Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 1999 жылғы 15 қараша N 401

Қолданыстағы
      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың құрылтай құжаттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақтан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа V970381_ өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы V990709_ N 17 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

     4-тармақтағы "1999 жылғы 30 қарашаға дейін" деген сөздер "2000 жылғы 
1 сәуірге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы 1999 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енгізілсін.
     3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу 
шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулыны Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
     
     
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
     
     Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.