РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138 құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат):
174-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Ереуiлдердi заңсыз деп тану туралы азаматтық iстер сотқа талап арыз келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қаралады және шешiледi.».
2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар):
1) мазмұнында:
230-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 230-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«230-1-бап. Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзілімдері»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«28-1-тарау. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн реттеу ерекшелiктерi»;
мынадай мазмұндағы 257-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«257-2-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн реттеу»;
268-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«268-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары»;
мынадай мазмұндағы 328-1 және 328-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«328-1-бап. Бақылау субъектісіне бару
328-2-бап. Ведомстволық есепке алу»;
2) 1-баптың 1-тармағында:
12) тармақша алып тасталсын;
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«60) қызметкерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) қызметкерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен онда қызметкерлер сайлаған және уәкiлеттiк берген сайланбалы өкiлдер;»;
мынадай мазмұндағы 69-1) және 73-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«69-1) разрядаралық коэффициент – сабақтас тарифтік-біліктілік разрядтардың тарифтік мөлшерлемелері арасындағы арақатынас;»;
«73-1) татуластыру рәсiмдері – ұжымдық еңбек дауын алғашында татуластыру комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткізілмеген кезде – еңбек төрелігінде, сондай-ақ медиация рәсімін қолдана отырып, тараптардың өзара келісуі бойынша реттілікпен қарау;»;
3) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 14-1) және 25-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн азаматтық қызметшiлердің штат санының лимитін бекітеді;»;
«25-1) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу, бекiту және қайта қарау тәртібін белгілейді;»;
4) 16-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;»;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдарымен келісу бойынша барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық), еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердi әзірлейді және бекiтеді;
7-2) әкiмшiлiк персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;»;
«17-1) тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзілімдерін келіседі;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекітеді;»;
5) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тараптардың деректемелері:
жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);
жұмыс беруші заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні,
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі;»;
6) 31-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
7) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Мерзiмiнiң өтуіне байланысты еңбек шартын
тоқтату
1. Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өтуіне байланысты тоқтатылады.
2. Еңбек шартында келiсiлген мерзiмге сәйкес қызметкердiң соңғы жұмыс күнi белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шартының мерзiмi өткен күн болып табылады.
Егер еңбек шартының мерзiмi өткен соң еңбек қатынастары iс жүзiнде жалғаса берсе және тараптардың ешқайсысы бұлардың тоқтатылуын талап етпесе, онда шарттың қолданылуы белгiленбеген мерзiмге ұзартылды деп есептеледi.
3. Жұмыстың аяқталған күні белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шартының мерзiмi өткен күн болып табылады.
4. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердiң жұмысқа шығатын күннiң алдындағы жұмыс күнi уақытша болмаған қызметкердiң орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi болып табылады.»;
8) 58-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
9) 117-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбек жөніндегі үлгiлік (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу бойынша ол белгiлеген тәртiппен бекiтедi.
Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық), еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдарымен келісу бойынша бекiтеді.
3. Еңбек жөніндегі үлгiлік (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi ауыстыруды және қайта қарауды оларды бекiткен органдар еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.»;
10) 122-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбекке ақы төлеудiң ең төмен стандарты республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық жалақының ең төмен мөлшерін және салалық келісімде айқындалатын салалық арттырушы коэффиценттерді есептеуден айқындалады.»;
11) 124-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«124-бап. Жалақыны индекстеу
Жалақыны индекстеуді жұмыс берушi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде тиiстi кезеңге айқындалған инфляция деңгейiн негiзге ала отырып, келiсiмдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртiппен жүргiзеді.»;
12) 138-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық біліктіліктер шеңберін әзірлеуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.»;
13) 138-4 баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салалық біліктіліктер шеңберін әзірлеуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді.»;
14) 149-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әскерге шақыру және мерзімді әскери қызмет уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.»;
15) 171-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Келiсу комиссиясының қызметкерлерден тұратын мүшелерi қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келiсу комиссиясының жұмыс берушiден тұратын мүшелерi жұмыс берушiнiң актiсiмен тағайындалады. Келiсу комиссиясының мүшелерi бiрiншi ұйымдастыру отырысында көпшiлiк дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды және тараптардың келісімімен медиаторды тарту туралы мәселе шешіледі.»;
16) 172-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке еңбек дауларын қарау жөнінде органдарға жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан жеке еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде тоқтатыла тұрады.»;
17) 185-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейiнгi баланы (он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға, осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1), 3) – 19) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi.»;
18) 195-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «немесе» деген сөз «не» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 230-бап алып тасталсын;
20) мынадай мазмұндағы 230-1-баппен толықтырылсын:
«230-1 бап. Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының
тiзілімдері
Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзілімін әзірлеуді және бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жүргізеді.»;
21) мынадай мазмұндағы 28-1-тараумен толықтырылсын:
«28-1-тарау. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының
құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн
реттеу ерекшелiктерi
257-2-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының
құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн
реттеу
Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегі «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодекспен реттеледi.»;
22) 263-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіптік одақтардың республикалық бiрлестiктері қызметкерлердiң республикалық деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.»;
23) 264-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттік органдарына жүктеледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салалық кәсіптік одақтар қызметкерлердiң салалық деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.»;
24) 265-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіптік одақтардың аумақтық бiрлестiктері қызметкерлердiң өңірлік деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.»;
25) 268, 276 және 278-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«268-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың
негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары
1. Комиссиялардың негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады.
2. Комиссиялардың негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының ұстанымдарын келісу;
2) келісімдерді әзірлеу және жасасу;
3) келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және бекіту;
4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар жүргізу және ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
3. Комиссиялар өздері бекіткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейді. Комиссиялардың отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.
4. Республикалық комиссияның функциялары:
1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын (әлеуметтік әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау және олар бойынша ұсынымдар шығару;
2) атқарушы билік органдарына әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
3) ұлттық біліктілік шеңберін бекіту;
4) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды келісу;
6) бас келісімді жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
7) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдер әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін байқаушылар тобын қалыптастыру;
8) республикалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
5. Салалық комиссияның функциялары:
1) тиісті саланың әлеуметтік әріптестік тараптарының бас келісімді, республикалық комиссия шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
2) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау;
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
4) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды келісу;
5) салалық келісімді жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
6) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің, оның ішінде:
саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемені (айлықақыны);
разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
салалық арттырушы коэффициенттерді;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеудің негізгі қағидаттарын әзірлеу;
7) салалық біліктілік шеңберін бекіту;
8) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңесті қалыптастыру;
9) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін еңбек төрелігі жөніндегі кеңесті қалыптастыру;
10) келісімдер мен ұжымдық шарттарды әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін байқаушылар тобын қалыптастыру;
11) кадрлық әлеуетті және біліктіліктерді дамыту жөніндегі үйлестіру орталығын қалыптастыру;
12) салалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
6. Өңірлік комиссияның функциялары:
1) әлеуметтік әріптестік тараптарының бас келісімді, салалық келісімдерді және республикалық және салалық комиссиялардың шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау;
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
4) жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу;
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды қолдану;
6) өңірлік келісімді жасасу және оның орындалуын мониторингтеу;
7) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңесті қалыптастыру;
8) өңірлік комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.»;
«276-бап. Келісімдердің мазмұны
1. Келісімдер:
1) қолданылу мерзімі туралы;
2) орындалуын бақылау тәртібі туралы;
3) келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;
4) тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауаптылығы туралы ережелерді қамтуға тиіс.
2. Бас келісімнің мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі ұсынған бас келісім жобаларын негізге ала отырып айқындайды.
3. Салалық және өңірлік келісімдердің мазмұнын салалық және өңірлік комиссиялар әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі ұсынған келісімдер жобаларының негізінде айқындайды.
4. Бас келісімде:
1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарау тәртібі туралы;
2) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар туралы;
3) еңбек нарығын дамыту, халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы;
4) еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік туралы;
5) әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
6) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін байқаушылар тобын қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
5. Салалық келісімдерде:
1) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі туралы;
2) салада әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар туралы;
4) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары туралы, оның ішінде:
саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемені (айлықақыны);
разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
салалық арттырушы коэффициенттерді;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеу;
5) салалық біліктілік шеңберін бекіту тәртібі туралы;
6) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңесті қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы;
7) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңесті қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы;
8) келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін байқаушылар тобын қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы;
9) кадрлық әлеуетті және біліктіліктерді дамыту жөніндегі үйлестіру орталығын қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
6. Өңірлік келісімдерде:
1) өңірде әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі туралы;
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар туралы;
4) жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу туралы;
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды қолдану туралы;
6) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңесті қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын келісімнің ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.»;
«278-бап. Келісімдердің қолданылуы
1. Бас келісімнің күші мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және олардың өкілдеріне қолданылады.
2. Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, қызметкерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.
3. Өңірлік келісімнің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына, жұмыс берушілеріне, қызметкерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.
4. Келісімдердің күші Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетел қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға да қолданылады.
5. Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – республикалық деңгейде, тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдары – салалық және жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейлерде келісімді ресми түрде жариялауға міндетті.»;
26) 282-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйымда қызметкерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде комиссияға қатысу және ұжымдық шартқа қол қою үшiн олар бiртұтас өкiлдi орган құрады. Бұл ретте олардың әрқайсысына өздерi өкiлдiк ететiн қызметкерлердiң санына қарай пропорционалды өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде келiссөздер жүргiзу жөнiндегi бiртұтас органның құрамында өкiлдiк ету құқығы берiледi.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тараптардың өкiлдерi жарты жылда кемінде бір рет қызметкерлерге ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы ақпарат беруге мiндеттi.»;
27) 284-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар жасалған бас, салалық және өңірлік келісімдерге сәйкес айқындайды. Ұжымдық шартқа мынадай ережелер енгізіледі:»;
6) тармақшадағы «жақсарту туралы ережелер енгізілуге тиіс.» деген сөздер «жақсарту туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) кәсіптік одақ қызметі үшін жағдайлар жасау туралы;
9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту жөніндегі іс-шаралар туралы;
10) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау туралы.»;
2-тармақта:
10) тармақша алып тасталсын;
12) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) ұжымдық шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы;»;
«16) ерікті зейнетақы жарналары туралы;»;
28) 292-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«292-бап. Татуластыру комиссиясы
1. Татуластыру комиссиясын тараптар жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) өз шешiмiн қызметкерлердің (олардың өкiлдерiнің) назарына жеткізген не хабарламаған не ұжымдық келiссөздер барысындағы келiспеушiлiктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде құрады.
2. Татуластыру комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнен тепе-тең негiзде қалыптастырылады. Татуластыру комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс берушiнiң актiсiмен және қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмiмен ресiмделедi.
Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi татуластыру комиссиясының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
3. Татуластыру комиссиясы қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешiктiрілмейтін мерзімде қарайды. Татуластыру комиссиясының талаптарды қарау тәртiбi, қараудың көрсетiлген мерзiмiн ұзарту тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.
4. Татуластыру рәсiмі процесінде татуластыру комиссиясы қызметкерлермен (олардың өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлердің бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi тұлғалармен консультациялар жүргiзедi.
5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi, тараптар үшiн мiндеттi күшi болады және татуластыру комиссиясының шешімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындалады.
6. Татуластыру комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал дауларды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.»;
29) 295-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың (медиатордың) қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда, аяқталмаған татуластыру рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң шарттары дауды шешудiң шарттары деп есептеледi.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша нысанда ресiмделедi.»;
30) 297-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұжымдық еңбек дауындағы реттелмеген келiспеушiлiктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткiзiлуге тиiс.»;
31) 319-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«319-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
саласындағы нормативтiк актiлердi қабылдау
1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк актiлер қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсiмдер мен нормативтердi белгiлейдi.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді, бекітуді және қайта қарауды жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
32) 328-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодексте белгіленген тәртіппен және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп бекітетін критерийлер негізінде жүзеге асырылады.»;
33) мынадай мазмұндағы 328-1 және 328-2-баптармен толықтырылсын:
«328-1-бап. Бақылау субъектісіне бару
1. Бақылау субъектісіне барған кезде жұмыс берушіні алдын ала хабардар ету және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторы бақылау субъектісіне барған кезде:
1) қызметтік куәлігін;
2) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажетті болатын медициналық рұқсатты көрсетуге міндетті.
3. Бақылау субъектілері мемлекеттік еңбек инспекторы барған кезінде:
1) мемлекеттік еңбек инспекторының баратын бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, барудың міндеттері мен нысанасына сәйкес болу нәтижелері туралы актіге қоса беру үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге;
3) болу нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі соғуға;
4) объектіде болу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес әсер етудің зиянды және қауіпті өндірістік факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторының кіруіне кедергі келтірілген жағдайда, болуды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторы және бақылау субъектісінің уәкілетті адамы қол қоятын хаттама жасалады.
5. Болу ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларында белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
6. Бақылау субъектісінде болу мерзімі бір күннен аспауға тиіс.
7. Бақылау субъектісінде болу нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ бақылау субъектісіне болу нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, болу нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.
Болу нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау органының атауы;
3) болуды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) баратын бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), болған кезде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) болу күні, орны және кезеңі;
6) болу нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
7) баратын бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ болу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы;
8) болуды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының қолы көрсетіледі.
8. Болу нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде береді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болу нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі соғылады.
9. Болу нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да әрекеттер жасау үшін жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның басшысына не олардың өкілдеріне тапсырылады.
10. Болу нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау субъектісі қарсылықтар болмаған кезде, болу нәтижелері туралы актіні алған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерілетін субъектілерге бару мен тексеруді есепке алу кітабында тегін, лауазымын және актіде жазылған деректерді көрсете отырып, жүргізілетін әрекеттер туралы жазба жасауға міндетті.
12. Болу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, болу нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
328-2-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, бақылау субъектілеріне барудың міндетті ведомстволық есептілігінің нысандарын әзірлейді және бекітеді.
2. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция тұрақты және үздіксіз негізде бақылау субъектілеріне барудың саны мен қолданылған шаралардың ведомстволық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
Бақылау субъектілеріне барудың ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекцияның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
34) 340-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жұмыс берушілер анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторға осы талапты қарау нәтижелері және қолданылған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор осы Кодекстің 341-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманмен), мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара іс-қимыл жасайды.»;
35) 341-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, қызметкерлердің жұмыс орындарына кiруге;».
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Еңбек» (Труд).»;
2) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. «Еңбек» орденiмен азаматтар елеулі еңбек үлесі, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға және өнімнің сапасын жақсартуға ықпал ететін өндірістегі аса жоғары көрсеткіштері үшін наградталады.».
4. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 10-бапта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
Жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын жеке тұлғалар және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәсіптік одақ кәсіптік одақтың құрылтайшысы болып табылуы мүмкін.»;
2) 11-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа, қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында оларға шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгi (қатысуы) көзделуi мүмкiн.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтардың мүшелері (қатысушылары) болып табылуы мүмкін.».
5. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53 құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат):
19-баптың 2-тармағында:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
Жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын жеке тұлғалар және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтың құрылтайшылары болып табылуы мүмкін.».
6. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
«30) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.».
7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген;»;
2) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын үстеме тексерулердi қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.
Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдердi басқарудың ведомстволық жүйелерiн қалыптастыру мен жетiлдiру үшiн пайдаланылады.
Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеудің болуы осындай тексерудiң заңдылығына дәлелдеме болып табылмайды.
Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, салық қызметi органдары жүзеге асыратын үстеме тексерулердi тағайындау туралы актiлер жөніндегі жалпы мәлiметтер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бөлінісінде тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.».
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-бап. Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 4) тармақшасының жетінші абзацын, 19)және 20) тармақшаларын;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Назарбаев