Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V ҚРЗ

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) 54-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы «жарияланғанда тоқтатылады.» деген сөздер «жарияланғанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда, тәртіппен және шарттармен тоқтатылады.»;
      2) 180-2-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып, айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.»;
      3) 185-бапта:
      1-тармақ 5) тармақшасындағы «жеке тұлғалар табыс етеді.» деген сөздер «жеке тұлғалар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) меншік құқығында:
      шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер) мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлкі;
      эмитенттері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген бағалы қағаздары;
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар тапсырады.»;
      4) 221-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария еткені үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны өткізген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алынатын алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.»;
      5) 557-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Салық органдары «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етуді жүргізу процесінде алған салық төлеуші туралы мәліметтер мен ақпаратқа осы баптың 3-тармағының нормалары қолданылмайды.».
      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат):
      1) мазмұнындағы 223-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «223-бап. Коммерциялық, банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлікті жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу және жария ету»;
      2) 48-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру.»;
      екінші бөлік 4) тармағындағы «болып табылатын ақша және өзге мүлік жатады.» деген сөздер «болып табылатын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
      «5) сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген ақша және өзге де мүлiк жатады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Мыналар:
      1) қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік;
      2) егер олар осы Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынса, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақша және өзге де мүлік тәркіленуге жатпайды.
      Осы баптың бесінші бөлігі екінші тармағының ережелері 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қолданылмайды, сондай-ақ жария етуге жатпаған, жария етілген мүлікке және ақшаға қолданылмайды.»;
      3) 223-бапта:
      тақырыбы және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      «223-бап. Коммерциялық, банктiк құпияны құрайтын
                 мәлiметтердi, сондай-ақ мүлікті жария етумен
                 байланысты ақпаратты заңсыз алу және жария ету

      1. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлікті жария ету рәсімін жүргізумен байланысты ақпаратты құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктiк құпияны бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын параға сатып алу немесе оларды қорқыту, байланыс құралдарынан ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлмен жинау –
      екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Мемлекеттiк органдар лауазымды тұлғаларының, ұйымдар қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қызметтік міндеттерді орындауы кезінде алған ақшамен және (немесе) өзге де мүлiкпен жасалған операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты олардың заңсыз жария етуі немесе өзге де заңсыз пайдалануы –
      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      4) 361-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан не:
      1) қылмыстық топтың мүддесіне орай;
      2) мүлікті жария етуді жүргізу процесінде алынған ақпаратты пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс-әрекеттер –
      мүлкін тәркілеумен, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      5) 362-баптың төртінші бөлігі 3) тармағындағы «мақсатында жасалған іс-әрекеттер, –» деген сөздер «мақсатында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етумен байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісінде белгіленген қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс-әрекеттер –»;
      6) 365-баптың үшінші бөлігі 3) тармағындағы «орай жасалған іс-әрекеттер, –» деген сөздер «орай;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
      «4) мүлікті жария етуді жүргізу процесінде алынған ақпаратты пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс-әрекеттер –»;
      7) 467-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 45-бапты және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 48-бапты қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      үшінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 51-бапты қоспағанда, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 13-I, 13-II, 83-құжат).
      Бұл ретте 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «51-бап. Мүлікті тәркілеу

      1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүліктің барлығын немесе бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алып қою.
      Сотталған адамның меншігінен басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны және ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) не тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасаған қылмыстары үшін, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік тәркіленуге жатады.
      Сотталған адамның меншігінен басқа, осы Кодекстің 193-бабында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те тәркіленуге жатады.
      Сотталған адамның меншігінен басқа, террористік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жолмен табылған, террористік әрекетті қаржыландыруға пайдаланылған не пайдалану үшін арналған мүлік те тәркіленуге жатады.
      2. Пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыстар үшін мүлікті тәркілеу белгіленеді және ол осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
      3. Сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленуге жатпайды.
      Ескертпе. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақша және өзге де мүлік, егер олар осы Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған жағдайда тәркіленуге жатпайды.
      Бұл ретте осы бапқа ескертпенің ережелері 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қолданылмайды, сондай-ақ жария етуге жатпаған жария етілген мүлік пен ақшаға қолданылмайды.».
      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат):
      187-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында),  215(екiншi бөлігінің 3) тармағында), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 361362 (төртiншi бөлiгінің 3) және 4) тармақтарында), 364370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзедi.».
      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
      1) мазмұнындағы 275-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «275-бап. Салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру»;
      2) 275-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «275-бап. Салық салу объектiлерiн және салықтық
                 есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті
                 жасыру»;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «3. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу жолымен жасыруы –
      екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген бұзушылықтарды жоймау –
      бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      ескертпелер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпелер. 1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық салу объектiлерiн жасыру деп салық төлеушінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да түсініледі.
      2. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын, мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жатқызылған әрбір мүлік объектісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі әрбір банктік шот бойынша әкімшілік жауаптылық жеке-жеке туындайды.
      3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес адамның жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмауы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы мәліметтерді көрсетпеуіне теңестіріледі.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
      50-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның, оның ішінде кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы, жария ету субъектілерінің ақшаны жария ету үшін ашылған осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама Бас Прокурордың немесе оның орынбасарларының санкциясымен анықтау және алдын ала тергеу органдарына, мемлекеттік кіріс органдарына беріледі.».
      6. «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 68-құжат; № 21, 122-құжат):
      1) 1-бапта:
      бірінші бөлікте:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тиісті емес тұлға (бұдан әрі – басқа тұлға) – алған кірістерін жасыру мақсатында жария ету субъектісінің кірістерінен сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет еткен тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) мүлікті жария ету туралы декларация (бұдан әрі – арнайы декларация) – жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарына қағаз жеткізгіште тапсыратын декларациясы.»;
      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Жария ету субъектілері арнайы декларацияны мемлекеттік кіріс органына:
      1) келу тәртібімен;
      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынуға құқылы.
      Арнайы декларацияны тапсыру тәсіліне қарай:
      1) келу тәртібімен – мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны алған күн;
      2) пошта арқылы – мемлекеттік кіріс органының пошталық хат-хабарды қабылдағаны туралы белгі қойылған күн мемлекеттік кіріс органына ұсынған күн болып табылады.
      Арнайы декларацияның нысанын, оның ішінде онда көрсетілуге жататын мәліметтерді, оны толтыру тәртібін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылық етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.
      Бұл ретте жария ету субъектісі осы Заңда белгіленген арнайы декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.
      Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.»;
      2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңның күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге заңды күшіне енген, орындалмаған:
      1) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190191193 (1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң осы тармақшада көрсетілген баптарында көзделген қылмыстарды жасау жолымен сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208213215216216-1217218221222-баптарында көзделген қылмыстарды жасауда олар кінәлі деп танылған соттың үкімі;
      2) 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118143143-2155155-1155-3155-4155-5156157166168-1178185187205-1205-2206206-1206-2207208208-1209214237239357-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысы бар тұлғаларға қолданылмайды.»;
      3) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан, жария ету субъектісімен өзіне тиесілі материалдық және қаржылық құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа да ұйымдарға мүлікті (трасты) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады.»;
      4) 4 және 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-бап. Мүлікті жария ету мерзімі

      Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
      Өзге де мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.

      5-бап. Осы Заңмен ұсынылатын кепілдіктер

      1. Жария ету субъектілері:
      1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды не ұйымдасқан топ және (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, егер бұл әрекеттер жария етілген мүлікті сатып алуға (сатып алу көздерін қалыптастыруға), пайдалануға не оған билік етуге байланысты болса, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа), 191, 193 (1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақшаны немесе мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 және 222-баптары бойынша қылмыстық жауаптылықтан;
      2) егер бұл әрекеттер жария етілген мүлікті сатып алуға (сатып алу көздерін қалыптастыруға), пайдалануға не оған билік етуге байланысты болса, 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1-баптары бойынша әкімшілік жауаптылықтан;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) жеке тұлғаның кірістері және мүлкі туралы декларацияны, оның ішінде жұбайының (зайыбының) тапсырмағаны немесе осындай декларациялардағы мәліметтерді толық емес, анық емес түрде бергені, оның ішінде жұбайының (зайыбының) бергені үшін тәртiптiк жауапкершіліктен босатылады.
      2. Мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ осы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу, жария ету субъектісіне және (немесе) басқа да адамға, жұбайына (зайыбына) қатысты тәртіптік іс жүргізу үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.
      3. Мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ осы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәліметтер, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шеңберінде және (немесе) тәртіптік теріс қылықта осы баптың 1-тармағында көрсетілген құқық бұзушылықты жасауда жария ету субъектісінің кінәлі екендігіне дәлелдемелер ретінде пайдаланыла алмайды.
      4. Жария ету субъектісі құжаттардың көшірмелерін және (немесе) оларды дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қоса тіркеу үшін мүлікті жария ету фактісіне байланысты мәліметтерді ұсынуға құқылы. Осы дәлелдемелерді қоса тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
      5. Мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттардағы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып танылады. Мұндай мәліметтер мен құжаттардың сақталу және оларға қолжетімділік режимін тек мүлікті жария етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, ұйымдар ғана қамтамасыз етеді. Мүлікті жария етуді жүзеге асырмайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар мұндай мәліметтер мен құжаттарға рұқсат алуға құқылы емес. Мұндай мәліметтер мен құжаттар жария ету субъектісінің өзінің сұрау салуы бойынша не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда ғана талап етілуі мүмкін.
      6. Арнайы декларациядағы мәліметтердің құпиялылығына осы Заңда көзделген кепілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган арнайы декларациялар мен құжаттардың және (немесе) арнайы декларацияға қоса берілетін мәліметтердің орталықтандырылған сақталуын жүзеге асырады.
      7. Мүлікті жария ету рәсімін өткізуге байланысты ақпаратты, сондай-ақ мәліметтерді алған және (немесе) өздеріне белгілі болған мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері, оның ішінде комиссия мүшелері мұндай мәліметтер мен ақпараттарды, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген органдар мен ұйымдарда жұмыс істеу кезеңінде, сонымен қатар өздері жұмыстан шығарылғаннан кейін де таратуға құқылы емес.
      Жария ету рәсімін өткізу шеңберінде алынған мәліметтерді жоғалту, не мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      8. Мүлікті жария еткен жария ету субъектісіне қатысты осы баптың 1-тармағында көзделген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, тәртіптік теріс қылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс және тәртіптік іс қозғалмайды, ал қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу және тәртіптік іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылуға жатады.
      9. Осы Заңда көзделген кепілдіктер тек жария етілген мүлік шегінде ғана ұсынылады және жария ету субъектісі және (немесе) басқа тұлға 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін жасаған әрекеттерге қолданылады.»;
      5) 6-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ақшаны;»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Алым:
      1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен жария етілетін ақша сомасының;
      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрған, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген, арнайы декларацияда көрсетілген мүлік құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.
      3. Мынадай:
      1) мемлекеттік кіріс органдары арнайы декларацияны қабылдаудан бас тартқан;
      2) жария еткені үшін алымды төлеу бойынша міндеттемелер болмаған жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жария ету субъектісінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.»;
      6) 789 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «7-бап. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына
               сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының
               аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді
               ұйымдастыру және өткізу тәртібі жөніндегі жалпы
               ережелер

      1. Егер осы Заңның 10-бабында өзгеше белгіленбесе, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:
      1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
      2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;
      3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
      4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды жария ету субъектілері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комиссияға ұсынады.
      3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету мерзімі ішінде жария ету субъектілерінің құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы нақ сол бір жылжымайтын мүлікке қайтадан өтініш беруге құқығы жоқ.
      4. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар себептері көрсетіле отырып, мынадай:
      1) осы Заңда белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;
      2) ұсынылған құжаттарда өшіріп тазарту мен түзетулер болған;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай құжаттарға қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады.
      Жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негіз болған себептер жойылған кезде осы Заңда белгіленген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету мерзімі ішінде жария ету субъектісі қайтадан өтініш беруге құқылы.
      5. Өтінішті комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      6. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүлікті тізілімге енгізу тәртібін және оның нысанын, комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      7. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған кезде комиссия осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімде:
      1) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарады;
      2) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді жария ету субъектісіне береді;
      3) мәліметтерді жария етілген мүліктің тізіліміне енгізеді.
      8. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік осы Заңның 2, 3 және 7-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде осындай мүлікті жария етуден бас тартуды комиссия шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.
      9. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік комиссия жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап жария етілген болып саналады.
      10. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік жария етілген жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісінің өтініші негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды ресімдейді.
      11. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлік бойынша ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.
      12. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісі туралы ақпаратты комиссия жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға ұсынады.

      8-бап. Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және жүргiзу
              тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, осындай банктердiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарын қоспағанда (бұдан әрі – екiншi деңгейдегi банктер), Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке ағымдағы банктік шот (бұдан әрі – ағымдағы шот) ашады.
      2. Ақша мынадай тәртіппен:
      1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады.
      Шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды;
      2) екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) – жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады.
      Бұл ретте алым мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырғанға дейін төленуге тиіс.
      3. Жария етілетін ақшаны ағымдағы шотқа енгізген (аударған) кезде екiншi деңгейдегi банк, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.
      4. Ағымдағы шотқа ақша енгізілгенін (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшірмесі немесе осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы қабылдаған күннен бастап ақша жария етілді деп саналады.
      5. Жария ету субъектілері өз қалауы бойынша жария етілген ақшаларға, оның ішінде:
      1) қазақстандық қор биржасында орналастырылған бағалы қағаздарға;
      2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында орналасқан қаржы құралдарына;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге де активтерге инвестициялау жолымен оларға билік етуге құқылы.
      6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Ақшаны жария ету рәсімімен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

      9-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары
              жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген
              мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету

      1. Жария ету субъектісінің Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкі (ақшадан басқа) мынадай:
      1) осы Заңда белгіленген тәртіппен алымды төлеу;
      2) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру шарттарының жиынтығы сақталған кезде жария етуге жатады.
      Бұл ретте төленген алым арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің құнынан есептелген алым мөлшеріне міндетті түрде сәйкес болуға тиіс.
      2. Арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жария ету субъектісінің мүлікке не басқа тұлғаның мүлікті жария ету субъектісіне бергенге дейінгі оған меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) арнайы декларацияға қоса беріледі.
      Бағалы қағаздарды, қатысу үлесін жария еткен жағдайда жария ету субъектісі меншік құқығын растайтын шет мемлекеттің тиісті органы немесе ұйымы берген өзге де құжатты ұсынуы мүмкін;
      3) шет мемлекеттің қолданатын құқығына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған, басқа тұлғадан жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікке меншік құқығын өтеусіз немесе өзге де нысанда беру туралы шарттың немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      4) алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер арнайы декларацияға қоса беріледі.
      Арнайы декларацияға қоса берілетін құжаттар және (немесе) мәліметтер қазақ немесе орыс тілінде ресімделген болуға немесе нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болуға тиіс.
      3. Осы бапта көрсетілген мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.
      4. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

      10-бап. Басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне
               ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы
               мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету

      1. Осы баптың қағидалары бойынша жария ету субъектісі басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыруы арқылы жүргізіледі.
      3. Арнайы декларацияға арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      3) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      4) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса беріледі.
      4. Басқа тұлғаға ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке (ақшадан басқа) жария ету субъектісінің меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.
      6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария етудің рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.»;
      7) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      «10-1-бап. Жария ету субъектісіне салықтық рақымшылық
                  жасау

      1. Салықтық рақымшылық жасау жария етілген ақшаны, жария етілген мүлікті (құрылысты) сатып алу үшін қаражатты қалыптастыру көзі болып табылатын жария ету субъектісінің кірісіне, сондай-ақ мүлікті жария еткенге дейін пайдаланудан (билік етуден) түскен кірістерге (бұдан әрі – жария ету субъектісінің кірісі) осы Заңда көзделген тәртіппен жария ету субъектісі мүлікті жария ету кезінде қолданылады.
      2. Салықтық рақымшылық жасау деп осы Заңмен белгіленген тәртіппен мүлік пен ақшаны жария еткен жағдайда – жария ету субъектісінің 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде алған кірісі жөнінде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектісінің салық міндеттемесін тоқтату түсініледі.
      3. Салықтық рақымшылық жасауға жататын жеке табыс салығының мөлшері:
      1) өтініште немесе арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің (ақшадан басқа) құнының;
      2) арнайы декларацияда көрсетілген ақша сомасының;
      3) мүлікті жария еткенге дейін оны пайдаланудан (мүлікке билік етуден) алынған кіріс мөлшерінің он пайызы мөлшерінде айқындалады.
      4. Жария ету субъектісінің салық міндеттемесі осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде тоқтатылуға жатады.
      5. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Салықтық рақымшылық жасау рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.»;
      8) 1113 және 14-баптар алып тасталсын;
      9) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      «14-1-бап. Мүлікті репатриациялау

      Осы Заңда көзделген кепілдіктерді беру, егер тиісті мүлік оны жария еткен күні:
      1) ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымы орындалмайтын және (немесе) толық дәрежеде орындалмайтын;
      2) салық салу мақсаттары үшін ақпарат алмасу жөніндегі нормаларды қамтитын халықаралық шарт жасалмаған мемлекетте (аумақта) орналасқан жағдайларды қоспағанда, арнайы декларацияда көрсетілген мүлікті Қазақстан Республикасының аумағына қайтару фактісіне байланысты болмайды.»;
      10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «15-бап. Осы Заңда белгіленген талаптарды бұзғаны үшiн
                жауаптылық

      1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің осы Заңда белгіленген талаптар мен кепілдіктерді бұзуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығына әкеп соғады.
      2. Жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген талаптар мен шарттарды бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлікті және (немесе) кірісті жария ету нәтижелерін жоюға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
      11) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      «17-1-бап. Арнайы ережелер

      Осы Заңның ережелері, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жария етуге (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттемелерді, сондай-ақ «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының және оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілердің ережелерін қоса алғанда, ешқандай түрде ешқандай да ерекшеліктерді көздемейді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының міндеттемелерін қозғамайды және шектемейді.»;
      12) көрсетілген Заңға 2-қосымша осы Заңға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2-бап.
      Осы Заңның ақшаны жария етуді, оның ішінде мүлікті жария еткені үшін алымның төленуін реттейтін ережелері мүлікті жария ету субъектілерінің осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жария еткен ақшасына қолданылады деп белгіленсін.
      Егер осы Заңның ережелері бойынша мүлікті жария ету субъектісінде осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн оның жария еткен ақшасы бойынша мүлікті жария еткені үшін алым төлеу жөніндегі міндеттеме туындамайтын болса, онда мүлікті жария ету субъектілерінің мүлікті жария еткені үшін бұдан бұрын бюджетке төлеген алымының сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органдары қайтаруға тиіс.
      3-бап.
      Осы Заң:
      1) осы Заңның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларын;
      2) осы Заңның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасын4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

«Қазақстан Республикасының кейбір   
заңнамалық актілеріне Қазақстан    
Республикасының азаматтарына,     
оралмандарға және Қазақстан      
Республикасында тұруға ықтиярхаты   
бар адамдарға олардың мүлікті жария  
етуіне байланысты рақымшылық жасау  
мәселелері бойынша өзгерістер мен   
толықтырулар енгізу туралы»     
2015 жылғы 13 қараша № 400-V ҚРЗ.   
Қазақстан Республикасының Заңына    
қосымша                

«Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға және Қазақстан Республикасында
тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың 
мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық
жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы  
Қазақстан Республикасының Заңына    
2-қосымша               

Жария ету үшін ағымдағы банктік шотқа ақша
енгізілгенін/аударылғанын растау туралы
АНЫҚТАМА

Анықтама берілген күн 20___жылғы «___»_________

Банк/Ұлттық пошта операторы _________________________________________
_____________________________________________________________________
          (банктің/Ұлттық пошта операторының толық атауы)
жария ету субъектісі ________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжат
_____________________________________________________________________
       (№, кім және қашан берген), тұрғылықты жері, ЖСН)
20____ жылғы «___» ___________ ағымдағы банктік шотқа _______________
_____________________________________________________________________
        (цифрлармен және толық жазылады, валютаның түрі)

сомасында ақша енгізгенін/аударғанын куәландырады.

Т.А.Ә./Қолы _________________________________________________________
               (Банктің/Ұлттық пошта операторының уәкілетті адамы)

Мөр бедері (болған жағдайда)_________________________________________
                               (Банктің/Ұлттық пошта операторының)