Бұқаралық ақпарат құралдарына зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның инвестициялық қызметтерінің нәтижелері туралы есептерді жариялау туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 1999 жылғы 25 маусым N 355. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 849. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен  бекітілген және Қазақстан Рспубликасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 10 қыркүйекте 365 нөмірмен тіркелген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет туралы есеп берудің тәртібі және нысандары туралы ереженің 2-тарауының 4-тармағын орындау мақсатында және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың (бұдан әрі "Компаниялар" деп аталады) және "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жататын бірыңғай есеп беру нысанын айқындау мақсатында Ұлттық комиссияның Диретораты қаулы етеді:
      1. Компаниялардың Қазақстан Республикасының аумағындағы таралымы кемінде 15 мың дана газеттерде мынадай есеп берушілікті жариялауға міндетті екендіктері белгіленсін:
      1) тоқсан сайын есепті тоқсан бойынша - осы Қаулының 1-қосымшасындағы үлгі бойынша Компанияның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің және Компанияның өз активтерінің жай-күйі туралы біріктірілген есеп беру;
      2) ай бойынша қаржылық жылдың аяқталуы бойынша - Компанияның есептегі кезңдегі қаржылық және инвестициялық қызметіне тексеріс жүргізген аудитордың атауын көрсете отырып бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есеп берушілік туралы заңдарға сәйкес өз активтері бойынша қосымша жылдық қаржылық есеп берушілікті (салық органдары тексеріс жүргізгеннен және есептегі кезеңдегі қаржылық есеп берушілікті тексеру туралы аудиторлық қорытындыны (есепті) бергеннен кейін).
      Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директоратының 1999 жылғы 26 қазандағы N 461 қаулысымен.
      2. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның Қазақстан Республикасының аумағындағы таралымы кемінде 15 мың дана газеттерде тоқсан сайын осы Қаулының 1-қосымшасының 1-бөліміндегі үлгі бойынша зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы мәліметтерді жариялауға міндетті екені белгіленсін.
      2-1. 1-қосымшаның 1-бөліміндегі 16-графасында көрсетілген зейнетақы активтерінің табысы осы Қаулымен мына формуламен есептелінетіні анықталсын:
                     ((Сn/С1) -1) : S) Т 100
      С1 - зейнетақы активтерінің шартты өлшемі күнтізбелікті жылдың соңғы айының орташа құны, келер жылдың есепті тоқсаны.
      Сn - зейнетақы активтерінің есепті тоқсанындағы соңғы айының шартты өлшемінің орташа құны;
      S - осы есепті тоқсанның басынан бастап соңғы күнінен дейінгі жыл бойындағы күнтізбелік күннің саны;
      Т - есепті тоқсанның жыл бойындағы күнтізбелік күнінің саны;
      Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар     жөніндегі Ұлттық комиссиясы директоратының 1999 жылғы 26 қазандағы N 461 қаулысымен.
      2-2. осы Қаулымен 1-қосымшаның 1-бөлімінің "Зейнетақы активтерін нивестициялау (%)" бағанасына жинақтаушы зейнетақы қорларын зейнетақы активтерін инвестициялаудың жалпы құнының есептелген көрсеткіштерінің проценті көрсетілгендігі (инвестициялық қорлардағы және ақша аудару жолындағы орналастырылмаған қалдығын есептемей) анықталсын.
      Ескерту: 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар      жөніндегі Ұлттық комиссиясы директоратының 1999 жылғы 26 қазандағы N 461 қаулысымен.
      3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны зейнетақы активтері инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар   
жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының  
1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына

1 қосымша                     

Зейнетақы активтерінің жыл басынан табысының өсімі
жөнінде (жылдық %) тоқсанындағы
Тоқсан сайынғы есебі

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясы Директоратының
1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына сәйкес жарияланады

 1-бөлім. Зейнетақы активтерінің жай-күйі

     

       !         !      !  Инвестицияланған зейнетақы активтері (%-пен)
Жинақ- !         ! Таза !__________________________________________________
таушы  !Кастодиан!зейне-!Қазақстан Республикасы Үкі-!Қазақстан Республикасы
зейнета!-банк    !тақы  !меті шығарған мемлекеттік  !Ұлттық Банкінің  
қы     !         !актив-!бағалы қағаздар            !бағалы қағаздары
қоры   !         !тері  !___________________________!
    1  !         !    2 !орта және    !қысқа        !
       !         !      !ұзақ мерзімді!мерзімді     !
       !         !      !_____________!_____________!______________________
       !         !      !теңге!шетел- !теңге!шетел- !теңге- !шетелдік
       !         !      !мен  !дік ва-!мен  !дік ва-!мен    !валютамен
       !         !      !     !лютамен!     !лютамен!       !
_______!_________!______!_____!_______!_____!_______!_______!______________
___А___!____Б____!___1__!__2__!___3___!__4__!___5___!___6___!_____7_____  
     Таблицаның жалғасы:
_________________________________________________________________________ 
 
_______________________________________________________________!
Қазақстан Респуб!Қазақстан Республи!Шетел-!Халық-!Екінші деңгей!Зейнетақы
ликасының жергі-!касы ұйымдарының  !дік   !аралық!дегі банктер-!активтері.
лікті атқарушы  !мемлекеттік емес  !эмитен!қаржы !дің депозит- !нің жыл
органдары шығар-!бағалы қағаздары  !ттер- !ұйымда!тік сертифика!басынан
ған мемлекеттік !                  !дің   !рының !ттары және   !табысының
бағалы қағаздар !                  !бағалы!бағалы!депозиттері  !өсімі жөн.
                !                  !қағаз-!қағаз-!_____________!інде (жыл.
________________!__________________!дары  !дары  !теңге!шетел- !дық %)
теңге- !шетелдік!теңге- !шетелдік  !      !      !мен  !дік ва-!
мен    !валюта- !мен    !валютамен !      !      !     !лютамен!
       !мен     !       !          !      !      !     !       !
_______!________!_______!__________!______!______!_____!_______!________
___8___!___9____!___10__!_____11___!__12__!__13__!_14__!___15__!___16___

      Ескерту:
      1 "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның тоқсан сайынғы есептерінде толтырылмайды.
      2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 1998 жылғы 16 сәуірдегі N 61 бұйрығымен  бекітілген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың есеп жүргізулері және есеп беруді жасауы" 25-ші бухгалтерлік есеп жүргізу стандартына сәйкес.

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар  
жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 
1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына 
1 қосымша                 
(жалғасы)                 

2-бөлім. Өз активтерінің жай-күйі

_______________________________________________________________________   
Компанияның төленген жарғы- !Компанияның өз капи!Компанияның калыптасты-
лық капиталының мөлшері     !талының мөлшері    !рылған резервтік капи-
                            !                   !талының мөлшері
____________________________!___________________!______________________
______________1_____________!_________2_________!__________3___________
Бірінші басшы (тегі, аты-жөні)          Бас бухгалтер (тегі, аты-жөні)