Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 312-IV Заңы

Қолданыстағы

      2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше)
экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік
рәсімі мәселелері жөніндегі
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттер,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты, кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарын негізге ала отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер

      1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - кеден одағына мүше мемлекет аумағының кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шектердегі бір бөлігі, мұнда кәсіпкерлік және  өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимі қолданылады, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылуы мүмкін;
      2) порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - халықаралық қатынас және шетелдік су кемелерінің кіруі үшін ашық теңіз порты, өзен порты аумағының бір бөлігінде немесе халықаралық әуе тасымалын орындайтын әуе кемелерін қабылдау және жөнелту үшін ашық әуежай аумағының бір бөлігінде және теңіз портының, өзен портының немесе әуежай аумақтарының жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған мүліктік кешендер орналасқан бөліктерін қоспағанда, осындай теңіз портына, өзен портына немесе әуежайға іргелес аумақта құрылатын еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ;
      3) логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль және (немесе) темір жол өткізу пункттеріне іргелес кеден одағына мүше мемлекет аумағының бір бөлігінде құрылатын еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ;
      4) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың резиденті (қатысушы) - осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тіркелген және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.
      2. Келісімнің 21-бабында пайдаланылатын терминдер 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімде белгіленген мәндерде қолданылады.
      3. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге терминдер 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Кеден одағының Кеден кодексінде (бұдан әрі - Кеден одағының Кеден кодексі) белгіленген мәндерде қолданылады.

2-бап
Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар құрудың мақсаты

      Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар (бұдан әрі - ЕЭА) кеден одағына мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу, инвестициялар тарту, жаңа технологияларға негізделген өндірістерді құру және дамыту, көлік инфрақұрылымын, туризмді және санаторийлық-курорттық салаларды дамыту мақсатында немесе ЕЭА құру кезінде анықталатын өзге де мақсаттарда құрылады.

3-бап
ЕЭА құру және олардың жұмыс істеу тәртібі, кеден одағының
кедендік аумағында ЕЭА-ның жұмыс істеу мерзімі

      1. ЕЭА құру және олардың жұмыс істеу тәртібі, ЕЭА-ның жұмыс істеу мерзімі және кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ЕЭА-ның жұмыс істеу мерзімін ұзарту тәртібі осы кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында ЕЭА құру мақсаттарына байланысты олардың түрлері белгіленуі мүмкін.
      Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ЕЭА-ны басқару осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттер Кеден одағының комиссиясына кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ЕЭА құру туралы ақпараттың жіберілуін қамтамасыз етеді.

4-бап
ЕЭА-ның жұмыс Істеуін тоқтату (тарату, жою)

      1. Егер ЕЭА құрылған мерзім ұзартылмаса, көрсетілген мерзім өткен соң ол өзінің жұмыс істеуін тоқтатады (таратылады, жойылады) (бұдан әрі - ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтату).
      ЕЭА-ның жұмыс істеуін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаудың негіздері мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттер осы Келісім күшіне енгеннен кейін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпараттың Кеден одағының комиссиясына жіберілуін қамтамасыз етеді.

5-бап
ЕЭА аумағында жүзеге асырылатын қызмет түрлері

      ЕЭА аумағында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік және өзге қызмет жүзеге асырылуы мүмкін.
      Кеден одағының комиссиясы ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлерін белгілеуге құқылы. Бұл ретте ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлерін белгілеу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы консенсус арқылы қабылдайды.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында осы мемлекеттердің аумақтарында құрылған (құрылатын) ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлері белгіленуі мүмкін.

6-бап
ЕЭА резиденттерін (қатысушыларды) тіркеу және
ЕЭА резиденттерінің (қатысушылардың) тізілімін жүргізу

      1. ЕЭА резидентін (қатысушыны) (бұдан әрі - резидент) тіркеу тәртібі мен шарттары, оның ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген жеріне және (немесе) тұрған жеріне немесе резидент мәртебесін алуға үміткер дара кәсіпкердің тұрғылықты жерінің мекенжайына қойылатын талап, резидент мәртебесін алуға үміткер заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талап кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында тұлғаны порттық немесе логистикалық ЕЭА резиденті ретінде тіркеу шарттарының бірі кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді беру болып табылатыны айқындалуы мүмкін.
      2. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер кеден одағына мүше мемлекеттің резиденттер тізіліміне тиісті жазу енгізілген күннен бастап резидент деп танылады.
      Нысаны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын куәлік тұлғаны резидент ретінде тіркеуді куәландыратын құжат болып табылады. Кеден одағының комиссиясы тұлғаның резидент ретінде тіркелуін куәландыратын куәліктің бірыңғай нысанын айқындауға құқылы.
      3. Резиденттердің тізілімін жүргізу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттер резиденттердің тізіліміне енгізілген резиденттер туралы мәліметтердің Кеден одағының комиссиясына берілуін қамтамасыз етеді. Осындай мәліметтерді беру тәртібін Кеден одағының комиссиясы айқындайды.
      Кеден одағының комиссиясы табыс еткен мәліметтердің негізінде резиденттердің жалпы тізілімін жасайды және оның кезеңдік жарияланымын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз етеді.

7-бап
Қызметті ЕЭА аумағында жүзеге асыратын тұлғалар

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес резиденттер, сондай-ақ резидент болып табылмайтын өзге де тұлғалар ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыра алады.
      2. Резидент ЕЭА аумағындағы қызметін ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (ЕЭА-дағы қызметтің шарттары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға) (бұдан әрі - ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісім) сәйкес жүзеге асырады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында ЕЭА аумағында резиденттің ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімде көзделмеген қызметті ЕЭА аумағында жүзеге асыруы кезінде резиденттің кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимін қолданбай осындай қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.

8-бап
ЕЭА аумағында кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың
ерекше (арнайы құқықтық) режимі

      ЕЭА аумағында резиденттің кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін салық салудың ерекше режимін беруді, сондай-ақ ЕЭА аумағында кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында жалпыға бірдей белгіленген жағдайға қарағанда, өзге де неғұрлым қолайлы жағдай жасауды білдіретін кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимі қолданылады.

9-бап
ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі туралы
жалпы ережелер

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі ЕЭА аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін (бұдан әрі - еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА-ның аумағы).
      2. ЕЭА аумағы кеден одағының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
      3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған ЕЭА аумағына әкелінген тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаты үшін кеден одағының кедендік аумағынан тыс тұрған тауарлар ретінде қаралады.
      4. ЕЭА порттық және логистикалық шектері кеден одағының кедендік шекарасы болып табылады.
      5. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімдерінің күші:
      1) порттық немесе логистикалық ЕЭА-ға әкелінетін халықаралық тасымалдың көлік құралдарына және осы көлік құралдарымен тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты порттық немесе логистикалық ЕЭА-дан әкетілетін көлік құралдарына, сондай-ақ порттық немесе логистикалық ЕЭА-ға әкелінетін және порттық немесе логистикалық ЕЭА-дан әкетілетін және кеден одағының кедендік аумағы арқылы тауарларды ішкі тасымалдауды жүзеге асыруға арналған көлік құралдарына;
      2) теңіз порты, өзен порты, әуежай әкімшілігі, резидент болып табылмайтын және теңіз, өзен портында, әуежайда кеме қатынасының қауіпсіздігін, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін, теңіз, өзен портының, әуежайдың инфрақұрылым объектілерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды немесе теңіз, өзен портында, әуежайда қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар порттық ЕЭА-ға әкелетін немесе порттық ЕЭА-дан кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін кеден одағының тауарларына;
      3) осы ЕЭА-ның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты логистикалық ЕЭА әкімшілігі кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне логистикалық ЕЭА-ға әкелінетін немесе логистикалық ЕЭА-дан кетілетін кеден одағының тауарларына;
      4) порттық немесе логистикалық ЕЭА-ға әкелінетін және әкетілетін тауарларға қолданылатын, кедендік рәсіммен осындай әкелуге дейін одан тысқары орналастырылған тауарларға;
      5) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының Калининград және Магадан облыстарында құрылған ерекше экономикалық аймақтардың аумақтарындағы немесе осындай аумақтарға әкелінетін кеден одағының тауарларына қолданылмайды.
      6. ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылмаған кеден одағының тауарлары, және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
      7. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағындағы кедендік бақылауды кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асырады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы кедендік бақылауды жүргізу мақсатында жайластырылуы тиіс.
      Осындай аумақтың периметрін қоршау, бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру бойынша талаптарды қоса алғанда, кедендік бақылауды жүргізу мақсатында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталады.
      Осындай аумаққа адамдардың кіру тәртібін айқындауды қоса алғанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

10-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің мазмұны

      1. Еркін кедендік аймақ - тауарлар ЕЭА аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кеден одағының тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік рәсім.
      2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарлары кеден одағының тауарлары мәртебесін сақтайды.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларынан және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылмаған кеден одағының тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауарлары мәртебесін алады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар мен еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және кеден одағының дайындалған (алынған) тауарлар (бұдан әрі - еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар) осы тармақтың төртінші - алтыншы бөліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, шетел тауарларының мәртебесін алады.
      Егер еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мұндай тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан тысқары шығарумен аяқталатын болса, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау осы Келісімнің 19-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындауды осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, осы Келісімнің 19-бабына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген резиденттер жүзеге асырады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындауды мемлекеттік тіркеуі Калининград облысында жүзеге асырылған және 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Калининград облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы» Ресей Федерациясының 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 13-ФЗ Федералдық заңының (бұдан әрі - Ресей Федерациясының № 13-ФЗ Федералдық заңы) негізінде қызметті жүзеге асырған тұлғалар осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, 2016 жылғы 1 сәуірге дейін осы Келісімнің 19-бабына сәйкес жүзеге асырады.
      3. 2010 жылғы 1 мамырға дейін тіркелген резиденттер, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуі Калининград облысында жүзеге асырылған және 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қызметті Ресей Федерациясының № 13-ФЗ Федералдық заңының негізінде жүзеге асырған тұлғалар үшін Кеден одағының комиссиясы осы Келісімнің 19-бабында айқындалған жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін орындауға қарамастан, шетел тауарлары мәртебесін алатын еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған  (алынған) тауарлар тізбесін белгілеуге құқылы. Көрсетілген тауарлар тізбесі, егер мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда қолданылады.
      4. 2010 жылғы 1 мамырға дейін тіркелген жекелеген резиденттерге, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуі Калининград облысында жүзеге асырылған және 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қызметті Ресей Федерациясының № 13-ФЗ Федералдық заңының негізінде жүзеге асырған жекелеген тұлғаларға қатысты Кеден одағының комиссиясы, егер мұндай тауарларды кеден одағының кедендік аумағына шығару кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикалық саласына елеулі экономикалық залал келтіретіндей немесе мұндай залалды келтіру қаупін туғызатындай өспелі көлемде және шарттарда жүзеге асырылған жағдайда, кеден одағының тауарлары болып танылуы мүмкін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар саны бойынша шектеу белгілеуге құқылы. Көрсетілген шектеулерді белгілеу туралы шешім Кеден одағының комиссиясы айқындаған тәртіппен консенсус арқылы және егер мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда қолданылады.
      5. Порттық немесе логистикалық ЕЭА-ға әкелінетін (әкелінген) кеден одағының тауарларын қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) кеден одағының тауарлары тауарларды кеден органы кеден одағының кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларациясын тіркеген кезінен бастап кедендік бақылауда болады.
      Порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін (әкелінген) кеден одағының тауарлары оларды порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген кезден бастап кедендік бақылауда болады.
      6. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарлары авария немесе еңсерілмейтін күш әрекеті салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтау және (немесе) пайдаланудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи шығасылар нәтижесінде олардың жойылу (өтемсіз жоғалуы) фактісін кеден органы мойындағаннан кейін кедендік бақылауда түр деп есептелмейді.

11-бап
Тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен
орналастыру шарттары

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімге сәйкес резиденттердің кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асыруы мақсатында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын, ЕЭА аумағында орналастыруға және (немесе) резиденттердің пайдалануына арналған тауарлар, сондай-ақ осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген тауарлар орналастырылады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен порттық немесе логистикалық ЕЭА резиденттері болып табылмайтын және порттық немесе логистикалық ЕЭА резидентімен тауарларды жинау (сақтау) тиеу (түсіру) бойынша және тауарларды сақтауға, сақталуын қамтамасыз етуге байланысты басқа жүк операциялары бойынша қызметтер көрсетуге, сондай-ақ Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша сыныптамалық кодының өзгеруіне байланысты тауарлардың сипаттамаларын өзгертпейтін осындай қызметтерді көрсету кезінде тауарлармен жасалатын операциялар жағдайында партияларды ұсақтауды, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, буып-түюді, қайта буып-түюді, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға дайындау бойынша шарт жасасқан тұлғалардың порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына орналастыруға арналған тауарлар орналастырылады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен «Калининград облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы және Ресей Федерациясының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Ресей Федерациясының 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 16-ФЗ сәйкес (бұдан әрі - Ресей Федерациясының № 16-ФЗ Федералдық заңы) құрылған Ерекше экономикалық аймақтың аумағына, мемлекеттік тіркеуі Ресей Федерациясының Федералдық заңында көрсетілген мақсаттарға сәйкес орналастыру мен пайдалану үшін Калининград облысында жүзеге асырылған заңды тұлғалар Ресей Федерациясының Калининград облысының аумағына (бұдан әрі - Калининград облысындағы ЕЭА) әкелген шетел тауарлары орналастырылады.
      2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен кеден одағының аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар және кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар орналастырылмайды.
      Кеден одағының комиссиясы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын басқа тауарлардың тізбесін белгілеуі мүмкін. Бұл ретте еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын басқа тауарлардың тізбесін белгілеу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы консенсус арқылы қабылдайды.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында осы мемлекеттердің аумақтарында құрылған (құрылатын) ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын басқа тауарлардың тізбесі белгіленуі мүмкін.
      3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен осы Келісімнің 9-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында белгіленген жағдайды қоспағанда, бұрын басқа кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      4. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, кеден одағының кедендік заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік декларациялауға жатады.
      5. Тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік декларациялау порттық ЕЭА аумағында орналасқан теңіз портының, өзен портының, әуежай инфрақұрылымының объектілерін немесе логистикалық ЕЭА инфрақұрылымының объектілерін салу, қайта жаңарту мақсатында резиденттер порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелетін шетел тауарларын қоспағанда, кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағынан порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына шетел тауарларын әкелген кезде талап етілмейді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін және кедендік декларациялауға жататын еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын шетел тауарлары белгіленуі мүмкін.
      6. Порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген кезде кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларға қатысты тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келуімен байланысты кедендік операциялар ғана жасалады. Бұл ретте осы Келісімнің 9-бабы 5-тармағының 1)4) тармақшаларында көрсетілген тауарларды қоспағанда, мұндай тауарлар оларды порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген кезден бастап еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар деп есептеледі.
      7. Порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген және кедендік декларациялауға жататын тауарларға арналған кедендік декларация оларды порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
      8. Резидент, сондай-ақ осы баптың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген тұлғалар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналасатын тауарлардың декларанты бола алады.
      Резидент өзі резиденті болып табылатын ЕЭА аумағында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шарттың негізінде порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағында орналасатын тауарлардың декларанты бола алады.
      9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін аяқтаған кезде тауарлары осы баптың 10-12-тармақтарында және осы Келісімнің 15-бабының 34 және 6-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналасқан резидент қана тауарлардың декларанты бола алады.
      10. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген порттық және логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген немесе порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағынан кеден одағы кедендік аумағының қалған бөлігіне немесе оның шегінен тысқары шығарылған тауарлардың декларанты резидент немесе Кеден одағы кеден кодексінің 186-бабы 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген өзге де тұлғалар болуы мүмкін.
      11. Ресей Федерациясының Калининград облысында мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлға осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген, Калининград облысындағы ЕЭА аумағына әкелінген тауарлардың декларанты бола алады.
      Калининград облысындағы ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік  рәсімі аяқталған кезде кедендік аймақтың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант болған заңды тұлға немесе Кеден одағы кеден кодексінің 186-бабы 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген өзге де тұлғалар тауарлардың декларанты болуы мүмкін.
      12. «Магадан облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы» Ресей Федерациясының 1999 жылғы 31 мамырдағы № 104-Ф3 Федералдық заңына сәйкес Магадан облысында құрылған Ерекше экономикалық (бұдан әрі - Магадан облысындағы ЕЭА) аймақтағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде кедендік аймақтың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант болған заңды тұлға немесе Кеден одағы кеден кодексінің 186-бабы 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген өзге де тұлғалар тауарлардың декларанты болуы мүмкін.
      13. Тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз ету талап етілмейді.

12-бап
Тауарлардың еркін кедендік аймақтың
кедендік рәсімімен болу мерзімі

      Тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырған тұлға резидент мәртебесін жоғалтқан немесе еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдануды аяқтау туралы шешім қабылданған жағдайларды қоспағанда, тауарлар ЕЭА-ның жұмыс істеуі мерзімі шеңберінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен болуы мүмкін.

13-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіммен орналастырылған
тауарлармен жасалатын операциялар

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты, егер мұндай операцияларды жасау ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімнің талаптарына сәйкес келсе, кез келген операцияларды жасауға, оның ішінде:
      1) тауарларды қоймаға жинауға (сақтауға, жинақтауға, бөлшектеуге);
      2) тауарларды тиеу (түсіру) бойынша операцияларға және сақтауға байланысты өзге де жүк операцияларына;
      3) тауарларды сақтау үшін қажетті операцияларға, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға дайындау жөніндегі жай операцияларға, тауар сапасын жақсарту жөніндегі операцияларға;
      4) осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқықтарын беру бойынша мәмілелер жасауды көздейтін операцияларға;
      5) оларды жүргізу нәтижесінде тауарлар өзіндік жеке сипаттамаларын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) бойынша және (немесе) тауарларды дайындау (жинақтауды, бөлшектеуді, монтаждауды, шақтауды қоса алғанда) жөніндегі, сондай ақ тауарларды жөндеу жөніндегі операцияларға;
      6) тауарларды тұтынуға рұқсат беріледі.
      2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарларға қатысты Кеден одағы кеден кодексінің 155-бабына сәйкес сынамалар мен үлгілерді іріктеу бойынша операцияларды жасауға рұқсат беріледі.
      3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес оларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын бір ЕЭА-ның аумағынан еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын екінші ЕЭА-ның аумағына ауыстыруға осы Келісімнің 15-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда рұқсат беріледі.
      4. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, тіптен егер бұл тауарлар осы Келісімнің 14-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік органға берілетін есептілікте мұндай тауарларды тұтыну фактісі міндетті көрсетіле отырып, тауарды дайындау (алу) процесінде толық немесе ішінара тұтынылатын болса да, оларды дайындауға (алуға) жәрдем көрсететін және оны жеңілдететін тауарлар ретінде пайдалануға рұқсат беріледі.
      5. Кеден одағының комиссиясы еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлармен жасалуына тыйым салынған операциялардың тізбесін белгілеуге құқылы. Бұл ретте еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлармен жасалуына тыйым салынған операциялардың тізбесін белгілеу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы консенсус арқылы қабылдайды.
      6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында бұл мемлекеттердің аумағында құрылған (құрылатын) ЕЭА-да еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлармен жасалуға тыйым салынған операциялардың тізбесі белгіленуі мүмкін.

14-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын
ЕЭА аумағында кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағында орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операциялар осы бапта белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Кеден одағының кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Порттық және логистикалық ЕЭА-ны қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағына тауарларды әкелу мұндай әкелу туралы кеден одағына хабарлай отырып, жүзеге асырылады, ал еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағынан тауарларды әкету кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына тауарларды әкелу кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      ЕЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама беру, ЕЭА аумағынан тауарларды әкелуге рұқсат беру тәртібі мен ЕЭА аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ мұндай құжаттардың нысандары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
      3. Кеден органдары Кеден одағының кеден кодексінде белгіленген тәртіппен еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға құқылы.
      4. Резидент еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және еркін кедендік аймақтың кедендік
рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізеді және аумағында ЕЭА құрылған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсынады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен болған кез келген өзгерістер есеп құжаттарында көрсетілуге тиіс.
      Мемлекеттік тіркелуі Ресей Федерациясының Калининград облысында жүзеге асырылған заңды тұлғалар Ресей Федерациясының кеден органының талабы бойынша еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізеді және кеден органына мұндай тауарлар туралы есептілік ұсынады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізу тәртібі, сондай-ақ кеден органына есептілік ұсыну тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
      5. Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетін тауарларға қолданылатын кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың порттық ЕЭА-дан кетуі кезінде порттық ЕЭА резиденті кеден органына түсіру орны (порт, әуежай) кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан орын болып табылатынын растайтын көліктік тасымал құжатын ұсынады.
      Егер тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілетін көлік құралдары кеден одағының кедендік аумағында орналасқан теңіз портында, өзен портында немесе әуежайда кемінде бір аралық аялдама жасайтын болса, порттық ЕЭА резиденті соңғы теңіз портынан, өзен портынан, әуежайдан тауарлар кеткеннен кейін үш күннен кешіктірмей порттық ЕЭА-дан тауарларды әкетуге рұқсат берген кеден органына кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге мұндай тауарлардың нақты кетуін растайтын құжаттар табыс етуге міндетті.

15-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуы:
      1) осындай тауарларды және (немесе) осы Келісімнің 17-бабын ескере отырып, кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленген еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды кедендік рәсімдер арқылы орналастырумен;
      2) осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайда;
      3) осы баптың 7-10-тармақтарында белгіленген жағдайларда аяқталады.
      2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуы:
      1) ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтатқан немесе еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда;
      2) тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырған тұлға резидент мәртебесін жоғалтқан жағдайда;
      3) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкету үшін;
      4) резидент еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын өзге тұлғаға берген кезде аяқталуға тиіс.
      3. Осы тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырған резидент еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын өзге резидентке берген кезде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығы берілген резиденттің осындай тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастыруы арқылы аяқталады.
      4. ЕЭА жұмыс істеуін тоқтатқан немесе еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, оның аумағында тұрған еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ЕЭА жұмыс істеуін тоқтатқан күннен бастап төрт ай ішінде Кеден одағының кеден кодексінде белгіленген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалмаса, Кеден одағы кеден кодексінің 21-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстайды.
      5. ЕЭА жұмыс істеуін тоқтатқан немесе еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға берілген және резиденттің ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдық, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және ЕЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектісін құруға пайдаланылған тауарлар кедендік бажды, салықтарды төлемей, тыйым салу мен шектеулерді қолданбай және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тәртіппен ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырмай кедендік бақылауда тұрмаған кеден одағының тауары болып танылады.
      Кеден одағының комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды кедендік бажды, салықтарды төлемей, тыйым салу мен шектеулерді қолданбай және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырмай кедендік бақылауда тұрмаған кеден одағының тауарлары деп танудың жалпы тәртібін белгілеуге құқылы.
      6. Тұлға резидент мәртебесін жоғалтқан жағдайда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тұлғаның резидент мәртебесін жоғалтқан күннен бастап төрт ай ішінде Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
      Егер резидент мәртебесіне ие болған тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасамаса, Кеден одағы Кеден кодексінің 21-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстайды.
      7. Тұлға порттық немесе логистикалық ЕЭА резиденті мәртебесін жоғалтқан жағдайда, осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шартты сондай резидентпен жасаған тұлғалар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырған тауарлар тұлға резидент мәртебесін жоғалтқан күннен бастап төрт ай ішінде осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген және осындай өзге резидентпен жасалатын шарт негізінде порттық немесе логистикалық ЕЭА өзге резидентіне берілуі не кеден одағының кеден кодексінде белгіленген кедендік рәсімдерге орналастырылуы мүмкін.
      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалмаса, Кеден одағы кеден кодексінің 21-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстайды.
      8. Тұлға ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімінің өтуіне және осы келісімнің шарттары орындалуына байланысты резидент мәртебесін жоғалтқан жағдайда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға берілген және резидент ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімді іске асыру үшін пайдаланатын жабдық, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және ЕЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құруға пайдаланылған тауарлар кедендік бажды, салықтарды төлемей, тыйым салу мен шектеулерді қолданбай және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тәртіппен ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылмай кедендік бақылауда тұрмаған кеден одағының тауары болып танылады.
      Кеден одағының комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды кедендік бажды, салықтарды төлемей, тыйым салу мен шектеулерді қолданбай және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырмай, кедендік бақылауда тұрмаған кеден одағының тауарлары деп танудың жалпы тәртібін белгілеуге құқылы.
      9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға осы Келісімнің 13-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында белгіленген операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар, егер көрсетілген қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйде қайта өңделсе, Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды. Бұл ретте еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз қалдықтар санына сәйкес келетін және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын бөлігінде кедендік бақылауда тұрған жоқ деп есептеледі. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі осындай тауарларға қатысты оларды өзге кедендік рәсімдерге орналастырмай аяқталады.
      10. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан пайда болған және осы Келісімнің 13-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында белгіленген операцияларды жасау нәтижесінде қайтарымсыз жоғалған өндірістік шығындар Кеден одағының кеден кодексінде белгіленген кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайды. Бұл ретте еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, өндірістік шығындар санына сәйкес келетін және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын бөлігінде кедендік бақылауда тұрмаған деп есептеледі. Осындай тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі оларды өзге кедендік рәсімдерге орналастырмай аяқталады.

16-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылатын
(орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын,
салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және
оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру үшін берілген кеден органының кедендік декларацияны тіркеген сәтінен бастап туындайды.
      Декларантта порттық немесе логистикалық ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына оларды әкелген сәттен бастап туындайды.
      Осы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шартты жасаған порттық немесе логистикалық ЕЭА резидентінде кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан порттық немесе логистикалық ЕЭА-ның аумағына әкелінетін және оларға қатысты кедендік декларациялау көзделмеген шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына осындай тауарларды әкелген кезден бастап туындайды.
      2. Декларантта кедендік одақтың еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) осындай тауарларға қатысты осы Келісімге сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған;
      2) Кеден одағы кеден кодексінің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып:
      1) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарларды, осындай тауарларды Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленген кедендік рәсімдерге орналастырғанға дейін ЕЭА аумағынан әкеткен кезде - еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағынан әкетілген күн, егер бұл күн анықталмаса, - еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағынан әкету фактісі анықталған күн;
      2) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды, осындай тауарларды Кеден одағының кеден кодексінде белгіленген кедендік рәсімдерге орналастырғанға дейін өзге тұлғаға берген кезде - тауарларды берген күн, егер бұл күн анықталмаса, осындай беру фактісі анықталған күн;
      3) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жоғалуды не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен дайындалған (алынған) тауарлар жоғалған кезде -тауарлардың жоғалған күні, егер бұл күн анықталмаса - осындай жоғалу фактісі анықталған күн есептеледі.
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар осындай тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге немесе егер еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылған болса, порттық немесе логистикалық ЕЭА-ға тауарларды әкелу күніне есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді есептеместен, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, әкелу кедендік баждарының сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.

17-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде
кедендік баждарды, салықтарды есептеу ерекшеліктері

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде кедендік баждарды, салықтарды есептеу осы бапта белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарлар орналастырылатын кедендік рәсім үшін белгіленген кедендік баждарды, салықтарды есептеу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      2. Тасымалдың (тасымалдаудың), сақтаудың және (немесе) қолданудың (пайдаланудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгермейтін жағдайда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын және кеден одағының кедендік аумағы шегінен тыс жерге әкетілетін шетелдік тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде, осындай тауарлар кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылады.
      3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларына қатысты, егер осындай тауарлар кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетілетін болса, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі осындай тауарларды немесе кеден одағының тауарларынан дайындалған (алынған), оның ішінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылмаған экспорты кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      Кеден одағының тауарларына қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған және осындай тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде әкетілетін кедендік баждар төлеуге жатады.
      Әкетілетін кедендік баждарды есептеу кезінде кедендік баждың ставкасы, тауар құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген тауарлар саны мен валюта бағамы экспорттың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.
      4. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған  және осы Келісімнің 13-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген операцияларға тартылмаған шетелдік тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған және осындай тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде, егер тарифтік преференциялар, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер белгіленбеген болса, кедендік әкелу баждары, салықтар төленеді.
      Кедендік әкелу баждарын есептеу кезінде кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, тауардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген тауарлар саны мен валюта бағамы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған ЕЭА аумағында қызметін жүзеге асыру туралы келісімді іске асыру үшін пайдалануға берілген және резидент пайдаланатын жабдықтарға, сондай-ақ порттық немесе логистикалық ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын есептеу кезінде, кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, тауардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына  сәйкес белгіленген тауарлар саны мен валюта бағамы, осындай тауарлар осы күні кеден одағының кедендік аумағына әкелінгендей, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.
      5. Тасымалдың (тасымалдаудың), сақтаудың және (немесе) қолданудың (пайдаланудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгермейтін жағдайда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын және кеден одағының кедендік аумағы шегінен тыс жерге әкетілетін тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде, осындай тауарлар кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылды.
      6. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі, егер еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылса және кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетілген болса, тауарлар экспорты кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік рәсім, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) және кеден одағының тауарлары деп танылған тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталған кезде, әкетілетін кедендік баждар төлеуге жатады.
      Әкетілетін кедендік баждарды есептеу кезінде кедендік баждың ставкасы, тауар құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген тауарлар саны мен валюта бағамы экспорттың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.
      7. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты, егер тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылмаған және кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетілетін болса, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды тауарлардың кері экспорты кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталады.
      8. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі:
      тек осындай тауарлардан, оның ішінде осындай тауарлар кеден одағының кедендік аймағынан тыс жерге әкетілмейтін жағдайда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылмаған кеден одағының тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды;
      егер дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылса және кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетілмеген жағдайда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарлардан және шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды;
      егер дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауары болып танылса және кеден одағының кедендік аумағы шегінен тыс жерге әкетілмеген жағдайда, осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылмаған кеден одағының тауарларын және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, кері импорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі, егер шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылса және кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетілмейтін болса, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың кері экспорты кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі, егер еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарлар, кеден одағының тауары болып танылмаған және кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетілмеген жағдайда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының Кеден кодексінің 202-бабының 1-тармағының 1), 4), 5), 7), 8), 12) - 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсіммен аяқталады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осы Келісімнің 20-бабына сәйкес жүзеге асырылатын еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру жағдайында әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарды дайындау (алу) кезінде пайдаланылған, және кедендік аймақтың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне ал порттық және логистикалық ЕЭА-да тауарлар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған күніне шетелдік тауарларға қатысты айқындалған кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, тауар құны және (немесе) олардың табиғи түрдегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) қолданылады.
      Кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу кезінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларға қатысты кедендік декларацияны кедендік орган тіркеген күні еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарларда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осы Келісімнің 20-бабына сәйкес жүзеге асырылатын сәйкестендіру болмаған жағдайда кеден одағының Кеден кодексінің 202-бабының 1-тармағының 1), 4), 5), 7), 8), 12) - 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарларға қатысты айқындалған кедендік әкелу баждарының, салықтардың ставкалары, кедендік құн, тауарлардың саны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) қолданылады.

18-бап
Тауарлардың кедендік құны

      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға, сондай-ақ еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде, осындай тауарлардың кедендік құны Кеден одағы комиссиясының шешімімен, сондай-ақ осы Келісіммен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге сәйкес айқындалады.

19-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған
шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған)
тауардың мәртебесін айқындау

      1. Кедендік мақсаттар үшін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындау тауарлардың жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жүргізіледі, олар:
      1) Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың жіктеу кодының кез келген бірінші төрт белгісінің деңгейіндегі өзгерісі;
      2) тауарды кеден одағының тауары деп тану үшін жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялардың қажетті шарттарын орындауы;
      3) пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе қосылған құны түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлеске жеткен кездегі, тауар құнының өзгерісі (адвалорлық үлес ережесі) түрінде көрінуі мүмкін.
      2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауар, егер тауарды дайындау (алу) бойынша операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде мынадай шарттардың бірі орындалса:
      осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың жіктеу кодының кез келген бірінші төрт белгісінің деңгейінде өзгеріс болса;
      еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлестен аспаса немесе осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қосылған құн түпкілікті өнім бағасында белгіленген үлеске жетсе;
      тауарларға қатысты, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары деп тануға жеткілікті шарттар, өндірістік және технологиялық операциялар орындалса, кеден одағының тауары деп танылады.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауар, тауарға қатысты өзге шарттардың орындалуына қарамай, егер жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне жауап бермейтін операциялар ғана жүзеге асырылса, кеден одағының тауары деп танылмайды.
      Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша кез келген бірінші төрт белгісі деңгейіндегі тауардың жіктеу кодының өзгеруі, егер тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды кеден одағының тауары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі белгіленсе, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде қолданылмайды.
      3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды, пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды кеден одағының тауары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін, сондай-ақ жүзеге асырылуы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін аяқтау кезіндегі кеден мақсаттары үшін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне жауап бермейтін операциялар тізбесін Кеден одағының комиссиясы айқындайды. Кеден одағы комиссиясының көрсетілген шешімі консенсуспен қабылданады.
      4. Кеден одағының комиссиясы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде адвалорлық үлес ережесін пайдалану тәртібін айқындайды. Кеден одағы комиссиясының көрсетілген шешімі консенсуспен қабылданады.
      Адвалорлық үлес ережесі кеден одағы тауарларын жөндеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде пайдаланылмайды.
      5. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін аяқтау кезінде кедендік мақсаттар үшін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындауды осы бапта белгіленген тәртіппен кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы жүзеге асырады.
      6. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін аяқтау кезінде кедендік мақсаттар үшін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін растайтын құжат ретінде кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары деп тану туралы қорытындыны немесе еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары болып табылмайды деп тану туралы қорытынды береді.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары деп тану және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары болып табылмайды деп тану туралы қорытындыларды толтыру нысанын, тәртібін, сондай-ақ оларды беру және қолдану тәртібін Кеден одағының комиссиясы айқындайды.
      Кеден одағының комиссиясы көрсетілген қорытындылардың электрондық түріне қойылатын талаптарды белгілеуі мүмкін.
      7. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), тауардың мәртебесін растайтын құжат жоқ болған, жойылған немесе жарамсыз деп танылған кезде мұндай тауар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде - оны кеден одағының кедендік аумағынан шығару мақсатына арналған кеден одағының тауары ретінде, ал өзге мақсаттарда шетелдік тауар ретінде қаралады.

20-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған
шетелдік тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне
орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып
дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер:
      1) резиденттің немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
      2) шетелдік тауарлар масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
      3) шетелдік тауарларды және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
      4) тауарларда бар таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
      5) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар сипаты және осы Келісімнің 13-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жасалатын операциялар негізінде, оның ішінде осы Келісімнің 13-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген операциялар жасаудың технологиялық процесінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ оларды өндіру технологиясы туралы немесе осы Келісімнің 13-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер пайдаланылуы мүмкін.
      2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүргізу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

21-бап
2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында тауарлардың экспорты
мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың
төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы қолдану ерекшеліктері

      1. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың 2-бабының нормалары еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) кеден одағының тауарларына қатысты қолданылмайды.
      2. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы хаттаманың 1-бабында белгіленген тәртіппен қосымша құн салығының нөлдік ставкасын қолданудың негізділігін растау үшін, тауарларды кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына өткізген және кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырған жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштің орнына салық органына мұндай тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастыруға негіз болған кедендік декларацияның кеден одағы растаған көшірмесі беріледі.

22-бап
Резиденттің мәртебесі туралы өтпелі ережелер

      Осы Келісім күшіне енген күні резиденттер болып табылатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер осы Келісім күшіне енгенге дейін қолданылған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың резидент мәртебесін алған күнінен бастап резиденттер тізіліміне енгізілді деп танылады.

23-бап
Тауарлар мәртебесі туралы өтпелі ережелер

      1. Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында құрылған ЕЭА-дағы және осы Келісім күшіне енгенге дейін еркін кедендік аймақтың кедендік режиміне орналастырылған тауарлар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырған болып саналады.
      2. Осы Келісімнің күшіне енген күніне кеден мақсаттары үшін Беларусь Республикасында отандық тауарлардың, Қазақстан Республикасында қазақстандық тауарлардың және Ресей Федерациясында ресейлік тауарлардың мәртебесі болған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылады.
      3. Осы Келісімнің 19-бабында көзделген Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енгенге дейін шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды кеден одағының тауарлары деп тану мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері қолданылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шығарылған жері кеден одағына мүше мемлекеттер екендігі Беларусь Республикасы үшін СТ-1 нысанды тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен, Қазақстан Республикасы үшін СТ- КZ нысанды тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен, Ресей федерациясы үшін СТ-1 нысанды тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен, Калининград облысындағы Ерекше экономикалық аймақ аумағында жеткілікті қайта өңдеуге түскен тауардың шығарылған жері сертификатымен және Магадан облысындағы Ерекше экономикалық аймақ аумағында жеткілікті қайта өңдеуге түскен тауардың шығарылған жері сертификатымен расталған тауарлар кеден одағының тауарлары болып табылады.

24-бап
Ресей Федерациясының Калининград және Магадан облыстарында
құрылған ерекше экономикалық аймақтарға қатысты өтпелі ережелер

      1. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап Ресей Федерациясы үшін Калининград облысындағы ЕЭА-га қатысты осы Келісімнің мынадай ережелері қолданылады:
      18-баптар;
      7-тармақтың бірінші, үшінші - бесінші бөліктерін қоспағанда, 9-бап;
      1011-баптар;
      13-баптың 124-тармақтары (инвестициялық декларацияға  сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру үшін резиденттер Калининград облысындағы ЕЭА аумағына әкелетін тауарларға қатысты), 5 және 6-тармақтары;
      14-баптың 4-тармағы;
      1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасын (Калининград облысындағы ЕЭА-ға еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған және Ресей Федерациясының Калининград облысы мен кеден одағына мүше емес мемлекеттер арасында халықаралық тауарлар, жолаушылар мен багаж тасымалдауды және Ресей Федерациясының Калининград облысы мен Ресей Федерациясының қалған бөлігі арасында тауарлар, жолаушылар мен багаж тасымалдауды орындайтын көлік құралдары бөлігінде), 3 - 6-тармақтарын қоспағанда, 15-бап;
      1727-баптар.
      Калининград облысындағы ЕЭА-ның жұмыс істеу және осы Келісімнің қолданылмайтын бөлігінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдану тәртібі Ресей Федерациясының № 16-ФЗ Федералдық заңына сәйкес айқындалады.
      2. Ресей Федерациясы үшін Магадан облысындағы ЕЭА-ға қатысты осы Келісім күшіне енген күннен бастап осы Келісімнің мынадай ережелері қолданылады:
      18-баптар;
      7-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, 9-бап;
      1011-баптар;
      13-баптың 12 және 46-тармақтары;
      14 - баптың 4-тармағы;
      1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасын (Магадан облысындағы ЕЭА-ға қатысушылар өз өндірістік мұқтаждықтары үшін Магадан облысы аумағының қалған бөлігіне әкететін тауарлар бөлігінде), сондай-ақ 4) тармақшасын, 3 - 6-тармақтарын қоспағанда 15-бап;
      1727-баптар.
      Магадан облысындағы ЕЭА-ның жұмыс істеу және осы Келісім қолданылмайтын бөлігінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдану тәртібі «Магадан облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы» Ресей Федерациясының 1999 жылғы 31 мамырдағы № 140-ФЗ Федералдық заңына сәйкес айқындалады.
      3. Ресей Федерациясының Калининград облысындағы ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған және Ресей Федерациясының Калининград облысы мен кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер арасында халықаралық тауарлар, жолаушылар мен багаж тасымалдауды және Ресей Федерациясының Калининград облысы мен Ресей Федерациясының қалған бөлігі арасында тауарлар, жолаушылар мен багаж тасымалдауды орындайтын көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалану үшін тауарларды өткізу тәртібін және оларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жасау тәртібін реттейтін халықаралық Келісімде белгіленген бажсыз әкелу нормаларының шегінде жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетілетін тауарларды қоспағанда, Калининград облысындағы ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар және шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), Калининград облысындағы ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар Ресей Федерациясының Калининград облысы аумағынан кеден одағының қалған кедендік бөлігіне еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталмайынша шығарылмайтынына кепілдік береді.

25-бап
Өзгерістер енгізу

      Осы Келісімге Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

26-бап
Дауларды шешу

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар ең алдымен, келіссөздер және консультациялар өткізу жолымен шешіледі.
      2. Егер даудың бір тарапы даудың екінші тарапына оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде дау тараптары дауды консультациялар және келіссөздер жолымен реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешуге қатысты басқа уағдаластық болмаған кезде, дау тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін жібере алады.
      3. Кеден одағының комиссиясы Тараптарға дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін бергенге дейін реттеуге жәрдем көрсетеді.

27-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Келісім ратификациялауға жатады және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісімнің 5-бабы екінші бөлігінің, 11-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің, 13-бабы 5-тармағының ережелері осы баптың 1-бөлігіне сәйкес, бірақ депозитарий Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың бірінші пакетіне енгізілген келісімдер бойынша соңғы ратификациялық грамотаны алған күнінен ерте емес күшіне енеді.
      2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын Кеден одағының комиссиясында сақталады және ол кеден одағына мүше әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

             Беларусь           Қазақстан            Ресей
          Республикасы        Республикасы        Федерациясы
              үшін                үшін               үшін