Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауы жөнiндегi құжаттарды сақтау тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1995 жылғы 9 қазандағы N 12 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 299. Күші жойылды - ҚР орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы  N 33/250 қаулысымен. ~V990931

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының Z939000_ 13-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер 1995 жылғы қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан запасқа шығарылсын.
      2. 1995 жылғы қазан-желтоқсанда шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейiнгi қалдыру құқы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейiнгi қалдыру құқынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне қызметке шақырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, жергiлiктi атқару органдарының басшылары жергiлiктi өкiлдi органдармен бiрлесiп облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсiн, сондай-ақ шақыруды ұйымдасқан түрде өткiзу және мерзiмдi әскери қызметiн өткеруге шақырылған азаматтарды әскерге жөнелту жөнiнде қажеттi шараларды қолданатын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Бас прокуратурамен бiрлесiп, мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан жалтарған адамдарды iздестiру және оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдансын.
     Қазақстан Республикасының
        Президентi