Қолданушылар назарына! Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Заң ойыншықтар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану, орындау және бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қатерді бағалау - қауіп дәрежесін айқындауды қамтитын, ойыншықтардың адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға ықтимал әсерін анықтауға бағытталған шаралар кешені;
2) ойыншықтар - балалардың тек қана ойын мақсатында пайдалануына арналған бұйымдар;
3) ойыншықтарды Қазақстан Республикасының нарығында орналастыратын тұлға - ойыншықтарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін немесе тегін тарататын жеке немесе заңды тұлға;
4) ойыншықты дұрыс пайдаланбау - ойыншықты дайындаушы көздемеген жағдайларда немесе мақсаттарда пайдалану;
5) ойыншықтың материалы - ойыншықтарды дайындау кезінде пайдаланылатын, олардың қолдану үшін қолжетімді құрамдас бөліктері;
6) пайдаланушы - ойыншықты тікелей пайдаланатын адам;
7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) тұтынушы - ойыншықтарды сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10) функционалдық ойыншық - ересектер пайдаланатын бұйымдардың немесе құрылғылардың кішірейтілген ауқымдағы моделі болып табылатын, сол мақсатты және сол функцияларды орындауды имитациялайтын ойыншық;
11) химиялық ойыншық - ойнау процесі химиялық реакцияларды жүзеге асыруға байланысты ойыншық;
12) электрлі ойыншық - электрге қатысты кемінде бір функциясы бар ойыншық.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және мыналарды:
1) жаңа жылдық шырша әшекейлерін қоса алғанда (жасанды шыршалар, оған керек-жарақтар, электрлі гирляндалар), мерекелік ойыншықтарды;
2) ойын алаңдарында ұжымдық пайдалануға арналған жабдықтар мен жарақтарды;
3) табыс табу мақсатында қоғамдық орындарда орнатылатын ойыншықтарды;
4) ойыншық бу двигательдерін, іштен жану двигательдері бар механизмдерді;
5) мамандарға арналған бес жүзден астам компоненттері бар басқатырғыштарды немесе суреті жоқ басқатырғыштарды;
6) пневматикалық қаруды, атыс қаруының дәл көшірмесін;
7) айырсадақтарды, сақпандар мен катапульталарды;
8) металл ұштары бар нысанаға лақтыруға арналған жебелерді;
9) балаларға арналған бижутерия бұйымдарын;
10) ойыншықтарда пайдалану үшін арнайы құрастырылған ұрмалы капсюльдерді қоспағанда, ұрмалы капсюльдерді қамтитын фейерверктерді;
11) үйдегі тұрмыстық заттарды имитациялайтын, жиырма төрт вольттан жоғары белгіленген кернеуде жұмыс істейтін электр пештері мен басқа да бұйымдарды;
12) қыздыру элементтері бар, оқу процесінде ересек адамның бақылауымен пайдаланылатын бұйымдарды;
13) жиырма төрт вольттан жоғары белгіленген кернеуде жұмыс істейтін бейне мониторларға қосылатын бейне ойыншықтарды;
14) бала емізіктері мен жәй емізіктерді;
15) ересек коллекционерлерге арналған, егжей-тегжейлі әзірленген, кішірейтілген модельдерді;
16) спорт жабдықтарын, спорттық және жол (серуендеу) велосипедтерін, үлкен тереңдікте пайдалануға арналған навигациялық жарақтарды;
17) фольклорлық және сәндік сипаттағы қуыршақтарды және ересек коллекционерлерге арналған басқа да сол сияқты бұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ойыншықтардың барлық түрлеріне қолданылады.
2-тарау. ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың ізгі бағыттарын әзірлеу;
2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.5-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасынан өкілдік ету;
3) ойыншықтар қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
4) қатерлерді бағалау бағдарламасын әзірлеу;
5) ойыншықтардың қауіпсіздігі жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер әзірлеу;
6) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті ойыншықтарды анықтау және оларды өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды тұжырымдау мақсатында тұтыну нарығына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;
7) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келісу;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) техникалық регламенттерді келісу;
2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
3) сәйкестік белгісінің кескінін, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртібін әзірлеу және бекіту;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық сараптамасын жүргiзу тәртiбiн бекiту, ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде техникалық регламенттердің талаптарына ойыншықтардың сәйкестігін бақылау жатады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.6-бап. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ойыншықтардың қауіпсіздігін тексеру екі кезеңде жүргізіледі:
1) құжаттық тексеру;
2) тәуекелдерді бағалауды тексеру.
3. Ойыншықтардың қауіпсіздігін құжаттық тексеру:
1) тұтынушыға арналған ақпарат дәйектілігінің осы Заңның, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін тексеру;
2) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы талаптарға ойыншықтың сәйкестігін растайтын құжаттағы ақпараттың сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады.
4. Тәуекелдерді бағалауды тексеру кезінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде ойыншықтардың іріктеліп алынған үлгілерін аккредиттелген зертханаларға (орталықтарға) сынақтар (зерттеулер) жүргізу үшін жібереді.
5. Ойыншықтар қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар ойыншықтар өндірісін, нарықта өткізілуін және айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама береді.
Егер ойыншықтар өткізілуде жатқан болса, ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар адам өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті факторлардың бар екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлауға міндетті.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 3-тарау. ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
7-бап. Қазақстан Республикасының нарығындағы айналысы кезінде ойыншықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптар
1. Осы Заңның күші қолданылатын ойыншықтар адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2. Ойыншықтар, егер оларды мақсатқа сай пайдалану кезінде:
1) адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қатер төндірмесе;
2) баланың рухани-эмоциялық салауаттылығын сақтаса;
3) тұтынушыларды ойыншықтардың мақсатына қатысты шатастырмаса ғана Қазақстан Республикасының нарығында орналастырылуы мүмкін.
3. Ойыншықтарды нарыққа айналысқа енгізу алдында сәйкестік сертификатын алған және өнімді Қазақстан Республикасының нарығына орналастыратын тұлға ойыншықтарға (орамаға) сәйкестік белгісін қоюға міндетті.
4. Барлық ойыншықтардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мынадай ақпараттан тұратын таңбалауы болуға тиіс:
1) дайындаушының атауы және (немесе) оның тауар белгісі;
2) бұйымның атауы;
3) арналған мақсатының негізгі көрсеткіштері және қолданылуының шарттары;
4) дайындалған күні;
5) тауардың шыққан елі.
5. Таңбаланымның барлық белгілері пайдалану жөніндегі нұсқаулықта түсіндірілуге тиіс.
6. Қазақстан Республикасының нарығында ойыншықтарды орналастыратын тұлға:
1) ойыншықтарды өткізу немесе тегін тарату кезінде тұтынушы болуы мүмкін қатерлерді бағалауы және оларға тиісті қауіпсіздік шараларын қолдануы үшін тұтынушыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі пайдалану құжаттамасымен және басқа да қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге;
2) ойыншықтарды өткізу немесе тегін тарату кезінде ішінара бақылау жүргізуге, шағымдарды тексеруге, осы тұтыну заттарын өткізу кезіндегі іс-әрекет тәртібі туралы сатушыларға хабарлауға;
3) ойыншықты пайдаланушылардың қауіпсіздігіне ықтимал қатерді анықтаған жағдайда пайдаланушыларды уақтылы ескертуді қамтамасыз етуге, ал қажет болған кезде қауіпсіздіктің қатерін жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізуге, тіпті тұтынушылардан (пайдаланушылардан) кері қайтарып алуға және сараптама жүргізуге;
4) таратылып қойған ойыншықтардың қауіпсіздік талаптары бұзылғандығы және оларды жою жөнінде өзі қолданған шаралар туралы тиісті мемлекеттік бақылау органдарына шұғыл түрде хабарлауға;
5) егер ойыншықтардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпарат бар болса немесе ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы уәкiлеттi органдардың нұсқамалары негізінде ойыншықтарды өткізуді, оларды тегін таратуды тоқтатуға міндетті.
6) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шараларды қолданбау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-бап. Ойыншықтарға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары
1. Ойыншықтарды пайдаланушылар ойыншықтардың конструкциялық және өзге де кемшіліктері салдарынан денсаулыққа зиян келтіру немесе жарақат алу қатерінен қорғалуға тиіс. Ойыншықтардың конструкциясы мен дайындау технологиясы оларды мақсатына сәйкес қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.
2. Функциясы мен негізгі сипаттамаларын және қасиеттерін өзгертпестен конструкциясын өзгерту арқылы толық жойылуы мүмкін емес ойыншықтарды пайдалануға байланысты қатерлердің алдын алу үшін ойыншықтарды пайдаланушылардың ең төменгі жасын және ойыншықтарды ересектердің бақылауымен ғана пайдалану қажеттігін көрсету қажет.
3. Ойыншықтар мен олардың бөлшектерінде, сондай-ақ олардың бөлшек сауда үшін салынатын орамасында буынып қалу қатері барынша аз болуға тиіс.
4. Ойыншықтар баланы:
1) агрессиялық іс-әрекеттерге;
2) қатыгездік танытуға;
3) өнегесіз іс-әрекеттер мен зорлық-зомбылыққа;
4) баланың жас ерекшелігі құзыретінің аясынан шығатын сексуалдық проблемаларға жағымсыз қызығушылыққа;
5) балалар мен ересектердің нәсілдік ерекшеліктеріне және денесінің кемшіліктеріне менсінбей және теріс қарауға итермелемеуге тиіс.
9-бап. Ойыншықтардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Ойыншықтардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптар белгіленеді:
1) ойыншықтар мен олардың бөлшектерінің, сондай-ақ қозғалмайтын ойыншықтар жағдайында олардың тірегінің пайдаланған кезде өздеріне түсетін салмақты деформацияланбай көтеруге жеткілікті механикалық сенімділігі мен беріктігі болуға тиіс;
2) ойыншықтардың шеттері, дөңестері, баулары, сымдары мен бөлшектерін біріктіруге арналған жарақтары, оларды қолдану нәтижесінде дене жарақатын алу қатері барынша аз болатындай қысқартылып құрастырылуға және дайындалуға тиіс;
3) ойыншықтар ойыншықтардың бөлшектерінің қозғалысы салдарынан туындауы мүмкін дене жарақатының қатері барынша аз болатындай етіп құрастырылуға тиіс;
4) үш жасқа толмаған балалардың пайдалануына арналған ойыншықтар мен олардың құрамдас бөліктері, сондай-ақ ойыншықтардың басқа да бөлініп алынатын бөлшектері оларды жұтып қоюға болмайтындай көлемде болуға тиіс;
5) баланы судың бетінде қалқытып ұстап тұруға арналған ойыншықтар ойыншықтың механикалық бұзылуы немесе аударылып кетуі салдарынан баланың суға бату қатерін мүмкіндігінше азайтатын етіп құрастырылуға және дайындалуға тиіс;
6) пайдаланушы ішіне кіре алатын, көлемі тұйықталған ойыншықтар герметикалық болмауға және ойыншықтан кедергісіз шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс;
7) механикалық қозғалысқа арналған ойыншықта үдемелі кинетикалық энергияға сәйкес тежеуіш жүйесі болу керек, оны пайдалану пайдаланушыға құлап түсу немесе дене жарақатын алу қатерін болғызбауға тиіс;
8) ойыншықтың нысаны мен композициясы, сондай-ақ кинетикалық энергиясы пайдаланушыны немесе үшінші адамдарды дене жарақатының қатеріне ұшыратпауға тиіс;
9) ойыншықтардың ішіндегі сұйықтар мен газдар аққан жағдайда пайдаланушының немесе үшінші тұлғаның дене жарақатын алуы мүмкін температураға және (немесе) қысымға дейін жетпеуге тиіс.
10-бап. Ойыншықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Ойыншықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптар белгіленеді:
1) ойыншықтарда қауіпті тұтанғыш элемент болмауға тиіс;
2) өздерінің қолданылуы үшін қажетті қауіпті заттары немесе препараттары (макеттерді жинауға, пластмассалық немесе керамикалық құймаларды дайындауға арналған материалдар, эмальдауға, фотоға түсірумен немесе осыған ұқсас жұмыстармен айналысуға арналған жабдық) бар ойыншықтарда жанбайтын ұшпа компоненттердің шығуы салдарынан тұтануы мүмкін заттар немесе препараттар болмауға тиіс;
3) осы Заңның 3-бабының 10) тармақшасында аталған ұрмалы капсюльдерден басқа, ойыншықтардың жарылғыш қаупі болмауға немесе ойыншықтарды мақсатына қарай пайдаланбаған кезде қауіпті жарылғыш элементтер немесе заттар оларда болмауға тиіс;
4) ойыншықтарда химиялық реакциялар, қыздырушы немесе тотықтандырғыш заттармен араласу нәтижесінде жарылғыш қоспаларды құрауы мүмкін заттар немесе препараттар, сондай-ақ ауада тұтанатын және будың ауамен қосылған тұтанғыш немесе жарылғыш қаупі бар қоспаларды құрай алатын ұшпа компоненттер болмауға тиіс.
11-бап. Ойыншықтардың химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Ойыншықтардың химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптар белгіленеді:
1) ойыншықтар оларды пайдаланған кезде адамның ағзасына химиялық заттардың әсер етуі салдарынан оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатерін болғызбайтындай етіп жобалануға және дайындалуға тиіс;
2) ойыншықтардан денсаулыққа зиянды химиялық заттардың бөлінуі және олардың ойыншықты қолдану кезінде адам ағзасында жинақталуы ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламентте белгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс.
12-бап. Ойыншықтардың электрлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Ойыншықтардың электрлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптар белгіленеді:
1) балалардың ойыншықтары үшін, сондай-ақ ойыншықтардың жекелеген бөлшектеріндегі қуат беру көздерінің белгіленген кернеуі жиырма төрт вольттан аспауға тиіс;
2) электр көзімен жанасқан кезде электр тогының соғуын туғызуы мүмкін ойыншықтардың бөлшектері, сондай-ақ ойыншықтардың бөлшектеріне электр өткізетін кабельдер, сымдар немесе өткізгіштер тұйықталған және механикалық тұрғыдан қорғалған болуға тиіс;
3) электрлі ойыншықтар, оның барынша қызатын барлық бөліктерін ұстаған кезде күйдіруден қорғау кепілдігін бере алатындай етіп жобалануға және дайындалуға тиіс.
13-бап. Ойыншықтардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Ойыншықтарды дайындау үшін оның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында таза күйінде де, қосындылар немесе қоспалар түрінде де пайдаланылуға тыйым салынған заттары жоқ таза және инфекция түспеген шикізат пен материалдар пайдаланылуға тиіс. Қолданылатын шикізат пен материалдардың санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болуға тиіс.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.14-бап. Ойыншықтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ойыншықтарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген радиациялық қауіпсіздіктің жол берілетін нормаларынан асатын радиоактивті элементтер немесе заттар болмауға тиіс.
15-бап. Тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптар
1. Ойыншықты тұтынушыға арналған ақпаратта мынадай деректер міндетті түрде болуға тиіс:
1) өнімнің атауы;
2) Қазақстан Республикасының нарығында өнімді орналастыратын дайындаушының және (немесе) тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы;
3) ойыншықтың фукционалдық мақсаты немесе оның қолданылу аясы;
4) негізгі тұтынушылық қасиеттері және (немесе) сипаттамалары;
5) сәйкестік белгісі;
6) пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
7) ойыншықты пайдалану кезінде ықтимал қатерлер және жасына қарай шек қою туралы ескертулер.
2. Анық үш жастан кіші балаларға арналмағандардан басқа, ойыншықтарға берілетін ақпаратта жасына қарай шек қоюды енгізу қажеттілігі түсіндірілуге тиіс.
3. Шаналарға, аспалы әткеншектерге, сақиналарға, трапецияларға, арқандарға және гимнастикалық снарядтарды асып қою үшін рамаға бекітілген осыған ұқсас жарақтарға, бұларды дұрыс құрастырмаған кезде қауіп төндіруі мүмкін элементтерді көрсете отырып, кешенді монтаждау жөніндегі, снарядтардың неғұрлым жауапкершілікті қажет ететін бөліктерін (аспаларын, еденге бекітпелерді, бауларын, ілгектерін) әр кез тексеру және күтіп ұстау жөніндегі нұсқаулықтар бірге берілуге тиіс.
4. Функционалдық ойыншықтарда немесе олардың орамасында ойыншық кішірейтілген моделі немесе имитациясы болып табылатын аспапты немесе бұйымды пайдаланудың қатеріне ұқсас қатерлерді көрсете отырып, ойыншықты тек ересектердің қарауымен ғана пайдалану мүмкіндігі туралы, сондай-ақ ойыншықты балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау шарттары туралы ақпараты бар ескерту жазбасы болуға тиіс.
5. Химиялық ойыншықтарға оларда бар қауіпті заттар, ықтимал қатерлер мен қажетті сақтық шаралары, ойыншықты балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау шарттары туралы, сондай-ақ ойыншықтарды пайдалану кезінде жарақат алған жағдайда алғашқы жәрдем көрсету жөніндегі шаралар туралы ақпарат бірге берілуге тиіс.
6. Роликті конькилер мен скейттерге мұндай ойыншықтарды қорғану керек-жарағымен қоса пайдалану қажеттігін көрсететін, сондай-ақ құлау немесе қақтығысу салдарынан болатын жазатайым жағдайларды болғызбау үшін ойыншықтарды пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат қоса беріледі.
7. Суда ойнауға арналған ойыншықтар ойыншықтарды таяз су тоғанында ересектердің қарауымен пайдалану туралы ақпаратпен жабдықталуға тиіс.
8. Тұтынушыға арналған ақпарат нақты ойыншыққа бірге берілетін мәтіндік құжат (паспорт, заттаңба, жапсырма, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) түрінде берілуі немесе ойыншыққа тікелей немесе оның орамасына (тұтынушы ыдысына) таңбалау түрінде түсірілуі мүмкін.
9. Тұтынушыға арналған ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Егер аббревиатура дайындаушыны немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік берсе, ақпараттың бір бөлігі қысқартылуы мүмкін.
10. Мәлімделген ақпаратқа өнімнің сәйкестігі дайындаушы немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлға үшін міндетті болып табылады.
1. Ойыншықтар қауіпсіздігінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде танылған жағдайда олар Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
17-бап. Қазақстан Республикасының ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
1. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітетін нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының нарығында орналастырылған ойыншықтар үшін олардың сәйкестігін растайтын құжаттар оларда көрсетілген қолданылу мерзімі ішінде күшін сақтайды.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалануға берілген және сәйкестігі міндетті расталуға жататын ойыншықтар үшін олар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналысқа қайта түскен кезде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті түрде сәйкестікті растау жүргізілуге тиіс.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |