егер қаржы ұйымы анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде жоймаса, –";

      66) 217-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша есептілікті уақтылы ұсынбауы –";

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша анық емес не толық емес есептілікті ұсынуы –";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша есептілікті ұсынбауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      67) 218-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін анық емес не толық емес есептілікті ұсынуы –";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      68) 222-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      69) 225-баптың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ инвестициялық комитет мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнетақы активтерін инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы –";

      екінші абзацтағы "төрт жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      70) 230-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру жөніндегі дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан көрiнген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзуы –";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сомаларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы –

      заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерiнде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезiнде коэффициенттердi қате (негiзсiз) қолдануы–

      заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын сақтандыруға жатпайтын объектiлердi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандырудан көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы –

      заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру агентіне төленетін комиссиялық сыйақы мөлшерін асырудан көрiнген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзуы –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      71) 232-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "232-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      72) 238-бапта:

      бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса;

      2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса;";

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпелер.

      1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жойған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін қаржылық есептілікті бұрмалау деп жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұрмалау танылады.";

      73) 239-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі –";

      төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұзып жүргізуі –";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдарының және (немесе) бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің қызметі туралы есептілікті ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы –

      заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы баптың бірінші, екінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін қаржылық есептілікті бұрмалау деп бір жүз айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұрмалау танылады.";

      74) 239-1-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жетпіс бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      75) 241-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      76) 243-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша анық емес не толық емес есептілікті ұсыну –";

      сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      77) 244-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      78) 245-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      79) 246-бапта:

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –

      біліктілік куәлігінен айыруға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –

      аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.";

      80) 247-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірінші басшыларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "7-1. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.";

      сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаларға бір жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      тоғызыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лицензиядан айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      81) 256-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "256-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы

      1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.

      1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп: облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынатын есептілік, білікті инвесторлар туралы мәліметтерді қамтитын есептілік, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының тізімі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушының есептілігі түсініледі.

      2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір күннен кешіктірмей есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты берген жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары осы баптың екінші бөлігінде жауаптылық көзделген бұзушылықтарды уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасын алған күнге дейін жойған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";

      82) 257-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Акционерлердің "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көзделген құқықтарын бұзу және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "3. Бағалы қағаздар эмитентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын бұзуы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды жүзеге асырмауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      83) 259-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ мәмiлелер жасауы –";

      84) 260-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы

      1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      85) 263-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      86) 269-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      87) 275-бапта:

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылмаған кезең ішінде айналым жасау –

      есепке қойылмаған кезең үшін айналым сомасының он бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      ескертпелер мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың бесінші бөлігінің мақсаттары үшін айналым жасау деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған салық салынатын айналым түсініледі.";

      88) 276-бапта:

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетін қызметтер) құнының үш пайызы, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      89) 280-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, сондай-ақ тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу жүйесін бұзу

      1. Салық төлеушінің шот-фактураны электрондық нысанда жазып бермеуі –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Салық төлеушінің мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Тауарларды өткізудің есепке алу жүйесін бұзып, тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету кезінде рәсімдеу көзделетін, мемлекеттік кіріс органдарының мөрімен куәландырылған тауардың ілеспе құжаттарының болмауы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Тізбеге енгізілген тауарлар деп Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды және атауы 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттамаға сәйкес тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар түсініледі.";

      90) 281-бапта:

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:

      "7. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, құрамында металл бар қосындыларды (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин және дизель отынын өндіру –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Авариялық жағдайды шұғыл түрде болғызбау қажет болған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспей, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, технологиялық қондырғыларға жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсынбау және (немесе) оны сақтамау –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін орындамау –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      91) 282-бапта:

      бесінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      алтыншы бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      жетінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      оныншы бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      он бірінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      92) 283-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "283-бап. Шарап материалын, сыраны және сыра ішімдігін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу";

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өндірушінің немесе импорттаушының шарап материалын, сыраны және сыра ішімдігін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы – ";

      екінші абзацтағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      93) 285-бапта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушiнің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі төлем тапсырмасын, мемлекеттік кіріс органдарының салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерін – салық төлеушінің не мемлекеттік кіріс органдарының нұсқауын алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, бірінші кезектегі тәртіппен орындамауы –

      төлем тапсырмасы бойынша аударылмаған соманың немесе орындалмаған инкассолық өкім сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      94) 287-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы";

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік кіріс органдарын мынадай жағдайларда:

      1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;

      2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеудің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есепке жазылған салықтар сомасының он пайызы, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма пайызы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      жетінші бөлік алып тасталсын;

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке алуға қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болса, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";

      95) 288-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      96) 289-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының үш пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      97) 296-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар тізілімінен алып тастай отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      98) 298-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының қадағалауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi белгiленген талаптарды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келмесе, –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      99) 299-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қауіпті өндірістік объектілердің мамандарын, жұмыскерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі;";

      100) 308-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "308-бап. Мұнай құбырларын, газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру

      1. Мұнай құбырлары мен газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларын аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –";

      101) 312-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      102) 313-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "тиiстi қызмет түрiне" деген сөздер алып тасталсын;

      103) 317-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "екі жүз" деген сөздер "бір жүз сексен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "екі жүз" деген сөздер "бір жүз сексен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "екі жүз" деген сөздер "бір жүз сексен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-1-бөліктің екінші абзацындағы "екі жүз" деген сөздер "бір жүз сексен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "төрт жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      104) 328-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне эмиссиялардың асырылған көлемi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға төлемақы мөлшерлемесінің бiр мың пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      105) 331-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      106) 332-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      107) 337-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "он," деген сөз "он, лауазымды адамдарға," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "он бес," деген сөздер "он бес, лауазымды адамдарға," деген сөздермен ауыстырылсын;

      108) 343-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – отыз бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      109) 344-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      110) 351-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      111) 357-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаған табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тіркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен олардың мемлекеттiк кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшін төлемақыны қасақана төмендету, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –";

      112) 358-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      113) 359-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      114) 360-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту";

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      115) 361-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      116) 362-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      117) 364-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      118) 365-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      119) 366-бапта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы Кодекстің 366, 368, 370, 371, 375, 381, 382, 386, 387 және 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар айлық есептік көрсеткіштен бес және одан да көп есе асатын залал келтірген жағдайда, олар әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылады.";

      120) 368-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      121) 369-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      122) 370-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      123) 373-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      124) 374-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      125) 381-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      126) 385-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      127) 387-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      128) 388-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      129) 397-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      130) 400-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының аумағына және мемлекетішілік тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелу;";

      131) 401-бапта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Астық қабылдау кәсіпорнының, "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге қатысы жоқ қызметті жүзеге асыруы –

      орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Астық қабылдау кәсіпорнының үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер шығаруы және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі –

      лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Оларсыз астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмай қалатын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды астық қабылдау кәсіпорынының иеліктен шығаруы –

      лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      132) 407-баптың бірінші бөлігінің 4) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің, бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;";

      "7) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды малды бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін бұрмалауы түрінде жасалған бұзушылық – ";

      133) 409-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "рұқсат беру құжатынан айырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "7-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –

      қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      134) 412-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      135) 413-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "413-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден асатын мөлшерде радиоактивтi заттарды атмосфераға, суға және жер қойнауына негiзсiз немесе әдейi шығару; радиоактивтi заттар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияны тоқта тұруға әкеп соғады.

      2. Сәулеленуге ұшыраған немесе құрамында радиоактивтi заттар бар өнiмді және материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымға тарту, тиiстi даярлықтан өтпеген не бiлiктiлiгiн куәландыратын құжаты жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиядан айыруға әкеп соғады.";

      136) 414-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу; ядролық материалдарды, ядролық қондырғыларды, иондандырушы сәуле көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды немесе иондандырушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, – ";

      137) 418-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу

      1. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау –

      жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдалану (орнату, орналастыру) –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      138) 423-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "тиiстi қызмет түрiне" деген сөздер алып тасталсын;

      139) 427-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      140) 434-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.";

      141) 439-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "439-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау –

      жеке тұлғаларға ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      142) 440-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –";

      143) 441-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      144) 442-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      145) 444-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "үш жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      146) 449-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады";

      147) 450-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      148) 452-бапта:

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке арналған лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      149) 458-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "екі жүз" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "екі жүз" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "төрт жүз" деген сөздер "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын

      150) 460-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "460-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу

      1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет –

      жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      151) 462-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы "белгілі бір қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      152) 463-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.";

      153) 464-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "белгілі бір қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "белгілі бір қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын;

      154) 465-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      155) 466-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      156) 467-бап алып тасталсын;

      157) 470-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыруы, сол сияқты ішкі істер органдарын хабардар етпеуі –

      жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –

      қызметіне тыйым сала отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      158) 472-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, оларға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдарға, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдарға келіп түскен, арнайы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды;";

      159) 479-баптың тақырыбы мен бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау

      Істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және басқа да адамдардың қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қабылдамауы –";

      160) 488-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады.";

      161) 498-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға және жеке сот орындаушыларына он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      162) 510-бапта:

      бірінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке басын куәландыратын құжатсыз не ішкі істер органдары беретін рұқсатсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның;

      3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарған шетелдіктің (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандары тұрғынының), сол сияқты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынастары жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі кезіндегі маршрутын өзгертуі – ";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың екінші, үшінші бөлiктерiнде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

      5. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, Қазақстан Республикасының азаматы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      163) 513-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.";

      164) 514-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса;";

      165) 517-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – ";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.";

      166) 518-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тіркеу не олардың Қазақстан Республикасында болуы құқығына құжаттарды ресімдеу не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы не өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпеуі –

      жеке тұлғаларға – ескерту жасауға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      167) 519-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      168) 528-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатынсыз кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын беру –

      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органдары немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      169) 558-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "558-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының кеден ісі саласындағы талаптарын орындамау

      1. Мемлекеттік кіріс органдарының және олардың лауазымды адамдарының кеден іс саласындағы талаптарын орындамау –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      170) 559-бапта:

      тоғызыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      171) 565-1-бапта:

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "екі жүз" деген сөздер "бір жүз сексен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "төрт жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      172) 571-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу – ";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу –";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "4. Темiржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларын бұзу –

      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi –

      жол берілетін салмақтық параметрлер бір тоннадан бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға – бір жүз сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Ірі көлемді автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының параметрлердің бірін асыра отырып не арнайы рұқсатта көрсетілген маршруттан немесе мерзімдерден ауытқып жүрiп өтуi –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, жол берілген салмақтық және (немесе) көлемдiк параметрлерден асыруы –

      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      173) мынадай мазмұндағы 571-1-баппен толықтырылсын:

      "571-1-бап. Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбауы

      1. Жүктерді, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбауы, сол сияқты оларды толтырмауы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      174) 572-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды;";

      175) 573-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне – екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көліктік бақылау уәкілетті органы берген, орындалмаған хабарлама болған кезде халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқу –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Тартқышты немесе жүк автокөлігін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген басқа тартқышқа немесе жүк автокөлігіне ауыстыруды (қайта тіркеуді) жүзеге асыру –

      автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне – екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      176) 574-бап алып тасталсын;

      177) 575-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      178) 576-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      179) 582-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Шағын көлемді кемеде немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралында жеке құтқару құралдарын кимеген және түймелеп алмаған адамдары бар шағын көлемді кемені басқару –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      180) 583-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "583-бап. Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бұзу";

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқа) кеме жүргiзушiлерінiң қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ порттық және гидротехникалық құрылысжайлар мен жабдықты бүлдіру –";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      181) 584-бапта:

      бірінші бөлік алып тасталсын:

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      182) 585-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "585-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және жинап қою қағидаларын бұзу

      1. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеудің, түсiрудің және жинап қоюдың техникалық шарттарын, кемеде жүктердi бекiтудiң техникалық шарттарын бұзу, жүктi тиеу (түсiру) актiсiн ресiмдемеу –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      183) 590-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару – ";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару – ";

      бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару – ";

      сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      оныншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – ";

      184) 592-бапта:

      тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "592-бап. Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру

      1. Көлік құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыру –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады";

      185) 593-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "593-бап. Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау

      1. Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      186) 594-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      187) 595-бапта:

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –";

      188) 596-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      189) 597-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы баптың екінші, үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарының аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзу –

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "5-1. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      190) 599-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      191) 600-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      192) 602-бапта:

      тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы

      1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң тәулiктiң жарық мезгiлiнде сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану қағидаларын бұзуы –

      ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн жағдайларда сыртқы жарық түсіру аспаптарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың 1-1-бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      193) 603-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілген аспаптар мен құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілген құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      194) 605-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының қызметіне тыйым сала отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      195) 607-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, шлагбаум жабық тұрған немесе жабылып жатқан кезде не бағдаршамның немесе өтпе жолдағы кезекшiнің тыйым салатын сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу – ";

      196) 609-бап алып тасталсын;

      197) 610-бапта:

      тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы

      1. Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер –

      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      198) 612-бапта:

      төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – ";

      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      199) 613-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көлік құралын басқару құқығынан алты ай мерзімге айыруға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекет –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      200) 614-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергi келтіру, сол сияқты жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдардың осындай кедергiлердi жою жөніндегі талаптарын орындамау – ";

      201) 615-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы –

      екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      202) 618-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "618-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру";

      203) мынадай мазмұндағы 619-1-баппен толықтырылсын:

      "619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу

      1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдағы немесе өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген дәл сол әрекет –

      жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      204) 620-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кодекстiң осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді бұзу – ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Хаттама жасау кезiнде жол жүрісі қағидаларының нақ қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.";

      205) 624-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "624-бап. Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу – ";

      206) 631-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      207) 635-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "635-бап. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу

      1. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу –

      жеке тұлғаларға – ескерту жасауға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне жиырма жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – бір, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Тасымалдау көлемі мен бағыттарын көрсете отырып, мұнай тасымалдау кестесін іс жүзінде орындау туралы ай сайынғы есепті уәкілетті органға ұсынбау, сондай-ақ уақтылы ұсынбау –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      208) 637-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қою және шаралар қабылдауды қоса алғанда, байланыс операторларының және желі иелерінің өз байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етпеуі –";

      209) 638-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сертификатталмаған байланыс құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      210) 657-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      211) 668-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнің заңды қызметiн жүзеге асыруға жазбаша сауал бойынша өздерінің кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе мәлiметтердi мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік емес ұйымдар басшыларының заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбауынан не ұсынуынан бас тартудан көрiнген кедергi келтіруі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, – ";

      212) 669-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      213) 672-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "672-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту

      Орындауына берiлген атқарушылық құжатты тұлғаның жоғалтуы –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      214) 680-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы – ";

      215) 684-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "247 (алтыншы, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде)" деген сөздер "247 (алтыншы, 7-1, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "296 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "409 (жетінші бөлігінде)" деген сөздер "409 (жетінші және 7-1- бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздер "452 (төртінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "467," деген цифрлар алып тасталсын;

      "509," деген цифрлардан кейін "510 (төртінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "528 (бірінші бөлiгiнде)" деген сөздер "528 (1-1-бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздер "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "облыстық" деген сөз "облыстық және оларға теңестірілген соттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      216) 685-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "685-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)

      1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 146, 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлiкпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 409 (3-1-бөлігінде), 420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші және 1-1 бөліктерінде), 484, 485, 485-1, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлiгiнде), 505, 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (екінші бөлігінде), 573, 576, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:

      1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының ведомстволық қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша – Ішкi iстер министрлігі комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің бастықтары, аумақтық ішкі істер органдарының, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      2) осы Кодекстiң 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 359, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 409 (3-1-бөлігінде), 420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 444 (екінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші және 1-1 бөліктерінде), 484, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505 (екінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 562, 571 (үшінші бөлігінде), 590 (үшінші, сегізінші, оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593, 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші бөлігінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (үшінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші және он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 619-1, 621 (екінші бөлігінде), 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, жергілікті ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      3) осы Кодекстiң 196, 197, 420, 444 (екінші бөлігінде), 458, 484 (бірінші және екінші бөліктерінде), 492, 496 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 625 (теміржол көлігінде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін), 630 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының желілік бөлімдерінің, бөлiмшелерiнiң, пункттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      4) осы Кодекстiң 146, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 571 (екінші бөлігінде), 572 (екінші бөлігінде), 573 (төртінші бөлігінде), 576, 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593, 594 (бірінші және екінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, 4-2-бөліктерінде), 598 (бірінші және екінші бөліктерінде), 599 (бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші және екінші бөліктерінде), 620, 621 (бірінші және төртiнші бөліктерінде), 622, 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының (полицияның) арнаулы атағы бар қызметкерлері;

      5) осы Кодекстiң 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – ішкі істер органдарының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған полиция бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.";

      217) 686-бапта:

      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;";

      төртінші бөліктің 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң сегізге дейiнгi, лауазымды және заңды тұлғаларға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елу беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.";

      218) 688-баптың бірінші бөлігінде:

      "170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "464 (бірінші бөлігінде)" деген сөздерден кейін ", 635 (үшінші бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      219) 689-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 290, 291, 292, 293, 294 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 296-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      220) мынадай мазмұндағы 690-1-баппен толықтырылсын:

      "690-1-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган

      1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 464-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган атынан атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып табылатын ведомство басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      221) 691-баптың екінші бөлігінде:

      бірінші абзацта:

      "333 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "571, 572 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "571, 571-1, 572" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "593 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 609," деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацта:

      1) тармақшадағы "бастықтары" деген сөз "басшылары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "571, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576" деген сөздер "571, 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 576" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "593 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609," деген сөздер алып тасталсын;

      222) 692-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 452 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 454 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";

      223) 694-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      224) 698-баптың екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елуге дейiнгi, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң елу беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүзге дейiнгi, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.";

      225) 700-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 81 (бiрiншi бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 429, 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";

      226) 704-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құқылы.";

      227) 706-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "706-бап. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші бөлігінде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      228) 709-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Кодекстің 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;";

      229) 715-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Техникалық реттеу және өлшем бірдіктерін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 193 (бірінші бөлігінде) 203, 415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419 (бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      230) 720-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "528 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және 571" деген сөздер ", 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде) және 571-1" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "425 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1," деген сөздермен толықтырылсын;

      "574," деген цифрлар алып тасталсын;

      "593 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609," деген сөздер алып тасталсын;

      "612 (бірінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "612 (бірінші, үшінші және 4-1-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      231) 722-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 207, 209, 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші бөлігінде), 234, 238, 239 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 240, 241, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бiрiншi бөлiгiнде (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      232) 724-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 206, 208, 210, 211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 212, 213, 215, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242, 243, 244, 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (жинау өз құзыретiне кіретін бастапқы статистикалық деректер бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      233) 726-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған), 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510 ( бірінші, екінші және үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      төртінші бөліктің 3) тармақшасындағы "айыппұл салуға құқылы." деген сөздер "айыппұл салуға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) шекаралық бақылау шекаралық заставаларының (бекеттерінің), бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      5) шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері) ауысымдарының (топтарының) бастықтары – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.";

      234) 727-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      235) 729-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "250" деген цифрлар "250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздер "401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "405 (екінші бөлігінде)" деген сөздерден кейін "406 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіретін ұйымдарда жасалған бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын қоспағанда, жетінші және сегізінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздерден кейін "418 (1-1-бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "454 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлік "409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздерден кейін "418 (1-1-бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      236) 737-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.";

      237) 741-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) осы Кодекстің 64-бабында көзделген тәртіппен тараптардың татуласуына байланысты.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу, егер қосымша дәлелдер жинаудың барлық мүмкіндігі таусылса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, сонымен бірге бар екендігі дәлелденбеген кезде де, сондай-ақ зиян келтiру құқыққа сыйымды болып табылатын не іс-әрекет осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайтын мән-жайларда жасалған жағдайда тоқтатылады.";

      238) 743-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша iс жүргiзуге қатысушыларға істің қаралатын немесе жекелеген процестік әрекеттердің жасалатын уақыты мен орны туралы хабарланады және олар хабардар ету арқылы (хабарламамен) сотқа, органға (лауазымды адамға) шақырылады.

      Істің қаралатын уақыты мен орнын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада да көрсетуге болады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама мынадай жағдайларда:

      1) көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне табыс етілгені туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып табыс етілетін тапсырыс хатпен жіберілген жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Заңды тұлғаға жіберілген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, табыс етілгені туралы хабардар етуге нұсқаманы алғаны жөнінде қол қояды;

      2) адресат айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Бұл ретте оны жеткізуші адам табыс етілгені туралы хабардар етуге тиісті белгі жасайды, ол нұсқамамен бірге жөнелтушіге қайтарылады;

      3) лауазымды адам айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қол қойғызып тікелей табыс еткен жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады.";

      239) 744-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауда заңның бұзылуына, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға; одан үзiндi көшірме алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қатысуымен қаралады. Аталған тұлға болмағанда, егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе немесе iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған кезде және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспесе ғана, iс қаралуы мүмкiн.";

      240) 747-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "747-бап. Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның өкілдері";

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Дара кәсіпкердің өкілдері осы Кодексте көзделген шектерде заңды тұлғаның өкілдері сияқты дәл сондай процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болады.";

      241) 748-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қорғаушы iске қатысуға әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезден бастап, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында жіберіледі.";

      242) 753-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.";

      243) 759-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік қамаққа алуға, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуге әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты туралы міндетті түрде хабардар етiледi. Ол болмағанда, iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған кезде және егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспесе ғана, мұндай iс қаралуы мүмкiн.";

      244) мынадай мазмұндағы 759-1-баппен толықтырылсын:

      "759-1-бап. Сот отырысының хатшысы

      1. Соттың сот отырысының хаттамасын жүргізетін, сондай-ақ сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасын қамтамасыз ететін, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болады.

      2.Сот отырысының хатшысы:

      1) өзіне хаттама жасауды қамтамасыз ету қажет барлық уақытта сот отырысының залында болуға және төрағалық етушінің рұқсатынсыз сот отырысын тастап кетпеуге;

      2) хаттамада соттың әрекеттері мен шешімдерін, сот отырысына қатысатын барлық тұлғалардың өтінішхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға;

      3) сот отырысының хаттамасын жасауға;

      4) жабық сот отырысына қатысуына байланысты белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;

      5) төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға міндетті.

      3. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығына жеке жауаптылықта болады.

      4. Сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген жағдайда, хатшы заңда көзделген жауаптылықта болады.";

      245) 760-баптың бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сотқа, органға (лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға наразылық енгізуге;";

      "5) әкімшілік жаза туралы қаулының немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын тоқтата тұруға;";

      246) 762-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот отырысының хатшысы, сот приставы, сарапшы мен аудармашы, егер: олар әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып жатқан адаммен, жәбiрленушiмен, олардың өкiлдерiмен, қорғаушымен, өкiлмен, іс жүргiзуінде осы iс жатқан прокурормен, судьямен, лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса не олар бұрын осы іс бойынша iстi жүргiзуге өзге де қатысушылар ретiнде әрекет етсе, олардың бiлiксіз екенi анықталса, сол сияқты бұл адамдарды осы iске тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп есептеуге негiздер болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысуға жiберiлмейдi.";

      247) 767-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауызша немесе жазбаша нысанда хабарланған, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелері, жәбiрленушi мен куәнiң айғақтары iске қатысы бар мәлiметтердi білдіреді.

      Қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу барысында бейнеконференция байланысы режиміндегі ғылыми-техникалық құралдар пайдаланылуы мүмкін.

      Бейнеконференция байланысының құралдарын осылайша қолдану тәртібін осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.";

      248) 785-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына осы Кодекстiң 44-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.

      Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің талап етуі бойынша оған тиісті хаттамалардың және өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданылған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті өзге де материалдардың көшірмелері дереу табыс етіледі.";

      249) 787-баптың 1) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Осы Кодекстің 685-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді ішкі істер органдары (полиция) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – ішкі істер органдары;";

      "8) осы Кодекстің 727-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді әскери полиция органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – әскери полицияның лауазымды адамдары;";

      250) 788-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнуi бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.

      3.Әскери қызметшіні немесе әскери жиындарға шақырылған азаматты әкімшілік ұстап алу туралы ұстап алынған адам олардың құзыреттері шегінде әскери жиындарды (әскери қызметті) өткеретін әскери бөлім және әскери полиция органдары дереу хабардар етіледі.";

      251) 789-бапта:

      екінші бөлік "заңсыз кіргені," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Әкімшілік жазалау шарасының бірі ретінде әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізу қозғалған адам, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын әкімшілік ұстап алуға тартылуы мүмкін.";

      252) 790-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Күштеп әкелуді әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде тиісінше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасының ішкi iстер, қаржы министрліктері белгiлеген тәртiппен көрсетілген органдардың қарауында жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүргiзедi.";

      253) 791-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүргізеді, олардың тізбесі осы Кодекстің 787-бабында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 98-бабының бірінші бөлігінде айқындалған және ол түпкілікті болып табылады. Көрсетілген шараларды басқа адамдардың жүргізуіне тыйым салынады және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      254) 795-баптың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделсе ғана, көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Қалған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі дереу иесіне қайтарылады.

      Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уақытша куәлік беріледі.

      9. Жүргiзушi емтиханға жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған кезде, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.";

      255) 797-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшада:

      "574," деген цифрлар алып тасталсын;

      "597 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейін "608," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "609," деген цифрлар алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "573" деген цифрлар "571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 573" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "590 (бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөлiктерiнде)," деген сөздер "334 (екінші бөлігінде), 590 (бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Көлік құралын уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізуді (эвакуациялауды) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруы мүмкін.";

      256) 802-бапта:

      бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарының көрсеткiштерi, оның ішінде автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы, көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi;";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк білдіру фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған деп есептеледі.

      Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары тіркелсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жіберілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі, ал істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.";

      257) 803-бапта:

      екінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын уақыты мен орны көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаны хабардар ете отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.";

      258) 804-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшада:

      "383 (үшінші және төртінші бөліктері)," деген сөздерден кейін "395 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері)," деген сөздерден кейін "490 (бірінші және үшінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "506," деген цифрлардан кейін "510 (төртінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "609," деген цифрлар алып тасталсын;

      "613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "592, 593, 594" деген цифрлар "592, 594" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) тармақшада:

      "73," деген цифрлардан кейін "73-1, 73-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "651" деген цифрлар "651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер мен мекемелердің медициналық, шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына, мүшелеріне қатысты)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) тармақша "(407 (екiншi және үшінші бөліктері)," деген сөздерден кейін "462," деген цифрлармен толықтырылсын;

      27) тармақшада:

      "237," деген цифрлардан кейін "239-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "246," деген цифрлардан кейін "247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;

      31) тармақшада:

      "467," деген цифрлар алып тасталсын;

      "528 (бірінші бөлігі)" деген сөздер "528 (1-1-бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) тармақшадағы "306 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 307, 308," деген сөздер алып тасталсын;

      33) тармақшадағы "467," деген цифрлар алып тасталсын;

      34) тармақшадағы "467," деген цифрлар алып тасталсын;

      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның (297, 413, 414, 416 (машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгіне қойылатын, техникалық регламенттердің радиациялық қауiпсiздiгі туралы талаптарды бұзу бойынша)-баптар);

      44) тармақша "506," деген цифрлардан кейін "510 (төртінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

      46) тармақша "606 (екінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "652 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері) (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің әскери қызметшілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша)," деген сөздермен толықтырылсын;

      49) тармақшадағы "409 (жетінші бөлігі)" деген сөздер "409 (жетінші, 7-1-бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) тармақшада:

      "199 (екінші бөлігі), 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері)," деген сөздер "199 (екінші бөлігі), 294 (бірінші және екінші бөліктері), 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "454 (екінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;

      "455 (төртінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "462," деген цифрлармен толықтырылсын;

      53) тармақша "426 (екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздерден кейін ", 462" деген цифрлармен толықтырылсын;

      56) тармақша "665," деген цифрлардан кейін "667," деген цифрлармен толықтырылсын;

      57) тармақша "664," деген цифрлардан кейін "665," деген цифрлармен толықтырылсын;

      62) тармақшадағы "452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері)" деген сөздер "452 (төртінші және алтыншы бөліктері), 454 (екінші бөлігі)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның (135-бап);";

      мынадай мазмұндағы 66) және 67) тармақшалармен толықтырылсын:

      66) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының (462-бап);

      "67) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның құқығы бар (462, 463-баптар).";

      екінші бөліктегі ", 467" деген цифрлар алып тасталсын;

      259) 806-баптың алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстiң 210, 213 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 228 (бесінші және он екінші бөліктерінде), 239 (үшiншi және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 571, 572, 573, 575, 576, 593 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға анықталған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.

      7. Сараптама жүргiзу, маманның зерттеуі талап етiлетiн жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама және (немесе) маманның қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.";

      260) 807-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді;";

      261) 808-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі, (прокурордың қаулысы) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жiберiледi.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам анықталмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам анықталғаннан кейін үш тәулiк iшiнде сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жіберіледі.

      Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуді қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының 9-бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалғаннан кейiн судьяға дереу жiберiледi.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiлуі мүмкін.";

      262) 810-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оның ішінде 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын және айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен елу пайызы мөлшерінде төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған жеке тұлға анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.";

      екінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ескерту жасауды қоспағанда, баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;";

      2) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) олар бойынша істерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілеттік берілген жұмыскерлері осы Кодекстің 804-бабының екінші бөлігінде көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған жағдайда қолданылмайды.";

      263) 811-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға анықталған кезде, осы Кодекстің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізу қозғайды және тұлғаға айыппұлды баптың санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.

      Хаттама жасаған уәкілетті адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге адамға табыс етеді.

      Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адамның айыппұлды белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде төлеуге құқығы бар.

      2. Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі.

      Осы Кодекстің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды.";

      264) 43-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-тарау. Уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы";

      265) 812-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның)" деген сөздер "уәкілетті органның (лауазымды адамның)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тұрғылықты жері бойынша" деген сөздерден кейін "немесе көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алыну жері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "574," және "609," деген цифрлар алып тасталсын;

      үшінші бөліктегі "және 440-баптарында" деген сөздер ", 440 және 481-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      266) 813-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын::

      "Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде:

      1) аталған iстi қарау өздерiнiң құзыретiне жата ма;

      2) аталған iстi лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар бар ма;

      3) өтiнiшхаттар, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттар және бас тартулар бар ма;

      4) осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға iстің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланған ба деген мәселелердi анықтайды.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      267) 814-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "814-бап. Лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар

      Қарауына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс берiлген лауазымды адам, егер бұл адам:

      1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болған;

      2) iстiң шешiлуiне жеке өзі, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болған жағдайларда, аталған iстi қарай алмайды.";

      268) 815-баптың тақырыбы, бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "815-бап. Лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру

      1. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде лауазымды адам өздігінен бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.

      2. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор лауазымды адамға қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы.

      3. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдемелер жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.

      4. Жоғары тұрған лауазымды адам өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.";

      269) 816-бапта:

      тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "816-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде орган (лауазымды адам) мынадай шешім қабылдайды:

      1) iстiң қаралатын уақыты мен орнын тағайындау туралы;

      2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды талап етіп алдыру, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;

      3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;

      4) егер осы iстi қарау өзінің құзыретiне жатпаса не судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіру туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;

      5) осы Кодекстiң 812-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) іс жүргізуде сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

      5. Осы Кодекстiң 744-бабының төртiншi бөлiгiнде, 746-бабының алтыншы бөлiгiнде және 754-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмеуіне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын орган (лауазымды адам) аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.";

      270) 817-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді iстi қарауға құқық берілген орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды.

      Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, іс айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап он бес тәулік өткен соң қаралды деп есептеледі.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстi қарап жатқан орган (лауазымды адам) iстiң қаралатын мерзiмiн ұзартуы, бiрақ бiр айдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.

      3. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей қаралады.

      4. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болатын тексеру нәтижелеріне және өзге де мән-жайларға шағым жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу мерзімін соттың тиісті шешімі шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өткенге дейін ұзартады.";

      271) 818-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:

      1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралуға жататынын, кiм және осы Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылатынын хабарлайды;

      2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;

      3) iс бойынша іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;

      4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті қарау туралы не iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;

      5) қажет болған жағдайларда iсті қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;

      6) iсті қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;

      7) іс жүргізу тілін айқындайды, мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, іс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде ана тiлiнде немесе өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам өзі бiлетiн басқа да тiлде сөз сөйлеу, аудармашының көрсететін қызметтерін тегiн пайдалану құқығын түсiндiредi;

      8) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiшхаттарды шешедi;

      9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;

      10) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;

      11) мыналарға: егер iсті қарайтын лауазымды адамға қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, оның өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеуіне; егер қорғаушының, уәкiлеттi өкiлдің, сарапшының немесе аудармашының қарсылық білдіруі iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, олардың қарсылық білдіруіне; iстi қарауға қатысатын адамдардың келу немесе iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;

      12) осы Кодекстiң 816-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      272) 819-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "819-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар

      1. Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды ма, осы тұлға оны жасауға кiнәлi ме, ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады ма, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар бар ма, мүлiктiк залал келтiрiлген бе, осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, істің өзге де материалдары дұрыс ресімделген бе, іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар, сондай-ақ тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар бар ма, соны анықтауға, сондай-ақ iстiң дұрыс шешілуі үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.

      2. Орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың анықталуын ескере отырып, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаға салынған және осы Кодекстің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.";

      273) 820 және 820-1-баптар алып тасталсын;

      274) 821-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, мынадай қаулылардың бiрiн шығарады:

      1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;

      2) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шешiм айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, ол қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, осы Кодекстің 817-бабына сәйкес қаралған деп саналады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Орган (лауазымды адам) істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның қате екенін мойындай отырып, құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына немесе бап бөлігіне өзгертуге міндетті.";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      275) 822-бапта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаулы шығарған лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні;";

      екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиiс.

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген, алынып қойылған заттары мен құжаттары туралы, заңды тұлғаға тиесiлi алынып қойылған құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге және көрсетілуге тиiс, бұл ретте:

      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнің Ерекше бөлiгi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады; қалған жағдайларда тиесiлiлігі бойынша қайтарылады;

      2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;

      3) құнды болып табылмайтын және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалар өтiнiшхат берген жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;

      4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi тұлғаларға берiледi.

      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы жазбаша ресімделеді және осындай қаулы шығарған лауазымды адам оған қол қояды не осындай қаулы шығарған лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.";

      276)мынадай мазмұндағы 822-1-баппен толықтырылсын:

      "822-1. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама және оны жіберу тәртібі

      1. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамада мыналар көрсетілуге тиіс:

      1) айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген органның атауы, орналасқан жері;

      2) өзіне қатысты айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама ресімделген көлік құралының меншік иесі (иесі) туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тіркелген жері және басқа да қажетті дербес деректер; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;

      3) көлік құралы туралы мәліметтер: маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі;

      4) әкімшілік құқық бұзушылықтың күні, уақыты, орны, мәні, осы Кодекстің әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін бабы;

      5) автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралының және аспабының көрсеткіштері;

      6) автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралының және аспабының атауы, нөмірі, метрологиялық тексеру күні;

      7) айыппұл сомасы;

      8) айыппұлды ерікті немесе қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеу мерзімі;

      9) нұсқамаға шағымдану тәртібі мен мерзімі;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба.

      2. Жазбаша нысанмен қатар айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың электрондық нысаны пайдаланылуы мүмкін.

      3. Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде көлік құралының меншік иесіне (иесіне) жіберіледі.";

      277) 823-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы 744, 745, 746, 747 және 748-баптарда көрсетілген тұлғаларға жарияланған күнінен бастап үш тәулік ішінде табыс етіледі және (немесе) жолданады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      278) 824-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "824-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімдерін немесе әкімшілік жазаның өзге де түрін орындауды қоспағанда, осы Кодекстің 822-бабының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.";

      279) 825-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарған орган (лауазымды адам) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыны орындайтын сот орындаушысының, органның (лауазымды адамның) арызы бойынша немесе өз бастамашылығымен: қаулыда жіберілген жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді қаулының мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы.";

      280) 826-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "826-бап. Жекеше ұсыну

      1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар белгіленген кезде орган (лауазымды адам) тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға бұларды жою бойынша шаралар қолдану туралы ұсыну енгізеді.

      Органның (лауазымды адамның) ұсынуына жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым берілуі мүмкін. Ұсынуға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған органның шешіміне мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі шағымдалуға жатпайды. Органның (лауазымды адамның) шешімі ұйғарым түрінде шығарылады.

      2. Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулыны алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы ұсыну енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлауға міндетті.";

      281) мынадай мазмұндағы 43-1-тараумен толықтырылсын:

      "43-1-тарау. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі

      826-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым жасау құқығы

      Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға – шағым жасауы, ал прокурорлар наразылық білдіруі мүмкін.

      826-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі мен мерзімдері

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық іс бойынша қаулы шығарған, нұсқама ресімдеген органға (лауазымды адамға) жіберіледі, ол шағым, наразылық келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды істің барлық материалдарымен бірге тиісті жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жіберуге міндетті.

      Шағым, наразылық оларды қарауға уәкілетті жоғары тұрған органға (лаузымды адамға) тікелей берілуі мүмкін.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық – қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, қаулыны алған күннен бастап беріледі.

      Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық осы Кодекстің 817-бабында көзделген мерзім өткен соң он тәулік ішінде берілуі мүмкін.

      3. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттемені немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға байланысты шығарылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшірмесі табыс етілген немесе алынған күннен бастап отыз тәулік ішінде берілуі мүмкін.

      4. Шағымның, наразылықтың осы бапта белгіленген мерзімде берілуі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын шағым, наразылық бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтата тұрады.

      5. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілетін шағымда мәліметтер қамтылуға және ол осы Кодекстің 833-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Егер келтірілген шағым осы Кодекстің 833-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, ол берілген деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым қайта жасалғаннан кейін органға (лауазымды адамға) ұсынылмаса, ол берілмеген деп есептеледі.

      826-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарау

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық олар келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға тиіс.

      2. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарауға кіріскенде:

      1) шағымды, наразылықты кім қарайтынын, қандай шағым, наразылық қаралуға жататынын; шағымды, наразылықты кім бергенін жариялайды; шағымды, наразылықты қарау оның құзыретіне жата ма, соны анықтайды; егер шағымды, наразылықты қарау оның құзыретіне жатпайтын болса, оларды барлық іс материалдарымен бірге ведомстволық бағыныстылығы бойынша жібереді;

      2) өзіне қатысты іс бойынша қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген тұлғаның немесе оның өкілінің, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшін шақырылған тұлғалардың келгеніне көз жеткізеді;

      3) іс жүргізуге қатысушылардың және олардың заңды өкілдерінің өкілеттіктерін тексереді;

      4) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың келмеу себептерін анықтайды және олар келмеген кезде шағымды, наразылықты қарау туралы не шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;

      5) шағымды, наразылықты қарауға қатысатын тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

      6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты, ал қажет болғанда істің өзге де материалдарын жария етеді;

      7) мәлімделген қарсылықтар мен өтінішхаттарды шешеді, шағымды, наразылықты толық, жан-жақты және объективті қарау үшін қажетті өзге де мән-жайларды анықтайды.

      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарау кезінде істе бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының, нұсқаманың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.

      Орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған ба, осы тұлға оны жасауға кінәлі ме, ол әкімшілік жауаптылыққа жата ма, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар бар ма, мүліктік залал келтірілген бе, соны анықтауға, осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайларды, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға міндетті.

      4. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) іс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптаманың тағайындалуына байланысты және шағымды, наразылықты толық, жан-жақты және объективті қарау үшін қажет болатын басқа жағдайларда шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

      5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардан өтінішхаттар келіп түскен не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажеттігі болған жағдайда шағымды, наразылықты қарау мерзімін істі қарайтын жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы, бірақ он тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Орган (лауазымды адам) азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа істі шешкенге дейін шағымды, наразылықты қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексерулер нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған жағдайда не мемлекеттік органға іс үшін маңызы бар мәселелер бойынша сұрау салу жіберілген кезде оларды қарау мерзімін тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді тоқтата тұру не ұзарту бойынша шешім ұйғарым түрінде шығарылады.

      6. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық сотқа және жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) бір уақытта келіп түссе, онда жоғары тұрған органға берілген шағым, наразылық сотқа жіберілуге тиіс.

      826-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім және оны жария ету

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарап, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1)қаулыны, нұсқаманы өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

      2)қаулыны өзгерту туралы;

      3)қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі тоқтату туралы;

      4)қаулының, нұсқаманың күшін жою және іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы.

      2. Іс бойынша қаулыға, нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім ол қабылданғаннан кейін дереу жария етіледі және осы Кодекстің 822-бабына сәйкес жазбаша не электрондық құжат нысанында ресімделген шағым, наразылық бойынша қаулы түрінде шығарылады.

      3. Іс бойынша қаулыға, нұсқамаға шағым, наразылық бойынша қаулы ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде өзіне қатысты іс бойынша қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген тұлғаға немесе оның өкіліне, шағым берген жағдайда жәбірленушіге, сондай-ақ наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.

      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына қаулы табыс етілген немесе алынған күннен бастап он тәулік ішінде осы Кодекстің 44-1-тарауында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

      826-5-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою

      Қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі қысқарту туралы шешім осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға, нұсқама ресімдеуге негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қабылданады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою осы Кодекстің 841, 842, 843, 844 және 845-баптарында көрсетілген негіздер бойынша да жүзеге асырылады.";

      282) 44-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасау";

      283) 827-бапта:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) және (немесе) шешімімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының қолданылуы, сараптама тағайындау және оны жүргізу тәртібі бойынша заңның бұзылуына, өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың нәтижелері бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым (наразылық) бойынша қабылданатын шешімдерді қоспағанда, шешімдердің қабылдануына жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгіну сотқа шағым беру және соттың оны қарауға қабылдауы және мәні бойынша шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды.

      2. Шағымдар әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешімдеріне шағым жасалатын органға (лауазымды адамға), сотқа беріледі, ол шағым келіп түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), тиісті сотқа жіберуге міндетті.

      Шағымдар, оларды қарауға уәкілеттік берілген жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), сотқа тікелей берілуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды кері қайтарып алу туралы жазбаша арыз берілген жағдайда, судья шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады.";

      284) 829-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды адам) онда жазылған дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан шағым жасалып жатқан әрекеттерге (әрекетсіздікке) және шешімдерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.

      2. Шағым келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау мерзімі қажет болған кезде он тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. Тиісінше хабардар етілген (хабарланған) адамның келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды.

      Шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыға органның (лауазымды адамның) қаулысының көшірмесін алған кезден бастап он тәулік ішінде мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуға жатады, оның шешіміне – жоғары тұрған сотқа, ал соттың қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін, олардың шешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайды.

      Шағымды қанағаттандыру туралы қаулыға мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа наразылық білдіруге жатады, оның шешіміне – жоғары тұрған сотқа, ал сот қаулысына жоғары тұрған сотқа наразылық білдірілуі мүмкін.

      3. Қаулы жеке адамға немесе заңды тұлғаның өкіліне дереу табыс етіледі, ал бұл адамдар болмаған жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде оларға жолданады.";

      285) мынадай мазмұндағы 44-1-тараумен толықтырылсын:

      "44-1-тарау. Соттардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулыларына сотқа шағым жасау, наразылық білдіру

      829-1-бап. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын орны

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жасалған жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның өтінішхаты бойынша іс сол адамның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.

      2. Осы Кодекстің 333, 334, 571, 572, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624, 625, 626, 627, 628, 629, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алынған жері бойынша да немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.

      3. Осы Кодекстің 378, 379, 382, 383, 440 және 481-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жасалған жері бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралады.

      829-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру құқығы

      1. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасауы, ал прокурор наразылық білдіруі мүмкін.

      2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот судьясының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

      3. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша судья (сот) шығарған қаулыға осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

      4. Орган (лауазымды адам) шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа және кәмелетке толмағандардың істері бойынша сотқа органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

      5. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған адамдардың жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.

      829-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық іс бойынша қаулы шығарған, нұсқама ресімдеген органға, лауазымды адамға жіберіледі, ол шағым, наразылық келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды істің барлық материалдарымен бірге тиісті сотқа жіберуге міндетті.

      2. Осы Кодекстің 830-бабының екінші бөлігіне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға шағым жасалған, нарызылық білдірілген жағдайларда, сот қаулыға фактіні белгілеу бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қоса береді.

      3. Шағым жасау, наразылық енгізу адамның тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша тікелей оларды қарауға уәкілеттік берілген сотқа жүзеге асырылады

      4. Әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану туралы судьяның қаулысына шағым, наразылық шағымды, наразылықты алған күні жоғары тұрған сотқа жіберілуге жатады.

      5. Егер шағымды, наразылықты қарау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасалған, наразылық білдірілген соттың құзыретіне жатпаса, шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылығы бойынша жіберіледі.

      6. Сотқа берілетін шағымда мәліметтер қамтылуға және ол осы Кодекстің 833-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      829-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру мерзімдері

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық – қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, қаулыны алған күннен бастап беріледі.

      Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық осы Кодекстің 817-бабында көзделген мерзім өткен соң он тәулік ішінде берілуі мүмкін.

      2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттемені немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға байланысты шығарылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшірмесі табыс етілген немесе алынған күннен бастап отыз тәулік ішінде берілуі мүмкін.

      3. Шағымды, наразылықты беруге арналған мерзімді өткізіп алу шағымды, наразылықты қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым, наразылық қаралады, бұл ретте шағымды, наразылықты беру мерзімін өткізіп алу және олардың мәні шағымның, наразылықтың қаралуына қарамастан тексеріледі.

      4. Осы бапта белгіленген мерзімде шағымды беру, наразылықты енгізу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын шағым, наразылық бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтата тұрады.

      5. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралатын уақытта әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

      6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның не өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына шағым берілуі, ал наразылық енгізілуі мүмкін.

      829-5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi

      1.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық iстi қарауға құқықты сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қаралады.

      Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап он бес тәулік өткен соң іс қаралған болып есептеледі.

      2.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде сот iстi, шағымды, наразылықты қарау мерзiмiн ұзартуы, бiрақ он бес тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкiн.

      3. Жасалуы әкімшілік қамаққа алуға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге алып келетін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс – әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа да материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.

      Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулыға шағым, наразылық, егер жауаптылыққа тартылған адам әкімшілік қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берілген кезден бастап бір тәулік ішінде қаралуға жатады.

      4. Сот істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот іс жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарауға мүмкіндік болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексеру нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін тоқтата тұруға міндетті.

      829-6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау

      1. Сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезiнде мынадай мәселелердi анықтайды:

      1) осы iстi, шағымды, наразылықты қарау өзiнiң құзыретiне жата ма;

      2) осы iстi, шағымды, наразылықты соттың қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар бар ма;

      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, сондай-ақ iстiң өзге де материалдары дұрыс ресiмделген бе;

      4) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар бар ма;

      5) өтiнiшхаттар, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттар және қарсылық білдіру бар ма;

      6) өтінішхаттарды шешеді, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, қатысуы істі, шағымды, наразылықты қарау үшін қажет деп танылған адамдарды шақыртады; қажет болған кезде сараптама тағайындайды;

      7) осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға iсті, шағымды, наразылықты қарау орны мен уақыты туралы хабарланды ма.

      2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.

      829-7-бап. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулылсына шағымды, наразылықты қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар

      Егер бұл адам:

      1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болған;

      2) iстiң шешiлуiне жеке өзі, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болған жағдайларда, сот iсті, шағымды, наразылықты қарай алмайды.

      829-8-бап. Судьяның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру

      1. Осы Кодекстiң 829-7-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья өздігінен бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.

      2. Осы Кодекстiң 829-7-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор сотқа қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы.

      3. Өздiгiнен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына берiледi.

      4. Өздiгiнен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.

      5. Өздiгiнен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдемелердi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.

      829-9-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезінде қабылданатын сот шешімі

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезiнде сот мынадай шешім қабылдайды:

      1) iстi, шағымды, наразылықты қарау уақыты мен орнын тағайындау туралы;

      2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды талап етіп алдыру туралы, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;

      3) iстi, шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы;

      4) істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімдерін ұзарту, тоқтата тұру туралы;

      5) егер осы iстi, шағымды, наразылықты қарау өзінің құзыретiне жатпаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын, шағымды, наразылықты ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;

      6) осы Кодекстiң 812-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;

      7) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзгеше түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы соттың қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 812-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралының (кеменің, оның iшiнде шағын көлемдi кеменің) есепке алынған жері бойынша қарауға беру туралы.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады және шағымдану мерзімі мен тәртібін қоспағанда, осы Кодекстің 822-бабының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтерді қамтиды.

      3. Сот іс жүргізуде нақ сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

      4. Осы Кодекстiң 744-бабының төртiншi бөлiгiнде, 746-бабының алтыншы бөлiгiнде және 754-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмеуіне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға дайындау кезiнде сот аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.

      829-10-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау тәртiбi

      1. Сот iстi, шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде:

      1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс, шағым, наразылық қаралуға жататынын, кiм және осы Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылатынын хабарлайды, іс жүргізу тілін айқындайды;

      2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ iстi, шағымды, наразылықты қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;

      3) іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және тұлғалардың заңды өкілдерінің, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;

      4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті, шағымды, наразылықты қарау туралы не iсті, шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;

      5) қажет болған жағдайларда iсті, шағымды, наразылықты қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;

      6) iсті қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;

      7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiшхаттарды шешедi;

      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;

      9) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi, шағымды, наразылықты қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;

      10) iсті, шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарымды: егер судьяға қарсылық білдіру iстi, шағымды, наразылықты мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, оның өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеуіне; егер қорғаушының, уәкiлеттi өкiлдің, сарапшының немесе аудармашының қарсылық білдіруі iстi, шағымды, наразылықты мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, олардың қарсылық білдіруіне; iстi, шағымды, наразылықты қарауға қатысатын адамдардың келу немесе iс, шағым, наразылық бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда шығарады. Қажет болған жағдайда сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;

      11) істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін ұзарту, тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады;

      12) осы Кодекстiң 829-9-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.

      2. Істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалуының, істе бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулылардың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Сот істің, шағымның, наразылықтың дәлелдерімен және мән-жайларымен байланысты емес және істі толық көлемде тексереді, бұл ретте ол жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерделеуге құқылы.

      3. Сот шақырылған адамдардың келмеуіне, іс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруына, сараптама тағайындауға байланысты және істі, шағымды, наразылықты толық, жан-жақты және әділ қарау үшін қажет болатын басқа да жағдайларда істі, шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

      4. Сот тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтай отырып, факт туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 8) және 12) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 653-бабында көзделген әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.

      5. Сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы істі судья (сот) осы фактіні анықтап және сот отырысының хаттамасында тіркей отырып, тікелей осы сот отырысында қарайды.

      6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам немесе өкілдерінің әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер қозғауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарауға құқығы бар мемлекеттік органның өкілі істі, шағымды, наразылықты қарауға қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.

      7. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттер жүзеге асырылады.

      829-11-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты, қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар

      1. Сот iстi, шағымды, наразылықты қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды ма, осы тұлға оны жасауға кiнәлi ме, ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жата ма, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар бар ма, мүлiктiк залал келтiрiлген бе, осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, істің өзге де материалдары дұрыс ресімделген бе, іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар, тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар бар ма, соны анықтауға, сондай-ақ iстiң дұрыс шешілуі үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.

      2. Сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар анықталғанын ескере отырып, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамға салынған және осы Кодекстің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұлдың мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан асырмай қысқартуға құқылы.

      829-12-бап. Сот отырысының хаттамасы

      1. Соттың сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған кезде хаттама жүргізіледі. Егер өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігі туралы мәлімдеме жасалмаса, хаттаманың жүргізілуі міндетті емес. Бұл ретте жоғары тұрған сатылардағы сот iстi бiрiншi сатыдағы сот үшiн көзделген қағидалар бойынша қарай отырып, iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптама қорытындыларын зерттеу, отырысқа шақыртылған адамдардан жауап алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ өз бастамашылығы бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот отырысының хаттамасын жүргiзедi.

      2. Сот отырысының хаттамасында мыналар көрсетіледі:

      1) отырыстың орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;

      2) өзіне қатысты іс қаралып жатқан тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні, сәйкестендіру нөмірі және банк деректемелері;

      3) қаралып жатқан іс бойынша іс жүргізу тілі;

      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаралып жатқан iстің оқиғасы;

      5) судьяның, сот отырысы хатшысының лауазымы, тегі, аты-жөні;

      6) істі қарауға қатысатын тұлғалардың келгендігі туралы, келмеген тұлғаларға белгіленген тәртіппен хабарланғаны туралы мәліметтер;

      7) сот отырысының барысы;

      8) қарсылық білдіру, өтінішхаттар және оларды қараудың нәтижелері;

      9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

      10) сот отырысына қатысушылар түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны;

      11) қаралған материалдар мен құжаттар;

      12) сот отырысы барысында шығарылған ұйғарымдарға, қаулыларға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша соттың шешіміне нұсқау, оған шағым жасау мерзімі мен тәртібін түсіндіру;

      13) сот отырысының хаттамасымен таныстыру және оған ескертулер беру мерзімін түсіндіру.

      3. Хаттама іс қаралған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей жасалады, оған судья және сот отырысының хатшысы қол қояды.

      4. Судья өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге басқа да қатысушыларға сот отырысының хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушылар сот отырысының хаттамасын жасаудың толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде ұсынуға құқылы.

      6. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді судья олар берілген күннен бастап бес тәулік ішінде қарайды.

      7. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы судья уәжді қаулы шығарады. Қаулы және сот отырысының хаттамасына ескертулер сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі.

      829-13-бап. Сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарымен тіркеп алу

      1. Сот отырысының барысын тіркеп алу дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарымен тіркеп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.

      Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеу жүзеге асырылмайды. Дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.

      Дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып, бұл туралы сотқа баяндайды.

      2. Істі талқылауды дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, тіркеп алған жағдайда сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.

      Сот отырысының қысқаша хаттамасында мыналар көрсетіледі:

      1) отырыстың орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;

      2) іс қаралып жатқан тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні, сәйкестендіру нөмірі мен банктік деректемелері;

      3) судьяның, сот отырысы хатшысының лауазымдары, тектері, аты-жөндері;

      4) соттың дыбыс-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;

      5) дыбыс-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы;

      6) істі қарауға қатысатын тұлғалардың келгендігі туралы, келмеген тұлғалардың белгіленген тәртіппен хабарланғаны туралы мәліметтер;

      7) сот отырысы барысында шығарылған ұйғарымдарға, қаулыларға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот шешіміне нұсқау, оған шағым жасау мерзімі мен тәртібін түсіндіру;

      8) қаралған материалдар мен құжаттар;

      9) дыбыс-, бейнежазбамен, сот отырысының хаттамасымен таныстыру және оларға ескертулер беру мерзімін түсіндіру.

      Қысқаша хаттама іс қаралған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей жасалады, оған судья және сот отырысының хатшысы қол қояды.

      Дыбыс-, бейнежазбасы бар материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.

      3. Судья хаттамаға қол қойылғаннан кейін үш тәулік ішінде өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істің басқа да қатысушыларына сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасымен, қысқаша хаттамасымен танысу және сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасын, хаттамасын жасаудың толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасы мен сот отырысының қысқаша хаттамасына ескертулерді судья осы Кодекстің 829-12-бабының алтыншы және жетінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен қарайды.

      5. Сот отырыстарының дыбыс-, бейнежазбасы сот талқылауы барысын дәл тіркеп алу үшін, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде сот ісін жүргізу мақсатында ғана пайдаланылады.

      Сот отырысының барысын тіркеп алуды қамтамасыз ететін дыбыс-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, дыбыс-, бейнежазбаны сақтау мен жою, сондай-ақ дыбыс-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.

      829-14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдер

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, шағымды, наразылықты қарап, сот мынадай қаулылардың бiрiн шығарады:

      1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;

      2) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы;

      3) қаулыны, нұсқаманы – өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

      4) қаулыны өзгерту туралы;

      5) қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі тоқтату туралы;

      6) қаулының, нұсқаманың күшін жою және іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы.

      2. Осы бапта көзделген қаулы заңды және негізделген болуға тиіс.

      Егер әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде судья бір мезгілде кінәлі адамның мүліктік залалды өтеуі туралы мәселені шешсе, онда қаулыда өндіріп алуға жататын залал мөлшері, оны өтеу мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

      Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы шығарылған күнінен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге негіз болып табылады. Онда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуге тиіс болатын мерзім көрсетіледі.

      3. Қаулыда осы Кодекстің 822-бабында көзделген мәліметтер көрсетілуге, сондай-ақ мәселелер шешілуге тиіс.

      4. Істі, шағымды, наразылықты қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның қате екенін мойындай отырып, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына өзгертуге міндетті.

      5. Көлік құралының жүргізушісін жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.

      6. Азаматтық және қызметтік қару иесін және (немесе) пайдаланушысын қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберу кезінде қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілетін адамға беріледі.

      7. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы:

      1) осы Кодекстiң 741-бабында көзделген іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар болған;

      2) осы Кодекстiң 742-бабында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;

      3) осы Кодекстiң 32-бабына сәйкес тұлғаны тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдары тиiстi органдарға берілетiн жағдайларда шығарылады.

      8. Істі, шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы жазбаша ресімделеді және оған осындай қаулыны шығарған судья қол қояды не осындай қаулыны шығарған судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.

      829-15-бап. Шағым, наразылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының, жоғары тұрған органның шағым, наразылық бойынша қаулысының күшін жою немесе оны өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою

      Қаулының, нұсқаманың, шағым, наразылық бойынша қаулының күшін жою және істі тоқтату туралы шешім осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулыны шығаруда, нұсқаманы ресімдеуде негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қабылданады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының, шағым, наразылық бойынша қаулының күшін жою немесе оны өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою осы Кодекстің 840, 841, 842, 843, 844 және 845-баптарында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      829-16-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау нәтижелері бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі қаулыны жария ету

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау нәтижелері бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі сот қаулысы ол шығарылғаннан кейін дереу жария етіледі.

      2. Сот қаулысы ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде – өзіне қатысты іс, шағым, наразылық бойынша қаулы шығарылған тұлғаға және шағымды өзі берген немесе оның өтінуі бойынша берілген жағдайда, жәбірленушіге, наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.

      Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi.

      3. Әкімшілік қамаққа алу туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық бойынша сот қаулысы қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күні жеткізіледі.

      4. Атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiлердi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе ұйым уақытша пайдалануға берген тұлғаға қатысты осы Кодекстiң 436 және 484-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.

      5. Сот қаулысына осы Кодекстің 45-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

      829-17-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша сот шығарған ұйғарым

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімдерін немесе әкімшілік жазаны өзге түрде орындауды қоспағанда, осы Кодекстің 822-бабының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.

      829-18-бап. Соттың жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді түзетуі

      1. Қаулы шығарған сот іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыны орындайтын сот орындаушысының, органның (лауазымды адамның) арызы бойынша немесе өз бастамашылығымен қаулыда жіберілген жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді қаулының мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы.

      2. Жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді түзетулер туралы арызды қарау арыз келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде жүргізіледі.

      3. Жаңылыс, қатемен жазуларды немесе арифметикалық қатені түзету ұйғарым түрінде жүргізіледі.

      4. Ұйғарымның көшірмесі шығарылған күнінен бастап үш тәулік ішінде іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға, қаулыны орындайтын сот орындаушысына, органға (лауазымды адамға), сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған органға (лауазымды адамға) жіберіледі.

      829-19-бап. Жекеше қаулы

      1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар белгіленген кезде сот жекеше қаулы шығарады және тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыну енгізеді.

      Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      2. Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулыны алған күнінен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған сотқа хабарлауға міндетті.";

      286) 45-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-тарау. Заңды күшіне енбеген сот қаулыларын апелляциялық тәртіппен қайта қарау";

      287) 830-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "830-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы

      1. Мамандандырылған аудандық соттың және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттың және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ол қайта қаралуы мүмкін.

      2. Сот шығарған, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілуі мүмкін.".

      288) 831-бапта:

      тақырып, бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "831-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi

      1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаулы шығарған сотқа жiберiледi, ол шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келіп түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен бірге жоғары тұрған сотқа жiберуге мiндеттi.

      2. Осы Кодекстің 830-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы iс бойынша қаулыға шағым жасалған, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда, сот қаулыға фактіні анықтау бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қоса береді.";

      үшінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;

      289) 832 және 833-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "832-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзiмi

      1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаулы табыс етілген күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.

      2. Шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімін өткізіп алу оларды қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін сот мерзімдері мен олардың мәнін шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұнына қарамастан тексереді.

      3. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның не өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жылдың ішінде берілуі мүмкін.

      833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұны

      1. Жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында шағым берiледi, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі және онда мыналар көрсетiлуге тиiс:

      1) шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берiлiп отырған соттың атауы;

      2) шағым берушiнiң, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошта мекенжайы);

      3) қаулысына шағым берiлiп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған соттың атауы;

      4) шағым жасалып немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралып отырған сот қаулысының мазмұны, сондай-ақ шағым берген тұлға, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурор сот қаулысы өздерiнiң құқықтарын және бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;

      5) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың нақты тұжырымдалған өтінуі, талабы.

      2. Шағымға, апелляциялық өтінішхатқа осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар, прокурор қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да тұлға қол қояды.

      3. Егер басқа тұлғаның мүддесiнде шағым берілсе, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілсе, оларда мүддесi үшін шағым беріліп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.

      4. Шағым жасалып, қайта қаралып отырған сот қаулысының көшірмелерін, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта келтірілген дәлелдерді негіздейтін өзге де құжаттарды қоса тіркей отырып, екі данада шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі.

      5. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа берілмесе, олар берілмеген деп есептеледі.";

      290) 834-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру";

      екінші бөліктегі "наразылық енгізеді" деген сөздер "апелляциялық өтінішхат келтіреді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.";

      291) 835-баптың тақырыбы, бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "835-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмдерi

      1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты олардың келіп түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады.";

      "3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, iстi қарап жатқан сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмiн ұзартуы, бірақ он тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкiн. Сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралатын басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту және (немесе) тоқтата тұру туралы шешім уәжді ұйғарым түрінде шығарылады.";

      292) 836, 837, 838 және 839-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "836-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын судьяның жеке-дара қарауы

      1. Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.

      2. Осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.

      837-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау

      Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау кезiнде сот өтiнiшхатты шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған тұлғаларды шақырады, қажет болған кезде судья сараптама тағайындайды.

      838-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау

      1. Сот соттың қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға кiрiскенде:

      1) шағымды, апелляциялық өтінішхатты кiм қарайтынын; қандай шағым, апелляциялық өтінішхат қаралуға жататынын; шағымды кiм бергенiн, апелляциялық өтінішхатты кiм келтіргенiн жариялайды;

      2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;

      3) іс жүргізуге қатысушылардың және олардың заңды өкiлдерiнiң өкiлеттiктерін тексередi;

      4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және олар келмегенде шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарау туралы не шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;

      5) шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;

      6) мәлiмделген қарсылық білдірулер мен өтiнiшхаттарды шешедi;

      7) соттың қаулысына шағымды, апелляциялық өтінішхатты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.

      2. Соттың қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде iсте бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының дәлелдерiне байланысты емес және iстi толық көлемде тексередi, бұл ретте ол жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.

      3. Сот шақырылған адамдардың келмеуіне, iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптама тағайындауға байланысты және шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын толық, жан-жақты және объективтi қарау үшiн қажет болған басқа жағдайларда шағымның, апелляциялық өтінішхаттың қаралуын кейiнге қалдыруға құқылы.

      839-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша шешiм

      1. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарап, сот мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

      1) қаулыны – өзгеріссіз, ал шағымды, апелляциялық өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

      2) қаулыны өзгерту туралы;

      3) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi тоқтату туралы;

      4) iс бойынша қаулының күшiн жою және жаңа қаулы шығару туралы.

      2. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданғаннан кейін дереу жария етіледі және шағым, апелляциялық өтінішхат бойынша осы Кодекстiң 822-бабына сәйкес ресімделген қаулы түрiнде шығарылады.

      3. Апелляциялық тәртіппен шығарылған сот қаулысына осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртiппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкiн.";

      293) 840-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "840-бап. Сот қаулысының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi";

      бірінші абзац пен 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар:

      1) судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;";

      294) 841-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "841-бап. Судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi

      1. Сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндердің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмейтiнiн анықтап, судья бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарау нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады.

      2. Судья шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келіп, сот қаулысында анықталмаған немесе қаулы шығарған судья назарға алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.";

      295) 842-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижесiнде жасалған әрекетке берiлген заңдық бағаны қате деп танып, судья құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделген бабына өзгертуге құқылы.

      3. Судья шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижелерi бойынша құқық бұзушылықтың саралануын заңның неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетін бабына өзгертуге немесе осы негiздер бойынша жәбiрленушiнің шағымы берілген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.";

      296) 843-бапта:

      үшінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілмеген сот шығарса;";

      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген процестік нормалардың бұзылуына жол берiлгендiгiн анықтай отырып, судья iс бойынша қаулының күшiн жояды және iс жүргiзудi тоқтатады.

      5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде процестік нормалардың қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берiлсе, судья iсті қарауды жүргiзеді, бұл ретте жол берiлген бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, тиiсінше тиісті мамандандырылған аудандық сот және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот пен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) қаулысының күшiн жояды және iсті қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.";

      297) 844-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның тым қатаңдығы салдарынан оны әдiл емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлi адамның жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмейдi деп танып, судья әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып, жазаны жеңілдетеді.

      2. Судья кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда айқындалғаннан неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны шағым берілген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген жағдайда ғана қолданады.";

      298) 845-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Судья iс бойынша іс жүргiзудi тоқтатудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ғана әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.";

      299) 846-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "846-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулыны жария ету

      1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi.

      2. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзі берген немесе оның өтiнуi бойынша берілген жағдайда, жәбiрленушiге, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.

      3. Қамаққа алу туралы сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы – қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзiне қатысты шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күнi жеткiзiледі.";

      300) 46 және 47-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-тарау. Заңды күшіне енген сот қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау

      47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау";

      301) 852-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулылар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаулыларды, нұсқамаларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін мыналар:";

      екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз қаулы шығаруға алып келген, куәнің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу қате аударма, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;";

      302) 853 және 854-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "853-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)

      Заңды күшіне енген қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша бұл шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.

      Сот органның (лауазымды адамның) қаулысын, нұсқамасын қайта қараған және оларды өзгеріссіз қалдырған жағдайда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.

      854-бап. Арыз беру

      1. Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші немесе олардың заңды өкілдері немесе прокурор қаулы шығарған не нұсқаманы ресімдеген сотқа, органға (лауазымды адамға) береді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайта қарауға негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады.";

      303) 855-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызға арыз беруші тұлға немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.";

      екінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) арыз берген тұлғаның талабы; осы Кодекстің 852-бабында көзделген және бұл мән-жайдың ашылғанын немесе анықталғанын растайтын құжаттарға сілтеме жасай отырып, арыз берушінің пікірі бойынша қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы мәселені қоюға негіз болып табылатын жаңадан ашылған мән-жай;";

      үшінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арыз беруші қайта қарау туралы өтінішхат берген қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың көшірмесі;";

      304) 856-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берілген арыз тиісті соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылданады.";

      305) 857-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "857-бап. Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару

      1. Тиісті соттың судьясы, уәкілетті органның лауазымды адамы, егер арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:

      1) арыз осы Кодекстің 855-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып берілгенін;

      2) арыз белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;

      3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз берушіге қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берген арызын қайтарып береді.";

      306) 858-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – қайта қаралатын қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама негізделген сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы немесе өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісі заңды күшіне енген күнінен бастап;";

      307) 859, 860 және 883-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "859-бап. Арызды қарау

      Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды сот, орган (лауазымды адам) отырыста қарайды. Арыз беруші және іске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.

      860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы қаулысы

      1. Сот, орган (лауазымды адам) қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және қаулының, нұсқаманың күшін жояды не қайта қараудан бас тартады.

      2. Қаулының, нұсқаманың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

      3. Қаулының, нұсқаманың күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.";

      "883-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың заңды күшiне енуi

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама:

      1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым берiлмесе немесе наразылық білдірілмесе, оларға шағым беру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;

      2) шағым, наразылық бойынша қаулы, сондай-ақ осы Кодекстің 839-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;

      3) осы Кодекстің 811-бабы екінші бөлігінің бірінші абзацында көзделген жағдайда дереу;

      4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы қаулы жария етілгеннен кейін заңды күшiне енедi.";

      308) 884-баптың тақырыбы, бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "884-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың мiндеттiлiгi

      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшiне енген кезінен бастап орындалуға жатады.";

      309) 885-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "885-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу

      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) немесе нұсқаманы ресімдеген органға жүктеледi. Қаулы оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнайы құқықтан айыру түрiндегі әкiмшiлiк жазаны қолдану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органдарға дереу жiберiледi.";

      310) 886-баптың тақырыбы, бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "886-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға келтіру

      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы уәкілетті органдар осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға келтіреді.

      2. Бір адамға қатысты бірнеше әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған жағдайда, әрбір қаулы, нұсқама дербес орындауға келтіріледі.";

      311) 887-баптың тақырыбы, бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "887-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу

      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген органға осы қаулыны, нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.

      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулы шығарған, нұсқаманы ресімдеген судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күндік мерзiмде қарайды.";

      312) 888 және 889-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуынкейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту

      Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл түрінде (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуы мүмкiн болмайтын мән-жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган өзiне қатысты қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген адамның арызы бойынша қаулының, нұсқаманың орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкін.

      889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату

      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген орган:

      1) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;

      2) осы Кодекстің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;

      3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам қайтыс болған немесе заңда белгiленген тәртiппен ол қайтыс болған деп жарияланған;

      4) осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіру мерзімі өткен;

      5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.";

      313) 890-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "890-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіруі

      1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама – заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды күшіне енген күнінен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды.";

      314) 892-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "892-бап. Ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау";

      315) 893-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы өз еркімен орындау

      1. Айыппұлды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.

      Айыппұл осы Кодекстiң 888-бабында көзделгендей кейiнге қалдырылған жағдайда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға оны кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген судьяны немесе органды (лауазымды адамды) жазбаша немесе электрондық нысанда кейіннен хабардар ете отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке жеке тұлға енгізеді немесе заңды тұлға аударады.";

      316) 894-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын::

      "894-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындату

      1. Айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұлды ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.";

      317) 896-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "896-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жіберу тәртібі

      1. Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сот орындаушыларына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберіледі.

      Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәжбүрлеп орындатуға жіберілуі мүмкін.

      Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама мемлекеттік сот орындаушыларына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.";

      318) мынадай мазмұндағы 910-1-баппен толықтырылсын:

      "910-1-бап. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны тоқтату

      1. Жазаны тағайындау үшін негіз болған мән-жайлардың жойылғаны анықталған жағдайларда, тиісті жазаны қолданған судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ осы Кодекстің 187 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 191 (бірінші бөлігінде), 281 (үшінші бөлігінде), 282 (бесінші және он екінші бөліктерінде), 333 (екінші бөлігінде), 427 (бірінші бөлігінде), 445 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 445-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 462 (үшінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 485-1 (бірінші бөлігінде), 489-1 (екінші бөлігінде), 604 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны орындауды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның немесе оның өкілінің (заңды өкілінің) өтінішхаты негізінде мерзімінен бұрын тоқтата алады.

      2. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхат келіп түскен күні екі тәулік ішінде осы Кодекстің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамға бұзушылықтардың жойылғаны жөнінде қорытындыны беру туралы сауал жібереді.

      3. Тиісті сауал келіп түскен кезде қорытынды дайындау мақсатында лауазымды адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолдануға негіз болған мән-жайлардың жойылуын тексереді.

      Қорытынды сауалды алған кезден бастап бес тәулік ішінде жазбаша нысанда беріледі.

      Аталған қорытынды сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, бірақ қорытындымен келіспеушілік уәжді болуы тиіс.

      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаны қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты осы Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіппен өтінішхат келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қарайды. Бұл ретте әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам немесе оның өкілі (заңды өкілі) өтінішхатты қарауға қатысу үшін шақырылады, олар түсініктеме беруге және құжаттар ұсынуға құқылы.

      5. Ұсынылған құжаттарды зерттегеннен кейін сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

      6. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыда осы Кодекстің 822-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын қайта бастау не бұрын тоқтатыла тұрған қызметті қайта бастау күні көрсетіледі.

      7. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шағым жасауға жатпайды.";

      319) 916-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам заңнамада белгіленген тәртіппен шығарып жіберілуге жатады.";

      320) 917-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "917-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындауды жүзеге асыратын органдар

      Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны мыналар орындайды:

      1) осы Кодекстiң 510 (төртінші бөлігінде), 513 (екiншi бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516 (екінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;

      2) осы Кодекстiң 109, 449 (үшінші бөлігінде), 490 (үшінші, жетінші бөліктерінде), 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 510 (төртінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде – iшкi iстер органдары.".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев