Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 қарашадағы № 249-V ҚРЗ

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 8-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда, өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының және карантинді объектілердің әкелінуінен қорғауды қамтамасыз етуді;»;
      2) 192-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады және Кеден одағының кедендік аумағын Кеден одағына мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын қоздырушылардың әкелінуі мен таралуынан қорғауға бағытталған.
      Зертханалық бақылауды қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы тәртібін, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
      7. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады және Кеден одағының кедендік аумағын Кеден одағына мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден тізбесін өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган бекітетін карантинді объектілердің әкелінуінен қорғауға бағытталған.
      Зертханалық сараптаманы қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыруы тәртібін, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.».
      2. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) көлік инфрақұрылымы объектілері теміржол, трамвай, жеңілрельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбыржолдарды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) көлік-логистика орталығы бұл құрылыстар орналастырылған арнайы бөлінген учаскені қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, тасымалдаумен қатар жүргізілетін, жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын дайындау, бөлу және қорытындылау технологиялық операцияларын орындауға, оның ішінде қарап-тексеруге арналған көлік инфрақұрылымы объектісі;»;
      2) мынадай мазмұндағы 15-2-баппен толықтырылсын:

      «15-2-бап. Көлік-логистика орталықтарына қойылатын
                  талаптар

      Уәкілетті мемлекеттік орган көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді.».
      3. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган зертханалық сараптаманы қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) бөтен текті түр Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4) және 9-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) қарап-тексеру карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын көріп зерттеп-қарау;
      9-2) құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау — карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мақсаттарында карантинді объектілерді әкелуге, әкетуге немесе олардың транзитіне рұқсат беруге өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган келісімінің болуын растайтын карантиндік құжаттарды тексеру;
      9-3) құқық шектеу шарасы өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган және автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданатын карантиндік шара;
      9-4) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның және автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
      9-5) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалау өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) фитосанитариялық бақылау бекеті уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттерінің (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жерлерде орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі;»;
      2) 4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;»;
      3) 6-баптың 4) тармақшасындағы «кәсіпорын кіреді.» деген сөздер «кәсіпорын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган кіреді.»;
      4) 7-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      23)24) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған бейімдемелерге (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оған зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
      24) карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды есепке ала отырып, зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;»;
      «26) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;»;
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.»;
      5) мынадай мазмұндағы 7-3-баппен толықтырылсын:

      «7-3-бап. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті
                 органның құзыреті

      1. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган:
      1) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көлік құралдарында және тасымалдауға арналған бейімдемелерде (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарында, салондарында, багаж және жүк бөлімшелерінде, контейнерлерде), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажында өткізілетін әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
      2) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды, сондай-ақ қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізеді;
      3) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде:
      Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
      өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган өз қызметін уәкілетті органмен, шекара және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.»;
      6) 8-бапта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:»;
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін қарап-тексеру, жете тексеру, фитосанитариялық сараптама жүргізу және қажет болған кезде залалсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге;»;
      «2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат алуға;»;
      7) 9-2-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-2-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау
                 және қадағалау»;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.»;
      8) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау»;

      9) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «10-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық
                бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру

      1. Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау мақсатында осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 23), 24) және 26) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін болғызбау, олардың таралу ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты карантиндік жете тексерулерді, үлгілерін іріктей отырып, оған зертханалық сараптама, ішінара бақылау зерттеп-қарауларды жүргізу, карантиндік құжаттарды қарау және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантинді объектілерге қарсы күреске бюджет қаражатының болжанбаған шығындарына жол бермеуге, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау мақсатында осы Заңның 7-3-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      3. Көлік құралдарын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау, қарап-тексеру, әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімді қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік шаралар жүргізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша бақылау және қадағалау объектілеріне жатқызылған мүлкінің сақталуына бағытталған.»;
      10) 11-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «11-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық
                бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын
                лауазымды адамдар»;

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ведомствоның және оның фитосанитариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуіне құқығы бар.»;
      11) 12-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «12-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау
                және қадағалау объектілері»;

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері мыналар болып табылады:»;
      12) 13-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттері және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері арқылы ғана рұқсат етіледі.
      Карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
      Межелі пунктте әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан кейін жүргізіледі.
      Егер басқа мемлекеттердің карантиндік шаралары Қазақстан Республикасында қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, олар танылады.
      Импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлік құралдарымен тасымалданады.
      Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын адамдардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.»;
      5-тармақтың төртінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда, онда бұл оның иесінің қаражаты есебінен экспорттаушы елге қайтарылуға жатады, бұл жөнінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін, Қазақстан Республикасының шекара органдарын және мемлекеттік кіріс органдарын хабардар етеді.»;
      «Карантинге жатқызылған өнім карантиндік жете тексеруден өткізілгеннен және өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады және оның иесіне карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін береді.
      Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өніммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иесі мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау және міндетті карантиндік жете тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.».
      4. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган – зертханалық бақылауды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ветеринариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі;»;
      24) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) жануарды ветеринариялық қарап-тексеру – жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, сондай-ақ автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамы оған жүргізетін клиникалық қарап-тексеру;»;
      «28) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексеру – қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер, сондай-ақ автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамы жүзеге асыратын, жануарлардың ұшасы мен ағзаларына, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа оларда көзге көрінетін өзгерістерді, аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін қарап-тексеруді жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;»;
      38-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «38-1) құжаттамалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау – бақылауға жататын тауарлардың қауіпсіздігін, әкелуге (әкетуге) немесе олардың транзитіне рұқсаттардың бар-жоғын, сондай-ақ берілген құжаттар мазмұнының Кеден одағының Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тексеру;»;
      мынадай мазмұндағы 42-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «42-2) физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жете тексеру және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексеру, ұсынылған ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестікті тексеру, оларда көрсетілмеген объектілердің бар болуын, сондай-ақ үйлеспейтін объектілердің бірге орны ауыстырылуын (тасымалдануын) болғызбау, көлік құралының орын ауыстыру (тасымалдау) шарттары мен режиміне, орамның және таңбалаудың белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін бақылау;»;
      2) 14-1-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары құжаттамалық және физикалық ветеринариялық-санитариялық бақылау нысанында жүзеге асырады. Зертханалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
      3) 16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.».
      5. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
      1) 57-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «60-бап. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті
                органның құзыреті

      Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган:
      1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы әуе, теміржол, теңіз (өзен) және автомобиль өткізу пункттерінің инфрақұрылымын құрады;
      2) шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілерін орнатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      3) 67-баптың 1-тармағының 31) тармақшасы алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев