Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1999 жылғы 22 қараша N 587 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 3 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 990

Жаңартылған

      "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 29 Заңына  сәйкес және "Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 тамыздағы N 1206 қаулысын  орындау үшiн Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi бекiтiлсiн (1-қосымша).
      2. Қалалық iшкi iстер басқармаларының, облыстардың Астана және Алматы қалаларының iшкi iстер басқармаларының бастықтары:
      1) Жол полициясының бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Тәртiптi оқуын қамтамасыз етсiн және оны орындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын;
      2) автокөлiк құралдарының иелерiн (заңды және жеке тұлғаларды) осы Тәртiптiң талаптары туралы ақпараттандыру жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн;
      3) осы Тәртiпте көзделген қызметтiк құжаттамалардың бланкілерiн дайындасын және Жол полициясының бөлiмшелерiн олармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн;
      4) мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзу кезiнде ұрланған және алып кетiлген көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн анықтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;
      5) Жол полициясының бөлiмшелерiне көлiк құралдарының саны мен олардың мемлекеттiк техникалық байқаудан өткендiгi туралы мәлiметтердiң компьютерлiк есебi мен талдауын енгiзудi қамтамасыз етсiн.
      6) Жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыруға тартылатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерiн қарау жөнiнде ұсыныс енгiзiлсiн.
      Ескерту: 2-тармақ толықтырылды - Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .
      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 134 бұйрығымен бекiтiлген "Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнiң" күшi жойылды деп есептелсiн.
      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы Департаментіне жүктелсiн.
      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .
      5. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi деп белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
          Ішкi iстер министрi -
          Iшкi әскерлерiнiң
      қолбасшысы генерал-лейтенант

Қазақстан Республикасы
Ішкi iстер министрлігінің
1999 жылғы 22 қарашадағы
N 587 бұйрығына  
1-қосымша    

Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары
 мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық
 байқауды жүргізудің
 тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi (бұдан әрi мәтiн бойынша - көлiк құралдары) мемлекеттiк техникалық байқауды (бұдан әрi мәтiн бойынша - техникалық байқау) жүргiзудiң тәртiбi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясында тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын көлiк құралдарын техникалық байқауды жүргiзудің тәртiбi мен мерзiмдерiн белгілейтiн нормативтiк құқықтық актi болып табылады.

      2. Осы Тәртiп барлық көлiк құралдарының меншiк иелерi мен көлiк құралдарының меншiк иесi оларға иелiк ету және (немесе) пайдалану және (немесе) билiк ету құқығын берген адамдар (бұдан әрi мәтiн бойынша - көлiк құралдарының тәртiптерiнің, нормативтерiнiң және стандарттарының иелерi) - меншiк нысандарына қарамастан барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар (бұдан әрi мәтiн бойынша - заңды тұлғалар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрi мәтiн бойынша - жеке тұлғалар) үшiн мiндеттi.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылып жүрген және белгiленген тәртiппен тiркелген көлiк құралдары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясында мiндеттi техникалық байқауға жатады.

      4. Техникалық байқаудың негiзгi мiндеттерi:
      1) көлiк құралдарының құрамдас элементтерiнің техникалық жағдайын диагностикалаудың қорытындысы бойынша көлiк құралдарының техникалық жағдайының жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
      2) көлiк құралдарының санын, олардың тиесiлiлiгiн және өзге де тiркеу деректерiн нақтылау;
      3) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.

      5. Техникалық байқау кезiнде көлiк құралдары жүргiзушiлерiнің уақытылы медициналық қайта куәлiктендiруден өтуiн бақылау жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген өзге де iс-шаралар жүзеге асырылады.

      6. Жыл сайын техникалық байқауға:
      1) иелерi жеке кiсi тасумен айналысатын автобустар, автомобиль-таксилер, жеңiл автомобильдер, меншiк нысанына қарамастан адамдарды тасымалдау үшiн жабдықталған жүк автомобильдерi - тоқсанына бiр рет;
      2) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған арнаулы көлiк құралдары - байқаудың арасындағы мерзiмдiлiгi 3 айдан кем емес бiрiншi және екiншi жарты жылдықта жылына 2 рет;
      3) осы баптың 1, 2-тармақтарында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағанда заңды тұлғалардың көлiк құралдары - қалалық iшкi iстер басқармасының iшкi iстер бөлiмiнiң жол патрулi бөлiмшесiнiң бастығы бекiткен кестеде белгiленген мерзiмдерде 1 қаңтардан 30 қазанға дейiн кезеңде жылына 1 рет;
      4) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағандағы жеке адамдардың көлiк құралдары жылына бiр рет 1 қаңтардан 30 қазанға дейiнгi кезеңде техникалық байқауға жатады;
      5) Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген көлiк құралдары республика аумағында алғаш рет тiркеумен байланысты тiркеу iс-қимылдарын жасау кезiнде жол полициясының тiркеу-емтихан алу бөлiмшелерiнде техникалық байқауға жатады.
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      7. Техникалық байқау көлiк құралдарын техникалық байқауды ведомстволық бағыныстағы көлiктiң техникалық жағдайын тексеру үшiн қажеттi диагностикалық жабдықтары бар заңды тұлғалар жүргiзетiн жағдайды қоспағанда, iшкi iстер органдарының жол полициясы аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң жанынан ұйымдастырылатын Жол полициясының техникалық бақылау пункттерiнде жүргiзiледi.
      Әр аудан, қала үшiн техникалық бақылау пункттерiнiң қажеттi санын көлiк құралдарының саны туралы деректердi ескере отырып Жол полициясы айқындайды.
      Техникалық бақылау пункттерiндегi техникалық бақылау жүргiзуге уәкiлеттi жол полициясы қызметкерлерiнiң саны қолданылып жүрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерi жұмыс ауқымының нормативтерiне сәйкес айқындалады.
      Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      8. Тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

2. Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң техникалық байқауды жүргiзуге қатысуының тәртiбi

      Ескерту: 2-тараудың тақырыбы өзгертілді - Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен

      9. Техника құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқаудың алдында диагностикалауды өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерi мынадай талаптарды:
      1) техника құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқаудың алдында диагностикалау жүргiзiлетiн стационарлық үй-жайдың, көлiк құралдарының диагностикалау желiлерi (постылары) арқылы өтуiнiң жоспар-сызбасы қойылған өндiрiстiк-техникалық алаңның болуын;
      2) келген автомобильдердi қоюға арналған орындардың, көрсетiлген үй-жайға кiру және шығу жолдарының болуын;
      3) диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының болуын, олардың жарамдылығы мына тiзбеге:
      тежеу жүйесiнiң техникалық жағдайын тексеруге арналған стендiге;
      рулдiк басқарудағы жиынтық люфтiн тексеруге арналған аспапқа;
      фарлардың жарықтық шоғын белгiлеу бұрыштарын тексеруге арналған аспапқа;
      автомобильдердiң жағылған газдарының улылығын айқындауға арналған аспапқа;
      автомобильдердiң жағылған газдарының түтінділігін айқындауға арналған аспапқа;
      әйнектердiң жарық өткiзгiштiгiн тексеруге арналған аспапқа;
      көтергiштерге немесе қарау шұңқырларына сәйкес оларға метрологиялық аттестациялау жүргiзудiң және соңғы тексерудiң уақыты мен мерзiмдiлiгiн;
      4) бiлiктi мамандардың болуын;
      5) нормативтiк және техникалық құжаттамалардың болуын;
      6) санитарлық-техникалық жабдықтардың болуы мен жарамдылығын қанағаттандыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер жүзеге асырады.
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен

      10. Тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      11. Тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      12. Тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      13. Тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      14. Тармақ алынып тасталынды - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      15. Тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      16. Тармақ алынып тасталынды - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      17. Тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      18. Тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      19. Тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      20. Тармақ алынып тасталынды - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      21. Тармақ алынып тасталынды - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      22. Тармақ алынып тасталынды - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      23. Тармақ алынып тасталынды - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      24. Тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

3. Техникалық байқауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар

      25. Тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , тармақ алынып тасталынды  - 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен

      26. Жол полициясы жыл сайын 1 желтоқсанға дейiн қала (аудан) бойынша техникалық байқау жүргiзiлетiн мерзiмдер мен жерлер туралы мәлiметтi қамтитын, заңды тұлғалардың көлiк құралдарын техникалық байқаудың кестесiн жасайды.
      Ескерту: 26-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      27. Кестенi IIБ ЖПБ-ның (қаланың, ауданның) бастығы бекiтедi және техникалық байқау өткiзу басталғанға дейiн бiр аптадан кешiктiрiлмей жергiлiктi атқарушы органдардың, салық органдарының, қалалық (аудандық) әскери комиссариаттардың және көлiк құралдарының иелерi - заңды тұлғалардың назарына жеткiзiледi.
      Ескерту: 27-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен

      28. Жол полициясы техникалық байқау басталғанға дейiн және оны өткiзу кезiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көлiк құралдарын техникалық байқауға ұсынудың мерзiмдерi, шарттары және тәртiбi туралы көлiк құралдарының иелерiне хабарлауға мiндеттi.

      29. Көлiк құралдарының иесi - ұйымдар мен мекемелердiң басшыларына Жол полициясы техникалық байқауды өткiзудiң мерзiмдерiн, өтетiн жерiн және тәртiбiн, сондай-ақ көлiк құралдарын техникалық байқауға дайындауға қатысты басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып жазбаша хабарлама жолдайды. Көлiк құралдарын техникалық байқау жүргiзiлетiн жерлерде техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi, көлiк құралдарының техникалық жағдайына талаптарды белгiлейтiн нормативтер туралы, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың, көлiк құралдарына арналған салықты есептеудiң және төлеудiң тәртiбi және т.б. туралы станды-панно қойылады.

4. Техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi

      30. Көлiк құралдарын техникалық байқау олардың тұрақты немесе уақытша тiркелген жерi бойынша жүргiзiледi.

      31. Иелерi (заңды және жеке тұлғалар) өздерiне тиесiлi көлiк құралдарын белгiленген мерзiмдерде және жерге техникалық байқауға әкелуге мiндеттi. Белгiленген мерзiмдерде техникалық байқауға ұсынылмаған көлiк құралдары техникалық байқаудан өтпеген деп саналады, ал оларды пайдалануға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тыйым салынады.

      32. Қазақстан Республикасының Автокөлiк құралдары. СТ сәйкес ведомстволық көлiктiң техникалық жағдайын тексеруге арналған қажеттi диагностикалық жабдықтары бар заңды тұлғалардың көлiк құралдарын техникалық байқау, жол қозғалысының қауiпсiздiгi шарттары бойынша техникалық талаптар, бiлiктi мамандардың штатының тексерулерiнiң әдiстерi Жол полициясымен келiсiм бойынша тiкелей осы ұйымдар мен мекемелердiң аумағында белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi. Бұл ретте көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау ұйымдардың, мекемелердiң жылжымалы құрамды пайдалану мен олардың техникалық жағдайы үшiн жауапты лауазымды тұлғаларының қатарынан комиссия арнайы уәкiлеттендiрген Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерiнiң бақылауымен жүргiзiледi.

      33. Ведомстволық бағыныстағы көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру үшiн қажеттi жағдайлары жоқ заңды тұлғалардың көлiк құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың көлiк құралдарын диагностикалау көлiк құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқаудың алдында диагностикалауға тартылған заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң диагностикалау желiлерiнде (постыларында) жүзеге асырылады.
      Ескерту: 33-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен

      34. Заңды тұлғалардың техникалық құралдарын техникалық байқаудың нәтижелерiн ресiмдеудi заңды тұлғаның балансындағы көлiк құралдары туралы деректердi Жол полициясының тiркеу деректерiмен салыстырғаннан, техникалық байқау өткiзiлетiн жерге әкелiнбеген техникалық құралдарға байқау жүргiзiлгеннен, бұл көлiк құралдарын арнаулы есептер бойынша тексергеннен кейiн Жол полициясы жүргiзедi.

      35. Көлiк құралдарын техникалық байқауды заңды тұлға:
      1) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктi;
      2) ұйымның, мекеменiң балансындағы көлiк құралдарының санын растайтын құжаттар;
      3) көлiк құралдарының тiркелгендiгi туралы куәлiктi;
      4) алынып тасталынды ;
      5) көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң деректерi, көлiк құралының және оның құрамдас элементтерiнiң параметрлерi көрсетiлген (осы Тәртiптiң 41-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда) және заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер диагностикалық пунктiнiң көлiк құралының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзген маманының қолымен және мөрiмен расталған диагностикалық картаны (4-қосымша).
      Көлiк құралдарына бекiтiлген жүргiзушiлердің аталған санаттағы көлiк құралдарын басқару құқығына арналған жүргiзушiлiк куәлiгi мен көлiк құралын басқаруға жарамдылығы туралы медициналық анықтамасының болуы тексерiледi. Медициналық анықтаманың болуы жүргiзушi куәлiгi берiлген күннен бастап уақыты мерзiмдi медициналық куәлiктендiру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кеткен жағдайларда ғана мiндеттi.
      Медициналық куәлiктендiрудің, тексерудiң тәртiбiн және оның мерзiмдiлiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген орган белгiлейдi ("Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi заңының 17-бабының 3-тармағы).
      Ескерту: 35-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      36. Көлiк құралдарын техникалық байқауды жеке тұлға немесе оның атынан өкiл (сенiм бiлдiрiлген тұлға):
      1) алынып тасталынды ;
      2) аталған санаттағы көлiк құралын басқару құқығына арналған жүргiзушi куәлiгінiң;
      3) көлiк құралының тiркелгендiгi туралы куәлiктi;
      4) белгiленген үлгiдегi көлiк құралын басқару және оған билiк ету құқығына арналған нотариалдық куәландырылған куәлiктi (көлiк құралын сенiмдi тұлғаға берген жағдайда);
      5) алынып тасталынды ;
      6) жүргiзушi куәлiгiн алу уақыты мерзiмдi медициналық куәлiктендiру мерзiмiнен асып кеткен жағдайда аталған санаттағы көлiк құралын басқаруға жарамдылығы туралы белгiленген нысандағы медициналық анықтаманы;
      7) көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң деректерi, көлiк құралының және оның құрамдас элементтерiнiң параметрлерi көрсетiлген (осы Тәртiптiң 41-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда) және заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер диагностикалық пунктiнiң көлiк құралының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзген маманының қолымен және мөрiмен расталған диагностикалық картаны (4-қосымша).
      Ескерту: 36-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      37. Диагностика желiлерiнде (постыларында) көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау кезiнде иелерi көлiк құралының тiркелгендiгi туралы куәлiктi ғана ұсынады.
      Көлiк құралының техникалық жағдайын диагностикалаудың нәтижелерi көлiк құралының өлшемдерi мен оның құрамдас бөлiктерi көрсетiле отырып диагностикалық картада (4-қосымша) тiркеледi. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы диагностикаланғаннан кейiн диагностикалық карта жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде көлiк құралдарының параметрлерi мен оның құрамдас элементтерiнiң шектi рұқсат етiлетiн нысаналары бойынша көлiк құралының техникалық жағдайын бағалау және техникалық байқаудың нәтижелерiн ресiмдеу үшiн Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерiне көрсетiледi. Диагностикалық карта 3 жыл бойы кәртiшкелермен бекiтiлiп Жол полициясында сақталады.
      Диагностикалық карта көлiк құралдарының техникалық жағдайы диагностикаланған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде жарамды. Көлiк құралының бастапқы тексеруден өткен сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде қайталап тексеруге ұсыну кезiнде оның алдындағы тексеру кезiнде көлiк құралының өлшемдерi белгiленген талаптарға сәйкес келмеген құрамдас бөлiктерi ғана диагностикалауға жатады. Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн тексеру толық көлемде жүргiзiледi.
      Ескерту: 37-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      38. Белгiленген мерзiмде көлiк құралын өз жүрiсiмен техникалық байқау жүргiзiлетiн жерге әкелу мүмкiн болмаған жағдайда (бұзылуына және т.б. байланысты) олардың иелерi Жол полициясына тиiстi белгi қою және есепке алу үшiн жазбаша өтiнiш пен жүргiзушi куәлiгiн, медициналық анықтамаларды, көлiк құралының техникалық жағдайы туралы диагностикалық картаны қоспағанда, жазбаша өтiнiш пен осы Тәртiптiң 35 (36)-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
      Ұзақ сақтауға қойылған көлiк құралдарын техникалық байқау заңды тұлға - көлiк құралының иесi көлiк құралының техникалық жағдайы туралы мәлiмет көрсетiлуi тиiс актiнi ұсынғаннан кейiн жүргiзiледi.

      39. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен жабдықтары Қазақстан Республикасының "Автокөлiк құралдары. Жол жүру қауiпсiздiгiнiң шарттары бойынша техникалық талаптар. Тексерудің әдiстерi" стандартының талаптарына сәйкес тексерiледi.
      Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған (жабдықталған) көлiк құралдарына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қосымша талаптар қойылады.
      Жедел және арнаулы қызметтердiң автомобильдерiнде арнаулы жарықтық және дыбыстық сигналдардың, түстi графикалық бояу мен жазулардың болуы, олардың стандартқа сәйкестiгi қосымша тексерiледi.
      Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жағдайы автопоездың құрамында тексерiледi.

      40. Жол полициясының қызметкерi көлiк құралының құрамдас бөлiгiнiң техникалық жағдайын диагностикалаудың нәтижелерi бойынша көлiк құралының техникалық жағдайын бағалауды жүргiзедi және үлгiсiнiң, моделiнiң, нөмiрлiк белгiлерiнiң, дөңгелегiнiң (рамасының), кузовы мен двигателiнiң өндiрiстiк нөмiрлерiнiң көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң (техникалық төлқұжаттың) деректерiмен сәйкестiгiн салыстыруды жүзеге асырады. Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiн тексеру жүргiзiледi. Көлiк құралдары мен олардың иелерi арнаулы есепке алу бойынша тексерiледi.

      41. Жол полициясының тiркеу-емтихан алу бөлiмшелерiнде алғаш рет тiркелетiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген көлiк құралдары олардың заңнамада көзделген жол қозғалысы қауiпсiздiгінiң белгiленген талаптарына сай болуын растайтын құжаттың негiзiнде техникалық жағдайын диагностикалаусыз техникалық байқауға жатады.
      Ескерту: 41-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен

      42. Көлiк құралдары осы Тәртiптiң 39, 40-тармақтарының талаптарына жауап бермейтiн көлiк құралдарының иелерiне диагностикалық карта беру арқылы қолданып жүрген заңдарда сәйкес шаралар қолданылады.

      43. Жол полициясы техникалық байқаудан өткен автокөлiк құралына техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк пен талон бередi. Куәлiк Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерiнің қолымен және оның жеке мөртаңбасымен расталады.

      44. Техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк жоғалған немесе бүлiнген жағдайда оның көшiрмесiн Жол полициясының есепке алу деректерi бойынша тексеру жүргiзгеннен кейiн Жол полициясы бередi.

      45. Заңды тұлғалардың әрбiр техникалық құралына техникалық байқаудың нәтижесi диагностикалық картада тiркеледi (4-қосымша). Одан кейiн көшiрмесi кәсiпорынның әкiмшiлiгiне берiлетiн актi (5-қосымша) ресiмделедi. Диагностикалық картаның деректерi Жол полициясының көлiк құралдары және олардың техникалық жағдайы туралы деректерiнiң базасына енгiзiледi.
      Жеке адамдардың көлiк құралдарын техникалық байқаудың нәтижелерi диагностикалық картада тiркеледi (4-қосымша) және көлiк құралдары мен олардың техникалық жағдайы туралы деректердiң базасына енгiзiледi. Жол полициясының техникалық байқаудың нәтижелерi туралы деректердi пысықтауға және сақтауға арналған компьютерлiк техникамен жарақтандырылмаған бөлiмшелерiнде журнал толтырылады.

      46. Көлiк құралы уақытша тiркелген жерi бойынша техникалық байқаудан өткен жағдайда диагностикалық картаның көшiрмесi бiр апта мерзiмде көлiк құралының тұрақты тiркелген жерi бойынша жiберiледi.

      47. Жол полициясы техникалық байқаудың нәтижелерi бойынша техникалық байқауға ұсынылмаған көлiк құралдарының саны мен тиесiлiлiгiн белгiлеу мақсатында есептiк деректер бойынша салыстырулар жүргiзедi. Тиiстi есепке алуларға қажеттi түзетулер енгiзiледi, белгiленген тәртiппен тиiстi инстанцияларға жолданатын көлiк құралдары мен олардың техникалық жағдайы туралы есеп жасалады. Техникалық байқауға ұсынылмаған көлiк құралдарының нақтыланған тiзбесi ай сайын салықтық органдарға жолданады.

      48. Аудандар (қалалар) iшкi iстер органдарының жол полициясы көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыратын әрбiр заңды тұлғаға жеке кәсiпкерге өндiрiстiк-техникалық базаны тексеру актiсi, комиссияның қорытындысы, анықталған кемшiлiктердi жою туралы ұйғарымдар мен оларға жауаптар, сондай-ақ аталған заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң қызметiне қатысты басқа да құжаттамалар сақталатын iс қағаздарын жүргiзедi.
      Ескерту: 48-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

5. Жол полициясының техникалық байқаудың алдында
 көлiк құралдарының техникалық жағдайын
 диагностикалауды бақылауы

      49. Техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды бақылаудың мақсаты оны жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормативтер мен стандарттарға сәйкес жүргiзудi қамтамасыз ету болып табылады.

      50. Техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзудi бақылау:
      1) алынып тасталынды ;
      2) заңды тұлғалардың және/немесе жеке кәсiпкерлердiң диагностика желiлерiнде (постыларында) диагностикалаудан өткен көлiк құралдарының техникалық жағдайын iрiктеп диагностикалау;
      3) заңды тұлғалардың және/немесе жеке кәсiпкерлердiң диагностика желiлерiнде (постыларында) көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалаудың технологиялық процесiн жедел бақылау нысанында жүзеге асырылады.
      Ескерту: 50-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      51. Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты бөлiгiнде көлiк құралдары мен олардың құрамдас элементтерiнiң техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтер мен стандарттарды бұзған, көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiнiң техникалық жағдайының тексерiлетiн параметрлерiнiң көлiк құралына арналған диагностикалық картада көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеуі, көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау кезiнде пайдаланылатын тексеру әдiстерi бұзылған жағдайда; қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де жағдайларда Жол полициясы көлiк құралдарын техникалық байқауды жүргiзу кезiнде заңды тұлғаның және/немесе жеке кәсiпкердiң диагностикалық карталарын қабылдауды тоқтата тұрады, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көлiк құралдарының иелерiне хабарлайды. Бұл ретте актi жасалады және анықталған кемшiлiктердi жою туралы мiндеттi ұйғарымдама берiледi. Мемстандарттың органдарына орын алған стандарттардың бұзылуы туралы ақпарат жiберiледi.
      Ескерту: 51-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

    

 Тәртіпке
 1-қосымша

      Ескерту: 1-қосымша өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , қосымша алынып тасталынды 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

      
     

Тәртіпке
2-қосымша

     Ескерту: 2-қосымша өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен , қосымша алынып тасталынды 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .

                  

 Тәртiпке
 3-қосымша

      Ескерту: 3-қосымша алынып тасталынды - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 775 бұйрығымен .     

Қазақстан Республикасы
Ішкiiсминiнiң  
2001 жылғы 12 қараша
N 787 бұйрығына 
N 4 қосымша   

     Ескерту: N 4 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығымен .

     

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТА
(заполняется уполномоченным работником станции (пункта)
 технического диагностирования)

Диагностика пунктiнiң атауы________________________________________
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТАНІҢ N__________________________________________
Ағымдағы техникалық байқаудың датасы_______________________________
Тоқсан техникалық байқаудан
өту датасы (автобустар үшiн)_______________________________________
Көлiктің мемлекеттiк нөмiрi________________________________________
Маркасы, нұсқасы___________________________________________________
Көлік куәлiгiнiң сериясы, нөмiрi___________________________________
Көлiктің түрi______________________________________________________
Қозғағыштың N______________________________________________________
Шасси N____________________________________________________________
Кузовтың N ________________________________________________________
Отын түрi:_________________________________________________________
Өндiрген елi (ТМД, шетелдiк)_______________________________________
Шығарылған жылы____________________________________________________
Жүрген жолы, км____________________________________________________
Қуаты (ат күшi/кВт)________________________________________________
Отыратын орын саны (автобустар үшiн)_______________________________
Қозғағыштың көлемi, см3 (жеңiл көлiктерге)_________________________
Жүк көтергiштiгi, кг (жүк таситын көлiктерге)______________________
Тiркеуге алу орыны (қала, аудан)___________________________________
___________________________________________________________________
Иесiнiң коды (1-заңды тұлға, 2-жеке тұлға)_________________________
Автокөлiкте техникалық байқауға табыс ететiн
адамның тегi/заңды тұлғаның атауы__________________________________
Аты________________________________________________________________
Әкесiнiң аты/Ведомство_____________________________________________
ЖК-нiң берiлген датасы, N сериясы__________________________________
Уақытша тiркеу:/датасы_____________________________________________
Iс-қимыл мерзiмi___________________________________________________
Мекен-жайы: Облысы_________________________________________________
Ауданы_____________________________________________________________
Елді мекенi________________________________________________________
Көшесi,Үйi, Пәтерi_________________________________________________
ЭДК-ны берген Мемлекеттiк
автоинспекторы_____________________________________________________
Тiркеушi___________________________________________________________

___________________________________________________________________
Топтың атауы  ! Конструкция параметрлерiнiң,!       !     !
              !құрамдас бөлшектерінің немесе!Көрсет !Сарап!Сарапшы
              ! қосымша құрылғыларының атауы!кіштері!шының!ның қолы
              !                             !       ! мөрі!
____________________________________________________________________
Тормозная       1. Детали тормозной системы    
система:        (повреждения)               _______  _____ _______
Тежеуiш жүйесi: 2. Эффективность стояночного   
                тормоза                     _______  _______ _______
                3. Герметичность тормозного         МПа
                привода (давление в МПа)    _______  _______ _______
                4. Разность тормозных сил             %
                передних колес              _______  _______ ______

                5. Разность тормозных сил             %
                задних колес                _______  _______ _______
                6. Тормозной путь (при
                проверке вне стендовых                м
                условий), метров            _______  _______ _______
                7. Установившееся замедление,      м/с2
                метров/с2                   _______  _______ _______
                8. Время срабатывания                 С
                тормозной системы, сек.     _______  _______ _______
                9. Удельная тормозная сила            %
                                            _______  _______ ______
____________________________________________________________________
Рулевое         10. Сила по шкале динамометра, 
управление:     кг/сек.                     _______  _______ _______
Рульдiк         11. Суммарный люфт на рулевом
басқару:        колесе, градусов            _______  _______ _______
                12. Состояние рулевого
                управления (удовл.-неудовл.)_______  _______ _______
____________________________________________________________________
Световые        13. Соответствие стандарту
приборы:        внешних световых приборов   _______  _______ ______
Жарық           14. Высота установки фары, мм        мм
приборлары:                                 _______  _______ ______
                15. Угол наклона светового
                пучка в вертикальной        _______  _______ _______
                плоскости
                16. Расстояние от проекции
                центра фары до светотеневой          мм
                границы пучка по экрану, мм _______  _______ ______
____________________________________________________________________
Ходовая часть:  17. Карданный вал
Жүрiс бөлiгi:   (повреждения, крепление)    _______  _______ ______
                18. Сцепление (исправность) _______  _______ ______
                19. Тягово-сцепное устройство
                (исправность)               _______  _______ ______
                20. Колеса (повреждения
                крепление)                  _______  _______ ______
                21. Шины (размеры, остаток           мм
                рисунка протектора (мм))    _______  _______ ______
____________________________________________________________________
Стеклоочисти.   22. Стеклоочистители,
тели, стекло.   стеклоомыватели, обогрев
омыватели:      (наличие, исправность)     _______  _______ _______
әйнек тазарт.   23. Максимальная частота        ход/мин
қыштар,         перемещения щеток, ход/мин _______  _______ _______
әйнек жуғыштар
____________________________________________________________________
Двигатель и его 24.Герметичность топливной
системы:        системы                    _______  _______ ______
Қозғағыш және   25. Топливные баки
оның жүйелерi   (соответствие стандарту)   _______  _______ _______
                26. Токсичность выхлопных газов       %
                                          _______  _______  _______
                27. Дымность выхлопных газов          %
                                          _______  _______  _______
____________________________________________________________________
Прочие элементы 28. Зеркала заднего вида
конструкции:    (соответствие стандарту)  _______  _______  _______
Конструкцияның  29. Светопропускаемость стекол        %
басқа да                                  _______  _______  _______
элементтерi     30. Воздушный манометр
                (исправность)             _______  _______  _______
                31. Спидометр (исправность)______  _______  _______
                32. Приспособление для
                подавления помех радиоприему
                (наличие, исправность)     _______  _______ _______
                33. Замки дверей, звуковой
                сигнал, аварийные выходы,
                мех. регулировка сидения
                водителя, ремни безопасности,
                грязи защитные фартуки,
                знак аварийной остановки,
                огнетушитель, аптечка
                (наличие, исправность)     _______  _______ _______
____________________________________________________________________
Заключение госавтоинспектора:
Мемлекеттік автомобиль инспекторының қорытындысы:___________________
Примечание: Ескерту:________________________________________________
Свидетельство и талон техосмотра N:_________________________________
Техникалық байқау куәлiгi мен талонының нөмiрi _____________________
Государственный автомобильный инспектор:___________________________
 Штамп
Мемлекеттік автомобиль инспекторы ______________________________
Мөртаңба
ТО: ТҚ:_____ ________________________________________________________

                                          

 Тәртіпке
      5-қосымша

     Ескерту: N 5 қосымшадағы реттік нөмірі 10-баған алынып тасталынды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қарашадағы N 787 бұйрығымен .

     

Көлік құралдарын техникалық байқаудың
Актісі
"_____"_________________19__ж.

Мен,________________________________________________________________
       (Жол полициясы қызметкерлерінің лауазымы, атағы, аты-жөні)
комиссия мүшелері___________________________________________________
__________________________________________________________қатысуымен
____________________________________________________________________
          (кәсіпорын, ұйым, ведомстволық тиесілігі)
____________балансында тұрған техникалық құралдарға (ТҚ) техникалық
байқау жүргіздім
     Техникалық байқау кезінде мыналар анықталды:
     1.______________бірлік ТҚ техникалық байқауға ұсынылды
          (саны)
____________________________________________________________________
N ТҚ-ның Моделі Мемлекеттік Шыққан жылы          Реттік нөмірі
   үлгісі        нөмірлік
                 белгісі ____________________________________________________________________                                    Двигатель Кузов Рамасы, дөңгелек.
                                                              тері
____________________________________________________________________
1   2      3       4           5           6         7         8  ____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
ТҚ-ның техникалық                 ТБ-дан өткендігі ТБ-дан өткендігі
жағдайы туралы                    туралы қорытынды туралы талонның
туралы қорытынды                                нөмірі
____________________________________________________________________
     9                  10                   11             12
____________________________________________________________________ 

_________________көлік құралдары техникалық байқаудан өтті
   (саны)
________________көлік құралдары техникалық байқаудан өтпеді, оның 
  (саны)
ішінде мынадай себептермен: ағымдағы жөндеудің немесе оны күтудің салдарынан______________бірлік;
             (саны)
     күрделі жөндеуге байланысты______________бірлік;
                                    (саны)
     қайта жабдықтауға байланысты______________бірлік;
                                    (саны)
     консервацияда болуына байланысты______________бірлік;
                                         (саны)
     Жол қозғалысы ережесінің талаптарына сәйкес келмеуіне
байланысты______________бірлік.
            (саны)
     2.______________көлік құралы техникалық байқауға ұсынылған жоқ.
         (саны)
____________________________________________________________________
N   Көлік құралының түрі Моделі Мемлекеттік нөмірлік Техникалық бай.
р\с                                белгісі           қауға ұсынбау
                                                        себептері
____________________________________________________________________
 1          2              3            4                    5      ____________________________________________________________________
     3. Көлік құралдарына арналған салықты төлегендігі туралы
куәландырылатын төлем тапсырмасының нөмірі, төленген күні,
сомасы___________

     Комиссия мүшелері:_____________________
     _______________________________________
     Кәсіпорынның басшысы___________________
                           (қолы, аты-жөні)
     Бухгалтер (немесе есеп жүргізетін адам)________________________
                                                 (қолы, аты-жөні)

     Жол полициясының қызметкері_______________________         М.О.
                                   (қолы, аты-жөні)

     Саны_____________________техникалық байқаудан өткендігі туралы
талонды кәсіпорынның өкілі алды ______________ _________________
                                  (қолы)          (аты-жөні)      

Көлік құралдарының мемлекеттік техникалық
байқаудан өткендігі туралы
Куәлік

      Көлемі 105 X 75 мм
      куәлік бланкісі
____________________________________________________________________
  А     2000 жылы мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы
  КZ                             Куәлік         ____________________________________________________________________

    Иесі (аты-жөні) ___________________________

    Маркасы, моделі___________________________
    Мем. нөмірі___________________________
    Двигателінің жұмыс көлемі___________________________текше см.
    Спидометрдің көрсетуі___________________________км.
    Салық төлегендігі туралы құжаттың N___________________________
____________________________________________________________________
      (күні, айы, жылы)                       (сомасы теңгемен)

    мөртаңба                         _____________________
                                            (қолы)

     

                                         N 000000
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
   Иесі мен мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісінің өзгеруі ____________________________________________________________________

      Иесі (аты-жөні) ___________________________

      Мем. нөмірі___________________________

         _______________________    М.О.      _____________________
          (күні, айы, жылы)                         (қолы)

    Иесі (аты-жөні) ___________________________

    Мем. нөмірі___________________________

         _______________________    М.О.      _____________________
          (күні, айы, жылы)                         (қолы)

____________________________________________________________________

      Бет жағы:
      Куәлікте "А" аймақтың (облыстардың) литері; "КZ" мемлекеттің халықаралық белгісі, куәліктің реттік нөмірі келтірілген;
      көлік құралының иесі, маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісі, двигателінің жұмыс көлемі, көлік құралына арналған салық туралы деректерді енгізуге арналған орын бар, техникалық байқауды жүргізген Жол полициясы қызметкерлерінің мөртаңбасы мен қолы үшін орын бар;
      аймақтың литері мен "2000 жылы мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы КУӘЛІК" деген жазулары бар бөлігінің фоны - қызыл түсті, қалған бөліктерінің фоны - ашық көгілдір түсті.

     Келесі жағы:
     Көлік құралдарының жаңа иесі, мемлекеттік тіркеудің нөмірлік
белгісінің ауыстырылғандығы, көрсетілген деректердің енгізілген уақыты туралы деректерді енгізу үшін орын бар, Жол полициясының тіркеу-емтихан алу бөлімшесі қызметкерінің мөрі мен қолы үшін орын бар;
     "Иесі мен мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісінің өзгеруі" деген жазу бар бөлігінің фоны - қызыл түсті, қалған бөлігінің фоны - ашық көгілдір түсті.