Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 222-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат;  N 13-14, 63-құжат; N 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; N 17, 82, 83-құжаттар):
      1) 177-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы в) тармағындағы "адам жасаған алаяқтық, -" деген сөздер "адам;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      "г) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -";

       2) 190-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "сақтаумен" деген сөзден кейін ", тасымалдаумен" деген сөзбен толықтырылсын;

       3) 193-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;

       4) 209-бапта:
      екінші бөлігінің бірінші абзацының в) тармағындағы "отырып жасалса" деген сөздер "отырып;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      "г) аса ірі мөлшерде жасалса, - ";
      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткізілген тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде және егер өткізілген тауарлардың құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.";

       5) 221-бапта:
      тақырыбы "салық" деген сөзден кейін "және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөліктің бірінші абзацында:
      "немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді" деген сөздер "және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салық немесе міндетті төлемдер төлемеуге" деген сөздер "салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

       6) 222-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке
                төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден
                жалтару

       1. Декларация табыс ету міндетті болып табылса да, декларацияны табыс етпеу не декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен, салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет, -
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер, -
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Ұйымның салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуі, егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған деп және егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған деп танылады.";

       7) 228-баптың екінші абзацында:
      "екі жүзден бес жүз" деген сөздер "бес жүзден сегіз жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "екі айдан бес айға" деген сөздер "алты айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "екі жылға" деген сөздер "төрт жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;

       8) 231-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында:
      "екі жүзден бес жүз" деген сөздер "бес жүзден сегіз жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "екі айдан бес айға" деген сөздер "бес айдан бір жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "дәл сол мерзімге" деген сөздер "үш жылға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында:
      "бес жүзден сегіз жүз" деген сөздер "сегіз жүзден бір мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бес айдан сегіз айға дейінгі" деген сөздер "сегіз айдан бір жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацында:
      "бес жүзден сегіз жүз" деген сөздер "бір мыңнан екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктің екінші абзацында:
      "жеті жүзден бір мың айлық" деген сөздер "екі мыңнан үш мың айлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жеті айдан бір жылға дейінгі" деген сөздер "бір жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бес жылға дейінгі мерзімге" деген сөздер "алты жылға дейінгі мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын;

       9) 307-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында:
      "жүзден екі жүз" деген сөздер "бес жүзден бір мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бір айдан екі" деген сөздер "екі айдан төрт" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында:
      "үш жүзден бес жүз" деген сөздер "бір мыңнан екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үш айдан бес" деген сөздер "төрт айдан алты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацында:
      "бес жүзден сегіз жүз" деген сөздер "екі мыңнан төрт мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бес айдан сегіз" деген сөздер "алты айдан сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесінде жасалған әрекеттер, -
      мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      ескертулерде:
      2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.";
      5-тармақ "176-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында," деген сөздерден кейін "177-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында," деген сөздермен толықтырылсын;

       10) 308-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы "жеті жылға" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен толықтырылсын;

       11) 310-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "310-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

       1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, -
      екі жүзден төрт жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сотталған адамның екі айдан төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекеттер, -
      екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сотталған адамның төрт айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымдағы адам жасаған әрекеттер, -
      төрт мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Лауазымды адамның мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау жөніндегі өкілеттіктерді беруге әкеп соққан іс-әрекеттер жасауы, -
      екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға жазаланады.";

       12) 311-бапта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы "сипатындағы" деген сөзден кейін "өзі немесе басқа адамдар үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;

       13) 312-бапта:
      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;

       14) 313-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "бес жүзден бір мың" деген сөздер "жеті жүзден екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "жеті жүзден екі мың" деген сөздер "бір мыңнан үш мың" деген сөздермен ауыстырылсын;

       15) 314-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында:
      "жүзден екі жүз" деген сөздер "жеті жүзден екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бір айдан екі" деген сөздер "төрт айдан алты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында:
      "үш жүзден бес жүз" деген сөздер "екі мыңнан төрт мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үш айдан бес" деген сөздер "алты айдан сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацында:
      "бес жүзден бір мың" деген сөздер "төрт мыңнан алты мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үш айдан жеті айға" деген сөздер "сегіз айдан бір жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;

       16) 315-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында:
      "жүзден екі жүз" деген сөздер "жеті жүзден екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бір айдан екі" деген сөздер "төрт айдан алты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында:
      "үш жүзден бес жүз" деген сөздер "екі мыңнан төрт мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үш айдан бес" деген сөздер "алты айдан сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацында:
      "бес жүзден сегіз жүз" деген сөздер "төрт мыңнан алты мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бес айдан сегіз айға" деген сөздер "сегіз айдан бір жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктің екінші абзацы "жеті жылға" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен толықтырылсын;

       17) 380-бапта:
      екінші бөліктің екінші абзацы "үш жылдан" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацы "бес жылдан" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжаттар; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат; N 15-16, 71, 73-құжаттар; N 17, 81, 83-құжаттар):
      1) 64-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тергеуші істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін, оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, осы Кодекске сәйкес оған жолын кесу шараларын таңдау, айыптау қорытындысын жасау жолымен оны қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
      Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, басқа адамдардың меншігіне берілген мүлікті анықтауға да шара қолдануға міндетті.";

       2) 67-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті.
      Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті.";

       3) 192-бапта:
      үшінші бөлігінде:
      "176-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында)," деген сөздерден кейін "177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында)," деген сөздермен толықтырылсын;
      "222-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздер "222-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "307-бабында (бірінші бөлігінде), 308-бабында (бірінші бөлігінде)," деген сөздер "307-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 308-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-2-бөлігінде "307-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 308-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 311-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "307-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 308-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 311-бабында (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат;  N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж.,  N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; N 9-10, 47, 48-құжаттар; N 13-14, 62, 63-құжаттар; N 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; N 17, 79, 80, 82-құжаттар; 18, 84, 86-құжаттар; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 34-баптың ескертуіндегі "(яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген)" деген сөздер алып тасталсын;

       2) мынадай мазмұндағы 206-2-баппен толықтырылсын:
      "206-2-бап. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен
                  босатылған адамдардың, сол сияқты аталған
                  адамдардың жұбайының (зайыбының) қаржылық бақылау
                  шараларын бұзуы

       1. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі, дер кезінде бермеуі немесе толық емес, дәйексіз мәліметтер беруі, -
      айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, -
      айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

       3) 532-бапта:
      бірінші бөлігіндегі:
      "бермеуі" деген сөз "қасақана бермеуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "елуден жүзге дейінгі" деген сөздер "жүзден жүз елуге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігіндегі:
      "бермеуі" деген сөз "қасақана бермеуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", сондай-ақ келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған", "мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын беріп тұрмауы" деген сөздер алып тасталсын;
      "елуден жүзге дейінгі" деген сөздер "жүзден жүз елуге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлігіндегі "жүзден" деген сөз "жүз елуден" деген сөздермен ауыстырылсын;

       4) 533-бапта:
      тақырыбындағы “Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті жеке тұлғаларға немесе оларға теңестірілген адамдарға" деген сөздер - "Жеке тұлғалардың" деген сөздермен, "беру" деген сөз "беруі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацындағы "жиырма бестен елуге дейінгі" деген сөздер "елуден жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

       5) 533-1-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

       6) 535-баптың екінші абзацындағы "елуден жүзге дейінгі" деген сөздер "жүзден үш жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

       7) 537-баптың екінші абзацындағы "отыздан елуге дейінгі" деген сөздер "елуден жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

       8) мынадай мазмұндағы 537-1-баппен толықтырылсын:
      "537-1-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды
                  жұмысқа қабылдау

      Мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы, –
      айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

       9) 541-баптың бірінші бөлігінде "520-537" деген цифрлар "520-537-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

       10) 570-1-баптың бірінші бөлігі "205 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "206-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

       11) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отызыншы абзацындағы "532-535" деген цифрлардан кейін ", 537-1" деген цифрлармен толықтырылсын.
      4. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; 2009 ж., N 17, 80, 81-құжаттар; N 18, 84-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      434-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Адамдарды кедендік бақылау аймағына жіберу - тек кеден органының рұқсатымен, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшін осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша жүзеге асырылады.".
      5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 8, 44-құжат; N 9-10, 50-құжат; N 17, 82-құжат; N 18, 84-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы екі жүз жетпіс бірінші және екі жүз жетпіс екінші абзацтармен толықтырылсын:
      "25-1-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
                   кәсіпорындар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық
                   даму институттары, ұлттық холдингтер және ұлттық
                   компаниялар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары
                   қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері

       240-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық даму институттарында, ұлттық холдингтерде және ұлттық компанияларда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында жұмыста болумен байланысты шектеу";

       2) 231-бапта:
      бірінші абзацындағы "Азаматтық" деген сөз "1. Азаматтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға азаматтық қызметке қабылдана алмайды.";

       3) мынадай мазмұндағы 25-1-тараумен толықтырылсын:
      "25-1-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
                   кәсіпорындар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық
                   даму институттары, ұлттық холдингтер және ұлттық
                   компаниялар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары
                   қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері

       240-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
                 кәсіпорындарда, ұлттық басқарушы холдингтерде,
                 ұлттық даму институттарында, ұлттық холдингтерде
                 және ұлттық компанияларда, сондай-ақ олардың еншілес
                 ұйымдарында жұмыста болумен байланысты шектеу

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдауға болмайды.".
      6. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы” 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 129-құжаттар):
      1) 1-баптың бірінші бөлігіндегі "құрылтай және басқа" деген сөздер алып тасталсын;

       2) 7-баптың үшінші бөлігіндегі "не ереже" деген сөздер ", ереже не жазбаша түрде ресімделген заңды тұлғаны құру туралы шешім (бір ғана құрылтайшының шешімі)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 50, 54-құжаттар; N 21-22, 285-құжат; 2006 ж., N 5-6, 31-құжат; 2007 ж., N 3, 23-құжат; N 20, 152-құжат; 2009 ж., N 17, 82-құжат):
      1) 23-баптың екінші бөлігінің в) тармақшасындағы "орындалғанға дейін;" деген сөздер "орындалғанға дейін рұқсат етілмейді." деген сөздермен ауыстырылып, г) тармақшасы алып тасталсын;

       2) 28-баптың бірінші бөлігінің в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;".
      8. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы” 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 13, 272-құжат; 2002 ж., N 18, 159-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2007 ж., N 5-6, 40-құжат):
      1) 5-баптың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарындағы "ұсынуы бойынша" деген сөздер “дәлелді ұсынуы бойынша” деген сөздермен ауыстырылсын;

       2) 6-баптың екінші бөлігіндегі "ұзартылуы мүмкін" деген сөздер "ұзартылады” деген сөзбен ауыстырылсын;

       3) 8-баптағы "ұсынысы бойынша" деген сөздер "дәлелді ұсынысы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

       4) 14-баптың б) тармақшасындағы "бүтіндей" деген сөз алып тасталсын.
      9. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 17, 101-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 15, 106, 108-құжаттар; N 18, 143-құжат; 2009 ж., N 11-12, 54-құжат; N 18, 84-құжат):
      74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінің бөлек тізімдерін жыл сайын бірінші тоқсанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды. Тұрғын үй алған адамдардың тізімдері тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінің тізімдерімен белгіленген олардың кезегі көрсетіле отырып, жергілікті атқарушы орган тұрғын үй беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.".
      10. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; 2007 ж., N 17, 140-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.";

       2) 4-баптың 2-тармағындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

       3) 5-бапта:
      7) тармақша "қамтамасыз ету" деген сөздерден кейін "және оларды көтермелеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу;
      12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.”;

       4) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, сондай-ақ өздеріне белгілі болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тіркеуді және олар туралы осы баптың 2-тармағында аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етеді.".
      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәліметтері бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде заңда көзделген шараларды қолдануға міндетті.";

       5) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.";
      4-тармақтағы "осы Заңға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

       6) 9-бапта:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген, қасақана жасалған, сондай-ақ бірнеше рет жасалған әрекеттер заңда белгіленген тәртіпте қолданылатын әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Адамдар мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерді атқарудан босатылғаннан кейін үш жылдың ішінде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекеттер, сондай-ақ мұндай іс-әрекеттерді қайталап жасау заңда белгіленген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.";

       7) 10-баптың 2-тармағындағы "шаруашылық жүргізуші субъектіні" деген сөздер "коммерциялық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;

       8) 11-баптың 1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

       9) 12-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына мемлекеттік қызметке кіретін және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық;)";
      9) тармақшадағы "немесе қоғамдық бірлестіктердің" деген сөздер алып тасталсын;

       10) 13-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде жаза осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімде қолданылуы мүмкін.".
      11. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
      31-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы "тоқтатылуы мүмкін" деген сөздер "тоқтатылады" деген сөзбен ауыстырылсын.
      12. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат; 2003 ж., N 4, 24-құжат; N 18, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 61-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 17, 140-құжат; N 19, 147-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;";

       2) 10-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтың 5) тармақшасындағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

       3) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
      "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздер "заңда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "алынбаған" деген сөзден кейін "әкімшілік немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

       4) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы;".
      13. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; 2008 ж., N 12, 51-құжат; 2009 ж., N 18, 84-құжат):
      17-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "уәкілетті органның (лицензиар) лицензиатты лицензиядан сот тәртібімен айыруға құқығы бар" деген сөздер "уәкілетті орган (лицензиар) лицензиатты лицензиядан айыру туралы арызбен сотқа жүгінеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 16, 152-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат):
      11-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "жүзеге асырылуы мүмкін" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 7-8, 18-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2009 ж., N 18, 84-құжат):
      36-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "өтеусіз негізде жүзеге асырылуы мүмкін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтеусіз негізде жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев