Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директораты 1999 жылғы 26 қазан N 461. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 11 қарашада тіркелді. Тіркеу N 981. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия") Директоратының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына сәйкес "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жататын есебін сәйкестендіру мақсатында Ұлттық комиссияның Директораты қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде N 849 тіркелген, Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 "Бұқаралық ақпарат құралдарына зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы туралы қаулысына  мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақта:
      1)-тармақшасында "тоқсан сайын" сөзінен кейін "есепті тоқсан бойынша" сөзімен толықтырылсын;
      2)-тармақша "қаржылық жылдың аяқталуы бойынша" деген сөздің алды "ай бойынша" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 2-1 бап мына мазмұнда толықтырылсын:
      "2-1. 1-қосымшаның 1-бөліміндегі 16-графасында көрсетілген зейнетақы активтерінің табысы осы Қаулымен мына формуламен есептелінетіні анықталсын:    

                   ((Сn/С1) -1) : S) Т 100    

      С1 - зейнетақы активтерінің шартты өлшемі күнтізбелікті жылдың соңғы айының орташа құны, келер жылдың есепті тоқсаны.
      Сn - зейнетақы активтерінің есепті тоқсанындағы соңғы айының шартты өлшемінің орташа құны;
      S - осы есепті тоқсанның басынан бастап соңғы күнінен дейінгі жыл бойындағы күнтізбелік күннің саны;
      Т - есепті тоқсанның жыл бойындағы күнтізбелік күнінің саны;
      3) 2-2-тармақты мына мазмұнда толықтырылсын:
      "2-2. осы Қаулымен 1-қосымшаның 1-бөлімінің "Зейнетақы активтерін нивестициялау (%)" бағанасына жинақтаушы зейнетақы қорларын зейнетақы активтерін инвестициялаудың жалпы құнының есептелген көрсеткіштерінің проценті көрсетілгендігі (инвестициялық қорлардағы және ақша аудару жолындағы орналастырылмаған қалдығын есептемей)." анықталсын;
      4) 1-қосымшаның 1-бөліміндегі 16 бағанасының аталуы осы Қаулымен мына редакцияда баяндалсын:
      "Зейнетақы активтерінің жыл басынан табысының өсімі жөнінде (жылдық %)".
      2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткен күннен күшіне енетіндігі айқындалсын.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және хлықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.    

      Ұлттық комиссияның
      Төрағасы