Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1421 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 730-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 31 және 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 31 | Халықты жұмыспен қамту туралы (жаңа редакция) | ДСӘДМ | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Б.Б. Нұрымбетов | 
| 32 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ДСӘДМ | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Б.Б. Нұрымбетов | 
                                                            ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов