Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 08 қазанда тіркелді. Тіркеу N 931

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы, Конституциялық  заңының  12 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 маусымдағы N 562  қаулысымен  бекiтiлген бiрлестiктерде, кәсiпорындарда, мекемелер мен ұжымдарда, Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандарында 
      құжаттамалармен құжаттаудың және басқарудың Негізгi ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiк пен өткiзуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағаттарға тапсырудың және жоюдың ұсынылған Ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегі құжаттарды сақтаудың тәртiбi туралы" 1995 жылғы 9 қазандағы N 12  қаулысының  Орталық сайлау комиссиясының 1996 жылғы 16 мамырдағы N 54 Қаулысымен енгізiлген өзгерiстерiмен, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы  6 мамырда  тiркелген, тiркелу N 299, күшi жойылды деп танылсын. 
      3. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегi аумақтық, округтiк, учаскелiк сайлау комиссиялары олардың қызмет процестерiнде қалыптасқан құжаттарды сақтауға, есеп жүргiзуге өңдеу сапасына және пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, мемлекеттiк мұрағаттарға тапсыруға және белгiленген мерзiмде жоюға жауапты болады. 
      4. Осы қаулы әкiмдерге және Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегi округтiк, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағатына, Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жiберiлсiн. 
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi оны тiркеген сәттен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы

 

                         Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
                      комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250
                                 Қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Парламентінің депуттаттарын сайлауға
әзірлік пен өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың,
мұрағаттарға тапсырудың және жоюдың ережесі

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "республикалық маңызы бар қала" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221  Қаулысымен.

       1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында сақтауға, соңынан Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағатына тапсыруға мынадай құжаттар: 
      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы iстерiнiң номенклатурасына сәйкес бекiтiлген қаулылар, мәжiлiстердiң хаттамалары, оларға қосымшалар және басқа да құжаттар; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмiн ұсыну туралы саяси партиялардың жоғарғы органдарының хаттамаларынан үзiндiлер, оған қоса тiркелген республика Әдiлет министрлігiнде саяси партияларды тiркеу туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ республикалық мәртебесiн дәлелдейтiн құжаттар;
       <*>  алынып тасталды
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына сайлануға арналған партиялық тiзiмге енгiзiлуге келiсiмi туралы Қазақстан Республикасы азаматының өтiнiшi; 
      партиялық тiзiмге енгiзiлген әр адам туралы өмiрбаян мәлiметтерi;
       <*>  алынып тасталды
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына сайлануға арналған партиялық тiзiмге енгізiлген әр адам үшiн саяси партиялардың сайлау жарналарын енгізгенiн дәлелдейтiн құжаттар; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары және оған қоса берiлген қосымшасы; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы округтiк сайлау комиссияларының хаттамалары және оған қоса берiлген қосымшасы;
       <*>  алынып тасталды
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жөнiндегi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) сайлау комиссияларының дауыстарды санау жөнiндегі хаттамалары және оған қоса берiлген қосымшасы; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлаудың нәтижелерi туралы округтiк сайлау комиссияларының хаттамалары және оған қоса берiлген қосымшасы; 
      партиялық тiзiм бойынша дауыс берудің нәтижелерi туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары;
       <*>  алынып тасталды
      Қазақстан Республикасы Парламентi депутатарының және саяси партиялардың сайлау қорларын пайдаланғаны жөніндегі есептері; 
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiкке және өткiзуге бөлiнген республикалық бюджеттiң қаржысын жұмсау туралы қаржылық есеп берушiлiк (N 2 нысан "Мекемелердiң сметалық шығынының орындалуы туралы есеп");
       <*>  алынып тасталды
      сайлау алдындағы үгіт қамтылған теле және радиобағдарламалардың бейне және дыбысжазбалары тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында құпия ақпарат құқығы негiзiнде сақталады және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейiн тиiстi облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) мемлекеттiк мұрағаттарына сақтауға құнсыз негiзде тапсырылады; 
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiк және өткiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының  бұзылғаны туралы азаматтардың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келiп түскен өтiнiштерi жатқызылады. 
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221  Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейiн аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қалаларының, Республика астанасының), қалалық аудандардың мемлекеттiк мұрағаттарына актi бойынша мынадай құжаттарды: 
      аумақтық сайлау комиссиялары мәжiлiстерiнiң хаттамалары, оған қоса берiлген қосымшасы және басқа да құжаттарды; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық және қалалық мәслихаттардың хаттамасынан үзiндiлердi; 
      Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат ретiнде дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiн; 
      Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат ретiнде дауысқа түсуге ниетi туралы өтiнiшiн; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркеу туралы өтiнiшiн; 
      партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарды тіркеу туралы өтініштерін; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңымен қойылатын талаптарға сәйкестiгін анықтау туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамаларын және оған қоса берiлген қосымшасын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдауға таңдаушылардың қойған қолдарын тексерудiң нәтижелерi туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың өмiрбаян деректерiн; 
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізудің хаттамалары және оларға қосымшалар;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау жарнасын енгізгенiн дәлелдейтiн құжаттарын; 
      дауыс берудің нәтижелерi туралы аудандық, қалалық, қаладағы аудан сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттар, парақшалар, ұрандар және өзге де үгіттiк баспа материалдарын; 
      сайлау алдындағы бағдарламаларды, плакаттарды, парақшаларды, ұрандар мен өзге де үгіттік баспа материалдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің сайланған депутаттарын тіркеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін;
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiк және өткiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы азаматтардың аумақтық сайлау комиссияларына келiп түскен өтiнiштерiн сақтауға тапсырады. 
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221  Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейiн округтiк сайлау комиссиялары тиiстi облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қалаларының және Республика астанасының) мемлекеттiк мұрағаттарына актi бойынша мынадай құжаттарды: 
      округтiк сайлау комиссиясы мәжiлiстерiнiң хаттамаларын, оған қоса берiлетiн қосымшасын және басқа да құжаттарды; 
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тиісті сайлау округтері бойынша ұсыну жөніндегі саяси партиялардың жоғарғы органдарының хаттамаларынан үзінділерді, саяси партияларды әділет органдарында тіркеу туралы құжаттардың көшірмелерін қоса берумен;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың оған Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңымен қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау туралы округтiк сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидат ретiнде дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiн; 
      Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидат ретiнде дауысқа түсуге ниетi туралы өтiнiшiн; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлісiнiң депутаттығына кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркеу туралы өтiнiшiн; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың өмiрбаян деректерiн;
       <*>  алынып тасталды
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың сайлау жарнасын енгізгенiн растайтын құжаттарын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлаудың нәтижелерi туралы округтiк сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттар, парақшалар, ұрандар және өзге де үгiттiк баспа материалдарын; 
      сайлау алдындағы бағдарламалар, плакаттар, парақшалар, ұрандар және өзге де үгiттiк баспа материалдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң сайланған депутаттарын тiркеуге арналған қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейiн бес күн iшiнде бередi; 
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы азаматтардың Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарын сайлауға әзiрлiк және өткiзу кезеңiнде округтiк сайлау комиссияларына келiп түскен өтiнiштерiн сақтауға тапсырады. 
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221  Қаулысымен.
      4. Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс санаудың қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырғаннан кейiн тиiстi округтiк және аумақтық сайлау комиссияларына актi бойынша мынадай құжаттарды: 
      учаскелiк сайлау комиссиялары мәжiлiстерiнiң хаттамалары, оған қоса берiлген қосымшасын және басқа да құжаттарды; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегi дауыс санаудың нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      саяси партиялар үшiн дауыс санаудың нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiк және өткiзу кезеңiнде учаскелiк сайлау комиссияларына келiп түскен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы азаматтардың өтiнiштерiн бередi. 
      Әскери бөлiмдерде құралған учаскелік сайлау комиссияларының көрсетілген құжаттары әскери бөлiмдердiң iстерiнде сақталады. 
      5. Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау бойынша қайта дауыс беру өткiзiлген жағдайда барлық деңгейдегі сайлау комиссияларында сайлау құжаттарының сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлау нәтижелерiн жариялау уақытымен есептеледi. 
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221  Қаулысымен.
      6. Практикалық маңызын жойған құжаттар оларға алдын-ала сараптауды жүргiзген куәландырушы адамның актi бойынша және тиiстi сайлау комиссиясы төрағасының бекiтуiмен жойылады (актiнiң нысаны қоса берiледi). 
      7. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жөнiндегi жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдердi, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдауға таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағын, таңдаушылардың тiзiмдерi және оған қоса берiлген құжаттарды, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) сайлау комиссиялары сайлау қорытындыларын анықтап, жариялағаннан кейiн, сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi алты ай iшiнде құпия ақпарат есебінде сақтайтын Орталық сайлау комиссиясына актi бойынша тапсырады, содан кейiн актi бойынша жойылады.
      Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдер, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері және оған қоса құжаттар акті бойынша беріледі: 
      учаскелік сайлау комиссияларымен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына; 
      Парламент Мәжілісі депуттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларымен облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) Аумақтық сайлау комиссияларына; 
      облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) аумақтық сайлау комиссияларымен сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi алты ай iшiнде құпия ақпарат есебінде сақтайтын Орталық сайлау комиссиясына акті бойынша тапсырылады, содан кейін акті бойынша жойылады. 
       <*>  алынып тасталды
      Жою жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметр бөлшектерге майдалау, ұнтақтау, еріту немесе химиялық жайып салу, белгісіз жиынтыққа немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі.
       <*>  алынып тасталды
      Жойылған, толық жойылмаған, олардың мазмұнын қалпына келтіруге болатын құжаттармен бөгде адамдарды таныстыруға болмайды.
     Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 3 қарашадағы  N 15/15 ; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221  Қаулыларымен.