Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Бұйрық Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті 1999 жылғы 8 қараша N 597. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 10 маусымдағы N 28 Бұйрығымен.

Күшін жойған

-------------Бұйрықтан үзінді-----------------

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi директорының, Қазынашылық комитетi төрайымының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...      
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төрайым

Қазақстан Республикасы Қаржы  
Министрлiгiнiң Қазынашылық   
комитетi төрайымының      
2005 жылғы 10 маусымдағы    
N 28 бұйрығына қосымша     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Қазынашылық департаментi директорының, Қазынашылық
комитетi төрайымының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзбесi

      4. "Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операциялар жүргiзудiң ережесiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi төрайымының 1999 жылғы 8 қарашадағы N 597 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 992 болып тiркелген).

-------------------------------------

      Бұйырамын:
      Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі N 298 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жұргізудің ережесіне өзгерістер мен толықтыру  V970385_  бекітілсін.     

      Төрайымның
      міндетін атқарушы     

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлігі      
Қазынашылық комитетінің   
         1999 ж. 8 қараша N 597   
 бұйрығымен Бекітілген    

Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар
жүргізудің ережесіне өзгерістер мен толықтыру

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі N 298 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
      1.2-тармақта: 
      төртінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      Бюджет қаражатының бөлінген лимитінің қалған сомасына Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді беруге арналған шарттар жасалады."; 
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қолма-қол ақша алуға шектеу мыналар: 
      "Азық-түлік өнімдерін сатып алу" 131 ерекшелігі бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілері үшін темекі бұйымдарының орнына ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстар бойынша; 
      "Жұмсақ мүкәммал және киім-кешектер сатып алу" 134 ерекшелігі бойынша әскери қызметшілерге нысанды киім-кешектің орнына ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстар бойынша; 
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалану" 147 ерекшелігі бойынша еңбек шарттары бойынша штаттан тыс жүргізушілердің іс-сапар шығыстары бойынша; 
      "Ерекше шығыстар" 157 ерекшелігі бойынша күш және құқық қорғау органдарындағы ерекше шығыстар бойынша; 
      "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 ерекшелігі бойынша бостандықты шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшін тұратын жеріне дейін жолақы билеттерін сатып алуға арналған шығыстар бойынша және сайлау өткізуге (босатылған сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуге, партиялық тізімдер бойынша сайлауға түсіп отырған талапкерлерді қоспағанда, Президенттікке, Парламент депутаттығына, сондай-ақ мәслихатқа депутаттыққа талапкерлердің жалақысын өтеуге, еңбек келісімдерінің негізінде штаттан тыс қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге, іс-сапар шығыстарына, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға) арналған шығыстар бойынша; 
      "Көлік қызметіне ақы төлеу" 143, "үйге қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу" 146, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтің жеңіл автомобильдерді пайдалану" 147, "Өзге де қызмет көрсетулер" 149, "Жабдықтар мен мүкәммалды ұстау және ағымдағы жөндеу" 151, "Үйлерді, үй-жайларды және ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу" 152, "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 және "Жеке тұлғалар көрсететін қызметтер" 163 ерекшеліктерімен жасалған шарттар бойынша еңбек шарттары бойынша штаттан тыс қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге және консультанттардың қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша белгіленбейді.";
      жетінші абзацтағы "Қазынашылық департаментінің" деген сөздер "Қазынашылық комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын.