Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 502-V ҚРЗ

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат):
      1) 401-бапта:
      үшінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын:»;
      5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) астықтың есептелген физикалық салмағын айқындаудың тәртібін сақтамау;
      6) астық қолхатын шығару және өтеу мерзімін сақтамау;
      7) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылық – »;
      8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
      төртінші және алтыншы бөліктерінде «беру арқылы» деген сөздер «шығару арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 729-баптың бірінші бөлігінде «401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде)» деген сөздер «401 (үшінші, төртінші, бесінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 172-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша «беру арқылы», «берілген» деген сөздер тиісінше «шығару арқылы», «шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) ақпараттық жүйенің веб-порталы – интернет желісінде орналастырылған, тізілім деректеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»;
      мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-2) астық қолхаттарын тіркеуші – (бұдан әрі – тіркеуші) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
      7-3) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – белгілі бір уақыт сәтінде астық қолхаттарын ұстаушыларды сәйкестендіруді, астық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар туралы мәліметтер жиынтығы, сондай-ақ олардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға тіркелген шектеулердің сипаты және ақпараттық жүйеде көрініс тапқан өзге де мәліметтер;
      7-4) астық қолхаттарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар жөніндегі ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған, тізілімді жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;»;
      10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1) астық қолхаты – астықтың белгілі бір мөлшеріне меншік құқығын растайтын, құжатсыз эмиссиялы емес бағалы қағаз түріндегі қоймалық куәлік;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) астық қолхатын ұстаушы – тізілімде тіркелген, астық қолхаты бойынша құқықтарға ие тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18-1) бұйрық – астық қолхатын ұстаушыға тиесілі астыққа қатысты белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылғанын көрсете отырып, астық қабылдау кәсіпорны немесе астық қолхатын ұстаушы тізілімде қалыптастыратын, ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын электрондық құжат;
      18-2) жеке шот – тізілімде қамтылған, астық қолхаты бойынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
      18-3) жеке шоттан үзінді – бағалы қағаз болып табылмайтын, тіркеуші ақпараттық жүйеде қалыптастыратын және тіркелген тұлғаның белгілі бір уақыт сәтіне астық қолхаты бойынша құқығын растайтын электрондық құжат;»;
      «21-1) клиент – тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті тұлға;»;
      22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
      3) 4-баптың 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қағидалардың сақталуын бақылау;»;
      4) 5-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) астық қолхаттарын тіркеушіні айқындайды;»;
      5) 6-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) мынадай:
      астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
      астықты сақтау;
      астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;
      астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      6) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-2) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін әзірлеу және бекіту;»;
      7) 6-баптың 15) тармақшасы алып тасталсын;
      8) 6-1-баптың 17-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-1) астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;»;
      9) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
      «13-1-бап. Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу
      1. Тізілімді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құқық және жер кадастрларының деректері, рұқсаттар мен хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы орталық атқарушы органдардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде тіркеуші қалыптастырады және жүргізеді.
      Астық қолхаттарын шығару, олардың айналымы және оларды өтеу тәртібі, тізілімге қолжетімділікті беру тәртібі Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында айқындалады.
      Тізілімге деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін тиісті уәкілетті органдар белгілейді.
      2. Тізілім деректері мемлекетке тиесілі.
      Тізілімді пайдаланушылар үшін оның деректеріне қолжетімділікті тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді.
      3. Тізілім деректерін уәкілетті орган және облыстардың жергілікті атқарушы органдары астық нарығы мониторингін жүзеге асыру үшін пайдаланады.
      4. Тіркеушінің функциялары:
      1) ақпараттық жүйе арқылы тізілім деректерін қалыптастыру, жүргізу және сақтау;
      2) клиенттің жеке шотын ашу;
      3) жеке шот бойынша жекелеген операцияларды тіркеу;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпараттық жүйеге қосылған мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну;
      5) ақпараттық жүйені пайдаланушыларға ақылы электрондық қызметтер көрсету;
      6) ақпараттық жүйенің веб-порталында ақпаратты жариялау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.»;
      10) 14-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) астық сақтау шартының талаптарына сәйкес және астық қолхатын ұстаушының бұйрығы негізінде осы Заңның 31-бабында көзделген және осы астық қолхаты бойынша астықты сақтағаны үшін берешегінің болмауы жағдайларын қоспағанда, сақтаулы астықтың тиісті көлемін босату жолымен астық қолхатын өтеуге міндетті.»;
      11) 16-1-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қырман шаруашылығында және (немесе) сервистік-дайындаушы орталықта жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Осы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың астық қолхаттарын шығаруға құқығы жоқ.»;
      12) 25-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу, сондай-ақ астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтар анықталған, астық қабылдау кәсіпорындарының лауазымды адамдарының осы астық қабылдау кәсіпорны шығарған астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделеріне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына мынадай жауапкершілік түрлерінің бірін қолдануға:»;
      13) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Астық қабылдау кәсiпорны астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кемінде екi ай қалғанда ақпараттық жүйенің веб-порталында ақпаратты жариялау үшін тіркеушіні мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тілдерінде бұл туралы хабарландыру беруге тиіс.»;
      14) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Астық қолхаты
      1. Астық қабылдау кәсіпорны астықты сақтауға қабылдағанын растау ретінде астық қолхатын шығаруға арналған бұйрық негізінде ақпараттық жүйеде астық қолхатын шығарады.
      2. Астық қолхатында мынадай міндетті деректемелер болуы тиіс:
      1) астық қолхатының нөмірі;
      2) астықты сақтауға қабылдаған астық қабылдау кәсiпорнының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
      3) астықты сақтауға тапсырған заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi, жеке сәйкестендіру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі;
      4) кепіл ұстаушылар (астық қолхаты бойынша астық кепілі кезінде) болып табылатын заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi, жеке сәйкестендіру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі;
      5) астық түрі, оның сандық және сапалық сипаттамалары;
      6) оған дейін астық сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу жүргізілген күн;
      7) астық қолхаты шығарылған күн.
      3. Астық қабылдау кәсіпорындарына астық қабылдау кәсіпорнының техникалық сыйымдылығынан асып түсетін астық көлеміне астық қолхаттарын шығаруға тыйым салынады.»;
      15) 39-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-1-бап. Астық қолхатын шығаруға қойылатын талаптар
      1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына шығарылады. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне шығарылатын астық қолхаттарының саны тізілімде қалыптастырылатын және астық қабылдау кәсіпорны мен астықтың иесi қол қоятын астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықта айқындалады.
      2. Астық қабылдау кәсіпорны астықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде астық қолхаттарын шығарады.»;
      16) 40 және 40-1-баптар алып тасталсын;
      17) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «41-бап. Астық қолхаты бойынша астық беру
      1. Астық қолхатын ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсіпорнының орналасқан жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.
      2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушы немесе астық қабылдау кәсіпорны тізілімде қалыптастыратын астық қолхатын өтеуге арналған бұйрық негізінде жүргізіледі. Астық берілгеннен кейін астық қолхаты Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен өтеледі.»;
      18) 41-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «41-1-бап. Астық кепілі кезінде құқықтарды жүзеге асыру тәртібі
      1. Астық қолхатын ұстаушы кредитор алдындағы міндеттеме мөлшеріндегі борышты өтеген кезде кепіл ұстаушы ауыртпалықты (кепілді) алып тастауға арналған бұйрықты тізілімде тіркеуге міндетті.
      2. Астық қолхаты бойынша астық кепілімен қамтамасыз етілген мiндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, кепiл ұстаушы астықты өндiрiп алуға өтініш жасауға құқылы.»;
      19) 41-2-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кепiл ұстаушы астық кепiлімен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сатуға және кепiл берушiнің басқа кредиторлары алдындағы өзiнiң талаптарын басымдықта жабуға құқылы.
      Кепiл ұстаушының талабын кепiлге салынған астықтың құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты мәжбүрлеп соттан тыс тәртiппен сату арқылы жүргiзiледi.
      Кепiл ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепіл берушiге кепiл туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде тізілімнің веб-порталында және бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткiзу тәртiбi, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жариялайды.
      Сауда-саттық туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күннен кейін өткізіледі.»;
      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) үшінші кезекте кепіл ұстаушының талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртінші кезекте астықты сатудан қалған сома астық қолхатын ұстаушыға қайтарылады.»;
      20) 41-3-бап алып тасталсын.
      3. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
      1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жария мүдделi ұйымдар – қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлiк қоғамдар (коммерциялық еместерiн қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiретiн ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар;»;
      4. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар):
      1-қосымшада 73-тармақта «бере отырып» деген сөздер «шығара отырып» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген астық қолхаттары олар бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін жарамды, бірақ 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмейді.
      3. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың қолданысы тоқтатыла тұрсын:
      1) Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «1) 401-бапта:
      үшінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелу қағидаларын, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын:»;
      5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) астықтың есептелген физикалық салмағын айқындаудың тәртібін сақтамау;
      6) астық қолхатын шығару және өтеу мерзімін сақтамау;
      7) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылық – »;
      8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
      төртінші және алтыншы бөліктерінде «беру арқылы» деген сөздер «шығару арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының қолданысы, ол тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «3) 4-баптың 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының сақталуын бақылау;»;
      3) Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 5) тармақшасының қолданысы, ол тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «5) 6-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) мыналарды:
      астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
      астықты сақтау;
      астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі;
      астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;
      астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      4) Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 8) тармақшасының қолданысы, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «8) 6-1-баптың 17-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-1) астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;»;
      5) Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының қолданысы, ол тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «12) 25-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтар анықталған, астық қабылдау кәсіпорындарының лауазымды адамдарының осы астық қабылдау кәсіпорны шығарған астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделеріне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына мынадай жауапкершілік түрлерінің бірін қолдануға:».

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев