Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi бекiтiлсiн (1-қосымша).
2. Қалалық iшкi iстер басқармаларының, облыстардың Астана және Алматы қалаларының iшкi iстер басқармаларының бастықтары:
1) Жол полициясының бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Тәртiптi оқуын қамтамасыз етсiн және оны орындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын;
2) автокөлiк құралдарының иелерiн (заңды және жеке тұлғаларды) осы Тәртiптiң талаптары туралы ақпараттандыру жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн;
3) осы Тәртiпте көзделген қызметтiк құжаттамалардың бланклерiн дайындасын және Жол полициясының бөлiмшелерiн олармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн;
4) мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзу кезiнде ұрланған және алып кетiлген көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн анықтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;
5) Жол полициясының бөлiмшелерiне көлiк құралдарының саны мен олардың мемлекеттiк техникалық байқаудан өткендiгi туралы мәлiметтердiң компьютерлiк есебi мен талдауын енгiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 134 бұйрығымен бекiтiлген "Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнiң" күшi жойылды деп есептелсiн.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы департаментiнiң бастығына жүктелсiн.
5. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Ішкi iстер министрi -
Iшкi әскерлерiнiң
қолбасшысы генерал-лейтенант
Қазақстан Республикасы
Ішкi iстер министрлігінің 1999 жылғы"____"______ N_________бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары
мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық
байқауды жүргізудің
тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi (бұдан әрi мәтiн бойынша - көлiк құралдары) мемлекеттiк техникалық байқауды (бұдан әрi мәтiн бойынша - техникалық байқау) жүргiзудiң тәртiбi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясында тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын көлiк құралдарын техникалық байқауды жүргiзудің тәртiбi мен мерзiмдерiн белгілейтiн нормативтiк құқықтық актi болып табылады.
2. Осы Тәртiп барлық көлiк құралдарының меншiк иелерi мен көлiк құралдарының меншiк иесi оларға иелiк ету және (немесе) пайдалану және (немесе) билiк ету құқығын берген адамдар (бұдан әрi мәтiн бойынша - көлiк құралдарының тәртiптерiнің, нормативтерiнiң және стандарттарының иелерi) - меншiк нысандарына қарамастан барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар (бұдан әрi мәтiн бойынша - заңды тұлғалар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрi мәтiн бойынша - жеке тұлғалар) үшiн мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылып жүрген және белгiленген тәртiппен тiркелген көлiк құралдары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясында мiндеттi техникалық байқауға жатады.
4. Техникалық байқаудың негiзгi мiндеттерi:
1) көлiк құралдарының құрамдас элементтерiнің техникалық жағдайын диагностикалаудың қорытындысы бойынша көлiк құралдарының техникалық жағдайының жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
2) көлiк құралдарының санын, олардың тиесiлiлiгiн және өзге де тiркеу деректерiн нақтылау;
3) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
5. Техникалық байқау кезiнде көлiк құралдары жүргiзушiлерiнің уақытылы медициналық қайта куәлiктендiруден өтуiн бақылау жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген өзге де iс-шаралар жүзеге асырылады.
6. Жыл сайын техникалық байқауға:
1) иелерi жеке кiсi тасумен айналысатын автобустар, автомобиль-таксилер, жеңiл автомобильдер, меншiк нысанына қарамастан адамдарды тасымалдау үшiн жабдықталған жүк автомобильдерi - тоқсанына бiр рет;
2) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған арнаулы көлiк құралдары - байқаудың арасындағы мерзiмдiлiгi 3 айдан кем емес бiрiншi және екiншi жарты жылдықта жылына 2 рет;
3) осы баптың 1, 2-тармақтарында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағанда заңды тұлғалардың көлiк құралдары - қалалық iшкi iстер басқармасының iшкi iстер бөлiмiнiң жол патрулi бөлiмшесiнiң бастығы бекiткен кестеде белгiленген мерзiмдерде 1 қаңтардан 31 маусымға дейiн кезеңде жылына 1 рет;
4) осы баптың 1, 2-тармақтарында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағанда жеке адамдардың көлiк құралдары - 1 қаңтардан 31 маусымға дейiн кезеңде жылына 1 рет техникалық байқауға жатады. Бұл ретте жеңiл автомобильдер двигателiнiң жұмыс көлемiне (текше см) қарай мынадай мерзiмдерде:
1) 3000 текше сантиметрдi қоса алғанда және одан жоғары - 1 қаңтардан 31 наурызға дейiн;
2) 2000 қоса алғанда 3000 см дейiн - 1 қаңтардан 31 мамырға дейiн;
3) 2000 текше сантиметрге дейiн - 1 қаңтардан 31 маусымға дейiн.
7. Жол полициясы техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат етiлген ұйымдар мен мекемелерде техникалық байқау жүргiзедi. Мұндай ұйымдар мен мекемелер болмаған жағдайда техникалық байқау Жол полициясы ұйымдастыратын техникалық байқау пункттерiнде жүргiзiледi.
8. Меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар мен мекемелерге техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат ету осы Тәртiпте белгiленген тәртiппен конкурстық негiзде жүргiзiледi.
2. Ұйымдар мен мекемелердiң техникалық байқауды
жүргiзуге қатысуының тәртiбi
9. Техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын сапалы диагностикалауды қамтамасыз ету үшiн жыл сайын техникалық байқау жүргiзудiң алдында меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар мен мекемелер қатысушылары (бұдан әрi мәтiн бойынша - қатысушылар) бола алатын конкурс өткiзiледi. Конкурс - шарттары жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормативтер мен стандарттардың талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдар мен мекемелердiң техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау жөнiндегi өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерiн қарау және олардың кейбiреулерiн iрiктеу сондай-ақ көлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық байқау алдындағы техникалық жағдайын диагностикалық үшiн алынатын ақының ең төменгi мөлшерi.
10. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының IIБ (ҚIIБ)-нің Жол полициясы басқармасы (бұдан әрi мәтiн бойынша - Жол полициясы басқармасы) конкурстың ұйымдастырушысы болады.
11. Конкурс жыл сайын 1 қарашадан 1 желтоқсанға дейiн өткiзiледi.
12. Жол полициясы басқармасы конкурс өткiзу басталғанға дейiн кемiнде 30 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оны өткiзудің негiзгi шарттарын, тәртiбiн және мерзiмдерiн жариялайды.
13. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық ұсыныстармен бiрге 1 қарашаға дейiн мерзiмде конкурсқа қатысуға жазбаша өтiнiш (1-қосымша) беруi тиiс.
14. Белгiленген мерзiмнен кеш түскен конкурстық ұсыныс конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi. Конкурсты ұйымдастырушы мерзiмiнде берiлген барлық конкурстық ұсыныстарды қабылдауға мiндеттi.
15. Конкурстық ұсыныстарды қарауды, бағалауды, техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарын диагностикалауды жүргiзу үшiн жақсы жағдайы бар ұйымдар мен мекемелердi айқындауды конкурсты ұйымдастырушы құратын комиссия ашық жүзеге асырады. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының IIБ (ҚIIБ) Жол полициясы басқармасының уәкiлеттiк берiлген қызметтерi комиссияның төрағасы болып табылады. Комиссияның құрамына келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнің аумақтық органдарының өкiлдерi енгiзiледi.
16. Комиссия мүшелерiнiң саны жұп және 5 адамнан кем болмауы тиiс.
17. Конкурстық комиссия кейiннен бағалауды жүргiзетiн конкурстық ұсыныс мынадай мәлiметтердi:
1) техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн диагностикалау жүргiзiлетiн станционарлық үйдiң, көлiк құралдарының диагностика желiлерi (постылары) арқылы өтуiнің жоспар - сызбасы келтiрiлген өндiрiстiк-техникалық алаңдардың болуын;
2) техникалық байқауға келген автомобильдердiң тұруы үшiн орынның, көрсетiлген үйге келу және кету жолдарының болуын;
3) диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының болуын, олардың дұрыс жұмыс iстеуiн, оларды метрологиялық аттестациядан өткiзудiң және соңғы тексерудің уақыты мен мерзiмдiлiгiн;
4) диагностиканың желiлерi мен постыларының санын, көлiк құралдарының санаттары бойынша арналуын;
5) бiлiктi мамандардың болуын;
6) нормативтiк және техникалық құжаттамаларды;
7) санитарлық-техникалық жабдықтардың болуы мен жарамдылығын;
8) техникалық байқаудың нәтижелерiнiң есебiн жүргiзу үшiн қажеттi ұйымдастыру техникасымен жарақтандырылуын;
9) көлiк құралдары туралы есептiк деректердiң базасымен жұмыс iстейтiн оператор үшiн, салық органдарының қызметкерi, техникалық байқаудың нәтижелерiн ресiмдеуге өкiлеттiк берiлген Жол полициясы қызметкерi үшiн орынның болуын қамтиды.
18. Конкурсты өткiзудiң белгiленген мерзiмiне дейiн Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерлерi конкурстық комиссияның мүшелерiмен бiрлесiп техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге өтiнiш берген ұйымдар мен мекемелердi тексерудi жүргiзуi тиiс.
19. Тексерудiң нәтижелерi бойынша техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау жөнiндегi қызметтi жақсарту жөнiнде ұйғарылып отырған iс-шараларды қоспағанда, қатысушының конкурстық ұсыныстарының әр тармағын Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерi растайды.
20. Қатысушы конкурстық ұсыныстардың барлық тармақтары бойынша толық және түпкiлiктi ақпарат ұсынуы тиiс.
21. Қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалауды және жеңiмпаздарды айқындауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
22. Облыстық бағыныстағы әрбiр қала, аудан бойынша конкурс жеке жүргiзiледi.
23. Облыстық бағыныстағы әр қала, аудан үшiн ұйымдар мен мекемелердiң диагностикалық желiлерiнің (постыларының) қажеттi санын оның алдындағы техникалық байқаудың қорытындылары бойынша пайдаланудағы көлiк құралдарының саны туралы деректердi ескере отырып Жол полициясы айқындайды.
24. Конкурс мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) конкурстың алдында комиссияның төрағасы ол бойынша конкурс жүргізiлетiн қалада, ауданда тiркелген көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды уақтылы жүргiзу үшiн қажеттi ұйымдар мен мекемелердiң диагностикасы желiлерiнiң (постыларының) қажеттi санын жариялайды.
2) Конкурстық ұсыныстарды комиссия мүшелерi әрбiр ұйым, мекеме бойынша жеке қарайды. Комиссия мүшелерi конкурстық ұсыныстардың әр тармағы бойынша 5 баллдық жүйе бойынша дербес баға қояды, баға қоюдың мысалы осы Тәртiпке 2-қосымшада келтiрiлген.
3) Конкурстық ұсыныстар қаралғаннан және бағаланғаннан кейiн комиссия мүшелерi растаған бағалардың бланкілерi комиссияның хатшысына тапсырылады.
4) Конкурстық ұсыныстарды қараудың осындай рәсiмi конкурсқа барлық қалған қатысушылар үшiн жүргiзiледi.
5) Конкурстық комиссияның мүшелерi расталған нысандардың негiзiнде қатысушының қорытынды баллын жинақтайды және әр қатысушы бойынша комиссияның хатшысы хаттамада тiркейтiн жалпы жиынтық баллды айқындайды.
6) Комиссияның хатшысы жалпы жиынтық баллдардың нәтижелерi бойынша конкурстың нәтижелерiн және ашық конкурсты жеңiп алған және техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзу құқығын алған жеңiмпаздардың деректерiн жариялайды.
7) Бұл ретте барынша шектi мүмкiндiктiң 50%-нен кем жиынтық балл жинаған қатысушылар конкурстан автоматты түрде шығып қалады.
8) Егер ауданнан, қаладан конкурсқа тек бiр ұйым ғана ұсынылса, онда конкурста жеңу үшiн жалпы жиынтық балл шектi мүмкiндiктiң 50%-нен кем болмауы тиiс.
9) Комиссия отырысының нәтижелерi комиссия мүшелерi қол қоятын және төраға бекiтетiн хаттамамен ресiмделедi.
10) Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның хаттамасының негізiнде конкурста жеңiске жеткен ұйымдар мен мекемелерге қолданылу мерзiмi келесi жылдың 1-қазанына дейiнгi Техникалық байқаудың алдында техника құралдарының техникалық жағдайын тексеруге рұқсат ету туралы куәлiк (3-қосымша) бередi.
11) Ұйымдар мен мекемелердiң конкурсқа қатысуға өтiнiшi болмаған не конкурстың жеңiмпаздары болмаған жағдайда аудандар мен қалаларда көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру Жол полициясы ұйымдастырған, асфальт немесе бетон жабылған және автомобильдердiң техникалық жағдайын тексеруге арналған жабдықтары (эстакада, негiзгi жарықтың фарларын тексеруге арналған эран немесе аспап, газды талдаушы және т.б.) бар тегiс көлбеу алаңды бiлдiретiн техникалық бақылау пункттерiнде жүргiзiледi.
3. Техникалық байқауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар
25. Жол полициясы жыл сайын 1 қарашаға дейiн техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiш берген ұйымдардың, мекемелердiң өтiнiшi бойынша бұл ұйымды, мекеменi тексерудi жүргiзедi және осы Тәртiптiң 18, 19-тармақтарына сәйкес жұмыстар жасайды.
26. Жол полициясы жыл сайын 1 қаңтарға дейiн қала (аудан) бойынша техникалық байқау жүргiзiлетiн мерзiмдер мен жерлер туралы мәлiметтi қамтитын, заңды тұлғалардың көлiк құралдарын техникалық байқаудың кестесiн жасайды.
27. Кестенi IIБ ЖПБ-ның (қаланың, ауданның) бастығы бекiтедi және техникалық байқау өткiзу басталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрiлмей жергiлiктi атқарушы органдардың, салық органдарының, қалалық (аудандық) әскери комиссариаттардың және көлiк құралдарының иелерi - заңды тұлғалардың назарына жеткiзiледi.
28. Жол полициясы техникалық байқау басталғанға дейiн және оны өткiзу кезiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көлiк құралдарын техникалық байқауға ұсынудың мерзiмдерi, шарттары және тәртiбi туралы көлiк құралдарының иелерiне хабарлауға мiндеттi.
29. Көлiк құралдарының иесi - ұйымдар мен мекемелердiң басшыларына Жол полициясы техникалық байқауды өткiзудiң мерзiмдерiн, өтетiн жерiн және тәртiбiн, сондай-ақ көлiк құралдарын техникалық байқауға дайындауға қатысты басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып жазбаша хабарлама жолдайды. Көлiк құралдарын техникалық байқау жүргiзiлетiн жерлерде техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi, көлiк құралдарының техникалық жағдайына талаптарды белгiлейтiн нормативтер туралы, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың, көлiк құралдарына арналған салықты есептеудiң және төлеудiң тәртiбi және т.б. туралы станды-панно қойылады.
4. Техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi
30. Көлiк құралдарын техникалық байқау олардың тұрақты немесе уақытша тiркелген жерi бойынша жүргiзiледi.
31. Иелерi (заңды және жеке тұлғалар) өздерiне тиесiлi көлiк құралдарын белгiленген мерзiмдерде және жерге техникалық байқауға әкелуге мiндеттi. Белгiленген мерзiмдерде техникалық байқауға ұсынылмаған көлiк құралдары техникалық байқаудан өтпеген деп саналады, ал оларды пайдалануға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тыйым салынады.
32. Қазақстан Республикасының Автокөлiк құралдары. СТ сәйкес ведомстволық көлiктiң техникалық жағдайын тексеруге арналған қажеттi диагностикалық жабдықтары бар заңды тұлғалардың көлiк құралдарын техникалық байқау, жол қозғалысының қауiпсiздiгi шарттары бойынша техникалық талаптар, бiлiктi мамандардың штатының тексерулерiнiң әдiстерi Жол полициясымен келiсiм бойынша тiкелей осы ұйымдар мен мекемелердiң аумағында белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi. Бұл ретте көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау ұйымдардың, мекемелердiң жылжымалы құрамды пайдалану мен олардың техникалық жағдайы үшiн жауапты лауазымды тұлғаларының қатарынан комиссия арнайы уәкiлеттендiрген Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерiнiң бақылауымен жүргiзiледi.
33. Ведомстволық бағыныстағы көлiктiң техникалық жағдайын тексеру үшiн қажеттi жағдайы жоқ заңды тұлғалардың көлiк құралдары, сондай-ақ жеке тұлғалардың көлiк құралдары техникалық байқаудан техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат етiлген ұйымдар мен мекемелерде өтедi.
34. Заңды тұлғалардың техникалық құралдарын техникалық байқаудың нәтижелерiн ресiмдеудi заңды тұлғаның балансындағы көлiк құралдары туралы деректердi Жол полициясының тiркеу деректерiмен салыстырғаннан, техникалық байқау өткiзiлетiн жерге әкелiнбеген техникалық құралдарға байқау жүргiзiлгеннен, бұл көлiк құралдарын арнаулы есептер бойынша тексергеннен кейiн Жол полициясы жүргiзедi.
35. Көлiк құралдарын техникалық байқауды заңды тұлға:
1) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктi;
2) ұйымның, мекеменiң балансындағы көлiк құралдарының санын растайтын құжаттар;
3) көлiк құралдарының тiркелгендiгi туралы куәлiктi;
4) ұсынылған әрбiр көлiк құралына арналған салықтың толық төленгендiгiн растайтын құжаттарды;
5) техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат етiлген ұйымдардың, мекемелердiң лауазымды тұлғасының қолымен және мөрiмен расталған көлiк құралдарының диагностикаланатын құрамдас бөлiктерiнiң техникалық жағдайының сандық көрсеткiштерiмен бiрге (осы Тәртiптiң 41-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) диагностикалық картаны (4-қосымша) ұсынғаннан.
Көлiк құралдарына бекiтiлген жүргiзушiлердің аталған санаттағы көлiк құралдарын басқару құқығына арналған жүргiзушiлiк куәлiгi мен көлiк құралын басқаруға жарамдылығы туралы медициналық анықтамасының болуы тексерiледi. Медициналық анықтаманың болуы жүргiзушi куәлiгi берiлген күннен бастап уақыты мерзiмдi медициналық куәлiктендiру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кеткен жағдайларда ғана мiндеттi.
Медициналық куәлiктендiрудің, тексерудiң тәртiбiн және оның мерзiмдiлiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген орган белгiлейдi ("Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi заңының 17-бабының 3-тармағы).
36. Көлiк құралдарын техникалық байқауды жеке тұлға немесе оның атынан өкiл (сенiм бiлдiрiлген тұлға):
1) iшкi iстер органы берген белгiленген үлгiдегi жеке басының куәлiгiн (төлқұжат) немесе анықтаманы (әскери қызметшi жеке басының куәлiгiн, iшкi iстер органдарының немесе әскери бөлiмнің тiркелуi немесе тұру үшiн алаң берiлгендiгi туралы анықтамасын);
2) аталған санаттағы көлiк құралын басқару құқығына арналған жүргiзушi куәлiгінiң;
3) көлiк құралының тiркелгендiгi туралы куәлiктi;
4) белгiленген үлгiдегi көлiк құралын басқару және оған билiк ету құқығына арналған нотариалдық куәландырылған куәлiктi (көлiк құралын сенiмдi тұлғаға берген жағдайда);
5) көлiк құралына арналған салықтың белгiленген сомасын толық төлегендiгiн растайтын құжаттың;
6) жүргiзушi куәлiгiн алу уақыты мерзiмдi медициналық куәлiктендiру мерзiмiнен асып кеткен жағдайда аталған санаттағы көлiк құралын басқаруға жарамдылығы туралы белгiленген нысандағы медициналық анықтаманы;
7) техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеруге рұқсат етiлген ұйымның, мекеменiң лауазымды тұлғасының қолымен және мөрiмен расталған көлiк құралдарының диагностикаланатын құрамдас бөлiктерiнiң техникалық жағдайының сандық көрсеткiштерiмен бiрге (осы Тәртiптiң 41-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) диагностикалық картаны (4-қосымша) ұсынғаннан кейiн Жол полициясы жүргiзедi.
37. Жол полициясының рұқсаты бар ұйымдар мен мекемелердiң диагностика желiлерiнде (постыларында) көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау кезiнде иелерi көлiк құралының тiркелгендiгi туралы куәлiктi ғана ұсынады.
Көлiк құралының техникалық жағдайын диагностикалаудың нәтижелерi көлiк құралының өлшемдерi мен оның құрамдас бөлiктерi көрсетiле отырып диагностикалық картада (4-қосымша) тiркеледi. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы диагностикаланғаннан кейiн диагностикалық карта жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде көлiк құралдарының параметрлерi мен оның құрамдас элементтерiнiң шектi рұқсат етiлетiн нысаналары бойынша көлiк құралының техникалық жағдайын бағалау және техникалық байқаудың нәтижелерiн ресiмдеу үшiн Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерiне берiледi. Диагностикалық карта 3 жыл бойы кәртiшкелермен бекiтiлiп Жол полициясында сақталады.
Диагностикалық карта көлiк құралдарының техникалық жағдайы диагностикаланған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде жарамды. Көлiк құралының бастапқы тексеруден өткен сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде қайталап тексеруге ұсыну кезiнде оның алдындағы тексеру кезiнде көлiк құралының өлшемдерi белгiленген талаптарға сәйкес келмеген құрамдас бөлiктерi ғана диагностикалауға жатады. Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн тексеру толық көлемде жүргiзiледi.
38. Белгiленген мерзiмде көлiк құралын өз жүрiсiмен техникалық байқау жүргiзiлетiн жерге әкелу мүмкiн болмаған жағдайда (бұзылуына және т.б. байланысты) олардың иелерi Жол полициясына тиiстi белгi қою және есепке алу үшiн жазбаша өтiнiш пен жүргiзушi куәлiгiн, медициналық анықтамаларды, көлiк құралының техникалық жағдайы туралы диагностикалық картаны қоспағанда, жазбаша өтiнiш пен осы Тәртiптiң 35 (36)-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
Ұзақ сақтауға қойылған көлiк құралдарын техникалық байқау заңды тұлға - көлiк құралының иесi көлiк құралының техникалық жағдайы туралы мәлiмет көрсетiлуi тиiс актiнi ұсынғаннан кейiн жүргiзiледi.
39. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен жабдықтары Қазақстан Республикасының "Автокөлiк құралдары. Жол жүру қауiпсiздiгiнiң шарттары бойынша техникалық талаптар. Тексерудің әдiстерi" стандартының талаптарына сәйкес тексерiледi.
Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған (жабдықталған) көлiк құралдарына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қосымша талаптар қойылады.
Жедел және арнаулы қызметтердiң автомобильдерiнде арнаулы жарықтық және дыбыстық сигналдардың, түстi графикалық бояу мен жазулардың болуы, олардың стандартқа сәйкестiгi қосымша тексерiледi.
Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жағдайы автопоездың құрамында тексерiледi.
40. Жол полициясының қызметкерi көлiк құралының құрамдас бөлiгiнiң техникалық жағдайын диагностикалаудың нәтижелерi бойынша көлiк құралының техникалық жағдайын бағалауды жүргiзедi және үлгiсiнiң, моделiнiң, нөмiрлiк белгiлерiнiң, дөңгелегiнiң (рамасының), кузовы мен двигателiнiң өндiрiстiк нөмiрлерiнiң көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң (техникалық төлқұжаттың) деректерiмен сәйкестiгiн салыстыруды жүзеге асырады. Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiн тексеру жүргiзiледi. Көлiк құралдары мен олардың иелерi арнаулы есепке алу бойынша тексерiледi.
41. Дайындаушы зауыт күнтiзбелiк жылдың iшiнде шығарған және осы күнтiзбелiк жылдың iшiнде Жол полициясында тiркелген жаңа көлiк құралдарын (автобустарды, қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған арнаулы автомобильдердi қоспағанда) техникалық байқау олардың техникалық жағдайы тексерiлместен жүргiзiледi.
42. Көлiк құралдары осы Тәртiптiң 39, 40-тармақтарының талаптарына жауап бермейтiн көлiк құралдарының иелерiне диагностикалық карта беру арқылы қолданып жүрген заңдарда сәйкес шаралар қолданылады.
43. Жол полициясы техникалық байқаудан өткен автокөлiк құралына техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк пен талон бередi. Куәлiк Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерiнің қолымен және оның жеке мөртаңбасымен расталады.
44. Техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк жоғалған немесе бүлiнген жағдайда оның көшiрмесiн Жол полициясының есепке алу деректерi бойынша тексеру жүргiзгеннен кейiн Жол полициясы бередi.
45. Заңды тұлғалардың әрбiр техникалық құралына техникалық байқаудың нәтижесi диагностикалық картада тiркеледi (4-қосымша). Одан кейiн көшiрмесi кәсiпорынның әкiмшiлiгiне берiлетiн актi (5-қосымша) ресiмделедi. Диагностикалық картаның деректерi Жол полициясының көлiк құралдары және олардың техникалық жағдайы туралы деректерiнiң базасына енгiзiледi.
Жеке адамдардың көлiк құралдарын техникалық байқаудың нәтижелерi диагностикалық картада тiркеледi (4-қосымша) және көлiк құралдары мен олардың техникалық жағдайы туралы деректердiң базасына енгiзiледi. Жол полициясының техникалық байқаудың нәтижелерi туралы деректердi пысықтауға және сақтауға арналған компьютерлiк техникамен жарақтандырылмаған бөлiмшелерiнде журнал толтырылады.
46. Көлiк құралы уақытша тiркелген жерi бойынша техникалық байқаудан өткен жағдайда диагностикалық картаның көшiрмесi бiр апта мерзiмде көлiк құралының тұрақты тiркелген жерi бойынша жiберiледi.
47. Жол полициясы техникалық байқаудың нәтижелерi бойынша техникалық байқауға ұсынылмаған көлiк құралдарының саны мен тиесiлiлiгiн белгiлеу мақсатында есептiк деректер бойынша салыстырулар жүргiзедi. Тиiстi есепке алуларға қажеттi түзетулер енгiзiледi, белгiленген тәртiппен тиiстi инстанцияларға жолданатын көлiк құралдары мен олардың техникалық жағдайы туралы есеп жасалады. Техникалық байқауға ұсынылмаған көлiк құралдарының нақтыланған тiзбесi ай сайын салықтық органдарға жолданады.
48. Көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыратын әрбiр ұйымға, мекемеге қалалық iшкi iстер басқармасының Жол полициясы ұйымдарға, мекемелерге техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат ету туралы куәлiк, Жол полициясының бастапқы және жедел тексеруiнiң нәтижелерi, бұл ұйымдардың диагностика желілерiнде (постыларында) диагностикалаудан өткiзiлген көлiк құралдарының техникалық жағдайын бақылау диагностикалаудың актiлерi және т.б. сақталатын байқау iсiн жүргiзедi.
5. Жол полициясының техникалық байқаудың алдында
көлiк құралдарының техникалық жағдайын
диагностикалауды бақылауы
49. Техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды бақылаудың мақсаты оны жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормативтер мен стандарттарға сәйкес жүргiзудi қамтамасыз ету болып табылады.
50. Техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзудi бақылау:
1) ұйымдар мен мекемелерге техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыруға рұқсат ету;
2) ұйымдар мен мекемелердiң диагностика желiлерiнде (постыларында) диагностикалаудан өткен көлiк құралдарының техникалық жағдайын iрiктеп диагностикалау;
3) ұйымдар мен мекемелердiң диагностика желiлерiнде (постыларында) көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалаудың технологиялық процесiн жедел бақылау нысанында жүзеге асырылады.
51. Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты бөлiгiнде көлiк құралдары мен олардың құрамдас элементтерiнiң техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтер мен стандарттарды бұзған, көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiнiң техникалық жағдайының тексерiлетiн параметрлерiнiң көлiк құралына арналған диагностикалық картада көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеуі, көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау кезiнде пайдаланылатын тексеру әдiстерi бұзылған, ұйымдардың, мекемелердің өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерi конкурс өткiзу кезiнде конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда; қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де
жағдайларда Жол полициясы техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикаландыруға рұқсат ету туралы куәлiктi тоқтата тұрады не керi қайтарып алады. Бұл ретте актi жасалады және анықталған кемшiлiктердi жою туралы мiндеттi ұйғарымдама берiледi. Мемстандарттың органдарына орын алған стандарттардың бұзылуы туралы ақпарат жiберiледi. Тәртіпке 1-қосымша Қатысу туралы ақпарат 1. Ұйымның (мекеменiң) атауы, оның заңды мекен-жайы. 2. Ұйымды (мекеменi) бiлдiретiн уәкiлеттi адамның аты-жөнi, қызметi, мекен-жайы. 3. Ұйымның (мекеменің) құрылған күнi. 4. Ұйымның (мекеменiң) тiркелуi туралы мәлiмет, есеп шоты және қызмет көрсететiн банктiң орналасқан мекен-жайы. Конкурстық ұсыныстардың үлгiлiк-нысанының үлгiсi G990990a а
1. Техникалық байқаудың алдында көлiк құралының техникалық жағдайын тексеру жүргiзiлетiн стационарлық үйдің, өндiрістік-техникалық алаңның, көрсетiлген үйге көлiк құралдарының диагностика желiлерi (постылары) арқылы өтуiнің жоспар-сызбасы көрсетiлген келу және кету жолдарының, техникалық жағдайын тексеруге келген автомобильдер тұруға арналған орындарының қысқаша
сипаттамасы. 2. Диагностиканың желiлерi мен постыларының саны, олардың өткiзу қабiлетi, көлiк құралдарының санаттары бойынша арналуы. 3. Диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының болуы, олардың дұрыстығы, оларды метрологиялық аттестациялау мен соңғы тексерудiң уақыты мен мерзiмдiлiгi. __________________________________________________________________________ N Атауы Маркасы Шыққан жылы Техникалық құжаттамалар Соңғы бойынша тексерудің мер. тексеріл. зімділігі ген мер. зімі __________________________________________________________________________ 1 Тежегіш жүйесінің техникалық жағ. дайын тексеруге арналған стенді __________________________________________________________________________ 2 Басқару рөліндегі жиынтық люфтіні тексеруге арналған аспаптар __________________________________________________________________________ 3 Фардың жарықтық шоғын орнатуды тексеруге арналған аспап __________________________________________________________________________ 4 Двигательдің шығаратын газы. ның улылығын (түтінділігін) айқындауға арналған аспап __________________________________________________________________________ 5 Шынылардың жарық өткіз. гіштігін тексеруге арналған аспап __________________________________________________________________________ 6 Дөңгелектердегі қысымды айқындауға арналған аспап __________________________________________________________________________ 4. Бiлiктi кадрлардың болуы, олардың білімi, мамандығы, разряды, мамандығы бойынша жұмыс стажы және т.б. 5. Нормативтiк техникалық құжаттаманың болуы (Ереже, Мемстандарттар, ұсынымдар, басшы құжаттар). 6. Санитарлық-техникалық жабдықтың болуы және жұмыс iстейтiндiгi.
7. Диагностика желiлерiнiң (постыларының) техникалық байқау нәтижелерінің есебiн жүргiзу үшiн қажеттi компьютерлiк жабдықтармен, ұйымдастыру техникаларымен жарақтандырылуы, компьютерлiк кешендi орталық сервермен (облыстардың IIБ-нiң ЖПБ) тұрақты байланыспен қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi және т.б.
8. "Техникалық қадағалау" деректерiнiң базасымен жұмыс iстейтiн
оператор үшiн, салық органдарының қызметкерi, техникалық байқаудың нәтижелерiн ресiмдеуге уәкiлеттiк берiлген Жол полициясының қызметкерi үшiн жұмыс орындарының болуы. 9. Техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзуге арналған тарифтер. 10. Техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайына тексерулер жүргiзудiң мерзiмдерiне арналған тұтастай алғанда қызметтi жақсарту жөнiндегi ұйғарылып отырған iс-шаралар. 11. Конкурсқа қатысушыларға ұсынылатын қосымша конкурстық ұсыныс. Тәртіпке 2-қосымша Конкурстық ұсыныстарды бағалау нысанының үлгісі __________________________________________________________________________ Реттік Қатысушылардың конкурстық ұсыныстары позицияларының баллмен нөмірі есептегендегі бағасы __________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 __________________________________________________________________________ Стацио. Диаг. Диаг. Кадр. Норма. Сани. Ком. Са. Тариф. Перс. Қо. Жал. нарлық ности.ности.лар. тивтік тар. пью. лық тері пекти.сым пы үй ка же.калық дың техни. лық- тер. ор. вада ша балл ліле. жаб. білік.калық техни.лік ган. ұйға. ұсы. рінің дық. лік құжат. калық тех. дары рылып ныс. (пос. тар дең. тама. жаб. ника.Жол отыр. тар тыла. гейі. ның дық. мен поли. ған рының) нің болуы тар. жа. циясы іс- өткізу болуы дың рақ. қыз. шаралар қабі. болуы та. мет. леті мен нуы, кер. жұмыс мүм. лері іс. кін. үшін теуі дік. орын тері __________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 __________________________________________________________________________ Тәртiпке 3-қосымша Техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат ету туралы Куәлік Конкурстық комиссияның "_____"______________________________________ қорытындысының негiзiнде __________________________________________________________________________ (ұйымның, мекеменiң атауы, мекен-жайы) __________________________________________________________________________ техникалық байқаудың алдында____________________________санатты көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат берілді. Куәлік "_____"________дейін жарамды. Жол полициясы басқармасының бастығы _____________ (ІІБ (ҚІІБ) атауы) М.О. "_____"________ 4-қосымша (4-қосымшаның қазақша аудармасы жоқ, мәтінді орыс тілінде ұсынамыз)
Приложение N 4
к Правилам проведения государственного технического осмотра автомототранспортных средств и прицепов к ним
Пункт диагностики N Т05 Диагностическая карта N_________ Дата текущего тех.осмотра___________ Место проведения ТО:____________ Дата предыдущего тех.осмотра________ Дата прохождения квартального___ ТО (для автобусов) N ТС_______________ Тип ГН__________ Марка, модель____________________ N тех.п____________ Цвет _____________________________________________ Катег. ТС (АВСDЕ)__ Тип ТС____________________________________________ Двиг. N_____________________________ Тип топлива Шасси N_____________________________ Производство (СНГ, импорт) Кузов N_____________________________ Год выпуска 1983 Пробег км. Мощность (лс/квт)____\______ кол.посад.мест_____ Объем двиг.(см3)_____ Грузоподъемность (кг)__________ Код владельца (1 - юр.лицо, 2 - физ.лицо) - Дата рожд._________ Фамилия/Наим. Юр-го лица____________ Вид собст._______________________ Имя/Код ____________________________ Отечество/Ведомство_________________ Водительское удостоверение__________ Дата выдачи ВУ___________________ Адрес владельца: Область__________________________________________ Район______________________ Населенный пункт__________________________ Улица________________ Дом__________ Квартира N________________________ Адрес гаража: Телефон:_______________________________ Район_______________________ Населенный пункт_________________________ Улица______________________ Дом____________ Стоянка N_________________ Удостоверение на льготу_______________________________________________ Когда и кем выдано (льг.):____________________________________________ Серия и N доверенности______________ Вид доверенности_________________ Когда и кем выдано:___________________________________________________ Доверенное лицо_______________________________________________________ Адрес доверенного лица________________________________________________ Срок действия доверенности____________ N РЭО (регист.довер.)__________ Водительское удостоверение____________ Дата выдачи ВУ_________________ Страховой полис:______________________ Кем выдано_____________________ Сумма страхового полиса__________ От. Дата________ Срок действия______ РНН плательщика__________________ Сумма налога__________ Дата_________ N квитанции (налог)___________ Банк:__________________________________ N мед. справки_______________Дата выдачи мед. справки_________________ Временный учет Дата___________________Срок действия__________________ Адрес Область___________________ Район_______________________ Населенный пункт___________________ Улица_________ Дом______ кв.___ Обратная сторона диагностической карты N 7 ---------------------------------------------------------------------- Наимено-!Шифр!Наименование параметров, составных частей!Пока!Пе-!Под- вание ! !конструкции или дополнительных устройств !зате!ча-!пись группы ! ! !ли !ть !экс- ! ! ! !экс!пер- ! ! ! !пер!та ! ! ! !та ! ---------------------------------------------------------------------- Информа- Маркировка шин: - нет, + есть _____ ____ ____ ционные параметры о тран- Гравировка стекол: - нет, + есть _____ ____ ____ спортном Наличие противоугонного средства: средстве: - нет, + есть _____ ____ ____ Установка рулевого колеса: - нет, + есть _____ ____ ____ Вид привода: 0 - отсутствует, 1 - задний, 2 - передний, 3 - полноприводный Наличие проблескового маячка: -нет,+есть _____ ____ ____ Наличие автомобильной громкоговорящей установки (АГУ): - нет, + есть _____ ____ ____ Ходовая 1. Карданный вал ненадежно закреплен или часть имеет механические повреждения _____ ____ ____ 2. Неисправно сцепление _____ ____ ____ 3. Неисправно тягово-сцепное устройство _____ ____ ____ 4. Колеса имеют мех.повреждения или ненадежно закреплены _____ ____ ____ 5. Шины по размерам и максимальной нагрузке не соответствуют модели ТС, имеют чрезмерный износ рисунка протектора или механические повреждения _____ ____ ____ Тормозная 6. Повышенный коэффициент неравномерности система тормозных сил на колесах передней оси _____ ____ ____ 7. Повышенный коэффициент неравномерности тормозных сил на колесах задней оси _____ ____ ____ 8. Механич. повреждения деталей тормозной системы _____ ____ ____ 9. Недостаточная эффективность стояночного тормоза _____ ____ ____ 10. Нарушение герметичности тормозного привода _____ ____ ____ Рулевое 11. Повышенный суммарный люфт на рулевом управление колесе _____ ____ ____ 12. Детали рулевого управления имеют механические повреждения или ненадежно закреплены _____ ____ ____ 13. Не действует усилитель руля _____ ____ ____ Световые 14. Нарушение регулировки фар. Установка приборы фар не соответствует стандарту _____ ____ ____ 15. Не действуют внешние световые приборы или их установка и цвет не соответствуют стандарту _____ ____ ____ Топливная 16. Нарушение герметичности топливной система системы _____ ____ ____ Манометр, 17. Нарушены правила применения топливных спидометр, баков _____ ____ ____ радиопомехи 18.Не действует воздушный манометр _____ ____ ____ 19. Неисправен спидометр _____ ____ ____ 20. Отсутствует приспособление для подавления помех радиоприему _____ ____ ____ Зеркала, 21. Отсутствуют зеркала заднего вида _____ ____ ____ стекла 22. Нарушение светопропускания стекол, наличие на них трещин, дополнительных покрытий, ухудшающих или ограничивающих обзорность водителей _____ ____ ____ 23. Не действует система очистки, омывания и обогрева лобового стекла _____ ____ ____ Токсич- 24. Повышенная токсичность выхлопных газов _____ ____ ____ ность, 25. Повышенная дымность выхлопных газов _____ ____ ____ дымность, 26. Повышенный внешний шум _____ ____ ____ шум Внешний 27. Внешний вид ТС не соответствует вид, аналогу завода-изготовителя _____ ____ ____ документы 28. Отсутствует водительское удостоверение, справка медкомиссии, квитанция об уплате налога, страховой полис _____ ____ ____ Дополни- 29. Неисправны замки дверей, звуковой тельное сигнал, аварийные выходы, мех. оборудо- регулировка сидения водителя _____ ____ ____ вание 30. Отсутствуют ремни безопасности, грязезащитные фартуки, знак аварийной остановки, огнетушитель, аптечка _____ ____ ____ Заключение эксперта: _____________________________ Печать, штамп:______ испр./неиспр./ремонт/непредставл. (подчеркнуть) Примечания:____________________________________________________________ Талон тех.осмотра_______________________ Государственный автомобильный инспектор_____________ Штамп.Т.О.________ Тәртіпке 5-қосымша Көлік құралдарын техникалық байқаудың Актісі "_____"_________________19__ж. Мен,_________________________________________________________________ (Жол полициясы қызметкерлерінің лауазымы, атағы, аты-жөні) комиссия мүшелері____________________________________________________ _____________________________________________________қатысуымен _____________________________________________________ (кәсіпорын, ұйым, ведомстволық тиесілігі) ______________балансында тұрған техникалық құралдарға (ТҚ) техникалық байқау жүргіздім Техникалық байқау кезінде мыналар анықталды: 1.______________бірлік ТҚ техникалық байқауға ұсынылды (саны) __________________________________________________________________________ N ТҚ-ның Моделі Мемлекеттік Шыққан жылы Реттік нөмірі үлгісі нөмірлік белгісі __________________________________________________________________________ Двигатель Кузов Рамасы, дөңгелек. тері __________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 __________________________________________________________________________ таблицаның жалғасы __________________________________________________________________________ ТҚ-ның техникалық Сақтандыру полисының ТБ-дан өткендігі ТБ-дан өткендігі жағдайы туралы нөмірі, қашан, кім туралы қорытынды туралы талонның туралы қорытынды берген нөмірі __________________________________________________________________________ 9 10 11 12 __________________________________________________________________________ _________________көлік құралдары техникалық байқаудан өтті (саны) _________________көлік құралдары техникалық байқаудан өтпеді, оның (саны) ішінде мынадай себептермен: ағымдағы жөндеудің немесе оны күтудің салдарынан______________бірлік; (саны) күрделі жөндеуге байланысты______________бірлік; (саны) қайта жабдықтауға байланысты______________бірлік; (саны) консервацияда болуына байланысты______________бірлік; (саны) Жол қозғалысы ережесінің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты______________бірлік. (саны) 2.______________көлік құралы техникалық байқауға ұсынылған жоқ. (саны) __________________________________________________________________________ N Көлік құралының түрі Моделі Мемлекеттік нөмірлік Техникалық байқауға р\с белгісі ұсынбау себептері __________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 __________________________________________________________________________ 3. Көлік құралдарына арналған салықты төлегендігі туралы куәландырылатын төлем тапсырмасының нөмірі, төленген күні, сомасы___________ Комиссия мүшелері:_____________________ _______________________________________ Кәсіпорынның басшысы___________________ (қолы, аты-жөні) Бухгалтер (немесе есеп жүргізетін адам)______________________________ (қолы, аты-жөні) Жол полициясының қызметкері_______________________ М.О. (қолы, аты-жөні) Саны_____________________техникалық байқаудан өткендігі туралы талонды кәсіпорынның өкілі алды _____________________ _____________________ (қолы) (аты-жөні) Көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы Куәлік Көлемі 105 X 75 мм куәлік бланкісі __________________________________________________________________________ А 2000 жылы мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы КZ Куәлік __________________________________________________________________________ Иесі (аты-жөні)___________________________ Маркасы, моделі___________________________ Мем. нөмірі___________________________ Двигателінің жұмыс көлемі___________________________текше см. Спидометрдің көрсетуі___________________________км. Салық төлегендігі туралы құжаттың N___________________________ __________________________________________________________________________ (күні, айы, жылы) (сомасы теңгемен) мөртаңба _____________________ (қолы) N 000000 __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Иесі мен мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісінің өзгеруі __________________________________________________________________________ Иесі (аты-жөні)___________________________ Мем. нөмірі___________________________ _______________________ М.О. _____________________ (күні, айы, жылы) (қолы) Иесі (аты-жөні)___________________________ Мем. нөмірі___________________________ _______________________ М.О. _____________________ (күні, айы, жылы) (қолы) __________________________________________________________________________ Бет жағы:
Куәлікте "А" аймақтың (облыстардың) литері; "КZ" мемлекеттің халықаралық белгісі, куәліктің реттік нөмірі келтірілген;
көлік құралының иесі, маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісі, двигателінің жұмыс көлемі, көлік құралына арналған салық туралы деректерді енгізуге арналған орын бар, техникалық байқауды жүргізген Жол полициясы қызметкерлерінің мөртаңбасы мен қолы үшін орын бар;
аймақтың литері мен "2000 жылы мемлекеттік техникалық байқаудан
өткендігі туралы КУӘЛІК" деген жазулары бар бөлігінің фоны - қызыл түсті, қалған бөліктерінің фоны - ашық көгілдір түсті. Келесі жағы: Көлік құралдарының жаңа иесі, мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісінің ауыстырылғандығы, көрсетілген деректердің енгізілген уақыты туралы деректерді енгізу үшін орын бар, Жол полициясының тіркеу-емтихан алу бөлімшесі қызметкерінің мөрі мен қолы үшін орын бар; "Иесі мен мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісінің өзгеруі" деген жазу бар бөлігінің фоны - қызыл түсті, қалған бөлігінің фоны - ашық көгілдір түсті. Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.