Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 547-IV Заңы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 15-тараудың 352-бабының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару»;

      2) 242-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

      3) 352-бапта:
      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның
                жалған қорытындылары немесе қате аудару»;
      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «жауап беруi» деген сөздер «жауаптар беруi» деген сөздермен, «сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi» деген сөздер «сарапшының, маманның көрінеу жалған қорытындылар беруі» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9 құжат; № 2, 19, 28 құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 65-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы алып тасталсын;

      2) 84-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Сотқа дейінгі іс жүргізуде зерттеу жүргізу және қорытынды алу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары уәкілетті бөлімшесінің қызметкері маман ретінде тартылуы мүмкін.
      Тараптар маманның қорытындысымен келіспеген кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындайды.»;
      екінші бөлік «салыстырма зерттеулердi қоспағанда,» деген сөздерден кейін «осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік «түсiнiктеме беруге» деген сөздерден кейін «, ал осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.»;

      3) 115-баптың екінші бөлігіндегі «сарапшының қорытындысымен» деген сөздер «сарапшының, маманның қорытындыларымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 116-баптың үшінші бөлігіндегі «сарапшының қорытындысын» деген сөздер «сарапшының, маманның қорытындыларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «137-бап. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды
                қамауда ұстаудың тәртiбi

      Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше гаупвахталарда және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңнамада айқындалады.»;

      6) 142-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Айрықша жағдайларда осы Кодекстiң 139-бабында көзделген негiздер болған кезде және 141-бабында көрсетiлген мән-жайлар ескерiле отырып, бұлтартпау шаралары күдіктiге қатысты қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте айыптау күдіктiге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 163168169171233 – 237 және 241-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайларда – отыз тәуліктен кешiктiрiлмей, ал егер күдiктi адам ұсталып, содан кейiн қамауға алынса, - ұсталған кезден бастап дәл сондай мерзiмде тағылуға тиiс. Егер бұл мерзiмде айып тағылмаса, бұлтартпау шарасының дереу күші жойылады.»;

      7) 201-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «6. Осы Кодекстің 233-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, 222-бабының он екінші және он үшінші бөліктерінде, 230233-баптарында көзделген тергеу іс-әрекеттерін жүргізген кезде куәгерлерді тарту міндетті болады.
      Қалған тергеу іс-әрекеттері куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі.
      Барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тиісті мемлекеттік органдармен келісе отырып айқындайды.»;

      8) 222-бапта:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қарап-тексеру оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданыла отырып, ал осы баптың он екінші және он үшінші бөліктерінде көзделген жағдайда – куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі.
      тоғызыншы бөліктегі «тергеушi мен куәгерлердiң» деген сөздер «тергеушінің және куәгерлер тартылған кезде олардың» деген сөздермен ауыстырылсын.»;

      9) 223-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы «куәгерлердiң көзiнше,» деген сөздер алып тасталсын;

      10) 226-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Куәландыруды тергеушi дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен жүргізеді.
      4. Егер куәландыруда адамның денесi жалаңаштандырылатын болса, онда тергеушi жынысы басқа адамды куәландыру кезiнде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе дәрiгер жүргiзедi.»;

      11) 229-баптың оныншы және он бірінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Тану үшiн көрсету оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледi.
      11. Танушының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүрiс ерекшелiктерi бойынша тану кезiнде адамды тану үшiн көрсету танушыны танылатын адамның көрiп байқауын болдырмайтын жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн. Танушыға тану үшiн көрсетiлген адамдарды жеткiлiктi көрiп байқау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.»;

      12) 232-бапта:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тiнту куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi.
      Алу оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі, қажет болған кезде маман және аудармашы тартылуы мүмкін.»;
      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Тінту кезінде алып қойылатын заттар мен құжаттар куәгерлерге және қатысып отырған басқа да адамдарға көрсетiледi, тінту орнында буып-түйiледi және мөрмен бекiтiледi және куәгерлер мен бұған қатысып отырған адамдардың қол қоюымен куәландырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 14-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «14-1. Алу кезінде алып қойылатын заттар мен құжаттар қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, алу орнында буып-түйiледi және мөрмен бекiтiледi және бұған қатысып отырған басқа адамдардың қол қоюымен куәландырылады.»;

      13) 235-баптың төртінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұсталған почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн қарап-тексерудi, алуды және көшiрмесiн түсiрудi тергеушi байланыс мекемесiнде оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзедi.»;

      14) 238-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданыла отырып, қажет болған жағдайларда маманның қатысуымен жүргiзiледi.»;

      15) 239-баптың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тергеу экспериментi оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.»;

      16) 285-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Iшкi iстер органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 104, 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 108, 109, 110, 115, 116 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 117 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 118, 119, 123, 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 128 (бiрiншi бөлiгiнде), 132 (бiрiншi бөлiгiнде), 134-137, 139, 140, 141 (бiрiншi бөлiгiнде), 142 (бiрiншi бөлiгiнде), 144, 145 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 175 (бiрiншi бөлiгiнде), 178 (бiрiншi бөлiгiнде), 181 (бiрiншi бөлiгiнде), 183 (бiрiншi бөлiгiнде), 185 (бiрiншi бөлiгiнде), 186 (бiрiншi бөлiгiнде), 187 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 251 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 252 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 253, 254 (бiрiншi бөлiгiнде), 257 (бiрiншi бөлiгiнде), 258, 261 (бiрiншi бөлiгiнде), 262, 263 (бірінші және екінші бөліктерінде), 265, 266, 270, 271 (бiрiншi бөлiгiнде), 272-274, 275 (бiрiншi бөлiгiнде), 275-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 276, 287 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290, 291, 292 (бiрiншi бөлiгiнде), 293, 296, 297, 298 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 317, 320 (бiрiншi бөлiгiнде) 323, 324, 326, 327 (бірінші және екінші бөліктерінде), 328, 329, 330-1, 330-2, 330-3, 332-334, 339 (бірінші бөлігінде), 342, 358 (бірінші бөлігінде), 359, 360 (бірінші бөлігінде), 362-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.»;
      алтыншы бөлік алып тасталсын;

      17) 297-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер белгiлi бiр соттың барлық судьяларына бөгет болып отырған жағдайларға байланысты сол соттың iстi қарауға мүмкiндiгi болмаса, сондай-ақ істің жан-жақты және объективті түрде қаралуын қамтамасыз ету мақсатында не басқа сотқа беру сот процесіне қатысушылардың жеке қауіпсіздігіне төнген нақты қатермен байланысты болғанда іс тараптың өтiнiшi, судьяның немесе сот төрағасының ұсынуы бойынша бiр соттан сол деңгейдегi басқа соттың қарауына берiлуi мүмкiн.»;

      18) 453-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақпен толықтырылсын:
      «5-2) жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда, не жүктілігі үзілген жағдайда жазаны орындауды кейінге қалдырудың күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының үшінші бөлігі);»;

      19) 454-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы (осы Кодекстің 453-бабының 3-1-тармағы), шартты түрде соттаудың күшін жою туралы мәселелерді және осы Кодекстің 453-бабының 1-1, 5 және 5-2-тармақтарында көзделген басқа да мәселелерді сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша аудандық және оған теңестірілген сот шешеді.».

      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 19-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында қоғамдық байқау комиссиясының кемiнде екi мүшесi құрамында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган) белгiлеген тәртiппен кедергiсiз болуға;»;

      2) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен өзге де адамдардың жазаны атқарушы мекемелерде, тергеу изоляторларында сол мекемелер әкiмшiлiгiнiң немесе қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының арнаулы рұқсаты бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен болуға құқығы бар.»;

      3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Негiзгi жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi, сондай-ақ негiзгi жазаға қосымша ретiнде айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi, сондай-ақ шартты соттау кезiндегi жазаның атқарылуын ұйымдастыруды сотталған адамның тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.»;

      4) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны тізімдерін қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқару органдары, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi тоқсан сайын сотқа ұсынатын объектiлерде сотталған адамның тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен атқарады.»;

      5) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Түзеу жұмыстары сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша өтеледі.
      Түзеу жұмыстарын орындау жөніндегі қылмыстық-атқару инспекциясының қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;

      6) 46-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қылмыстық-атқару инспекцияларының қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiлген жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарынан туындайтын талаптарын орындауға;»;

      7) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда, тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру), сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасау жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.»;

      8) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушiлердi қадағалау қылмыстық-атқару инспекциясымен жүзеге асырылады және сотталған адамдарды олардың тұратын жерi мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау және бақылау жасаумен қамтамасыз етіледi. Тиісті бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін қылмыстық-атқару инспекциялары Қазақстан Республикасының Үкіметі түрлерін айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды қолдану тәртібі мен қылмыстық-атқару инспекциясының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      2. Сотталған адамға бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу кезiнде оны iшкi iстер органдары соттың санкциясымен жазаны өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн.
      3. Жазаны өтеуден әдейі жалтарушы сотталған адамды iшкi iстер органы жалтару себептерiн анықтау үшiн соттың санкциясымен он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн. Қажет болған жағдайда, iшкi iстер органы ұсталған адамды жазаны өтеу орнына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар үшiн белгiленген тәртiппен жiбередi және жазаны өтеуден әдейі жалтарғаны туралы деректер болған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған адамның бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмiн бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды сотталған адамның ұсталған жерi бойынша сотқа бередi.
      4. Сотталған адам электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдірген) жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы тиісті акт жасайды.
      5. Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзған (бүлдірген) кезде сотталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;

      9) 56-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 50-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотталған адамды құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан немесе мемлекеттік наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде тиiстi мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шараларды қолданады. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берiлген құжаттармен бiрге алып қоюды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган  айқындайтын тәртіппен олар болатын жердегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.»;

      10) 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тергеу изоляторларының әкiмшiлiгi соттың үкiмi заңды күшiне енгенi туралы хабарламаны алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей жазасын өтеуге жiберiледi. Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар. Сотталған адамдарды түзеу мекемелерiне жiберу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;

      11) 71-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Сотталған адамдардың орын ауыстыру тәртібі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;

      12) 77-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Түзеу мекемелерiнде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Ішкi тәртiп қағидалары қолданылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдарға қадағалауды және тексерулер жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;

      13) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, оларды пайдалану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.»;

      14) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ерекше жағдайлар режимі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келiсілген шешiмi бойынша отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге енгiзiледi. Ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді. Айрықша реттерде ерекше жағдайлар режимiнiң қолданылу уақыты осы бапта айқындалған тәртiппен қосымша отыз тәулiкке ұзартылуы мүмкiн.»;

      15) 84-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сотталған адамдарға өздерiнiң өтiнiшi бойынша ұзақ кездесудi қысқа мерзiмдiсiмен, ал тәрбиелеу колонияларында мекемеден тыс бiрге тұрумен ұзақ кездесудi колониядан тысқары шығатын қысқа мерзiмдiсiмен ауыстыруға рұқсат етiледi. Ауыстыру тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;

      16) 85-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сотталған адамдардың посылкаларды, сәлемдемелер мен бандерольдердi алу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;

      17) 86-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сотталған адамдардың жiберетін және алатын хат-хабарына қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен цензура қолданылады.»;

      18) 97-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сотталған адамдарға медициналық көмек көрсету, санитариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргiзу, денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық мекемелерiн пайдалану және осы мақсаттар үшiн олардың медицина қызметкерлерiн тарту тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;

      19) 104-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сотталған адамдарға кәсiптiк бiлiм беруді және оларды кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.»;

      20) 105-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесiнiң түрi, жазалау мерзiмi, ұстау жағдайлары, олардың жеке басының дара ерекшелiктерi және олардың жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескерiле отырып, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен саралап жүргiзiледi.»;

      21) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен психологиялық-педагогикалық әдiстер негiзiнде дара, топтық және жаппай нысандарда ұйымдастырылады.»;

      22) 107-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сотталған адамдардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарын құру мен олардың жұмысының тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;

      23) 108-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сотталған адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.»;

      24) 168-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбеде көзделген, сотталған адамның мүгедектігі немесе сырқаты;».

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; №  15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар;  № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар, № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 558-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтері»;

      2) 35-баптың 1-тармағындағы «, қылмыстық атқару жүйесі» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 558-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi
                iстер министрлiгiнің және Ұлттық қауiпсiздiк
                комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
                министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң
                санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық
                қызметтерi

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне ведомстволық бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы қағидаларды бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.».

      5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      256-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының ішкі істер, қаржы полициясы органдарында, мемлекеттік өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын адамдар жатады.».

      6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 60-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскери-дәрігерлік сараптама Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы органдарындағы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрі – әскери қызмет немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызмет) денсаулық жағдайы бойынша жарамдылықты анықтау үшін, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметті немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметті және әскери жиындарды өткерумен (міндеттерді орындаумен) байланысты ауруының, мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрі – мертігу) және қайтыс болуының себепті байланыстарын айқындау үшін жүргізіледі.»;

      2) 107-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа жібереді.
      5. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды олар келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қарайды.».

      7. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы):

      1) 2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету;
      2) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзету;
      4) сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;
      5) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу, терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу;
      6) соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
      7) заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу;
      8) ерекше қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу.»;

      2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «21-бап. Iшкi әскерлер жеке құрамының мiндеттерi

      Iшкi әскерлердiң жеке құрамына:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тізбесінде көзделген мемлекеттік маңызы бар объектілерді, тасымалдау кезінде арнайы жүктерді және сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету;
      2) күзететiн объектiлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысу;
      3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      4) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің әскер күзететін түзеу мекемелерінен айырбастау пункттеріне және одан кері, сондай-ақ өндірістік объектілерге және одан кері айдап апару, бұл объектілерді оларда сотталған адамдар жұмыс істеген уақытта күзету;
      5) сотталған және қамауға алынған адамдарды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ егер жауынгерлік қызмет атқару пункттерінде осы мақсат үшін айдап апаруға әдейі арналған әскер бөлімшелері болса, әскери соттардың сот отырыстарына олардың өтінімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларынан және одан кері айдап апару;
      6) Iшкi әскерлер әскери бөлiмшелерiнiң қоймаларын және Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң әскери қоймаларын (базаларын) күзету;
      7) патрульдiк-бекеттік қызметті атқару арқылы қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысу;
      8) жаппай қоғамдық-саяси, спорттық және өзге шаралар өткiзген кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысу;
      9) дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың құқықтық режимiн сақтап тұру;
      10) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың, түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, әскери қарауылдардың күзетінен қашқан адамдарды іздеуге қатысу және қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынған не аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды іздеуге ішкі істер органдарына көмек көрсету;
      11) Ішкi әскерлер бөлiмдерiнiң арасында және мiндеттер орындалатын аудандарға жеке құрамды, материалдық құралдарды, қару-жарақты, техниканы және басқа жүктердi тасымалдау;
      12) жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою;
      13) заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi сақтау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiнде iс-шаралар жүргізу;
      14) терроризмге қарсы операцияны жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу жүктеледі.»;

      3) 22-баптың бірінші бөлігінде:
      11) тармақшада «қолдану.» деген сөз «қолдану;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.»;

      4) 37-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында медицина қызметкерлерінің осы санаты үшін белгіленген жеңілдіктер қолданылады.».

      8. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат, № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар

      1. Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:
      1) ішкi iстер органдары;
      2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
      3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;
      4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;
      5) қаржы полициясы органдары;
      6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi;
      7) кеден органдары жүзеге асырады.
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi заңмен ғана өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.»;

      2) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы.».

      9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15. 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):

      1) 13-баптың бірінші бөлігіндегі «және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң» деген сөздер алып тасталсын;

      2) 14-баптың бірінші бөлігіндегі «және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 20-баптың бірінші бөлігіндегі «прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
      1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе соғыс жағдайы ахуалында қамтамасыз ету;
      2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
      3) құқық бұзушылық профилактикасы;
      4) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
      5) қылмыстық жазаларды және әкiмшiлiк жазалауларды орындау;
      6) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнің органдары мен мекемелерінде және әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында заңдылықты, құқық тәртібін қамтамасыз ету және ұстау режимін сақтап тұру;
      7) күдіктiлердiң, айыпталушылардың және сотталған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;
      8) сотталған адамдардың түзелуiн ұйымдастыру;
      9) кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы мен құқық бұзушылығын анықтау және олардың жолын кесу;
      10) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
      11) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау;
      12) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау;
      13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттiк бақылау;
      14) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк бақылау;
      15) мемлекеттік және өзге де объектілерді күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды айдап апару, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу;
      16) виза жұмысын жүргiзу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын сақтауын бақылау;
      17) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды, дайындауды және берудi жүзеге асыру;
      18) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен азаматтарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асыру;
      19) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
      20) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
      21) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитариялық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресуде жәрдем көрсету;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
      23) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;
      24) iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      25) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      26) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығымен терроризмге қарсы операция жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.»;

      2) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік, желілік ішкі істер органдары және қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелері, ішкі әскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.»;

      3) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:

      «5-2-бап. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi

      1. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi – қылмыстық-атқару жүйесi) – қылмыстық жазалардың атқарылуын және тергеу изоляторларында күдіктiлер мен айыпталушыларды қамауда ұстауды қамтамасыз ету бойынша атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
      1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары;
      3) жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:
      қылмыстық-атқару инспекциялары;
      түзеу мекемелерi;
      4) тергеу изоляторлары;
      5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактикалық ұйымдары мен бiлiм беру ұйымдары;
      6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталған адамдарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi құрайды.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің персоналын:
      1) қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің қызметкерлерi;
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнде лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер;
      3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынасында тұратын қылмыстық-атқару жүйесiнiң жұмыскерлерi құрайды.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және олардың лауазымды адамдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленеді.»;

      4) мынадай мазмұндағы 5-3-баппен толықтырылсын:

      «5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
                қылмыстық-атқару жүйесі органдарының функциялары

      1. Қылмыстық-атқару қызметi саласында Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі органдары мынадай:
      1) соттардың сотталған адамдарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      2) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
      3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
      4) сотталған адамдарға түзеу ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      5) сотталған адамдардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
      6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын, сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын күзету;
      7) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріндегі шұғыл жағдайды бақылау, персоналдың, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айдап апару;
      8) сотталған адамдарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталған адамдардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      9) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      10) сотталған адамдардың жалпы бiлiм алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
      11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
      12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
      13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
      14) персоналдың кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
      15) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру функцияларын жүзеге асырады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iске асырады.
      Қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне соларда ұсталатын күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталған адамдардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру кезiнде азық-түлік өнiмдерiн, алғашқы қажеттiлiк заттарын, киiм-кешек, аяқ киiм, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрi-дәрмектер және қосымша емдiк-профилактикалық көмек көрсету үшiн медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзiмдi кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдiктiлер мен айыпталушылар үшiн қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауға ұсынылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтер жатады.»;

      5) 6-1-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесші орган құрады.
      Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгі ережемен регламенттеледi.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесші орган құрады.
      Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгі ережемен регламенттеледi.»;

      6) 10-баптың 1-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағындағы, сондай-ақ оған iргелес аумақтағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      4-2) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен және сот үкiмiмен оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
      4-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
      4-4) сотталған адамдарды жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына мiндеттi түрде қатысуға тартуға;
      4-5) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға алкогольдiк ішімдiктердi, уытты, есірткі және психотроптық заттар пайдалану фактiлерiн анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
      4-6) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасады деп күдік келтірілген адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына жеткізуге, оларды жеке тексеруді жүзеге асыруға;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және ашуға, iшкi iстер органдары жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында заңнамада белгіленген режимдi сақтап тұруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте жедел-iздестiру іс-шараларын жүзеге асыруға құқығы бар iшкi iстер органдарының бөлiмшелері мен қызметкерлерiнiң тiзбесiн Iшкi iстер министрi белгiлейдi;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) қылмыстық-атқару жүйесiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiстер жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау бойынша шаралар қолдануға;»;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) қылмыстық жазалар мен әкiмшiлiк жазалауларды атқаруға, сотталғандардың, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;»;

      7) 11-бапта:
      1-тармақта:
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) iшкi iстер органдарының қызметiн жазып-көрсету, қылмыстың мән-жайларын, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды анықтау, тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе күзетпен ұстаудан қашқан адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн және қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезінде туындаған өзге де жағдайларда мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiктерiн өтеусіз пайдалануға;»;
      мынадай мазмұндағы 39-1), 39-2), 39-3), 39-4), 39-5), 39-6) және 39-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «39-1) сотталған адамның жеке-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстерді қолданып ықпал етуге;
      39-2) сотталған адамдарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
      39-3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағындағы және режимдiк талаптар белгiленген оған iргелес аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
      39-4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
      39-5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдарды қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, оқу немесе жұмыс орны бойынша кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың өндiрiстiк және  өзге де үй-жайларына кедергісіз кiруге;
      39-6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
      39-7) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға жүгінуге құқылы;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнайы құралдар мен атыс қаруын алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшін, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға құқылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен дене күшін қолдану тәртiбi «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;

      8) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «34-бап. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық
               қамтамасыз ету

      Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң шарттарын, тәртібі мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      Ішкі істер органдарының қызметкерлері үлгілері мен тиесілік нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін нысанды және арнайы киіммен тегін қамтамасыз етіледі.».

      11. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
      64-баптың 4-тармағындағы «Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң» деген сөздер «Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің» деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 7-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңда көзделген жағдайларда, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды атқаратын қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелері (бұдан әрі – жазаларды атқаратын мекеме) мен гауптвахталар күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстау орындары болып табылуы мүмкін.»;

      2) 8-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен
              ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары (бұдан әрі – тергеу изоляторлары) оларға қатысты бұлтартпау шаралары ретінде қамауға алу қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған.»;

      3) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қамауда және қадағалауда ұстау орындарындағы күдіктілер мен айыпталушылар осы орындардың аумақтарында айдауылдың не болмаса қамауда ұстау орындары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүріп-тұрады. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында дыбыс және бейне техникалар пайдаланылуы мүмкін.
      Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару жүйесінің уәкілетті органы айқындайды.»;

      4) 46-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дүлей апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, ауқымды өрт ошақтары, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі ірі апаттар, күдіктілер мен айыпталушылардың жаппай тәртіпсіздігі немесе бағынбаушылығы жағдайларында не болмаса қамауда ұстау орнына қарулы шабуыл жасаудың нақты қаупі болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс министрінің шешімі бойынша тиісті қамауда ұстау орындарында отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ерекше жағдай режимі енгізіледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Күдіктілер мен айыпталушылардың және өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы тиісінше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Қорғаныс министріне, Бас прокурорына, аумағында қамауда ұстау орны орналасқан ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарына дереу хабарлай отырып, осы баптың 2-тармағында көзделген шараларды дербес енгізе алады.».

      13. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат):

      1) 3-баптың 6), 6-1) және 6-2) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 4-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiн;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комитеттерiн;
      аумақтық әдiлет органдары мен мекемелерiн;
      атқарушы іс жүргізу органдарын қамтитын әділет органдарынан;»;

      4) 7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 1011-баптар алып тасталсын;

      6) 12-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      7) 12-1-бап алып тасталсын;

      8) 17-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Әдiлет органдарының сот-сараптама қызметi және
               әкiмшiлiк iс жүргiзу саласындағы функциялары»;
      5) тармақша алып тасталсын;

      9) 20-бап алып тасталсын;

      10) 23-бапта:
      1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;

      11) 24-1-бап алып тасталсын;

      12) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары

      Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, сондай-ақ олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.»;

      13) 2627282931-баптар алып тасталсын;

      14) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық
               қамтамасыз ету

      Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.».

      14. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
      15-баптың 1-тармағындағы «әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң,» деген сөздер «Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерінiң, iшкi iстер органдарының,» деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж. № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат, № 24, 149-құжат, № 24, 152-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 6-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесiне iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар кiредi.
      2. Iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдарында және жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн.»;

      2) 10-баптың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмiр салтын және мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етеді;
      7) балаларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту бойынша өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының тәртiбiмен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдарды дайындайды;»;

      3) 17-бап алып тасталсын;

      4) 19-5-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ішкі істер органдары кәмелетке толмаған адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.».
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».

      16. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат):

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) сотталған адамдардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;
      11-2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталған адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді;»;

      2) 9-баптың 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 28-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ішкі істер органдары адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.».
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.».

      17. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «3-бап. Құқық қорғау органдары

      Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, кеден органдары жатады.»;

      2) 22-баптың 3-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ішкі істер органдарына – «полиция», «әділет»;»;
      4 тармақша алып тасталсын;

      3) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:

      «45-1-бап. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесiнде
                 қызмет атқарудың ерекше жағдайлары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимiнің енгiзiлуі, күдіктінің, айыпталушының және сотталған адамның қашуы, адамдардың кепiлге алынуы, жаппай тәртiпсiздiктер, топтасып бағынбаушылықтар кезіндегі не оларды жою үшiн қажеттi мерзiм ішінде осылардың туындау қаупi төнген кездегі мекеме персоналының жұмысы түсініледі.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң қызмет атқарудың ерекше жағдайлары режиміндегі жұмысы үш айдан аспауға тиіс және демалыс күндерiн берумен өтеледi. Қызметкерлердi қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысқа тартудың тәртiбi мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.»;

      4) 69-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің туберкулезге қарсы мекемелер мен басқа да мамандандырылған учаскелерде және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнде қызмет атқаратын қызметкерлерiне осы санаттағы медицина қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.».

      2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, 1-баптың 3-тармағы 7) тармақшасы екінші абзацының электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзуға (бүлдіруге) қатысты бөлігін, 8) тармақшасының екінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ