1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Z980339_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998., N 24, 448-құжат):
1) 6-бапта:
бірінші бөлікте "мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес қызметі мемлекеттік қызметшілердің жоғары және бірінші санаттарына жатқызылған лауазымды адамдарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік қару иемденіп алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің" деген сөздермен ауыстырылсын, "судьялардың," деген сөз алып тасталсын;
төртінші бөліктегі "Ерекше жарғылық міндеттері бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар пайдаланатын қаруды қоспағанда," деген сөздер алып тасталып, "қызметтік" деген сөз бас әріппен жазылсын;
2) 14-баптың 1-тармағындағы "азаматтық және" деген сөздер алып тасталсын;
3) 15-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі екінші сөйлем "Рұқсаттың нысанын және оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган айқындайды." деген мазмұндағы сөйлеммен ауыстырылсын;
4) 29-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацындағы "жоғары және бірінші санаттардағы мемлекеттік қызметшілердің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік қару иемденіп алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің" деген сөздермен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты судьяларының," деген сөздер алып тасталсын.
2. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Z000085_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат):
1) 5-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке күзетшіні, жеке күзет ұйымында, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау (арнаулы оқыту курсы) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шетелдік заңды тұлғалардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың,
шетелдіктердің, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың: 1) күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыруға; 2) жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға; 3) сенімгерлік басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға; 4) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерін құруға құқығы жоқ."; 2) 9-бапта: 1-тармақтағы "Заңдарға сәйкес" деген сөздер алып тасталып, "мемлекеттік" деген сөз бас әріппен жазылсын; 3-тармақтағы "көрсете алады." деген сөздер "көрсетуге құқылы." деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 10-баптың 4-тармағындағы "кәмелетке толған" деген сөздер "21 жасқа толған" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 14-бапта: 3) тармақшадағы ", оқыту" деген сөз алып тасталсын; 4) тармақша алып тасталсын; 5) 18-баптың 2-тармағындағы "және қызметтік қару" деген сөздер "немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік қару" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 21-баптағы "және мемлекеттік емес оқу орындарын" деген сөздер "білім беру ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.