Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 30 қарашадағы № 427-V ҚРЗ

Жаңартылған

      БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
             кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
      2016 жыл – 2 880 000 000 мың теңге;
      2017 жыл – 2 400 000 000 мың теңге;
      2018 жыл – 2 400 000 000 мың теңге.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.03.2016 № 469-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 22, 132-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ