Мемлекеттік мекемелерге кассалық операцияларды жүргiзудiң Қағида бекiту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 1997 жылғы 8 қыркүйектегi N 298. ҚР Әділет министрлігінде 1997 жылғы 9 қазанда тіркелді. Тіркеу N 385. Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды -  ҚР Қаржы министрлiгiнің 2000 жылғы 25 сәуірдегi N 195 бұйрығымен. ~V001135

      Осы бұйрыққа қосымша ұсынылып отырған Мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды жүргiзудiң Қағида бекiтiлсiн.

      Вице-министр
                                                  Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлiгiнiң 1997 жылғы 8 қыркүйектегi N 298 бұйрығымен Бекiтiлдi


           Мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды
                             жүргiзудiң
                              Қағида <*>
      Ескерту. Уақытша тәртіптің атауындағы, бұдан әрі мәтін бойынша және
               оған қосымшалардағы "Уақытша тәртіп" деген сөздер "Қағида"
               деген сөзбен, барлық септеулердегі көпше түрінде болсын және
               жекеше түрінде болсын пайдаланылатын "бюджеттік ұйымдар",
               "ұйымдар" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септеуіне және
               жеке/немесе түріне сәйкес "мемлекеттік мекемелер" деген
               сөздермен ауыстырылды, "министрлік (ведомство)" деген сөздер
               "республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі" деген
               сөздермен ауыстырылды, "арнайы қаражаттар" деген сөздер
               "ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттар"- ҚР Қаржы
                министрлігі Қазынашылық комитетінің 1999.05.10. N 195
               V990797_ бұйрығымен.

                I. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Қағида кассалық операцияларды жүргiзу, мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитiн және қолма-қол ақшаны есеп айырысуда пайдаланудың шектi сомасын анықтау тәртiбiн белгiлейдi.
      1.2. Мемлекеттік мекемелердің өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысулары, әдетте, қолма-қол ақшасыз тәртiппен жүргiзiледi.
      Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып 131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу", 132 "Дәрi-дәрмектерді және медициналық мақсаттағы басқа да құралдарды сатып алу", 133 "Ағымдағы шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алу", 139 "Тауарлар сатып алу мен қызметтер көрсетуге жұмсалатын өзге де шығыстар", 151 "Жабдықтар мен құрал-саймандарды ұстау және ағымдағы жөндеу", 159 "Өзге де ағымдағы шығыстар" бiр ай ішінде:
      - бюджеттiк қаражаттар үшiн - 50 еселенген есептi көрсеткiштен;
      - ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттар үшiн - 100 еселенген есептi көрсеткiштен аспайтын мөлшерде. Бюджет қаражатының бөлінген лимитінің қалған сомасына Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді беруге арналған шарттар жасалады. <*>
       Қолма-қол ақша алуға шектеу мыналар:
      "Азық-түлік өнімдерін сатып алу" 131 ерекшелігі бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілері үшін темекі бұйымдарының орнына ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстар бойынша;
      "Жұмсақ мүкәммал және киім-кешектер сатып алу" 134 ерекшелігі бойынша әскери қызметшілерге нысанды киім-кешектің орнына ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстар бойынша;
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалану" 147 ерекшелігі бойынша еңбек шарттары бойынша штаттан тыс жүргізушілердің іс-сапар шығыстары бойынша;
      "Ерекше шығыстар" 157 ерекшелігі бойынша күш және құқық қорғау органдарындағы ерекше шығыстар бойынша;
      "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 ерекшелігі бойынша бостандықты шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшін тұратын жеріне дейін жолақы билеттерін сатып алуға арналған шығыстар бойынша және сайлау өткізуге (босатылған сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуге, партиялық тізімдер бойынша сайлауға түсіп отырған талапкерлерді қоспағанда, Президенттікке, Парламент депутаттығына, сондай-ақ мәслихатқа депутаттыққа талапкерлердің жалақысын өтеуге, еңбек келісімдерінің негізінде штаттан тыс қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге, іс-сапар шығыстарына, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға) арналған шығыстар бойынша;
      "Көлік қызметіне ақы төлеу" 143, "үйге қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу" 146, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтің жеңіл автомобильдерді пайдалану" 147, "Өзге де қызмет көрсетулер" 149, "Жабдықтар мен мүкәммалды ұстау және ағымдағы жөндеу" 151, "Үйлерді, үй-жайларды және ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу" 152, "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 және "Жеке тұлғалар көрсететін қызметтер" 163 ерекшеліктерімен жасалған шарттар бойынша еңбек шарттары бойынша штаттан тыс қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге және консультанттардың қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша белгіленбейді. <*>
      Ерекше жағдайларда, лимиттен тыс шоттарының және "Ақылы қызметтерден алынатын қаражат" ағымдағы шоттарының қолма-қол ақшаларды пайдалануға: <*>
      - республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің ұсынымымен берiлген Қазынашылық комитетiнiң жазбаша рұқсаты бойынша және Бюджеттiк департаменттiң келiсiмi бойынша рұқсат етiледi; <*> <*>
      - лимиттiң өсуiн тиiсті қаржы органымен келiсу арқылы жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 1.2.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433
               V980648_ бұйрығымен.
      Ескерту. 1.2.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлігі Қазынашылық департаментінің 1999.05.10. N 195
               V990797_ бұйрығымен.
      Ескерту. 1.2.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлігі Қазынашылық комитеті 1999.10.08. N 597
               V990992_ бұйрығымен.
      1.3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық аппарат және республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын бағыныстағы мемлекеттік мекемелер үшiн алдағы қаржы жылына арналған шығыстардың сметасын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттары бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасын жасау кезiнде кассадағы қолма-қол ақша қалдығы лимитiнiң есебiн жасайды (N 1 қосымша). Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы лимитiнiң есебi республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде, ал бағыныстағы мемлекеттік мекемелер үшiн тиiстi республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінде бюджеттен жұмсалатын шығыстардың бекiтiлген сметасы, сондай-ақ ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттар бойынша өрiстер мен шығыстар сметасының негізiнде расталады. <*>
      Ескерту. 1.3.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998.09.22.
               N 433 V980648_ бұйрығымен.
      Ескерту. 1.3.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлігі Қазынашылық департаментінің 1999.05.10. N 195
               V990797_ бұйрығымен.
      1.4. Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын және ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттары бар мемлекеттік мекемелер да кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимиті есебiн жасайды және тиiстi жергiлiктi қаржы органында шығыстар сметасын және ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасын растайды. <*>
      Ескерту. 1.4.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433 V980648_
               бұйрығымен.
      1.5. Мемлекеттік мекемелерінің кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитiн мемлекеттік мекемелердің 136 "Ел iшiндегi iссапарлар мен қызмет бабындағы жоспарлары", 137 "Елден тысқары жерлерге iссапарлар мен қызмет бабындағы жолсапарлар" деген ерекшемелер бойынша бюджеттен бөлiнетiн қаржының бекiтiлген жылдық сомасын және ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттар бойынша шығыстардың жылдық сомасын басшылыққа ала отырып, мынадай шекте айқындайды: <*>
      1. 5 млн. теңгеден - 20 мың теңге;
      2. 2.5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейiн - 40 мың теңге;
      3. 10 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейiн - 100 мың теңге;
      4. 20 млн. теңгеден жоғары - 150 мың теңге. <*>
      Алдағы жылдың басында шығыстар смета әлi бекiтiлмеген жағдайда "Бюджет жүйесi туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 52-1 Z960052_ Заңның 19-бабына сәйкес 1-тоқсанға арналған шығыстар сметасы жасалады және соған орай кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимитi айқындалады. Егер қаржы жылы iшiнде аталған ерекшемелер бойынша шығыстар сметасы өзгертiлетiн болса, онда кассадағы қолма-қол ақша қалдығының нақтыланған лимитi тиiсiнше өзгертiлiп, бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге хабарланады.
      Егер алдағы жылдың басына қарай ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасы бекiтiлмеген болса, онда мемлекеттік мекемелерге сметаны бекiткенше, бiрақ 1 сәуiрден кешiктiрмей кассадағы қолма-қол ақшалардың лимитiн есептеу үшiн 1 тоқсанға арналған сметада көзделген шығыстар сомасын пайдалануға рұқсат етiледі. Қаржы жылының iшiнде 136 және 137 ерекшелiктер бойынша бекiтiлген ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттардың кiрiстер мен шығыстар сметасы өзгерген жағдайда, тиiсiнше кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимитi нақтыланады және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға жеткiзiледi. <*>
      Ескерту. 1.5.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433
               V980648_ бұйрығымен.
      1.6. Мемлекеттік мекемелер өздерiнiң кассаларында екiншi деңгейдегi банктердiң чегi бойынша алынған қолма-қол ақшаларды ақшаның қызмет көрсететiн банктен алған күнiн есептемегенде, 3 жұмыс күнiнен артық емес күн сақтауға құқығы бар. <*>
      Ескерту. 1.6.-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433
               V980648_ бұйрығымен.
      1.7. Мемлекеттік мекемелерінің кассасына тiкелей түсетiн ақылы қызметтерді сатудан түсетін, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сомалар және Алматы қаласы Әкімінің бюджеттен тыс қорлары қолма-қол ақшалар тиiсті шотқа алдағы уақытта есепке алу үшiн қабылдаған күннен бастап 3 күннен кешiктiрiлмей қызмет көрсететiн банкке тапсырылуы керек. <*>
      Мұндай қаражаттарды тиісті шоттарға оларды алдын ала тапсырмай пайдалануға рұқсат етiлмейдi. <*>
      Ескерту. 1.7.-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433
               V980648_ бұйрығымен.
      Ескерту. 1.7.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық
                департаментінің 1999.05.10. N 195 V990797_ бұйрығымен.

            II. Уәкiлеттi банктерде қолма-қол ақша алу
                             тәртiбi

      2.1. Қолма-қол ақша алу үшiн мемлекеттік мекемелерінің кассирi немесе оны ауыстыратын адам чектi Қазынашылықта қызмет көрсететiн мемлекеттік мекемелерінің шотынан Қазынашылықтың транзиттік шотына ақшаларды аудару төлем тапсырысында көрсетiлген сомада толтырады. Сонан соң бас бухгалтер немесе бөлiмшенi басқаратын, мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлiк есебiн қамтамасыз ететiн адам чектiң дұрыс толтырылуын тексерiп және оны төлем тапсырысымен бiрге Қазынашылықтың тиiстi органының жауапты атқарушысына бередi. <*>
      Ескерту. 2.1.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433 V980648_
               бұйрығымен.
      2.2. Экономикалық сыныптама ерекшемелерiнiң құрылымында белгiлi бiр шығыстар бойынша жалақының дұрыс төленуiн бақылау және басқа мақсаттарға бюджеттік және "Ақылы қызметтен түсетін қаражат" ағымдағы шоты", демеушілік және қайырымдылық көмекке арналған шоттар және депозиттік шоттардан қолма-қол ақша алу мақсатында мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер тиiстi қазынашылық органдарға бюджеттік және "Ақылы қызметтен түсетін қаражат" ағымдағы шоты", демеушілік және қайырымдылық көмекке арналған шоттар және депозиттік шоттардан қолма-қол ақша алуға өтiнiм бередi, онда берiлуге тиiс сома көрсетiледi. Қолма-қол ақшаны алуға өтінім бюджеттік қаражаттар, ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттар, демеушілік немесе қайырымдылық көмек, депозиттік сомалар түріндегі қаражаттар және Алматы қаласы Әкімнің бюджеттен тыс қоры қаражаттары бойынша ақшалай чекпен бірге тапсырылады.

Бұл орайда демеушілік және қайырымдылық көмек депозиттік сомалар және 
Алматы қаласы Әкімінің бюджеттен тыс қоры түріндегі алынатын қаражаттар 
бойынша бюджеттік сыныптама коды толтырылмайды. Өтiнiм төлем тiзiмдемелерi 
немесе мынадай нысандағы кассалық шығыс ордерлерi негiзiнде жасалады. 
<*>

     Ескерту. 2.2.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы          
              министрлігі Қазынашылық департаментінің 1999.05.10. N 195    
               

V990797_

  бұйрығымен.     
     
                     Қолма-қол қаражат алуға
                             Өтінім
     __________________________________________
     (мемлекеттік мекеменің атауы)
     N_______________чекке
     Күнi ________________
___________________________________________________________________
N         Төлемнiң атауы          Бюджет сыныптама.       Сома
                                     сының коды           (теңге)
___________________________________________________________________
1.
2.
3.
Жиыны
___________________________________________________________________
М.О.    Мемлекеттік мекеменің басшысы
        Бас бухгалтер


      Қазынашылықтың қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету жөніндегі жауапты қызметкерi өтiнiм мен чектi қабылдап, тексередi, олардың ресімделуінің дұрыстығын, сондай-ақ әрбiр құжаттың сомалар мен ерекшелiктер бойынша сәйкестiгiн тексерiп, жауапты атқарушы чек берiлген соманы чек түбiртегiнiң бет жағында көрсетiлген сомамен салыстырады және чектiң бет және артқы жағына қол қояды. Тексерiлген және қол қойылған төлем тапсырысы чектер тiзiлiмiн қалыптастыру үшiн операциялық бөлiмнiң жауапты атқарушысына берiледi. Чектердiң тiзiлiмi басшының, жауапты атқарушының қолымен және Қазынашылық мөрiмен расталған чектермен бiрге төлеу үшiн қызмет көрсететiн банкке жiберiледi, өтiнiм қазынашылық органының атқарушысына бередi, өтiнiм, төлем тапсырысы қазынашылық органның iс қағазында қалады. <*>
      Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын және ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттары бар мемлекеттік мекеменің есеп айырысу-ақша құжаттарын жүзеге асырған кезде. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы бюджеттік және ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттардың есебiнен алатын қолма-қол ақшаның лимиттi сақтауын тексередi (жалпы сомасы 131, 132, 133, 139, 151, 159 ерекшелiктерi бойынша). Бақылау функцияларын жүзеге асырған кезде Қазынашылық әрбiр мемлекеттік мекемелерге айына алатын қолма-қол ақшаларды тiркеу жөнiнде талдама карточка ашады. <*>
      Қолма-қол ақшаларды мемлекеттік мекемелерінің кассасына уақытылы кiрiске алуға бақылау жасау мақсатында қолма-қол ақшаларға қызмет көрсету жөнiндегi бөлiмнiң жауапты атқарушысы қолма-қол ақшаларды кiрiске алу туралы төленген чектердiң тiзiлiмiмен чек кiтапшасының артқы жағында жазбаларды салыстыруды жүргiзедi. Чек кiтапшасының артқы жағындағы жазбаларға бөлiмнің жауапты атқарушысы қол қояды. <*>
      Ескерту. 2.2.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433
               V980648_ бұйрығымен.
      2.3. Қазынашылық бөлiмшелердiң қолма-қол ақша алуға берген өтiнiмге енгiзiлген сомалардың сәйкес болуын тексеру үшiн қажет болған жағдайда мемлекеттік мекемелерден бастапқы құжаттар (жалақы, сыйлықақы, т.б. тiзiлiмдемелерiн) берудi талап етуге құқығы бар. <*>
      Ескерту. 2.3.-тармақтың екінші абзацы алынып тасталды - ҚР Қаржы
               министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433
               V980648_ бұйрығымен.
      2.4. Банк кассасынан қолма-қол ақша алу кезiнде мемлекеттік мекемелерінің кассирi немесе оның орнындағы адам жалпы алынған соманы банк бақылаушысының қатысуымен бет сайын қайта санап оның чекте көрсетiлген сомаға сай келетiнiне көз жеткiзуге мiндеттi. Егер клиент алынған қолма-қол ақшаны банк бақылаушысының қатысуымен бет сайын қайта санап шықпаса, онда кейiннен жетiспеушiлiк анықталған жағдайда қолма-қол ақшаны алған жауапты адамға материалдық жауапкершiлiк жүктеледi.
      2.5. Уәкiлеттi банкте алынған қолма-қол ақша сол күнi мемлекеттік мекеменің кассасында кiрiске алынады, бұл үшiн бухгалтер кассалық кiрiс ордерiн (N ҚО-3а) жазады. Кассалық кiрiс ордерiн кассаға берiлгенге дейiн бухгалтерия кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiн тiркеу журналына (N КО-2 нысаны) тiркейдi. <*>
      Бұдан басқа, чек кiтапшасының артқы жағында 2.2.-тармаққа сәйкес Қазынашылықтың жауапты атқарушысының қолымен расталатын бас бухгалтердiң қолы қойылған кiрiс ордерiнiң нөмiрi мен күнi көрсетiлiп, қолма-қол ақшаларды кассаға кiрiске алу туралы жазба жүргiзiледi. <*>
      Ескерту. 2.5.-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды және өзгертілді - ҚР
               Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998.09.22.
               N 433 V980648_ бұйрығымен.
      2.6. Мемлекеттік мекемелердің екiншi деңгейдегi банктерден қолма-қол ақшаның ағымдағы шоты арқылы қолма-қол ақша алуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген нұсқауларымен белгiленедi.

          III. Қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, кассалық
                         құжаттарды ресiмдеу тәртiбi

      3.1. Банкнот пен ақшаны төлемге қабылдау кезiнде мемлекеттік мекемелерінің кассирi немесе оның орнындағы адам Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ақша белгiлерiнiң төлемдiлiгiн анықтау белгiлерi мен тәртiбiн басшылыққа алуға мiндеттi.
      Мемлекеттік мекемелер кассаларының қолма-қол ақшаны қабылдауы бас бухгалтер немесе ол уәкiлеттiк берген адам қол қойған кассалық кiрiс ордерi бойынша жүргiзiледi.
      Қолма-қол ақшаны қабылдау кезiнде бас бухгалтер немесе ол уәкiлеттiк берген адам мен кассир қол қойған және кассирдiң мөрi (мөртабаны) басылып расталған кассалық кiрiс ордерлерi бойынша квитанция берiледi.
      3.2. Ұйымдардың кассаларынан қолма-қол ақша беру кассалық шығыс ордерлерi (N ҚО-2 нысаны) немесе тиiсiнше ресiмделген басқа да құжаттар бойынша жүргiзiледi, бұл құжаттарда мөртабан басылып, кассалық шығыс ордерiнiң реквизиттерi толтырылуы керек. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға мемлекеттік мекемелерінің басшысы мен бас бухгалтер немесе ол уәкiлеттiк берген адам қол қоюға тиiс. <*>
      Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсететiн орталықтандырылған бухгалтерияларда берiлген жалақының жалпы сомасына бiр кассалық шығыс ордерi толтырылады, оның күнi мен нөмiрi әрбiр төлем тiзiмдемесiне қойылады.
      Ескерту. 3.2.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433
               V980648_ бұйрығымен.
      3.3. Жекелеген адамға кассалық шығыс ордерi немесе оны ауыстыратын құжат бойынша ақша беру кезiнде кассир немесе оны ауыстыратын адам алушының жеке басын куәландыратын <*> құжат ұсынуды талап етедi, құжаттың атауы мен нөмiрiн, оны кiм бергенiн және қашан берiлгенiн жазып алады, алушының қолхатын алып қалады. Егер кассалық шығыс ордерiн ауыстыратын құжат бiрнеше адамға қолма-қол ақша беруге жазылса, онда алушылар өздерiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады және төлем құжаттарының тиiстi бағанына қол қояды.
      Мемлекеттік мекемелерде ақша беру осы мемлекеттік мекеме берген куәлiк бойынша жүргiзiледi, онда иесiнiң суретi мен қолы болуға тиiс. __________________________________
      <*> Қазақстан Республикасы мен басқа да ТМД республикалары азаматының төлқұжаты, шетелдiк жалпы азаматтық төлқұжат немесе азаматтығы жоқ адамдардың тұруға рұқсат куәлiгi жеке басты куәландыратын құжат болып табылады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери билетi, армияның, Әскери-теңiз флотының әскери қызметшiлерiнiң, шекара әскерлерiнiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы мен ТМД-ның басқа да республикаларының IIМ iшкi әскерлерiнiң қызмет куәлiктерi төлқұжатты ауыстыратын құжат бола алады. <*>
      Ескерту. 3.3.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433
               V980648_ бұйрығымен.
      3.4. Қолма-қол ақшаны алғаны жөнiндегi қолхат тек сиямен немесе шариктi қаламсаптың пастасымен өз қолымен жазылуы керек, онда алынған сома көрсетiледi: теңге - жазумен, тиын цифрмен жазылады. Қолма-қол ақшаны тiзiмдеме бойынша алу кезiнде сома жазумен көрсетiлмейдi.
      3.5. Мемлекеттік мекемелерінің тiзiмдiк құрамында жоқ адамдарға қолма-қол ақша әр адамға жеке-жеке жазылатын кассалық шығыс ордерi бойынша немесе жасасылған шарт негiзiнде жеке тiзiмдеме бойынша берiледi.
      3.6. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оны ауыстыратын адам тек кассалық шығыс ордерiнде немесе ауыстыратын құжатта көрсетiлген адамға ғана бередi. Егер ақша тиiстi тәртiппен ресiмделген сенiмхат бойынша берiлетiн болса, онда ордердiң мәтiнiнде бухгалтериядан ақша алушының тегiнен, аты-жөнiнен ақша алуға сенiм бiлдiрiлген адамның тегi, аты-жөнi көрсетiледi. Егер ақша тiзiмдеме бойынша берiлетiн болса, онда кассир ақша алу жөнiндегi қолхаттың алдына "Сенiмхат бойынша" деген жазу жазады. Сенiмхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордерiне немесе тiзiмдемеге тiркеледi.
      3.7. Аурулығы себептi немесе басқа да себептермен қол қоюға мүмкiндiгi жоқ адамға ақша беру кезiнде оның өтiнуi бойынша белгiленген тәртiппен ресiмделген сенiмхатқа сәйкес оған басқа адам қол қоюына болады, бiрақ ол осы мемлекеттік мекеме бухгалтериясының немесе кассасының қызметкерi болмауға тиiс. Кассалық шығыс ордерiнде қолма-қол ақшаны нақты алушының немесе ол үшiн қол қойған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi мен жерi көрсетiледi.
      3.8. Еңбекке ақы төлеудi, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы, стипендия, сыйлықақы төлеудi кассир алушының әрқайсысына кассалық шығыс ордерiн толтырмастан төлем (есеп айырысу-төлем) тiзiмдемесi бойынша жүзеге асырады.
      3.9. Төлем (есеп айырысу-төлем) тiзiмдемесiнiң титул (басты) парағында қолма-қол ақшалай қаражатты беру туралы рұқсат етiлген жазу жазылып, мемлекеттік мекеме басшысы мен бас бухгалтерiнiң немесе олар уәкiлеттiк берген адамдардың қолы қойылып, қолма-қол ақшаның берiлген күнi және жазбаша сомасы көрсетiледi.
      Жалақы үшiн қолма-қол ақшаны бiр жолғы беру де (демалысқа кеткенде, ауырулығы себептi, басқа да себептер бойынша), қызмет бабындағы iссапарларға байланысты шығыстар жөнiнде есеп беретiн болып бiрнеше адамға депозицияланған сома мен қолма-қол ақшалай қаражат беру де осы тәртiппен ресiмделедi.
      Жекелеген адамдарға жалақы үшiн қолма-қол ақшаны бiр жолғы беру, әдетте, кассалық шығыс ордерi бойынша жүргiзiледi.
      3.10. Жалақы, сыйлықақы, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеудiң белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн кассир:
      а) төлем тiзiмдемесiнде төлем төленбеген адамдардың тегiнiң қарсысына мөртабан басуға немесе "Депозицияланды" деп қолмен белгi соғуға;
      б) депозицияланған соманың тiзбесiн жасауға;
      в) тiзiмдеменiң аяғына жалақының нақты төленген сомасы туралы және алынбаған сомасы туралы жазу жасауға, бұл соманы төлем тiзiмдемесiндегi жалпы жиынымен салыстыруға және оған өзiнiң қолын қоюға тиiс. Егер қолма-қол ақшаны кассир емес басқа адам берсе, онда тiзiмдемеде: "Ақшаны тiзiмдеме бойынша берген (қолы қойылады)" деген қосымша жазу жасалады. Қолма-қол ақшаны кассирдiң немесе таратушының бiр тiзiмдеме бойынша беруiне тыйым салынады;
      г) кассалық кiтапқа нақты төленген соманы жазуға және тiзiмдемеге: "N_____ кассалық шығыс ордерi" деген мөртабан басуға мiндеттi.
      Бухгалтерия төлем тiзiмдемесiне кассир жасаған белгiлерi тексерiп, ол бойынша берiлген соманы есептейдi.
      Депозицияланған сома уәкiлеттi банкке өткiзiледi және өткiзiлген сомаға бiр ортақ кассалық шығыс ордерi толтырылады, ол қолма-қол ақшалай салым жөнiндегi құлақтандырма жазу үшiн негiз болады, онда бюджеттiк сыныптаманың 10 таңбалы коды мiндеттi түрде көрсетiледi.
      3.11. Кассалық кiрiс ордерлерi мен олардың квитанцияларын, сондай-ақ кассалық шығыс ордерлерi мен оларды ауыстыратын құжаттарды бухгалтерия сиямен немесе шариктi қаламсаптың пастасымен дәл де анық етiп толтыруға немесе машинкамен (жазу, есептеу машинкасымен) жазуға тиiс. Бұл құжаттарда тазартуға, өшiрiп жазуға, түзетуге, ескерту жасалса да, жол берiлмейдi.
      Кассалық шығыс ордерлерiнде олардың толтырылуы үшiн негiздеме көрсетiледi, оларға тiркелген құжаттар аталады.
      Кассалық шығыс ордерлерiн немесе оларды ауыстыратын құжаттарды қолма-қол ақша алушы адамның қолына беруге тыйым салынады.
      3.12. Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiн немесе оларды ауыстыратын құжаттарды алу кезiнде кассир немесе оны ауыстыратын адам:
      а) құжаттарда бас бухгалтердiң қолы, ал кассалық шығыс ордерi мен оны ауыстыратын құжатта мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген адамдардың рұқсат еткен қолы болуын және оның растығын;
      б) құжаттардың дұрыс толтырылуын;
      в) құжаттарда аталған қосымшалардың болуын тексеруге мiндеттi.
      Осы талаптардың бiрi болмаса бiрi сақталмаған жағдайда кассир құжаттарды тиiстi дәрежеде ресiмдеу үшiн бухгалтерияға қайтарады.
      Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiне немесе оларды ауыстыратын құжаттарға қосымшаларымен бiрге мiндеттi түрде "Алынды" немесе "Төлендi" деп жазылған мөртабан басылуға немесе бұл жазулар қолмен жазылып, қол қойылуға және оларда күнi, айы, жылы көрсетiлуге тиiс.
      3.13. Жалақы төлеуге арналған төлем (есеп айырысу-төлем) тiзiлiмдемелерiнде ресiмделген кассалық шығыс ордерлерi жалақы берiлгеннен кейiн тiркеледi.

            IV. Кассалық кiтапты, ақшаны пайдалану кiтабын
               жүргiзу тәртiбi және ақшаны сақтау ережелерi

      4.1. Қолма-қол ақшалай есеп айырысу үшiн әрбiр мемлекеттік мекеме, егер мемлекеттік мекемелерде бюджеттiк қаражаттар және ақылы қызметтерді сатудан, демеушілік немесе қайырымдылық көмек және депозиттік сомалар түрінде алынатын қаражаттар бойынша қаражат операциялары бар болса, белгiленген N КО-4 нысаны немесе N 440 нысаны бойынша кассалық кiтап жүргiзуге тиiс. <*>
      Ескерту. 4.1.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1999.05.10. N 195 V990797_
               бұйрығымен.
      4.2. Әрбiр мемлекеттік мекеме тек бiр ғана кассалық кiтапты жүргiзедi, ол нөмiрленген, бау тағылған, сүргiштi немесе мастикалық мөр басылған болуға тиiс. Кассалық кiтаптағы парақтардың саны басшының немесе осы мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлiк есебiн қамтамасыз ететiн бөлiмшенi басқаратын адамның қолы қойылып расталады.
      Кассалық кiтаптағы жазу көшiргi қағаз арқылы шариктi қаламсаппен немесе сиямен 2 дана етiп жазылады. Парақтардың екiншi даналары жыртылмалы болуға тиiс және кассирдiң есеп беруiне керек болады. Парақтардың бiрiншi даналары кассалық кiтапта қалады. Парақтардың бiрiншi және екiншi даналары бiрдей нөмiрлермен нөмiрленедi.
      Кассалық кiтапта өшiруге және ескертiлмеген түзету енгiзуге тыйым салынады. Кiтапта қатенi түзету "Түзетiлдi" деген жазумен ескертiлуге және мемлекеттік мекемелерінің кассирi мен бас бухгалтерiнiң немесе оны ауыстыратын адамның қойылған қолымен қуатталуға, түзетiлген күнi көрсетiлуге тиiс.
      4.3. Кассалық кiтапқа жазуды кассир немесе оны ауыстыратын адам әрбiр ордер немесе оны ауыстыратын құжат бойынша қолма-қол ақшаны алғаннан кейiн немесе бергеннен кейiн дереу жазуға тиiс. Күн сайын, жұмыс күнiнiң аяғында кассир бiр күнгi операциялардың қорытындысын есептеп, келесi күнге кассадағы қолма-қол ақша қалдығы шығарады, сөйтiп екiншi жыртылмалы парақты (кассалық кiтаптағы бiр күнгi жазбалардың көшiрмесiн) кассалық кiрiс және шығыс құжаттарымен бiрге есеп ретiнде бухгалтерияға берiп, кассалық кiтапқа қол қояды. Сонымен бiрге кассир кассадағы қолма-қол ақша қалдығын нақты қолма-қол ақшамен салыстырады.
      4.4. Кассалық шығыс ордерiнде немесе оны ауыстыратын құжатта алушының қойылған қолымен қуатталмайынша кассадан қолма-қол ақша беру кассадағы қолма-қол ақша қалдығын растау үшiн қабылданбайды. Бұл сома жетiспеушiлiк деп саналып, кассирден өндiрiп алынады. Кассалық кiрiс ордерiмен расталмаған қолма-қол ақша кассаның артық ақшасы деп саналып, Бiрыңғай стандарттық шоттар жоспары шоттарының бiрiншi тобының 203109 "Өзге де санкциялар мен айыппұлдар" шоты бойынша мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне есептеледi. <*>
      Ескерту. 4.4.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1999.05.10. N 195 V990797_
               бұйрығымен.
      4.5. Мемлекеттік мекемелердің уәкiлеттi банктерден алған қолма-қол ақшасы қатаң түрде нысаналы мақсатқа жұмсалады. Қолма-қол ақшаның бюджеттік қаражаттар үшін жекелеген нысаналы мақсатқа пайдаланылуын бақылау үшiн және ақылы қызметтерді сатудан, демеушілік немесе қайырымдылық көмек және депозиттік сомалар түрінде алынатын қаражаттар үшін (N 3-қосымша) барлық мемлекеттік мекемелер қолма-қол ақшаның бюджеттік қаражаттар үшін жекелеген нысаналы мақсатқа пайдаланылуын бақылау кітаптарын (N 2 қосымша) жүргiзедi. Бұл кiтапта айдың басындағы қолма-қол ақшаның қалдығы, ақшаның түсуi, шығысы және айдың аяғындағы ақшаның қалдығы экономикалық сыныптама ерекшемелерi бойынша көрсетiледi. Екі кітап бойынша қолма-қол ақша қалдығы жиынының сомасы кассалық кiтап бойынша айдың аяғындағы қолма-қол ақшаның қалдығына сай келуге тиiс. Кiтапқа жазуды кассир немесе оны ауыстыратын адам түсiредi. <*>
      Ескерту. 4.5.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433 V980648_
               бұйрығымен.
      Ескерту. 4.5.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1999.05.10. N 195 V990797_
               бұйрығымен.
      4.6. Кассалық кiтаптардың дұрыс және уақытылы енгізілуіне және қолма-қол ақшаның нысаналы мақсатқа пайдаланылуын бақылау кiтабын (N 2 және N 3-қосымша) кітаптарын бақылау бас бухгалтерге немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлiк есептiң жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн бөлiмшенi басқаратын адамға жүктеледi. <*>
      Ескерту. 4.6.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі
               Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433 V980648_
               бұйрығымен.
      4.7. Әрбiр мемлекеттік мекемелерінің қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүргiзу үшiн кассасы болуға тиiс. Касса - қолма-қол ақшаны қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналып арнайы жабдықталған және оқшауландырылған бөлме. Мемлекеттік мекемелердің басшылары кассаны жабдықтауға және қолма-қол ақшаның касса бөлмесiнде, сондай-ақ оны уәкiлеттi банктен жеткiзу және банкке өткiзу кезiнде сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi және оларға солардың кiнәсiнен қолма-қол ақшаны сақтау мен тасымалдау кезiнде оның сақталуын қамтамасыз ететiн қажеттi жағдайлардың жасалмағаны үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
      Касса бөлмесi оқшауландыруға, ал кассаға кiретiн есiк операциялар жасау кезiнде iш жағынан кiлттелiп жабылуға тиiс. Кассаның жұмысына қатысы жоқ адамдардың оның бөлмесiне кiруiне тыйым салынады. Әрбiр мемлекеттік мекемеде кассаға кiретiн адамдардың тiзiмi жасалады, оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
      4.8. Мемлекеттік мекемелердегі барлық қолма-қол ақша, чектер мен бағалы қағаздар, әдетте, сейфтерде немесе отқа жанбайтын металл жәшiктерде, ал жекелеген жағдайларда - құрамдастырылған және жай металл жәшiктерде сақталады, олар жұмыс аяқталғаннан кейiн кiлттелiп, сүргiш мөр басылады. Металл жәшiктердiң кiлттерi мен мөрлер кассирлерде сақталады және олардың кiлттердi шартты жерлерде қалдыруына, бөгде адамдарға беруiне не ескерiлмеген қосымша даналарын жасатуына тыйым салынады.
      Кассирлер пакеттерге, қобдишаларға немесе басқа да орауыштарға салып мөрлеген кiлттердiң ескерiлген қосымша даналары мемлекеттік мекемелердің басшыларында сақталады. Сирек дегенде тоқсан сайын бiр рет оларға комиссиялық тексеру жүргiзiледi. Кiлттiң жоғалғаны анықталған жағдайда мемлекеттік мекеменің басшысы болған оқиғаны iшкi iстер органдарына хабарлап, металл жәшiктiң құлпын дереу ауыстыру шараларын қолданады.
      Осы мемлекеттік мекемеге тиесiлi емес қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтардың кассада сақталуына тыйым салынады.
      4.9. Кассаның бөлмесi мен металл жәшiктердi ашар алдында кассир құлыптадың, есiктердiң, терезе торлары мен мөрлердiң бүлiнген-бүлiнбегенiн қарап шығуға, күзет дабылының бұзылмағандығына көз жеткiзуге тиiс.
      Мөр бүлiнген немесе алынған, құлыптар, есiктер мен терезе торлары сындырылған жағдайда кассир мұны дереу мемлекеттік мекеменің басшысына хабарлауға мiндеттi, ол болған оқиғаны iшкi iстер органдарына хабарлап, милиция қызметкерлерi келгенше кассаны күзету шараларын қолданады.
      Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеменің басшысы, бас бухгалтерi немесе оны ауыстыратын адам, сондай-ақ кассир iшкi iстер органдарының рұқсатын алғаннан кейiн кассада сақтаулы қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтардың бар екендiгiн тексередi. Бұл тексеру кассалық операциялар басталмастан бұрын жүргiзiледi. Тексеру нәтижелерi туралы 4 дана етiлiп акт жазылады, оған тексеруге қатысушы барлық адамдар қол қояды. Актiнiң бiрiншi данасы iшкi iстер органдарына берiледi, ал екiншiсi сақтандыру компаниясына жiберiледi, үшiншiсi - жоғары тұрған мемлекеттік мекемеге (ондай мемлекеттік мекеме болған жағдайда) жiберiледi, төртiншiсi - мемлекеттік мекемеде қалады.
      4.10. Жалданып жұмыс iстеушiлердiң материалдық жауапкершiлiгi туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес кассирге өзi қабылдап алған барлық құндылықтар үшiн қасақана әрекеттермен де, өзiнiң мiндеттерiне салдыр-салақ қарауы немесе адал қарамауы салдарынан да мемлекеттік мекемеге келтiрiлген қандай да болсын зиян үшiн материалдық жауапкершiлiк жүктеледi.
      4.11. Кассирдi жұмысқа қабылдау туралы бұйрық берiлгеннен кейiн мемлекеттік мекеменің басшысы кассирге осы уақытша тәртiптi таныстырып, қолын қойдыруға мiндеттi, сонан соң кассирмен немесе оны ауыстыратын адаммен оның толық жеке материалдық жауапкершiлiгi туралы шарт жасалады.
      4.12. Кассирдiң өзiне жүктелген жұмысты басқа бiреуге сенiп тапсыруына тыйым салынады.
      4.13. Бiр кассирi бар мемлекеттік мекемелерде оны уақытша ауыстыру қажет болған жағдайда кассирдiң мiндетi мемлекеттік мекемелер басшысының жазбаша бұйрығымен кассирдiң мiндетiн атқару басқа қызметкерге жүктеледi. Бұл қызметкермен 4.11-тармақта көзделген шарт жасасылады.
      Кассир кенеттен жұмыста болмай қалған жағдайда (сырқаттанып қалуы, басқа да себептермен) оның есебiнде тұрған құндылықтар табыс етiлетiн адам мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтерiнiң қатысуымен немесе мемлекеттік мекеме басшысы тағайындаған адамдардан құралған комиссияның қатысуымен оларды дереу қайта санайды. Құндылықтарды қайта санау және табыстау нәтижелерi туралы аталған адамдардың қолы қойылған акт жазылады.
      4.14. Басшысының, бас бухгалтер мен кассалық құжаттарға қол қою құқығын пайдаланатын басқа да қызметкерлердiң кассирлердiң мiндеттерiн атқаруына болмайды.
      Жұмыскерлерiнiң саны аз, штатында кассирi жоқ мемлекеттік мекемелерде кассирдiң мiндетiн мемлекеттік мекеме басшысының жазбаша өкiмiмен бас бухгалтердiң немесе басқа қызметкердiң атқаруына болады.

            V. Кассаны тексеру және кассалық тәртiптiң
                       сақталуын бақылау

      5.1. Мемлекеттік мекеменің басшысы белгiлеген мерзiмде, бiрақ сирек дегенде тоқсан сайын бiр рет барлық қолма-қол ақшаны парақтап толық қайта есептей отырып және кассадағы басқа да құндылықтарды тексере отырып, кассаға тексерiс жүргiзедi. Кассаға тексерiс жүргiзу үшiн мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен комиссия тағайындалады, ол акт жазады.
      5.2. Тексерiс кезiнде кассада құндылықтар жетiспеген не артық болған жағдайда актiде жетiспеген немесе артық шыққан сома және оның пайда болуының мән-жайы көрсетiледi.
      Кассалық кiтап компьютерлендiрiлген әдiспен жүргiзiлетiн жағдайда кассалық құжаттарды өңдеудiң бағдарламалық құралдарының дұрыс жұмыс iстеуiне тексеру жүргiзiледi.
      5.3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қазынашылық органдары мемлекеттік мекемелерде қаржы-шаруашылық қызметке тексерiс пен тексеру жүргiзу кезiнде кассаға мiндеттi түрде тексерiс жүргiзедi, мұнда қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуының қамтамасыз етiлуiне және есеп айырысуда қолма-қол ақшаның шектi пайдалану мөлшерiнiң сақталуына ерекше назар аударылады. <*>
      Қазынашылық органдар республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қолма-қол ақшаның, сондай-ақ ақылы қызметтерді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен, депозиттік сомадан түскен ақшалардың бөлiнген қолма-қол ақшаның мақсатқа сай пайдаланылуына тексеру жүргiзу кезiнде қолма-қол ақшаның қозғалысын қолма-қол ақшаның нысаналы мақсатқа және кассалық кiтап бойынша пайдаланылуын бақылау кiтабының

деректерi бойынша бақылайды. 
<*>

     Ескерту. 5.3.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі 
              Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433  

V980648_

  
              бұйрығымен.
     Ескерту. 5.3.-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі 
              Қазынашылық департаментінің 1999.05.10. N 195  

V990797_

  
              бұйрығымен.          
     5.4. Кассалық тәртiптiң сақталуы үшiн жауапкершiлiк мемлекеттік
мекеменің басшысына, бас бухгалтерiне, қаржы қызметiнiң басшысы мен
кассирге жүктеледi.
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрлiгi
     Қазынашылық департаментi
     директорының орынбасары


                                     ҚР Қаржы министрлiгiмен

бекiтiлген мемлекеттік мекемелерге кассалық операцияларды енгiзудiң уақытша тәртiбiне N 1-қосымша <*>

     Ескерту. N 1 қосымша өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы 
              министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433    
               

V980648_

  бұйрығымен.  
           Кассадағы қолма-қол ақшалардың қалдық лимитін
                            Есептеу
                  
                     ____________________________
                     (мемлекеттік мекеменің атауы)
     
_________________________________________________________________________
|N|      Ерекшелігі                      |            Жылдық сома   |
| |                                      ___________________________|
| |                                      | бюджеттен  |ақылы қызмет-|Жиыны 
| |                                      |қаржыландыру|терді сатудан|     
| |                                      |            |алынатын     |     
| |                                      |            |қаражаттардан|     
 _|______________________________________|____________|_____________|_____
|1|                    2                 |     3      |      4      |   5 
|_|______________________________________|____________|_____________|_____
| |"Ел ішіндегі іссапарлар мен қызмет    |            |             |     
| |бабындағы жүріп-тұрулар" 136          |            |             |     
|_|______________________________________|____________|_____________|_____
| |"Елден тысқары іссапарлар мен қызмет  |            |             |     
| |бабындағы жүріп-тұрулар"              |            |             |     
|_|______________________________________|____________|_____________|_____
| |Жиыны                                 |            |             |     
|_|______________________________________|____________|_____________|_____
   Кассадағы қолма-қол ақшаның қалдық лимиті шығыстар сметасында көзделген 
жылдық сомаға байланысты мынадай мөлшерде белгіленеді:
     
     1. 5 млн теңгеге дейін          - 20 мың теңге;
     2. 5-тен 10 млн. теңгеге дейін  - 40 мың теңге;
     3. 10-нан 20 млн. теңгеге дейін - 100 мың теңге;
     4. 20 млн. теңгеден жоғары      - 150 мың теңге;
     
     Республикалық бюджеттік бағдарламалардың 
     әкімшісінің,
     мемлекеттік мекеменің басшысы:   _____________    _____________
                                        (қолы)            (аты-жөні)
     
     199__ жылғы _____________ ________________ мөлшердегі кассадағы
                                (сомасы)
     қолма-қол ақшаның қалдық лимиті өзім тексерген сметалардың негізінде 
     растаймын:
     
                         _________________ ________________________________
                            (қолы)         (жауапты атқарушысының аты-жөні)
     
      Күні 199___ жылғы "___"_____________


                                     ҚР Қаржы министрлiгiмен

бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды енгiзудiң уақытша тәртiбiне N 2-қосымша


           Қолда бар ақшаларды мақсатты пайдалану бойынша

                       бақылау кiтабы
Мемлекеттік мекеменің атауы
_________________айы 199__ ж.
___________________________________________________________________
N |Операцияның мазмұны |Күнi|Құжат |Ерекшелiктер бойынша қолда бар
  |                    |    |      |ақшалар түстi (шығындалды)
  |                    |    |      |_______________________________
  |                    |    |      | 111| 112| 113| 121| 131| 132|
___________________________________________________________________
 1|        2           | 3  |  4   |  5 |  6 |  7 |  8 |  9 |  10
___________________________________________________________________
  |Айдың басына қалғаны|    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |Табыс               |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |                    |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |                    |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |Табыс бойынша жиыны |    |      |    |    |    |    |    |
__|________________________________________________________________
  |Шығыс               |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |                    |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |                    |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |Шығыс бойынша жиыны |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |Айдың аяғына қалғаны|    |      |    |    |    |    |    |
__|________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ерекшелiктер бойынша қолда бар          |  | Ерекшелiктерi
ақшалар түстi (шығындалды)              |  | бойынша
________________________________________| _| жиыны
 133| 136| 137| 139| 151| 159| және т.б.|  |
________________________________________|_ | _______________________
 11  12    13   14   15  16    17        18            19
___________________________________________________________________
  |Айдың басына қалғаны|    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |Табыс               |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |                    |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |                    |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |Табыс бойынша жиыны |    |      |    |    |    |    |    |
__|________________________________________________________________
  |Шығыс               |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |                    |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |                    |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |Шығыс бойынша жиыны |    |      |    |    |    |    |    |
  |________________________________________________________________
  |Айдың аяғына қалғаны|    |      |    |    |    |    |    |
__|________________________________________________________________
     


                                        Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 22 қыркүйектегі N 433 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне толықтырулар мен өзгерістерге N 3-қосымша <*>

     Ескерту. N 3 қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі
              Қазынашылық департаментінің 1998.09.22. N 433  

V980648_

  
              бұйрығымен.
     Ескерту. N 3 қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық    
              департаментінің 1999.05.10. N 195  

V990797_

  бұйрығымен.  
     
                 Ақылы қызметтерді сатудан, демеушілік 
        және қайырымдылық көмектен, депозиттік сомадан түсетін 
              қолма-қол ақшаларды нысаналы мақсат бойынша
                        пайдалануды бақылау
                               Кітабы
<*>

     
     Мемлекеттік мекеменің атауы ________________________________________
     199___ жылғы ________________________ ай
     
 ______________________________________________________________________
|N| Операцияның |Күні|Құжат.|Ерекшеліктер бойынша банктен чек бойынша      
| |   мазмұны   |    |тың   |түсетін (шығындалған) қолма-қол ақша          
| |             |    |нөмірі|                                              
| |             |    |      
|________________________________________________________________________
| |             |    |    |111|112|113|121|131|132|133|136|137|139|151|159|
|_|_____________|____|____|___|___|___|___|___|___|___|___|___|__ |___|__
|1|      2      |  3 | 4  | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10| 11| 12| 13|14 | 15|16 |
|_|_____________|____|____|___|___|___|___|___|___|___|___|___|__ |___|__ |
| |Ай басындағы |                                                         |
| |қалдық       |                                                         |
|_|_____________|                                                         |
| |Кіріс        |                                                         |
| |_____________|                                                         |
| |Кіріс бойынша|                                                         |
| |жиыны        |                                                         |
| |_____________|                                                         |
| |Шығыс        |                                                         |
| |_____________|                                                         |
| |Шығыс бойынша|                                                         |
| |жиыны        |                                                         |
|_|_____________|                                                         |
| |Ай аяғындағы |                                                          
| |қалдық       |                                                          
|_|_____________|__________________________________________________________
 таблицаның жалғасы
          
                                                       (теңге)
 __________________________________________________________________________
|     |Мынадай шоттарға есепке алу үшін кассаға                   |Жиынын-|
|     |қолма-қол ақша қаражаты түсті                              |да түс-|
|     |                                                           |кен (ба|
|_____|___________________________________________________________|нкке та|
|жөн с|   ақылы    | депозиттік    |  демеушілік   |Алматы қаласы |псырыл-|
|т.б. |қызметтерден|               | және қайырым- |Әкімнің бюджет|ған) қо|
|     |түсетін қара|               | дылық көмек   |тен тыс қоры  |лма-қол|
|     |жаттар      |               |               |              |ақша   |
|_____|____________|_______________|_______________|______________|_______|
|  17 |    18      |       19      |       20      |           21 |  22   |
|_____|____________|_______________|_______________|______________|_______|
|_____|____________|_______________|_______________|______________|_______|