Ескерту. Күші жойылды - ҚР 30.11.2015 № 427-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2015 жыл – 1 702 000 000 мың теңге;
2016 жыл – 1 702 000 000 мың теңге;
2017 жыл – 1 702 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 – 2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 18, 110-құжат; 2014 ж., № 6, 29-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев