РҚАО-ның ескертпесі!
Заңның күшін жою көзделген - ҚР 29.11.2016 № 23-VІ Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2016 жыл – 2 479 726 312 мың теңге;
2017 жыл – 2 400 000 000 мың теңге;
2018 жыл – 2 400 000 000 мың теңге.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.03.2016 № 469-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.10.2016 № 14-VІ (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 22, 132-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының |
Н. НАЗАРБАЕВ |