қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде N 849 V990849_ тіркелген, Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 "Бұқаралық ақпарат құралдарына зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы туралы қаулысына мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
1)-тармақшасында "тоқсан сайын" сөзінен кейін "есепті тоқсан бойынша" сөзімен толықтырылсын;
2)-тармақша "қаржылық жылдың аяқталуы бойынша" деген сөздің алды "ай бойынша" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 2-1 бап мына мазмұнда толықтырылсын:
"2-1. 1-қосымшаның 1-бөліміндегі 16-графасында көрсетілген зейнетақы
активтерінің табысы осы Қаулымен мына формуламен есептелінетіні анықталсын: ((Сn/С1) -1) : S) Т 100 С1 - зейнетақы активтерінің шартты өлшемі күнтізбелікті жылдың соңғы айының орташа құны, келер жылдың есепті тоқсаны. Сn - зейнетақы активтерінің есепті тоқсанындағы соңғы айының шартты өлшемінің орташа құны; S - осы есепті тоқсанның басынан бастап соңғы күнінен дейінгі жыл бойындағы күнтізбелік күннің саны; Т - есепті тоқсанның жыл бойындағы күнтізбелік күнінің саны; 3) 2-2-тармақты мына мазмұнда толықтырылсын:
"2-2. осы Қаулымен 1-қосымшаның 1-бөлімінің "Зейнетақы активтерін нивестициялау (%)" бағанасына жинақтаушы зейнетақы қорларын зейнетақы активтерін инвестициялаудың жалпы құнының есептелген көрсеткіштерінің проценті көрсетілгендігі (инвестициялық қорлардағы және ақша аудару жолындағы орналастырылмаған қалдығын есептемей)." анықталсын;
4) 1-қосымшаның 1-бөліміндегі 16 бағанасының аталуы осы Қаулымен мына редакцияда баяндалсын:
"Зейнетақы активтерінің жыл басынан табысының өсімі жөнінде (жылдық %)".
2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткен күннен күшіне енетіндігі айқындалсын.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және хлықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
2) осы Қаулыны зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін; 3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын. 4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін. Ұлттық комиссияның Төрағасы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.