Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Бұйрық Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті 1999 жылғы 8 қараша N 597

Қолданыстағы

     Бұйырамын:
     
     Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 
жылғы 8 қыркүйектегі N 298 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде 
кассалық операциялар жұргізудің ережесіне өзгерістер мен толықтыру  

V970385_

 
бекітілсін.
     
     Төрайымның
     міндетін атқарушы
     
                               Қазақстан Республикасы
                                  Қаржы министрлігі
                                Қазынашылық комитетінің
                           1999 ж. 8 қараша N 597 бұйрығымен
                                    Бекітілген
     
     Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар
     жүргізудің ережесіне өзгерістер мен толықтыру
     


      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі N 298 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1.2-тармақта:
      төртінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      Бюджет қаражатының бөлінген лимитінің қалған сомасына Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді беруге арналған шарттар жасалады.";
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қолма-қол ақша алуға шектеу мыналар:
      "Азық-түлік өнімдерін сатып алу" 131 ерекшелігі бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілері үшін темекі бұйымдарының орнына ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстар бойынша;
      "Жұмсақ мүкәммал және киім-кешектер сатып алу" 134 ерекшелігі бойынша әскери қызметшілерге нысанды киім-кешектің орнына ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстар бойынша;
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалану" 147 ерекшелігі бойынша еңбек шарттары бойынша штаттан тыс жүргізушілердің іс-сапар шығыстары бойынша;
      "Ерекше шығыстар" 157 ерекшелігі бойынша күш және құқық қорғау органдарындағы ерекше шығыстар бойынша;
      "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 ерекшелігі бойынша бостандықты шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшін тұратын жеріне дейін жолақы билеттерін сатып алуға арналған шығыстар бойынша және сайлау өткізуге (босатылған сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуге, партиялық тізімдер бойынша сайлауға түсіп отырған талапкерлерді қоспағанда, Президенттікке, Парламент депутаттығына, сондай-ақ мәслихатқа депутаттыққа талапкерлердің жалақысын өтеуге, еңбек келісімдерінің негізінде штаттан тыс қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге, іс-сапар шығыстарына, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға) арналған шығыстар бойынша;
      "Көлік қызметіне ақы төлеу" 143, "үйге қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу" 146, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтің жеңіл автомобильдерді пайдалану" 147, "Өзге де қызмет көрсетулер" 149, "Жабдықтар мен мүкәммалды ұстау және ағымдағы жөндеу" 151, "Үйлерді, үй-жайларды және ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу" 152, "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 және "Жеке тұлғалар көрсететін қызметтер" 163 ерекшеліктерімен жасалған шарттар

бойынша еңбек шарттары бойынша штаттан тыс қызметкерлердің еңбегіне ақы 
төлеуге және консультанттардың қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстар 
бойынша белгіленбейді.";
     жетінші абзацтағы "Қазынашылық департаментінің" деген сөздер 
"Қазынашылық комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
     
     
     
     
     Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.