Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 1999 жылғы 15 қараша N 401. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың құрылтай құжаттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақтағы "1999 жылғы 30 қарашаға дейін" деген сөздер "2000 жылғы 1 сәуірге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 1999 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енгізілсін.
      3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Оқығандар:

            Багарова Ж.А.
            Икебаева А.Ж.