"Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы"

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 3 қарашадағы N 15/15 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қарашада N 1292 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Z952464_ Конституциялық заңының 12 бабы 6) тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 V990931_ "Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауын дайындау мен өткiзуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткiзу және жою Ережелерi туралы" қаулысына төмендегiдей өзгертулер енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтілген, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауын дайындау және өткiзуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткiзу және жою Ережелерiндегi:
      7 тармақтың 1 абзацындағы "... Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде..." деген сөздер " .. сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi жыл iшiнде..." деген сөздермен алмастырылсын;
      7 тармақтың 5 абзацындағы "... Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде..." деген сөздер "... сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi жыл iшiнде..." деген сөздермен алмастырылсын;
     7 тармақтың 6 абзацы алынып тасталсын;
     7 тармақтың 8 абзацы алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы әкiмдерге және облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары төрағаларына жiберiлсiн.
     3. Бұл қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi оны тiркеген сәттен бастап күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     Төрайымы