РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
1) мазмұнында:
18-тарау мынадай мазмұндағы 105-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"105-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау";
7-бөлімнің, 27 – 29-тараулардың, 135 – 150-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) 3-баптың 1-тармағында:
5) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
12-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12-4) бюджет процесi – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, мемлекеттiк органдардың бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілікті, бюджеттік есеп пен бюджеттік есептілікті, мемлекеттiк аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;";
31) тармақша "мемлекет" деген сөзден кейін "құрылтайшысы," деген сөзбен толықтырылсын;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"40) қаржылық есептілік – егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау объектілерінің қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат;";
56-2) тармақша алып тасталсын;
3) 44-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтарылуға жатады.";
4) 46-бап мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"17. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін жасалғаннан (өзгерістер енгізілгеннен, есеп жасалғаннан) кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерді, олардағы өзгерістерді, нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкі нәтижелер туралы есептерді жібереді.";
5) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, қаржы мониторингі;";
6) 85-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін бекітілгеннен (өзгерістер енгізілгеннен) кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісінше – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетіне міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерді осындай өзгерістердің негіздемелерімен бірге жібереді.";
7) 18-тарау мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:
"105-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
1. Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану, оның ішінде басқа, бюджетті атқаруға байланысты қызметтің тиімділігін арттыру, бюджетті атқару кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді болғызбау, олардың жолын кесу, оларды анықтау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді.
Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша мемлекеттік аудиторларды және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.";
8) 112-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмауы туралы ескертпе-ақпарат жібереді.
6. Тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелері тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, республикалық бюджет жобасына алдына ала бағалауды жүзеге асыру кезінде ескеріледі.";
9) 116-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдары білімдері мен дағдыларын тексеру үшін міндетті сертификаттауға жатады.
7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
10) 120-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.";
11) 125-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді ай сайын – Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша ай сайын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша осы Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша ай сайын аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.";
12) 127-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ағымдағы жылғы 15 мамырдан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне талқылау мен бекіту және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін ұсынады.";
13) 129-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.";
14) 130-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндамасын;";
15) 131-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін аудан (облыстың маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.";
16) 132-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын;";
17) 7-бөлім алып тасталсын.
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
557-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде қажетті мәліметтер бөлігінде сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына береді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті cалық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тiзбесiн бекітеді.
Салық құпиясын құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп белгілейді;".
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 239-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"239-1-бап. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың емтихан өткізу тәртібін бұзуы";
246-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы";
723-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 207-бапқа ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп:
1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;
2) екінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
3) үшiншi бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамды, не оның мiндеттерiн атқаратын адамдарды;
4) төртінші және бесінші бөліктерде – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;
5) алтыншы бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамды не оның мiндетiн атқаратын адамды;
6) жетінші бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын;
7) сегізінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;
8) сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерде – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамды, не оның мiндетiн атқаратын адамдарды;
9) тоғызыншы бөлікте – конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерін;
10) оныншы бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын түсіну керек.
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";
3) 238-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";
4) мынадай мазмұндағы 239-1-баппен толықтырылсын:
"239-1-бап. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың емтихан өткізу тәртібін бұзуы
1. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін емтихан модульдері бойынша емтихан өткізуі, –
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, аккредиттеу туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.";
5) 246-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы
Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны анық емес деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы, –
аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
2. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзу деп ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудит бойынша тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.";
6) 247-бапта:
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Аудиттелетін субъектілер атынан мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдардың аудиті, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит нәтижесінде анықталған, бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы, –
бірінші басшыларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктермен толықтырылсын:
"9. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың:
1) аудиторлық ұйымдар – кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының он пайызында, бірақ кемінде бесеуінде күнтізбелік он екі ай осындай кәсіби ұйым тарапынан өтінішхатсыз аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылуының болуы;
2) уәкілетті орган ескерту шығарған себептерді үш ай ішінде жоймауы;
3) аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі;
4) Аккредиттеу қағидаларын бір жыл ішінде жүйелі түрде (қатарынан екі реттен көп) бұзуы;
5) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясын құрмау түрінде жасаған, Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзуы, –
аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кірмеуі және (немесе) уақтылы кірмеуі, –
лицензиядан айыра отырып, екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
7) 684-баптың бірінші бөлігінде:
"237," деген цифрлардан кейін "239-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
"247 (алтыншы бөлiгiнде)" деген сөздер "246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде), 247 (алтыншы, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 722-бапта:
бірінші бөлікте:
"Кодекстiң" деген сөзден кейін "207, 209," деген цифрлармен толықтырылсын:
"және жетінші" деген сөздер ", жетінші және оныншы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;
2) аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.";
9) 723-бап алып тасталсын;
10) 804-баптың бірінші бөлігінде:
27) тармақшада:
"237," деген цифрлардан кейін "239-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
"246-баптар" деген сөздер "246, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде), 247 (тоғызыншы және он бірінші бөліктерінде), 462-баптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) тармақша алып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 51-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операциялары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.";
төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімдері қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық нысанда банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге мемлекеттік кіріс органының немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірiншi басшысы қол қоюға және сол органның мөрiмен куәландырылуға тиіс.
Электрондық нысанда жіберілетін өкім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.".
5. "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"45-бап.Президент, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi, Ұлттық Банктiң Төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ Мемлекеттiк хатшы, Президент Әкiмшiлiгiнiң және Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылары, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Парламенттегi өкiлдерi тұрақты комитеттердiң кез келген ашық, сол сияқты жабық отырыстарына қатысуға құқылы және өз сөздерiн тыңдатуға құқығы бар.".
6. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-3) тармақшамен толықтырылсын:
"10-3) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит – бюджет қаражатын пайдалану мәселесі жөніндегі аудит;";
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
"4-2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу;";
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
4) 12-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "келмесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады." деген сөздер "келмесе;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізбесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.";
5) мынадай мазмұндағы 18-3-баппен толықтырылсын:
"18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері
1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда орналастырылады.
2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсетіп, орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрімен куәландырылады, аудиторлық ұйым басшысының қолымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.";
6) 20-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн аудиттелетiн субъектiнiң қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;";
7) 21-бапта:
1-тармақтың 2), 2-1) және 4) тармақшаларындағы "салықтар бойынша аудит" деген сөздерден кейін ", квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;";
мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
"9-2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсынуға;";
8) 24-бапта:
тақырып "аудит" деген сөзден кейін ", квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші, жетінші және сегізінші абзацтар "салықтар бойынша аудитті", "салықтар бойынша аудит" деген сөздерден кейін тиісінше ", квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті", ", квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуіне тыйым салынады.";
9) 25-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізуге қатысты талаптары туралы қажетті ақпаратты алуға;";
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті уақтылы және сапалы жүргізуі үшін аудиторлық ұйымға жағдай жасауға, қажетті құжаттаманы ұсынуға, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірулер мен түсініктемелер беруге;
2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке, салықтар бойынша аудитке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитке жатқызылатын мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар секілді аудиттелетін субъектілер өз қызметтерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың аудиттелетін субъектілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат береді.";
10) 27-баптың 1) және 3) тармақтарындағы "салықтар бойынша аудит" деген сөздерден кейін ", квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит" деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат):
8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, оны өзгерту немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатсыз және негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының құқықтық актілерін қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.".
8. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақтың 9-2) тармақшасындағы "бақылау" деген сөз "мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін бес жылға лауазымға тағайындау, сондай-ақ оларды лауазымнан босату жатады.";
2) 21-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.";
3) 2-1-тарау алып тасталсын.
9. "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
21-баптың 10-тармағының 3) тармақшасындағы "ұсынуға міндетті." деген сөздер "ұсынуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес келетін емтихан модульдері бойынша емтихандар өткізуге міндетті.".
10. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 138, 143-құжаттар):
1) 1-бапта:
16) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:
"24-2) нұсқама – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін бақылау объектілеріне жіберілетін уәкілетті органның орындалуы міндетті актісі;";
34) тармақша алып тасталсын;
2) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкін.";
3) 14-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, оның ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға қатысушылар беретін есептік деректердің, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексереді;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушілердің және конкурстық комиссиялардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылданған шешімдерінің күшін жою туралы орындалуы міндетті шешім қабылдайды;";
4) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
2. Мыналар:
1) тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы;
2) өткізілетін мемлекеттік сатып алулар нысанасы шегінде әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушылар ретінде тартылатын тұлғалар;
3) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар;
4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор бақылау объектілері болып табылады.
3. Уәкілетті орган мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) әлеуметті өнім берушінің, конкурсқа не аукционға қатысушының, өнім берушінің не оның уәкілетті өкілдерінің тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, аукциондық комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап жазбаша өтінішпен жүгінген кезде тексеруді жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;
2) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;
3) тәуекелдерді басқару арқылы алынған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша тексеруді жүзеге асырады.
4. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылау жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде мынадай шараларды қолданады:
1) бақылау объектісіне орындалуы міндетті нұсқама, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді;
2) міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді;
3) бақылау объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ бақылау объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады.
5. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бар әрекетті (әрекетсіздікті) жасау фактісі анықталған кезде уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілген әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
6. Уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".
11. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат):
8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуын тексеруді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.".
12. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар):
15-баптың 1-тармағының 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"30) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы.".
1. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацын;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"6. Тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелері тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру кезінде ескеріледі.".
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |