Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "жеке кәсіпкерлер", "жеке кәсіпкерлік", "жеке кәсіпкер", "жеке кәсіпкерге", "жеке кәсіпкердің", "жеке кәсіпкерлердің" деген сөздер тиісінше "дара кәсіпкерлер", "дара кәсіпкерлік", "дара кәсіпкер", "дара кәсіпкерге", "дара кәсіпкердің", "дара кәсіпкерлердің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2008.07.04 N 53-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Күзет қызметі ұғымы
1. Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады.
2. Осы Заңның күші жеке күзет ұйымдарына, жеке күзетшілерге, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріне, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелеріне қолданылады. Осы Заңның күші, егер ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелеріне қолданылады.
3. Осы Заңның күші, егер заңдардан өзгеше туындамаса, азаматтар мен заңды тұлғалардың денсаулық сақтау саласына, санаткерлік меншікке, мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға байланысты өзге де игіліктері мен заңды мүдделерін қорғауға қолданылмайды.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
1-1-бап. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер
1. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады.
Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді.
3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады.
Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі
саласындағы заңдары
Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
3-бап. Күзет қызметiнiң мiндеттерi
Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.
4-бап. Күзет қызметiнiң принциптерi
1. Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн ескеруге негiзделедi.
2. Күзет қызметiн жүзеге асыру үшiншi тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.
5-бап. Күзет қызметiн лицензиялау және оны жүзеге
асыруды шектеу
1. Күзет қызметi, лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып лицензиялануға тиiс. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға күзет қызметiн көрсетуге тыйым салынады.
Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асыратын күзет қызметi лицензиялауға жатпайды.
2. Жеке күзет ұйымында, күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру (арнаулы оқыту курсы) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.
Күзет қызметінің субъектілері мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, тәжірибе алмасу, өз мамандарының біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы техникалық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мақсатында күзет қызметі саласындағы шетелдік компанияларды тартуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердiң күзет ұйымдары қызметiне тыйым салынады.
4. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың:
1) күзет қызметiнің барлық түрін жүзеге асыруға;
2) жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға;
3) сенiмгерлiк басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға;
4) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.02.22 N 297, 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңдарымен.
6-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс
пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттiк
кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi
қызметiн атқаратын қызметкерлерiн сақтандыру
1. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметтi жүзеге асыруы кезiнде мемлекет азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепiлдiк бередi және оны қамтамасыз етедi.
2. Күзет қызметiн құқық тәртiбi мен адамгершiлiк негiздерiне көрiнеу қайшы келетiн мақсаттарға жету үшiн жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
3. Күзет қызметiн жүзеге асырушы адамның iс-әрекеттерi арқылы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған адам ондай адамнан тиiстi түсiндiрмелер мен ақпарат талап етуге құқылы, сондай-ақ мұндай iс-әрекетке сотқа және заңдарда белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға шағым жасауға құқылы.
4. Күзет қызметiн жүзеге асыратын және үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған адам жәбiрленушiге келтiрiлген материалдық және моральдық зиянды заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.
5. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің, оның iшiнде олардың қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы кезiнде өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңдарымен.
2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері және олардың жіктелімі
7-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер
Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлерге:
1) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары;
3) - 5) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
8-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң
мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы
1. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттiк органдарға заңдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттiк органдарға жәрдемдесуге мiндеттi.
2. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер құқық қорғау органдары, арнаулы органдар және әскери құрылымдар заңдарда көзделген жедел-iздестiру, тергеу немесе күзет шараларын жүргiзген кезде мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң барлық заңды талаптарын, қаруды уақытша тапсыру туралы талабын қоса, орындауға мiндеттi.
9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет
бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру
ерекшелiктерi
1. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері мемлекеттік мекеме болып табылады және Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді ғана күзетуді жүзеге асырады.
2. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Тізбеге енгізілген жеке тұлғаларға шарттық негізде күзет қызметтерін көрсетеді.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Жеке күзет ұйымының құқықтық мәртебесi
1. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде күзет қызметтерiн көрсететiн коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Жеке күзет ұйымының, хабарлама жасау тәртібінің шарттарын сақтаған жағдайда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2. Жеке күзет ұйымы күзет қызметiн, заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу туралы куәліктің, жарғының және күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде жүзеге асырады.
3. Жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiнде күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етiлмейдi.
4. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған және күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсынан) өткен азаматтары қабылдана алады.
5. Күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшiлердi арнайы даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсының) мазмұнын, бағдарламасы мен бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
6. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне:
1) жүйке ауруы, маскүнемдiгi немесе нашақорлығы себептi денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын;
2) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
4) жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетшiсі болып жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;
5) мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған;
6) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған адамдарды қабылдауға болмайды.
7. Жеке күзет ұйымының басшысы үшiн оның жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы мiндеттi талап болып табылады.
8. Жеке күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жеке күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.02.22 N 297, 2008.07.04 N 53-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Жеке күзетшiнiң құқықтық мәртебесi
Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
12-бап. Күзет бөлiмшесiнiң құқықтық мәртебесi
Ескерту. 12-бап алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
13-бап. Мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет
бөлiмшелерiнiң құқықтық мәртебесi
Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын
қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:
1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруда, оның iшiнде ойын-сауық мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзгеше әдiстермен қол жеткiзу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды шектен асыруға жол берiлмеуге тиiс;
4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткiзуге құқылы. Қажет болғанда, ұсталған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауiптi және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негiздер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсталған адамның киiмiн қарауға және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттiк билiк органына беру үшiн аталған заттарды алып қоюға;
5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге;
6) жеке тұлғалардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқылы.
2. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактiлерi туралы iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға;
3) заңнамада көрсетiлген жағдайларда жеке тұлғалардың талап етуi бойынша өзінің күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін растайтын куәлiгiн көрсетуге;
4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiне жәрдемдесуге;
5) қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негiздерiн түсiндiруге мiндеттi.
Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және күзет қызметін
құқықтық ресімдеу
14-бап. Күзет қызметтерiн көрсету түрлерi
Лицензиялануға тиiстi күзет қызметiн күзет қызметiнiң субъектiлерi мынадай қызметтер көрсету:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;
2) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету;
3) күзету тәсiлдерi мен құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғану бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау нысанында жүзеге асырады.
Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер ерiктi түрде қоғамдық тәртiптi сақтауға тартылады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
15-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру тәртiбi
1. Күзет қызметтерiн көрсету шарт (күзет қызметiн көрсету жөнiндегi шарт) негiзiнде жүзеге асырылады. Күзет қызметтерiн көрсету шартын жасасу, орындау, тоқтату тәртiбi, шарт бойынша тараптардың жауапкершiлiгi азаматтық заңдарға сәйкес, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып анықталады.
2. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
3. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру тәртiбiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
4. Жеке күзет ұйымдарында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер күзет қызметiн өздерiнiң күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін бiлдiретiн арнаулы киiм киіп жүзеге асырады.
Арнаулы киім үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау жөніндегі қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін арнаулы киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.04 N 53-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңдарымен.
15-1-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және
оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі
қызметті жүзеге асыру тәртібі
1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет хабарлама жасау тәртібін сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Хабарлама жасау тәртібі «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын субъектілер осы Заңның 15-2-бабында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.
4. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган осы қызмет түрімен айналысу үшін хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізеді.
Ескерту. 3-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-2-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және
оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын
талаптар
1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:
1) заңды тұлға маманының жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;
2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.
2. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын талаптар:
1) жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;
2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.
3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басшылары, қызметкерлері, жеке тұлғалар психикалық ауруына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтын, заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы жоқ не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектi мерзiмi өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
Ескерту. 3-тарау 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт
1. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi клиентке тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi.
2. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi ретiнде iс-қимыл жасауға (осы Заңнан туындайтын талаптарды ескере отырып) күзет қызметiнiң мынадай субъектiлерi:
1) iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары;
3) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
3. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша клиент ретiнде жеке және заңды тұлғалар iс-қимыл жасауға құқылы.
4. Күзет қызметiн көрсету туралы шартта:
1) қызмет көрсетушiнiң күзет қызметiн көрсету лицензиясының нөмiрi мен оның берiлген күнi көрсетiле отырып, уағдаласушы тараптар туралы мәлiметтер;
2) қызмет көрсетушiнiң мiндеттерi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн күзет қызметiнің түрлерi;
3) шарттың объектiсi туралы мәлiметтер;
4) шарттың мерзiмi мен жасалған күнi;
5) тараптардың жауапкершiлiк шаралары болуға тиiс.
5. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарттың жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
17-бап. Күзет бөлiмшелерi қызметiнiң негiзi
Ескерту. 17-бап алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
17-1-бап. Күзет қызметiн жүзеге асырумен байланысты
шектеулер
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарының күзет қызметiмен айналысатын бiрнеше ұйымның бiр мезгiлде құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншiк иесi болуға құқығы жоқ.
2. Жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң санын өз мiндеттерiн орындауға қажеттi адам саны нормативiнен асыруға болмайды. Адам саны нормативiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Адам санын нормативтен асыру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады. Уәкiлеттi орган (лицензиар) жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң саны лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап күнтiзбелiк қырық күн iшiнде адам саны нормативiнің талаптарына сәйкес келтiрiлмеген жағдайда лицензиатты лицензиясынан айыру туралы арызбен сотқа жүгiнедi.
3. Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге де қызметтi жүзеге асыратын ұйымның еншiлес кәсiпорны бола алмайды. Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) үшiн қызметтiң осы түрi негiзгi болуға тиiс.
Мыналар:
1) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн ұйымдардың құрылтайшылары не лауазымды адамдары;
2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдардың жақын туысы (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері), некеде тұрған адамы, сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері) болып келетін жеке тұлғалар;
3) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетiлген адамдар бар заңды тұлғалар;
4) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
5) қоғамдық бiрлестiктер жеке күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) бола алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салулар күзет ұйымдарын құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін ұлттық компаниялардың жеке күзет ұйымдарын құру жағдайларына қолданылмайды.
4. Жеке күзет ұйымдарының басшыларына және олардың күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттiк органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған процессуалдық және өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн иемденуге;
3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi келтiруге;
4) адам мен азаматтың ар-намысын және абыройын түсiретiн не құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтiн әрекеттер жасауға тыйым салынады.
Ескерту. 17-1-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
4-тарау. Күзет қызметі субъектілерінің қару және арнаулы құралдар пайдалануы
Ескерту. 4-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
18-бап. Күзет қызметi субъектiлерiн қарумен және
арнаулы құралдармен жарақтандыру шарттары
1. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн олардың қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруы кезiнде заңдарда белгiленген тәртiппен қаруландыруға құқылы.
2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруы мен электрлi қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi қызметкерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Күзет қызметi субъектiлерiне қызметтiк ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.
3. Сатып алынған қару тиiстi iшкi iстер органында оның сатып алынған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде тiркелуге тиiс. Қаруды тiркеу кезiнде қарудың сатып алынғандығы заңды екендiгiн растайтын құжаттар негiзiнде бұл қаруды бес жыл мерзiмге сақтауға және пайдалануға рұқсат берiледi.
Рұқсаттың нысанын және оның қолданылу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi заңдарда белгiленген тәртiппен қаруды және арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау мен пайдалану құқығына рұқсат алуға тиiс.
5. Объектiлердi күзету және патрульдеу үшiн қызметтiк иттер пайдаланылуы мүмкiн.
6. Күзет ұйымдарының басшылары заңдарда белгiленген тәртiппен қаруды күзетшi қызметiн атқаратын штаттағы қызметкерлерге олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезеңiне бередi. Қару қызметкерлер тиiстi даярлықтан өткен соң берiледi.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.02.22 N 297, 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңдарымен.
19-бап. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қаруды және
арнаулы құралдарды қолдануының шарттары,
негiздерi мен тәртiбi
1. Күзет қызметiн жүзеге асыру барысында арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана қолдануға рұқсат етiледi.
2. Жеке күзет ұйымдары күзетшiлерiнiң қару мен арнаулы құралдарды заңда көрсетiлген шекте:
1) күзетiлетiн объектiге немесе оның қызметкерлерiне шабуылды тойтару үшiн;
2) күзетiлетiн адамға шабуылды тойтару үшiн;
3) құқық бұзушыларды ұстағанда, соның ішінде олар қарсылық көрсетсе, оларды iшкi iстер органдарына апару үшiн, егер олар қашып кетуi немесе айналасына немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп есептеуге жеткіліктi негiздер болса;
4) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
5) қауiп-қатер дабылын беру немесе көмекке шақыру үшiн;
6) қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
Арнаулы құралдар мен қаруды осы Заңда және өзге де заң актiлерінде көзделмеген мақсаттарда қолдануға тыйым салынады. Арнаулы құралдарды немесе қаруды өзге мақсаттарда, сондай-ақ өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғану шегiнен асыра пайдалануға жол берген адам Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауапкершiлiкте болады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғану шегiнен асыра қолдану жеке күзет ұйымы күзетшiсiнiң құжатының күшiн жоюға әкеп соғады. Бұдан басқа, уәкiлеттi орган лицензиялау туралы заңдарда көзделген санкцияларды қолдануы мүмкiн.
3. Арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану алдында олар қарсы қолданылуы мүмкiн адамдарға бұл туралы анық ескертiлуге тиiс.
4. Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жасы белгiлi немесе айқын болған жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қызметтiк қару мен арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
5. Қызметтiк қару қолданылатын барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн шаралар қолданылуы, iшкi iстер органдары мен прокуратураға жиырма төрт сағат iшiндехабарлануы қажет.
6. Жеке күзет ұйымдарының күзетшiлерi арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы өз мiндеттерiн орындауға жарамдылығы жөнiнде мерзiмдi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.
7. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде келтiрген зияны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық жауапты болады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңдарымен.
5-тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Мемлекеттік бақылау
Ескерту. 20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметіне, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн есепке алу
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасындағы күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiн, күзетшiлердi даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарын, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру туралы деректердi бiрыңғай есепке алып отыруды жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.02.22 N 297, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.07.04 N 53-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңдарымен.
22-бап. Күзет қызметiн қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның және күзет қызметi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілердiң қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
23-бап. Заңсыз күзет ұйымдарын құрғаны және
белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет
қызметтерiн көрсеткенi үшiн жауаптылық
Осы Заңда көзделмеген күзет ұйымдарын, күзет қызметi жөнiндегi оқу орындарын құру немесе олардың қызметi, сондай-ақ лицензия алмай немесе осы Заңда белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет қызметтерiн көрсету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 21-бапта мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертусіз қалдырылды - ҚР 2008.07.04 N 53-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті