1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 37-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 7-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат):
114-1-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі "сынақтар" деген сөз "зерттеулер" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 85-бапта :
бірінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі", "оннан жиырмаға дейінгі" деген сөздер тиісінше "он", "жиырма айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында және үшінші бөліктің екінші абзацында:
"айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
"оннан жиырмаға дейінгі" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жиырмадан жетпіске дейінгі" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіш" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацында:
"лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі" деген сөздер "лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
"айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі", "айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі" деген сөздер тиісінше "қырық айлық есептік көрсеткіш", "жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сертификатты тоқтата тұрып немесе кері қайтарып алып" деген сөздер "куәлікті тоқтата тұрып немесе одан айыра отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"5. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген әрекетті жасау, егер бұл денсаулыққа орташа ауырлықта немесе ауыр зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін болса және бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - лицензиядан және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензиядан айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензиядан айыра отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 85-1-баптың екінші бөлігі "жеке тұлғаларға -" деген сөздерден кейін "маман сертификатынан айыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 85-2-баптың екінші бөлігі "жеке тұлғаларға -" деген сөздерден кейін "маман сертификатынан айыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
4) 113-бап алып тасталсын;
5) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"114-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және
темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
6) мынадай мазмұндағы 163-3-баппен толықтырылсын:
"163-3-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және
темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі
бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату
және тарату жөніндегі талаптарын бұзу
1. Осы Кодекстің 114-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, дара кәсіпкерлерге - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сегіз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - сегіз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
7) мынадай мазмұндағы 163-4-баппен толықтырылсын:
"163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін
өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Алкоголь өнімін (сауда үйлерінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда):
жұмыс күндері сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін,
демалыс, мереке күндері сағат 24-тен таңғы 8-ге дейін өткізу -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
8) 322-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацы "жеке тұлғаларға -" деген сөздерден кейін "маман сертификатынан айыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
9) 324-бапта :
бірінші бөліктің бірінші абзацы:
"өндіру" деген сөзден кейін "және сапасын бақылау" деген сөздермен толықтырылсын;
"қолдану," деген сөзден кейін "қамтамасыз ету," деген сөздермен толықтырылсын;
"және оларға теңестірілген заттарды" деген сөздер "заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы және үшінші бөліктің екінші абзацындағы "және оларға теңестірілген заттарды", "және оларға теңестірілген заттар" деген сөздер тиісінше "заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы", "заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 325-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"325-бап. Денсаулық сақтау саласындағы дәйексіз жарнама
Медициналық қызметтер көрсетудің, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспалардың мемлекеттік тіркеусіз және оларды жарнамалауға рұқсатсыз жарнамасын, мұндай қызмет түріне лицензиясы және оларды жарнамалауға рұқсаты жоқ жарнама берушінің таратуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -";
11) 541-бапта :
бірінші бөлікте:
"80-84," деген цифрлардан кейін "85 (төртінші және бесінші бөліктерінде)", 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"163," деген цифрлардан кейін "163-2, 163-3, 163-4," деген цифрлармен толықтырылсын;
"322 (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"325," деген цифрлар алып тасталсын;
1-1-бөліктің 2) тармақшасындағы "113," деген цифрлар алып тасталсын;
12) 557-1-бапта :
тақырыптағы, бірінші және екінші бөліктердегі "заттар" деген сөзден кейін ", медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік "324-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздерден кейін ", 357-2-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 557-2-баптың бірінші бөлігінде:
"85, 85-1, 85-2" деген цифрлар "85 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 85-1 (бірінші бөлігі), 85-2 (бірінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"322 (бірінші, екінші және бесінші бөліктері)" деген сөздер "322 (бірінші және екінші бөліктері), 325" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзац "163," деген цифрлардан кейін "163-2, 163-3, 163-4," деген цифрлармен толықтырылсын;
он бірінші абзацтағы "325" деген цифрлар "326" деген цифрлармен ауыстырылсын;
жиырма бірінші абзацтағы "85" деген цифрлардан кейін "(төртінші және бесінші бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы елу үшінші абзацпен толықтырылсын:
"медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 85-1 (екінші бөлігі), 85-2 (екінші бөлігі), 322 (бесінші бөлігі) - баптар);".
3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 8, 44-құжат; 2009 жылғы 6 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 7 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
151-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшін кепілдіктер
Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін беру (донациялау) уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.".
4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар):
1) 455-баптың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;";
2) 456-баптың кестесінің 2-бағанының 7., 7.1., 7.2.-жолдары "заттарды" деген сөзден кейін ", медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 471-баптың кестесінің 2-бағанында:
1.43.-жолдағы ", дәрігерлік" деген сөз алып тасталсын;
1.44.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Фармацевтикалық қызмет";
4) 582-баптың 3) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді;".
5. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 50, 54-құжаттар, N 21-22, 285-құжат; 2006 ж., N 5-6, 31-құжат; 2007 ж., N 3, 23-құжат; N 20, 152-құжат):
7-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, денсаулық сақтау саласында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттілікте болады.".
6. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 12, 88-құжат):
9-баптың 1 тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға өткізуге тыйым салынады.".
7. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 174-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; N 16, 102-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат):
13-бапта :
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі.";
4-тармақ алып тасталсын.
8. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 13, 52-құжат; 2007 ж., N 5-6, 42-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 ж., N 23, 124-құжат):
18-баптың 7-тармағындағы "мекемелерде" деген сөз "мемлекеттік ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
көрсетілген Заңға қосымшаның 11-тармағының 1) тармақшасы "дәрілік заттардың" деген сөздерден кейін ", медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың" деген сөздермен толықтырылсын.
10. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) медициналық қызмет.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті, жедел медициналық көмек;
диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологиялық анатомия;
зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер;
қан мен оның компоненттерін дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу;
санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: халықты гигиеналық оқыту, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы, оларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлерін өткізу;
санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер: бактериологиялық; вирусологиялық зерттеулер, физикалық факторларды (шуды, дірілді, электр-магниттік өрісті және басқаларды) өлшеу, паразитологиялық зерттеулер, радиометрия және дозиметрия, санитариялық-химиялық, токсикологиялық зерттеулер;
ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
акушерлік және гинекология;
педиатрия;
инфекциялық аурулар;
терапия: жалпы терапия, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсіптік патология, отбасылық дәрігер;
хирургия: жалпы хирургия, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бет сүйегі хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
фтизиатрия;
онкология;
стоматология;
дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи текті құралдармен емдеу;
сараптама: сот-медициналық, психиатриялық (оның ішінде сот-психологиялық-психиатриялық, наркологиялық және сот-наркологиялық);
медициналық реабилитология: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру;
спорттық медицина;
еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіптік жарамдылық сараптамасы;
анестезиология және реаниматология;
2) фармацевтикалық қызмет.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
дәрілік заттарды өндіру;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру;
медициналық техниканы өндіру;
дәрілік препараттарды дайындау;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізу;
медициналық техниканы көтерме саудада өткізу;
дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу;
медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу.";
2) 33-баптың 2) тармақшасындағы "дәрі-дәрмек препараттарының" деген сөздер "дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 87-құжат; N 21, 97-құжат; N 24, 128-құжат; 2009 ж., N 2-3, 21-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 6 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 7 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
4-баптың 21-2) тармақшасы "дәрілік заттарды" деген сөздерден кейін ", медициналық мақсаттағы бұйымдарды" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев