Клиринг ұйымдарының күнделікті есеп жасау және беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 3 шілдедегі N 158 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 907

Жаңартылған

      Ескерту: Бұйрықтың атауындағы және одан әрi мәтiн бойынша "палаталары", "палаталарының" деген сөздер тиiсiнше "ұйымдары", "ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы төлем жүйесiнiң жұмысына тиiстi түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн клиринг ұйымдарына жiберсiн.
      4. Ақпарат технологиясы департаментi (Поликарпов О.Ю.) 1999 жылдың IIІ тоқсанында Төлем жүйесi басқармасына орнатылған "Клиринг статистикасы" бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысын қайта пысықтайтын болсын.
      5. Бюджеттi жоспарлау және бақылау басқармасы (Ғалиева Д.Т.)
Ақпарат технологиясы департаментiмен (Поликарпов О.Ю.) бiрлесiп 1999 жылдың бiрiнші жартысындағы жұмыс нәтижелерi бойынша түзету енгiзгенде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1999 жылғы бюджетiнен (шығыстар сметасынан) тиiстi бағдарламалық қамтамасыз
ету жұмысын әзiрлеуге қажеттi ақша қарастырсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 3 шiлдедегi  
N 158 қаулысымен    
Бекітілген       

Клиринг ұйымдарының
күнделiктi есеп жасау және беру ережесi

      Ескерту: Ереженiң атауындағы және одан әрi мәтiн бойынша "палаталары", "палатасы", "палатасының", "палатасына", "палатасын", "палаталарының" деген сөздер тиiсiнше "ұйымдары", "ұйымы", "ұйымының", "ұйымына", "ұйымын", "ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже клиринг ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) төлем жүйесi бөлiмшесiне (бұдан әрi - бөлiмше) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес күнделiктi есеп жасау және беру тәртiбiн айқындайды.

      2. Әрбiр клиринг ұйымы есеп ақпаратын бөлiмшеге төлем жүйесiндегi ақпарат беруге қойылатын белгiленген талаптарға сәйкес берiп отырады.

      3. Әрбiр клиринг ұйымы есеп ақпаратын таза позициялар бойынша түпкiлiктi есеп айырысу жүргiзiлгеннен кейiн күнделiктi Ұлттық Банк айқындаған электронды арна арқылы есеп берiлiп отырған күннен кейiнгi күнi Алматы уақыты бойынша сағат 9-дан кешiктiрмей бередi.
      Ескерту: 3-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

2-тарау. Аймақтық клиринг ұйымдары беретiн күнделiктi
есепке қойылатын талаптар

      4. Клиринг ұйымдарының бөлiмшеге беретiн күнделiктi есебiнiң форматы Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне ақпарат беруге қойылатын талаптарына сәйкес болуы тиiс.

      5. Клиринг ұйымы күнделiктi есептiң форматын қалыптастырған кезде (N 1, 2 қосымшалар) күнделіктi берiлетiн ақпарат саны және сомасы (цифрлар) оң жақ бойынша теңестiрiледi, ал берiлетiн мәлiметтерде тиынмен көрсетiледi.

      6. Клиринг ұйымының операциялық күн iшiндегi мәлiметтерде жалпы алғандағы клиринг ұйымы бойынша да, жеке алғандағы клиринг қатысушылары бойынша да ақша айналысы жөнiндегi ақпарат болуға тиiс (N 1 қосымша).

      7. Клиринг ұйымына төлемдердің өтуi туралы мәлiметтер сома интервалдары бойынша осы Ереженiң N 2 қосымшасында көрсетiлген алғашқы және соңғы интервалдарға сәйкес келуi тиiс.

      8. Клиринг ұйымын бағдарламалық қамсыздандыру Ұлттық Банктiң нормативтiк құқтық актiлерiне сәйкес төлем белгiлеу кодтары бойынша төлем тапсырмаларын жiктеудi қамтамасыз етуге тиiс.

      9. Клиринг ұйымын бағдарламалық қамсыздандыру валюталау күндерi бойынша төлем тапсырмаларын өңдеудi қамтамасыз етуге тиiс.

      10. Клиринг ұйымының операциялық күнi iшiндегi клирингке қатысушылар транзакцияларының саны бойынша айналыстар толық түрде санмен көрсетiледi.
      11. Клиринг ұйымының операциялық күнi iшiндегi клирингке қатысушылар төлемiнiң сомасы бойынша айналыстар санмен тиынмен көрсетiледi.

      12. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

      13. Ақпарат берудi қорғау Ұлттық Банктiң бөлiмшелерi мен электрондық құжаттармен алмасуға қатысатын ұйымдар өзара электрондық құжаттармен алмасқан кезде бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесiн пайдалану тәртiбiн айқындайтын Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

      14. Клиринг ұйымдарының күнделiктi берген есебi негiзiнде бөлімше жеке алғандағы әрбiр клиринг ұйымы бойынша да, жалпы алғандағы Қазақстан Республикасының клиринг жүйесi бойынша да қажеттi ақпарат қалыптастыратын болады.
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

      15. Клиринг ұйымының бөлiмшеге күнделiктi есептi дұрыс және уақытылы берiп отыру жауапкершiлiгi клиринг ұйымының басшысына жүктеледi.

      16. Осы ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

      Ұлттық банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық Банкі Басқармасының  
1999 жылғы 3 шілдедегі   
N 158 қаулысымен бекітілген 
Клиринг ұйымдарының    
күнделікті есеп жасау және беру
ережесіне          
N 1 қосымша         

      Ескерту: 1-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

Клиринг ұйымы бойынша бiр күн iшiнде төлемдердiң өтуi
туралы есептiң клиринг ұйымы ұсынатын форматы

      ((ХХ ДД.ММ.ГГГГ
         А     В      КАВ         SAB        RDF       SBA
      ))

      мұндағы,
      (( - файлдың басталу белгiсi, 1-позициядан бастап 2 символ
      ХХ - облыс коды, 3 позициядан бастап 2 символ
      ДД.ММ.ГГГГ - күнi, 6 позициядан бастап 10 символ

      А        - Банктiң бiрыңғай банктiк коды (клирингтiң негiзгi
      қатысушысы) 1 позициядан бастап 9 символ
               Егер 0 болса - барлық қалған банктер сомасы ретiнде
      есептелсiн.
      В        - Банктiң бiрыңғай банктiк коды (клирингтiң негiзгi
      қатысушысы) 11 позициядан бастап 9 символ
      КАВ      - А банкiнен В банкiне жiберiлген құжаттар саны, 20
      позициядан бастап 7 символ
      SАВ      - А банкiнен В банкiне жiберiлген құжаттар сомасы
      (тиынмен), 27 позициядан бастап 18 символ
      КВА      - В банкiнен А банкiне жiберiлген құжаттар саны, 45
      позициядан бастап 7 символ
      SВА      - В банкiнен А банкiне жiберiлген құжаттар сомасы
      (тиынмен), 52 позициядан бастап 18 символ
      )) - файлдың аяқталу белгiсi

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық Банкi Басқармасының  
1999 жылғы шiлдедегi    
N 158 қаулысымен бекiтiлген 
Клиринг ұйымдарының күнделiктi
есеп жасау және беру ережесiне
N 2 қосымша         

      Ескерту: 2-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

Клиринг ұйымы бойынша бiр күн iшiнде сома интервалдары
бойынша төлемдердiң өтуi туралы есептiң
клиринг ұйымы ұсынатын форматы

      ((ХХ ДД. ММ. ГГГГ
         А      В       К    S
      ))
      мұндағы,
      (( - файлдың басталу белгiсi, 1-позициядан бастап 2 символ
      ХХ - облыс коды, 3 позициядан бастап 2 символ
      ДД.ММ.ГГГГ - күнi, 6 позициядан бастап 10 символ
      А - соманың алғашқы интервалы 1-позициядан бастап 18 символ
      В - соманың соңғы интервалы 19-позициядан бастап 18 символ
      К - соманың осы интервалындағы өткізiлген құжаттар саны
          37-позициядан бастап 7 символ
      S - соманың осы интервалындағы өткізілген құжаттар сомасы
      44-позициядан бастап 18 символ
      )) - файлдың аяқталу белгiсi

      1-мысал.
      ((32 16.04.1999
              0       1000000        1805       624992242
        1000001       2000000        471        689482706
        2000001       3000000        277        696453763
        3000001       4000000        150        524814446
        4000001       5000000        134        608107760
        5000001       6000000        62         345743708
        6000001       7000000        52         339784007
        7000001       8000000        65         495020211
        8000001       9000000        39         333176510
        9000001       10000000       74         724780346
       10000001       20000000       218        3172830793
       20000001       30000000       122        3100468984
       30000001       40000000       52         18110906713
       40000001       50000000       42         1949063537
       50000001       60000000       21         1155017533
       60000001       70000000       21         1377032096
       70000001       80000000       18         1361124198
       80000001       90000000       8          699395708
       90000001       100000000      18         1774458150
       100000001      1000000000000  46         7369782448
       ))